ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «5В030100»- құқықтану мамандықтарына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдар семей



бет2/5
Дата20.07.2016
өлшемі429.5 Kb.
#211565
1   2   3   4   5

3. Қаржы құқық жүйесі дегеніміз - қаржы құқықтық қатынастарды реттейтін институттар мен нормалардың логикалық тізілімі. Қаржы құқық институты дегеніміз - қоғамдық қатынастарының белгілі бір тобын реттейтін нормалардың жиынтығы.Қаржы құқық нормасы дегеніміз - мемлекетпен белгіленген қаржы құқық қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттейтін ережеле. Қаржы құқығыда құқықтың басқа салалары сияқты өз жүйесін екі бөлімге бөледі. Жалпы бөлім мемлекеттік қаржы қызметінің бастапқыларын белгілейтін, оның мақсатарын, насандарын және әдістерін жүзеге асыруын, қаржылық бақылаудын құқықтық негізін белгілейтін және мемлекеттік қаржы қызметіне қатысатын мемлекетік органдардың компетенциясын белгілейтін құқық нормалардан тұрады. Қортындылап айтқанда қаржы құқығының жалпы бөлімі келесі институтармен көрсетілген:

  1. Мемлекеттің қаржы құрылымы;

  2. Ақша жүйесінің құқықтық негізі;

  3. Қаржы саласындағы басқару;

  4. Қаржылық жоспарлау;

  5. Қаржылық бақылау;

  6. Қаржылық-құқықтық жауапкершілік;

Оқу курсында жалпы бөлімде айтылып кеткен институтардан тыс келесі институтарды қолдану керек:

- Қаржы құқығың пәні, әдіс, жүйесі және бастаулары;

- Қаржы құқықтық нормалар мен қатынастар;

- Қаржы құқық ғылымы

- Халықаралық қаржы құқығы және т.б. теориялык сұрақтар.

Қаржы құқығының ерекше бөлімі келесі институттармен көрсетілген:

бюджет құқығы

- қаржы-шаруашылық құқық

- қаржы - банктық құқық

- мемлекетік несие

- қаржы-сактандыру құқығы

- салық құқығы




Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Қаржы құқығы пәні ретіндегі қаржы қызметінің барысында туындайтын қатынастар.

  2. Материалдық қаржы қатынастар және оның белгілері.

  3. Ұйымдастырушы қаржы қатынастар және оның белгілері.

Ұсынылатын әдебиет

1.Худяков, А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть :Учебник.-Алматы:Норма-К,2002

2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002

3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995

4.Финансове право РК. - А., 2000

5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997

6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996

7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998


Тақырып 3. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері.

1.Ақша ұғымы, функциялары.

2.Тарихи пайда болатын ақша жүйелері.

3.Биметаллизм және оның түрлері.

4.Монометализм және оның түрлері.

5.Несие ақшаның негіздері ақша жүйелері.

6.Валюта реттеудің ұғымы, міндеттері және әдістері.



1. Экономикалық категория ретінде ақша айырбас қатынастарының дамауының өнімі бола тұра мемлекеттің пайда болуынан әлде қайда ерте пайда болды. Басында ақша тауардың түрі ретінде пайда болды. Ол басқа тауарлардан эквиваленті болу қабілеттілігінен бөлініп шыққан, атап айтканда тауардың ақша нысанында болды. Арықарай даму кезінде ақшалар өзгертіліп, тауар қасиетін жоғалта бастады және ол тауардың құнына айналды. Сонымен бірге ақшалар айналым құралының қызметін орындай бастады. Тауарды айырбас кезінде делдал болып қызмет ете бастады. Ақшалар сонымен қатар төлем құралынын қызметін атқарады. Мемлекеттік қаржылармен реттелетін ақшалар айналым құралының қызметін де, төлем құралы қызметін де атқармайды.Мемлекеттік қаржылармен белгіленген ақшалар үлесін келесі қызметтер мінездейді:

  1. Қаржылық міндеттемелері бойынша есеп айырысу құрал қызметі;

  2. Қорларда ақшанын аккүмуляциясы болған кезде ақшалар мемлекет үшін жинақтау қызметін орындай бастайды.

Алдында көрсетілгендей ақша мемлекеттің пайда болуынан ерте пайда болды және мемлекет өз қызметінің процесінде оның алдында жүрген ақшалармен пайдаланылған, бірақ ол содан кейін өзінің ақшаларын шығара бастады. Бірақта көп уақыт эммитент ретінде басқа да тұлғалар болған. Негізінде олар банкілер болған. Сондықтан ақшаның қағаз түрлерін банктік билеттер деп атайды. Ал, егер де ақшаларды мемлекет шығара бастағанда, қазыналық билет деп атайды.

Мемлекеттің қаржы жүйесінің әлсіреу кезеңінде халыкпен қәсіпкерлерік құндылығын жоғалтқан қағаз ақшаларды қабылдудан бас тартқан кезде, экономика оған есеп айырысудың демонетизациясы мен тезоврациясы, сонымен қатар есеп айырысуда шетел ақша белгілерімен қолданумен әрекет етеді. Сонымен олардан басқа нарықта ақша белгілерінің «суррогатың пайда болады.Мемлекет ақша жүйесін қалыптастыру кезінде 2 басты міндетті шешеді:



  1. Елдің ақша шарттарын реттеу және қалыптастыру,

  2. Өзінің қаржы жүйесін сұрақтандыруын және оның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету.

Қортындылап айтқанда қазіргі жағдайда ақша жүйесін ұйымдастыру, біріншіден мемлекетің монополиясы болып табылады, екіншіден оның қаржы қызметінің элементі болып табылады.

2. Ақша жүйесі дегеніміз - тарихи қалыптасқан және ұлттық заңмен белгіленген елдегі ақшанық қызмет етуінің ұйымдастыру нысандары. Ақша жүйесі келесі элементерден тұрады:

1. Ресми ақша бірлігі;

2. Ақша белгілерінің түрлері;

3. Ақша эмиссиясының тәртібі;

4. Валюта айналымының режимы.

5.Ақша айналымын ұйымдастыру. Олардан басқа мемлекетпен ақша жүйесін ұйымдастыру әдістеріне байланысты ақша жүйесі тағы 2 элементтен тұруы мүмкін:

6.Валютаның ресми курсы (валюталық парит)

7.Бағаның масштабы

- Ақша бірлігі дегеніміз - ол мемлекетпен белгіленген ақша белгісі. Ұлттық валютаның атауын белгілейді. Ақша бірлігінің өзінің ішкі құрылымы бар: 1 тенге - 100 тиын.

- Ақша белгісінің түрлері дегеніміз - ақша бірлігінін номиналы мен ақша массасының ұйымдастыру құрылымы. Көбінесе ақша белгілерінің 2 түрін шығарады: қағаз ақша және монеталар.Қағаз ақшалар 2 түрде болуы мүмкін: ақшалай тауарға айырбастау кепілі мен жай ақшалар

- Ақшаның эмиссиялау тәртібі. Айтып кеткендей қазіргі жағдайда жаңғыз эмитенті ретінде мемлекет болып табылады. Ал нақты эмиссиялық орталық болып, Ұлттық Банк табылады. Бірақта эмитент ретінде қазыналық болуы мумкін. Бұл орталықтай бірдей қызмет ете алады. Бұл жағдайда Ұлттық Банк қолма-қол ақша айналымының негізгі бөлігін құрастыратын банктік билетті шығаруға құқы бар. Ал, қазыналықтың үлесіне 10% шамасында ақша щығару құқы берілді - айырбас монеталар түрінде және төменгі номиналдық қағаз ақшалары.

- Валюта айналымының режимі - ол мемлекет пен белгіленген валюталық шектеулермен белгіленеді, бұл шектеулер өзінің ұлттық валютасына қатысты және негізгі ретінде шетел валютасына қатысты әрекет етеді.

Өз режиміне байланысты валюталар келесілерге бөлінеді:



  1. Толық айналатын

  2. Шектеулі айналатын

  3. Айналмайтын

Толық айналатын валюталарға басқа да барлық валюталарға арнайы рұқсатсыз ерікті айырбасталатын валюталар жатады.Шектеулі айналатын валюталарға резиденттер үшін валюталық операциядарды жасауға белгілі бір валюталық шектеулермен тыйым салынған валюталар жатады.Айналмайтын валюталарға басқа да валюталарға айырбасталмайтын және де мемлекеттің территориясында барлық шетел валюталар айналымына тыйым саланады

- Валюталық монополия - ол валюталық бағалықтар мен мәміле жасасуға мемлекетің ерекше құқығы. Валюталық монополияның объектілеріне келесілер жатады:



  1. шетел валютасы

  2. шетел валютасымен белгіленген бағалы қағаздар мен төлем құжаттары.

  3. асыл метталдар

  4. табиғи асыл тастар

- Валюталық курс - толық айналатын валюталарға курс ақша бірлігінің басқа валюталармен сұраныс қабілеттілігімен нарық негізінде белгіленеді. Айналмайтын валюталар үшін валюталық курс мемлекетің өзімен белгіленеді. Ол ресми "валюталық курс" деп аталады, ал басқаша айтқанда "валюталық паритет" дейді.

- Бағалардың масштабы - ол ақша бірлігіндегі ақша металының салмақтық саны. Ақша қағаздарды еңгізгенен бастап баға масштабы қағаз ақша белгісін асыл металға айырбастау құқықтық қатынасты белгілейді.



3. Мемлекет өз ақша жүйесін қалыптастырған кезде оның дұрыс тұрде қызмет етуінде қызығушылық білдіреді. Бұл мақсаттарда өз ақша жүйесін дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету үшін келесі шараларды қолданады:1.Мемлекет өзі жаңғыз заңды ақша белгілерінің эмитенті болу

үшін белгілі бір тәртіпді белгілейді. Оған байланысты басқа біреулерге басқа да ақша белгілерін шығаруға тыйым салады, және де әр түрлі жалған ақша шығару үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді. Сондықтан ақша мемлекетің символы болып табылады.

2.Мемлекетпен эмитенттендірілген ақша белгілері заңды төлем құралы болып жарияланады.

3.Барлық тұлғалардың бұл белгілерді айналым құралы ретінде қолдануды мәжбүр етеді.

4.Барлық төлемдерді қазынаға түсіру және де қазынадан шығатын қаражаттар тек қана мемлекетін ақша белгілерінде болуы тиіс.

5.Төлем кұралы ретінде шетел валютасын қолдануға тыйым салынады, тек қана, егер заңда басқалай белгіленбесе.

6.Ақша айналымын қаржы құқық құралдарымен реттеу.

Ақша айналымы дегеніміз - тауарлық айналымның және де тауарлық емес төлемдермен есеп айырысуларды қызмет ететін ақшаларының ақылы және ақсыз нысанда қозғаласы. Сонымен қатар мемлекет өзінің ақша жүйесінің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында және тиімді қызмет етуін жоғарлату мақсатында келесі қаржылық инструменттерді қолданады:



  1. Деноминация (нольдерді алу)

  2. Девальвация

  3. Ревальвация

  4. Нуллификация


Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Ақша бірлігінін ұғымы және ақша белгілірінің түрлері.

  2. Валюталық айналым режимі және оның түрлері.

  3. Баға масштабы мен валюталық курс ұғымы.

  4. Ақша жүйесінің қатысты қызмет етуін қамтамасыз ету шаралары.

  5. Деноминация, девальвация және ревальвация ұғымы.

Ұсынылатын әдебиет

1.Худяков, А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть :Учебник.-Алматы:Норма-К,2002

2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002

3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995

4.Финансове право РК. - А., 2000

5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997

6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996

7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998


Тақырып 4. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері.

1. Қаржылық баықлау ұғымы.

2.Қаржылық баықлау субьектілері, обьектілері, пәні, мақсаттары, міндеттері және әдістері, қағидалары, тәртібі.

3. Ішкі және сыртқы қаржылық бақылау.

4.Аудиттік және аудиттік қызметттің ұғымы.

Мемлекетің қаржы қызметі тек қана құқықтық нысанда жүргізіледі.Қаржы құқығы дегеніміз - ол құқық қатынастарды реттейтін құқық номаларының жиынтығы. Ал құқықтық норма дегеніміз нормативтік регламентталған жағдайға түскен, мемлекетің күштеуімен қамтамасыз етілген, барлық тұлғаларға бағытталған көп реттік пайдалануға есептелген, нормативтік құқықтық актілерімен қалыптастырылған, барлығына міндетті тәртіптердің ережесі.

Қаржы құқықтық норма дегеніміз - ол мемлекеттің қаржы қызметінің процесінде пайда болатын қатынастардың қатысушыларының тәртібінің ережелерін белгілейтін құқықтық норма.

Қаржы құқықтық норма басқа құқық нормалары сияқты төмендегі белгілерімен мінезделінеді: 1.Мемлекеттік-биліктік ұйғарымды білдіреді;

2.Мемлекетпен құқықталған органмен қабылданады;

3.Барлығына міндетті тәртіптің ережелерінен тұрады, көп реттік қолдануға есептелген және субъектілердің белгіленбеген санына арналған.

4.Қаржы құқықтық нормалар актының белгілі бір заңды нысанымен белгіленеді.

5.Қаржы құқық нормаларының орындалуы күштеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Қаржы құқығының нормаларының спецификасы келесілерден тұрады: оны қабылдайтын субъект - мемлекет, сол уақытта қаржы құқықтық қатынастарының субъектісі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы құқық нормаларының ерекшеліктеріне келесі белгілер кіреді:



  1. Мазмуны бойынша - олар қаржы қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттейді.

  2. Ұйғарымның мінездемесі бойынша - көбінесе императивтік түрде болады.

  3. Жауапкершілік шаралары бойынша - мемлекет бұл нормаларды мүлкетпей орындауында қызығушылық білдіреді. Сондықтан, оларды бұзған үшін, заңды жауапкершіліктерді белгілейді.

  4. Мемлекеттің құқықтарын қорғау әдістері бойынша - нормалар көбінесе қаржы қатынастарының бір субъектісін, атап айтқанда мемлекетті немесе онымен құқықталған мемлекетті білдіретін органды соттан тыс тәртіпте, өз қызығушылықтарын бір жақты қорғауға құқықталған.

  5. Рәсімдеу әдісі бойынша - қаржы құқық нормалар жағдайды нақтылап белгілеу, диспозицияны толық көрсету, қаржы-шаруашылық операциялардың көп варианттарын жинақтау арқылы мінезделеді.

Қаржы құқықтық нормалар: реттейтін және қорғайтын нормаларға бөлінеді.

Реттейтін нормаларға қаржы құқықтық қатынастарға белгілі бір міндеттерді белгілеуді немесе оларға белгілі бір құқықтарды беретін нормалар жатады.Қорғайтын нормалар қаржы құқықтық қатынастардың субъектілерімен қағидаларды дұрыс орындалуының қамтамасыз ету құралы болып қызмет етеді.Реттейтін нормалар келесілерге бөлінеді:



  1. міндеттейтін

  2. тыйым салатын

  3. құқық беретін

Құқықтық реттеу әдістері бойынша, қаржы құқықтық нормалар императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.Қаржы құқықтық нормасының мазмұнына байланысты, олар материалдық және ұйымдастырушы деп бөлінеді.

  1. Материалдық нормалар - ақшаның материалдық объектісі ретінде қозғалысын реттейтін қаржылық қатынастарды реттейді.

  2. Ұйымдастырушы нормалар - олар мемлекеттің қаржы қызметінің нысанымен процедураларын белгілейді және қаржы құрылымын белгілейді.

Ұйымдастырушы нормаларының ішінде көп орынды компетенциялық нормалар алады. Атап айтқанда, мемлекеттің қаржы органдарының құқық мәртебесін және құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Өзінің логикалық құрылымы бойынша, қаржы құқықтық норма 3 элементтен тұрады:

  1. Қаржы құқықтық норманың гипотезасы - ол нормаларының қандай жағдайда қолдану немесе екенін суреттейді

  1. Қаржы құқықтық норманың диспозициясы - ол тәртіптің ережелерінің өзінен тұрады. Қаржы қатынастарының қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын білдіреді.

  2. Қаржы құқықтық нормаларының санкциясы қаржы құқықтық норманың ұйғарымдарын орындалмауының немесе дұрыс орындалмауның салдарын белгілейді.

Қаржы құқық нормаларың санкциясының құқықтың басқа салаларының санкцияларынан айырмашылығының ерекшілектері:

  1. Ақшалай түрде болады.

  2. Әр уақытта мемлекет алдында жауапкершілікті білдіреді.

  3. Көптеген қаржы құқық нормалар үшін санкцияның бір жақты бағытталғанымен мінезделінеді.

  4. Көптеген қаржы құқықтық номалар мемлекеті білдіретін субъектіге санкцияны өз еркімен қолдану құқығымен жүктейді.

  5. Қаржы құқықтық норма өзінде ескертетін, қалпына келтіретін және жазалаушы шаралардан тұрады

Мемлекет өзінің шығарған қаржы құқықтық нормаларының ұйғарымын дұрыс және мүлкетпей орындауында қызығушылық білдіреді. Олардың уақытында және сапалы орындалуы келесі шаралармен қамтамасыз етіледі:

  1. Қаржы заңың бұзғаны үшін, кінәлі лауазымды және жеке тұлғаларды әкімшілік, қылмыстық және тәртіптік жауапкершілікке тарту.

  2. Бір жақты тәртіптте мемлекетік қаржы органдарымен арнайы қаржы құқық санкциялары қолдану.

  3. Қаржылық міндеттемелерді мүлкетпей орындау.

2. Қаржы құқықтық қатынастар дегеніміз - қаржы құқықтық нормалармен реттелетін мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар.Барлық қаржы құқықтық қатынастарға тән белгілер:

  1. Бұл қатынастар мемлекеттің қаржы қызметі процесінде туындайды.

  2. Міндетті субъектісі болып мемлекет табылады.

  3. Бұл қатынастар билікпен және бағынумен мінезделеді.

  4. Матералдық қаржы құқықтық қатынастар ақша құрамдарының қозғалысын реттейді. Олар қозғалысың кімге, немесе кімнен қаражаттардың өтуіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Материалдық қаржы құқықтық қатынастарға келесі спецификалық белгілер жатады:

  1. Мемлекеттік ақша қорын қалыптастыру немесе үлестірумен байланысты процестерді реттейді.

  2. Объектісі болып ақша немесе ақщалай міндеттемелер болып табылады.

  3. Мазмұны болып экономикалық қаржы қатынастар табылады.

Ұйымдастырушы қаржы құқық қатынастар мемлекеттің ақша жүйесін қалыптастыру, оның қаржы құрылымының қаржы саласындағы басқару органдар жүйесін қалыптастыру мемлекетік ақша қорларын қалыптастыру және үлестіру процестерін жоспарлауды ұйымдастыру, оларды пайдалануды ұйымдастыру, бақылауды реттейді.Ұйымдастырушы қаржы құқықтық қатынастар материалдық қаржы құқықтық қатынастардың дұрыс қызмет етуінің қамтамасыз ету құралы болып табылады.Материалдық қаржы құқықтық қатынастарының объектісі болып ақша табылады. Ал, ұйымдастырушылықтың объектісі болып, мемлекетің қаржы қызметін жүргізу тәртібі болып табылады.Қаржы құқықтық қатынастар өзінің қаржы құқығынын қай институтына жататынына байланысты келесілерге бөлінеді:

  1. Бюджетік

  2. Бюджеттен тыс бағытталған қорларды қалыптастыру және үлестіру бойынша.

  3. Қаржы - шаруашылық

  4. Қаржы - банктік

  5. Қаржы - сақтандырушылық

Қаржы құқықтық қатынастар құқықтық реттеу әдісі бойынша біржақты билік және келісілді қаржы құқықтық қатынастарға бөлінеді.Құқықтық норманың қаржылық қатынастарында реттеу мінездемесі бойынша, регулятивтік және қоргайтын қаржы құқықтық қатынастарға бөлінеді

Мемлекеттің қаржы қызметінің әдісіне байланысты бұл қатынастар салықтық, қаржы несиелік және қаржыландыру қатынастарына бөлінеді. қаржы құқықтық қатынастарының субъектісі болып нақты құқық қатынастарының, нақты қатысушысы табылады. Субъектері болып келесілер табылады:



  1. Мемлекет біртұтастай.

  2. Ұлттық территориалдық және әкімшілік территориалдық құрылымдар.

  3. Мемлекеттік биліктің өкілдік және атқарушы органдары.

  4. Заңды тұлғалар

  5. Жеке тұлгалар

Қаржы құқықтық қатынастарында міндетті субъекті ретінде көрсетілген субъектілердің барлығы болуы мүмкін. Құқықталған субъекті ретінде мемлекеттен басқа мемлекетің территориалдық құрылымдар өзінің органдары арқылы сонымен қатар басқа да мемлекетік органдар. Қаржы құқықтық қатынастарында азаматтар қатынасушы болып салық төлеуші ретінде болуы мүмкін, содан басқа олар мемлекетік займ қатынастарының субъектілері болуы мүмкін.Қаржы құқықтық қатынастарының субъектісі болған кезде мемлекет өзінің мемлекеттік органдарына оның заңды өкіл ретінде, оның атынан әрекеттер жасауға, оның қызығушылықтарын білдіруге және оның ұйғарымдарын орындауға қызметін бағыттаған.Қаржы құқықтық қатынастарының пайда болуын, Ұзгеруін және тоқтатылуын белгіленген заңды фактілерінің болуымен байланысты. Заңды фактілерге оқиға және әрекет жатады.Әрекет дегеніміз - адамның саналы қызметінің өнімі болып табылады. Ол олардың адамның ерік білдіруі. Әрекеттер заңды және заңсыз болады. Оқиға дегеніміз - адамның еркінен тыс пайда болатын заңды маңызды фактілер немесе адамның қызметімен байланысты, бірақта олардың пайда болуы себептерімен тәулсіз болатын заңды маңызды фактілер.Мемлекеттік қаржы құқық қатынастарының пайда болу негізі болып табылатын заңды фактілерің аса көп кездесетін келесі әрекетер болып табылады:

  1. Белгілі бір қаржы органымен жеке қаржы актіні шығару.

  2. Тұлғамен салық салуға жататын объектіні өз иелігіне алу немесе әрекет етуші қаржы заңының күшіне байланысты тұлға салық төлеуші мәртебесін алады, немесе басқа да әрекеттерді жасау негізінде.

  3. Қаржылық келесім-шарт жасаған кезде.

Қаржы құқықтық қатынастарының өзгеруін ескерту кезінде негіздері ретінде келесі заңды фактілер жатады:

  1. салық төлеушінің құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда.

  2. салық салу объекттісін өзгерткен жағдайда.

  3. алдында жасалған қаржы келісім-шартты белгіленген тәртіпте өзгерткен жағдайда.

  4. салықтық міндеттеменің негізінде жататын қаржы, жоспарлық актіні өзгерткенде (бюджетке өзгеріс еңгізген жағдайда).

Қаржы құқықтық қатынастарының өзгерту негізіне жататын оқиғалар болып, келесілер саналады:

  1. Салық төлеушінің отбасының жағдайы өзгерген кезде.

  2. Салық төлеушімен заңмен байланыстырған салық төлеу жағдайларын өзгерткен кезде, белгілі бір жасқа толу кезінде.

  3. Субъектінің әлеуметік жағдайы өзгерген кезде.

Қаржы құқықтық қатынасткарының тоқтатылуы негізіне жататын әрекеттер:

- қаржылық міндеттемесін орындау;

- қаржылық құқықтық келісім-шартты бұзу;

- мемелекетпен бір жақты тәртіптен өз қаржы міндеттерін орындаудан бас тартқан кезде немесе контрагентті міндеттемелерді орындаудан босатқан жағдайда;

- салық төлеушімен салық төлеу объектісі болған мүлікті сату немесе сыйға тарту кезінде немесе ол мүмліктің жойылуы кезінде.

Қаржы құқықтық қатынастарының тоқтатылуы негізіндегі оқиғалар:



  1. Жеке тұлғаның мерт болуы немесе заңды тұлғаны таратқан кезде.

  2. Салық төлеу объектісі болған мүлікті жоғалтқанды.

  3. Азаматтың әлеуметтік және отбасының жағдайы өзгерген кезде.

Қортындыда заңды фактілер туралы келесілерді айтуға болады: осындай факті ретінде нормаивтік құқықтық акт болуы мүмкін және оларды қабылдау, өзгерту немесе тоқтату қаржы құқықтық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соғады.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Салықтын эконмикалық белгілері.

Қаржылық баықлау субьектілері, обьектілері, пәні, мақсаттары, міндеттері және әдістері, қағидалары, тәртібі.

3. Ішкі және сыртқы қаржылық бақылау.

4.Аудиттік және аудиттік қызметттің ұғымы.

Ұсынылатын әдебиет

1.Худяков, А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть :Учебник.-Алматы:Норма-К,2002

2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002

3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995

4.Финансове право РК. - А., 2000

5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997

6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996

7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998


Тақырып 5. Бюджет құрылымы.

1. Бюджеттің ұғымы, қаржы – ұйымдық, экономикалық және материалдық бюджет ретіндегі құқықтық категория.

2. Бюджет түрлері, реттеу әдістері



1. Бюджет термині ежелгі норман - boudette сөзінен шыққан. Бұл сөз қалта, сөмке, тері қапты білдіреді. Бұл сөзден ағылшынның budqet деген сөзі шыққан. Бұл сөз жаңа тері қап дегенді білдірген. Кейінірек ол портфель деген сөзді білдірген. Мемлекетің кірсі және шығысына қатысты құжатты, есептері бар портфельді білдірген. Кейінірек бұл сөзбен мемлекетің қаржы істеріне арналған қазыналық канцлердің сөзін білдірген. Ал ХҮІІІ ғ. айғынан мемлекеттің кірісінен, шығысынан тұратын құжаттың өзін атаған. Совет кезеңінде ҚСРО-ң мемлекетік бюджетін келесідей анықтаған: «Совет мемлекетінің қаражат құралдарының жалпы меншік қорының үйымдастыру және пайдалануының негізгі қаржы жоспары». Ал Қазақстан Республикасының 1999ж 1 сәуірде қабылданған «Бюджет жүйесі туралы» Заңы, бюджетті келесідей анықтайды:

«заң актілерімен белгіленген салықтар, жиындар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен операция жасаудан түскен табыс, салықтық емес және басқа да түсімдер арқылы құрылатын мемлекетпен өз қызметін қамтамасыз ету үшін арналған, заңмен немесе жерглікті өкілетті органның шешімімен бекітілген орталықтандырылған мемлекетік ақшалай қоры»

Бюджетің басқа да ақшалай қорлардан айырмашылығы:


  1. Бюджет менлекеттің негізгі ақша қоры болып табылады;

  2. Бюджет универсалды мінездемеге ие;

  3. Оның мөлшері;

  4. Оның не үшін арналғандығы.

Бюджет термині бірнеше мағынада қолданды:

  1. материалдық

  2. экономикалық категория ретінде

  3. қаржы - ұйымдастырушылық мағынады

  4. құқықтық категория ретінде

Материалдық мағынада бюджет дегеніміз - қаржы жүйенің орталықтандырылған және жергілікті деңгейіндегі мемлекеттің қызметері мен міндеттерін қаржыландыру үшін мемлекеттік қаражат қоры.Экономикалық категория ретінде бюджет - мемлекеттің негізгі қаражат қорын қалыптастыру және үлестіру бойынша туындайтын жеке қатынастардың жиынтығы.Қаржылық - ұйымдастырушылық мағнада бюджет - мемлекетік қаражат қорының орталық және жерглікті деңгейде құрылатын қорларың қалыптасуының және үлестіруінің қаржылық жоспары.Құқықтық категория ретінде бюджет - орталық және жергілікті денгейде құрылатын мемлекеттік қаражат қорының қалыптасу және үлестіру қаржы жоспарын бекітетін - «қаржылық құқық акт»

Қазақстан Республикасының бюджет заңына сәйкес бюджеттің 2 түрі болады:



  1. Бекітілген бюджет (белгілі)

  2. Нақтыланған бюджеті (толықтырулар енгізу)

Сонымен қатар олардын ішіне төтенше бюджетті енгізуге болады. Төтенше бюджет керек жағдайда мемлекеттің барлық қаржылық ресурстарын алуға құқығы бар. Төтенше бюджет енген жағдайда Республаканың бюджет туралы заңның және барлық деңгейдегі бюджетер туралы шешімдерінің күштері тоқтатылады.Төтенше бюджетті енгізу негізі болып Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдар табылады немесе Қазақстан Республикасының экономикасына экономикалық және қаржылық зиян келтірсе.Төтенше бюджет Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен жарияланады.Әрбір бюджет 2 бөліктен турады: кіріс және шығыс. Бірақ та Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңы бюджеттің құрамын қүрделі көрсетеді. Бұл заңға сәйкес бюджет құрамы келесі элементерден тұрады:

  1. Түсімдер

  • кірістер

  • ресми трансфертер

  • бюджет алдында алған несие бойынша қарыздардың қайтарылуы

  1. Шығындар

  • несие

  1. Бюджет дифициті (профицит)

  2. Дефицитті қаржыландру (профицитті пайдалану)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет