Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған



бет2/10
Дата21.06.2016
өлшемі2.61 Mb.
#151439
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дәрiгерге дейiнгi - орта медициналық бiлiмi бар медицина қызметкерлерi, парамедиктер, құтқарушылар, шұғыл қызметтiң басқа да қызметкерлерi, сондай-ақ өзiндiк және өзара көмек көрсету тәртiбiнде өзге де тұлғалар.

 Бiлiктi - жедел медициналық көмек бөлiмшелерiнiң күштерi, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың апаттар медицинасы мен медициналық қызметтерiнiң құрамалары, далалық жылжымалы медициналық әскери бөлiмдер мен бөлiмшелер, сондай-ақ өздерiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн сақтап қалған денсаулық сақтау ұйымдарының күштерi;



Мамандандырылған - апаттар медицинасының мамандандырылған құрамалары, сондай-ақ көп бейiндi денсаулық сақтау ұйымдары.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Апаттар медицинасының құрамалары

  2. Төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдары

  3. Төтенше жағдайлар кезiнде медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру

  4. Төтенше жағдайлар кезiндегi медициналық көмектiң түрлерi мен көлемi

2 дәріс. Адамның анатомиялық және физиологиялық негізі


Жалпы сұрақтар

  1. Адам қаңқасы

  2. Кеуденің, аяқ пен қолдың, бастың бұлшық еттері


Адамның анатомиялық және физиологиялық негізі. Қандай да болмасын ТЖ салдары адамдардың жарақатына алып келеді. Оларға дер кезінде және білікті көмек көрсету құтқарушылардың негізгі кәсіби міндеттеріне жатады. Сондықтан, құтқарушылар адамның анатомиялық және физиологиялық негізін, адам ағзасы жүйесінің зақымдалу жағдайы мен деңгейін анықтаудың қырларын және оларға алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдістерін білуге міндетті.

Адам ағзасы әр түрлі, өзара байланысты жүйелерден тұратын, ең негізгілері сүйек – бұлшық ет, тыныс алу, қан айналу, ас қорыту, сыртқа шығару, жүйке жүйесі болып табылатын көп деңгейлі қызметтік құрылымнан тұрады.






Адам қаңқасы. Адам каңқасы сіңір байламдары мен буындардың көмегімен өзара байланысқан бөлек – бөлек сүйектерден құралған. Онда 200 – ден астам сүйек бар. Олар: омыртқа діңі, кеуде қуысы, бас қаңқасы – бас суйек; қол мен иық аймағы; аяқ пен жамбас аймағы.

Адамның қаңқасы (алдыңғы жағынан). 1 – бас сүйек; 2,7 – омыртқа; 3 – бұғана; 4 кеуде қуысы; 5 – төс сүйек; 6 - иық сүйегі; 8 кәрі жілік; 9 – шынтақ сүйек; білезік сүйегі; 11,12,13 – табан сүйегі; 14 – үлкен асықты жілік; 15 – кіші асықты жілік; 16 – тізе үсті; 17 – жамбас сүйегі; 18 – шат сүйегі

Омыртқа бағанасы – кеуденің тірегі. Ол 33 - 34 омыртқадан тұрады және мынадай бөліктерге бөлінеді: мойын омыртқа – 7, кеуде омытрқасы – 12, бел омыртқа – 5, сегізкөз омыртқасы – 5, құймышақ омыртқасы – 4-5. Омыртқа діңі 4 жерден бүгіледі: екеуі (мойын және бел омыртқалар) алдыға қарай, екеуі (кеуде және сегізкөз омыртқалары) артқа қарай дөңес бүгіледі. Әрбір омыртқа мүшеден, дорғадан және одан шығып тұратын өсінділерден тұрады. Омыртқа мүшесі мен доға арасында саңылау болады; омыртқалар бірінің үстіне бірі тұрған кезде бұл саңылаулар, жұлын орналасқан омыртқа өзгегін құрайды. Ең көлемді омыртқалар белде орналасқан, сегіз көз аумағындағы омыртқалар көлемді сүйек – сегізкөзге бітеді.

Кеуде қуысы он екі жұп қабырғадан, кеуде омыртқаларынан, төс сүйектен құралған. Жоғарғы жеті жұп қабырға кеудемен шеміршек арқылы байланысады, оларды қара (нағыз) қабырғалар деп атайды; келесі бес жұп қабырғаларды сүбе (жалған) қабырғалар деп аталады, олардың сегізінші, тоғызыншы және оныншы жұптары жоғары жатқан қабырғалармен доға құрып, шеміршек арқылы байланысады, ал он бірінші және он екінші жұптарда шеміршек болмайды, олардың алдынғы ұштары бос болады. Tөс сүйек төс тұтқасынан, денеден, семсертәрізді өсіндіден тұратын жалпақ сүйекті құрайды және кеуденің ортаңғы бөлігінде орналасқан.

Адамның бас сүйегі. Бас сүйек бір – бірімен жік арқылы қосылған жұп және сыңар сүйектерден тұрады. Бас сүйекті ми және бет бөлігі деп ажыратады. Ми бөлігі 8 сүйектен тұрады: 4 сыңар – шүйде, сына тәрізді, торлы (кеңсірік), маңдай сүйек, 2 жұп – шеке және самай сүйектері. Шүйде сүйегі бас сүйектің артқы қабырғасын және негізін құрайды, жұлын мен бас миы байланысатын үлкен шүйде тесігі бар. Бет бөлігі төмендегі бөліктерден тұрады: бір – бірімен жалғасқан екі жақ сүйек, мұрын сүйектері, мұрын қалқасының түзілуіне қатысатын желбезек – сыңар сүйек, сондай – ақ көзжас сүйегі, бет сүйек, таңдай сүйек.
Бұл бөлімге сүйек буындары арқылы мүшеленетін төменгі жақ сүйек кіреді.

1 – маңдай сүйегі; 2 – шеке сүйегі; 3 – самай сүйегі; 4 шүйде сүйегі; 5 - бет сүйегі; 6 – жоғарғы жақсүйек; 7 – төменгі жақсүйек.

Қолдың қаңқасы иық пен қолдан тұрады. Иықтың жұп сүйегі – жауырын мен бұғанадан құралған. Бұғананың бір ұшы төспен, екінші ұшы жауырынмен бірігеді. Қол – иықтан, білек және қол ұшынан тұрады. Иық түтік тәрізді бір иық сүйегінен тұрады. Ол жауырынмен байланысқан кезде иық буынын құрайды. Білекте екі сүйек болады - шынтақ жілік және кәрі жілік. Білек пен иық сүйектері бірігіп, күрделі шынтақ буынын, ал білек сүйегімен – кәрі жілік – білезік буынын құрайды. Қол ұшы екі қатарға орналасқан білектің кішкене сегіз сүйегінен, алақан құрайтын бес алақан сүйегінен және қолдың он төрт бунағынан тұрады. Оның ішінде бас бармақта екі, ал қалғанданында үш – үштен бунақ болады.



Аяқ қаңқасы жамбас аумағының қаңқасы мен аяқтың еркін қаңқасынан тұрады. Жамбас шығыршығы қос жамбас сүйегінен тұрады. Олардың әрқайсысы бір – біріне бітіп кеткен үш сүйектен тұрады: мықын сүйегі, шонданай сүйек, қасаға сүйек. Жамбас шығыршығы сегізкөзбен бірге жамбас астауын құрайды. Онда ішек – қарынның бір бөлігі орналасқан және жамбас астауы оның қорғаны қызметін атқарады. Аяқтың еркін бөлігінің қаңқасы саннан, сирақтан және аяқ ұшынан тұрады. Сан ұзын түтік тәрізді ортан жілік болып табылды. Оның басы жоғарғы жағынан жамбас сүйегіне қарай кіріп, ұршық буынын құрайды. Сирақ асықты жіліктен және кіші жіліншіктен тұрады. Ортан жілік пен тізе тобығы тізе буынын құрайды. Аяқ ұшын жеті сүйектен (соның ішіндегі ірілері - өкше және асық сүйектері) тұратын тілерсекке, табан және бақайшыкқа бөледі. Сирақ сүйегі табан сүйегі сирақ – асық буынымен жалғасады.

Қаңқа мен оны құрайтын сүйектердің құрылысы мен химиялық құрамы күрделі болып табылады, мықтылығы жоғары. Олар ағзада тірек, қозғалу, қорғаныс, қызметін атқарады және кальций мен фосфор тұздарының «депосы» болып табылады. Қаңқаның тірек қызметі сүйектер өздеріне жабысқан жұмсақ ұлпаларды (бұлшықеттер, шандырлар мен басқа да ағзалар) біріктіруден, ішкі ағзалар орналасатын қуыс қабырғаларын құраудан тұрады. Қаңқа сүйектері бұлшық еттермен қозғалысқа келтірілетін ұзын және қысқа рычагтың қызметін атқарады. Соның нәтижесінде дене мүшелері козғалу қасиетіне ие болады. Қозғалыс, рычаг пен қаңка бұлшық етінің қызметін атқаратын сүйектердің көмегімен жүреді. Сүйек пен олардың қосылыстары адам ағзасының тірек – қозғалыс аппаратын құрайды.

Кеуденің, аяқ пен қолдың, бастың бұлшық еттері. Бұлшық еттер сүйектерге жабыса отырып, оларды қозғалысқа келтіреді, дене қуысы қабырғаларының – ауыз, кеуде, қарын, жамбас астауының түзілуіне қатысады, кейбір ішкі ағзалар қабырғаларының құрамына кіреді. Бұлшық еттердің көмегімен адам денесі тепе – теңдікте болады, кеңістікіте қозғалады, тыныс алу және жұту қимылдарын іске асырады, мимика қалыптасады. Бұлшық еттер кеуденің, аяқ пен қолдың, бастың бұлшық еттері болып бөлінеді.

Кеуде аймағында үлкен кеуделік, кіші кеуделік, бұғана асты, алдыңғы тісті бұлшық еттер орналасқан. Олар иық бөлігі мен қолды қозғалысқа келтіреді. Дем алу кезінде кеуде қуысын қозғалтатын бұлшық еттер тобы да бар. Бұл топқа сыртқы және ішкі қабырға аралық бұлшық еттер жатады. Кеуде қуысын қарыннан күмбез тәрізді бұлшық ет – көкет бөліп тұрады.

Арқа бұлшық еттері екі топ құрады: беткі және терең. Бірінші топқа арқаның трапеция тәрізді аса жалпақ бұлшық еті, жауырынды көтеретін бұлшық еттер және т.б. Екінші топқа – омыртқа арасыңдағы және қабырға қуыстарындағы бұрыштарының барлығын қамтитын бұлшық еттер жатады. Шек қарын қабырғасы қарынның сыртқы және ішкі қиғаш, көлденең және тік бұлшық еттерден тұрады. Олар іш пресін құрайды.

Мойын бұлшық еттері беткі және терең болып бөлінеді. Беткіге теріасты бұлшық еті, төс – бұғана – емізіктік және тіласты астындағы сүйекке жабысып тұратын бұлшық еттер жатады. Терең бұлшық еттер бұл – алдынғы, ортаңғы және сатылы бұлшық еттер, бастың ұзын бұлшық еті, алдыңғы тік және басқа да бұлшық еттер.

Бастың бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: шайнау бұлшық еттері және мимикалық бұлшық еттер.

Қолдың бұлшық еттері иық аумағындағы бұлшық еттерге (дельта тәрізді, қылқанүсті, қылқан асты, үлкен және кіші дөңгелек, жауырын асты) және қолдың еркін бөлігінің бұлшық еттеріне бөлінеді.

Алдыңғы топтағы бұлшықеттер:

  • иық – құстұмсық иық, қос басты иық;

  • білек – жеті қол бүгетін, екі пронатор, иық – кәріжілік бұлшықеті. Артқы топтағы бұлшық еттер:

  • иық – үшбасты бұлшықет, білезік бұлшық еті;

  • білек – тоғыз жазу бұлшықеті және супинатор.

Аяқ бұлшықеттері жамбас шиыршығы мен аяқтың еркін бөлігінің бұлшықеттеріне бөлінеді. Жамбас шиыршығының бұлшықеттеріне мықын – бел және үш бөксе бұлшықеттері жатады. Жамбастың алдыңғы бөлігінде тігінші бұлшықеті мен төртбасты бұлшықет орналасқан. Артқы бөлігінде – жамбастың екібасты бұлшықеті, жартылай сіңірлі, жартылай жарғақты бұлшықеттер. Ішкі бөлігінде – жіңішке қырлы, ұзын, қысқа және үлкен бұлшықеттер. Сирақтың алдыңғы жағында аяқ ұшы мен бақайларды жазатын, ал артқы бөлігінде оларды бүгетін бұлшықеттер орналасқан. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – балтыр бұлшық еттері.



1 – мимикалық бұлшықеттер;

2 – үлкен кеуделік бұлшықет;

3 – екібасты бұлшықет;

4 – іш пресінің бұлшықеттері;

5 – білек бұлшықеттері;

6 – қол ұшы бұлшықеттері;

7 – сан бұлшықеттері;

8 – балтыр бұлшықеті


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Адамның анатомиялық және физиологиялық негізі

  2. Кеуденің, аяқ пен қолдың, бастың бұлшық еттері

  3. Адам қаңқасы Адамның бас сүйегі

3 дәріс. Тыныс алу, Қан айналым, Ас қорыту, Бөлу, шығару, Нерв жүйесі


Жалпы сұрақтар

  1. Тыныс алу жүйесі

  2. Қан айналым жүйесі - үлкен және кіші қанайналым шенбері

  3. Ас корыту жүйесі

  4. Нерв жүйесі


Тыныс алу жүйесі. Тынысалу жүйесі адам ағзасы мен ауа арасыңдағы газ алмасуды жүзеге асырады. Ол газалмасу үрдісі жүзеге асатын ауа мұрын жолдары мен өкпеден тұрады.

Тынысалу жүйесінін құрылысы:



1 мұрын қуысы; 2 – ауыз қуысы; 3 тілшік; 4 – тіл; 5 – жұтқыншақ; 6 көмейүсті; 7 – ожаутәрізді шеміршек; 8 – көмей; 9 - өңеш; 10 – кеңірдек; 11 - өкпе ұшы; 12 - 17 – оң және сол жақ өкпе; 13 -16 – бронхтар; 14-15 - өкпе көпіршіктері; 18 – кеңірдек қуысы; 19 – жүзіктәрізді шеміршек; 20 – қалқанша шеміршек; 21 – тіласты сүйегі; 22 – астыңғы жақ; 23 – ауыз кіреберісі; 24 – ауыз саңылаулары; 25 – қатты таңдай.

Ауа мұрын жолдары мұрын жолынан басталады, ары қарай көмей, кеңірдек, бронха орналасады. Ауа сүйек – шеміршек қалқаны арқылы екі бөлікке бөлінген сыртқы тесік арқылы (танау) мұрын қуысына кіреді. Әр бөлікте үш мұрын астауы болады. Мұрын қуысы ішкі саңылаулар арқылы мұрын – жұтқыншақпен бірігеді. Одан ары ауа түйінмен бекітілген бірнеше шеміршектен, тіласты сүйегінен тұратын көмейге түседі. Ожау тәрізді шеміршек өсінділерінен қалқанша шеміршектің ішкі бетіне дейін арасында дауыс саңылауы орналасқан дауыс шымылдығы созылып жатыр.



Көмей 6 – 7 мойын омыртқасының деңгейінде тынысалу тамағы – кеңірдекке ауысады. Олар артынан дәнекер ұлпалы жарғақпен біріктірілген 16 – 20 жартылай шеңберлі шеміршектерден тұрады. Кеңірдектің төменгі ұшы негізгі екі бронхаға бөлінеді. Олар бронха бұтақшаларын құрай отырып, бірнеше бөлікке тарамдалады. Ең жіңішке бұтақшалар бронхиолалар деп аталады. Бронхиолалар өкпе көпіршіктері жолдарына ауысады, олардың қабырғаларында көптеген жұқа қабырғалы ілгері шығып тұрған қылтамыр мен қапталған өкпе көпіршіктері орналасқан. Өкпе кеуде қуысының жалпы көлемін дерлік қамтиды және созылғыш өсінділерге бай және қан тамырларына толы, серіппелі кеуекті ағза болып табылады. Өкпенің орталық бөлігінде өкпе тамырлары орналасқан, онда бронхалар, өкпе тамырлары, жүйкелері кіріп, өкпе көк тамырлары шығады. Оң жақ өкпе үш бөлікке, ал сол жақ өкпе екі бөлікке бөлінеді. Өкпе сырт жағынан екі жапырақшадан тұратын өкпе қаппен қапталған. Бұл жапырақшалардың арасында аз көлемдегі сұйықтығы бар өкпе қап қуысы орналасқан. Сұйықтық өкпенің тыныс алу қимылы кезіндегі үйкелісін болдырмайды.

Қан айналым жүйесі. Қан айналым жүйесі жүрек пен қан тамырларынан тұрады. Жүрек қан айналымның ең негізгі ағзасы, оның ырғақты қысқаруы қан жылдамдығын реттейді. Жүректен азғаға қан тасымалдаушы тамырлар артериалды (күре тамыр) тамыр деп, ал жүрекке қан тасымалдайтын тамырлар вена (көк тамыр) деп аталады.

Жүрек – кеуде қуысында орналасқан, төрт камералы бұлшықет органы. Жүрек оң жақ жүрекше, оң жақ қарынша, сол жақ жүрекше, сол жақ қарынша деп бөлінеді. Оң жақ жүрекшеге жоғарғы және төменгі қуыс вена арқылы веналы қан келеді. Шетіне үш жармалы қақпақ бекітілген, оң жақ жүрекше – қарынша саңылауы арқылы қан оңжақ қарыншаға құйылады, ал одан өкпе артериаларына қарай ағады. Сол жақ жүрекшеге артериалды қан тасымалдайтын өкпе веналары құяды. Ол шетіне екі жармалы қақпақ қан тасымалдайтын өкпе веналары құяды. Ол шетіне екі жармалы қақпақ бекітілетін сол жақ жүрекше – қарынша саңылауынан өтіп, сол жақ қарыншаға құяды, ал одан ең үлкен артерия – қолқаға құяды.
1қуыс вена;

2 он жақ жүрекше;

3 он жақ қарынша;

4 қолқа;

5 - өкпе артериялары;

6 - өкпе веналары;

7 - сол жақ жүрекше;

8 - сол жақ қарынша.

Қан айналым жүйесі:

1 дененің жоғарғы бөлігінің каппелярлы жүйесі; 2 – қолқа; 3 – жоғарғы қуыс вена; 4 – оң жақ жүрекше; 5 – лимфа түтігі; 6 - өкпе артериясы; 7 - өкпе веналары; 8 - өкпенің каппелярлы жүйесі; 9 - сол жақ қарынша; 10 – құрсақ сабауы; 11 – бауыр венасы; 12 – қарын каппелярлары; 13 – бауырдың каппелярлы жүйесі; 14 - цроа; 15 – қақпа вена;16 - төменгі қуыс вена; 17 – қарын каппелярлары; 18 – ішкі мықын артериялары; 19 – сыртқы мықын артериялары; 20 – дененің төменгі бөлігінің капелярлы жүйесі.

Жүрек қызметі мен қан тамырларының құрылу ерекшелігін ескере отырып, адам денесінде екі түрлі – үлкен және кіші қан айналым шеңберін



ажыратамыз.

Үлкен қан айналым шеңбері сол жақ қарыншадан басталып, оң жақ жүрекшемен аяқталады. Сол жақ қарыншадан қолқа шығып, доға құрады, одан кейін омыртқаны бойлай төмен бағытталады. Кеуде қуысында болатын қолқаның бөлігі – кеуде қолқасы, іш қуысында орналасқан қолқа – іш қолқасы деп аталады. Іш қолқасынан тамырлар ішкі ағзаларға кетеді. Бел бөлігінде іш қолқасы аяқтың мықын артерияларына тарамдалады. Ұлпаларда қан көміртегін береді, көміртегінің диоксидімен қанығады және оң жақ жүрекшеден түсетін, үстіңгі және астыңғы қуыс веналарды құрайтын венамен дененің үстіңгі және астыңғы бөліктерінен қайтады. Қақпа вена жүйесін құрай отырып ішек пен асқазаннан қан бауырға қарай ағады және бауыр венасының құрамында төменгі қуыс венаға ағады.

Кіші қанайналым шенбері оң қарыншадан басталып, сол жақ жүрекшеде аяқталады. Веналық қанды өкпеге таситын оң жақ қарыншадан өкпе артериялары шығады. Бұл жерде өкпе артериялары диамерті өте майда тамшыларға бөлінеді. Олар өкпе көпіршіктерін қалыңдап орайтын өте майда қантамырларға бөлінеді. Өкпе көпіршіктерінде газ алмасу үрдісі жүреді. Бұдан кейін оттегіне қаныққан қан (артериалдық) өкпенің төрт венасы арқылы сол жақ жүрекшеге ағады.

Ас корыту жүйесі. Ac қорыту жүйесіне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке және жуан ішектер, бауыр, ұйқы безі жатады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ және өңештің ұшы бас және мойын аймағында орналасқан. Өңештің көп бөлігі кеуде қуысында, ол кеңірдек пен жүректің артында. Өңештің соңғы ұшы іш қуысында орналасқан, ол жерден өңеш асқазанға жалғасады. Асқазан іш қуысының жоғарғы жағында диафрагма мен бауыр арасында орналасады. Оң жақ қабырға асты аймағында бауыр орналасқан. Асқазанның төрттен үш бөлігі сол жақ қабырға астында. Жіңішке ішек іштің ортаңғы бөлігінде, асқазаннан төмен қарай орналасады және жамбас астауындағы кіреберіске жетеді. Жіңішке ішектің басталар бөлігі он екі елі ішек болып табылады. Ас қорыту жүйесінің қызметі ағзаға түсетін тағамдарды механикалық және химиялық өндеуге, өнделген заттарды сіңіруге және өнделмегендері мен қорытылмағандарын бөлуге негізделеді.

Көру талдағышы (анализатор). Көру талдағышының құрамында бас миының қыртысыңда көз – көру ағзасы, жарық тітіркендіргіштерін қабылдаушы, көру нерві мен орталықтары кіреді.

Адам көзі құрлысының сызбасы:

1 – кірпікті бұлшықет; 2 – нұрлы қабық; 3 – сулы ылғал; 4 – қарашық; 5 – көздің мөлдір қабығы;

6 – көзбұршақ; 7 – шыны тәрізді дене; 8 – көз алмасының торлы қабығы; 9көру нерві.
Көз немесе көз алмасы шар тәрізді пішінге ие және сүйекті – шұңқыр көз ұяда орналасады. Алдыңғы жағынан қабақпен қорғалады. Қабақтың еркін шетінде кірпік өседі, олар көзге шаңның түсуінен қорғайды. Көз ұяның сыртқы жоғарғы шетінде жас безі орналасқан. Жас безі жас сұйықтығын бөліп, көзді жуып отырады. Көз алмасы бірнеше қабықшадан тұрады. Олардың бірі сыртқы – склера немесе ак қабық (ақ түсті).Ол көз алмасының алдыңғы жағында көздің түссіз мөлдір қабығына ауысады. Ақ қабықтың астында көптеген тамырлардан тұратын тамырлы қабық орналасқан. Көз алмасының алдыңғы бөлігінде тамырлар қабық кірпікті денеге және нұрлы қабыққа ауысады. Ол жерде дөңгелек тесік – қарашық бар. Бұл жерде қарашық көлемін өзгертетін бұлшық еттер бар және осыған байланысты көзге жарықтың көп немесе аз бөлігі түседі. Нұрлы қабықтың

астында көзбұршақ орналасқан, ол екі жағы дөңес шыны пішінді болып келеді. Көзбұршақтан кейін көз қуысы без тәріздес мөлдір масса – шыны тәрізді денемен толығады. Көздің ішкі бетінде құрылысы жағынан күрделі, жұқа қабық – көз алмасының торлы қабығы төселген. Оның құрамында өздерінің пішініне қарап таяқша және сауытша деп аталған жарық сезгіш жасушалар бар. Бұл жасушалардан шығатын нерв талшықтары бір жерге жиналып, көру нервін құрайды. Көздің мөлдір қабығы мен көзбұршақ сәуле сындырғыш қасиетіне ие. Көзбұршақ өзінің пішінін өзгерте алады. Ол аз немесе көп дөңес бола алады және тиісінше жарық сәулесін күштірек немесе әлсіз сындырады. Осының арқасында адам әр түрлі қашықтықта тұрған заттарды анық көре алады.



Есту талдағышы (анализаторы) Есту талдағышына құлақ, нервтер мен есту орталықтары жатады. Адамның құлағы үш бөліктен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.

Сыртқы құлақ сыртқы есту жолына өтетін құлақ жарғағынан тұрады. Сыртқы есту жолы айтарлықтай кең, бірақ шамамен ортасына қарай біршама тарылып, мойнақ тәрізді қалып түзеді. Бұл жағдайды құлақтан бөтен заттарды алғанда ескерген дұрыс. Сыртқы есту жолы терімен қапталған, онда шаш және күкіртті деп аталатын құлық бездері бар. Құлық қорғаныс рөлін атқарады. Есту жолынан кейін ортаңғы құлақ басталады, оның сыртқы қабырғасы дабыл жарғағы болып табылады.



Адамның есту мүшесі: 1 – құлақ жарғағы; 2 – сыртқы есту жолы; 3 – дабыл жарғағы; 4 – балғашық; 5төстік; 6есту ұлушасы. Одан кейін дабыл қуысы орналасқан.

Бұл қуыстың ішінде бір – бірімен байланысты үш есту сүйекшесі бар: балташа, төстік және үзеңгі. Дабыл қуысы бекітулі емес. Ол есту түтігі арқылы мұрын – жұтқыншақпен байланысты. Ортаңғы құлақтан ішке қарай ұлу (есту мүшесі) мен екі қапшығы (тепе – теңдік мүшесі) бар жартылай шиыршықты өзек тәріздес спираль пішінді түзіліс орналасқан. Ұлушада есту жасушалары орналасқан. Құлақ қалқаны, сыртқы есту жолы, дабыл жарғағы мен есту сүйекшелері дыбыс толқындарын осы жасушаларға жіберіп, оларды тітіркендіреді. Нервті қозуға айналған есту тітіркендіргіштері есту нервімен бас миының қыртысына барады, ол жерде дыбыстардың жоғарғы талдауы жүзеге асады – есту сезімі пайда болады.



Бөлу, шығару жүйесі. Шығару жүйесі зәрді (бүйректер) өндейді, бүйректерден зәрді қуады (бүйрек тостағаншалары, бүйрек қуысы, несепағарлар), зәрдің жиналуына (несеп қуық) және зәрді ағзадан шығаруға (несеп жолы) қызмет етеді. .


Бүйректердің орналасуы:



1 - өкпе;

2 – бүйрек асты;

3 – бауыр;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет