Пәнінен syllabus


Әдебиет: практикалық сабақта көрсетілген. Үшінші апта



Pdf көрінісі
бет17/91
Дата20.05.2022
өлшемі2.12 Mb.
#458428
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   91
SYLLABUS ФОТ

Әдебиетпрактикалық сабақта көрсетілген.
Үшінші апта. 
№5 дәріс. Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары.
 
Дәріс мақсаты: Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формаларымен таныстыру.
Жоспар: 
1. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары.
2. Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы. 
3. Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы.
4. Физика мұғалімінің негізгі құжаттары. 
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әртүрлі формаларын 
ұйымдастыру аса қажет.
Оқыту – оқу материалының мазмұнын меңгерту және танымдық іс-әрекет әдістерін игерту 
мақсатында мұғалімнің оқушылармен жұмысы кезіндегі бірлескен әрекет процесі. 
Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының формалары бір-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту 
әдістері сабақтың мазмұнын баяндау тәсілдеріне байланысты болса, оқу сабақтарын 
ұйымдастыру формалары оқушылардың оқу қаракетін ұйымдастыруға тікелей қатысты 
болып келеді. Оқу сабақтары формасының әртүрлігінің қажеттілігі тәрбиелеу және білім 
беру міндеттерінің әртүрлігімен сипатталады. Бұл: 
- оқушылардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, 
оларды практикада қолдана білуге дағдыландыру; 
- оқушыларға дүние-танымдық көзқарас қалыптастыру; 
- өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру.
Оқу сабақтарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру мәселесімен көптеген ғалымдар 
шұғылданды. Әдіскер ғалымдардың көзқарастарына, пікірлеріне сүйене отырып, оқу 
сабақтарын ұйымдастырудың екі түрін бөліп қарастырамыз: а) жалпы формасы; ә) нақты 
формасы. Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары 1- суретте көрсетілген.  


Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары 
оқу 
сабақтарын 
ұйымдастырудың жалпы формасы 
 
оқу 
сабақтарын 
ұйымдастырудың нақты формасы 
 
ұжы
м
дық
топ
тық
же
ке
са
ба
қ 
ле
кц
ия
се
м
ин
ар
оқ
у-
пра
кт
ик

са
ба
қ 
эк
ск
урс
ия 
кон
фере
нц
ия
1-сурет - Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары. 
Оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы формасына оқу сабақтарының ұжымдық, 
топтық және жеке формалары топтастырылады. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы, 
мұғалімнің оқушыларға орындауға беретін тапсырмасына байланысты анықталады, яғни 
тапсырма: 1) сыныптың барлық оқушыларына; 2) жеке топ оқушыларына; 3) әрбір 
оқушыға беріледі. 
Оқу сабақтарын ұйымдастырудың нақты формасы оқу үрдісіндегі атқаратын 
міндетіне, оқу материалын баяндау тәсілдеріне, білімдерді қалыптастыру және 
жетілдірудегі, оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруға, дағдылар мен іскерліктерді 
қалыптастырудағы негізгі білім көздеріне байланысты анықталады, мысалы лекция – 
жоғары сынып оқушыларына ғана жүргізу көзделеді. Себебі, ұзақ уақыт бойы жаңа 
ақпараттарды қабылдауға дағдыланған. Лекцияда негізгі білім көзі – мұғалім. Лекция 
білімдерді қалыптастыру міндетін атқарады. Семинар –білімдерді бекіту, жетілдіру 
міндеттерін атқарады. Семинарда білім көзі – пікір сайсқа қатысқан, рефераттарды 
талдауға қатысқан, қолдан көрнекіліктер және приборлар жасаған оқушылар болып 
табылады. Оқу-практикалық сабақтар оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын 
қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың бұл формасында 
әртүрлі практикалық жаттығулар, экспериментік жұмыстар орындалады. Экскурсияда 
оқушылар білімді өндірістердегі механизмдердің жұмыс принциптерімен танысу, 
табиғатта өтіп жатқан әртүрлі процестерді бақылау барысында алады. Конференцияда  
оқушылар білімді өздігінен оқыған әдебиеттерден және олардың сыныпта жасаған 
баяндамаларынан алады. 
А.В.Усова, А.Н.Звягин оқу сабақтарының бір-бірінен ерекшеленетін бір қатар 
елеулі белгілері болады,- деп төмендегідей белгілерді көрсетеді. 
Сыртқы белгілеріне:
1) оқушылар құрамы (сынып оқушылары түгел; сыныптың жартысы; оқушылардың 
еркі бойынша); 
2) өту орны (сынып-дәрісхана, оқу кабинеті, оқу лабораториясы); 
3) өту уақыты (күнделікті тұрақты сабақ кестесі бойынша, арнайы кесте бойынша 
және т.б.).
Ішкі белгілеріне: 
1) негізгі дидактикалық мақсат (жаңа білімдерді түсіндіру, практикалық сипаттағы 
дағды мен шеберлікті қалыптастыру, оқулықпен және қосымша әдебиетпен өз бетінше 
жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және т.б.); 
2) оқытудың әдіс-тәсілдері (мұғалімнің түсіндіруі, оқушылардың өзіндік 
жұмыстарын ұйымдастыру, жалпылама сипаттағы жоспарларды пайдалану және т.б.); 
3) оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару (оқушыларға сұрақтардың 
қойылуы; проблемалық жағдайды тудыру және т.б.); 


4) оқушылардың іс-әрекетінің түрлері (мұғалімнің түсіндіруін тыңдау, сабаққа
араласу, оқулықпен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, құралдармен жұмыс және 
т.б.); 
5) оқушылардың іс-әрекеттерін және нәтижелерін тексеру тәсілдері жазбаша 
(бақылау жұмысы,тестік жұмыстар, физикалық диктант және т.б.). 
Осы көрсетілген ерекшеліктер оқу сабақтарының мазмұнын құрайды. 
Оқу сабақтарының қай түрін алып қарасақта олардың ортақ мақсаты – оқушыларға 
білім қорын игерту. Сондықтан оларды дұрыс таңдап ұйымдастыру қажет. 
Сабақ – оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы, әрі оқу процесіндегі шешуші 
буын. Сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы ең алдымен әр 
сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл 
жүйесіне байланысты. 
Барлық сабақта оқушыларды оқу процесіне белсене қатыстыру, оларды өздігінен 
білім алуға үйрету қажет. Әрбір сабақ тиімді болуға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет