Пәннің мақсаты: Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы курсы с



бет9/22
Дата17.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
#142220
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

апта


(2 балл)

тақырып: Сары жасыл балдырлар


Жоспар

1. Сары-жасыл балдырлардың классификатциясы

2. Сары жасыл балдырлардың маңызы

3. Сары жасыл балдырлардың қызметі


ОБСӨЖ мазмұны:

Сары жасыл балдырлардың түрлеріне төмендегідей сипаттама берейік:

1. Улотриксты балдырлар Ulothrichophyceae.

Улотриксты балдырлар клсына талломның құрылысы жіп тәрізді немесе пластинкалы болып келетін жасыл балдырлар жатады. Ағын сулы өзендердің астындағы тастарда және шіріген ағаштардың қалдықтарында жабысып тұрған ашық көк түсті жіптердің жиынтығын көруге болады. Ол көп клеткалы жасыл балдыр улотрикстың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жіптер ұзарып өсіп отырады. Улотриксте фотосинтез процессінің нәтижесінде қоректік, органикалық заттарды өзі синтездейді және судан органикалық заттарды сорып қабылдайды. Жыныссыз көбеюі сопақша болып келген төрт талшықты зооспоралар арқылы жүзеге асады. Қолайлы жағдайда зигота бөлініп, одан төрт қозғалмайтын клетка спора түзіледі. Олардың әрқайсысы су астына шөгіп, жаңа жіп тәрізді балдыр улотриксқа айналады.

2. Сифонды балдырлар класы –Siphonophyceace.

Бұл класқа жататын балдырлардың басқа жасыл балдырлардан айырмашылығы сол, олардың клеткалық құрылысы болмайды. Сифонды балдырлар өте ертеде жасыл балдырлардың көбінен бұрын пайда болған. Олардың қазіргі кезде өмір сүретін түрлерінің саны көп емес 400-500 түрден аспайды. Сифонды балдырлардың 90% теңізде өседі. Негізгі өкілдерінің бірі каулерпа туысы. Бұл Жерорта теңізінде жиі кездесетін талломының ұзындығы 1м жететін балдыр. Нағыз жыныссыз көбеюі жоқ, кейде талломының бөліктері арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Жыныстық процессі изогамиялы.

3. Тіркеспелі балдырлар класы – Conjugatophyceae.

Тіркеспелі бюалдырлар класына негізінен микроскопиялық жасыл балдырлар жатады. Түрлерінің жалпы саны 4700 – дей болады. Олардың көбісін десмидиялылар қатары түзеді. Талломы көп клеткалы жіп тәрізді немесе бір клеткалы талшықсыз болып келеді. Жыныстық процесі тіркесу арқылы жүреді. Зооспоралары мен гаметалары болмайды.

Негізгі өкілдерінің бірі ткөп клеткалы жіп тәрізді балдыр спирогира туысы (Spiroqira). Ол сыртқы кілегеймен қапталған ашық көк түсті матасқан жіптердің жиынтығы түрінде ақпайтын немесе жай ағатын сулардың қабаттарында жүзіп жүреді, немесе судың түбінде салынды түзеді. Спирогираның клеткалары ұзынша созылған цилиндр пішінді болып келеді. Клетка қабықшасы қалың және ол целлюлозадан тұрады. Клетканың ішінде спирал тәрізді бұралған аситаға ұқсас хромотофоры болады. Вегетативті көбею жіптердің үзілуі арқылы жүзеге асады. Жасыл балдырлдардың табиғатта маңызы зор. Олар фотосинтез процессінің негізінде органикалық заттар түзіп судан өз бойына көмір қышқыл газын сіңіреді және оттегін бөліп шығарады. Онымен суда мекендейтін жануарлдар тыныс алады. Жасыл балдырлар шамадан тыс көбейіп кетсе, шаруашылыққа зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан каналдарды және көлшіктерді балдырлардан тазалап тұру қажет.

4. Хара балдырлар бөлімі – Charophyta.

Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша хара балдырларының 300 – дей түрі сиптталып жазылған. Талломы күрделі тарамдалған болып келетін үлкен балдырлар. Олар көп жағдайда тұщы суларда кездеседі. Су астында ну болып жиі өседі. Жыныссыз жолмен көбеймейді. Вегетативтік көбеюі ризоидтарында пайда болатын түйнектері немесе талломының төменгі бөліктері арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбею органдары оогоний мен антеридийелері көп клеткалы.Хара балдырлары жасыл балдырлардың ішіндегі ең жақсы жетілгендіріне жатады. Пісіп жетілген қызғыш – сары түске боялады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан зигота түзіледі өмірлік циклы гаплоидты фазада өтеді. Зигота ғана диплоидта.

3. Бұл бөлімге 25 мыңдай түр жатады. Олардың тамомы көп клеткалы жіп тәрізді, клеткаланбаған. Сары – жасыл балдырлар негізінен тұщы суларды, сиректеу тұзды суларда мекендейді. Олар планктондар, бентостардың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар сары – жасыл балдырлар топырақта және тастық бетінде де өседі. Олардың клеткаларының қабықшалары протопектинді, целлюлозасы аз болады. Ядросы көп жағдайда біреу, клеткаланбаған түрлерінің ядросы көп болады. Хромотофорында хлорофилден басқа талломға сары – жасыл түс беретін каротиноидтар болады. Пиренойдтары болмайды. Артық қор заттары ретінде шыны майы, кейде лейказиннің және валютиннің түйіршіктері жиналады.

Вегетативтік көбеюі клетканың екіге бөлінуі арқылы немесе талломдардың бөлшектері арқылы жүзеге асады. Жыныстық процессі негізінен изогамиялы. Сиректеу оогамиялы болып келеді. Зооспоралары мен сперматозоидтарының ұзындықтары әртүрлі, екі талшығы болады : біреуі қысқа түзу, жылтыр, ал екіншісі ұзын және қауырсынды болып келеді.



4.Классификациясы. Бұл бөлім мынадай 6 кластан тұрады : ксантомонадалылар класы (Xanthomonodap hyceal), ксантоподалалылар класы (Хanthopodophyceal) kcantokan салылар класы (Хаnthocapsophyceal), ксантококкалылар класы (Хanthococcophyceal), ксантококкалылар класы (Xanthotrichophyceal), ксантотрихалылар класы (Xanthotrichophyceal), kcanto сифондылар класы (Хanthosiphonophyceal) осы 6 кластың ең үлкені және теориялық тұрғыдан маңыздысы ксантосифондылар класы.

Ксантосифондылар класы – Xanthosiphonophyceal.

Бұл класқа сифонды құрылысты яғни талломы леткаланбаған сары – жасыл балдырлар жатады. Негізгі туысының бірі Вошерия (Vaucheria). Вошерия туысы пигменттерінің құрамына және ассимиляциясының өнімдеріне қарай систематиктер бұл туысты жасыл емес бұрынғыдай сары – жасыл балдырларға жатқызды. Табиғи жағдайда бұл түр ақпайтын тұщы және ағын суларда, сонымен бірге суы тартыла бастаған су қоймаларының жағалауларында қара – көк түсті, жіп тәрізді талломдардың жиынтығын түзеді. Топыраққа ризоидтары арқылы бекініп тұрады.

Талломы клеткаланбаған, тармақталған, көп ядролы диск тәрізді көптеген ұсақ хромотофоралары болады. Жыныссыз көбейгенде жіпшесінің жоғарғы ұшында зооспорангий түзіледі. Оның ішінде көптеген екеу – екеуден жұптасқан талшықтары бар бір ғана зооспора жетіледі. Зооспора біраз уақыт суда жүзіп жүреді, содан соң талшықтарын тастап, тоқтайды да өсіп жаңа талломға айналады. Жыныстық процесі оогамиялы. Актеридни мен оогонийт бір клеткалы болады. Біраз тыныштық кезеңінен соң зигота редукциялық жолмен бөлінеді де өсіп жаңа особьқа айналады.




Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Реферат

тапсырмалары:

              1. Сары жасыл балдырлар классификациясы

              2. Диатомды балдырлардан айырмашылығы

              3. Улотриксты балдырлар морфологиясы

              4. Пирофитті балдырлар тобының морфологиясы

              5. Сифонды балдырлар класына сипаттама

              6. Тіркеспелі балдырлар класының ерекшеліктері

              7. Қоңыр балдырлар таралуы


Бақылау сұрақтары :

1. Сары жасыл балдырлардың тіршілік ету орталары

2. Сары жасыл балдырлардың көбею жолдары

3. Сары жасыл балдырлардың классификациясы

4. Сары жасыл балдырлардың биологиялық ерекшеліктері

5. Сары жасыл балдырлардың клетка құрылыстары

6. Сары жасыл балдырлардың класының биологиялық ерекшеліктері
Тест тапсырмалары

1. Балдырлардың қолайсыз жағдайларда вегетативті көбеюдегі маманданған формалары


  1. Гормогониндер

  2. Эндоспоралар

  3. Экзоспоралар

  4. Акинеттер

  5. Гетероцисталар

2. Циандер классификациясына қандай критериялар қабылданған?

  1. Талломдарының дифференциясы

  2. Тіршілік жасау мекен – жайлары, клетка құрылыстары

  3. Көбею ерекшеліктері, панцарь морфологиясы

  4. Өмірлік циклі типтері

  5. Талломдар құрылысы және көбеюі

3. Сары – жасыл балдырларды басқа өсімдіктермен жалпы бірлестігі

  1. Яросының болмауы

  2. Хромотофорасының болмауы

  3. Вакуолясының, клетка шырындысының болмауы

  4. Оксиген фотосинтезіне қабілеттілігі

  5. Клетка қабырғасының ультраструктурасы

4. Циандар талломының формалары

  1. Пластинкалы

  2. Бір клеткалы, колониалды, көп клеткалы

  3. Сифональды, сифонокладальды

  4. Бір клеткалы, коккоидты (қозғалмайтын)

  5. Ризоподикальды

5. Сары – жасыл балдырларда қандай пигменттер болады?

  1. Хлорофилл а және в, каротиноидтар, ксантофиллдер

  2. Хлорофилл а, каротиноидты, билихромопротейдтер

  3. Хлорофилл а,с, каротин, ксантофилл, диаболейн

  4. Хлорофилл а, д, фикобилиндер, карабинолды, ксантофилдер

  5. Хлорофилл а,с, каротиндер, ксантофиллдер, фикобилиндер



  1. апта

(3 балл)

Тақырып : Диатомды балдырлар бөлімі – Diatomophyta.
Жоспар:

1. Диатомды балдырлардың жалпы сипаттамасы

2. Диатомды балдырлардың көбеюі

3. Диатомды балдырлардың классификациясы


Сабақтың мақсаты : Студенттерді диатомды, қоңыр балдырлардың биологиялық ерекшеліктері мен классификациясы және географиялық белдеулерде таралуымен таныстыру.


Студенттер орындайтын тапсырмалар:


Бақылау сұрақтары

1. Диатомды балдырлардың клетка құрылысы?

2. Диатомды балдырлардың көбею ерекшеліктері?

3. Диатомды балдырлардың таралуы?

4. Диатомды балдырлардың биологиялық ерекшеліктері?

5. Диатомды балдырлардың таралуы, көбею жолдары?

6. Пенатталылар класының (Pennatophyceal) ерекшеліктері?

7. Центрикалылар класының (Centrophyceal) маңызы?

8. Пиннулярия (Pinnularia) бөлімнің негізгі туысының айырмашылығы?
Глоссарий

Диатом


Пенаттылар

Пиннулярия

Центрикалылар

Хромотофор


Тест тапсырмалары

1. Балдырлар үшін қоректенудің қай түрі тән



  1. Автотрофты

  2. Хемотрофты

  3. Гетеротрофты

  4. Фототрофты

2. Тіркеспелі немесе коньюгациялы балдырлардың көбеюі

  1. Вегетативті

  2. Споралы

  3. Жыныссыз

  4. Зооспоралы

  5. Жынысты – тіркеспелі

3.Диатомды балдырлардың кездесетін жерлері

  1. Ащы және тұщы суларда

  2. Ылғалды топырақтарда

  3. Жар тастарда

  4. Ағаш діндері, қабықтарында

  5. Барлық жерлерде

4.Диатомды балдырлар неше қатардан құралған ?

  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. 4

  5. 5

5. Көп жасушалы балдырлардың денесінде

    1. Тамыры, сабағы, жапырағы болмайды

    2. Кішігірім тамыры мен жапырағы болады

    3. Жапырағы болады

    4. Тамыры, қабаттары болады

    5. Тек ризоидтары болады



  1. апта

(4 балл)

Тақырып : Қоңыр балдырлар бөлімі
Жоспар:

1. Қоңыр балдырлардың жалпы сипаттамасы

2. Көбеюі

3. Классификациясы



Сабақтың мақсаты : Студенттерді қоңыр балдырлардың биологиялық ерекшеліктері мен классификациясы және географиялық белдеулерде таралуымен таныстыру.

Сабақтың мазмұны 1.Түрлердің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұлар бір клеткалы, колониялы организмдер. Қоңыр балдырлар барлық жерлерде кездседі. Олар ащы және тұщы суларда, ылғалды топырақтарда, жар тастарда, ағаштардың діндерінің қабықтарында және т.б. жерлерде өседі. Судың түбіндегі ұйық батпақтарда олар өте көп кездеседі. Қоңыр балдырлардың клеткасының пектинді қабықшасына, сырт жағынан кремнезем (SiO2) cіңеді. Қорғаныш қызмет атқаратын “сауыт” түзеді. Ол бір біріне тығыз болып киілген екі бөлектен сыртқы эпитека және астыңғы гипотекадан тұрады. Бұл бөліктің әрқайсысы екі жақтаудан тұрады. Эпитеканың белдеуі гипотеканың белдеуіне қарай тығыз болып жылжиды. Жақтауларында оларды тұтас тесіп өтетін тесіктері – поралары және бос қуыстары болады. Жақтауларының құрылысы алуан түрлі болып келеді және оның систематикалық тұрғыдан қарағанда маңызы зор. Клетканың ішінде протопластпен вакуольдері орналасады. Ядросы біреу. Хромотофорасының түсі қоңыр, өйткені оның хлорофиллі қоңыр пигменттермен, кароминоидтармен және диатоминмен жабылып көрінбей тұрады. Артық қор заттары шыны майы, сонымен бірге валютин және лейкозин түрінде де жиналады.

2. Вегетативтік көбеюі протопластың методикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бір бірінен ажырайды да әрбір протопласт жаңа гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда аналық клеткадан қалған гипотека жас клетканың эпитекасына айналады. Осындай бірінен соң бірі келетін бөліністердің сериясынан кейін особьтар біртіндеп ұсақтанады. Осындай особьтардың одан әрі ұсақтануына жыныстық процесс шек қояды. Бұл жағдай особьтардың санының айтуына емес, олардың бұрынғы мөлшерінің қайтадан қалпына келуіне мүмкіндік береді. Жыныстық көбеюінің формасы алуан түрлі : ұсақтанған особьтар бір – бірімен жақындасады да жақтауларын тастап, шырышты сұйықтың ішіне енеді. Осындағы клетканың әрқайсысы редукциялық жолмен бөлінеді, нәтижесінде олардан төрт гаплоидты клетка – тетрада пайда болады. Әртүрлі тетрадалардың екі клеткасы бір – бірімен қосылады, қалған клеткалар жойылады. Зиготаны өсу спорасы (ауксоспора) деп атайды. Одан мөлшері қалыпты жағдайдағыдай жаңа особь пайда болады. Қоңыр балдырлардың өмірлік циклы диплоидты фазада өтеді. Қоңыр балдырлардың шіріген қалдықтарынан диатомит және трепел пайда болған. Оларды жарылғыш заттар жасау өндірісінде динамиттер жасауға пайдаланады.

3. Классификациясы. Қоңыр балдырлар бөлімі екі кластан тұрады : пенатталылар класы (Pennatophyceal) центрикалылар класы (Centrophyceal).

Бөлімнің негізгі туысының бірі пиннулярия (Pinnularia). Ол пенаттылар класына жатады. Бұл судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы салақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ортаңғы бөлігі жалпақтау, бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оның ұшында және ортасында түйін деп аталынатын, үш қалыңдаған төмпешік болады. Пинулярияның жақтауларында көптеген көлденең жолақтары болады, олар клетканың сыртындағы кремнеземнің бірыңғай тегіс болып жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро вакуоль және екі пластинка тәрізді қоңыр түсті хромотофорасы болады.



4. Түрлерінің жалпы саны 1.5 мыңдай болады. Қоңыр балдырлар бентостың маңызды компоненттердің бірі болып табылады. Қоңыр балдырлардың таломының бояуы сарғыштан қара-қоңыр, тіптен қара-қышқыл түске дейін болады. Қоңыр балдырлардың талломы көп клеткалы болады. Олардан эволюцияның дамуын ұсақ организмдерден бастап, аса үлкен 60-100м жетеді. Қарапайым түрлерінің талломы жіп тәрізді болып келеді және бір қатар клеткалардың тізбегінен тұрады. Жақсы жетілгендерінің клеткалары әртүрлі бағытта бөлінеді және көп жағдайда дифференцияланып, ассимиляциялық, қорлық арқаулық және механикалық өткізгіштік ұлпаларға ұқсас клеткалардың дараланған комплекстерін түзеді. Мұндай дифференциация талломның әртүрлі қызмет атқаратын участоктерге ризоидтарға өстік бөлікке (сабаққа) және филлоидтарға (жапырақтарға) бөлінуіне байланысты болса керек.

Қоңыр балдырлардың клеткалары бір ядролы. Хромотофоры көп жағдайда диска тәрізді, көп болады. Артық қор заттары ламинарын (полисахарид), маннит (сахароспирт) және шыны май тамшылары түрінде жиналады. Пектинді – целююлозды клетка қабықшасы оңай шырыштанады. Талломы төбелік немесе қысытырма меристемасы арқылы өседі. Өмірінің ұзақтығы бірнеше бөліктерге үзілуі арқылы жүзеге асады.Жыныссыз көбеюі көптеген екі талшықты зооспоралары немесе қозғалмайтын тетроспоралар арқылы жүзеге асады. Зооспоралары бір клеткалы сиректеу көп клеткалы зооспораларда, ал тетраспоралары тетраспорангияларда пайда болады.

Жыныстық процесі изогамиялы, гетерогамиялы, оогамиялы болып келеді. Изо және гетерогаметалары көп клеткалы гаметангияларда пайда болады, оонийлері мен антеридийлері – бір клеткалы. Қоңыр балдырлардың фикуста басқаларында өмірлік циклінде ұрпақ алмасуы айқын байқалады. Мейоз зооспорангияларда немесе тетраспораларда жүреді. Зооспоралары немесе гаметофитке бастама береді. Гаметофиттері қос жынысты немесе дара жынысты қос жынысты немесе дара жынысты болады. Зигота тыныштық кезеңіне көшпей-ақ спорофитке (2п) айналады. Әртүрлі түрлерінде ұрпақ алмасу әртүрлі болады.Біреулерінің спорофиті мен гаметофиті сырт қарағанда бірдей болады, ал екіншісілерінің спорофиті гаметофитіне қарағанда біршама үлкен болады. Қоңыр балдырлар теңіздердің түбінде орман немесе шалғын түзеді. Кейбір қоңыр балдырлардың талломының ұзындығы 60-100м.

Классификациясы. Үш кластан тұрады : изогенераттылар класы (isoqeneratae), гетерогенераттылар класы (Нeteroqeneratal) және циклоспоралар класы (Cyclosporeal).



Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Тест тапсырмасы

1. Қоңыр балдырлардың қолайсыз жағдайларда вегетативті көбеюдегі маманданған формалары



  1. Гетероцисталар

  2. Гормогониндер

  3. Эндоспоралар

  4. Экзоспоралар

  5. Акинеттер

2. Қоректену характеріне байланысты қоңыр балдырлар қандай топқа жатады?

  1. Фотоавтотрофтар

  2. Хемеавтотрофтар

  3. Сапротрофтар

  4. Гетеротрофтар

  5. Миксотрофтар

3. Қоңыр балдырлардың қай туысының өкілдері улы?

  1. Микроцистис

  2. Носток

  3. Глеокапса

  4. Осцилатория

  5. Анабена

4. „Тірі кедергілер” деп қайсы балдырларды атайды?

  1. Қоңыр

  2. Қызыл

  3. Жасыл

  4. Улотрикс

  5. Хара

5. Қоңыр балдырлардың көбеюі

  1. Вегетативті, тетраспоралар, зооспоралар арқылы

  2. Жыныссыз

  3. Тетраспоралар арқылы

  4. Зооспоралар арқылы

  5. Вегетативті

6.Қоңыр балдырлар неше кластан тұрады?

  1. 3

  2. 1

  3. 2

  4. 4

  5. 5

7. Қоңыр балдырлардың гаметофиттері неше жынысты болады?

  1. Дара және қос жынысты

  2. Жыныссыз Вегетативті, тетраспоралар, зооспоралар арқылы

  3. Тетраспоралар арқылы

  4. Зооспоралар арқылы

  5. Вегетативті



  1. апта

(4 балл)

Тақырып: Пирафитті, эвглена балдырлары.
Жоспар:

1. Пирафитті балдырларға жалпы сипаттама

2.Эвглена балдырлардың жалпы сипаты

3.Пирофитті балдырлар айырмашылықтары



Сабақтың мақсаты : Студенттерді пирофитті және эвгленалы балдырлардың биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
Сабақтың мазмұны Бұл бөлімге тиісті балдырлар микроскопиялық, негізінен бір клеткалы, көбінше екі талшықты, суда еркін жүзеді.Клеткасы дорзовентраль түзілген.Олардың сыртында бойына және еніне қарай жайғасқан бір – бірімен қосылған жерінде түрлі ұзындықта 2-ден талшық шығады. Клеткасы қабықсыз немесе целюзолалы көпшілігі құмтаспен оралған. Хромотофоры клетканың шетінде жайласқан, құрамындағы хлорофилл, каротин және ксантофил пигменттері клеткаға ақ, қоңыр, қоңыр, кейде сарғыш, қызғыш түс береді. Қор заттары ретінде крахмал, май пайда етеді, жай бөліну жолымен көбейеді.Пиррофит балдырларда жыныссыз көбеюде кездесіп тұрады. Мұнда екі талшықты зооспора немесе қозғалмайтын аплоноспора пайда болады. Ыңғайсыз жағдайда цистаға айналады.Жыныстық көбею кездеспейді. Парофитт балдырлардан судың биологиялық анализыда оның ластанулық дәрежесін анықтауда пайдаланады.Пиррофит балдырлардың 1100 – ден артық түрді өз ішіне алады.

2 класқа бөлінеді : крифтофиттер және динофиттерге бөлінеді.

Пиррофит балдырлардың динофиттер класынан церацкумва перидиумды атап өтеміз.

Церацкум – Ceratium hirundinella. Клеткасы бойына ұзыншақ түзілген балдыр. Клетканың кең бөлімінде көлденең каналша болып, оны екі бөлімге бөледі. Алдыңғы ұзын өсіндіні апикал жағы, екі немесе үш әртүрлі ұзындықтағы қайрылған өсінділі бөліміні апика бетт деп аталады. Екі талшықтан бірі алдыңға қарай бағытталып, екіншісі денені каналша бойлап орап алады.

Көбеюі. Клетканың қарапайым жолмен екіге бөліну арқылы өтеді.

Перидиум – Peridinium. Клеткасы шар, немесе жұмыртқа тәрізді көрініске ие. Клетка қабықтары құм заттары мен тойынған қалқан көрініске ие. Протопласта бір ядросы бар. Хромотофоры қоңыр реңді пиреноидтары жоқ. Фотосинтез нәтижесінде крахмал және май тамшылары пайда болады.Клеткаларының тең екі бөлімге жай бөлінуі жолымен көбейеді.Су қоймаларында планитонда өмір сүреді.

Эвгленалар бір клеткалы, бір ұзын талшығы жәрдемінде таза жасыл хромотофоралары арқылы актив әрекеттенеді.Клеткасының пішіні көбінше элиппс, ұзын болып келеді. Оларда целлюлозалы қабық болмайды. Оның қызметін целлюлозаның сыртқы қабығы қалыңдауы нәтижесінде пайда болатын перипласт немесе пеликула деп аталатын үстіңгі қабат атқарады. Пелликула иілуші болғандығы себепті клетка өз денесін, пішінін өзгертіріп тұрады.

Цитоплазмада бір немесе бірнеше хромотосфорлар болады, онда жоғары өсімдіктер хлорапластындағы сияқты хлорофилл а және б каротин және ксантофиллі бар.Кейбір эвгленаларда қызыл реңді астаксантинде кездеседі. Фотосинтез нәтижесінде крахмал жиналмайды оған ұқсас парамилон пайда болады. Парамилон жалтырақ дәндерге ұқсас көріністе хромотофорда немесе оның төңірегінде жиналады. Хромотофор көбінше жұлдыз, лента ірі пластинка және диска тәрізді болып, клетка қабығы жанында жайласқан. Хромотофор пиреноидты және пиреноидсыз болады. Эвгленалар клеткасының алдыңғы бөлімінде ворониа тәрізді сайлық болып олардан бір немесе екі талшық шығып тұрады. Тірі эвглена клеткасының алдыңғы бөлімінде қызыл нүкте стигма жайласып ол орототаксис жарықтықтан әсерлену ерекшеліктеріне ие.

Көбеюі.Клетканың бойына қарай екіге бөліну жолымен амалға асады. Бөліну алдынан талшықтарына тастайды ядро, стигма және хромотофорлар бөлінгеннен соң, клетканың алдыңғы бөлімінде саңлау пайда болады. Ол үлкейіп екі клетка пайда болады. Талшықтар пайда болған соң актив әрекеттене бастайды. Эвгленалар табиғатта ақпайтын түрлі экологиялық жағдайдағы су қоймаларында кездесуі мүмкін. Эвгленалар миксотроф және сапрофит қоректенуіне байланысты ластанған су қоймаларында биологиялық тазалануында үлкен роль ойнайды. Эвгленалардың табиғатта 400-ге жақын түрі кездеседі олар екі қатарға бірігеді негізгі өкілдері эвглена және трахемонас.

Эвглена – Euqlena viridis. Клеткасы ұршық бір талшықты цитоплазматикалық перипласт қабығымен оралған клетканың алдыңғы бөлімінде воронка тәрізді бума болып, ол цитоплазмадағы қысқарушы вакуола мен байланысады. Буынның жан бөлімінде қызыл гематохроль пигменті мен толған көзі жайласқан. Цитоплазмада бір ядро және жасыл реңді жұлдыз тәрізді даналы, лента тәрізді пиреноидсыз хромотофоралары болады. Қор зат ретінде көмірсулар, парамилондар пайда болады. Эвглена денесі ұзынына жай бөліну жолымен көбейеді. Көл мен суларды азотты органикалық заттарға бай кіші су қоймаларында кездесіп, олардың гүлдеуіне себепші болады. Трахеломонас – Trachelomonac. Оның бір талшықты әрекетшең клеткасы домалаң немесе эллипс тәрізді үйшіктің ішінде жайласқан. Бір талшығы сыртқа шығып тұрады.Темір бірікпесері не бай кіші су қоймаларында кездеседі. Эвгленалылар бір клеткалы формалары ішінде цитоплазманың ішінде крахмал орнына парамилон пайда етуімен басқа балдырлардан айырмашылығы бар. Эвгленалылар басқа бөлім балдырлардан ешқандай туысқандық байланыстары жоқ.




Студенттер орындайтын тапсырмалар:


Коллоквиум сұрақтары

1. Пирофитті балдырлардың клетка құрылысы?

2. Пирофитті балдырлардың көбею ерекшеліктері?

3. Пирофитті балдырлардың таралуы?

4. Эвгленалы балдырлардың биологиялық ерекшеліктері?

5. Эвгленалы балдырлардың таралуы, көбею жолдары?

6. Хромотофор қызметі?

7. Протопласт қызметі?

8. Цитоплазманың пайда болуы?

9. Дифферанция процессі?



1- курс 2 семестр бойынша
екінші аралық бақылау






Тақырыптар

Апта

Ұпай саны

Бақылау түрі

1

Мүк тәрізділер.

А)Гаметофит

Ә)Өркеннің өсуінің формасы


8 апта

3 балл

Тест тапсырмалары

2

Плаун тәрізділер

А)Құрылысы мен маңызы

Ә)Ұрықтануы

Б)Классификациясы



9 апта

5 балл

Бақылау тапсырмалары

Тест


3

Папоротник тәрізділер

А)Тұқымды папоротниктер

Ә)Саговниктер кластары


10 апта

5 балл

Тест тапсырмалары

4

Ашық тұқымдылар

А)Классификациясы

Ә)Жалпы сипаттамасы


11 апта

5 балл

Тест тапсырмалары

5

Раушан гүлділер тұқымдасы

А)Жалпы сипаттамасы

Ә)Морфологиялық ерекшеліктері


12 апта

5 балл

Бақылау тапсырмалары

Тест


6

Бұршақ тұқымдасы

А)Жапырағы,сабағы және тамыры

Ә)Гүлдері


13 апта

4 балл

Глоссарий

Тест


7

Алабота тұқымдасы

А)Морфологиялық сипаттамалары

Ә)Жеміс түрлерін анықтау


14 апта

3 балл

Коллоквиум

8

Астық тұқымдастары

А)Құрылыс ерекшеліктері

Ә)Гүлшоғырларының түрлері


15 апта

-


-



Барлығы: 2 аралық бақылау бойынша – 30 балл


Жалпы 1 курс бойынша 1- семестр 1,2 аралық бақылау ұпай саны – 60 балл





  1. апта

(2 балл)

Тақырып: Мүк тәрізділер.
Жоспар

1. Гаметофит

2. Мүктер өркеннің өсуінің формасы

Студенттер орындайтын тапсырмалар:


Тест тапсырмасы

1. Мүктәрізділер бөлімі.



  1. Бауырмүктер, нағыз мүктер классы

  2. Плауындар, полушниктер кластары

  3. Тұқымды, папртниктер, саговниктер, бенетиттер кластары.

  4. Қосжарнақтылар, даражарнақтылар кластары.

  5. Қырықбуындар класы.

2. Мүктердің қандай түрлері табиғатта кең таралған

  1. Маршанциялар

  2. Плауындар, полушниктер кластары

  3. Тұқымды, папртниктер, саговниктер, бенетиттер кластары.

  4. Қосжарнақтылар, даражарнақтылар кластары.

  5. Қырықбуындар класы.

3. Мүк тәрізділер бөлімі.

  1. Bryophyta

  2. Gumnospermatophyta, pinophyta

  3. Angiospermatophyta , magnoliophyta

  4. Polypodiophyta

  5. Еguisetophyta

4. Нағыз мүктер класы.

  1. Briopsida

  2. Magnoliopsida dicotyledoneae

  3. Liliopsida monosotyledoneae

  4. Riniopsida

  5. Lignopteridopsida

5. Риниофиттер класы.

  1. Riniopsid a

  2. Magnoliopsida dicotyledoneae

  3. Liliopsida monosotyledoneae

  4. Briopsida

  5. Lignopteridopsida


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет