Пәнінен syllabus


Физиканы оқыту процесінде оқушыларды кәсіби бағыттау



Pdf көрінісі
бет12/91
Дата20.05.2022
өлшемі2.12 Mb.
#458428
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   91
SYLLABUS ФОТ

Физиканы оқыту процесінде оқушыларды кәсіби бағыттау.
Ғылыми негізделген кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау жұмысының орталығы – 
жалпы білім беретін орта мектептер. 
Физиканың кәсіби бағдарлық ролі: 
а) политехникалық білімдердің негізі
ә) физиканы оқытудағы еңбек тәрбиесі; 
б) физика-техникалық кәсібибағдар. 
Халықшаруашылығының негізгі салалары бойынша оқушылардың политехникалық 
білімін тереңдетуде физика сабақтарының ролін ерекше ескерген жөн. Мысалы, 
«Электродинамика» 
бөлімін 
оқығанда 
жас 
жеткіншектер 
двигательдердің, 
генераторлардың, электр станцияларының қуаттарымен, оларда қолданылатын жаңа 
приборлармен танысады. Материалдардың түрлі қасиеттерімен таныстырғанда, космос 
ғасырының металы - титан туралы түсінік беруге болады. Оның тығыздығы 4510 
кг/м.куб., балқу температурасы 1668
0
С, ал беріктілігі темірдің беріктілігінен 2 есе, 
алюминийдікінен 6 есе артық. Мұндай жеңіл әрі берік металл авиацияда, космонавтикада 
кеңінен қолданылатын болады (в). Физиканы оқыту процесінде жастар көптеген 
техникалық мамандықтардың (электрмен пісіру, механик, инженер, ғарышкер, 
конструктор, оператор, т.т.) кәсіби ерекшеліктермен танысады (ә).
Мұндай материалдар мектеп физикасының танымдық, тәлім-тәрбиелік және 
кәсібибағдарлық маңызын айқын аша түседі. Демек, бұл жағдай физика сабақтарында 
күнделікті ескерілуі тиіс.
 
Ғылыми дүниетаным қалыптастыру 
Ғылым әрдайым дүние жайлы біртұтас ғылыми көзқарас жасауға талпынады, өйткені 
дүниеде барлық нәрсе өзара байланысты және бір-біріне өзара тәуелді. 
Дүниенің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыру таным процесінің ежелден бергі 
түпкі мақсаты, мұраты болып келеді. Кейде мақсатқа жеткендей сәттер болады. Бірақ, үңіле 
қарағанда, танымның әр кезде қол жеткен дәрежесі бүкіл әлемнің бейненің тек тарихи бір 
сатысы болып шығып отырды. Дегенмен, бұл таным процесінің әлсіздігі немесе оның белгілі 
бір шегі бар екендігі емес, қайта керісінше, дүниетанымдық құбылыс үздіксіз екенін, бір 
мәннен одан әлдеқайда терең мәнге көшіп отыратынын көрсетеді.
Ертедегі Шығыс, Греция, Рим тәрізді дамыған елдердің ғалымдары да жалпы 
заңдарды, нақты заттардың бірыңғай түпкі құрылымдық негізін ашуға, дүниеге біртұтас 
көзқарас жасауға талпынған.
Алуан түрлі денелердің бәрі әрі қарай бөлінбейтін түп негізгі бөлшектер – 
атомдардың түрліше қосындысынан тұрады. Атомдар мәңгі қозғалыста болады. Түрлі 
заттардың алуан түрлі сапада болуы атомдардың санына, түр-нобайына және көлеміне 
байланысты. Атомдардың қозғалысы заңды, себепті, қажетті нәрсе болып есептеледі. 
Дүниеде ешқандай кездейсоқ нәрсе жоқ. 
Сөйтіп, ерте дүниенің ғұлама ғалымдарының дүниетаным туралы ілімі, яғни атом 
ілімі, ғылымның алдағы бүкіл даму барысына зор әсерін тигізді, өйткені ондағы даналық 


болжамдарының сырын ғылым біздің бүгінгі заманымызға дейін зерттеп келеді. Алайда 
мұндай диалектикалық-материалистік көзқарастармен қатар, ертедегі ғұламалардың ой-
пікірлерінде қарама-қарсы көзқарастар да орын алған еді. Кейінгі дәуірлердегі ғылымның 
дамуына Аристотельдің философиясы, әсіресе оның логикалық ілімі, физикасы, 
категориялар жайлы ілімі аса зор әсерін тигізген-ді. Бірақ оның идеализмі және 
космологиясы «әлемнің ортасы-жер, сол жердегінің бәрін құдай қозғалысқа келтірген, дүние 
уақыт пен кеңістікте шектелген» деген сияқты т.б. көзқарасы дүниенің Птолемей жасаған 
геоцентрлік жүйесінің негізін құрды, ал бұл түсініктер кейіненен бірталай діни ілімінің 
қағидасына айналды. 
Дүниенің бұл ғылыми бейнесін жаратылыстанулық ғылыми көзқарас деп атауға 
болады. Оның игі маңызын атомистикалық негізгі идеяларына, яғни материаның 
құрылымдық түсінігін дүниенің бірлігі және ол жайлы білімнің тұтастығы қағидасынан 
білуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет