ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


Инновацияның түрлері және мақсаттары



бет4/7
Дата12.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
#195645
1   2   3   4   5   6   7

Инновацияның түрлері және мақсаттары

 


Түрлері

Мақсаттары

Өнім-инновация

Өмір сүруді қамтамасыз ету; табыс көздерін ұлғайту; нарықтағы үлесінің артуы; тәуелсіздік; клиенттердің ынтасы, талаптары; престижді көтеру; жаңа жұмыс орындарын құру; өнімнің айналымы мен өнім өткізу көлемін арттыру.

Үдерістік инновация

Пайданың өсуі (өнімділік, шикізат пен энергияны үнемдеу нәтижесінде). Қоршаған ортаның ластануын төмендету.

Әлеуметтік инновация

Ұжымға және қоғамға әлеуметтік жауапкершілік; фирма престижінің өсуі; тәуелсіздік; еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту.

 

Инновациялық жобалар келесі белгілер бойынша топтастырылады:



  1. Жобаны жүзеге асыру кезеңі (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді);

  2. Инновацияның типтері бойынша (жаңа өнім, жаңа технологиялық процесс, жаңа шикізат көздері, жаңа нарық, басқарудың жаңа құрылымы);

  3. Қажеттілік түріне байланысты (жаңа қажеттіліктер, нақты қажеттіліктер);

  4. Жобаның мақсаттық сипаты бойынша (аралық, соңғы).

Инновациялық жобаларды құру кезеңі:

  1. Инновациялық идеяның қалыптасуы;

  2. Инновациялық жобаны жоспарлау және оның жүзеге асырылуын бақылау;

  3. Инновациялық жобаның аяқталуы.

 

Ішкі пайыздық ставкаларды есептеу.

Инфляцияға байланысты ақша құны уақыт өте өзгереді. Әр түрлі кезеңдегі ақша ағымын салыстыру үшін ақша қорларын бағалау әдісі – дисконттау қолданылады. Келешектегі инвестициялардың, табыстардың (инновациялық жобаларды жүзеге асырудан болатын түсімдер) көлемін дисконттау нормасына байланысты болашақ ақша ағымының қазіргі құнын анықтауғамүмкіндік береді:



Ін = І б / (1+rt

І б – инвестициялар мен табыстардың келешек құны

Ін  – инвестициялардың қазіргі (ағымдық) құны

r– дисконт ставкасы (нормасы)

– дисконттау кезеңдері (жылдары)

 

Дисконт – бұл келешектегі құн мен оның қазіргі шамасы арасындағы айырма.



Дисконт ставкасы - әр түрлі уақыт сәттеріне жататын ақша сомасын белгілі бір уақытқа келтіру негізініде дисконттау үшін пайдаланылатын пайыздық ставкасы.

 

Инвестицияларды салудан түсетін табыстардың келешектегі құны:



FV = (1+r)n * PV

PV – инвестициялардың немесе табыстардың қазіргі құны.

PV = FV / (1+r)n

Пайыздық және есептік ставка келесі формуламен есептелінеді:



rt = (FV – PV) / PV

Тіркеу ставкасы:



dt = (FV – PV) / FV

Таза келтірілген (ағымдық) құн  (MPV) = келешектегі ақша ағынының ағымдық құны – инвестициялауға жұмсалған бастапқы шығындар:



MPV = (ΣFV / (1+r)n) – CI

CI – инвестициялауға жұмсалған бастапқы шығындар

Табыстың ішкі ставкасы  (IRR) инвестициялардың тиімділігін бағалау үшін пайдалануды және келесі түрде анықталады 



IRR=r мұнда MPV=0

Егер IRR>CC, онда жоба қабылданады.

CC – капитал бағасы немесе сәйкес қорлар көздері

Егер IRR, онда инновациялық жоба мақұлданбайды.

Егер IRR=CC, онда кез келген шешім қабылданады.

 

Инвестициялық тиімділікті бағалау үшін келтірілген шығындар индексі (PVI) және қайтару мерзімі (t) пайдаланылады.



PVI = (ΣFV / (1+r)) / CI

t = CI / ΣFV / (1+r)n

Мысал: Кәсіпорында 600000$ көлемінде қаражат салымдары бойынша инвестициялардың 3 нұсқасын ескеретін «жаңа тауарының өндірісін негіздеу мен ғылыми зерттеу және конструкторлық құрастыру» инновациялық жобасы құрылады. Есепті кезеңдегі жыл бойынша инвестициялық шығындар құрылымы әр түрлі. Есептеу кезеңі 4 жыл. Дисконт нормасы r= 10%=0,1. Кестедегі берілгендерді пайдаланып нұсқалар бойынша дисконттық сомасын және  уақыт факторын ескере отырып инвестициялады жүзеге асыру нұсқаларының ішіндегі тиімдісін анықтау керек.

 

 



Шығарылу жолы:

І1 = [240/(1+0,1)] + [180/(1+0,1)2] + [120/(1+0,1)3] + [60/(1+0,1)4] = 498,1

І2 = [102/(1+0,1)] + [138/(1+0,1)2] + [156/(1+0,1)3] + [204/(1+0,1)4] = 463,32

І3 = [150/(1+0,1)] + [150/(1+0,1)2] + [150/(1+0,1)3] + [150/(1+0,1)4] = 475,9

 

Жауабы: І – тиімді  варианты болып табылады.
Шұғыл - өндірістік жоспарлау (ШӨЖ)


  1. ШӨЖ тапсырмалары, түрлері және жүйелері.

  2. Күнтізбелік – жоспарлау нормативтері және диспечерлік өндіріс


1) ШӨЖ тапсырмалары, түрлері және жүйелері.

Ритмдік өнім шығарудың негізін өндірістік жоспарлаудың өндірістік стратегиясы қалайды.

Өндірістік жоспарлауда графикпен жұмыс істеу нормалы өндірістік – шаруашылық қызметпен қамтамасыз етеді және өндірістік жоспарлаудың потенциалын жүзеге асыруға мүмкіншіліктер береді.

ШӨЖ құрамы:



  • Күнтізбелік – жоспалаудың прогрессивті нормативтерін жасау;

  • Еңбек заттарының қозғалысы жоспарының графигін жасау;

  • Жұмыс орындарына график жоспарының жеткізілуі;

  • Жоспар графигінің орындалуын бақылау;

  • Цехтардағы ағымдағы жұмыстарды координациялау.

ШӨЖ екі түрі бар: цехаралық және цехішілік. Цехаралық: өндірістік бағдарламаларды жасау, жоспарлау, реттеу және бақылау. Цехішілік: өндірістік жоспарлық бағдарламалар және әр бір учаскіге, линияға жоспарлы график, бір айға, тәулікке, ауысымға жоспарлы тапсырыстар жасау, көмекші қызметкерлер жұмыстарына бақылау жүргізу.

Күнтізбелік – жоспар нормативінің жүйесі:



  • Жұмыс орыны, линия, өндіріс ритмі;

  • өндіріс темпиратурасы;

  • серия;

  • партия;

  • кезеңдік;

  • өндірістік цикл ұзақтығы.

Толассыз сызық тактісі – шығарылатын бұйым уақыты мен толассыз сзықтың соңғы операциясы немесе бірінші операциясы арасындағы уақыт.

Такт есептеудің бастапқы ақпараттары:



  • бір жылдық (ай, ауысым) өндірістік тапсырыс;

  • осы кезеңдегі жұмыс уақытының жоспарлы қоры;

  • жоспарлы операциялық технологиялық жоғалтылымдар;

Ритм – толассыз линияда уақыт бірлігінде шығатын бұйымдар саны.

Бөлім – тоқтаусыз өндіріс процесін қамтамасыз ететуге арналған өндіріс материалдарының запасы (қоры).

Келесі бөлімше түрлерінен тұрады:


  • технологиялық;

  • транспорттық;

  • резевтік;

  • операция аралық айналым.

Синхронизация – толассыз линия тактісіне сәйкес технологиялық процесс операцияларының ұзақтығын түзету процесі. Операцияның орындалу ұзақтығы тактіге тең немесе одан қысқы болуы тиіс. Синхронизация әдісі:

    • операцияны дифференциялау;

    • операцияны концентрациялау;

    • қосымша жабдықтарды орнату;

    • жабдықтардың жұмысын интенсификациялау;

    • прогрессивті құралдарды қолдану,

    • жұмыс орындарына қызмет көрсетулерді жақсарту және т.б.

Шұғыл диспечерлік жоспарлау:

  • өндіріс жоспар графигінің орындалуын үздіксіз қадағалау;

  • қосымша цехтардың жұмыстарын координациялау;

  • уақыт тәртібінің бұзылуын жою.

  1. фирманың ұйымдастырушылық құрылымы;

  2. басқарумен байланысты емес жұмысшы күші;

  3. АУП;

  4. фирманың кадрлық саясаты.


Тақырып 8. Бизнес  жоспарлау

 

1. Бизнес жоспарлау түсінігі, мәні, мазмұны.



2. Бизнес жоспарлаудың құрылымы.

 

1. «Бизнес» сөзі табыс әкелетін кез келген іс, қызмет. Бизнес сөзі кәсіпкер түсінігінің синонимі түрінде қарастырылады.



Бизнес – бұл нарық қатысушылары арасындағы  қарым-қатынастар жиынтығы: кәсіпкерлер, өнім тұтынушлары, жұмысшылар, мемлекеттік  органдар.

 Бизнес жоспар - бұл қандай да бір коммерциялық жобаны жүзеге асыру және жаңа кәсіпорындарды құру үшін жүргізуге қажетті іс-әрекеттердің негізделуін білдіретін құжат. Бизнес –жоспар 3-5 жылға  жасалады. Бизнес жоспар жасау келесі сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді:

1. істі қалай дұрыс бастау қажет?

2. өндірісті қалай тиімді ұйымдастыру қажет?

3. алғашқы табыстар қашан алынады?

4. қай мерзімде кредиторлармен есеп айырылысу қажетҮ

5. мүмкін болатын тәуекелді қалай төмендету қажетҮ

Бизнес жоспар - жаңа өндірістік қуат құру арқылы өндірісті жаңарту ғылыми-техникалық қайта қамтамасыз ету негізінде жаңа өнімді шығаруды жүзеге асыру үшін сырттан қаржы көздерін тарту мен байланысты инвестициялық шешімдерді негіздеуде қолданады.

Бизнес-жоспар термині 90 жылдардың басында қолданыла  бастады, ол кезде еліміз экономиканың қайта құрылу дәуіріне енді және заманның өзі нарықтық жағдайлардағы кәсіпорынды басқару қағидаларын өзгертуді талап етті.

Бизнес жоспарлаудың 5 қызметі бар:

1. Бизнес стратегиясын құру үшін, оны пайдалану мүмкіндігіне байланысты.

2. Жоспарлау - жаңа бағыттағы қызметтердің даму мүмкіндігін  бағалауға, фирма ішіндегі үрдістерді бақылауға мүмкіндік береді.

3.  Ақша ресурстарын - (ссуда, несие, займ) тартуға мүмкіндік береді.

4. Өндіріске меншікті капиталын немесе қолданыстағы технологияларын енгізуге қалауы бар мүмкін серіктес компанияның жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

5. Барлық қызметкерлерді бизнес-жоспар құруға қатыстыра отырып, келешекте атқарылатын іс-шараларының ақпараттандырылуын жақсартуға, мақсатқа жетуге  ынталандыруға мүмкіндік береді.

 

2. Теория мен тәжірибеде бизнес-жоспардың қатаң регламенттелген құрылымы жоқ. Ол орындалатын қызметтерге сәйкес әртүрлі болуы мүмкін: бірі-жаңадан іс бастаған кәсіпкерлер үшін, екіншісі- жұмыс істеп тұрған кәсіпорын үшін.



Бизнес жоспарлаудың бөлімдері:

1. Фирма мүмкіндіктері (резюме);

2. Тауарлар түрлері (қызмет көрсетушілер);

3. Тауар (қызмет өткізу нарығы);

4. Өткізу нарығындағы бәсекелестер;

5. Маркетингтік жоспары;

6. Өндірістік жоспары;

7. Ұйымдастырушылық жоспар;

8. Заңдық жоспар;

9. Қаржылық жоспар;

10. Қаржыландыру стратегиясы.

Шетелдік бизнес-жоспар құрушылар, осы бөлімдермен қатар инвестициялық жоспарды енгізген.

Бизнес-жоспар жасаушылардың алдында тұрған негізгі міндет-инвесторларды тарту болып табылады. Қандай жағдайда да мақсат бір-жобаның қаржылық тиімділігін дәлелдеу керек, яғни жобаға салынған ақшалар күтілетін пайданы алып келетіндігін дәлеледеу керек.

1. Резюме - барлық бөлімдердің қорытындыларынан тұру керек (жобаның мәні, мақсаттар мен міндеттерді шешу мүмкіндік тиімділігі, мақсатқа жету кәсіпорын дамуын қаржыландыру көздері, жобаны инвестициядан түсетін табыстар, сату көлемі, шығындар, пайда нормасы, капитал салымдары мен инвестициялық қаржыларды өтеу мерзімдері).

2. Бұл бөлімде - сапасы, бағасы, тауарлық, бәсекеге қабілеті бойынша бұйымнан нарықта сатылатын тауардан тиімді айырмашылықтары беріледі.

3. Шығарған өнімінің қандай нарыққа негізделген (ішкі, сыртқы, аралас).

4.  Бәсекелестер бойынша сыртқы, ішкі саясат, технология.

5. Жарнамалар, өткізу жүйесі, баға белгілеу, әр түрлі жеңілдіктер, сатуда кепілдіктер, жеткізу бөлімі.

6. Мұнда шикізатқа, материалдарға, техникаға қажеттіліктер анықталады, өндірістік қуаттылық анықталады.

7.  Ұйымдық өндірістік құрылым кадрға деген қажеттіліктер еңбекақы төлеу жүйесі қарастырылады.

8. Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нормасы (құқықтық статусы, меншік нысаны, кәсіпорын түрі).

9.  Инвестициялық көлемі, қаржыландыру көздері, қаржы құралдарын тарту шарты анықталады.

10. Инвестициялық шығындар капитал үлесі пайдалану және өткізу шығындары, табыстар, салықтар, қарыз (несие) құралдарын қайтару құралы мен мерзімі, өнім рентабельділігі, пайда деңгейі.

 

2. Бизнес жоспардың құрылымы мен құрамы.



 

Бизнес жоспарл құрылымы:

- Мұқабалық бет.

- Аннотация.

- Құпиялылық туралы меморандум.

- Мазмұны.

 

Мұқабалық бетте:



-       Жоба аты;

-       Жоспарды дайындау орны;

-       Жоба авторлары, кәсіпорын аты және мекен-жайы, телефоны;

-       Құрылтайшылардың аты, мекен-жайлары;

-       Бизнес-жоспардың белгіленуі мен оның пайдаланушылары.

Мұқабалық бетте сонымен қатар конфиденциалдық меморандумы жазылады.

Мұқабалық беттен кейін мазмұны (беттері көрсетілген).

Бизнес-жоспар аннотацияны құрауы мүмкін (0,5-2 бет). Аннотация келесі түрде дайындалады:

1.      кәсіпорын;

2.      адрес;

3.      телефон, факс;

4.      кәсіпорын жетекшісі;

5.      жобаның мәні, жүзеге асыру орны;

6.      нәтижесі;

7.      қажетті қаржылық ресурстар;

8.      жобаның қайтарымдылық мерзімі;

9.      күтілетін орташа жылдық пайда;

10.  инвесторлардың қатысу шарттары;

11.  инвестицияларды қайтару бойынша кепілдіктер.

 

1. Резюме – жоспардың негізгі тәртібін қысқаша сипаттау, барлық бейімдердің ішіндегі негізгісі.



Кілтті (ключевой) сұрақ – сіздің бизнесіңіздің тұжырымдамасы неде? (2-4 бет)

Ұйымның бизнесінің тарихы.

Бұл бөлімде қарастырылатын сұрақтар:

1.                           Кәсіпорынның тарихы немесе жаңа кәсіпорынды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар;

2.                           Сіздің кәсіпорыныңыз бизнестің қай түрімен айнылысады;

3.                           Орналасуы;

4.                           Бизнесті жүзеге асыру саласының қазіргі жағдайы;

5.                           Кәсіпорынның имиджі қандай?

6.                           Ұсынылған бизнестің негізгі проблемалары;

7.                           Бизнесті ұйымдастыруға, шешім қабылдауға қандай жағдайлар әсер етеді?

8.                           Бизнестің мақсаты.

 

Кілтті сұрақ – неден бастадыңыз және неге жеттіңіз?



SWOT – талдау жүргізеді.

Стратегиялар (тұрақтылық, өсім, қысқару).

 

2. Тауарлар түрлері (қызметтер)

Бизнесті сипаттау.

Негізгі қарастыратын сұрақтар:

1.           Өнімді сипаттау (қызмет);

2.           Бизнес объектілерін бағалау, негізгі сипаттамалары;

3.           Сандық талдау;

4.           Тапсырыс берушінің пайданы арттыру жолдары;

5.           Материалды емес түсімдер (дизайнды жақсарту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік);

6.           Өнім уникалдылығы;

7.           Технология ерекшеліктері;

8.           Берілген тауар (қызмет) заң талаптарына қаншалықты жауап береді;

9.           Қандай нарықта, қалай сатылады;

10.  Сіздің өніміңіздің құқықтық қорғалуы (патенттер, лицензиялар);

11.  Қандай бағамен, қандай өндірістік шығындар жұмсау қажет, әрбір тауар бірлігі үшін сату қанша пайда әкеледі;

12.  Тауарлардың (қызметтер) негізгі техникалық-экономикаалық көрсеткіштері;

13.  Фирмалық маркасы;

14.  Тауарға сұранысты болжау және тауардың даму мүмкіндігі.

Кілтті сұрақ – сіз не өндіресіз және сатасыз? 

 

Бизнес-жоспарлау




  1. Бизнес-жоспар (б-ж) жоспарлау қызметінің дербес түрі ретінде. Бизнес-жоспарды құрастырудығы мақсаттар мен міндеттер. ТЭО маңызы мен кезеңдері.

  2. Б-ж құрлымы және б-ж-дың кезеңдері.

1. Б-ж. – бұл қойылған мақсатқа жетуге бағытталған уақыт пен кеңістік бойынша өзара байланысқан және мақсаттар мен ресурстар бойынша келісілген шаралар мен әрекеттер жүйесі.

Б-ж құрудың мақсаты –фирма қызыметіне негізделген баға беру, болашаққа жоспарлау, яғни нарық сұранысына және қолда бар ресурстарға қарай фирма қызыметін болжау және жоспарлау.

Б-ж. құрудағы міндеттер:


  1. келешектегі өткізу нарығының сыйымдылығы мен болашағын зерттеу;

  2. мақсатқа жетуге кеткен шығындарды бағалау, шығындар мен бағаларды бәсекелестердің шығындары мен бағаларын сәйкестендіру;

  3. мүмкін тәуекелді анықтау;

  4. фирманың қазіргі заманғы математикалық және қаржылық жағдайын бағалауға болатын көрсеткіштерді анықтау.

Б-ж СЖ басты элементтердің бірі болып табылады. Бизнес-жоспарда фирма стратегиясы көрсетіледі, ол 3 көзқараста сипатталады:

  1. Стратегияны (С.) СХЦ рамкаларында жоспарлау;

  2. Істеп тұрған іскер бірліктері үшін жаңа бизнес түрлерінің немесе жаңа орталарының даму стратегиялары.

  3. Іскерлік процестердің реинжиниринг рамкаларында толық қайта құрылуы.

Бизнес-жоспардың СЖ негізгі айырмашылығы:

  1. Бизнес-жоспар жалпы мақсаттар кешенінен тек қана бір немесе бірнеше мақсаттарды қоса алады;

  2. жоспарлау жиегі бойынша;

  3. бизнес-жоспарда функционалды құраушылар көп.

ТЭО маңызы мен кезеңдері.

Өндірістік технико-экономикалық зерттеулерді дайындау пособиесі ТЭО өткізу бойынша толық нұсқау болып табылады. Ірі жобалар үшін ТЭО бірнеше этап бойынша өтеді:



  1. Қатал (алдын ала) ТЭО

  2. Толық ТЭО. ТЭО мазмұны ЮНИДО пособиесі бойынша:

    • Жалпы бастапқы мәліметтер

    • к/о нарығы мен қуаттылығы

    • Өндірістің математикалық факторлары

    • к/о орналасуы

    • Жобалы-конструкторлық құжатнама

    • к/о ұйымдастыру және накладталған шығындар

    • Еңбек ресурстары

    • Жобаны жүзеге асыру мерзімдерін жоспарлау

    • Жобаның қаржы-экономикалық бағасы (1. жалпы инвистициялар, 2. жобның қаржылық жағдайы, 3. өндірістік шығындар, 4. ақша ағымдарының кестесі, 5. жобаның қаржы-экономикалық көрсеткіштері, 6. жобаның тиімділігі жаңа құрылғандар үшін, 7. жобаның қортушы ТЭК)

  3. ТЭО толық негізгі шешімдерін қортатын баяндама-бағасы өтетін бағалау және шешім қабылдау кезеңі.




  1. Б-ж құрлымы және б-ж-дың кезеңдері.

  1. Қазіргі заманғы жағдайда жоспарлаудың негізгі құралы бизнес-жоспар болып табылады. Ол кәсіпорынның даму стратегиясын өндеуге, оның қызметін жоспарлауға, салымдарды тартуға, сондай-ақ потенциалды серіктестерді табуға мүмкіндік береді. Ол анықтылық, ықшамды, сенімді және жарнамалық тартымды болуы тиіс.

Бизнес-жоспарлаудың кезеңдері:

  1. Ақпарат көздерін анықтау;

  2. Бизнес-жоспарды құрудың мақсатын анықтау

  3. Бизнес-жоспарды мақсатты оқушыларды дәл анықтау

  4. Бизнес-жоспардың жалпы құрлымын анықтау

  5. Бизнес-жоспардың әрбір айқындалған бөлімдерін дайындау үшін ақпаратты жинау

  6. Бизнес-жоспарды өзі жазу

Бизнес-жоспарлаудың кезеңдерін дұрыс жүзеге асыру іскердік жоспарлаудың келесі қызыметтерін іске асыруға көмектеседі:

  1. перспективалы кезеңге фирма дамуының бас стратегиясының жалпы концепциясын құру

  2. жалпы жоспарлау, фирманың негізгі қызметінің дамуын бағалауға және бақылауға мүмкіндік береді

  3. фирма жоспарларын жүзеге асыруға потенциалды серіктестерді тарту;

  1. Типтік формасы (бизнес-жоспардың құрылымы):

  1. Титульді бет

  2. Резюме

  3. К/о және саланың сипаттамасы

  4. Тұтынушылар, клиентурасы

  5. Өнімдері мен қызмет көрсетулердің сипаттамасы

  6. Маркетиг жоспары

  7. Өндірістік жоспар

  8. Ұйымдастырушылық жоспар

  9. Қаржылық жоспар

  10. Жобаның бағыттылығы мен нәтижелігі

  11. Тәуекелдер мен кепілдіктер

  12. Қосымшалар

Типтік формасы (басқа нұсқасы)

  1. титульды бет, онда ұсыныс мәні, кәсіпорынның атауы мен мекенжайы, байланыс түры, жобаның жалпы құны, мәліметтерді сыртқа шығаруға болмайтынына нұсқау болуы тиіс;

  2. Мазмұны;

    3) сипаттама;

    4) өнім және қызмет көрсету;

    5) нарықты талдау;

    6) маркетинг;

    7) өндіріс;

    8) кәсіпорын;

    9) қаржылық жоспар;

    10) жобаның нәтижелігі;

    11) тәуекел және сақтандыру;

    12) қосымша.

    Бизнес – жоспарлауда:

    S – нақты мақсаттар;

    M – өлшемелі;

    А – актуальды;

    R – нақтылы;

    T – бақыланатын.

 Тақырып 9. Өндірісті жоспарлау және өнімді өткізу

 


  1. Кәсіпорынның өндірістік жоспарының мазмұны

  2. Өндірістік жоспардың көрсеткіштері

  3. Кәсіпорынның өндірістік қуатын жоспарлау

  4. Тауарлар мен қызметтерді сату жоспарын құру

  5. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын құру

 

1 СҰРАҚ

Өнімнің өндірісі және оны сатуды жоспарлау, кәсіпорынның әлеуметтік экономикалық дамуының кешенді жоспарының басты мәселесі болып табылады. Өнім, тауар, қызмет, өндірістік жоспарлау, тұтынушылардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру фирма дамуының стратегиясын құру мен маркетингтік зерттеулер жүргізу мен басқа қажетті өнімді жобалаумен өнімді өндіру мен өткізуді ұйымдастырудың басқа ішкі шаруашылық қызметтермен тығыз байланысты болуы қажет. Кәсіпорын бөлімшелері өздерінің атқаратын функцияларына байланысты жұмыстарды жоспарлау кезінде келесі стратегиялық және тактикалық мәселелерге жетуге бағытталуы тиіс.



  1. маркетинг (тауар, өткізу, жарнама)

  2. өндіріс қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолдағы өндірістік мүмкіндіктерді толық пайдалану, тауарлардың жоғарғы сапасын қамтамасыз ету және белгілі бір өнімді дайындау және сатуға кететін шығындардың төмендеуі.

  3. жобалау – б.қ. өнім құру, жаңалық ашу, еңгізу, технологиялық процестерді жетілдіру, өнім және жұмыс сапасының көрсеткіштерін жақсарту.

  4.  ресурстардың едәуір қорларын сақтау. Материалдарды жоғары сапасымен, төмендету бағамен, көптеген партиямен атын алу.

  5.  қаржы, жоспарланған бюджет шегінде кәсіпорынның қызмет етуі, пайдалы өнімге бағытталуы, несиені бақылау, фирма үшін қарыз, заем құнын төмендету.

  6. кәсіпорынның барлық қызметі бойынша есептілікті стандарттау, өндіріс шығындарын детальдау, коммерциялық мәмілелердің кунификациясы

  7. кәсіпорынның сандық және ресурстарды жабдықтаушылау, және тауарды тұтынушылардың теріс әрекеттерінен стратегияны қорғауды қамтамасыз ету.

Өнім өндірісімен өткізуді жоспарлау – бұл жақын және болашақ перспективалардағы нарықтың қажеттіліктерін алдын ала көру бойынша жылдық жоспардың негізгі көрсеткіштерін құру және орындау процессі. Әрбір кәсіпорынның өндірістік жылдық жоспары келесі жоспарлы көрсеткіштерін өзара байланысты жүйесін құрайды.

1.      Жоспарлы кезеңдегі фирма және оның жеке бөлімшелерінің өндірістік қызметтерінің негізгі мақсаты.

2.      Барлық тауар номенклатурасы бойынша сапалы және сандық көрсеткіштердің нақты айқындай отырып, өнім өндірісінің көлемімен негізгі мақсаты.

3.      Жылдық өндіріс көлемі мен кәсіпорынның цех бөлімшенің сәйкестігінің есебі сұраныс пен ұсыныс тепе теңдігі.

4.      Кәсіпорынның оның бөлімшелерінің жылдық өндірістік бағдарламасына ресурстардың қажеттіліктерін анықтау, жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар балансының есебі.

5.      Жоспарлы жұм-ы негізгі цехтар (нарықтың тапсырысты орындаушылар) бойынша бөлу, дайындау мерзімі мен өнімді нарыққа жеткізу бойынша бөлу.

6.      жоспарлы көрсеткіштерге жету құралдары мен әдістерін таңдау

7.      жоспарлы тауарлар (өнім, қызмет) өндірісін ұйымдастыру әдісімен нысанын негіздеу, өндіріс және өткізу жоспарының орындалуына бақылау жасау.

 

2 СҰРАҚ

Өндірістік жоспардың негізгі көрсеткіштері:

1.      өнімге сұраныс пен өндіріс көлемі.

2.      ұсыныс шамасы мен кәсіпорынның өндірістік қуаты.

3.      шығындар мен өнімнің бағасы.

4.      ресурстар мен инвестицияға мұқтаждықтар

5.      сату көлемі мен жалпы табыс т.б.

Баға мен сұраныс байланысын сипаттайтын негізгі көрсеткіш – икемділік деп атайды. Яғни, бір шаманың 2 әсерінен өзгерісін көрсетеді. Формуласы: Эц =

 Эц – баға икемділігі

 С – сұраныстың өзгеру пайызы

 Ц – баға өзгерісінің өзгеру пайызы.

            Бұл жоспарлы кезеңдегі өндірілген өнім саны мен номенклатурасын сипаттайды. Сондықтан жылдық, тоқсандық, айлық өндіріс көлемін ажыратуға болады. Шығыстар өнімнің жоспарлы номенклатурасы сұраныс пен ұсыныс тепе теңдігін, сондай ақ өндірілімнің жылдық көлемінің өндірістік қуатқа сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Жаңа бәсекеге қабілетті өнім өндірісті жоспарлау барлық кәсіпорындармен фирмаға жоғары табиғатты қамтамасыз етуі қажет. Бұл әрбір кәсіпорындар өнім өндірумен сатуды ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау, шығындарға тауар номенклатурасын жаңарту жоспарлы көрсеткіштерді пайдалануды кеңейту бағалау немесе экономикалық көрсеткіштерін ұзақ, қысқа мерзімді болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет