Тарифтік жүйе келесі элементтерден тұрады:
-
Тарифтік-біліктілік анықтамалық (ТБА) – әртүрлі жұмыстардың сипаттамасы және осы жұмыстарды орындайтын жұмысшыларға қойылатын талаптар бар құжат. Әр жұмысқа сәйкес бііліктілік разряды көрсетіледі. Бұл құжатты жұмысшылар еңбегін тарифтеу, яғни нақты разрядты беру үшін қолданады.
-
Тарифтік сетка – бұл тарифтік разрядтар мен оларға сәйкес болатын тарифтік коэффициенттердің шкаласы. Тарифтік коэффициент – эберілген разрядтың ставкасы бірінші разряд ставкасынан қаншаға артық екенін көрсететін шама. Жалпы алғанда 21 разряд бар.
-
Тарифтік ставка – уақыт бірлігі үшін анықталған еңбекті төлеу шамасы. Тарифтік ставка минимальды еңбек ақы деңгейімен байланысты болады. Ол үкіметпен белгіленеді және инфляцияға байланысты мерзім сайын индексацияланады.
-
Аудандық коэффициент – жергілікті климаттық және басқа жұмыс шарттарын есебке алады.
Еңбек ақы құрылымы
Негізгі еңбек ақы Қосымша еңбек ақы
Тарифтік қор
Күндік еңбек ақыға қосымша төлемдер
Сағаттық еңбек ақыға қосымша төлемдер
Қосымша төлемдер, тарифтік қорға
Тарифтік қорға қосымша төлемдерге ТБА мен көзделмеген жұмыс үшін берілетін төлемдер кіреді
(түнде жұмыс істеген үшін, оқушыларды оқыту үшін, бригадаға басшылық жасау үшін, жұмыс зияндылығы және т.с.с үшін).
Сағаттық еңбек ақыға қосымша төлемдерге орындалмаған еңбек үшін емес, заңмен белгіленген жағдайлар үшін берілетін төлемдер ( 1 күн ішінде мемлекеттік, қоғамдық міндеттерді орындау үшін, 1 күн ішінде әкімшілік рұқсатпен алынған демалыстар үшін, кәсіпорын жауапты болған тоқтап қалулар үшін және т.с.с.).
Күндік еңбек ақыға қосымша төлемдер – бұл сағаттық еңбек ақыға берілетін төлемдер сияқты, бірақ бір күннен артық уақыт үшін.
Тарифсіз еңбекті төлеу жүйесі
Бұл жүйе, көбінесе жұмыс орындарға баллдық баға беруге негізделеді. Ол үшін эксперттер тобы берілген жұмыс орынға сипаттама және қойылатын талаптарды белгілейді, нәтижесінде оны баллмен бағалайды. Балл санына қарай жұмыс орындарды жеке класстарға бөледі. Кәсіпорынның жалпы балл сомасын тауып, еңбек ақының жоспарлы қорын есептейді және өнім бірлігіне немесе тауар айналымы бірлігіне саналған еңбек ақы мөлшерін есебке алатын коэффициентті анықтайды.
- бәсекелестің тауарлық өнімі.
Одан кейін бір баллдың құнын анықтайды:
Одан кейін әр жұмыс орны бойынша минимальды еңбек ақы мөлшерін анықтайды. Ол үшін бір жұмыс орын баллдарының минимальды сомасын бір балл құнына көбейтеді. Сосын еңбек ақының жоғарғы мөлшерін табады, ол үшін жұмыс орынның максимальды балл санын бір балл құнына көбейтеді.
Еңбек ақы пайда бөлігі ретінде анықталады. Әр жұмыскерге белгілі бір балл мөлшері беріледі тіркеледі. Барлық баллдар кәсіпорын бойынша қосылады да бір балға саналған пайда үлесін табады:
Еңбекті төлеудің айлықтар жүйесі.
Бұл кәсіпорында белгіленген лауазымдық айлықтар негізінде берілетін ақша. Кәсіпорындағы жылдық еңбек ақы мөлшері келесі түрде табылады:
Европада сыйақылар еңбек ақының 50% дейін құрайды, АҚШ-та - 400% ке дейін. Олар акциялар немесе басқа бағалы қағаздар пакеттері түрінде берілу мүмкін.
Еңбек ақы формалары және жүйелері.
Еңбек ақыны берудің 2 формасы бар:
-
кесімді: еңбек ақы деңгейі шығарылған өнім көлеміне тәуелді болады. Бұл форма бойынша еңбек өнімділігін өсіру ынталандырылады, бірақ өнім өңдіру нормаларын және кесімді еңбек бағаларын есептеуді қажет етеді. Еңбек бағасы – бұл өнім бірлігі үшін берілетін еңбек ақы деңгейі.
Кесімді еңбек ақы формасының 5 түрлі жүйесі болуы мүмкін:
-
Тура кесімді: еңбек ақы орындалған жұмыс мөлшеріне тура пропорцоналды.
-
Кесімді-сыйлықты: қандай да бір шартқа байланысты қосымша сый-ақы беріледі. Сыйақы негізгі еңбек ақыдан пайыз түрінде белгіленеді.
-
Кесімді-прогрессивті: еңбек бағасы деңгейі прогрессивті шкала бойынша өсіп отырады.
-
Кесімді-жанама: бұл жүйе бойынша негізгі өндіріске қызмет көрсететін жұмысшыларға еңбек ақы беріледі. Еңбек ақы жұмысшының жеке еңбегіне қарай емес, ол қызмет көрсететін бөлімшенің жалпы нәтижесіне тәуелді болады.
-
Аккордты: келісім бойынша еңбек ақы жалпы орындалған жұмыс үшін беріледі. Көбінесе, ерекше немесе авариялық жағдайларда қолданылады.
-
Мерзімді: еңбекті істеген уақытқа қарай береді, яғни тарифтік ставканы істеген уақытқа көбейтеді.
Екі жүйесі болады:
-
Қарапайым мерзімді;
-
Мерзімді -сыйлықты.Кесімді –сыйлықты сияқты негізгі еңбек ақыға сыйақы деңгейі қосылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Еңбек қорлары дегеніміз не?
-
Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымын білесің бе?
-
Негізігі және қосымша жұмысшылар санын анықтау әдістері қандай?
-
Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері?
-
Еңбек өнімділігі дегеніміз не?
-
Еңбек өнімділігін өсірудің қандай жолдары бар?
-
Еңбек ақының қандай формаларын білесіз?
-
Еңбекті төлеуді ұйымдастыру қандай қағидаларға сүйенеді?
-
Мемлекет еңбекті төлеу процесіне қалай реттеу жұмысын жүргізеді?
-
Кесімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын және мысалдарын көрсетіңіз.
-
Мерзімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын және мысалдарын көрсетіңіз.
Әдебиет
-
Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 132-150 б
-
Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 230-246 б.
-
Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 472-480 б
-
Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 226-234 б.
-
Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 44-54 б
-
«Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер
жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 35 б.
Тақырып 4. Күрделі шығындар мен күрделі құрылысты жоспарлау (2 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Күрделі құрылыс жоспарының міндеттері мен мазмұны.
2. Күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін анықтау.
Дәріс:
1. Күрделі құрылыс жоспарының міндеттері мен мазмұны.
Жаңа объектілер салу, ұлғайту, техникалық қайта құру және техникалық қайта қаруландыру, жөндеу және жабдықтарды жаңартуды материалдық өндірістің маңызды саласы - күрделі құрылыс орындайды. Күрделі құрылысты жүзеге асыру үшін күрделі салымдар қажет. Күрделі салым жаңадан өндірістік және өндірістік емес негізгі қор жасауға немесе бұрынғыларын қазіргі уақытқа сай қайта құруға жұмсалған шығындардың жиынтығы. Күрделі құрылыс процесі күрделі жұмыстар - құрылыс және монтаждан тұрады. Құрылыс жұмыстарына жаңа объектілер салу, ұлғайту, қайта құру жатады. Монтаждық жұмыстарға жабдықты орнату, жинау, жұмыс қалпына келтіру жатады.
Күрделі және ағымдағы салымдар болады. Күрделі салымдар өндірістік қор құнын ауыстырады, ал ағымдағы ауыстырмайды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда бұл салымдар жаңа жабдықтар алуға және істеп тұрған жабдықты жаңартуға, жаңа технологиялық процестерді енгізуге, өндірістік емес негізгі қор жасауға қолданылады. Күрделі салымға негізгі қор құнынан басқа:
-құрылыс-монтаж жұмыстары
-құрылыспен байланысты,зерттеу және жобалық жұмыстар
-инфрақұрылым жасау және қоршаған ортаны қорғау
-негізгі қорлардың жойылуының жоғалтулары және айналым қаржыларын арттыру шығындары жатады. Қуаттың өсу формасы бойынша күрделі салымдар бөлінеді:
1)жаңа құрылыс-өндірістік қуат әлі енгізілмеген жаңа ауданда кәсіпорын және ғимарат құрылысы
2)кеңейту және қайта құру-қуатты енгізгеннен соң өзгерген жоба бойынша кәсіпорында құрылысты жалғастыру
3)техникалық қаруландыру-кәсіпорында машиналар мен жабдықтарды,көлік құралдарын,өлшеу приборларын және құрылғыларды жаңасына және қазіргісіне ауыстыру.
Күрделі салымдарды келесі түрлерге бөледі:
1)ескі күрделі салымдар - істеп тұрған негізгі қорлар құны
2)жаңа күрделі салымдар - тасымалдауды,монтажды есепке алғандағы жаңа жабдық құны, істеп тұрған негізгі қорларды жаңарту шығындары, жобалау шығындары,құрылысқа және айналым қаржыларын өзгертуге жұмсалған шығындар.
Күрделі салымды қаржыландыру көздері: кәсіпорынның өз қаржысы, инвестиция. Кәсіпорынның өз қаржысы - НӨҚ толығымен қалпына келтіруге арналған амортизациялық қор есебінен, кәсіпорын пайдасынан, артық өндірістік қорларды сатудан түскен ақшадан, бағалы қағазды сатудан құралады..
2.Күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін анықтау.
Күрделі салымды салыстырмалы және абсолютті тиімділік көрсеткіштерімен есептейді. Салыстырмалы тиімділік көрсеткіші - шаруашылық және техникалық шешімдердің әр түрлі мүмкін варианттары ішінен ең тиімді вариантты таңдауға қолданылады. Салыстырмалы тиімділіктің көрсеткіштері келтірілген шығындар формуласы болып табылады:
С+Ен*К®min
К+Тн*С® min
С-Жылдық өнім шығарудың өзіндік құны
Ен-экономикалық тиімділіктің нормативті коэффициенті
К-шара бойынша күрделі шығындар
Тн-күрделі салымның нормативті ақтау мерзімі.
Салыстырмалы тиімділік негізінде анықталған ең тиімді вариант бірнеше мүмкін вариант ішінен-келтірілген шығындардың минимумы бойынша таңдалады. Варианттар барлық параметрлері бойынша салыстыруға келетін болуы қажет. Барлық варианттарда өнім шығарудың бірдей көлемі алынуы тиіс.
Күрделі салымдардың абсолютті тиімділігі шығындардың бір теңгесіне қанша пайда алатынымызды көрсетеді:
Е=П/К
П-күрделі қаржылардың әсерінен жылдық пайданың өсуі
К-күрделі қаржы.
Абсолютті экономикалық тиімділікті жоспар,жоба және есеп ақпараттарынан алынған көрсеткіштер көмегімен есептейді.
Күрделі қаржыны пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткішке күрделі қаржыны ақтау мерзімі жатады. Бұл күрделі қаржының абсолютті экономикалық тиімділігіне кері шама.
Тн=К/п
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Күрделі құрылыс не жатады?
2. Күрделі салым деген не?
3. Күрделі салымды қаржыландыру көздері
4. Күрделі салымды салыстырмалы және абсолютті тиімділік көрсеткіштері
5. Күрделі қаржыны ақтау мерзімі
Әдебиет
1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 398-416 б
2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 246-267 б.
3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 234-276 б
Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 180-208 б.
4. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым»,
2002 ж., 54-68 б
5. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер
жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 46-48, 55-56 б.
Тақырып 5. Өндіріс, өткізу шығындарын жоспарлау (2 сағат)
Дәріс жоспары:
-
Өзіндік құн және оның құрылымы
-
Өзіндік құнды жіктеу
-
Өзіндік құнды төмендету факторлары
Дәріс
1. Өзіндік құн және оның құрылымы
Өнімді өңдіру процесінде шикізат, материалдар, отын, энергия, еңбек ақы және т.с.с шығындар жұмсалады. Олардың жалпы сомасы өнідіріс шығындарын құрайды (өнімнің өзіндік құнын).
Өзіндік құн – өнім өңдіруге жіне өткізуге кеткен барлық шығындар. Жалпы алғанда өзіндік құнның құрамы келесі түрде көрсетіледі:
ӨҚ = М + А + ЕА
мұндағы М – материалдық шығындар, А – амортизация, ЕА – еңбек ақы.
Өзіндік құн бағаның бір бөлігі ретінде қарастырылады:
Б = ӨҚ + П + ҚҚС
Өзіндік құнды төмендету арқылы қоғамның таза табысы, кәсіпорын пайдасы өседі. Әртүрлі кәсіпорындарда шығарылатын бірдей өнімнің өзіндік құны әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары болған өзіндік құн кәсіпорында өндірісі процесі нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді, басқалармен салыстырғанда.
Өзіндік құн келесі мақсаттарда қолданылады:
-
Бағаны анықтау үшін
-
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау үшін
-
Менеджерлер оперативті шешім қабылдау үшін
2.Өзіндік құнды жіктеу
Өзіндік құнды барлық өнім бойынша, жеке оның түрлері, процестері, бөлшектері, бөлімшелер мен цехтер бойынша анықтауға болады.
Өндіріске кеткен шығындарды белгілі бір белгілерге қарай бөлуге болады. Шығындардың негізгі тобына келесі шығындар кіреді:
- экономикалық элемент бойынша (экономикалық мағынасына қарай) – барлық шығындар экономикалық біріңғайлығы бар жеке топтарға жинақталады (олардың пайда болу орнына және мақсатына тәуелсіз. Олардың негізгі түрлері:
-
Материалдық шығындар – шикізат пен материалдардың қайтарылатын қалдық құнын алып тастағандағы құны.
-
Еңбек ақы.
-
Еңбек ақыдан жасалынатын әлеуметтік төлемдер-зейнетақы қорына, жұмыс бастылық қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, медициналық сақтандыру қорына.
-
амортизация.
-
Басқа шығындар – жөндеуге кеткен, несие пайыздарын төлеу, айыпақылар, жарнама және т.с.с.
- шығын баптары бойынша: Шығын баптары деп бір немесе бірнеше экономикалық элементі бар шығындарды айтады. Калькуляция баптары шығындардың мақсатын және пайда болу орнын есебке алады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп өнім бірлігіне кеткен шығындарды анықтау процесін атайды.
Негізгі шығындар өнім өңдірумен тікелей байланысты болады, ал үстеме және мерзім шығындары бөлімшелерге, жалпы өндіріске қызмет көрсету және басқару шығындарын сипаттайды.
Егер шығын бапына бір шығын элементі кірсе оны қарапайым деп атайды, егер бірнеше элемент кірсе, оны кешенді бап деп атайды.
Шығындарды сондай-ақ, тура және жанама деп бөлуге болады, егер шығын нақты өнім шығарумен байланысты болса, оны тура деп атайды, егер ол бірнеше өнімге қатысты болса, оны жанама деп атайды.
Шығындар калькуляциясы төмендегі кестеде көрсетілген
Калькуляция шығындарының баптары.
№ п.п.
|
Баптар
|
Шығындар
|
Шығын түрі
|
1.
|
Шикізат пен негізгі материалдар
|
негізгі
|
қарапайым, тура
|
2.
|
Қайтарылатын қалдықтар құны
|
негізгі
|
қарапайым, тура
|
3.
|
Жартылай фабрикаттар, көмекші материалдар
|
негізгі
|
қарапайым, тура
|
4.
|
Техн.мақсаттағы отын және энергия
|
негізгі
|
қарапайым, тура
|
5.
|
Өндір.жұмысш негізгі еңбек ақысы
|
негізгі
|
қарапайым, тура
|
6.
|
Өндір.жұмысш.қосымша еңбек ақысы
|
негізгі
|
қарапайым, тура
|
7.
|
Әлеуметтік төлемдер
|
негізгі
|
қарапайым, тура
|
8.
|
Жаңа өнімді даярлау және игеру шығыны
|
негізгі
|
кешенді, тура
|
9.
|
Жабдықты күту және пайд.шығындары
|
негізгі
|
кешенді, жанама
|
үстемекешенді, жанама10.
|
Өндірістік өзіндік құн = 1 – 10 сомасыБасқа үстеме шығындар
|
үстемекешенді, жанама11.
|
Толық өзіндік құн = Өндірістік өзіндік құн +11Мерзім шығындары
|
Шетелде шығындарды өндіріс көлемінің өзгеруіне қарай тұрақты және өзгермелі деп бөледі. Шартты тұрақты шығындар өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелсіз болады, ал өзгермелі шығындар оған тура пропорционалды өзгереді.
Шығындардың тұрақты және өзгермелі болуы белгілі бір релеванттық облыста ғана болады. Релеванттық облысы – шығындар біріңғай заңдылыққа бағынатын облыс шектері.
Әр кәсіпорын үшін (әсіресе жаңа) қай уақыттан бастап ол пайда алады деген сұраққа жауап табу өте маңызды болады. Сатудың шекті көлемі – бұл кәсіпорын табыстары оның шығындарына тең болатын өндіріс көлемі. Осы шекті көлемді анықтау формулалары келесі:
– өнім бірлігінің бағасы. – сатулардың шекті көлемі.
– тұрақты шығындар. – өзгермелі шығындар, өнім бірлігіне саналған.
3. Өзіндік құнды төмендету факторлары
Өзіндік құнды төмендету әртүрлі факторларға тәуелді болады. Ең негізгілерге келесіні жатқызуға болады:
-
өнім өңдіруді өсіру (тұрақты шығындар бойынша түсетін үнем арқылы).
-
B1 – өсіруге дейінгі өнім көлемі;
-
B2 – өнім шығарудың жаңа мөлшері.
-
Материал сыйымдылығын азайту (шикізат пен материалдар бойынша үнем болады).
-
өнім өңдіру өсімін еңбек ақы өсімінен жоғары етіп жасау (еңбек ақы бойынша үнем болады).
-
Жаңа техниканы енгізу арқылы, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру.
-
С1 – шараға дейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны.
-
С2 – шарадан кейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны.
-
В2 – шарадан кейін шығарылатын өнім көлемі.
-
өнімнің қор сыйымдылығын азайту арқылы (амортизация бойынша үнем болады).
-
Қалдықтарды және жоғалтуларды азайту шараларын енгізу.
Іс жүзінде өзіндік құнның келесі көрсеткіштері қолданылады:
-
Өндіріс шығындарының сметасы.
-
Өнім бірлігінің және тауарлық өнімнің өзіндік құны.
-
Өзіндік құнды төмендету көрсеткіштері.
-
Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.
Кәсіпорында өзіндік құнды жоспарлау процесінде келесі шаралар жүргізіледі:
-
Өндірістік бағдарламаны орындауға қажет барлық шығындар көрсетілетін өндіріс шығындарының сметасы құрастырылады. Көбінесе, сметаны жалпы кәсіпорын бойынша емес, жеке цехтер, бөлімшелер бойынша құрастырылады, одан кейін нәтижелер қосылады.
-
Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялайды (жеке тапсырыстар, секциялар, партиялар және т.с.с. бойынша). Біріңғай өнім шығаратын көмекші цехтарда (эл. энергия, көлік қызметтері және т.с.с.), калькуляция объектісі ретінде шығарылатын өнімнің бірлігі алынады (кВт./сағ, т. Және т.с.с).
-
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау келесі әдістермен жүзеге асырылады:
-
нормативтіік – материалдық және еңбек нормативтерін қолдануға негізделген.
-
кезеңді – жаппай өндірістерде қолданылады, мұнда өнім бірнеше өңдеу кезеңдерінен өтуге тиіс.
Соңғы өнім оны бірнеше кезеңдерде өңдеудің нәтижесі ретінде болады.
-
Тапсырыс бойынша- қайталанбайтын өнім бірліктерін шығаратын кәсіпорындарда қолданылады.
-
Операция бойынша – егер тауарлардың жалпы және жеке сипаттамалары бар болса, қолданылады.
Өзін -өзі тексеру сұрақтары:
1. Өзіндік құн және оның құрылымы
2. Шығындардың экономикалық элементтері
3. Калькуляция дегеніміз не?
4. Шығын түрлері
5. Шығындарды төмендету жолдары
Әдебиет
1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 398-416 б
2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 246-267 б.
3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 234-276 б
Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 180-208 б.
4. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым»,
2002 ж., 54-68 б
5. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер
жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 46-48, 55-56 б.
Тақырып 6. Кәсіпорын қызметінің нәтижелері (2 сағат)
Дәріс жоспары:
1. Кәсіпорын пайдасы және оны бөлу. Рентабельділік көрсеткіші.
2. Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері
1. Кәсіпорын пайдасы және оны бөлу. Рентабельділік көрсеткіші.
Өнімді өткізуден түсетін табыс Табыс — кәсіпорын есеп шотына сатып алушыға жіберілген тауар үшін түскен ақша. Табыс мөлшері жіберілген өнім құнынан айрықшалану мүмкін. Оның факторлары: қоймадағы дайын өнім қалдықтары; жіберілген, бірақ төленбеген тауарлар;сатып алушыда жауапты сақтауда болатын тауарлар. Пайда — шаруашылық қызметтің нәтижесін сипаттайтын экономикалық категория. Кәсіпорын балансында көрсетілетін пайда баланстық деп аталады.
Баланстық пайда үш элементтен тұрады:
1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда
мұндағы Тс-сыз. — ҚҚС-сыз, акцизсіз өнімді өткізуден түсетін табыс; ӨҚ— өзіндік құн
2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда
мұндағы Тс — сатудан түскен табыс (ҚҚС-сыз); Мқк— мүліктің қалдық құны.
3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар.
Өткізуден тыс табыстарға келесі жатады:
-
Басқа кәсіпорындар қызметіне қатысу үлесіне қарай алған табыстар;
-
Кәсіпорынның бағалы қағаздары бойынша;
-
Мүлікті жалға беру арқылы;
-
Борышқорлардан түскен айып-ақылар, пенялар, айып төлемдер;
-
Валюталық шоттардың кәсіпорын үшін оң курстық айырмалары және т.с.с.
Өндірістен тыс шығындарға келесі жатады:
-
Сотқа кеткен шығындар;
-
Кәсіпорын төлейтін айып-ақылар, пенялар, айып-төлемдер;
-
Стихиялық аппаттан болған жоғалтулар
-
Ұрлаудан болған шығын;
-
Валюталық шоттар бойынша кәсіпорын үшін теріс кустық айырмалар және т.с.с.
Пайданы бөлу: Баланстық пайдадан салықтар және банк несиесі үшін төленетін пайыз алынады. Сонда таза пайда шығады. Осы таза пайданың құрамынан сақтық қор құрылады (акционерлік қоғамдарда 25 % жалпы Жарғылық капиталдан). Одан кейін арнайы қорлар құрылады (өндірісті дамыту қоры, тұтыну қоры, ерекше даму қоры). Сонымен қатар, пайдадан дивидендтер төленеді (акционерлік қоғамдарда).
Кәсіпорында сондай-ақ, маржинальды табыс анықталады. Ол өткізуден түскен табыс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырмаға тең. Оның көмегімен әр өнімнің жалпы кәсіпорын пайдасын құрастырудағы үлесін анықтауға мүмкіндік береді.
Сату көлемі
Достарыңызбен бөлісу: |