ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Стандарттау» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет6/10
Дата17.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#141654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

- материалдарды ең аз салыстырмалы шығындау қағидасы – машина жасауда материалдар мен жартылай фабрикаттардың құны өнімнің жалпы өзіндік құнының 40-80% құрайды. Сондықтан материалдың салыстырмалы шығынын өнім бірлігіне төмендетудің маңызы өте зор.

2. Ілгерілмелі (озық) стандарттау

ХХ ғ. ғылыми-техникалық революцияның қарқыны ғылыми идеяның пайда болуы және оны жүзеге асыру арасындағы уақыттың жылдам қысқаруына әкелді. Сонымен, радио үшін идеяның іс жүзіне асу кезеңі 35 жылға тең болды (1867-1902ж.ж.), теледидар үшін – 14 жыл (1922-1936ж.ж.), транзистор үшін бар болғаны 5 жыл (1948-1953ж.ж.). Бұл жылдам даму үрдісі машина және басқа бұйымдар құрылымына да, сондай-ақ өндіріс құралдары, әдістері, жаңа материалдарға да қатысты. Жабдықтардың, аспаптардың және механизмдердің моральдық ескіру мерзімі қысқарды, бұл оларды тез алмастыруға әкелді. Өндірістен бұйымды алып тастау белгісі болып сол міндетті атқаратын жаңа бұйым шығарудың экономикалық артықшылығы, оның зор техникалық мүмкіндігі, өте жақсы көрсеткіштері болып табылады. Осындай даму кезінде жүйелі түрде жаңаланбайтын стандарттар ҒТП тежегіші болуы мүмкін. Стандарттарды даярлағанда сәйкес салалардың дамуын талдау және болжау қажет, яғни стандарттар озыңқы болуы қажет.

Стандарттау ғылыми және техникалық жаңалықтарды басып оза алмайды, бірақ ол оларды өнеркәсіпке кеңінен енгізу үрдісін жылдамдатып, соларға негізделген болуы қажет. Озыңқы стандарттау идеясы 1929 жылы КСРО-да ұсынылды. Ақырғы жылдары тәжірибеде қолдану кеңінен өріс алды. Озыңқы стандарттау – келесі жоспарланған уақытта болжамға сәйкес оңтайлы болатын, стандарттау объектілерінің іс жүзінде жеткен деңгейінен артық талаптар мен нормалар қоятын стандарттау. Басып озу бұйымға толығымен, сондай-ақ оның маңызды сапа көрсеткіштері мен параметрлеріне де, өндіріс, сынау және бақылау әдістері мен құралдарына да қатысты болуы мүмкін.

Озыңқы стандарттаудың объектілері стандарттарды қолдану мерзімі кезінде оларға қалыпты қажеттілікте және олардың өзгеру мүмкіндігінде өнімдердің маңызды түрлері және процестер (нормалар, сипаттамалар, талаптар) болып табылады. Нормалар мен талаптар, қойылған мақсатқа аз шығындармен жететіндей оңтайлы болуы қажет, яғни өнімді жобалау, өндіру және пайдалануды есепке ала отырып ең жоғарғы ғылыми-экономикалық тиімділік алынады. Озыңқы стандарттар мемлекеттік, фирмалық және аймақтық болуы мүмкін.

Кешенді және озыңқы стандарттарды даярлағанда соңғы бұйымның сапа көрсеткішіне дайындама материалдың, технологиялық және басқа факторлардың сапа көрсеткіштерінің сандық байланыс және әсер ету дәрежесін белгілеу көп қиындық әкеледі. Бұл жерде функционалдық өзара алмастыру әдісі өте тиімді. Бұл мәселені екі кезеңмен шешеді: толығымен соңғы бұйымның талап етілетін сапа көрсеткішімен соңғы бұйымға кіретін тораптар және жеке агрегаттардың сапа көрсеткіштерінің байланысы мен әсер ету дәрежесі, сандық байланысты белгілеу; сол параметрлерді өндіріс және бақылау құралдарының дәлдігіне  қойылатын талаптармен байланыстыру және байланысын белгілеу. Кешенді және озыңқы стандарттау бағдарламасын даярлаушылар белгілеген сатып алынатын бұйымдар және материалдардың талап етілетін сапасына жету әдістерін оларды шығаратын зауыт белгілейді.


Ұсынылған әдебиеттер:

1 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.

2 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.

3 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б

24 дәріс



Тақырыбы:Стандарттау әртүрлі салаларда: менеджмент жүйелерін стандарттау, қызметтерді стандарттау, экологиялық стандарттау.
Дәрістің мазмұны:

1 Менеджмент жүйелерін стандарттау

2 Қызметтерді стандарттау

3 Экологиялық стандарттау


3 Экология саласында стандарттау - стандарттау жөніндегі ұлттық және халықаралық ұйымдар іс-әрекеттерінде ғана белгілі рөл ойнай бастаған жоқ. Стандарттар көбіне табиғатты қорғау мен ресурстарды пайдалану сфераларындағы қатынастарды реттестіруге қажет құрал ретінде қаралады. Стандарттар - қоршаған орта сапасын басқару қүралы.

Әлемдік қауымдастық қоршаған ортаны қорғау бойынша көптеген жүмыстар жүргізуде. Мысалы, тек ЕО-да экология саласы бойынша 90 аса директивалар қабылданды. Ол директивалар қоршаған ортаны, су сапасын, ауа сапасын қорғау; өнеркәсіп қауіптері мен биотехнология, қалдықтар, шулар бойынша ЕО-ның басты саясатына қатысты.



ЕО бас саясаты жөніндегі Директивалары өнеркәсіптегі ластануды бақылаудың құнын бағалау әдістеріне, қоршаған ортаға кейбір мемлекеттік және жеке сектор жобалары әсерінің дәрежесін бағалауға, қоршаған ортаны қорғау, бақылау желілері мен ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі Еуропа-лық агенттік қүру және тағы басқаларш бағытталған.

Суға қатысты Директивалар - өзен, теңіз және басқа су қоймаларын қорғау мәселелерін, ішетін су сапасы мәселелерін, кейбір қауіпті заттар қалдықтарын су қоймаларына жығуды, балықтар тіршілігіне көмектесу және шаян тәрізділерді көбейту мақсатында қорғауды қажет ететін тұщы сулар сапасы мен тағы да басқаларды қамтиды.

Ауаны қоргау және өнеркәсіптік қауіп жөніндегі Директивалар - кейбір қауіпті заттар мен препараттарды қолдануға шектеу, «Қауіпті заттарды классификациялау, буып-түю және маркілеу туралы» директиваға бағынатын заттар тізімін, қауіпті химикаттар экспорты мен импортына міндетті талаптарды, кейбір нақты заттардың (асбест, азот қостотығы, қорғасын, күкірт қостотығы және басқалары) ауадағы мөлшері бойынша нормаларын белгілейді.

Қалдықтар мәселелеріне қатысты Директивалар - қала жағдайларындағы құбыр суларын тазалау, қоқыстарды жағуға арналған қондырғылардан ауаның ластануынан қорғау, қауіпті қалдықтарды тасымалдауды қадағалау мен бақылау, пайдаланылған майды жою талаптарын және басқа нақты нысандар бойынша талаптарды анықтайды.

Шуларды шектеу жөніндегі Директивалары түрлі жабдықтар, өнеркәсіптік қондырғылар мен тұрмыстық қүралдардан, сондай-ақ ұшақтар, автомобильдер, мотоцикльдерден болатын шулардың деңгейін нормалайды.

ЕО-ға алынатын өнімнің экологиялығы туралы тұтынушыларды дұрыс ақпараттандыру мен қоршаған ортаны қорғау бойынша норма мен талаптарды дайындаушылардың сақтауына себеп болу мақсаттарында арнайы белгімен экомаркілеуді енгізген. Экобелгі тағамдық өнімдер, сусындар және дәрілік препараттарға таралмайды. Экобелгілермен директиваларда қауіптіге жатқызылған заттар мен препараттар, бірақ жібері-летін шектерде болатын тауарларды маркілейді. Белгі түсі ақ реңде - жасыл, көгілдір, қара, ал қарада - ақ болуы мүмкін.

Дайындаушы экобелгісін пайдалану құқығын алуға, өнімнің экологиялығын бағалау үшін сертификаттаумен айналысатын органға оны ұсынады. Ізденуші, экобелгімен өнімнің әр түріне жеке келісім-шарт жасасады. Экобелгі жарнамамен белсенді пайдаланылады және сатушының (дайындаушының) нақты позициясына оң әсер етумен нарықтағы тауардың қозғалысына ықпал етеді.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату - экологиялық стандарттаудың маңызды аспектілерінің бірі.

Мамандардың есебінше, адамзат өз қарекетінің барлық тарихында бастапқы шикізатты мақсаты бойынша пайдалануды ең жақсы жағдайда 5%-ға дейін жеткізе алады. Оның 20%-ға жуығы өнеркәсіптік шығарылып тасталу және 70%-дан аса баска қалдықтар.

Бұл төңіректегі экологиялық норма бойынша ұлттық стандарттарды қолданыстағы заңдар базасында әзірлейді.

Қазақстанда өндіріс пен тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату мәселелері келесі заңдарда келтірілген:

- қоршаған және табиғи ортаны қорғау туралы;

- экологиялық сараптама туралы;

-түрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы;

- қойнаулар туралы;

- кәсіпорындар және кәсіпкерлік іс-әрекеттер туралы;

- түтынушылар құқын қорғау туралы;

- өнім мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттау;

- инвестициялық іс-әрекеттер туралы;

- қорғаныс туралы.

Шетелдерде белгілі бір технология бойынша уытты қалдықтарды өңдеу нормасы мен мүмкіндігін орнататын стандарттар кешені жасалынды.

Өнеркөсібі дамыған елдерде қалдықтар жіктелулері бойынша қатаң нормалары болатын директиваларға, үлттық стандарттарға, залалсыздандыру, жою, көміп тастау бойынша стан-дарттарға негізделген қалдықтарды оңдеу нақты шараларының мемлекеттік бағдарламалары қолданыста, ал заңнамалық қағидалары және олармен жүмыс қауіпсіздігі үшін қалдықтар шығаратындардың қүқықтық жауапкершілігін белгілейді.

Өндіріс қалдықтарын іске жарату - кәсіпорын сапа менедж-ментіндегі сапа шеңберінің соңғы қүрылымы. Бірақ оған нормативтік талаптар өнімнің өмірлік циклының өндіріске дейінгі стадиясында әзірленеді және бақыланады. Мысалы, АҚШ-та қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әр дайындаушы жаңа тауар ондіруде болатын қалдықтардың табиғатын анықтау бойынша экологиялық сараптаудан міндетгі өту қажет. Егер қауіпті калдықтар болуына күдік туса (ол тікелей әсерлі стандарттар және зандармен анықталады), онда өнімді дайындаушы қоршаған ортаны қорғау жоніндегі Агенттікке тіркеледі. Болып жатқан ендірістік қалдықтар, олардың қүрамы ғана емес тасымалдау мен өңдеуге жарамдылығы бойынша стандарттарға іс-жүзінде сәйкестігін анықтау үшін әрі қарай қадағаланып бақыланып отырады.

Бұрынғы КСРО-да 1975 жылдан бастап Мемжабдықтау қал-дықтарды кәдеге жарату женіндегі мәселелерді талай талқыға салғанымен, олардың нормативтік базасы жасалынған жоқ.

Қазақстанда қалдықтарды стандарттау жөніндегі жұмыстар енді ғана күн тәртібіне алына бастады.

Қалдықгарды кәдеге жарату жөніндегі нормативтік құжаттар, оның ішінде және де көрсетілген паспорты қауіпті қалдықтарды анықтауға ерекше қажет. Осы төңіректегі стандарттау, қалдықтар мен олардың өңделген өнімімен саудаласу бойынша Қазақстанның БСҮ шартын орындауын қамтамасыз етеді.

Экостандарттауда маңызды рөлді ИСО орындайды. 1993 жылдан бастап үйымның үйымдастырылу қүрылымында «экологиялық менеджмент» (немесе «қоршаған орта сапасының менеджменті») 207 ТК комитеті қүрылды: құрамында алты комитет бөлімдері мен екі жүмыс тобы жүмыс істейді. Олардың іс-әрекеттері мына аспектілерді қамтиды:

- экологиялық менеджмент жүйесін жасау;

- экологиялық аудит;

- экологиялық маркілеу;

- экологиялық сипаттамаларды бағалау және тағы басқалар.

Комитет жүмысының нәтижесі - сыйысымдылықты қамтамасыз ететін 9000 сериялы ИСО құрылымына көбіне сәйкес болатын 14000 сериялы ИСО стандарттарының қабылдануы.

14000 сериялы ИСО-да негіз қалаушы және нормативтік стандарттар да бар: «Қоршаған ортаны қорғау саласының менедж-ментжүйелері. Қолданылуы жөніндегі нүсқау» 14001ИСО негіз қалаушы стандарты мен «Қоршаған ортаны корғау саласының менеджмент жүйелері. Принциптер, жүйелер мен қатар жүретін технологиялар бойынша жалпы нүсқаулар» 14004 ИСО стандартында өз-өзін бағалаудан, тіркеу мен сертификаттауға дейінгі тірліктердің қоршаған ортаны қорғау менеджментін үйымдастыру жөніндегі үсынымдар болады. Нормативтік стандарттар қоршаған ортаны қорғау шаралары бойынша менеджмент жүйесінің талаптарын анықтайды.

Стандарттар әмбебап: оларды мемлекеттік және жеке сектор экономикасындағы өндіріс пен қызметету сферасында пайдалануға болады, ал қоршаған ортаның менеджменті тәсілдері қатаң регламенттелмегендіктен және ауытқуы да мүмкін.

Экоменеджмент жүйелерін енгізу бірнеше кезеңдерден түрады.

Жүйені енгізудің бірінші кезеңінде - қоршаған орта жағдай-ларыныңжалпы көрсеткіштеріне қатысты іс-әрекеттер ниеттері мен принциптері туралы өт'ніш түрінде рәсімделетін үйым саясаты әзірленуі қажет болады. Принциптер, «қоршаған ортаны қорғау саласындағы, үйымның белгілі бір міндеттері мен мақсаттарын үйымдастыру мен қою іс-әрекеттеріне белгілі бір шеңберлер»*

Саясат туралы өтінішке кіреді:

- ниеттері мен принциптері;

- үжымдық міндеттемелер;

- үнемі жақсарту;

- мүдделі тараптармен байланыстар;

- мониторинг, қүжаттандыру мен қызметтестік.

14001 ИСОстандарты Экоменеджменті саясаты өнім сапасы менеджменті сияқты ашық болуы қажет. Саясаттың принциптері мен мақсаттары, келтірілген өтініш, жарнамалар және үйымның бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз ету қүралы рөлін де ойнай, ашық баспамен жарияланады.

Саясат «біз қайда баруымыз қажет?» мәселесімен байланысты.

«Біз қайда түрмыз?» сүрағына өз-өзін бағалау іс-әрекеті жауап беруге көмектеседі. Ол үшін әдетте сүрау-сауалнама қүрастырылады.

Сауалнама экоменеджменті төңірегінде ұйымдастыру мүмкіндіктерін анықтауғақоршаған ортақауіпін жою, басқа ішкі бағдарламалармен және жүйелермен, сон-дай-ақ тағы сол сияқты ішкі іс-әрекеттер барысын енгізу қа-жеттілігіне ерік беретін мәселелерді кіргізеді.

Экоменеджменті жүйесін енгізуге дайындаудың екінші кезеңі соңғы қорытындыда «Біз оған қалай барамыз?» сұрағына жауап беруі қажет. Ол үшін борінен бүрын, жасалынған сая-сатқа компания іс-әрекетінің сәйкестігін қамтамасыз ету шаралары өзірленеді. Жоспарды қүрастырудың алдына қоршаған орта аспектілері идентификатталады, қоршаған ортаәсерлері бағаланады, үйымдастыру талаптары белгіленеді, мақсаттар мен міндеттер анықталады.

Жүмыстың үшінші кезеңінде экоменеджменті жүйесі жү-мыс істей бастағандағы үйымдастыруда, жүйе жүмысының орындалу барысымен (стандарттармен және ережелермен) барлық материалдық және адам ресурстарын үйлестіру қажет.

Экоменеджменттің үйымдастыру іс-әрекеттерінің төртінші кезеңінде - қолданыстағы жүйенің тиімділігін кезеңмен бағалау және оны түзетіп түру. Ол үшін қоршаған орта жағ-дайы көрсеткіштерінің жүйелі мониторингі қажет.



Бесінші кезең - макроортаның кез-келген факторларымен (саясатты езгерістер, әлеуметтік және экономикалық фактор-лар және басқалары), жаңа нарыққа компанияның шығуымен, жаңа өнімнің жаңа бәсекелестерінің шығуымен және тағы да басқалармен байланысты саясатты мақсаттар мен міндет-терді кезеңмен талдау.

14000 сериялы: ИСО стандарттары шетелдерде кеңінен ен-гізілген және экосертификаттаудың нормативтік базасы қыз-метін атқарады. ЕО-да 14001 ИСО қабылдау мен жариялануға дейін 1993 жылы «Қоршаған орта менеджменті мен тексерулер жоніндегі» Бағдарламасы қабылданған, соған

байланысты онда 14000 ИСО мен ЕМА8 талаптарына екі сәйкестік экосертификат түрлері бар.

Батыс еуропа елдері арасында экоменеджмент төңірегінде Германия көш басшы. Онда мыңғажуық компания 14000 сер-иялы ИСО стандарттарын енгізді және жүйені сертификаттады.

Әлемдік масштабта осы стандартты ендірген фирмалар мөлшері бойынша бірінші орында Жапония (1000 аса компания).

АҚШ-та НССР (Нагагё апсі Сгігісаі Сопігоі Роіпіз) жүйесі әзірленген және кеңінен енгізілуде. Жүйенің басты идеясы -тәуекелдерді сараптау мен тұтынушылар қауіпсіздігіне қатысты экоменеджменттегі қиын жерлерді анықтау. Жүйелердің қолданылу орнын бәрінен бүрын тағам онімін ондіру сферасынан (жекелегенде, қүс етін ондіру фабрикаларынан) табуда.

ТМД елдері бойынша Ресейде 14000 сериялы ИСО стан-дарттары мемлекеттік ретінде мүқабалық әдіспен қабылданды. РесейлікСТ/ИСО НОООэкоменеджментібойыншахалық-аралық стандарттардың аутенттік мәтінінде, бірақ аздаған толықтырулармен берілген.

Қазақстанда қоршаған орта сапасы менеджменті жүйелерінің мемлекеттік стандарты жобалары, оны пайдалану бой-ынша жалпы талаптар мен үсынымдар жасалынып, толықтырылу үстінде. Олар 14001 ИСО халықаралық стандарттары аутенттік мәтінінде жасалуда, бірақ аумақтық ерекшеліктерді де ескеруде. Стандарттың қолданылу саласы - бақылау жасауға мүмкін және жасау қажет үйымдастыру іс-әрекеттері экологиялық жүйелері немесе қоршаған ортаны қорғаудың аспектілері. Бірақ ол қоршаған ортаның нақты параметрлерін мемлекет орнатады дегенді білдірмейді. Стандартты, өз іс-әрекеттерінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекет саясатына сәйкес екеніне куә болғысьмселетін, жүйесіне сертификаттау жүргізгісі келетін, жүйенің нағыз стандартқа сәйкестігі туралы өтініш-декларация жасау мен ез-өзін бағалағысы келетін мақсаттарды кәздейтін кез келген үйымдар пайдалануға болады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1Стандарттау жөніндегі қызметтер?

2Стандарттаудың әр саладағы орны?
Ұсынылатын әдебиет:

1«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.

2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

3 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.

4 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.

5 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.

25 Дәріс

Тақырыбы:Сапа менеджмент жүйесінің халықаралық стандарты. Сапа менеджменті жүйесін стандарттарын жетілдіру .

Дәрістің мазмұны:

1 Сапа менеджмент жүйесінің халықаралық стандарты.

2 Сапа менеджменті жүйесін стандарттарын жетілдіру .

Қазіргі таңда өнімнің сапасы бірінші орынға қойылуда. Сондықтан кәсіпорында сапа менеджментін енгізу өзекті мәселе болып отыр.

Кәсіпорын өнімінің сапасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым бұл кәсіпорын бәсекегеқабілетсіз болып табылады. Кез келген кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның өндіретін өнімінің немесе қызметінің сапасымен анықталады. Тұтынушылар әрқашан сапалы өнімді төмен бағамен сатып алуды ұнатады. Мұндай талаптарды бизнестің эволюциясы арқылы көруге болады. Мәселен: 1950 жылдары бизнестің негізі: «өндірістік шығындар мен тарату шығындары + қажетті табыс = баға» болса, ал 1990 жылдары нарықтағы бәсекелестіктің артуына байланысты бизнестің шарты өзгерді. Өндірушілер келесі формуланы қолдана бастады: «нарықтық баға — өндірістік және тарату шығындары = пайда»

Сапа – бұл бірнеше анықтамалардан тұратын өте күрделі философиялық, экономикалық және әлеуметтік категория болып табылады. Әдетте біз сапаны – белгілі бір критерияларға, нормаларға, талаптарға, стандарттарға сүйене отырып анықтаймыз.

Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО) сапаға келесідей анықтама береді: «Сапа – бұл өнімдер мен қызметтер құрамындағы жиынтық қасиеттері арқылы сертті және болжамдалған қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті.» (ИСО 8402-94)

Сапа түсінігімен келесідей түсініктер тығыз байланысты: өнімнің техникалық деңгейі, тауардың бәсекегеқабілеттілігі, сапа көрсеткіштері, сапа ілгегі және т.б.

Нарықтың жоғарғы технологиялық деңгейдегі бұйымдар мен сапалы тұтыну тауарларына толығуы – экономиканың толық өркендеуінің белгісін көрсетеді. XX–шы ғасырдың 80-ші  жылдары бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз етуде сапа негізгі маңыздылыққа ие болды. Әлемдік нарықта тұтынушылардың 80 пайызы тауарды сатып алуда бірінші оның сапасына мән берді. Мәселен: Батыс Еуропа елдерінде кейбір тауарлар сапа сертификатынсыз нарыққа шығуына рұқсат етілмейді. Ал, басқа да сертификатталмаған тауарлар, сертификатталған тауарлардан екі есе төмен бағамен сатылуы тиіс деген заңнамалар бекітілген.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1-наурыз 2006 жылғы Қазақстан халықтарына жолдауында «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынды». Бұл жұмыстың мақсаты осы стратегияға байланысты отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату тәсілдерін іздеу. Өнімнің сапасын жетілдіруде сапаны басқару жүйесінің халықаралық тәжірибесін қолдану, оның ішінде ИСО 9000 сериялы стандарттарын енгізу қажеттілігін айқындау.

Қазақстан сыртына өз өнімін халықаралық стандартқа сай шығару кәсіпорын үшін ең басты міндет болады, себебі қазіргі кезде сапа менеджменті клиенттердің талаптарын толық орындау және өндіріске қойылатын сапа жағынан ең дұрыс амал- тәсіл ретінде қабылданады. Сапа менеджментінің стандарты сапасыз өнімді өндіру немесе сапасыз қызмет көрсету практикалық түрде мүлде мүмкін болмайтын түрде жұмыс істейді. Сапаны халықаралық стандарт төңірегінде кампанияларды сертификатай отырып, осы аздаған шығынды алып тастауға болады. Сапаның халықаралық стандарты төменгі жолмен кәсіпорынның бәсекелестігін көтереді:

сәйкес емес өнімнің саны жөніндегі нөлге дейінгі мағлұматтар; клиенттер жағынан шағымның аз болуы;

кепiлдi қызмет көрсету көлемін төмендетуі;

уақыт пен қаржыны барынша көп үнемдеуді қамтамасыз ету;

сапаның тұрақтылығына кепілдеме;

ресурстарды тиімді қолдану.

Халықаралық сапа стандартының көп түрінің ішінде әрбір экспорттаушы- кәсіпорын – салалық қатыстылығына қарамай Сапа Менеджментінің Жүйесіне сай құрылатын базалық стандарт ISO 9001 болып табылады. Тағам өндірісінің өз еркімен сертификаттауға өту жағдайында тағам саласында жұмыс істейтін экспорттаушы-кәсіпорындар үшін тағам өндірісінің қауіпсіздік менеджментіне бағытталған ISO 22000 және HACCP халықаралық стандарттарын ендіру табанды қажеттілік болады. Медициналық салада жұмыс істейтін экспорттаушы-кәсіпорындар үшін халықаралық стандарт ISO 13485 медициналық тағайындауындағы өнімді өндіру барысындағы сапаның менеджмент жүйесі бойынша жұмыс істегені маңызды.

Әрбір кәсіпорын үшін ISO 9001 негізгі халықаралық сапа стандарттары болып табылады. Оның көмегімен менеджмент сапасының жүйесі құрылады, қысқаша МСЖ. ISO 9001 стандартының ерекшеліктері неде? Сапа жеке өнім үшін ғана емес, бүкіл кәсіпорынның жұмыс шегінде қарастырылады. Стандартты қолдану үшін аймақтық немесе басқа шектеулер жоқ, оны кәсіпорынның әрбір меншік түріне, әрбір көлемде және әрбір елде пайдалануға болады. Стандарт халықаралық сертификаттауға өтуге рұқсат береді. ISO 9001 халықаралық сертификат әлемнің әрбір нүктесінде танылады. Сонымен бірге стандарт ISO 9001 қолданылуы бойынша нақты техникалық немесе басқа нұсқауларды қамтымайды, сондықтан ол түсініктемені (яғни зерттеуді) және әрбір кәсіпорынға жеке бейімделуді (яғни қолдануды) талап етеді. Кәсіпорын-экспорттаушы стандарттың талаптарын мұқият зерттеуі қажет. Қазіргі сәтте 2008 жылдың ISO 9001 нұсқасы берілген. 2015 жылдың соңында стандарттың жаңа тексеріліп жетілдірілген стандарт шығу көзделеді. Стандартты зерттеу барысында кәсіпорын- экспорттаушы оның логикалық құрылымын өзі үшін құрауы және түсінуі маңызды болып табылады. Осылай жетекші кондитер фабрикалардың бірі «Баян-Сұлу»7 АҚ өзінің өнімдерімен тек ТМД елдерінде ғана емес, сонымен-ақ Еуропада да танымал болды, ол халықаралық стандартқа кәсіби кеңесшілерінің көмегімен көшті.

Халықаралық стандарттың мәнін түсіну Сапа менеджментінің жүйесі құжаттар айналымына: құжаттарды толтыруға, нысандарды толтыруда талаптарды сақтауды бақылауға және т.б. бағытталады деген қате пікір бар. Құжаттарды дұрыс басқару – бұл сапа жүйесін құраушылардың бірі ғана екендігін дұрыс түсіну керек. Яғни, ол ұйымның ішінде болсын немесе сыртында болса да құжаттар қозғалысын реттеуге көмектеседі.

Сапа менеджменті жүйесі – бұл басқару тетігі. Сондықтан жүйенің «рулінде» топ-менеджердің болғаны маңызды. Егер де негізгі жауапкершілік жеткілікті жауапкершілігі және өкілдігі жоқ қызметкерге жүктелсе, онда бұл халықаралық стандарттар сапасына дұрыс енуге және оны ары қарай жалғастыруға нақты қауіп-қатер туғызады. Стандарт талаптарын әрбір қызметкерге жеткізу Өкінішке орай, менеджмент жүйесін енгізуге формальді түрде қарайтындар да бар. Басшылық арқылы қажетті құжаттардың барлығы бекітіліп, құрылса да, құжаттар папкаларға салынып, бөлімдерге тапсырылса да, аудиторлық тексеру кезінде сапа бойынша саясат басшының кабинетінде әдемі рамкада сақталып қалады және қызметкерлер оның мағынасын да түсінбейді. Ал СМЖ тәртіптері персоналдарға түсіндірілмеген және қызметкерлер СМЖ құжаттары мен стандарт арасындағы байланысты түсінбеген. 27 Сапа менеджменті жүйесін енгізу Бұл халықаралық сапа стандартымен жұмыстағы ең маңызды бөлім. СМЖ-ға көшуден пайда табу оның тікелей өмірге қабілеттілігіне байланысты. Ал бұл, бірінші кезекте, кәсіпорынның өз жүйесін қалай қолдауы мен дамытуынан анықталады.

Өнім өндіру немесе қызмет көрсетумен тікелей байланысты: өнім шығаруда технологиялық талаптарды және өнімге қызметке техникалық талаптарды сақтау;

белгіленген заңнамалық және нормативтік талаптарға сәйкес келуі;

бақылау-өлшеу аспаптарын басқару үдерісі;

өнім сапасын бақылау;

шағымдар мен наразылықтармен жұмыс;

сәйкес емес өнімді басқару.

Шашыраңқы құжаттарды жүйелі құжаттар айналымына аудару:

- барлық тәртіптерді, регламенттерді, ішкі есептік нысандарды бір қалыпқа келтіру;

- қайталанатын немесе қажет емес құжаттарды шығару. Кадрлық құжаттарды дәстүрлі қарапайым жүргізуден қызметкерлерді басқаруға көшу:

- қызметкердің құзіреттілігін үнемі бағалауды реттеу;

- жыл сайын негізделген жоспарлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқыту;

- қызметкерлердің бейімделу және мотивация тәртібін енгізу және т.б. Жауапкершілікті бөлуге жаңаша тұрғыдан қарау:

- Лауазымдық нұсқаулар мен бөлімшелер туралы Ережелерге толық тексеру жүргізу, халықаралық стандарттың талаптарын ескере отырып оларды қайта өңдеу;

- әрбір тәртіпте немесе СМЖ-ның жұмыс нұсқаулығына жауапкершілікті анық жазу.

Сатып алу механизмін қайта құру:

- бағалау критерииін әзірлеу және өнім берушілерді бағалау және үнемі бағалауды енгізу;

- альтернативті негізде таңдалған және бекітілген өнім берушілердің тізімін құру. Жобалау және өңдеу тәртіптерін әзірлеу және кәсіпорын жаңа модификациалы өнім немесе қызметті шығаруға шешім қабылдаған кезде оны әрдайым қолдану.

СМЖ-ның әрбір үдерісін мониторингпен қамту:

- бақылаудың сыни межелін сәйкестендіру;

- бұл межелдерде үдерістің сапасын бақылау параметрлерін анықтау (температура, шарттар саны, мерзімі және т.б.);

- әрбір параметрге нормативті көрсеткіштер орнату;

- бақылау механизмін әзірлеу және енгізу.

Жүйенің ішкі аудитін реттеу:

- ішкі аудит командасын құру және оқыту;

- ішкі аудиттің жылдық жоспарын дұрыс әзірлеу;

- ішкі аудиторларды объективті түрде үйрету және аудиттерді толық мөлшермен өткізу, арнайы есеп беруде нәтижелерін реттеу. Барлық қызметкерге түзетуден ескертуші әрекеттерге көшудің маңыздылығын түсіндіру. Менеджмент жүйесінің барлық элементтерін талқыға салу.

Сапа менеджменті жүйесін талдау:

- күнделікті өтілу керек;

- СМЖ-ның барлық үдерісін қамту керек;

- өнімді қызметті, үдерісті және барлық Жүйені үнемі жақсартуға бағытталуы керек.

Ұсынылатын әдебиет:

1«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.

2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.



3 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет