1-кесте
Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру негіздері
Әдісте
м
елік
не
гіз
де
рі
Сезім арқылы қабылдау – абстракциялық ойлау – практикада қолдану
Пс
ихологи
ялық
не
гіз
де
рі
Оқу
материалдар
ын дайындау
Саналы түрде
қабылдаулары
н
және
түсінулерін
ұйымдастыру
Оқу
материалын
есте
сақтау
және
игерулерін
ұйымдастыру
(1
деңгей)
Алған білімді
таныс
жағдайға
қолдануларын
ұйымдастыру
(2
деңгей)
Білімді
жаңа
жағдайға
қолдануларын
ұйымдастыру
Ди
да
кт
ик
алық н
егіз
де
рі
Жаңа
материалды
өтуге дәлел
келтіру,
білімдерді
өзектендіру
Оқу
материалдарын
құрылымдық-
логикалық
сызба,
жоспарлар,
тірек
конспектілері
негізінде
баяндау
Меңгерудің 1-
деңгейін
бағалау және
сұрау, бекіту
Жаттығу,
лабораториялы
қ
жұмыстар,
игерудің
2-
деңгейін
бағалау
Стандартты емес
есептерді, оның
ішінде
экспериментті
игерудің
3-
деңгейін бағалау
Әдісте
м
елік
не
гіз
де
рі.
Оқыт
удың
әдіс
-т
әс
ілд
ерін
таң
да
у
Әңгімелесу,
қызықты
тәжірибелерд
і
демонстраци
ялау,
есептерді
шығару.
Мәселелік
сұрақтар
қою,
тарихи
және ғылыми
материалдар
енгізу
Лекция,
түсіндіру,
әңгімелесу,
демон.
тәжірибелер,
кестелер,
кинофрагмент,
тақтаға,
дәптерге
жаздыру, ойша
экспериментпе
н
байланыстыру
Оқулықпен
жұмыс,
дәптерге жазу,
әңгімелесу.
Есептер
шығару,
кестелер,
графиктер,
суреттермен
және
т.б.жұмыстар
Есептер
шығару,
оқулықпен
жұмыс,
фронталь
тәжірибелер
Әртүрлі есептер
шығаруды және
жаттығуларды,
оқушылардың
өзіндік
жұмыстарын
ұйымдастыру
№6 дәріс. Оқыту процесіндегі мұғалім іс-әрекетінің құрылымы
Дәріс мақсаты: Оқыту процесіндегі мұғалім
іс-әрекетінің құрылымымен
таныстыру
Жоспар:
1. Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы.
2. Физика мұғалімінің негізгі құжаттары.
Оқыту процесіндегі мұғалім іс-әрекетінің құрылымы.Физика мұғалімі педагог
ретінде педагогика ғылымының дамуына, физиканы оқыту әдістемесіне, ал физик-маман
ретінде физика ғылымының теориясының іс-жүзінде қолданылуына көңіл бөлуі керек.
Физика мұғалімінің ой-өрісінің кеңеюі және ұстаздық шеберлікті меңгеруі жалпы
педагогикалық мәселелерді игеруімен байланысты. Кейбір әдістемелік мәселелерді
мұғалім оқу сабақтарына дайындалғанда шешеді, ал ол шешімнің дұрыстығын тек
сабақтарда тексереді.
Мұғалімнің дайындық жұмысына мыналар кіреді:
а)жылдық
жоспар жасау; ә)тақырыптық жоспар-конспектілер жасау; б)жеке сабақтарға
және сыныптан тыс сабақтарға дайындық; в)арнайы ашық сабақтарға дайындалу және
оларды өткізу; г)ғылыми конференцияға және педагогикалық оқуларға дайындалу және
қатынасу.
Жылдық жоспар жасау. Іс жүзінде жылдық
жоспар әдістемелік журналдарда,
кейбір әдістемелік нұсқауларда және министрліктің нұсқау хатттарында басылып шығып
тұрады. Мұғалім әрбір сынып бойынша жылдық жоспарлар жасауға үлкен көңіл бөліп,
сабақтың тек тізімін жасаумен шектелмей, бүкіл оқу жұмысын белгілі бір жүйеде қамтуға
тырысады.
Осы мақсатпен әр сыныпқа жыл сайын физиканы оқыту міндеттерін, оның
мазмұнын және осы сыныпқа көшірілген оқушылардың білім дәрежесін көрсетіп, мұғалім
жоспар жасайды. Оған мыналар кіреді: жаңа материалды оқып үйрену барысында өткенді
жүйелі қайталау; әрбір сабақта жаңа оқу материалының мазмұнын нақты жағдайға
байланысты қолдану; ашық сабақтар тақырыбын таңдау; әрбір сабаққа дайындалуға тиісті
көрнекілік құралдар тізімін жасау; эксперимент және жазбаша
бақылау жұмыстарының
мерзімдерін шамалау; физикадан қай жерге және қашан экскурсиялар жасауды белгілеу;
оқушылардың өндірістік практикасына басшылық жасау; әр класс оқушылары үшін
сыныптан тыс жұмыстар ойластыру.
Тақырыптарды әдістемелік талдау. Мұғалімнің алдын ала бірнеше сабаққа яки
тарау бойынша жасаған әрбір сабақтың жоспар-конспектісін физикалық-методикалық
талдау деп атау қабылданған. Бұл мұғалімнің өзінің пайдалануына арналғандықтан ол оқу
бөліміне тапсырылмайды. Бірақ, мектеп директоры, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары
сабақтың жоспар-конспектісін тексеруге хақылы әрі міндетті.
Педагогикалық тәжірибе алмасу үшін
ашық сабақтардың үлкен маңызы бар. Егер
бұл сабақтар
зерттеу сипатында болса, онда олардың сапасы арта түседі. Ашық сабақ
барысында мұғалім мейлі ол әңгіме сабағы, не лабораториялық сабақ, не білім тексеру
сабағы болсын өзінің іскерлігін көрсетіп қана қоймауы тиіс. Сонымен бірге әдістемелік
шеберлігін де көрсете алады.
Достарыңызбен бөлісу: