Бобпты
2. Астық тұқымдастарына сипаттама
Негізгі нан мәдениетіне астық тұқымдас класының жарнақты өсімдіктері жатады: бидай, қара бидай, арпа, сұлы, тары, жүгері, күріш,бидайық және сорго.
Астық тұқымдастарын 2 формаға бөледі: күздік және жаздық. Жаздық түрін көктемде себеді, жаз мезгілі бойы дамудың барлық циклынан өтіп күзде өнім береді. Ал қысқы түрін күзде себеді, ол қыс түскенше өсіп кетеді, көктемде өсу циклын жалғастырып жаздыұ түрінен ертерек піседі.Бидай, арпа, қара бидайдынң қыстық, жаздық формалары бар. Қыстық сорттар ереже бойынша жоғары өнім береді, бірақ оларды қалың қарлы, жұмсақ, қысы жайлы аудандарда өсіруге болады. Астық өнімдерін сипаттайтын биологиялық белгілеріне тамыр құрылысы, сабағы, жапырағы, гүлі т.б жатады.
Мочковатты злактарының тамыры жақсы дамыған, бірақ бидай,ячмень,рожданың тамырдан негізгі бөлігі 20-30см тереңдікте орналасқан,сондықтан бұндай злактар шөлдікке сезімтал болып келеді.Қалған злактардың тамырлары жерге терең кіреді,сондықтан олар шөлге төзімді болып келеді
Дәнді-дақылдардың құрамы бір-бірінемен жалғанған 3-5 аралықтан тұратын таяқшасының іші бос, ауа-райы бұзылған кезде өсімдіктердің сулануына және астықтың жоғалуына әкеп соғады.Сондықтан дәнді-дақылдардың жаңа сорттарын алғанда орташа немесе қысқа сабақты өсімдіктер алуға тырысады.Қатты бидайдың және басқа да дақылдың сабағы паренхимді тканьмен толтырылған.
Дәнді-дақылдардың жапырақтары параллель орналасқан.Олар сабаққа бекітілген.Жапырактары маңызды фотосинтездеуші орган,сондықтан олардын саны,мөлшері астықтың жақсы болуына көп әсерін тигізеді.
Дәнді-дақылдардың шығуы тұрақты және гүлденуі кезіндегі ауа-райына байланысты болады.Бидайда әр сабақтың арасында бір дәннен шығады,ал барлығы 30-60-қа дейін барады.Сыпыртқы дақылдар-сыбыртқы түрінде гүлдейді,олар ұзын сабақты гүлдерде орналасады.Сыпыртқыдағы дәндердің мөлшері 50-60-тан бірнеше жүзге дейін болады.Әдетте,басындағы колоскалар кешірек гүлдейді,сондықтан сыпыртқы дақылдарда жетілмеген дәндер жиі кездеседі.
Дәнді дақылдардың арасында ерекше орын алатыны жүгері-ол аналық гүлдері початокқа жиналған.Жапырақтардың арасында орналасқан початкоға жиналған бір жерде өсетін өсімдік,ал аталық гүлдері-сабақтың бас жағында өсетін метелкада орналасқан.(Початок состоит из стержня,на которым вертикальными рядами распологаются от 300 до 1000 зерновок).Початок сыртынан жапырақтармен қапталған.Дәндер початоктын 60% массасын құрайды.
Дәндердің үгітілуі кезінде дақылдар сыртындағы гүл қапшығынан оңай ажыратылады.Жүгеріде ондай бомайды.(Эти злаки называются голодерными).Басқа дақылдардың гүліндегі қапшықтар дәнді өте жақсы қаптап,үгіткен кезде бөлінбейді.(Эти культуры называют пленчатами).Астықтың гүлінің сыртындағы пленкасының массасы неғұрлым көп болса,және оларды ажырату қиынға соқса,бұндай астықты өңдеу кезінде ұнның шығымы аз болады.
Сыртқы түріне байланысты дәнді-дақылдардың астықтарын қақты және әртүрлі деп бөледі
Шашақтардың ұзындығы дәнді-дақылдардың туыстығы мен түрінің белгісі болып табылады.
(Просовидные) дәнді-дақылдар доңғалақ немесе клиновид-қоршалған формада болуы мүмкін. Бұл дақылдардың ерекшеліктері дәндердегі шашақтарының жоқтығы.
Кез келген дәнді-дақылдың бидайы үш негізгі бөлімнен тұрады: Ұрық, эндосперм және сыртқы қабаты.
Ұрық өсімдікке өмір беретін почкадан, корешка және стебелькадан тұрады. Ұрықты түсі өзгерген жеті түрлі щитком бөлініп тұратын эндоспермге жабысып тұрады. Щиток арқылы ферментке бай, тағамдық құнды заттар эндоспермнан шығып, ұрыққа түседі.
Эндоспер – бидайдың негізгі бөлігі. Ол артық тағамдық заттар жиналған мөлдір ядро сияқты болып келеді. Эндоспермнің ортасындағы клеткалар ірі, жұқа және әдетте дұрыс формада болмайды. Ортасынан алыстаған сайын клеткалар мөлшері біртіндеп кішірейеді, формасы тік бұрышты призмаға жақындайды. Клетка ішінде белоктар біркелкі матрица түзеді. Оларға крахмалдың әр түрлі мөлшеріндегі гранулалары жиналаған. Эндоспермнің ортаңғы бөлігінде ұсақ және орташаларымен бірге көп ірі крахмал гранулалары орналасқан. Ортадан (алыстаған кезде) сыртқы қабатына қарай жылджығанда крахмал гранулаларының көлемң мен мөлшері азаяды, ал белоктікі көбейеді. Эндоспермнің шеткі қабаты алейронды, сыртқы қабатына жабысқан түрі бойынша ішкі бөлігінен және сыртқы қабатынан тез ажыратылады. Ол қалың клеткалармен әне дұрыс кубикті формадан жасалған. Бидайдың алейронды қабаты бір ретті клеткадан тұрады, ячмень үш-төрт реттен.
Сыртқы қабаты дәнді сыртқы ортадан қорғайды. Дәндердің сыртқы қабаты почкалардан түзіледі және де клеталардың үш қабатынан тұрады, бірақ ұсақ және дұрыс емес формада.
Семена қабатының ортаңғы пигментті қабатында дақылға түс беретін бояғыш заттар орналасқан. Бидайды қазіргі заманғы өңдеу технологиясында алейронды қабатты алып тастауға тырысады. Бұдан сыртқы және алейронды қабаттың қалыңдығы өнімді өңдеген кезде сапасына әсерін тигізеді. Өте жұқа қабаттылар оңай ұсақталып, ұнға айналады, ал тым қалың болса, эндоспермнің бөлінуін қиындатып, ұнның шығуын азайтады. Бидайдың алейронды қабаты, бір ретті клеткадан тұрады, қалыңдығы бойынша сыртқы қабатына жақын.
Дәнді-дақылдардың анатомдық бөлігінің ұқсастығы технологиялық жағынан маңызды. Сыртқы қабаты көп болған сайын астық тағамдық заттарды аз ұстайды және азық-түлік өндіргенде шығым аз болады. (Голозерный) дәнді-дақылдардың құрамы (%) масса бойынша; эндоспермді 70-85, алейронды қабатта 4-12, ұрықта 1,5-7.
Бидай жаздық және күздік болып бөлінеді.Тұқым – дән, ұрық қабыршағынан және ұрық бүршігінен тұрады, сақал мен бороздасы болады. Дәннің бетінің ерекшелігі оның жылтырлығында. Дән түсі – ақ, сары(янтарлы), қызыл және басқа да түрлі түстерге ие. Түсі қабыршағында пигменттің болуына, оның жуандығына, сонымен қатар эндоспермінің консистенциясына байланысты болады (ұнтақты, шынылы). Егер дәннің ұрық қабыршағында қызыл-қоңырқай пигмент байқалса, ол қызыл, ал дәннің ешқандай пигменті болмаса ақ деп аталады. Ақ деп аталатын дәндердің түсі тек эндоспермнің конситенциясына және қабыршағының ерекшелігіне байланысты, олай болса да ұнтақты дәндер ақ, көбінесе сарғыштау, ал шынылылар – ашық янтарлы болады.
Дәннің ұзындығы 4-13 мм (көбінесе 4,5-8); ені 1,0-4,5 мм (әдетте 1,9-3,4); жуандығы 2-4,1 мм аралығында. Егер дән 5,5 мм аз болса – қысқа, ал 6,5 мм көп болса – ұзын деп аталады. Ені 2,7 мм аз болса – жіңішке, 3,1 мм көп болса – жуан болып есептеледі. Әр дәннің салмағы өзгеше және ұрық сабағындағы орнына байланысты. Көбінесе ауыр дәндерге жұмсақ және қатты күздік бидайды жатқызуға болады. Оларға қарағанда жаздық бидай аз салмақты болады:
-
қатты бидай – 31,5 г;
-
күздік жұмсақ – 29,2 г;
-
жаздық жұмсақ – 25,8 г.
Қара бидай – сопақша және ұзыншалы формалы, бастамасы үшкірлеу, ал жоғарғы жағы үшкір емес (тупое). Ұзындықтың еніне қатысты 3,3 тең болса, сопақша деп есептелінеді, ал ұзыншалары 3,3 көп болса. Дәннің төменгі шығыңқы жағында ұрық жақсы көрінеді, қарама-қарсы жағында боразда өтеді, дәннің ішіне қарай тереңдетіліп. Жұмсақ бидайға қарағанда, дәннің жоғарғы бөлігі қысқа шашақтармен жабылған. Формасына қарай дәнді: ұзын жалпақ, ұзын жіңішке, қысқа жалпақ, қысқа жіңішке. Дәннің беті аздап тегіс емес. Қара бидай дәнінің түсі әр түрлі, жасыл, сары, қоңыр, әдетте сұрлау. Ұштары қоңырқай түсті болып келетін дәндер де кездеседі. Тұқымы бір болғанымен түсі әр түрлі болуы мүмкін. Дән түсі алейрон қабатына, ұрық қабыршағына және оның жуандығына байланысты. Алейрон қабатының клеткалары хлорофилл, сонымен қатар сары, көк, қызғылт пигменттерге ие. Шынылы эндосперм түске суықтау түстерді береді.
Ұзындығына қарай:
-
ұзын – 8 мм жоғары;
-
орташа – 7-8 мм аралығында;
-
қысқа – 7 мм төмен.
Күздік қара бидайдың жалпы салмағы 13-тен 50 г аралығында.Күздікке қарағанда, жаздық қара бидайдың дәндері ұсақ келеді. Дән құрылысы бидайға жақын. Ерекшелігі – ұрықтың дамуында. Қара бидайдың эндоспермі 76% жалпы салмағын алып жатыр.
3.Қарақұмық мәдениетінің сипаттамасы.
Қарақұмық тұқымдасының дәнді дақыл шаруашылығында жалғыз мәдениетімен, яғни қарақұмықпен көрсетілген (Fagorpyrum Mill). Бұл сабақты тамырдан, жапырақты шыбықтан (травинистый ветвистый стебель), найзалы жапырақтардан тұратын біржылдық жаздық өсімдік. Гүлденген тілшелерге жиналған. Қарақұмық тыңайтылған өсімдік, жақсы бал тасушы болып табылады. Алайда тек бір күнде ғана емес, бірнеше күнде тілшелері ашылады, сондықтан ауа райының жағдайына, құрт құмырсқалардың зиянына қатты әсер етеді. Сонымен қатар тұқым өнуі де бір уақытта болмайды. Қарақұмық – жемісі үш қырлы жаңғақ, үш бөліктен – ұрықтан, эндоспермнен және қабықшадан тұрады. Ұрық ленте сияқты өте ұзын, латын S әрпіне ұқсас, эндоспермнен толық өтіп, ядро бетінен жартылай өтеді. Эндоспермі ұнтақты, өндіргенде оңай ұсақталатын болып келеді. Ядросы (эндосперм ұрығымен) ашық қызғылт жұқа қабықшамен қапталған, ал дұрыс өнбеген ядрода ол жасылдау болуы мүмкін. Жаңғағы сыртынан қатты тұқым қабыршағымен қапталған, тек ядромен байланысатын жерде өсімдікке бекітілген. Тұқым қабыршағының түсі сұрлау күмістен қоңырқай түске дейін, ол сорттан да сол сияқты ұрықтың өсу мерзіміне сай болады.
Қарақұмық тұқымдас бөліктерінің % есебімен шаққанда: эндосперм 55-65; алейрон қабаты 4-5; ұрық 10-15; ұрық қабықшасы (пленчатость) 17-25.
4. Бобтық мәдениетінің сипаттамасы.
Бобтық мәдениет мотыльдік тұқымдасына (Leguminosae), двудольный өсімдік класына жатады. Біздің елімізде бәржылдық шөптік өсімдіктер тағамға пайдаланылады – горох, фасоль, соя, чечевица, чина, нут, бобтар,вигна.
Бобтық мәдениеттің тамырлары сабақты, жақсы дамыған, өзіне тән ерекшелігі – оларға екі түрлі бактериялар қонады: азотобактлар және клубеньдік, олар азот пен ауаны бақылап тұрады, сонымен қатар тың жерді азоттық заттармен байытады. Гүлдері – симметриялы емес, ұшқан мотылек сияқты, түсі ашықтан қою күлгінге дейін. Гүлденген тілшелерге жиналған. Өсіп өнуі мен гүлдену ұзақтығы мөлшермен әр түрлі, яғни дән көлемінің біркелкілігі және өсіп өну мерзімі бұзылады, астықтың төмендеуіне әкеледі.
Тұқым – боб әр түрлі формалы, екі створоктан тұрады, тұқым қабығы жақсы дамыған, олардың ішінде 10-ға жуық дөңгелек ұрықтар болады. Бобтық мәдениеттің дәндерінің түсі оның түрі мен сортына байланысты, ақ, жасыл, сары болуы мүмкін. Сыртындағы семя қалың қабыршақпен қапталған. Семяның сабаққа жалғанатын бөлігі қабыршағында толық рубчик бар. Бобтардың қабыршағы мөлдір болуы мүмкін, мөлдір еместер ақ, біркелкі не біркелкі емес боялады. Негізі қою түсті дәндерді (фасольды ескермесек) жем ретінде пайдалануға болады.
Семень бөліктерін % есебімен шаққанда: семядоли – 87-93; сабақ- 1-2,5; семень қабығы- 6-11.
Бақылау сұрақтары:
1. Ауылшаруашылық дақылдарының түрлерін ата?
2. Дәнді-дақылдар тұқымдасының сипаттамасы?
3. Қарақұмық мәдениетінің сипаттамасы қандай?
4. Бобтық мәдениетке сипаттама бер?
Әдебиеттер:
1. Б.К. Асенова, Г.Т. Туменова, Г.Н. Нурымхан, Г.Т.Кажибаева Специальные технологии перерабатывающих производств: Учебное пособие для студентов спецальности 050728 – «Технология перерабатывающих производств» -Семей: СГУ им.Шакарима, 2012 г.- 135 с.
2. Смольникова Ф.Х., Асенова Б.К., Нурымхан Г.Н., Касымов С.К. Обработка и хранение продукции растениеводства: учеб. пособие для специальности 5В072800, 6М072800 "Технология перерабатывающих производств" / Гос. ун-т им.Шакарима г.Семей.- Семей, 2014.- 207с.
3. Фирсов, И.П. Технология растениеводства: учебник для студентов вузов / И.П. Фирсов; А.М.Соловьев, М.Ф.Трифонова.- М.: КолосС, 2006.- 472 с
4. Стандарты: ТМД МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ ГОСТ 9333-85
14-дәріс. Қоймаларды жіктеу және оған қойылатын талаптар
Дәріс сұрақтары:
1. Өсімдік өнімдері қоймаларының құрылымы және оның жүйесін салу
2. Қоймаларды жіктеу және қойылатын талаптар
3. Астық қоймасының сыйымдылығы және оны пайдалану
4. Өндірістің бас жоспары және технико-экономикалық көрсеткіштері
Дәріс мақсаты: Өсімдік өнімдерін сақтауға арналған қоймалардың құрылымы және оларды жіктеу, қоймалардың сыйымдылығына сипаттама беру;
1. Өсімдік өнімдері қоймаларының құрылымы және оның жүйесін салу
Өсімдік өнімдері өндіру орындарынан бастап тұтынушыға жеткенге дейінгі аралықта әр мақсатта жұмыс атқаратын кәсіпорындармен байланысып ондағы қоймаларда өңделіп, сақталып, сұрыпталып, сандық және сапалық жағынан қалыптастырылып, тиеу жұмыстарын транспорттық жүйемен атқарып, өзінің сұраныс орындарына жетеді. Осы өнімнің жүру аралығы қоймалардың құрылымын және оның жүйесін салуды анықтайды. Осыған байланысты, мысал ретінде элеватор өндірісінің жүйесі қалай құрастырылғанын қарастырайық.
5 - сызбанұсқа
2. Қоймаларды жіктеу және қойылатын талаптар
Қоймаларды жіктеу мына көрсеткіш белгілерге байланысты: 1) сақтау әдісі; 2) механикаландыру дәрежесі; 3) сақтау мерзімі.
Өнімдер жайылып және ыдыста сақталады. Ыдыстың конструкциясына байланысты жұмсақ және қатты кйде болады. Жұмсақ ыдыста немесе қапшықта тұқым өнімдерін сақтайды. Көптеген елдерде өнімдерді қатты контейнерлерде тасымалдайды. Жайылған өнім екі әдіспен сақталады: еденді алаңда және силос ішінде. Еденде сақтау үшін жай қоймалар салады, алаңда-асфальтталған жерге бурттап, үстін брезенттермен жауып және бастырма орнатады. Силостық сақтау үшін-элеваторларды салады.
Екінші әдіс-механикаландыру дәрежесі бойынша төрт топқа бөлуге болады:
1- механикаландырылмаған;
2- жартылай механикаландырылған;
3- механикаландырылған;
4- толық немесе комплексті механикаландырылған.
Үшінші әдіс бойынша қоймалар уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Қоймаларға өнімді сақтап, өңдеу үшін мынандай талаптар қойылады:
1. технолгиялық;
2. конструкциялық;
3. экономикалық.
1.Технологиялық талап бойынша өнімнің сандық және сапалық шығынын болдырмау қажет. Ол үшін қойма өнімді сақтауға төзімді, сыртқы ылғалдан, қардан, жаңбырдан қорғай алуы қажет, оның қабырғалары,тедендері өнімнен түсетін қысымға қабілеті жетуі тиіс. Жалпы алғанда өсімдік өнімін биологиялық объект ретінде сақтай алуы тиіс. Оның қабырғаларының материалдарды пайда болған ылғалды сіңіруі тиіс, және сыртқы ауа-райы өзгерісін қойма ішіне жібермеуі тиіс. Жер асты сулары қойманың еденіне жиналмауы қажет, ол құрғақ түрінде болуы тиіс.
2.Конструкциялық талап - ол өнімді сақтау кезінде зиянкестердің пайда болуына жол бермеуі тиіс, және барлық өңдеу жұмыстарын тиімді жүргізуге қолайлы болуы қажет. Оның қабырғалары газды сыртқа шығармауы тиіс.
3.Қойманың конструкциясы, схемасы және қондырғылары өнім сақтауға арналған жұмсалатын қаражатты аз мөлшерде жұмсуға әкелі орынды. Ондағы қойылатын жабдықтар және қойманың сыйымдылығы өңдеу және сақтау жұмыстарын толық атқаруға сәйкес болғаны дұрыс.
3. Астық қоймасының сыйымдылығы және оны пайдалану
Астық қоймасының сыйымдылығы экономикалық есеппен бағаланады. Оның аз шамасында, астық далада қалып ысырапқа ұшырайды, ал көп кезінде толық пайдаланылмай шығын көбейеді. Сондықтан астықты сақтау үшін сыймдылықтың шамасы ұтымды болуға тиіс.
Астық шаруасында жылда болатын табиғат жағдайларына және оның тек бір кезде пісіп орылуына байланысты жиналатын дәннің өнімділігі, жалпы жиымы өзгеріп отырады. Осыған байланысты астықты дайындау және пайдалану өзгерісі, оның өнімін шығару мен пайдалану шамалары белгілі бір жинақты сызықты бейнесімен көрсетуге болады.
6 - сызбанұсқа
а - астықтыдайындаужәне оны пайдалану;
б - астықөніміншығаружәне оны пайдалану;
1 - дайындау (шығару); 2 - пайдалану; 3 - қалдық.
Астықтың қоймасының жалпы сыйымдылығы оның толтыру ретіне байланысты. Дайындау кезінде, бірінші астық қабылдайтын орынды жинау басталады. Оның біршама бөлігін ортаңғы және өндірістік қоймаларға артады. Дайындау кезеңі аяқталар кезінде, астық қабылдау кәсіпорындарында ол түгел толып бітеді, ал арту жұмыстарын дәннің кеш пісетін жерлерінде жүргізіліп жатады.Дайындау кезі аяқталған елде астықтың ең үлкен қалдығы пайда болады. Қойманың сыйымдылығы осы қалдықтың шамасына байланысты есептелуі керек.
Барлық астық қоймасының сыйымдылығы мына өрнекпен есептелінуі
керек:≤+
мұнда:<1- қойманың толу коэффициенті - Т
Барлық қойманың сыйымдылығы жеке қоймалардың сыйымдылығының қосындысына тең.
Жүк айналу таблицасын толтырып, ол бойынша үлкен қалдықты тауып есептейді.
8) Қоймалардың сыйымдылығын пайдалану.
1) Айналу коэффициенті -
;
Мұнда:Г – жүк айналымы,т
Е – сыйымдылық,т
Дайындау элеваторы үшін 5
Орта аралықтағы ()
Өндірістік
2)Пайдалану коэффициенті:
Мұнда, орта айлақ шама, Е- сыйымдылық
Қойма салуға арналған жер және оған қойылатын талаптар
Өсімдік өнімдерін өңдеу және сақтау жұмысының атқатратын кәсіпорындарды салуға кететін капиталдық және эксплуатациялық шығын шамасы оны салуға арналған жерді дұрыс тауып пайдалануға тиімді талаптарын дұрыс орындалуына өте тығыз байланысты болады. Салатын жер алаңын мамандалған зерттеулерді жүргізіп оның техникалық және экономикалық жағынан орынды болатынын дәлелдеу қажет. Қойманың бергі (5...15жыл) және алдыңғы ұзақ кезеңде (15...25жыл) аралығындағы өсуіне болжам жасауды талап етеді. Кәсіпорын салатын орын оған жақын кәсіпорындармен (ұн,жарма,нан заводтары,макарон фабрикаларымен) кооперативті байланыс болуын ондағы өндірістің жүруіне
қажетті құрылыс, қондырғыларды бірлесе пайдалану жолдарын барлығына көп көңіл бөлінуге тиіс. Жер алаңына мынандай талаптар қойылады:
- жер алаңы тегіс, оның бетіндегі жиналған сулар ағу үшін, белгілі, көлбеулі болуға тиіс;
- алаңның көлбеулігі 0,003 тен 0,03 шамасында және транспорт жолдарына
жақын болғаны дұрыс; жер асты метрден төмен болғаны жақсы;
- жердің жүк көтеру шамасы (3...4)Па (3...4кг/), яғни тығыздығы үлкен салмақты элеватор құрылыс үйлерін шөкпей көтеріп тұруы қажет;
- кәсіпорын салатын жер алаңы ауылға немесе қала маңына жақын болғаны дұрыс;
- басты желдің бағыты қыс кезінде қоймалардың ұзындық бойымен бағытталғаны, қарды және пайда болған шаңды, иісті өзімен алып экологиялық жағдайды жақсартады;
- кәсіпорын жер алаңы сумен, электр энергиясымен қажетті көлемде қамтамасыз етуге ыңғайлы болуы тиіс;
Таңдап алынған жер алаңына геодезиялық зерттеулер жүргізіп, жаңа салынған кәсіпорынның орналасу жоспарын жасайды.
4. Өндіріс кәсіпорынының бас жоспары және технико-экономикалық көрсеткіштері
Бас жоспар кәсіпорының негізгі, үйлер мен құрылыс объектілерімен, транспорт жолдары тораптарынан, электроэнергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелердің бір-бірімен тығыз байланысқан түрдегі орналасуын сипаттап көрсетеді.
Негізгі өндірістік объектілерге жататындар: элеватордың қабылдау және тиеу қондырғылары, жай қоймалары, жұмысшы мұнаралары, астық кептіргіш қондырғылары, ұн, жарма, құрама жем, нан заводтары, макарон заводтары, дайындалған өнім қоймалары, лабораториялар, автомобиль, вагон таразылары.
Өндірістік қосымша объектілеріне жататындар: май, отын қоймалары, трансформатор, насос станциялары, жер асты қоймалары, механикалық слесарь, қаңылтыр жөндеу бөлмелері, электромонтаж жасау, ағаш бұйымдары шеберханасы, тепловоз,автомобиль қоятын орындар, өрт депосы, химикат, ит сақтайтын бөлмелер.
Әр бөлімдегі қызмет жасау бағытындағы қоймалардың өзіндік бас жоспарларының схемалық өзгешіліктері бар.
I - бөлім, дайындау элеваторлары үшін көп таралған вариант:
Схема
II - бөлім, аударғыш, базистік және қор жинау элеваторлары үшін:
Схема
III - бөлім, өндірістік, порттық элеваторлар:
Схема
Кесте -15. Бас жоспарлардың технико-экономикалық көрсеткіштері
№
|
Өндіріс кәсіпорындары
|
Жер алаңы,
Га
|
Құрылыс-
тың
орналасу
тығыздығы
|
Жеке
орналасқан
құрылыс
объектілері-
нің саны
|
1
|
Дайындау элеваторы,Е100мың тонна
|
6,5
|
20
|
16
|
2
|
Порттық элеватор
|
5,0
|
23
|
15
|
3
|
Ұн комбинаты,Q=200T/T
|
4,5
|
20
|
14
|
4
|
Құрама жем заводы,Q=345T/T
|
4,2
|
19
|
12
|
5
|
Ұн комбинаты,Q=500Т/Т
|
7,3
|
22
|
14
|
Бақылау сұрақтары:
1. Қоймаларды жіктеу көрсеткіштері қандай?
2. Өндіріс кәсіпорынының бас жоспары және технико-экономикалық көрсеткіштері?
3. Қойма салуға арналған жер және оған қойылатын талаптар
Әдебиеттер:
1. Б.К. Асенова, Г.Т. Туменова, Г.Н. Нурымхан, Г.Т.Кажибаева Специальные технологии перерабатывающих производств: Учебное пособие для студентов спецальности 050728 – «Технология перерабатывающих производств» -Семей: СГУ им.Шакарима, 2012 г.- 135 с.
2. Под ред. Н.М.Личко. Технология переработки растениеводческой продукции: учебник ссузов / М.: КолосС, 2008.- 583 с.
3. Смольникова Ф.Х., Асенова Б.К., Нурымхан Г.Н., Касымов С.К. Обработка и хранение продукции растениеводства: учеб. пособие для специальности 5В072800, 6М072800 "Технология перерабатывающих производств" / Гос. ун-т им.Шакарима г.Семей.- Семей, 2014.- 207с.
4. Техникалық шарттар
5. Стандарты: ТМД МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ ГОСТ 9333-85
Достарыңызбен бөлісу: