ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет6/7
Дата12.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
#195645
1   2   3   4   5   6   7

3. Өнім сапасын жоспарлау. Өндірілетін өнім, көрсетілетін қызмет сапасын талдау барысында, жеткілікті жоғары квалификациялы жұмысшыларлар және заман талабына сай жабдықтардың болуы кәсіпорында ақау түріндегі мүмкін жоғалтулардың болмауына кепіл бере алмайтынын ескерген жөн. Тапсырыстардың сапасыз орындалуы фирма имиджіне кері әсерін тигізеді, және сатылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Ақауы бар өнім көптеген себептер салдарынан пайда болуы мүмкін, сондықтан ақаулы өнімдер себептеріне талдау және ақауы бар өнімдерден келген шығындарға талдау жүргізу керек. Кәсіпорында ақауы бар өнімнен пайда болатын жоғалтылымдар жалғыз немесе сирек болуы мүмкін, бірақ негізгі материалдардың құнының жоғарлығы өнімнің өзіндік құнына әсерін тигізеді, осылайша баға құру процесіне кері әсерін тигізеді. Ақауы бар өнім салдарынан болатын жоғалтылымдар ақауы бар бұйымдарды өңдеуге, түзетуге кеткен өндіріссіз жұмыс уақытын жұмсауынан, сонымен қатар технологиялық процестің нормасының бұзылуы салдарынан пайда болады.

Талдау нәтижесін қорытындылай келе өнімнің бәсекелік қабілеттілігін жаңа бәсекелік стратегияларды жасау, сонымен қатар өнімнің бәсекелік қабілеттілігін бағалау мен болжаудың жаңа әдістерін қолдану арқылы күшейту қажеттілігі туындайды. Нарықты зерттеу барысында БГК матрицасы кең қолданылуда. (1сурет)

(кесте1)










«Мысықтар» «Ж

ұлдыздар»

«Иттер» «Са

уылмалы сыйырлар»







Нарық дамуын талдаудың пайдалы тәсілдерінің бірі – «нарық және тауар дамуының торы» (кесте2).






3. жаңашылдық пен модификация енгізу

4. бар тауарларды диверсификациялау

1. нарыққы тереңірек ену

2. жаңа нарықтарды игеру


Тақырып 10. Өндірісті материалдық – техникалық қамтамасыз етуді жоспарлау және ұйымдастыру
Өндірісті материалдық – техникалық қамтамасыз ету процесі кәсіпорын қоймаларына немесе бірден жұмыс орнына жоспарға сәйкес талап етілген материалдық – техникалық ресурстарды уақытымен жеткізуге бағытталған. Материалды – техникалық қорлар құрамына: шикізат, материалдар, сатып алынатын технологиялық жабдықтары, есептеу техникасы, сатып алынған отын энергия, су және т. б. жатады.

Ет және сүт өнеркәсібі кәсіпорындарында отын (көмір, мұнай, газ, ағаш т.б.) су, электр энергиясы, су қолданылады, отын технологиялық қажеттіліктерге, жылу энергиясын алуға шығындалады. Су техникалық қажеттіліктерге және кәсіпорын цехтарында санитарлық гигиеналық жағдайларды ұстауға тұтынылады. Машиналар мен приборлар көп электр энергиясын қолданылады. Жоспарлаудың міндеті электр энергия қажеттілігін анықтау және оны алу көзін, мерзімін бекіту.

Шикізат пен материалдық – техникамен жабдықтауды жоспарлау шығындарды нормалаудан, материал, ресурстар қажеттілігін жоспарлаудан, кәсіпорынға шикізатты, материалды, отынды және энергияның барлық түрін жеткізуді ұйымдастыруды, дайын өнімді өткізуді ұйымдастырудан тұрады.

Шикізатпен және материалмен - техникамен жабдықтауды жоспарлаудың міндеті

өндірісті қажетті мөлшерде шикізатпен толық қамтамасыз ету, олардың түсу көздерін анықтау, жеткізу мерзімін, сапа көрсеткіштерін бекіту, жоспарда шикізат аз мөлшерде шығындалатын, тез табылатын және қымбат емес материалдар қолданылатын өнімдер ассортиментін қарастыру керек.

Шикізатты тасу жағдайы оның сапасына бірталай әсерін тигізеді, сондықтан

жоспарда шикізатты озық әдіспен тасымалдау, тиеу, түсіру жұмыстарын механикаландару және автоматтандыру қарастырылуы тиіс. Кәсіпорындар жабдықтаушылармен келісім шартқа отырады, онда жеткізу уақыт, шикізат саны мен сапасы көрсетіледі.

Өндірісті материалдық – техникалық қамтамасыз етудің мақсаты:



  • кәсіпорын бөлімшелерін талап етілген сан мен сападағы ресурс түрлерімен нақтылы қамтамасыз ету.

  • Ресурстарды пайдалануды жақсарту, еңбек өнімділігін, қор қайтымдылығын арттыру, өнім дайындаудың өндірістік циклының ұзақтығын қысқарту, екінші, ресурстарды толық пайдалану, инвестиция тиімділігін арттыру.

  • Өндірістің ұйымдастыру – техникалық деңгейін, бәсекелес жабдықтаушының өндіретін өнім сапасын талдау, жеткізілетін материалдық ресурстардың бәсекелестік қабілетін арттыруға немесе нақты ресурс түрімен қамтамасыз ететін жабдықтаушыны өзгертуге ұсыныс дайындау.

Осы мақсаттарға жету үшін кәсіпорында келесі жұмыстар тұрақты орындалуы тиіс:

1. Нақты ресурс түрлері бойынша жабдықтаушылар нарығына маркетингтік зерттеу жүргізу, жабдықтаушыны таңдау үшін келесі талаптар есепке алынады:

1. Лицензиясы және осы салада жеткілікті жұмыс тәжрибесі

2. Өндірістің жоғарғы ұйымдастырушылық – техникалық деңгейі

3. Жұмыстың сенімділігі мен пайдалылығы

4. Шығарылатын тауардың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету

5. Олардың қолайлы бағасы

6. Жеткізудің қарапайымдылығы және тұтастығы

2. Нақты ресурс түрлеріне қажеттілікті нормалау

3. Ресурстарды жұмсаудың нормалары мен нормативтерін төмендетудің ұйымдастыру техникалық шараларын жасау.

Шикізат материалдық – техникалық ресурстарының шығындарын нормалауды

өнімді өндіруге жұмсалатын шығындарды анықтау үшін жүргізеді. Осыған байланысты шикізат және материалдар, отын және энергияға прогрессивті нормалар бекітеді. Энергияның барлық түрлеріне , суға және сығылатын ауаға шығын нормалары кәсіпорында, шикізатты өндеудің технологиялық процессінде, техникамен жабдықтауына, жабдықтау көздері мен әдістеріне байланысты жасалады және бекітіледі.

4. өндірісті материалдық – техникалық жабдықтау каналдары мен формаларын іздеу

5. материалдық баланс жасау

6. өндірісті ресурстармен материалдық - техникалық қамтамасыз етуді жоспарлау

7. өндіріске ресурстарды жеткізу, сақтау және дайындауды ұйымдастыру

8. жұмыс орындарын ресурстармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

9. ресурстарды қолдану есебі және бақылау

10. өндіріс шығындарын жинау мен өңдеуді ұйымдастыру

11. ресурстарды пайдалануды жақсартуды ынталандыру.

Өндірісті материалдық – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің құрылымы мынадай бюролардан тұрады:


  1. ресурстармен жабдықтау маркетингі

  2. өндірісті ресурстармен қамтамасыз етуді нормалау және жоспарлау

  3. запастарды басқару

  4. жұмыс орындарын ресурстармен қамтамасыз ету

  5. ресурстарды тиімді қолдануды басқару

Маркетинг бюросы ресурс топтары бойынша ( жабдық , шикізат, материал т.б.) немесе маркетинг фукнкциясы бойынша (ақпараттық қамтамасыз ету тобы, жабдықтаушылар имиджін зерттеу тобы, жабдықтаушылардың бәсекелестігін, олардың тауарын зерттеу тобы бағаны, қоғамдық байланысты зерттеу тобы.

Өндірісті ресурстармен қамтамасыз ету нормалау және жоспарлау бюросы:



  1. кәсіпорындағы ресурстарды тиімді пайдалануды талдау

  2. стратегиялық және тактикалық.

Кәсіпорынды шикізатпен, материалдық – техниканың жабдықтауды ұйымдастыру кәсіпорынды материалдарын, энергетикалық ресурстарын, техникамен бірқалыпты және нақтылы қамтамасыз ету жоспарын орындау шараларының жүйесі. Шикізат және материал – техникалық жабдықтауды ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

өнім және қоймадағы материалдар сапасын сақтау, олардын санын есептеу және сапасын бақылау, ұтымды пайдалану, жабдықтау шығындарын азайту, тез табылмайтын, үнемді материалдарын алмастыру. Кәсіпорынды шикізат, материалдық- техниканың жабдықтауды ұйымдастырудың мәні барлық келісім шарт міндеттемелерін, жеткізуді, қабылдауды, сақтауды орындау.

Өнімді өткізуді жоспарлауды ұйымдастыру тұтынушыларды жоспарлаған мөлшердегі дайын өніммен және ассортиментпен уақтылы қамтамасыз ету.
Тақырып 11. Персоналдар санын жоспарлау
1. Сандық жоспарлау.

2. Еңбек ақыны жоспарлау.

3. Ұйымдастырушылық құрылымды жоспарлау.

4. Фирманың құқықтық дәрежесі.


1. Сандық жоспарлауды өнеркәсіптік – өндірістік персоналдар құрылымын анықтаудан бастаған жөн.
Кәсіпорынның барлық жұмысшылары өнеркәсіптік – өндірістік персоналдарға (ӨӨП) – жақ, яғни өндіріске немесе қызмет көрсетуге тікелей әсер ететіндер, және өнеркәсіптік емес пресонал – жақ, яғни өндіріске қатысы жоқтарға бөлінеді. Санау жүргізгенде және еңбек өнімділігін есептеу кезінде тек ӨӨП есепке алынады. Жалпы ӨӨП санын келесі жұмысшылар категориясы құрайды:

Жұмысшылар – еңбек затына тікелей әсер етушілердің өзі негізгі және көмекші болып бөлінеді.

ИТЖ – инженер – техникалық жұмысшылар – кәсіпорында ұйымдастырушылық, техникалық басқарулармен айналысатын адамдар.

Қызметкерлер – құжаттармен айналысатын, есепті, есеп жүргізу, талдау жұмысымен айналысатын жұмысшылар.

КҚП – кіші қызмет көрсетуші персонал.

Оқушылар – кәсіпорында оқитын және оның тізімінде тіркелген адамдар.

Қорғау бөлімі – қорғаудың барлық түрлері.

ӨӨП құрылымын белгілі категория жұмыскерлері жалпы санының пайыздық үлесін құрайды.

Кәсіпорын жұмыскерлердің санын жоспарлау.

Жұмысшылар санын анықтағанда олардың келу және тізімдік санын есептейді.

Міндетті келетін жұмыскерлер саны – өндірістік бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті жұмысшылар саны.

Жұмыскерлердің тізімдік саны – кәсіпорында қабылданған, оның кадрлық тізімде тіркелген жұмыскерлер саны (іссапарда, демалыста, мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарды атқаратын, сырқатына байлансты келмеген жұмыскерлерді есепке алу).

Жұмыскерлердің саны келесі үш әдіс арқылы анықталады:

Уақыт нормасы бойынша.

Штаттық жұмыс орындарымен.

Қызмет көрсету нормасы бойынша.
1.       Персоналға қажеттілікті жоспарлаудың мазмұны, міндеттері мен технологиясы

2.       Еңбек өнімділігін жоспарлау

. Нарықты экономикада кәсіпорындағы әлеуметтік еңбектік көрсеткіштерді жоспарлаудың басты міндеті бұл еңбек ресурстарының толық жұмысбастылығын және жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету, персоналдардың жұмыстары үшін қалыпты жағдайлар қалыптастыру және еңбек ақы деңгейін көтеру, экономикалық өсімге жету жұмысшылардың өмір сүру сапасын арттыру. Әлеуметтік еңбектік көрсеткіштерді фирма ішілік жоспарлаудың негізгі міндеті бұл әрбір кәсіпорындағы барлық жұмысшылар категорияларын толық және тиімді жұмысбастылықпен қамтамасыз етуі.

Толық жұмысбастылық- бұл жұмыс орындарының саны мен еңбек ресурстарының немесе жұмысшы күштері арасындағы тепе-теңдікке жету. Тиімді жұмысбастылық- бұл нәтижелердің шығындармен теңесу немесе одан артық болуына жету үшін жұмысшы күштерін пайдалану дәрежесі. Персонал – бұл кәсіпорындағы әртүрлі кәсіби біліктілікті топтардағы жұмысшылармен оның тізімдік құрамына кіретін жұмысшылардың жиынтығы.  Еңбек ресурстары түсінігі – потенциалды жұмыс күшін сипаттайды. Ал персонал жалдамалы, тұрақты және уақытша, білікті және арнайы біліктігі жоқ жұмысшылардың барлық құрамын айтамыз. Кәсіпорынның мамандары – бұл кәсіпорынның білікті қызметкерлерінің негізгі құрамы. Еңбек ресурстарының сандық сипаттамасы ең алдымен жұмысшылардың тиімдік жұмысқа келу және орташа тізімдік санымен өлшенеді. Кәсіпорын жұмысшының тізімдік саны – бұл белгілі бір күнде қабылданған және жұмыстан кеткен жұмысшыларды есепке ала отырып, сол күндегі жұмысшылардың орташа құрамының саны. Жұмысқа келу саны – бұл жұмысқа нақты келген жұмысшылардың тізімдік құрамының саны. Орташа тізімдік саны – бұл еңбек өнімділігін, орташа ақыны, айналым коэффициентін, кадрлардың ағымын және т.б. көрсеткіштерді есептеу үшін қолданылады. Бір айдағы жұмысшының орташа тізімдік саны- бұл демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде бір айдағы әрбір күнтізбелік күндегі жұмысшылардың тізімдік құрамының санын қосып, қосылған сомманы сол айдағы күнтізбелік күн санына бөлу жолымен анықталады.

   Кәсіпорындарда еңбек ресурстарының тиімді қолданылуы еңбек өнімділігінің өзгеруіне байланысты болады. Еңбек өнімділігі – бұл бір өнім мөлшерін өндіруге кететін уақыт мөлшерімен өлшенеді. Еңбек өнімділігінің деңгейі 2 көрсеткіш арқылы анықталады.

1.                               Белгілі еңбек бірлігінде өнімді шығарумен анықталады. (таза көрсеткіш)

2.                               Еңбек сиымдылығымен (кері көрсеткіш)

 в =В/Т

в - белгілі еңбек бірлігінде шығарылған өнім



В - шығарылған өнім көлемі

Т- өнім шығаруға кеткен нақты уақыт.

t= Т/В=1/в кері көрсеткіш.

t- еңбек сиымдылығы

Еңбек өнімділігін арттыру резервтеріне мыналар жатады:

1.            Өндірістердің техникалық деңгейін жоғарлату:

-                                  Өндірісті механикаландыру және автоматтандыру

-                                  құрал-жабдықтың жаңа түрін қолдану

-                                  жаңа технологиялық процестерді қолдану

-                                  өнімнің конструкциялық қасиетін жақсарту

-                                  шикі заттардың және конструкциялық материалдардың сапасын арттыру.

2. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту:

-                                  Қызмет ету көлемін және нормаларын ұлғайту

-                                  Нормаларды орындамайтын жұмысшылар санын азайту

-                                  Есеп және есептеу жұмыстарын толық механикаландыру

-                                  өндірісті мамандандыру деңгейін арттыру

-                                  басқару құрылымын жақсарту.

3.Өндірістегі құрылымдық өзгерістер:

-                                  өнімнің жеке түрлерінің көлемі мен деңгейін өзгерту

-                                  өндірістік бағдарламаның еңбек сиымдылығын өзгерту

-                                  жартылай дайын өнімдер мен қосалқы бөлшектердің көлемін өзгерту.

Еңбек ресурстарының қоры (Фрт) бұл- жұмысшының орташа тізімдік санын (Чсп) күн немесе сағаттағы жұмыс кезеңінің орташа ұзақтығына (Трв) көбейту жолымен анықталады.Фрт=Чсп*Трв

Еңбек ресурстарының сандық сипатттамалары кәсіпорын мақсатын орындау үшін және жұмыстарын атқару үшін жұмысшының кәсіби және біліктілігінің жарамдылық дәрежесін анықтайды. Еңбек қызметіне байланысты кәсіпорын мамандары мамандығы және біліктілік деңгейіне байланысты бөлінеді.

Профессия – бұл белгілі бір теориялық білімдер мен тәжірибелерді талап ететін еңбек қызметінің ерекше түрі.

Мамандық – жұмысшылардың қосымша арнайы білім  тәжірибесін талап ететін және спецификалық ерекшелігі бар професссия шегіндегі қызмет түрі.

 Кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби біліктілік құрылымы штаттық кестеде бейнеленеді.



Штаттық кесте – бұл  кәсіпорын басшысы жыл сайын бекітетін жұмыс разряды және қызметтік оклады көрсетілген қызметкерлерінің қызметтік бөлімдері бойынша топтастырылған тізімді көрсететін құжат.

Кәсіпорындағы еңбек ақы қорын жоспарлау және орташа жалақыны есептеу жұмысшылардың талап етілген санын анықтағаннан кейін, сонымен қатар орындалған жұмыстар мен қызметтердің еңбек сиымдылығын анықтағаннан кейін жүргізіледі. Жылдық еңбек ақы қоры еңбек сиымдылығы мен күрделілігі негізінде жоспарлады.

Фр= Тпл*Чср*(1+Кд)

 Фр - жылдық еңбек ақы қоры

 Тпл - жылдық өндірістік бағдарламаның еңбек сиымдылығы

 Чср - орташа тарифтік ставка (тг/сағ)

 Кд – жұмысшыға төленетін сыйақыны есепке ала отырып, қосымша еңбек ақының коэффициенті (%)

Барлық персоналдардың еңбек ақы қоры келесі формуламен анықталады:

Фр= 12Мм*Чпл*Кср*(1+Кд)

Мм- еңбек ақының төменгі мөлшері

         Чпл- өнеркәсіптік өндірістік персоналдардың жалпы саны

          Кср- жұмысшылардың орташа біліктілік коэффициенті

Жеке категориядағы жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы жылдық еңбек ақы қорын орташа жылдық санына бөлу жолымен анықталады.

Зср= ФР/12*Рср

Рср-  жұмысшылардың орташа жылдық саны.

Еңбек өнімділігінің өсімі % келесі формуламен анықталады:

∆Птр=Эi*100/Чпл-Э

Эi- жеке фактор боцынша есептелген жұмыстан босатылған жұмысшылардың мүмкін саны.

Э- барлық фактор бойынша жұмыстан босатылған жұмысшылардың мүмкін саны.

Мысал, 1 жұмысшының сағаттық, күндік және жылдық өндірілімін анықтау керек. Есепті кезеңде 16 млн. тенге суммада өнім өндірілді. Жұмысшының орташа жылдық саны 580 адам, бір жылда 221000 адам – күн, 1 480000 адам – сағат жұмыс істелінді.

Шешуі: 16000000/1480000=1081 тенге 

16000000/221000= 72,4

16000000/850= 18823

Мысалы, базалық кезеңде өнімді шығару 8200000 тенге орташа жылдық өндірілім 51000 тенге. Өткен кезеңмен салыстырғанда өнімнің жоспарлы өндірілімі 10%-ке артады. Жұмысшылардың жоспарлы саны 167 адам.

Анықтау керек: жаңа техниканы енгізу есебінен еңбек өнімділігінің жоспарлы өсімін.

Шешуі: жоспарлы кезеңде өнімді өндіру 8200000*1,1=9020000 бір жұмысшының жоспарлы орташа жылдық еңбек өндіріліміне : 9020000/167= 54012

Жұмыс уақытының қорын тиімді пайдалану есебінен жұмысшылардың еңбек өнімділігінің өсуі мына формуламен анықталады: ∆Птр2=(Ғдб – Ғдп) /Ғдп*100

 Ғдб- Ғдп- базалық және жоспарлы кезеңдегі жұмыс уақытының нақты қоры.

54012-51000= 3012/51000*100=5,9%

Мысалы, бөлімдегі жұмысшылардың тізімдік және жұмысқа келу санын анықтау?

Бұйымның жылдық өндірілімі 1400 дана, барлық фрезерлік жұмыстарын жалпы жоспарлы еңбек сиымдылығы 20 норма сағат токарлі 40 норма – сағат. Бұрғылаушы жұмыстарының еңбек сиымдылығы 10 норма – сағат. Жұмысшының уақыт нормасын орындаудың орташа коэффициенті 1,2 бір жылда жұмыс күні 259 күн бір күндегі жоспарлы жұмысқа шықпау 29 күн жұмыс күнінің орташа ұзақтығы 752 сағат. Жұмысшылардың тізімдік санын мына формуламен анықталады: Rсj =∑tj / (Квн * Ғд) тізімдік саны

 Rявj =∑tj / (Квнj + Ғн) жұмысқа келу саны

∑tj- бұл j- шы кәсіптің жұмысшылардың атқарған жұмыстарының жалпы жоспарлы еңбек сиымдылығы; 

Квн j- j- шы кәсіп жұмысшының уақыт нормасының орындалуын ескеретін коэффициент.

Ғд, Ғн- j- шы кәсіп жұмысшының жұмыс уақытының нақты және номиналды қоры жұмысшылардың жұмыс уақытының жылдық нақты қоры. Ғд = (259-29)*7,52= 1729,6  Ғн= 259*8=2072 сағат/жыл /адам

Кәсіп бойынша жұмысшының тізімдік және жұмысқа келу санын?

Фрезерлік Rcп

T 1400*20=28000/(1,2*1729,6) =28000/2075,52= 14 адам

Rяв = 1400*20=28000/(1,2*2072) = 2486,4= 11 адам

Токарлі Rсп=( 1400*40)= 56000/(1,2*1729,6)=27 адам

Rяв =( 1400*40)= 56000/2486,4= 23

Бұрғылау


Rсп = (1400/10) =14000/2075,52= 6,7

Rяв = 14000/2486,4 = 6 адам

Rсп = 48 (14+27+7)

Rяв = 40 (11+23+6)

 

Мысалы, кәсіп бойынша жұмысшының санын анықтау керек. Қызмет көрсету нормасы кестеде келтірілген.



Кәсіп

Қызмет көрсететін жұмыс орындарының жалпы саны

Қызмет көрсету нормасы

Смена (кезек) саны

1. крановщик

30

15

2

2. электросварщик

20

10

2

3. наладчики

50

5

2

 

Rявj = Орм/Но   R= 30/15*2= 4   R= 20/10*2 = 4 R= 50/5*2= 20

 
Тақырып 12. Еңбек ақыны жоспарлау.

Еңбек ақыны жоспарлау тарифтік және тарифсіз жүйе арқылы ұйымдастырылуы мүмкін.

Тарифтік жүйе келесі элементтерден құралады:


  1. Тарифтік – квалификациялық анықтама – жұмысшылардың орнындайтын және жауап беретін жұмысқа сипаттама мен талаптарының тізімін көрсетеді.

  2. Тарифтік тор – ол тарифтік разрядтар мен оларға сай тарифтік коэффициенттер шкаласы. Тарифтік коэффициент – ол берілген разряд бірінші разрядқа қарағанда қаншалықты жоғары екенін көрсететін сан. Топта 1-8 разрядтар; топта 2-6 разрядтар. Тарифтік коэффициенттің соңғы және бірінші разрядтарының айырмашылығын тарифтік тор диапазоны деп аталады.

  3. Тарифтік ставка (қойылым) – үақыт бірлігіне төленетін ақы мөлшері. Жұмыскерлер үшін ол уақыт бірлігіне еңбекке ақы бірінші разряд түрінде құрылады.

  4. Аймақтық коэффициент – жұмыстың климаттық және басқа да шарттарын есепке алады.

Еңбекке ақы төлеудің окладтық жүйесі – кәсіпорында бекітілген лауазым негізінде төленетін ақы мөлшері.

Жоспарлауда еңбек ақының 2 формасын бөліп қарстырады:

Кесімді: еңбекақы деңгейі шығарылған өнім көлеміне тәуелді болады. Бұл форма бойынша еңбек өнімділігін өсіру ынталандырылады, бірақ өнім өндіру нормаларын және кесімді еңбек бағаларын есептеуді қажет етеді. Еңбек бағасы – бұл өнім бірлігі үшін берілетін еңбекақы деңгейі.



Кесімді еңбек ақы формасының 5 түрлі жүйесі болуы мүмкін:


  1. Тура кесімді: еңбек ақы орындалған жұмыс мөлшеріне тура пропорционалды.

  2. Кесімді – сыйлықты: қандай да бір шартқа байланысты қосымша сыйақы беріледі. Сыйақы негізгі еңбек ақыдан пайыз түрінде белгіленеді.

  3. Кесімді – прогрессивті: еңбек бағасы деңгейі прогрессивті шкала бойынша өсіп отырады.

  4. Кесімді – жанама: бұл жүйе бойынша негізгі өндіріске қызмет көрсететін жұмысшыларға еңбекақы беріледі. Еңбекақы жұмысшының жеке еңбегіне қарай емес, ол қызмет көрсететін бөлімшенің жалпы нәтижесіне тәуелді болады.

  5. Аккордты: келісім бойынша еңбек ақы жалпы орындалған жұмыс үшін беріледі. Көбінесе, ерекше немесе авариялық жағдайларда қолданылады.

  • мерзімді: еңбекті істеген уақытқа қарай береді, яғни тарифтік ставканы істеген уақытқа көбейтеді. Екі жүйесі болады:

  1. Қарапйым мерзімді;

  2. Мерзімді – сыйлықты. Кесімді – сыйлықты сияқты негізгі еңбек ақыға сыйақы деңгейі қосылады.

Бір жылдағы бір жұмысшының жоспарлық уақыт балансы.




Көрсеткіштер

Жыл

Жылдық есеп

Жоспар

1. Күнтізбелік уақыт қоры.....................................

Жұмыс емес күндер.....................................

мейрамдар.....................................................

демалыстар...................................................


2. Уақыттың номинальды қоры ............................

жұмысқа келмеу............................

кезекті немесе қосымша демалыс...............

оқуға байланысты демалыс..........................

босануға байланысты демалыс....................

ауруға байланысты демалыс........................

мемлекеттік міндеттемелерді орындау.......

адменистрация шешімі бойынша................


3. Нәтижелі уақыт қоры..........................................

Номинальды ауысым ұзақтығы........................

Ішкі жүйелік жоғалтылым.................................

Ауысымдағы нәтижелі уақыт қоры..................


4. Бір жұмысшының нәтижелі уақыт қоры...........

365

105


8

97
260

26

17

0,5



3

4

1



0,5
234

8с.


0,3с.

7,7с.
1800с.



365

103


8

95
262

25

17

0,5



3

3,5


1

-
237

8с.

0,1с.


7,9с.
1872с.

Жұмысшылар саны мен еңбекақы қорын есетегеннен кейін еңбек ақыны жұмыскерлер тобы бойынша бөледі:


Кесте 1. Еңбек ақыны бөлуді жоспарлау

Жұмысшылар категориясының атауы

жылдар

0

1

2 және т.б

Қажет, адам

Орташа еңбекақы, тенге

Еңбекақыға шығын, тенге

Есептелген еңбекақы, тенге
















1.Негізгі өндіріс жұмысшылары




























2.Көмекші өндіріс жұмысшылары




























3.Мамандар мен қызметкерлер




























4.Басқа категориялар































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет