ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Стандарттау» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар


Дәріс № 26 Тақырыбы: Стандарттау және маркетинг



бет7/10
Дата17.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#141654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дәріс № 26 Тақырыбы: Стандарттау және маркетинг

1 Стандарттау

2 Маркентиг

Стандарттау(үлгіқалыптау) (ағылш. standardization) — есептеуіштехниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т.б. тағайындау және қолдану; қазіргі уақытта қолданылатын немесе потенциалды мақсаттарға байланысты жаппай және дүркін-дүркін қолдануға арналған ережелерді іске асыру арқылы белгілі бір салада тәртіпке салудың оптималды дәрежесіне жету үшін бағытталған іс-әрекет.

  1. Стандарттау адамдар қоғамының дамуымен және адамдар жасаған еңбек қызметтерінің ең сәтті нәтижелерінің қайта пайдаланылуы мақсатымен оларды еске сақтауға деген талпынысымен түтас байланысты.

  2. Стандарттау бойынша қызмет үлгілері болатын стандарттық диаметрлі су жүргізу қүбырларының және стандарттық мөлшердегі қүрылыс бөлшектерінің өлшем жүйесінің бірлігін Ежелгі дәуірде қолдану.

  3. Стандарттау әлемнің қай географиялық, экономикалық және саясаттық аймағы стандартты қабылдағанға байланысты әр түрлі деңгейде жүзеге асады.

  4. Стандарттау бойынша жұмыстардың көлеміне байланысты ол халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және ұлттық бола алады.

  5. Халықаралық стандарттау - бұл кез - келген елдің сәйкес келетін органының қатысуына жол берілетін стандарттау бойынша жұмыстар.

  6. Қатысушы елдердің тікелей, дайындау немесе ұлттық стандарттарды қайта қарау кезінде пайдаланылатын халықаралық стандарттар, халықаралық стандарттау бойынша жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

  7. Мемлекетаралық стандарттау - бұл мемлекетаралық мүдделерді көрсететін нысандар стандарты бойынша қызмет.

  8. Аймақтық стандарттау - бұл әлемнің бір ғана географиялық, саясаттық немесе экономикалық аймағы елдерінің сәйкес органдары үшін мүмкіндік беретін стандарттау.

  9. Аймақтық және халықаралық стандарттау-халықаралық ұйымдар мен соған сәйкес аймақтарда ұсынылған ел мамандарымен жүзеге асырылады.

  10. Ұлттық стандарттау - нақты бір мемлекеттегі стандарттау. Сонымен қатар ұлттық стандарттау мемлекеттік, салалық, ассоциациялық, өндірістік фирмалар және кәсіпорындар мен мекемелер деңгейінде жүзеге асырыла алады.

  11. Мемлекетаралық стандарттау - бұл мемлекетаралық мүдделерді көрсететін нысандар стандарты бойынша қызмет.

  12. Аймақтық стандарттау - бұл әлемнің бір ғана географиялық, саясаттық немесе экономикалық аймағы елдерінің сәйкес органдары үшін мүмкіндік беретін стандарттау.

  13. Аймақтық және халықаралық стандарттау-халықаралық ұйымдар мен соған сәйкес аймақтарда ұсынылған ел мамандарымен жүзеге асырылады.

  14. Ұлттық стандарттау - нақты бір мемлекеттегі стандарттау. Сонымен қатар ұлттық стандарттау мемлекеттік, салалық, ассоциациялық, өндірістік фирмалар және кәсіпорындар мен мекемелер деңгейінде жүзеге асырыла алады.

  15. Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңына сәйкес стандарт - ереженің жалпы және бірнеше рет пайдалануға арналған қызметінің әр түріне немесе олардың нәтижелеріне қатысты жалпы принциптер мен сипаттамалар белгіленетін екі жақты мүдделердің негізінде дайындалған құжат.

  16. "Стандарттау - белгілі бір саладағы реттеудің оптималды деңгейіне қол жеткізуге бағытталған ғылым, техника және экономика салаларында қайталантын міндеттерге арналған шешімдерді табудағы қызмет ".

  17. Стандарттау бойынша нормативті құжат - бүл стандарттау немесе оның нәтижелері бойынша әр түрлі қызмет түрлеріне қатысты норма, сипаттама, принциптер мен ережелерді белгілейтін құжат.

  18. Стандарттау жүйесі - бұл өнімге, процеске, жұмысқа және қызметтерге деген талаптарды белгілейтін стандарттау мен нормативті құжаттар қатысушыларының жиынтығы.

  19. Стандартқа деген басты талап - оның сертификаттау мақсаттары үшін қажеттілігі болып табылады.

  20. Мәтін бойынша нақты ажыратылған міндетті талаптар мен олардың нысанды түрде тексерілуінің әдістерін мазмұндайтын стандарттар, көрсетілген талаптарға жауап береді

  21. Әлеуметтік және техникалық - экономикалық мақсаттарға жету үшін, стандарттар белгілі бір қызметтерді орындайды.

  22. Реттеу қызметі - ақылға сыймайтын нысан (өнім, құжат және т.б. номенклатурасы) түрлерін жеңу. Ол жеңілдетілу мен шектелуге келіп тіреледі. Неғұрылым нысан реттелген сайын, соғұрылым қоршаған заттық немесе өзіндік талаптары мен заңцары бар табиғи ортаға жақсы үйлеседі.

  23. Қорғау (әлеуметтік) қызметі - өнім (процесс, жүмыс, қызмет)
    тұтынушыларын, дайындаушылар мен мемлекетті, техногендік әсерден қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.


  24. Өркениеттендіретін қызмет - өмір сапасын қүрайтын өнім (процесс,жүмыс, қызмет) сапасының жоғарылауына бағытталған. Мысалы, халықөмірінің ұзақтығы, өз кезегінде елдің даму немесе өркениеттену деңгейіне әсер
    ете отырып, тұтынушы тауарларына деген нормативтік құжаттардағы қауіпсіздік талаптарының қатаңдығына тікелей байланысты.


  25. Коммуникациялық қызмет- адамдардың, оның ішінде мамандардың өзара пікір алысуы мен қызметтік қарым - қатынастарын қамтамасыз етеді.Аталмыш қызмет саудадағы тосқауылдарды жеңуге, сондай - ақ ғылыми -
    техникалық және экономикалық қызметтестікпен бірлесе жұмыс жасауға бағытталған.


  26. Ақпараттық қызмет- қызметтің әртүрлі саласының техникалық және басқару ақпараттарына ие нормативті құжаттар, каталогтар және эталондармен
    қамтамасыз етілуінде көрініс табады.


  27. Нормалы шығармашылық және құқықты қолдану қызметі талаптардың стандартталу нысаны мен олардың жалпы қолданылуының
    заңдастырылуында көрініс табады.


  28. Қор сақтандырушы қызмет-материалдық,қуаттық, еңбектік және табиғи қорлардың шектелуімен негізделіп, қорлардың шығындалуына арналған
    шектеулері бар нормативті қүжаттардағы шешімдерде көрініс табады.


2Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚өткізу‚сауда)  кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.

Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. 

Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады

  • Маркетингтік зерттеулер –бұл өнім сапасын қамтамасыз етудегі керек зерттеулер, ал стандарттау сапаны басқарудың бір құралы.

  •  Маркетингтік зерттеу нысандары бұл-тауар, тұтынушы, нарық сыйымдылығы, сұраныс, бәсекелестік жағдайлары, нарық сегментациясы.

Зерттеулердің ең маңыздысы бұл-нарық сыйымдылығын анықтау (1 жылда сатылған тауар көлемі), осының арқасында осы нарықта тауардың қанша көлемін сатуға болатынын білу.

  • Маркетингтік зерттеулерде баға саясаты, жарнама, сату әдістерін жақсарту, сонымен қатар келесі сұраныс факторлары демографиялық (халық саны, туу деңгейі, жас құрамы); әлеуметтік (халықтың білім деңгейі, мамандық құрамы); психологиялық (сату мотивациясы, сатып алу мақсаты) бойынша зерттеулер жүргізіледі.

Сұраныс характерін білу керек (өсетін, тұрақсыз).

  • Нарықтағы бәсекелестік компанияларды және нарықтағы бәсекелестікті білмейінше жоғары бәсекелі тауарды дайындау мүмкін емес. Қазіргі нарыққа баға бәсекелестігі тән емес, қазіргі нарықта сапа бәсекелестігі болып жатыр.



Бағалық емес бәсекелестікке  тауардың келесі көрсеткіштері жатады:

  •  сапа және сенімділік

  •  жақсы дизайн

  •  техникалық-экономикалық көрсеткіштері

  •  жоғары экологиялық көрсеткіштері

  •  өнім қауіпсіздігі.

Маркетингте тауар ғана емес, сонымен қатар маркетинтік зерттеулер де стандартталуы керек. Маркетинтік зерттеулерді стандарттаудың мақсаты-нарықты зерттеу әдістерін оптимизациялау және процедураларды унификациялау. 

Қызмет көрсету саласындағы стандарттау  келесі қызметтерді қамтиды:

  •     қонақ үй шаруашылығы

  • туризм

  •  жүк және адамдарды тасу қызметі

  •  байланыс

  •  білім беру

банк қызметі.

  • Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402). Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды:объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек.

  • Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы. Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары.

  • Тауар - ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып алу - сату келісімі бойынша өтетін кез келген зат.

  • Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде «өмір сапасын» алуға болады. Шетелдерде, ал соңғы кезде біздің елімізде де, тұтынушылардың мүддесі мен құқығын қорғау мәселесін осы өмір сапасы тұрғысынан қарастырады. Бұл ұғым адамның қажеттілігін қамтамасыз етудің көптеген жағдайларын қамтиды: тауар мен қызмет көрсету сапасын, қоршаған ортаны қорғау, адамның денсаулығын сақтау, білім беру сапасын және басқалар. Оқулық та сапа коммерцияға, оның негізгі объектілері - өнімге (тауарға), процеске және қызмет көрсетуге қатысты қарастырылады.

  • Өнім - процестің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі.

  • Сапаның екінші элементі - қажеттілік. Қажеттілік сатылы түрде болады. Оның төменгі сатысында тамақ өнімдерінің көмегімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздікке қажеттілік.

  • Сатының жоғары деңгейінде эстетикалық қажеттілік, шығармашылықтағы қажеттілік орналасады. Бүгінгі күнде ішкі, әсіресе сыртқы рынокта бәсекеге түсу үшін тұтынушылардың бағалауларындағы өзгерістерді уақытылы болжап, келешектегі қажеттілікті біліп отыру керек.

  • Сапаның үшінші элементі - көрсеткіштер. Көрсеткіштер сапалық және сандық болып екіге бөлінеді.

  • Сапалық көрсеткіштер - материалдың түсі, бұйымның түрі, т.б.

  • Сандық көрсеткіштер (параметрлер) тауарды қолдану шеңбері мен жағдайын анықтау және сапаны бағалау үшін қолданылады.

  • Сапа көрсеткіші - тауар сапасына жататын бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы.

Дәріс № 27

Тақырыбы:Стандарттау қызметтері.

Стандарттаудың негізгі мақсаты- оптималды деңгейдің белгіленген ережелердің, талаптардың, нақты әрекет ететін, жоспарланатын потенциалдық міндеттердің кең және бірнеше рет пайдаланылу әдісімен белгілі бір салада реттелуі болып табылады.

  • Стандарттау бойынша қызметтің алғашқы нәтижесі- өнім, қызмет, процесс және жұмыстардың олардың қызметтік міндеттеріне сәйкес келуі, халықаралық тауар айналымында техникалық кедергілердің жойылуы, ғылыми - техникалық прогреске және әркелкі салалардағы қызметтестікке сәйкес келу деңгейінің өсуі тиіс.

  • Стандарттау мақсаттарын жалпы және тар уақымды, сондай - ақ нақыт және сәйкестікті қамтамасыз етуге қатысты деп бөлуге болады.

Жалпы мақсаттар ең алдымен "стандарттау" түсінігінен туындайды. Стандарттауға арналған жалпы мақсаттардың нақтылануы міндетті болып табылатын стандарттар талаптарының орындалуымен байланысты

  • өнімнің қауіпсіздігің, процесті, (жұмысты), адамдардың өмірі мен
    денсаулығына қызмет көрсетуді, мүлікті, қоршаған ортаны сақтауды;


  • саудадағы техникалық кедергілерді, ішкі және сыртқы нарықтағы өнім
    және қызмет бәсекелестігі қабілеттілігін жоюды;


  • техникалық және ақпараттық сәйкестік, сонымен қатар өнімнің өзара
    алмастырылуын;


  • материалдық сиымдылық, қуат сиымдылығы және еңбек сиымдылығының төмендеуі үшін, аз қалдықты технологияларды қолдануды қамтамасыз ету үшін техникалық процестерге арналған талаптардың
    белгіленуі;


  • жүйесінің пайда болуы мен жүргізілуі және техникалық - экономикалық және әлеуметтдк ақпараттардың кодталуы;

  • мемлекет аралық және мемлекеттік әлеуметтік - экономикалық және ғылыми - техникалық бағдарламаның (жобаның), және инфрақұрылымдық кешендердің (көлік, байланыс, қорғаныс, қоршаған ортаның қорғалуы, тіршілік ету ортаны бақылау, халықтың қауіпсіздігі және т.б.) нормативтік түрде қамтамасыз етілуі;

  • материал және шикізат бұйымдарын жинақтайтын өнімдер және олардың элементтерінің сипаттамалары мен көрсеткіштерінің байланысы және келісілуі;

  • параметрлік және өлшем типтес қатарлар, базалық жинақтық,бұйымның жинақталған және унификацияланған блоктық - модульдік құрама
    бөлшектерін қолдану мен белгілеу негізіндегі унификация;


  • метрологиялық нормалар, ережелер, қағидалар және талаптардың белгіленуі;

  • бақылау (сынақтан өткізу, сараптау, өлшеу), сапа бағасы және өнім сертификатының, процестің (жұмыстың), қызметтердің нормативті -техникалық қамтылуы;

  • әзірлеуші, дайындаушы, сатушы және тұтынушы (тапсырыс беруші) арасындағы өзара түсінушілікті қамтамасыз ету;

  • наменклатураға және өнім сапасына, процестерге (жұмысқа) мемлекет және тұтынушы мүдделеріндегі қызметтерге, сонымен қатар,

  • адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігне , мүлігіне қоршаған ортаны сақтауға оптимальды талаптарды белгілеу;

  • сәйкестік бойынша талаптарды белгілеу (конструктивтік, электрлік,электрмагниттік, ақпараттық, бағдарламалық, т.б.), сонымен қатар өнімнің өзара ауыстырылуы;

  • ғылыми - техникалық прогресс дамуының деңгейіне сәйкес өнім, процесс және жұмыс сапасын;

  • өнім, процесс (жұмыс) қызмет сапасы және қауіпсіздігі мәселесіндегі тұтынушылар мүдделерінің қорғалуын;

  • өлшем бірлігін;

  • қордың барлық түрлерінің тиімді пайдаланылуының сақталуын;

  • түтынушыларды номенклатура және өнімнің негізгі көрсеткіштері
    туралы мәліметпен қамтамасыз ету үшін каталогизация жүйесінің қүрылуы;


  • стандарттау әдісімен және құралдарымен Қазақстан Республикасының заң шығару орындарымен бірлесе әрекет етуі;

  • бақылау (сынақтан өткізу, сараптау, өлшеу), сапа бағасы және өнім
    сертификатының, процестің (жұмыстың), қызметтердің нормативті -техникалық қамтылуы;


  • материалдық сиымдылық, қуат сиымдылығы және еңбек
    сиымдылығының төмендеуі үшін, аз қалдықты технологияларды қолдануды
    қамтамасыз ету үшін техникалық процестерге арналған талаптардың
    белгіленуі;


Стандарттаудың негізгі принциптері:

  • келісім;

  • ашықтық;

  • еріктілік;

  • стандарттау саласындағы отандық және шетелдік өндірушілер мен
    жеткізушілер үшін бірдей талаптар;


  • экономикалық мақсатқа лайықтылық;

  • ♦ стандарттау дамуының жүйелілігі және кешенділігі;

  • ♦ стандарттардың динамикалығы және озық дамуы;

  • ♦ өнімнің (қызметтің) қауіпсіздігіне, бірлігіне және өзара ауысуының қамтамасыз етілуіне жағдай жасайтын стандарттардың жасалу басымдылығы;

  • ♦ үйлесімділік;

  • ♦ стандарттар ережесінің қалыптасу нақтылығы болып табылады.

  • стандарттарды актуалдандыру;

  • стандарттау, сетрология және сертификаттау  (сәйкестікті растау) бойынша жұмыстарды ақпараттық қолдау;

  • техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың, бастапқы ұлттық стандарттар мен ұйымдардың стандарртарының жобаларын әзірлеу кезінде тәжірибелік және әдістемелік көмек;

  • стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың жобаларына пікірлер дайындау;

  • Қазақстан Республикасы ұйымдары стандарттарының жобаларын бекіту алдында тексеру;

  • өнімдердің каталогтық парақтарын (ӨКП) жасау немесе тексеру;

  • өнімдерді таңбалауды өткізу немесе тексеру;

  • мәтіндер мен стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың жобаларын аудару;

  • кәсіпорындарды аймақтық және республикалық конкурстарға қатысуға – «Қазақстанның ең үздік тауары» көрмесі және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін дайындау;

  • өнертабыстарға, өндірістік сынамаларға, пайдалы модельдерге, тауарлық белгілерге қорғау құжаттамаларын алуға құжаттарды даярлау бойынша жұмыстар (Орал қаласы);

  • кәсіпорындардың өтінімі бойынша семинарларды, дөңгелек үстелдерді, шығармашылық кештерді өткізу бойынша техникалық қызметтер көрсету (Қостанай);

  • кәсіпорындарды «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі (Орал қаласы) бойынша сайысқа қатысуларына дайындау;

  • өнім сапасын сараптық бағалау (Алматы);

  • қауіпсіздік паспорттарын әзірлеу және сараптау (Алматы);

  • өлшеулерді орындаудың әдістемелерін метрологиялық аттестаттауға арналған.

  • кәсіпорындардың өтінімі бойынша түптеу-брошюралау жұмыстарын жүргізу, құжаттардың көшірмелерін, буклеттерді, брошюраларды, жазба белгілерді (нақтырағында, өздігінен жабысатын), кафе мен мейрамханалардың ас мәзірлерін, ашық хаттарды, грамоталар мен мерейтойлық ашық хаттарды және басқа да полиграфиялық өнімдерді жасау (Астана, Қостанай, Орал).

Стандарттарды актуалдандыру

  • Актуалдандыру – өтініш берушіге олардың әрекеттері, құжаттардың әрекеттерін шектеу, ауыстыру немесе күшін жоюы, өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы хабарлау арқылы стандарттарды жұмыстық күйінде сақтау үдерісі. Міндетті актуаландыру жылына 1 рет Стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың сілтемелеріне сәйкес жүргізіледі. Стандарттау бойынша актуалдандырылмаған нормативтік құжаттар кәсіпорынның жұмысына жіберілмейді.

 

  • «ҰССО» АҚ-ның әр филиалында мамандарға көмек ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлығына арналған қағаз түріндегі және электронды тасымалдағыштардағы 30 мыңнан астам құжаттары бар анықтамалық-ақпараттық қор берілді.

Дәріс № 28

Тақырыбы:Экологиялық стандарттау.

Стандарттаудың экономикалық тиімділігі ғылыми-техникалық процесстің экономикалық  тиімлігінің немесе жаңа техниканың тиімділігінің бөлігі.
    Стандарттау өндіріс процесінің элементтеріне және заттарының, еңбек құралдарының, технологияның жетілуіне әсер етеді.
    Өнімнің барлық өмірлік циклында/ жобалау, әзірлеу айналымы мен тұтыну немесе пайдалану / стандарттаудың экономикалық тиімділігін есептеу кезінде стандарт әсері ескеріледі.


Жобалау кезінде экономикалық тиімділікті есептеу барысында жобалау жұмысының көлемін, еңбек сиымдылығын, жобалаудың  уақыт мөлшері мен құны ескеріледі. Ол үшін:
-конструкторлық-жобаның жұмысты ұйымдастыру жақсарту;
-стандартты техникалық құжаттарды көп мәрте қолдану;
-есептеудің стандартты әдісін қолдану;
-көшірме жұмысының көлемін азайту;


-техникалық архиватордағы сақталатын құжаттар көлемін иазайту;
-стандарт жобасына сәйкес жобаларды өндіруге арналған шығындарды азайту;
-жаңадан шығарылатын техникалық құжаттарды келістірудің және бекітудің уақытын қысқарту жұмыстары жүзеге асырылуы тиіс.


Өндіріс кезеңіндегі экономикалық тиімділікті есептеуде анықталатындар:
-материалды сиымдылықты азайту;
-арнайы өндіріс кәсіпорындарынан алынатын қосалқы бөлшектерді қолдануды көбейту;
-үйлестіру;
-қор сиымдылығын азайту;
-жанар май электр энергиясының шығын үлесін қысқарту.


Айналым және пайдалану кезінде экономикалық тиімділікті есептеу барысында тұтынушылар шығынын азайту ескеріледі.

Ол үшін:
-өнімді сақтау және тасымалдау шығынын қысқарту;
-өнім сапасын және техникалық деңгейін жоғарылатуды;
-бір стандартты заңмен бірнешеуін алмастыру қажеттілігін;


-заттық қызмет көрсету уақытын ұзартуды;
-заттың сенімділігін жоғарылатуды;
-қосалқы материалдарды, суды, жанар майды тұтынуды және энерго сиымдылықты азайтуды;
-қызмет көрсетуші мамандардың саныны азайтуды;
-жөндеу жұмыстарының құнын төмендетуді.


Уақыт кезеңіне байланысты экономикалық тиімділіктің мына түрлерін ажыратуға болады:
-жылдық;
-стандарт қызметін уақыты аралығында шығарылған стандартталған өнімдерді өндірудің барлық жылдарындағы.
  


 Жаңа техникаға қолданылатын тиімділіктің мына түрлері ажыратылады:
-өнімнің жылдық шығарылу тиімділігі;
-жаңа техниканың жылдық шығарылудағы бір жылдық қызметтің тиімділігі;   
-жаңа барлық қызмет уақытындағы тиімділігі;
-жаңа техниканың жылдық орта тиімділігі;
-жаңа техниканың барлық өндірісінің жылдық тиімділігін жинақтайды.


Соңғы уақытта экологиялық ақуалдар, қоршаған ортаны қорғау проблемалары өте маңызды мәселеге айналып отыр. Экологиялық проблемалар әлемдік қауымдастықтар үшін де негізгі орынды иеленуде, оның бір бөлігі Киот хаттамасын дайындауда келтірілген, яғни барлық қол қойған елдер өндірістік газдардың шығуын 8%-ға төмендетуді жоспарлауды көздеп отыр. Көптеген елдердің заңдарында атмосфераға электромагниттік сәулелердің, шулардың, газдардың шығу деңгейі қатаң шектеледі.

Бұлардың барлығы стандарттау саласында байқалуда, әсіресе, олардың көп бөлігі экология мен табиғатты қорғауға арналған.

Тек Еуропа елдерінде экология саласында 90-нан аса директивтер қабылданған.

Директивтердің бағыттарына:

  • Еуропалық Одақтың (ЕО) басты саясаты бойынша – өнеркәсіптерде ластануды бақылау құндылығын бағалау әдістері, табиғатқа тиетін өнеркәсіптік жобалардың әсерін бағалау;

  • Су бойынша – өзендерді, теңіздерді, көлдерді және басқа су ұңғымала-рын ластанудан қорғау, ауыз су сапасы және өндіріс қалдықтарын су ұңғымаларына тастау мәселелері, су флоралары мен фауналарын қорғау бойынша іс-шаралар;

  • Ауа мен өндірістік тәуекелділіктерде – кейбір заттардың қолданылуын шектеу, ауа бассейнінің тазалығын қорғау, ауадағы зиянды заттардың нормаларын анықтау

  • Өндіріс қалдықтары бойынша –қолданылған суларды тазалау, қоқыс-тарды жою, қауіпті заттарды тасымалдау және оларды сақтау;

  • Шу бойынша – тұрмыстық құралдардың, транспорт құрылғыларының, өндірістік қондырғылардың шу деңгейін қалыпқа келтіру жатады.

  • ЕО-да бұйымның (қызметтің) экологиялық қауіпсіздігінің белгісі енгізілген. Ол тұтынушыны бұйымның экологиялық қауіпсіздігі туралы ақпараттандырады. Белгі қолдануға қауіпсіз, бірақ рұқсат етілген дозадағы қауіпті заттар болуы мүмкін дәрілерге, сусындарға және азық–түлік тағамдарына қойылмайды.

  • Экологиялық стандарттауда маңызды орынды ИСО алады. 1993 жылы оның құрылымында «экологиялық басқару» техникалық комитеті құрылды.

  • ИСО жұмыстың ең өзекті стратегиялық бағыттарын бөлектей отырып, өз міндеттерін анықтады. ИСО техникалық қызмет көрсету аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Халықаралық стандарттаудың тез өсіп келе жатқан саласы ретінде 9000 сериялы ИСО стандарттары кеңінен қолданылатын болатын бұрынғыдай қызмет көрсетулер болып келеді.

  • ИСО 9000 халықаралық стандарттарының пакетінде сапаны басқарудың әлемдік тәжірибесі жинақталған.

  • ИСО 9000 халықаралық стандарттарының пакетінде сапаны басқарудың әлемдік тәжірибесі жинақталған.

Бүгін осы серияның стандарттау объектілері айтарлықтай кеңейді және тек қана сапа жүйесінің элементтерін, оларды таңдау белгілерін және сапаны қамтамасыз ету модельдерін ғана емес, сондай-ақ қолданыстағы сапа жүйелерін тексеру тәсілдерін, сараптамашы-аудиторлардың біліктілік сипаттамаларының белгілерін де қамтиды.

  • Қызмет көрсетудің, қайта өңделетін материалдардың, бағдарламалық қамтамасыз етудің сапасын басқару бойынша халықаралық стандарттар қабылданды. Әдістемелік аспектте айтарлықтай жұмыстар жасалды: сапаны қамтамасыз ету жүйелерін жеке құрайтындардың мағынасын түсіндіретін жетекші нұсқаулар қатары қабылданды.

  • ИСО 9000 халықаралық стандарттары сапа нұсқауларына жауапкершілік дәрежесін белгілейді.

29-30 дәріс Стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдар


Дәрістің мазмұны:

1 Стандарттау жөніндегі халықаралық ИСО ұйымы

2 Өңірлік ұйымдар
1 Халықаралық байланыстардың үздіксіз кеңейе түсуі, стандарттаудың жеке мемлекет шеңберінде шектеліп қалуына мүмкіндік бермейді. Түрлі елдердің саудалық, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықта жетістіктерге жетуіне, бірінші кезекте халықаралық стандарттаудың маңызы орасан. Халықаралық стандарттарды өзірлеу қажеттілігінің әбден көзге көріне түсу себебі халықаралық сауданың осу қарқыны үлттық экономиканың дамуынан 3-4 есе асып түрса да әлемдік нарыққа үсынылған бірдей енімдердің үлттық стандарттарындағы айырмашылықтар халықаралық сауданың дамуына кедергі бола берді.

Мысалы, откен ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ пен көп-теген басқа елдердің теледидар стандарттарының айырмашы-лықтары болуына байланысты АҚШ өз теледидарларын экспортқа шығарудан бас тартты. Голландияның «Филипс» фир-масына импорт алатын ел талаптарын қанағаттандыру үшін бір радиоқабылдағыштың 12 вариантын (кернеу, жиілік, тоқ-тың күші және т.б. бойынша) жасау қажет болды. Тіпті бір кездері фирманың конструкторлық схеманы ауыстырып көп-теген қосымша бөлшектер, бақылау-өлшеу құралдарын пайдалануына тура келді.Ол әрине көп уақыт пен қаражат жұмсауына әкеліп соқты.

Бірыңғай өлшем жүйесі - метрлік жүйені қабылдауға дей-ін, бүрынғы еліміздің орман ағашын Англияға экспорттау-ында кеп қиындықтар болды, себебі ол елде дюймдік елшеу жүйесі қолданылатын. Сондықтан бірқатар ағаш дайындайтын көсіпорындар жүмыстары дюймдік жүйеге мамандануы-на тура келді. Тек Англия метрлік өлшеу жүйесін қабылдағанда ғана ол қиындықтар жойылды.

Халықаралық сауданың күрделі мәселйлерін шешуде стан-дарттаудың коммуникативтік қызметі (функциясы) нақты көрінеді. Халықаралық стандарттау адам, энергия және ақпараттардың араласуына ықпал жасайды, сондықтан халықаралық стандарттарды нарықты ашатын кілтпен теңестіруі кездейсоқтық емес.

Стандарттау ауқымындағы халықаралық ғылыми-техни-калық ынтымақтастықтың негізгі міндеті - үйлесімділік. Яғни, стандарттар деңгейін отандық енім сапасын және оның әлем-дік нарықтағы бәсекеге қабілеттігін көтеру мақсаттарында ұлттық стандарттау жүйелерін халықаралық, аймақтық және шетелдік алдыңғы қатарлы үлттық стандарттау жүйелерімен үйлестіру.

Халықаралық ынтымақтастық стандарттаудың халықаралық және аймақтық ұйымдар бағытында атқарылады.

Халықаралық стандарттау төңірегінде Халықаралық стандарттау үйымы (ИСО), Халықаралық электртехникалық комиссия (МЭК), Халықаралық электрбайланыс одағы (МСЭ) және басқа да кептеген ұйымдар жүмыс атқарады.

ИСО - Халықаралық стандарттау ұйымы

Ұйым 1947 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. ИСО-ның стандарттаудагы қызмет аясы өте кең, бірақ оған МЭК құзыретіне жататын электроника мен электртехникалары ғана кірмейді. ИСОжүмысына 120-данасаелдерқатысады. КСРО ұйымды алғашқы қалаушылардың бірі болды. ИСО-ның қаражат қоры мүше-елдер жарнасы, стандарттар мен басқа басы-лымдар сату, сондай-ақ қайырымдылықтардан қүралады. ИСО басшы органдары - Бас ассамблея, ИСО Кеңесі, Кеңес комитеттері, Техникалық комитеттер және Орталық хатшылық; ИСО-ның жоғары органы - Бас ассамблея.

Бас ассамблея - мүше-комитеттермен тағайындалған лауазымды тұлғалар мен делегаттар жиналысы. Әр мүше-комитеттен үшеуге дейін делегат қатысуға құқылы, бірақ олардың бақылаушылары еріп барады. Мүше-корреспонденттер мен мүше-абоненттер бақылаушы ретінде қатысады.

Бас ассамблеяның сессия аралық кезеңінде үйымның жүмы-сынастандарттау жөніндегі үлттықүйымдардыңөкілдері кіретін Кеңес жетекшілік жасайды. Кеңес қарамағында ИСО техникалық комитеттеріне басшылық жасайтын атқарушы бюро қүрылған.

Халықаралық стандарттар жобаларын техникалық комитет шеңберінде іс-әрекет жасайтын тікелей жүмысшы топтары әзірлейді.

ИСО өз міндеттерін тауарлар және корсетілетін қызметтермен халықаралық алмасуын қамтамасыз ету, сондай-ақ интеллектті, ғылыми-техникалық мен экономикалық салалардың ынтымақтастығын дамыту мақсатында дүниежүзінде стандарттауды және стандарттаумен сабақтас қызметтер түр-лерін дамытуға ықпал етумен анықтайды.

Стандарттаудың негізгі нысандары мен стандарттар мел-шері (жалпы мөлшерден алынған %-ы) үйым мүдделерінің кең диапазонын сипаттайды:

Машинажасау-29; Химия- 13; Металемес материалдар ;Кендер мен металдар; Ақпараттық техника-8; Ауыл шаруашылығы-8; Қүрылыс-4; Арнайы техника-3; Денсаулық сақтау мен медицина-3; Негіз қалаушы стандарттар -3; Қоршаған орта- 3;Тауарларды буып-түю мен тасымалдау-2;

ИСО стандарттары әлемде өте кең көлемде пайдаланылады. Олар 100 млн асады, ал жыл сайын 500-600 стандарттар қайта қаралып және қабылданып жатады.

Техникалық комитеттер (ТК) - жалпы техникалық комитет және техниканың нақты саласында жүмыстар атқаратын ко-митеттерге бөлінеді. Жалпы техникалық комитет (ИСО-да олар 26) жалпы техникалық және салааралық міндеттерді ше-шеді. Оларға, мысалы, «Өлшем бірліктері» 12ТК, «Үнамды сандар» 19ТК, «Терминология» 37ТК жөне тағы басқа коми-теттер жатады. Техниканың нақты салаларында жүмыстар ат-қаратын ТК (140 жуық), мысалы, «Автомобильдер» 22ТК, «Станоктар» 39ТК және тағы басқалары кіреді. Атқаратын қызметтері саланы (химия, авиациялық және ғарыштық тех-ника және тағы басқалар) түгелдей қамтитын техникалық ко-митет бөлімдер мен жүмысшы топтарын үйымдастырады.

ИСО-ның әр мүшесі мүдделілік дәрежесіне қарай өр тех-никалық комитет жүмысына езінің қатысу статусын анықтайды. Олар бақылаушы ретінде де белсенді мүше болуы керек. Халықаралық стандарт жобасы техникалық комитеттің белсенді мүшелерінің кепшілігінен (75%) қүптау алса, онда ол қабылданды деп есептелінеді.

Қазір шамамен 11 мың ИСО халықаралық стандарттары қолданыста. ИСО халықаралық стандарттарының 75% негіз қалаушы стандарттар, немесе сынау әдістерінің стандарттары.

Халықаралық стандарттау төжірибесінде енім стандарт-тарын әзірлеудегі негізгі күш өнімге бірыңғай сынау өдістемелерін, маркілеу, терминдеу талаптарын орнату, яғни енімді қай ел өндіретіні мен пайдаланатынынақарамай дайындаушы мен түтынушының езара үғынулары оларсыз мүмкін еместей болатын аспектілерге аса көңіл белу болып табылады. Со-нымен қатар, халықаралық стандарт енімнің адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігі, өзара ауыстырымдылығы мен техникалық сыйысымдылығына қатысты талаптарын қою. Нақты енім сапасына қойылатын басқа талаптарға келетін болсақ, онда оларды халықаралық стандарт-тың белгілеуі қажет емес. Түтынушылардың түрлі категория-лары үшін нақты енім сапасының нақты нормасы тікелей келісім-шарттағы (контракт) баға арқылы қалпына келтіріледі.

ИСО-ның жалпы техникалық және салааралық техникалық комитеттер қызметтерінің нәтижелерін қарай отырып халықаралық өлшем бірлігі жүйесін әзірлеуі, бүрамның метрлік жүйе-сін, барлық келік түрлерімен жүк салатын контейнерлердің стандарттық размері мен конструкциясы жүйесін қабылдауы оның үлкен жетістіктері екенін атап ету керек. Қазіргі кезде 1979 жылы қүрылған «Сапаны қамтамасыз ететін жүйелер» 176ТК-нің жүмысы ерекше кеңіл аудартады. Оның міндетіне сапаны қамтамасыз ететін жүйе жасаудың негіз қалайтын принциптерін стандарттау мен үйлестіру кіреді. 1987 жылы кәсіпорындардағы енім сапасы мөселелерін шешудің бірыңғай жолына бағытталған 9000 сериялы ИСО-ның терт стандартының бірінші үқсамы, ал 1994 жылы езгертулер енгізуден кейін - екінші, ал 2000 жылы келесі үқсамы жарияланды.

ИСО Кеңесіне жеті комитет- ПЛАКО,, СТАКО, КАСКО, ИНФКО, ДЕВКО, КОПОЛКО және РЕМКО кіреді.

СТАКО халықаралық стандарттар әзірлеу принциптері мен әдістемелері бойынша ИСО Кеңесіне әдістемелік және ақпарат-тық комек жасауға міндетті. Комитет күшімен берілген салада қолайлы нәтижелерге жету бойынша үсыныстар дайындау мен стандарттаудың негіз қалаушы принциптерін зерттеу жүргізіледі. Сонымен қатар, СТАКО терминология мен сауданы дамыту үшін халықаралық стандарттар пайдалану женінде семинарлар үйымдастырумен айналысады.

ПЛАКО жүмыстың техникалық жақтарын үйымдастыру мен үйлестіру бойынша ИСО жүмыстарын жоспарлау жөнін-де үсыныстар дайындайды. ПЛАКО жұмыстарының сферасынатехникалық комитеттерді қүру мен тарату жөніндегі үсы-ныстарды қарау, комитеттердің айналысуы қажет стандарттау ауқымын анықтау кіреді.

КАСКО - өнім, көрсетілетін қызмет, процестер және сапа жүйелерінің стандарттар талаптарына сәйкестігін мақүлдау мәселелерімен айналысады, осы іс-әрекеттердің тәжірибесін зерттейді және ақпаратты талдайды. Комитет өнім, көрсеті-летін қызмет, сапа жүйелерінің сәйкестігін бағалау (серти-фикаттау) мен сынаулар, сертификаттау жөніндегі сынау зерт-ханалары мен органдарының қүзыреттілігін растау бойынша нүсқаулар әзірлейді. КАСКО жүмыстарының маңызды аясы - үлттық және аймақтық сертификаттау жүйелерін өзара мойындау мен қабылдау, сондай-ақ сынау мен сәйкестікті мақүлдау төңірегінде халықаралық стандарттарды пайдала-нуға ықпал ету.

КАСКО мен МЭК бірлесіп ИСО мен МЭК мүше-елдері кеңінен пайдаланып жатқан сертификаттаудың түрлі аспек-тілері жөніндегі бірқатар нүсқауларды өзірледі. Ол қүжаттар-дағы келтірілген принциптер үлттық сертификаттау жүйелер-інде ескерілді және де түрлі аймақтардағы елдердің сауда-экономикалық байланыстарында өзара жеткізілетін өнімдер сәйкестігін бағалау жөніндегі келісімдер үшін негіз болды. Сонымен қатар КАСКО сынау зертханаларын аккредиттеу мен аккредиттейтін органдар жүмыстарының сапасын бағалау бойынша аудиторларға жалпы талаптар дайындау және өнім мен сапажүйелері сәйкестігі сертификаттарын өзара мойын-дау мәселелерімен айналысады.

ДЕВКО дамып келе жатқан елдердің стандарттау төңіре-гіндегі сүраныстарын зерттейді және сол елдердің осы сала-сына ықпал етуге үсынымдар әзірлейді.

ДЕВКО-ның басты функциясы:

- дамып келе жатқан елдерде стандарттаудың барлық ас-пектілерін кең көлемде талқылаулар үйымдастыру, дамыған елдердің тәжірибелерін алмасуға жағдайлар жасау;

- дамыған елдердің түрлі оқып-үйрету орталықтары база-сында стандарттау жөнінде мамандар даярлау;

- дамып келе жатқан елдердегі стандарттаумен айналысатын үйымдар мамандарын тәжірибе жинақтауғажіберуге ықпал ету;

- дамып келе жатқан елдер үшін стандарттау жөнінде оқу қүралдар дайындау;

- стандарттау және метрология төңірегінде өнеркәсібі да-мыған елдер мен дамып келе жатқан елдердің екі жақты ын-тымақтастығының дамып-жетілуіне себепші болу. Бүл бағыт-тарда ДЕВКО БҮҮ-мен қызметтес болып келеді. Біріккен әрекеттердің, әсердің нәтижелерінің бірі халықаралық оқыту орталықтарын қүруы мен оның қызмет етіп жатуы.

КОПОЛКО міндеттеріне мыналар кіреді:

- өнімді стандарттаудан өте жоғары әсер алатын, сондай-ақ үлттық және халықаралық стандарттауға түтынушылардың өте кеңінен қатысулары үшін қарастырылуы қажет шараларды анықтау;

- тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуге, олардың мүдделерін қорғауға бағытталған үсыныстарды және де стандарттау мәселелері бойынша оларды оқытып-үйрету бағдарламасын стандарттау позициясында жасап шығару;

- стандарттау, түтыну тауарларынастандарттарды қолдану (пайдалану) және түтынушылар мүдделеріне қажетті басқа да стандарттау мәселелері бойыншажүмыстарғатүтынушы-лардың қатысу тәжірибелерін жинақтау.

КОПОЛКО қызметтерінің нәтижесі - түтыну мекемелері мүддесіне қажетті үлттық және халықаралық стандарттар тізімдерін басып шығару және де түтыну тауарлары сапасын бағалау басшылықтарын, нүсқауларын дайындау. Олардың кейбіреулерін көрсетейік:

12 нүсқау «Түтыну тауарларын салыстымалы сынаулар»;

14 нүсқау «Түтынушыларға тауар туралы ақпарат»;

36 нүсқау «Түтыну тауарларының эксплуатациялық си-патын өлшеудің стандартты әдістерін әзірлеу».

ИНФКО қүзыретіне мыналар жатады:

- ақпараттық қызмет көрсетулер, деректер базалары, мар-кетинг, стандарттар мен техникалық регламенттер сату төңі-ректерінде ИСО мен мүшелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру;

- стандарттарды үйлестіру мен басқа жоғарыда аталған мәселелер бойынша саясат әзірлеу жөнінде ИСО Бас ассамблеясына кеңес беру;

- ИСО ақпарат желісі (ИСОНЕТ) жүмыстарын бақылау және басшылық жасау.

Осы негізгі міндеттерден басқа, ИНФКО ақпараттық іс-әрекеттеріне байланысты көп мөлшерде мынандай жүмыстар атқарады:

- стандарттау жөнінде ақпараттық орталықтар үйымдас-тыру мен ақпараттық орталық жүмысы бойынша нүсқаулар озірлейді;

- ақпарат және маркетингтік қызмет көрсетулер нарығына талдау мен зерттеулер жасайды;

- ақпаратжинау, сақтау, іздестіру, алмасуларының жалпы принциптері бойынша үсынымдар қүрастырады жөне тара-тады;

- ИСО-ға қүжаттар жасау мен тарату жүйелерін үйымдас-тырады және жүргізеді, осы жүйелердің өзара әрекеттеріне ықпал етеді;

- ақпараттық қызмет көрсетулер төңірегіндегі халықаралық стандарттарды көпшілікке танымал етеді және оларды пай-далануды мадақтайды;

- түрлі ақпараттық орталықтар жүмысы туралы тәжірибе мен ақпарат алмасуды үйымдастырады;

- ақпаратжәне оған байланысты қызметтер мәселелері бой-ынша халықаралық үйымдармен қызметтес болады;

- ИСОНЕТ мүшелерін қабылдау мен тіркеу бойынша әре-кеттер жасайды.

Осындай кең көлемдегі жүмыстар комитеттің қазіргі атау-ына негіз болды (бүрынғы атауы Ақпарат жөніндегі комитет).

ИНФКО-ның мүшесі ИСО мүше-комитеттердің кез келгені бола алады, егер оның жүмыстарына қызығушылық танытатын болса;<ГМүшелік үш категорияға бөлінеді: нағыз мүше (Р), бақылаушы (О), мүше-корреспондент.

ИНФКО қүрамына Басқару кеңесі мен ақпарат, жүйелер және маркетинг жөніндегі топтар кіреді. ,

ИНФКО жақын болашаққа мынадай мәселелерді белгілейді:

- стандарттар туралы халықаралық электрондық ақпарат қызметін жасау женіндегі ұсыным әзірлеу;

- ақпаратты қағаз жүзіндегі жөне электрондық тасымалдаудағы авторлық қүқықтарды қорғау бойынша жалпы басшылық принциптер дайындау;

- халықаралық стандарттау төңірегінде маркетингтің стратегиясын жоспарлау мен шешу міндеттері, оның ішіне Комитеттің өзінің қызметтерін жетілдіруге байланысты міндет-тер де кірді.

Комитет 61 нағыз-мүшелер мен 16 бақылаушы-мүшелерден түрады.

ИСОНЕТ ақпараттық жүйесі ИНФКО ақпараты жөніндегі топ қүрамына кіреді.

ИСОНЕТ-тің басым мақсаттары:

- халықаралық және үлттық стандарттар туралы, стандарт-тау жөніндегі қүжаттар туралы, стандарттау төңірегіндегі кітаптар, анықтамалар мен оқулықтар басып шығару туралы ақпараттар алмасуды қамтамасыз ету;

- басқа халықаралық үйымдар (БҮҮ, ЮНЕСКО, МАГАТЭ жөне басқалары) ақпаратжүйелерімен байланыс орнату және бірыңғай ақпарат тілі – тезаурусты жасау.

ИСОНЕТ-тің 60 аса үлттық мүшелері, 10 жуық ассоциа-циялық пен халықаралық мүшелері және ИСО/МЭК ақпарат орталығы бар.

РЕМКО стандартты үлгілерге (эталондар) қатысты мәсе-лелер бойынша сәйкес нүсқаулар әзірлеумен ИСО-ға әдісте-мелік көмек жасайды. Оған «Халықаралық стандарттардагы стандарттар үлгілеріне сілтеме», «Стандартты үлгілерді аттес-тациялау. Жалпы және статистикалық принциптер» және тағы да басқа стандартты үлгілер анықтамалары мен бірнеше нүс-қаулар жатады. Бүлардан басқа, РЕМКО стандартты үлгілер бойынша ИСО қызметтерін халықаралық метрологиялық үйымдармен үйлестіруші, атап айтқанда МОЗМ - Заңнамалық метрология халықаралық үйымымен.

Ақпараттық қамтамасыз етуде үлттық стандарттар нүсқау-ларын дайындауғаәдістемелік негіз болатын стандарттау же-ніңдегі халықаралық жіктеуіштің маңызы зор. Бірнеше елдер (Канада, Исландия, Ирландия, Италия және басқалары) стан-дарттау женіндегі халықаралық жіктеуішке оздерінің ақпа-раттық жүйелерін енгізіп қойған. Қазақстан бүл жүйеге жақын болашақта енуге іс-әрекет етуде.

ИСО-ның қазіргі кездегі өте маңызды, мәні зор міндеті -стандарттар қоры қүрылымын жетілдіру%90-шы жылдардың басында машина жасау, химия (12,5% жуық) салаларының стандарттары асып артылды. Ал, денсаулық сақтау мен меди-цина теңірегіндегі стандарттардың барлық үлесі 3,5% болса, қоршаған ортаны қорғау 3% тоңірегінде. Салыстырмалы онша кеп емес үлес (10,5% жуық) информатика, электроника және ақпараттық қамтамасыз ету салалары стандарттары алды. Болашақтаәлеуметтік сфералар (қоршаған ортаны қорғау, денсаулықсақтау), сондай-ақ ақпараттық технологиялар ИСО қызметтерінде басты болуы қажет.

Нақты өнімнің әлемдік дайындаушылары болатын елдер мен фирмалардың бүкіләлемдік нарықтағы қызу бөсекелестігі халықаралық стандарт әзірлеу этапында басталады және кө-рінеді. Стандарттау женіндегі аймақтық және халықаралық үйымдардың арасында көшбасшылық үшін тартыстар үдайы жүріп жатады және солай болғандықтан да экономикасы дамыған елдердің нақты халықаралық стандарт жобасына сөй-кес үлттық стандарттарын көру толық әділдік және олар осы жобада оздерінің үлттық мүдделерін көрсету үшін күреседі. Барлық техникалық комитеттер әзірлеген ИСО халықаралық стандарттарының жалпы мөлшерінің 70% астамы әлемдегі өндірісі жетілген елдердің үлттық немесе фирмалық стандар-тына сәйкес болуы кездейсоқтық емес.

Қандай да болмасын елдердің халықаралық стандарт әзір-леуде кошбасшы болуы, көп жағдайда олардың мамандары-ның ИСО, МЭК, ЕО жүмыс органдары - техникалық комитет, комитет болімі, жүмыс тобында қатысу дәрежесімен анықталады.

Қазіргі кезде ИСО-ның 3 мыңға жуық жүмысшы органда-ры болса, оның ішінде 185 техникалық комитеттер, 636 коми-тет бөлімдері, 1975 жүмыс топтары мен 36 мақсатты топтар қызмет атқарады.

Халықаралық стандарттар жасау жүмыстарымен тікелей техникалық комитеттер мен оның бөлімдері және нақты ба-ғыттағы жүмыс топтары айналысады.

ИСО-ның ресми тілдері - ағылшын, француз және орыс. ИСО-ның жалпы халықаралық стандарттарының 70% жуығы орыс тіліне аударылған.

Халықаралық стандарт дайындау схемасы мынадай тәр-тіппен жүргізіледі: мүдделі тараптар мүше-комитет, техни-калық комитет, Бас ассамблея комитеті (немесе ИСО-ға мүше емес үйым) атымен ИСО-ға стандарт әзірлеуге тапсырыс жі-береді. Бас хатшы мүше-комитеттермен келісім бойыншаТех-никалық басқару бюросына сәйкес техникалық комитет қүру туралы үсыныс береді. Техникалық комитет мынандай жағ-дайда қүрылады: егер кепшілік мүше-комитеттер жақтап дауыс берсе және олардың бесеуден кем емесі сол комитетке белсенді мүше болуға емеурін танытса, ал Техникалық басқару бюросы болашақ стандарттың халықаралық маңызды-лығынакүмән келтірмесе. Әдетте, жүмыс процесінде барлық мәселелер техникалық комитет қызметтеріне белсенді қаты-сушы мүше-комитеттер консенсусы негізінде шешіледі.

Стандарт жобасына қатысты консенсусқа жеткеннен соң, техникалық комитет оны дауыс беруге барлық мүше-комитеттерге жіберу мен тіркеу үшін Орталық хатшылыққа откі-зеді. Егер жобаны дауыс берушілердің 75% қүптаса, ол халықаралық стандарт ретінде жарияланады.

ИСО техникалық жүмыстарына әлемнің түрлі елдерінен 30 мыңнан аса сарапшылар қатысады. ИСО әділ және бейта-рап үйым ретінде әлемдік беделге ие және ірі халықаралық үйымдар арасында өте жоғары статусты.

ИСО халықаралық стандарттары міндетті емес, яғни әр ел оларды толық қолдануға, кейбірін жекелеп қолдануға немесе тіпті қолданбауға қүқылы. Бірақ, әлемдік нарықтағы қызу бәсекелестік жағдайларында, өнім дайындаушылар өздерінің бүйымдарының бәсекелестікке қабілеттілігін сақтауға ты-рысып, халықаралық стандарттарды пайдалануға мәжбүр бо-лады. Шетелдік мамандардың бағалауынша алдыңғы қатарлы әндірісі дамыған елдер ИСО-ның барлық фондының 80% дейінін қолданады. Экономикасы көп дәрежеде сыртқы сау-даға байланысты басқа елдердің де халықаралық үйымдары ИСО стандарттарын өте кеңінен пайдаланады. Оларға сыртқы саудасының үлесі ендірісінің жалпы келеміне қатынасы 40-50% қүрайтын Нидерланда, Швеция, Бельгия, Австрия, Дания жатады. Бүл елдер халықаралық стандарттар бар салаларға өздерінің үлттық стандарттарын жасамауға тырысады.

2 Өңірлік ұйымдар

1992 жылы қабылданған үкіметаралық болып есептелінетін ТМД шеңберіндегі стандарттау, метрология және сертификаттау жүмыстарын «Стандарттау, метрология және сертификаттау ауқымында келісімді саясат жүргізу туралы» Келісімге сәйкес жүргізу үшін ТМД қүрамына кіретін барлық елдердің Үлттық үйымдары бірігіп Мемлекетаралық Кеңес қүрды. Мемлекетаралық Кеңес мемлекетаралық стандарттар (МСТ)* қабылдайды.

1995 жылы ИСО Кеңесі ТМД елдерінің Мемлекетаралық Кеңесін аймақтық стандарттау ұйымы деп таныды.

Мемлекетаралық Кеңес үйымындағы стандарттау ТМД елдері Үлттық стандарттау органдарынан түскен үсыныстарды жалпылау негізінде Мемлекетаралық Кеңес қүрастырған жоспарға сәйкес жүргізіледці 1996 жылдың аяғына дейінгі кезенде 2 мыңнан аса мемлекетаралық стандарттар қайта қаралды және жаңасы жасалындьрҮйымдастыру мәселелері мемлекетаралық ретінде қабылданған «Мемлекетаралық стандарттау жүмыстарын жүргізу тәртібі. Жалпы шарттар» 1.0 МСТ сәйкес шешіледі. Қосымша «Мемлекетаралық стандарттау тәртібі», «Стандарттау мемлекетаралық нормативтік қүжаттарын басып шығаруға дай-ындау және тіркеу тәртіптері» және басқа оларға негіз болатын нормативтік қүжаттар қабылданды.

Сертификаттау төңірегінде, сертификаттау бойынша 21 қү-жаты бар (тағамдық өнімдер мен шикізаттар, ойыншықтар, асханалық қүралдар, темекі, шәй, байланыс қүралдары және бас-қалары) басты өнімдер мен көрсетілетін қызметтер топтарына бірегей тәртіп қойылған мемлекетаралық нормативтік қүжаттар тізімі қабылданды. Тізімге туризм, техникалық қызмет көрсету, автокеліктерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсету, қонақжай сервисі және басқа көрсетілетін қызметтер қүжаттары кіргізілді. Қүжаттардың жартысын әзірлеу Ресейге тапсырылды.

ТМД шеңберінде «Сертификаттау нәтижелерін өзара мой-ындау туралы Келісім» іске асырылуда. Бірақ, бұл төңіректе көптеген ведомстволық сертификаттау жүйелері ережелерінде алшақтықтардан туындайтын мәселелер бар.

*Қүрылыстағы стандарттау мен техникалык нормалау Мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссиясының күзырына жататын, күрылыс ауқымындағы стандарттардан баска.

Мысалы, қиындық тудыратын мәселелердің бірі, Ресей тауарларды маркілеуде жүретін сэйкестік сертификатын сойкестік белгіге ауыстыруға көшетінінде.

1988 жылы аккредиттеу сияқты маңызды қүжатқа қол қой-ылды. Аккредиттеу тоңірегіндегі жан-жақты ынтымақтастық туралы хаттамаға ТМД-ның барлық елдері (Украинадан басқа) қол қойды. Стандарттаудың аймақтық үйымы -Мемлекетаралық Кеңесін халықаралық қауымдастықтың мойындайтын белгілері пайдаболабастады; ынтымақтастық туралы МЭК пен СЕН келісімдеріне қол қойылды. Ын-тымақтастық туралы келісім жобасы ИСО-ға жіберілді.

Мемлекетаралық Кеңес жүмысындағы өте көп туындай-тын мәселе сәйкестікке келісу аймақтық жүйесін зерттеп дайындау болып есептелінеді. Бүгінгі күнге дейін өр ел үлттық сертификаттау жүйесі тәртібімен, ездерінің сәйкестік белгі-сімен жүмыс жасауда. Барлық елдердің қүзырлы онімдері бірегей ереже мен сәйкестік белгісіне қажет екеніне үсыныстар жасағанмен, оған көшу қиындық туғызып түр жө-не ол үзақ болатын сияқты. Әсіресе Украина аймақтық жүйе жасау қажет емес деген ойын айтуда.

Мемлекетаралық Кеңесте ТМД елдеріне тікелей еуропа-лық стандарттарды мемлекетаралық стандарт ретінде қолдану жағдайлары туралы мәселе қаралды. Ол ұшін мынандай тәр-тіптер сақталуы (орындалуы) қажет:

- қандай еуропалық стандартқа ТМД стандарты сәйкес ке-летіні туралы форзацта нұсқау болуы керек;

- шығатын деректерде қүжатты кез келген қүралмен қайта шығару тек қана СЕН-нің келісімімен мүмкін екендігі корсе-тілуі қажет;

- ТМД елдерінің еуропалық нормаға қарамақайшы барлық үлттық стандарттары айналымнан алынып тасталуы керек;

- еуропалық норманың тікелей қолданылуы болатын стан-дарттардың барлык кошірмелері міндетті түрде СЕН-ға жі-берілуі қажет.

Мемлекетаралық Кеңес пен СЕН шеңберіндегі келісімдер-дегі тікелей қолданылатын еуронормалар Мемлекетаралық Кеңеске тегін беріледі. Стандарттау, сертификаттау, метро-логия және аккредиттеу бойынша тәрт ғылыми-техникалық комиссиялардың қүрылғаны Мемлекетаралық Кеңес бағыт-тарының қызметтес пен нақтылау тэжірибесінде алға жыл-жығандығы болып есептелінеді.

Метрология төңірегінде бірнеше бағыттарды бірлескен жүмыстар бағдарламапары іске асырылуда: физикалық шама бірліктерінің размерлерін беру; метрологиядағы негізін қалай-тын мемлекетаралық нормативтік қүжаттарды қайтақарау мен зерттеп дайындау; заттар мен материалдар қүрамы мен қа-сиеттерінің стандартты үлгілерін жасау мен пайдалану; ба-қылаудың бүзылмайтын өдістері.



і Мемлекетаралық Кеңестің бірінші кезектегі болашақ міндет-терінің ішінен мыналарды атап өтуге болады: стандарттау, серти-фикаттау және метрология бойыншаИСО, МЭК, СЕН және басқа халықаралық және аймақтық үйымдармен қызметтестікті дамыту;' Мемлекетаралық Кеңес шеңберінде сынақ зертханаларын аккредиттеу Еуроазиялық аймақтық үйымын қүру; бірегей кеңістіктегі стандарттау, сертификаттау жөне метрология жүмыстарын атқаратып болашақ мамандарды оқытатын, осы қызмет түрлері бойынша олардың «бірегей кеңістіктегі» жүмыстарын ескере, оқу пәндерін унификаттау мәселелерін шешу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет