1.Уақыттық белгісі бойынша.
2.Мазмұндық белгісі бойынша.
Уақыттық белгісі бойынша пәнаралық байланыстарды болып өткен, ілеспелі және
келешекте болатын байланыстарға бөледі.
Мазмұндық байланыстарды-факті жүзіндегі, ұғымдық және теориялық деп
ажыратады.
Оқушыларға ғылым негіздерін игерту процесінде пәнаралық байланыстарды
жүзеге асырудың мынадай тәсілдерін көрсетуге болады:
1)жаңа оқу материалын меңгертуде оқушылардың
басқа пәндер сабақтарында
алған білімін пайдалану, мұнда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың үш кезеңі
қарастырылады:
-жаңа ұғымды қабылдауға оқушыларды дайындауда пәнаралық байланысты жүзеге
асыру;
-жаңа ұғымды меңгерту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру;
-жаңа оқу материалын бекітуде және есептер шығаруда пәнаралық байланыстарды
жүзеге асыру;
2)пәнаралық сипаттағы экскурсиялар өткізу, мысалы, физика және биология
бойынша табиғатқа топ серуен жасау;
3)қорытындылау сипатындағы
қайталау сабағын өткізу, мұнда әр түрлі пәндерді
оқып үйрену кезінде алған білім біртұтас етіп біріктіріледі, мысалы, физиканы, химияны
және биологияны оқып үйрену процесінде энергия туралы алған білімін қорытындылау,
соның нәтижесінде оқушылар энергияның сақталу және айналу заңын толық әрі терең
түсінеді. Іргелі ұғымдар әртүрлі пәндердің өзара
байланысқан ұғымдарының
жалғасымдылықпен қалыптастырылуы барысында ұзақ процесс нәтижесінде меңгертіледі.
Мысалы, “зат” ұғымын қалыптастыру физиканы, химияны және биологияны оқыту
нәтижесінде жүзеге асады; бұл ұғым осы оқу пәндерін оқып игергенде ғана қалыптасқан
болып саналады.
Көптеген әдіскерлердің зерттеулері мектеп оқушыларында іргелі ұғымдарды
қалыптастыру және дамыту берік бекіген пәнаралық байланыстарды тағайындау
нәтижесінде жүзеге асатындығын көрсетеді.
7-8 кластарда физика мен химияны оқыту кезінде
заттың құрылысы жайындағы
ұғымдарды қалыптастырудың негізгі кезеңдерін қарастырайық:
I кезең 7- класта физиканы оқытуда.
Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды молекулалық деңгейде қалыптастыру.
Молекулалардың қозғалысы. Дене температурасының молекулалардың қозғалыс
жылдамдығымен байланыстылығы. Молекулалар арасындағы өзара әрекет.
II кезең 8- класта химияны оқытуда
Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды атом-молекулалық деңгейде түсіндіру.
Жай және күрделі заттардағы молекулалар құрамы. Физикалық құбылыстар кезінде
молекулалардың сақталу және химиялық құбылыс кезінде бұзылуы. Молекулалардың
кинетикалық және потенциалдық энергиясы.
III кезең 8- класта физиканы оқытуда.
Заттардың иондық құрылымы жайындағы ұғымдарды қалыптастыру.
Атомның ядролық моделі. Ядро заряды және атомдағы электрондар саны.
Денелердің электрленуі құбылысының мәнін, металдрдағы және электролиттердегі электр
тогының табиғатын, өткізгіштердің кедергісін және т.б. түсіндіру кезінде заттың иондық
құрылымы жайындағы ұғымдарды нақтылау және жүйелеу.
IV кезең 9- класта химияны оқытуда.
Заттардың иондық құрылымы жайындағы ұғымдарды дамыту.
Атомдардың электрондық қабаттарының құрылымы. Атом ядросының құрамы.
Изотоптар. Молекулалар мен кристалдардың электрондық құрылымы.
Иондық және
коваленттік байланыстар. Полярлы және полярлы емес ковалентті байланыс. Иондық,
атомдық және молекулалық кристалл торлар.
Жоғарыда көрсетілген кезеңдерден заттардың молекулалық құрылысы жайындағы
ұғымдар 7-класс оқушыларына физика сабақтарында қалыптастырылатынын көруге
болады. Бұл ұғым кейіннен 8-кластың химия курсында дамытылады. Осының нәтижесінде
оқушылар заттың атом-молекулалық құрылымы жөніндегі ұғымдарды кеңінен меңгеретін
болады. 8-класс физика және химия, кейіннен 9-класс химия курстарында бұл ұғым
дамытылады және тереңдетіледі.
Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды қалыптастырудың жалпы шарттарына
төмендегілерді
жатқызуға
болады:
ұғымдық
жүйенің
негізін
құрайтын
қалыптастырылатын
ұғымдарды таңдау; ұғымдарды қалыптастыру және дамыту үшін
қажетті оқу материалының көлемін таңдау; сәйкес курсты оқыту процесінде оқушыларға
ұғымдарды қалыптастырудың және дамытудың кезеңдерін анықтау; пәнаралық
байланыстарды тағайындау; ұғымдарды тиімді қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін таңдау.
Достарыңызбен бөлісу: