Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған



бет9/10
Дата21.06.2016
өлшемі2.61 Mb.
#151439
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Химиялық күйіктер. Химиялық күйік кезінде терінің күлдіреуі сирек кездеседі. Күйіктің тереңдеуі мен жайылуына қышқыл немесе сілті сіңіп қалған киім себеп болады.

Алгашқы көмек. Химиялық зат сіңіп қалған киімді дереу шешу керек. Ағынды сумен әбден жуу керек. Ауруды басатын дәрі егу және ауруханаға жеткізу. Көзін назардан тыс қалдырмаңыз. Химиялық зат көзге түсіп кеткен жағдайда 20 минут немесе дәрігер келгенше ағынды сумен көзін жуу керек. Зақымданған көзді танып тастаңыз.

Үсік шалу дененің қандай да бір бөлігіне суық әсер еткенде орын алады. Суықтың бүкіл денеге әсер етуі жалпы үсік шалуға алып келеді. Үсік шалу кезінде дененің зақымдалған бөліктері суып, бозғылт – көк түске боялады, сезімталдық жоғалады. Жалпы үсік шалған кезде зардап шеккен адам әлсізденіп, тері бозарып, суып, тамыр соғысы жиілеп, дене температурасы 36,5°С – тан төмеңдеп кетеді. Алгашқы көмек. Зардап шеккен адамды жылы жерге алып кіріп, аяқ киімі мен қолғабын шешу керек. Үсік шалған жерді алдымен құрғақ шүберекпен ысқылап, жылы су (32 - 34,5С°) құйылған ыдысқа салу керек. 10 минут ішінде судың температурасын 40,5С° дейін көтеру керек. Сезімталдығы мен қан таралуы қалпына келген кезде құрғатып сүртіп, 33% спирт ерітіндісімен сылап, асептикалық немесе таза таңғыш тану керек (таза, үтіктелген шұлық немесе қолғап кигізу керек) Жалпы үсік шалған кезде зардап шегушіні жылылап орап, жылытқыларды (ішіне жылы су толтырылған резеңке ыдыс) қойып, ыстық шай беру керек.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Термиялық зақымдану кезіндегі алғашқы көмек.

  2. Күю, үсу дәрежелері.

  3. Алғашқы көмек көрсету әдістері



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №7 Әсері күшті улы заттармен уланғандағы алғашқы жәрдем, қорғаныс тәсілдері, зақымдану белгілері.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Әсері күшті улы заттармен уланғандағы алғашқы жәрдем, қорғаныс тәсілдері, зақымдану белгілерін ажырата білу, алғашқы медициналық көмек көрсету.
Қатты әсер ететін улармен улану. Бұл улармен уланудың белгілері жекелеген ағзалар мен ағза жүйесіне әсер етуіне байланысты. Нерв жүйесіне әсер ету кезінде қол – аяғы тартылып, ұйқысы келіп, қимылдау қиынға соғады, сондай – ақ есінен танып, тамыр соғысы мен тыныс алуы нашарлайды. Ac қорыту жүйесіне әсер еткенде іші қатты ауырып, лоқсып, құсады, іші өтеді: жүрегі «тоқтап қалғандай» болып, соғу жиілігі бұзылады, қан қысымы өзгеріп кетеді.

Алгашқы көмек. Дереу құстыру керек. Зардап шеккен адамға алдын ала 2-3 стакан жылы су беру керек. Осы шараны 5-6 рет қайталап, одан кейін 3-4 түйір активтеңдірілген көмір беру керек. Жағдайы қатты өршіген кезде басына суық компресс қойып, жатқызуға тырысу керек. Егер қажет болса, қолдан дем алдырып, жүрегіне жанама массаж жасаңыз. Бұларды адам есін жиып, жүрегі мен тамыр соғысы қалыпқа келгенше жасау керек. Зардап шегушіні дереу емдеу мекемесіне жіберу керек.

Газ тәрізді немесе жұтылатын улы заттар адам ағзасына дем алған кезде түседі. Оларға жататындар: газдар мен булар, мысалы: иісті газ, азоттың шала тотығы және өндірісте қолданылатын хлор, желімнің әр түрі, бояулар мен еріткіш – тазартқыштар сияқты заттар.



Алгашқы көмек. Газ тәрізді улармен уланғанда: оқиға болған орынның қауіпті емес екендігіне көңіл бөліңіз; зардап шегушіні газдар немесе булардың әсерінен алшақтатыңыз. Аталған жағдайда зардап шегуішіні таза ауаға алып шығып, жедел жәрдем шақыру керек. Тыныс алу жолдарының жағдайын, тыныс алуы мен тамыр соғысын қадағалаңыз және керек болған жағдайда алғашқы көмек көрсетіңіз. Жедел жәрдем келгенше зардап шеккен адамның ыңғайлы жағдайда болуына көмектесіңіз. Улы затпен қарым – қатынаста болу қауіпі туып тұрса, үйде немесе жұмыста болуыңызға қарамастан арнайы киімді киіңіз. Уланып қалудың алдын aлy үшін көрсетілген қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң сақтау керек.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Қатты әсер ететін улармен уланғандағы көрсетілетін алғашқы медициналық көмек түрлері



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №8 Травмалық шок, ұзақ уақыт жаншылу кезіндегі алғашқы жәрдем
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Шоктың пайда болу себептері және оның ауырлық кезеңдері

Шок—ағзаның жарақатқа жауап ретіндегі күрделі реакциясы. Ол ауырсыну жөне рефлекторлық тітіркендіргіштер салдарынан туындайды. Шок кезінде орталық нерв жүйесінің жұмысы тежеледі, жүрек-қан айналым және тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылады, артерия кысымы күрт төмендейді және зардап шегушінің жалпы жағдайы ауыр болады.

Шок себептері әр алуан. Шок, көбінесе, жұмсақ тіндердің ауқымды мылжалануы, кеуде және кеуде куысы мүшелерінің немесе ірі нерв тармақтарының зақымдануы, сүйектерінің жарықшақтанып сынуы, уатылуы, аяқ-қолдың жұлынып кетуі, сонымен бірге ауқымды күю, аралас зақымдану және т.б. болған жарақаттар кезінде байкалады. Оның себептері: салқындау, едәуір көлемде кан кету, сәуле ауруы, ашыну, шөлдеу, титықтау, зардап шегушіні селкілдегіш көлікпен тасу, зақымдау орнын, (мысалы, сынықты) нашар орау, жүйке бұзылуы болуы мүмкін.

Шоктың 2 фазасы (кезеңі) болады. Бірінші кезең (фаза) — қозу: зақымданушы мазасызданып, ыңырсиды, көп аунақшып, қозғалады, тамыры қарқынды соғады. Бұл фаза (кезең) өте кысқа уақытқа созылып, екінші фазаға ауысады — самарқаулык, бозару, суық тер басады, тыныс алуы тарылып, артериялық қан қысымы төмендейді, мелшиіп қалу жағдайы туады. Зардап шегуші есінен танбауы да мүмкін, бірақ еш нәрсеге назар аудармайды немесе реакциясы өте әлсіз болады.

Зардап шегушіні алып шыққанда және тасымалдағанда үнемі бакылау жасау және пайда болатын асқынулар кезінде дер кезінде көмек көрсету кажет. Есінен танған зардап шегушіні сау жағына (бүйіріне) немесе етпетінен жатқызу керек. Оны тасымалдау үшін жүк автомобилі еденіне матрац (сабан, бұта) төсеніш салады, ал салқын (жаңбырлы) күні үстіне жамылғыш (брезент) жабады.

Жарақаттық шок белгілері: қоршаған ортаға қарым-қатынасы мүлде самарқау(есінен айырылмайды), терінін жамылғыш қабаттарының бозаруы, қарашықтың үлкейіп, көздің шүдрейіп кетуі, өлсіз және жиі, кейде қылдай тамыр соғысы, тыныс алудың тарылуы, жиілеуі, кейде дұрыс


болмауы, дене температурасының (32—30°С-қа дейін) және
артериялық қан қысымының төмендеуі, аурудың бет-әлпетінің қозғалыссыз қалуы, кейде
шөлдеу, құсу немесе жүрек айну белгілерінің болуы.

Шок құбылысының даму мерзіміне сәйкес оның алғашқы немесе ерте (жарақаттан соң бірден) және екінші немесе кеш (2—6 сағаттан кейін) шок деген түрлері болады. Шок формалары: "таза" (ауыратын) және асқынған (қан кететін, сәуле ауруымен бірге) болады. Алғашқы шоктың өтуін екі фазаға бөлуге болады: қозу (қысқа мерзімді және тұрақсыз) және сезімсіз (организмнің бүкіл өмір сүру әрекетінің қажу белгілері).



Жарақаттық шок ауырлығына қарай төртке бөлінеді:

  1. жеңіл — аурудың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бозарған, тамыр соғысы минутына—90—110. Жоғарғы артериялық қысымы 90—100 мм сынап бағанасы;

  2. орта — аурудың жалпы күйі ауыр, бозарған, кейде мазасызданады, теріні суық тер басады, тамыр соғысы минутына —110—130 рет. Артериялык кысымы 70—85 мм сынап бағанасы;

  3. ауыр — аурудың жалпы жағдайы өте ауыр, тамыр соғысы минутына — 130—160 рет, санауға қиын, кейде әлсіз, сезілмейді. Артериялық қысымы 60—70 мм сынап бағанасы және одан төмен;

4) ақтық немесе жанталасу жағдайы — естен танады, тамыр соғысы өте әлсіз, тіпті санауға келмейді. Артериялық қысымы төмен түсе береді (50 мм сынап бағанасынан төмен немесе анықталмайды), тыныс алуы үстіртін және жиілей түседі. Мұндай күйде көбіне өлуге душар етеді.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Жарақаттық шок ауырлығына қарай бөлінуі

  2. Жарақаттық шок белгілері

  3. Шоктың пайда болу себептері


Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №9 Жануарлардың тістеуі, жылан, жәндіктердің шағуы, Бөгде заттың түсуі кезіндегі алғашқы көмек
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар


Табиғатқа шығар кезде

Жыланның шағуы



Сыртқы көрінісі

Алғашқы көмек

Шаққан кезде жақын орналасқан екі жара, қастарындағы майда жара және ұлы емес тістердің ізі қалады

Кез келген жыланның шағуынан кейін удың қанға кетпеуіне шара қолдану керек. Уды тез арада сорып, түкіріп тастау қаже. Бұл 10-15 минут бойында жалғасады. Зардап шегушіге тыныштық жағдайын жасаңыз. Шаққан кезде қолды жұмулы қалыпта ұстаңыз. Аяқты шаққан кезде бірінші аяқты келесісіне таңып тастаңыз. Сұйықтықты жиі ішіп (шәй, минералды немесе күнделікті су), ауруды бәсеңдететін бір-екі дәрі ішу қажет. Таңу құралын шаққан жерден жоғары тағуға болмайды, тек қана шаққан жерді таңып немесе кесіп, отпен күйдіру қажет.

Кененің шағуы

Кене теріге еніп, оның сілекейі денені салдандырып тастайтын қасиетке ие, сондықтан оны тез анықтауға болады. Терінің нәзік жерлеріне тексеру жасау керек.

Кененің сорған жерін келесі жолдармен жояға болады: кененің арқасына кез келген өсімдік майының тамшысын тамызады, одан кейін ақырын қысқашпен қасып, жай қозғалтып алып тастайды. Қысқаш болмаған жағдайда, жай жіпті алап, адамның денесі мен терінің ортасынан айналдырып қысады. Шаққан жерді иод тұнбасымен, спиртпен немесе зеленкамен сүртеді. Шаққан жерді кесіп немесе күйдірудің қажеті жоқ. Алғашқы көмек көрсеткеннен кейін емханаға алып бару артықтық қылмайды.

Улы өрмекшілердің шағуы



Шаққан жер қатты ауырады, ісік пайда болады, теріде ақшыл сұйықтыққа толы құтылар пайда болады.

Кене шаққан кездегі профилактика

Шаққан жерді сабынмен сулап жауып, салқан нәрсе қойыңыз. Шаққан жарді байлап тастаңыз. Ауруды бәсеңдететін дәрі ішу керек. Сұйықтықты көбірек ішіңіз.



Араның шағуы




Ісік, қызару, қышу. Бұның барлығы екі күнге созылуы мүмкін. Жүректің айнуы мен әлсіздіктің пайда болуы да мүмкін.

Егер жарада тікені қалса, ақырын қысқышпен алып тастаңыз, жараға жартылай спиртті компресс жасап, бал жағыңыз, супрастин немесе димидрол таблеткасын ішіңіз. Егер ара шағуына аллергияыңз болса, тез арада дәрігерге көрініңіз.

Үлкен аралардың шағуы

Теріде ісік пайда болып, әлсіздік байқалады.

Шаққан жерді сірке қышқылы (су+сірке қышқылы) немесе спирт қосындыларымен сүртіңіз.

Масаның шағуынан пайда болған қышуды, шаққан жерге нашатыр спиртін (нашатырспирті мен судың тең қосындысы) не болмаса ас содасының ерітіндісін жағуға болады.



  • Егер құлағыңызға жәндік кіріп кетсе, оны келесі жолдармен алып тастауға болады: құлаққа жылы суды сыртына шыққанға дейін құясыз. Сонымен қатар, құлақты ақырын артқа және жоғары созасыз. Басқа, жеңіл әдісі: міндетті түрді құлақ судың ішінде қалатындай етіп, ваннаға жату керек.

Бөгде дене – ағзаға сырттан түсетін және ұлпаларда, ағзада, ішкі қуыста тұрып қалатын зат.

Химиялық зат түскеннен кейін көздің күюі кезінде көзді бөлме температурасындағы сумен жуу керек. Көзге кірген бөгде зат қабақтың ішкі жағында немесе көздің мөлдір қабығына кіріп тұруы мүмкін.

Алгашқы көмек. Көзді сүртуге болмайды. Қабағын кірпігінен тартып ақырын көтеріп, бөгде затты суланған таза орамалдың ұшымен алып тастау керек. Бөгде дене көздің мөлдір қабығына кіріп кетсе, алғашқы көмек тек емдеу мекемесінде жасалады

Құлаққа кірген бөгде зат екі түрлі болады: жәндік немесе зат.

Алгашқы көмек. Құлаққа жәндік кіріп кетсе, есту жолына 3-5 тамшы өсімдік майын (су) тамызып, 1-2 минут өткеннен кейін зардап шегушіні ауру құлағымен жатқызады, бөгде дене сұйықтықпен бірге өзі шығуы керек. Мұрынға кірген бөгде денені сіңбіру арқылы шығарады. Егер бұл әдіспен шықпаса, емдеу мекемесіне бару керек.

Тыныс алу жолдарына кірген бөгде зат кептелу мен тұншығуға алып келеді. Тұншығу тамақ немесе басқа зат өңешке емес кеңірдекке түсіп кеткенде орын алады (сызбаға қараңыз).

Алгашқы көмек. Зардап шегушінің жөтелуіне мүмкіндік беру; денесін алдыға қарай еңкейтіп, жауырынының ортасынан бірнеше рет ұру. Зардап шегушіні белінен құшып, 4-5 рет ішінің ортасынан басу керек. Kepi әсер байқалған жағдайда зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу керек.

Өзін өзі тексеру сұрақтар

  1. Жануарлардың тістеуі,

  2. жылан, жәндіктердің шағуы,

  3. Бөгде заттың түсуі кезіндегі алғашқы көмек


Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №10. Табиғи факторлар әсерінен жарақаттанғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем. Суға кету, күн тию, ыстық өту, электр жарақаты
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Күн өту, Суға бату, Электр жарақаты кездеріндегі алғашқы көмек көрсету тәсілдері.


Күн өту – тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен бастың шамадан тыс қызып кетуінен орын алатын ағзаның ауыр жағдайы. Зардап шегуші әлсіреп, жүрегі айниды, құсқысы келеді, мұрыны қанап, көру мүмкіндігі нашарлап кетеді, тыныс алуы мен тамыр соғысы жиілеп, кейбір жағдайларда есінен танып, тыныс алуы мен жүрек қызметі тоқтап қалады. Осыған ұқсас симптомдар күнге көп көлемде күйіп қалғанда байқалады, оған қоса бірінші дәрежедегі күйік белгілері пайда болады. Күн өткен кезде желке аумағында ауыру сезімі пайда болады.

Алгашқы көмек. Зардап шегушіні салқын жерге немесе көлеңкеге алып келіп, киімін шешу керек. Басы мен жүрек маңына суық қойып, мол қылып тұзды су беру керек.

Суға бату - тыныс алу органдарының сұйықтыққа немесе сұйық массаға толып қалуы. Суға батудың белгілері: ауызынан көбіктің ағуы, тыныс алу мен жүрек қызметінің тоқтауы, көз қарашығының ұлғаюы.

Алгашқы көмек. Ауыз қуысын тазалап, зардап шегушінің басы жерге қарай еңкейіп тұратындай етіп, құтқарушы өзінің жамбасына ішімен жатқызады, іші мен арқасынан қысып, асқазанынан суды шығару керек.

Бұдан кейін бірден қолдан дем алдыруға көшу керек.

«Бір-екі» дегеңде зардап шегушіні көтеріңкірейді – ауаны ішке жұтады; «үш-төрт» дегенде оны жерге түсіреді; «алты-жеті» дегенде – кідіріс жасап, демді сыртқа шығарады.

Жүрек қызметін қалпына келтіру үшін жүрекке жанама массаж жасау керек. Жүрек маңынан 5-6 рет басқаннан кейін зардап шегушінің ауызынан немесе мұрнынан үрлеу керек. Бұларды тыныс алуы мен жүрек соғысы толығымен қалпына келгенге дейін жасау керек. Жүрек соғысы толығымен қалпына келгеннен кейін зардап шегушіні жылылап орап, емдеу мекемесіне жіберу керек.



Электр жарақаты – ағзаның электр тоғымен зақымдануы. Электр жарақаттары жергілікті және жалпы болып екіге бөлінеді. Жергілікті электр жарақаты қысқа мерзімді түйісу кезінде дененің белгілі бір бөлігіне тоқтың әсер етуі. Жалпы электр жарақаты адам ағзасынан электр тоғының өтуі кезінде орын алады. Жалпы зақымдану кезінде дене бұлшықеттері тырысып, жүрек қызметі нашарлайды және тыныс алуы бұзылады.

Найзағай соққан кезде жоғарыда атап өткен жарақатпен қоса, адамның құлағы естімей қалады, сөйлеу қабілеті де бұзылып, денеде қара – көк түсті дақтар пайда болады.



Алғашқы көмек. Зардап шегушіні тоқтың әсерінен алшақтату керек: бүкіл тізбектен тоқты ажыратыңыз. Рубильникті өшіріп, электр сымды үзіп, қашыққа лақтырып тастаңыз. Ең алдымен тексеру кезінде тыныс алуының бұзылуы немесе жүрегінің кенеттен тоқтап қалуын қадағалаңыз. Қолдан дем алдыру мен жүрекке жанама массаж жасауға кірісіңіз. Күйген жерге залалсыздандырылған дәке тағып, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу керек.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Табиғи факторлар әсерінен жарақаттанғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.

  2. Суға кету, күн тию, ыстық өту

  3. Электр жарақаты


Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №11 Төтенше жағдайдағы адам организмінің зақымдану диагностикасы

Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Апаттар медицина қызметі мемлекеттік қызмет болып табылады. Іздестіру- құтқару жұмыстары, жарақаттанған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету, қауіпсіз орындарға апару, эвакуацияға дайындау, жедел жәрдем көмегін дәрігерлер мен медбикелермен күшейту автобустармен машиналармен, қалалық ауруханамен МАИ посттарын дайындау, донорларды табу, олардан тез арада қан жинау, жараланған адамдарға санитарлық көмек жасау, дезинфекциялау, киіммен, тамақпен, транспортпен, материалды техникалық, коммуналды көмек көрсетуді қамтамасыз ету.

Жер сілкіну, су тасқыны, сел және тағы да басқа стихиялық апаттар адам өмірінде жиі кездеседі. Соңғы он жылды табиғи апаттар ғана емес, сонымен қатар адам тіршілігі нәтижесінде техногенді апаттар «Жаппай травматизм ғасыры» деуге болады. Техногенді апаттардың масштабы өсуде. Экологиялық жағдай төмендеп, адам өлім саны көбейуде.

Апаттар мәселесі Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау комитеттерінде, халықаралық конгресстерде, сонымен қатар ассамблеяларда, ғылыми конференцияларда жиі талқыланады.

Апаттардың пайда болу сферасында төтенше жағдай классификациясы қоршаған ортамен адам өміріне қаншалықты қауіп туғызатынын білуге болады.

Негізгі табиғи және техногенді апаттар нәтижесінде жаралану


  • Динамикалық қатты соққы толқынында пайда болады;

  • Механикалық жаралану жерсілкіну, сел, транспорт апаттарында, өндірістік авариялардан пайда болады;

  • Термиялық жоғарғы температураның, өрттің әсерінен адам организмінің жалпы күйіп қалуы, төмен температурада адамның тону және үсіп қалу нәтижесінде болады;

  • Радиационды радиационды қауіпті аймақтағы апаттардың дем алу органдары арқылы адам организмнің радиоактивті заттармен улануы, өткір сәуле ауруы;

  • Химиялық өндірістік улану, қатты әсер ететін улы заттармен улану;

  • Биологиялық бактериологиялық қауіпті аймақтағы апаттар нәтижесінде токсиндермен бактериялардың таралуы, инфекционды аурулардың пайда болуы;



Өзін өзі тексеру сұрақтары

    1. Төтенше жағдай кезіндегі адам организмінің зақымдану диагностикасы

    2. Зақымдану дәрежесіне қарай адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету түрлері


Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №12 Қан кеткен кездегі алғашқы медициналық көмек
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Қан кету кезіндегі алғашқы көмек. Қан тоқтату әдістері мен құралдары.
Қанның ағуымен жүретін, тамыр қабырғасының бүтіндігінің бұзылуы

Сыртқа қан кету кезіндегі алғашқы көмек:

  • Жараны қысыңыз;

  • Зақымданған аяқ-қолды көтеріңіз;

  • Зардап шегушіні арқасына жатқызыңыз;

  • Қысатын таңғышпен байлаңыз;

  • Шокқа қарсы іс-әрекет жүргізіңіз.

Егер қан дәкенің сыртына шықса, қосымша сулықтар таңып, ескі таңғыштың үстінен дәкемен ораңыз. Қан сіңген сулықтарды ешқашан шешпеңіз. Қолға немесе аяққа таңғыш салу кезінде, саусақтарды дәкемен орау қажет болмаса, саусақтарын ашық қалдырыңыз. Саусақтар бойынша таңғыштың тығыз оралғанын анықтауыңызға болады. Егер қолдың немесе аяқтың саусақтары салқындай бастап, жансызданса немесе түсі өзгерсе, таңғышты сәл босатыңыз. Аяқ немесе қолдардағы бақыланбайтын қан кетулер кезінде (аяқ-қолдың ампутациясы) жгут салу артериалдық қан кетуді толық тоқтатудың тиімді тәсілі болып табылады. Бірақ бұл әдіс ең соңғы құрал ретінде қолданылуы тиіс, себебі барлық жағдайда тығыз таңғыш салу және артерияны саусақпен басу қан кетуді тоқтатуға жеткілікті болып табылады. 

Қан кетуден баска әрбір жара үшін ең кауіптісі — жараға микробтардың түсуімен байланысты туатын асқынулар мүмкіндігі.

Микробтар жараға жаралану кезінде (алғашқы инфекция) немесе алғашқы көмек, ем көрсету кезінде асептика ережелерін бұзу (екіншілей қайталанған инфекция) салдарынан түседі. Бір жағдайларда ірің туғызатын ұшыну процесі дамуы мүмкін (іріңтекті микробтар стафилококтар, стрептококтар), ал кейде тілме ушығуы жүреді (қалшылдау, дене ыстығының көтерілуі, жара айналасының қызаруы, оның шеттерінің тегіс еместігінің анық байқалуы).

Соғылған жөне мылжаланған тіндері бар жараларда және топырақ пен ластану кезінде газды гангрена туғызатын газды инфекция пайда болуы мүмкін (оттек жоқ жерде дамитын микробтардың көбеюінің, яғни анаэробты инфекцияның көрінісі — тіндердің тез өлінің бастауы). Жараның инфекцияға ұшырауымен байланысты дамитын тағы бір кауіпті ауру — сіреспе (жараның сіреспе таяқшасы бар топырақпен ластануы). Клиникалық тұрғыда сіреспе бұлшық еттерің тырысып қалуы, тыныс алу мен жүрек жұмысының бұзылуы, шайнау бұлшық еттердің қарысуы, тыныс алу мен кіші дөретке отырудың қиындығымен сипатталады. Соңғы екі жағдайда гангренаға жөне сіреспеге қарсы сарысу егу қолданылады.

Жаралану кезіндегі алғашкы көмек көрсеткенде, қан кетуді тоқтату, жараны таңғышпен жабу, тыныш қалыпта ұстау үшін дененің закымданған бөлігін иммобилизациялау (түрақтандыру) жүмыстарын жүргізу керек.

Қанды уакытша токтату — алғашкы медициналық жөрдем көрсету кезіндегі маңызды шаралардың бірі және қан кетудің түріне байланысты оның тәсілдері таңдалады.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Қан кету кезіндегі алғашқы көмек.

  2. Қан тоқтату әдістері мен құралдары.



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №13 Жарақаттар кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Жарақаттану кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем

Жарақаттану кезіндегі алғашқы медициналық жәрдем (АМЖ) көрсетудің мақсаты — қан тоқтату (уақытша болса да), жараны ластанудан және оған микробтардың түсуінен сақтау, зардап шегушінің ауруын бәсеңдету. Алдымен жарақаты бар дене бөлігі жалаңаштандырылады. Киім не аяқ киімді ақырын шешеді, кейде оны тігісі бойынша сөгеді. Екінші жұпқа түспес үшін жараны саусақпен немесе аспаппен қарауға тыйым салынады. Асептика ережелерін қатаң сактау керек.



Қан кетуді тоқтату мен жараға микробтардың түсуін болдырмау үшін көбіне жараға стерильді (асептикалық) таңғыш кою арқылы жүзеге асады. Мұның алдына жара шетіне 2 рет йодтың спиртті ерітіндісін жағады, ал ол жоқ болса, шетін этиль спиртімен, арақпен немесе одеколонмен сүртеді. Жара бетіндегі киім жыртындыларын немесе басқа денелерді (бос жатқан) еппен жара бетіне тигізбей алады. Тереңде жатқан басқа денелерді алмау керек, өйткені ол қан кетуді күшейтіп, жұқпа түсіруі мүмкін. Жараны жууға тыйым салынады.Жараға таңғыш коюға жеке танғыш пакеттер (ЖТП) немесе алдын ала дайындалған стерильді таңғыштар қолайлы. ЖТП резина қысқа және кағаз қабықшқа оралған екі макта — дәке жастықша мен бинт түріндегі стерильді (кейде антисептикалық зат сіңірілген) таңғыш материалдан тұрады. Жастықшаның біреуі жалпы бинт бойында қозғалады (таңғышты бекітуге арналған), ал екіншісі бинттін бос ұшына бекітілген. Пакетті пайдалану үшін әуелі резина қабықты, ал содан кейін қағаз қабықты ашады. Оң қолмен ораманы, ал сол қолмен бинт ұшын ұстап, жастықшаларды жазады да, жараға кояды. Оқ тесіп өткен жаралар кезінде жастықшаның бірін жараның кірер тесігіне, ал екіншісін шығар тесікке қояды. Жастықшаларды бинттеп, бинт ұштарын байлайды. ЖТП-ны қолдану кезіндегі негізгі ереже — таңғыштың жараға салынатын ішкі бетіне қол тигізбеу (сыртқы беті қызыл жіппен тігілген).Жараланғандарға жәрдем көрсету кезінде асептикалық таңғыштар да қолданылуы мүмкін, олар өндірісте төмендегідей түрде шығарылады: 1)мақта-дәке жастықшалары (65 х 43 см) мен оған тігілген тұрақтандырғыш тоқыма баудан тұратын үлкен асептикалық таңғыштар; 2) мақта-дәке жастықшаларынан (56 х 29 см) және дәке бинтінен (14x7 см) тұратын кіші асептикалық таңғыштар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет