Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтары:
1. Ботаника ғылымының даму?
2. Ботаника өсімдіктердің қандай заңдылықтарын зерттейді?
3. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы?
4. Ботаниканың негізгі салалары?
5. Жер бетіндегі тірі организімдер?
6. Дайын органикалық заттар?
7. Хлорофилл қандай зат?
8. Өсімдіктегі тыныс алу?
9. Морфология саласы?
10. Цитология саласы?
11. Гистология саласы?
2-АПТА
(5 балл)
ТАҚЫРЫП: Өсімдік клеткалары.
Клетка құрылымының биологиялық маңызы
ЖОСПАР:
-
Клетканы тіршілік қабілеті.
-
Өсімдік клеткасын алғаш ашқан ғалым.
-
Өсімдік клеткасының құрылысы.
-
Клетканың пішіні мен мөлшері
Сабақтың мақсаты : Өсімдіктер клеткасымен таныстыру олардың органойдтарын түйрену.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
ГЛОССАРИЙ
Цитоплазма
Ядро
Вакуоль
Мембрана
Ядрошық
Клетка
Рибосома
Эндоплазмалық тор
Бақылау сұрақтары :
-
Клетканың тіршілік қабілеті?
-
Өсімдік клеткасын алғаш ашқан ғалым?
-
Өсімдік клеткасының құрылысы?
-
Клетканың пішіні мен мөлшері?
-
Цитоплазманы алғаш рет ашқан ғалым?
-
өсімдік клеткасы?
ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ
1. Өсімдік түрлері клетка құрылысына қарай неше топқа бөлінеді?
-
4
-
3
-
5
-
6
-
2
2. Көп клеткалы өсімдіктердің дене құрылысының ерекшелігі неде?
-
Ұлпалардың болуы
-
Клеткаланбағандығы
-
Колониялы
-
Бір клеткалы
-
Тамырында
3. Клетканың белгілі химиялық құрамы бар, қоймалжың, тірі зат қалай аталды?
-
Цитоплазмада
-
Клеткаланбағандығы
-
Колониялы
-
Ұлпалардың болуы
-
Тамырында
4. Цитология нені зерттейді?
Клетканы
Клеткаланбағандығы
Колониялы
Ұлпалардың болуы
Цитоплазмада
5. Цитоплазма неше қабаттан тұрады?
-
3
-
4
-
5
-
6
-
2
6. Клеткадағы дене сулы, ерітіндіде тола, ірі көпіршіктер қалай аталады?
-
Вакуоль
-
Ядро
-
Рибосома
-
Мезасома
-
Митохондрия
3-АПТА
(5 балл)
ТАҚЫРЫП: Өсімдік ұлпалары. Ұлпалардың жіктелуі.
ЖОСПАР:
А)Ұлпаның жіктелуі
Ә) Ұлпалар морфологиялық ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Ұлпалапдың жіктелуі мен таныстыру.
Сабақтың мазмұны: Ұлпа дегеніміз тұрақты заңды қайталанатын шығу тегі мен құрылысы ұқсас және бір немесе бірнеше қызмет атқаруға бейімделген клеткалар тобы. Денесі ұлпаларға тұрақталу тек күрделі көп клеткалы өсімдіктерге тән. Қарапайым өсімдіктердің денесі қабатталған, көбінесі қызметі және морфологиялық жағынан бірдей клеткалардан қалыптасады.
Ұлпалар жас клеткалардың бөлінуі, өсуі және тұрақталуынан түзіледі. Өз кезегінде ұлпалар эмбринальды немесе түзуші және тұрақты деп аталады. Бұлардың жіктелуі олардың ортақ белгілерінің жиынтығынан шығу тегіне, клеткаларының басты ерекшеліктеріне және атқаратын қызметтеріне негізделеді.
Көптеген ботаниктер мына төмендегідей өсімдік ұлпаларын ажыратады: түзуші, жабындық, арқаулық, өткізгіш. Бұл аталған ұлпалардың құрамына, шығу тегіне және морфологиялық белгілері мен әрқилы, аралық түрлері қосылады. Профессор Н.С. Воронин ( 1988) ұлпалардың мынадай түрлерін бөледі.
І. Түзуші ұлпалар (меристемалар)
-
Төбелік (апикальды)
-
Бүйірлік (латеральды)
А) алғашқы (прокамбий, прецикл)
Б) соңғы (камбий, феллоген )
3. қыстырмалы (интеркалярлық)
4.зақымдық (травматикалық)
ІІ. Жасаушы (ассимиляциялық) ұлпалар
ІІІ. Қорлдвқ ұлпалар.
ІҮ. Ауалық ұлпалар.
Ү. Сорғыш ұлпалар.
1.ризодерма
2.веламен
3.астық тұқымдастар ұрығындағы жарнақтың сорушы қабаты
4.Паразитті өсімдіктердегі гаусторий
5.Гидропоттар
ҮІ. Жабындық ұлпалар.
1.Алғашқы-эпидерма
2.Екінші-перидерма
3.Үшінші-қыртыснемесеритидо. Зттардың өтуін реттеуші ұлпалар
1.Эндодерма
2.Экзодерма
Бөліп шығарушы ұлпалар.
1.Сыртқы
А) безді түктер (трихома және эмергенцтер)
Б) шірнеліктер
В) гидатодтар
2. Ішкі
А) эфир майларын , шайыр, кристалдар, танин және тағы басқа бөлініп шығарушы клеткалар
Б) бөлінген заттарды сақтайтын, көпклеткалы қуыстар
В) шайыр каналдары
Г) тарамдалған және тарамдалмаған сүт жолдары
ІХ.Арқаулық ұлпалар
1.колленхима
2.склеренхима
А)талшықтар
Б)тасты клеткалар
в.Өткізгіш ұлпалар. 1. ксилема 2.флоэма
Меристеманың клеткаларе ұсақ пішіні аздап қырлы, клекааралықсыз, тығыз орналасқан. Клетка қабықшасы жұқа, құрамында пектині көп, клетцаткасы аз, цитоплазмасы жабысқақ, түйіршікті, вакулі қалыптаспаған, органиодтары көп, ядросы ортасына орналасқан.
Біріңғай ұлпалар арасында барлық уақыттаперенхима кездеседі. Өсімдіктердің бір мүшесінің өзінде оның әр бөліктерінде паренхималық клеткалардың пішіні, көлемі, қызметі және зат алмасуы әр түрлі болады.
Түзуші ұлпа немесе меристема шығу тегіне қарай алғашқы және соңғы, ал орналасуына байланысты төбелік (апикалды) бүірлік немесе латеральды, қыстырмал және зақымдық болып бөлінеді. Төбелікмеристемалар өсімдік сабағының, тамырының ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Бүірлік меристемалар- камбий, феллоген қызметінің нәтижесінде өсімдік сабағы мен тамыры жуандай, қайта өседі.
Жабындық ұлпа бүкіл өсімдік денесін қапатап ішкітірі ұлпаларды шамадан тыс буланудан қорғайды да, оны қызудан микробтар енуінен сақтайды. Жабындық ұлпалар алғашқы және соңғы болып бөлінеді. Алғашқы жабындық ұлпаларға – эпидерма, ал соңғысына тоз және қыртыс жатады Эпидерма өркен, жапырақ сыртын жауып жатады.Бір қатарлы түссіз, мөлдір клеткалар тізбегі. Эпидерма клеткалары тығыз орналасқан. Сыртқы қабықшалары қалындаған, балауызбен және бір немесе көп клеткалы түктермен қапталады. Сонымен бірге эпидерма өсімдіктің сыртқы ортамен байланысып, газ алмасуын қамтамасыз етеді. Эпидермисте бұл қызметті лептесіктер атқарады. Лептесік дегеніміз эпидермадағы саңылау. Ол өзінің түістіргіш деп аталатын екі мамандағанбүйрек пішіндес эпидермалық клеткалармен шектелген. Әр лептесік саңылауларының астында оның ауалық қуысы болады. Бұл саңылау бірде кеңейеді, ал енді бірде тарылады. Сөйтіп булану және газ алмасуды реттейді. Өсімдіктің көпжылдық мүшелерінде бұл қызметті тоз және қыртыс құрамындағы жасымықша саңылауы атқарады.
Трихомалар эпидерма клеткаларынан дамитын әрқилы өскіндер. Бөліп шығарушы трихомалар клеткалардың өзінде түзілетін әртүрлі заттарды сыртқы шығарушы құрам ретінде қарастырылады. Жабындық түктер күн сәулесін шағылыстырып, өсімдік денесін шамадан тыс қызудан сақтайды. Олар жай бір клеткалы бұтақталған көп клеткалы, жай айыр мүйізді, жұлдызша тектес болып келеді.
Перидерма екінші дәрежелі жабындық ұлпа, көп жағдайда ағаш бұтақтарын көп жылдық шөптесін өсімдіктер түп негізін, тамырдың ескірген бөліктерін жерасты өркендерін, кейбір жемістерді қаптайды.
Қыртыс тоз және өлі перенхима кезектесе орналасқан, көп қабатты өлі ұлпа . Қыртыстынң қабаттарында тін талшықтарын, бұзылған шайыр жолдарын, елікті түтіктерді, тасты клеткаларды және тағы басқа байқауға болады.Бұл аталған құрамдардың барлығы өз қызметін аяқтап, жартылай ескірген, өлі клеткалар.
Өсімдіктердің даму тарихында олардың жапырақты сабақты болуы құрлықта тіршілік етуіне байланысты. Суда өмір сүрген кезде өсімдіктін барлық дене бөлімдері бірыңғай жағдайда сумен, ауамен жәнежарықпен бірдей қамтамасызданады. Сондықтан да олар бірдей қызмет атқарып, бірыңғай құрылысты болады.
Ал енді құрлық жағдайында, өсімдік ылғал тапшылығын сезінеді. Топырақта ғана су мөлшері шамалы ғана болады. Міне, мұндай жағдайда біршама жақсы бейімделген денесінің белгілі бір бөліктері топырақ қабатында болатын өсімдіктер ғана тірі қалады. Өсімдіктің жер астындағы мүшелері фотосинтез қабілетін жоғалтып тек суды соруға ғана бейімделеді.
Жапырақтың негізгі қызметі фотосинтез. Оларға сипатты нерсе газ алмасудыжақсартатын сыртқы ауданының мол көлемді болуы. Жапырақтын анатомиялық құрылысы да оның қызметіне сай келеді. Сабақ, жапырақпен тамырдың арасында байланыстырушы- дәнекерлік қызметін атқарады. Сабақ заттардың жапырақтан тамырға және кері ағысын қамтамасыз етеді.
Өсімдіктің вегетативтік және генеративтік мүшелерінің арасындағы тығыз байланыс және өзара тәуелділік болады. Өз кезегінде генеративтік мүшелердің даму барысында ұрық қалыптасып , бұдан жаңа ұрпақтың вегетативтік мүшелері дамиды.Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің марфологиялық эвалюциясы қазіргі жене ерте заманда өмір сүрген организмдерді талдау негізінде, зор нанымды дұрыстықпен жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |