Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтары :
1. Қияқөлеңдер тұқымдастарының құрылықта таралуы
2. Қияқөлең туысының гүл формуласы
3. Астық тұқымдасының биологиялық ерекшеліктері
4. Астық тұқымының гүл формуласы
5. Бамбук тәрізділер тұқымдасы
6. Бидай туысы
Тест тапсырмасы
1. Тұқымдары гүлтиіннің қабарғасына жанаса орналасқан бос желектілер қатарлар тобы.
-
Асқабақтар , күрделі гүлділер тұқымдастары
-
Гиацинттер, жуалар тұқымдастары
-
Астық, қиякөлеңдер қоңырбастар тұқымдастары
-
Крестгүлділер, көкнарлар тұқымдастары
-
Қалампырлар, алабұталар тұқымдастары
2. Астық тұқымдасы.
-
Compositae asteraceae
-
Cucurbitaseae
-
Сaryophyllaseae
-
Вetylaseae
-
Gramineae
3. Астық тұқымдасына жататын өсімдіктер.
-
Бидай, арпа, күріш
-
Жоңышқа , беде, асбұршақ
-
Картоп, темекі, бұрыш.
-
Сәбәз укроп,селдери
-
Мақта , жалбыз тікен, алти.
4. Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктер.
-
Бидай, арпа, күріш
-
Жоңышқа , беде, асбұршақ
-
Картоп, темекі, бұрыш.
-
Сәбәз укроп,селдери
-
Мақта , жалбыз тікен, алти.
5. Алқалар тұқымдасына жататын өсімдікер.
-
Бидай, арпа, күріш
-
Жоңышқа , беде, асбұршақ
-
Картоп, темекі, бұрыш .
-
Сәбәз укроп,селдери
-
Мақта , жалбыз тікен, алти.
6. Шатыр гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер.
-
Бидай, арпа, күріш
-
Жоңышқа , беде, асбұршақ
-
Картоп, темекі, бұрыш .
-
Сәбәз укроп,селдери
-
Мақта , жалбыз тікен, алти.
7. Астық тұқымдасы гүлінің формуласы
-
Са(5) Со (5)АО G(3) Са(5) Со(5) А(2) + (2) +1 GО
-
Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)
-
Р3 + 3 А3+3 G(3)
-
Р(2 ) + 2 А3 G(2)
-
Р3 + 3 А3 G3
2-курс бойынша 3- семестр
бірінші аралық бақылау
№
|
Тақырыптар
|
Апталар
|
ОБСӨЖ
сабағының ұпайлары
|
Бақылау түрлері
|
1
|
Таксономиялық категориялар туралы түсінік.
А)биологиялық ерекшеліктері
Ә)Клетка құрылыстары
|
1 апта
|
2 балл
|
Бақылау сұрақтары
Глоссарий
Тест
|
2
|
Көк жасыл балдырлар
А)Биологиялық,систематикалық орны
Ә)Классификациясы,таралуы
|
2 апта
|
5 балл
|
Глоссарий
Тест
|
3
|
Сары жасыл балдырлар
А)Классификациясы
Ә)Ботридиум,вошерия құрылысы
|
3 апта
|
5 балл
|
Тест тапсырмалары
Глоссарий
|
4
|
Қоңыр балдырлар
А)Биоморфологиялық ерекшеліктері
Ә)Көбею жолдары
|
4 апта
|
5 балл
|
Реферат тапсырмалары
Бақылау сұрақтары
Тест
|
5
|
Пирофитті балдырлар
А)Көбею ерекшеліктері
Ә)Өкілдерінің құрылымы
|
5 апта
|
5 балл
|
Бақылау сұрақтары
Тест
|
6
|
Эвгленалы балдырлар
А)Түрлері
Ә)Көбеюі,таралуы
|
6 апта
|
3 балл
|
Тест тапсырмалары
|
7
|
Қызыл балдырлар
А)Жасуша құрылысы
Ә)Биологиялық ерекшеліктері
|
7 апта
|
5 балл
|
Коллоквиум
Тест
|
Барлығы: 1 аралық бақылау бойынша - 30 балл
|
1-апта
(2 балл)
Тақырып: Таксономиялық категориялар туралы түсінік.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta.
Жоспар:
-
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері.
-
Таксондар (систематикалық бірліктер).
-
Төменгі сатыдағы өсімдіктер таксондарының орналау реттілігі.
-
Дробиянкаларға жалпы сипаттама.
Сабақтың мақсаты : Төменгі сатыдағы өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері олардың систематикалық бірліктері, (таксондары) орналасу реттілігімен студенттерді таныстыру.
Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Бақылау сұрақтары :
-
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің талломы.?
-
Жыныстық жолмен көбею органдары?
-
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің қоректенуі?
-
Таксондар систематикалық бірліктер?
-
Жалпы бактериялар топтары?
-
Бактериялар класы?
-
Өсімдіктер дүниесінің жоғарғы таксондарының орналасу реттілігі?
-
Таксономиялық бірліктері?
-
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесі?
-
Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық және минералды заттармен қоректенуі?
ГЛОССАРИЙ
Таксон
Бактериялар
Вирустар
Дробянкалар
Гетеротроф
Автотроф
2-АПТА
(5 балл)
Тақырып : Көк - жасыл балдырлар бөлімі
Жоспар:
1. Көк -жасыл балдырлардың жалпы сипаттамасы
2. Көк -жасыл балдырлардың классификатциясы
Сабақтың мақсаты : Көк -жасыл балдырлардың биологиялық айырмашылығы, таксономиялық бірліктері. Негізгі өкілдерінің сипаттамасымен студенттерді таныстыру.
Сабақтың мазмұны Көк – жасыл балдырлар өте ертеде пайда болған өсімдіктер түрлерінің жалпы саны 14 мың.
Клетка құрылысы –бұлар негізінен колониялы және көп клеткалы, сиректеу бір клеткалы, түсі алуан түрлі (көк-жасыл, сарғыш, жасыл). Олардың түсі клеткада әртүрлі мөлшерде болатын әртүрлі пигменттердің көк – жасыл түсті фикоцианның, хлорофиллдың, каротиноидтардың және қызыл түсті фикоцианның, хлорофилдің, каротиноидтардың және қызыл түсті фикоэритриннің орайласып келуімен тікелей байланысты. Көк-жасыл балдырлардың клеткаларында қалыптасқан ядросы, хромотофорасы және клетка шырынына толы вакуольдері болмайды. Клетка қабықшасы негізінен пектинді заттардан тұрады : клетка қуысы цитоплазмамен толтырылған, ол екі қабаттан тұрады : қатты клетка қабықшасына жақын жатқан,мембраналар мен пигменттерден тұратын көк-жасыл түске боялған қабат хроматоплазмадан және ДНК – Дан тұратын, түссіз ортаңғы бөлік центроплазмадан тұрады.
Көп клеткалы көк-жасыл балдырлар жіп тәрізді болып келеді. Жіптерінің ұзындыққа өсуі клеткалардың жай екіге бөлінуі арқылы жүзеге асады. Жіп түзетін біртектес клеткалардың ішінде гетеро циста деп. Аталынатын үлкен, қабықшалары қалың, клетканың ішіндегі тірі заттарынан айырылған сарғыш-қоңыр түсті дөңгелек өлі клеткалар болады.Көп жағдайда бір клеткалы және жіп тәрізді көк-жасыл балдырлар өз бойынан шырышты заттар бөліп шығарады және бірігіп біршама үлкен колония түзеді.
Қоректенуі. Көк –жасыл балдырлар автотрофты жолмен қоректенеді. Кейбір жағдайларда олардың көпшілігі шіріген қалдықтары мол ластанған суларда өмір сүруіне байланысты миксотрофты (аралас) қоректенуге қабілетті болып келеді. Яғни фотосинтезбен бірге, органикалық заттарды өз бойына сіңіре алады. Артық қор заттары ретінде гликопротеид, валютин (белок) немесе көк-жасыл балдырларға тән цианофицин (лапопротеид) түзеді.
Көбеюі. Көк – жасыл балдырлар негізінен вегетативтік жолмен көбейеді. Бір клеткалы организмдер клетканың бірнеше ұсақ бөлшектерге бөлініп кетуінің ал көп клеткалыларының жіпше-гетероциста немесе маманданбаған өлі клеткалар арқылы үзіліп кетуінің нәтижесінде жүзеге асады. Жіпшенің вегетативні көбеюге қажетті участогі гармогония деп аталынады.
Арнайы маманданған көбею органдары болмайды. Жыныстық көбею жоқ. Қолайсыз жағдайларда клеткалардан қабықшалары қалың споралар түзіледі.
Классификациясы. Көк-жасыл балдырлар үш класқа бөлінеді : хрококкалар, (Chroococcophyceal),хамесифондылар (Сhamaesiphonophycal), гормогиялылар (Hormoqoniophyceal).
Хрококкалар класына (Chroococcophyceal), глеокапса, (Coleocapsa) микроцистис (Mierocystis), мерисмопедия (Merismopedia), хамесифондылар (Chamesiphonophycal), демокарпа (Democarpa), паширенема (Pasherinema), хамесифон (Chamecsiphon), гармониялар класына (Hormoqonophyceal), - осцилатория (Oscillatoria), спирулина (Spirulina), Лингвия (Lynqlya), анабенка (Anabena), носток (Nostoc), толипотрикс (Tolipotrix), ривулярия (Rivularia), глеотрикия (Gloetrichia).
Көк – жасыл балдырлар өте өзгергіш, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына тез бейімделеді. Олар тұщы және теңіз суларында, топырақ беттерінде, тастарда, бұлақтар суларында өмір сүреді. Ластанған суларда планктон түрінде судың көкшіл түске боялуына (цветение) әкеліп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |