Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Жарақаттану кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем әдістері
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №14 Ішкі мүшелердің және жұмсақ ұлпалардың травмалық жарақат кезіндегі медициналық көмек
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Іш қуысында өмірге аса қажетті ағзалар орналасқандықтан, бұл аумақтың зақымдануы өлімге алып келуі мүмкін. Бауырмен көкбауырдан зақымдалу кезінде қатты қан кетеді және жеңіл жарақатталады.
Іш қуысы жарақатының белгілері мен симптомдары:
-
қатты ауыру, іштің ауыруы немесе жаншылу әсері;
-
көгеру;
-
құсу (кейде қан құсу немесе қара түсті), әлсіздік;
-
үлкен дәретіндегі қан (үлкен дәреті қара түсті).
Іш қуысынан қан кету ішкі және сыртқы болуы мүмкін. қан көрінбеген жағдайда да ішкі ағза жарақаттанса, ішкі қан кетудің болуын елемеуге болмайды. Ішкі қан кету естен тануға алып келеді.
Іштің жарақаты өте қатты ауырады. Оған қоса іш қуысына қанның немесе бөгде заттың түсуі аса қатты зардаптарға алып келеді.
Іш қуысының соғылуы тікелей жарақаттың салдарынан болады. Іш қабырғасы сырылу, гематома болуы мүмкін.
Іштің жабық зақымдануы қарын ішілік қан кетумен қоса жүреді. Іштен айтарлықтай күшпен ұрғанда, көлік басып кеткенде және биіктен құлаған кезде орын алады. Қан кету көзі жыртылған көкбауыр, бауыр, жіңішке және жуан ішектің қан тамырлары болып табылады. Зардап шеккен адам өте ауыр жағдайда болады, мұндай жағдайда дененің басқа бөліктері де жарақаттанады. Егер зардап шеккен адам ес – түсін білетін болса, басының айналғанына, шағымданып, денесін суық тер басады. Тігінен тұрған кезде басы айналады. Тамыр соғысы жиілеп ентігеді.
Іштің жабық зақымдануы ағзалардың жарылуымен қоса жүреді. Ең жиі жағдайда жіңішке ішек, одан кейін жуан ішек, асқазан және қуық зақымданады. Ішек – қарын ішіндегі заттың іш қуысына ағуы іштің қатты ауыруына («қанжар сұққандай») алып келеді. Зардап шеккен адам бозарып, әрбір қимылы қатты ауыртпалық тудырады. Іші қатты ауырып, тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілейді.
Алғашқы көмек. Бұл жағдайда ең дұрыс көмек – жарақатын дер кезінде анықтап, зардап шеккен адамды дереу ауруханаға жеткізу. Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу керек. Егер іштей қан кету болса, ішіне суық басу керек. Наркотикалық анальгетик егуге болмайды. Қуыс ағзаның жарылуы және қатты ауыру кезінде 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.
Іштің жарақаттануы. Іш қабырғасының жарақаты әр түрлі көлемде болады, іш қуысына енуі немесе іш қабырғасы аймағында тоқтап қалуы мүмкін. Ең жиі кездесетін жағдай ішек – қарынның жарақаттан шығып кетуі (көбіне ішек).
Алғашқы көмек. Жарақатты залалсыздандырылған таңғыш таңып, сыртынан лейкопластырь жолақтарымен жапсыру керек. Сыртқа шыққан ішекті қайтадан орнына салуға болмайды, оларды залалсыздандырылған матамен жабу керек. Ауруды басу мақсатымен 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек. Су басқа да сұйық заттарды беруге болмайды, тек ерінін сулы матамен ылғалдандыру керек. Зембілге арқасымен жатқызған күйде тасымалдау керек.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Ішкі мүшелердің және жұмсақ ұлпалардың травмалық жарақат кезіндегі медициналық көмек көрсету түрлері
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №15 ТЖ кезіндегі адамдарды көшірудегі санитарлы гигиеналық және эпидемиялық тәртіптерді сақтау, инфекционды ауруды қоздырғыштар табиғи инфекциялар, карантин.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Жара асқынуларынан сақтандыру. Асептика және антисептика туралы түсінік
Жара асқынуларынан сақтандыру
Жедел хирургиялық жұқпа әр алуан және көп кездесетін іріңді аурулардың (іріңді, ұшығу, терінің тілме ұшығуының әр түрлі формалары, лифангоит жөне лимфаденит, тромбофлебит, панарицит, сепсис) пайда болуына себеп болады. Бұл жағдайда алғашқы медициналық жәрдем көрсету: құрғақ немесе мазь (жұқпамайлы) жағылған таңғыш (Вишневский жақпамайы, антибиотиктер — пенициллин, синтомицин, тетрациклин) салу, аяқ-қолды (үшкіл орамалмен, жақтаумен) таңып тастау, АМЖЖ-ға жіберу. Жалпы, қатты іріңді жұқпа (сепсис) белгілері байқалған кезде, зардап шегушіні дереу мамандандырылған ауруханаға жіберу, алғашқы ушығу ошағына таңғыш салу.
Кез келген зақымдану кезінде медициналық жәрдем көрсеткенде, сіреспенің алдын алу маңызды міндет болып саналды және ол тері астына сіреспеге қарсы сарысумен анатоксин егу жұмыстарын жүргізуді қамтиды. !рбір жаралыға сіреспеге қарсы сарысудың 1 сақтандыру дозасын, яғни 3000 АЕ антитоксиндік бірлігін егеді. Егер жара үлкен болса және топырақпен немесе киім жұлмаларымен ластанса, онда 2 профилактикалық доза (6000 АЕ) салынады. Ауыр жараланған жағдайда сарысуды 7 күннен кейін кайта егеді. Басқа жараланулардың бәрінде сарысумен бірге бір мезгілде дененің басқа бөлігіне кеш пайда болатын сіреспенің алдын алу үшін тері астына 1 мм сіреспелік анатоксин 5—6 күннен кейін қайтадан 2 мл анатоксин егеді. Үш жасқа дейінгі балалар жараланғанда сары судың — 750 АЕ, ал үш жастан жоғары балаларға — 1500 АЕ егеді. 13 жасқа дейінгі балаларға бірінші рет — 0,5 мл сіреспелік анатоксин, екінші рет, 5—6 күннен кейін — 1 мл, яғни ересек адам дозасының жартысын егеді. Газды гангрена кезінде ауруды дереу ауруханаға жатқызу керек. Сақтандыру тұрғысында оған бұлшық ет ішіне гангренаға карсы сары су қоспасын (100 — 150 мл стерильді изатонды ерітіндінің —30000 АЕ) егу, жұмсақ тіндердің ауқымды зақымдануы мен сынық кезінде (әсіресе топырақпен, нәжіспен ластанғанда) антибиотиктер колдану қажет және дер кезінде жараларға алғашқы хирургиялық өңдеу керек.
Асептика және антисептика туралы түсінік. Жараға жұқпаның түсуі кез келген жараның жиі кездесетін және кауіпті асқынуларының бірі болып табылады. Міне, сондықтан да барлық хирургиялық жұмыстардың негізгі жара жұқпасынын алдын алу (сақтандыру) қағидасына тіреледі. Жараның беткі қабатына тиетін нәрсенің барлығында ауру туғызатын микробтар болмау керек, (стерильдену қажет), сондай-ақ жараға түскен микробтарды барынша әлсірету қажет. Жара жұқпасының алдын алу және онымен күресу үшін қазіргі заманда хирургияда жұқпадан сақтандырудың біртұтас жүйесін құрайтын асептика мен антисептиканың әр алуан тәсілдері қолданылады.
Микробтарды жараға түскенге дейін жоюға бағытталған, сөйтіп, оны жұкпаға ұшыраудан сақтайтын іс-шаралардың (жара жұқпасынан сақтандыру әдістері) жиынтығы асептика деп аталады. Асептиканың негізгі заңы: жараға тиетін нәрсенің бәрі микробсыз, яғни стерильді болуы тиіс. Асептикаға қол жеткізу үшін, негізінен, микробтар үшін қатерлі жоғарғы температура (бумен, қайнату арқылы стерильдеу) және кейде әр түрлі химиялық заттар (спирт, йод), сонымен бірге ультрадыбыс, газдар, иондаушы сәулелену пайдаланылады.
Жарадағы микробтар санын азайтуға немесе оларды жоюға бағытталған іс-шаралар жүйесі антисептика деп аталды.
Антисептиканың төмендегідей түрлері бар:
-
механикалық (жұқпа түскен жараны алғашқы хирургиялық өндеуден өткізу, яғни микробтар мен өлітіндерді алып тастау мақсатында жараның түбімен шеттерін ойып кесу):
-
физикалық (жараға ылғал тартқыш мақта-дәке таңғышын салу, кептіргіш ұнтақ, тампон, білте, дәкенің ұзын жолағы түріндегі тампон немесе резина немесе пластмасса түтік түріндегі білтені пайдаланау, сондай-ақ жараны ауа көмегімен емдеудің ашық әдісімен кептіру).Осылайша микробтардың өмір сүруі мен көбеюіне кедергі келтіретін қолайсыз және тіндердің ыдырау өнімдерімен улы заттар токсиндерінің сіңуін азайтатын жағдайлар жасалады.
-
химиялық (бактериологиялық әрекеті микробтардың дамуы мен көбеюін басып тастайтын және бактерицидті әрекеті — олардың өлуін қамтамасыз ететін антисептикалық заттар қолдану).
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Жара асқынуларынан сақтандыру.
-
Асептика және антисептика туралы түсінік
4 Емтихан сұрақтары
-
Төтенше жағдай кезіндегі медициналық көмектің негізгі міндеттері.
-
Қан кету түрлері, қан тоқтатуға арналған құралдар, алғашқы көрсетілетін көмек.
-
Төтенше жағдайдағы жүргізілетін медициналық көмектің негізі шаралары.
-
Жараның түрлері, жараланған жерді таңу әдістері, жараланған адамға алғашқы көмек.
-
Медициналық көшірудің (эвакуация) этаптары.
-
Жаншылу синдромы, алғашқы көмек
-
Буын тайғанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.
-
Жылдам медициналық көмек көрсету қызметінің негізгі түрлері.
-
Жарақатану кезіндегі тасымалдау әдістері.
-
Табиғи факторлар әсерінен жарақаттанғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.
-
Экстремальды жағдайдағы апаттар медицинасы қызметінің жүргізетін негізгі шаралары.
-
Азаматтық қорғаныстағы медициналық қызметті ұйымдастыру және міндеттері.
-
Күйгенде, үсігенде көрсетілетін алғашқы жәрдем.
-
Есінен танған адамға алғашқы жәрдем.
-
Бас сүйек, көз, құлақ, танау жарақаты кезіндегі алғашқы жәрдем.
-
Қол-аяқ сүйектерінің сынғанын анықтау, тану әдістері, құралдары.
-
Жарақаттанғандарға жалпы күтім жүргізу.
-
Инфекционды аурулар және олардың диагностикасы.
-
Улану кезіндегі кезек күттірмейтін көмектің негізгі принциптері.
-
Медициналық эвакуациядағы бірінші кезеңдегі медициналық сорттау түрлері.
-
Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету.
-
Зақымданған жердегі сыртқы қан ағуды уақытша тоқтатудың әдістері
-
Апат ошағындағы динамикалық және механикалық зақымдану факторларына алғашқы медициналық көмек.
-
Зақымданған жердегі сыртқы қан ағуды уақытша тоқтатудың әдістері.
-
Электр жарақаты және оған көрсетілетін алғашқы жәрдем.
-
Күйік түрлері, дәрежесі, даму түрлері.
-
Суға кету, күн тию, ыстық өту ұғымдарының сипаттамасы.
-
Сынықтың түрлері, тасымалдау әдістері.
-
Жараның түрлері; жараланған жерге байланысты қолданылатын таңғыш әдістері.
-
Ет жаншылғанда, тері сыдырылғанда ұрынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.
-
Травмалық шок, ұзақ шаншылу кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
-
Ішкі мүшелердің және жұмсақ ұлпалардың жарақаты кезіндегі алғашқы жәрдем.
-
Адам денсаулығының маңызды көрсеткіштерін анықтау.
-
Адамның өлім және өмір сүру белгілерін анықтау.
-
Төтенше жағдай кезінде өзіне және өзгелерге алғашқы медициналық көмек көрсету.
-
Адамның анатомиялық және физиологиялық негізі.
-
Адам қаңқасы. Кеуденің, аяқ пен қолдың, бастың бұлшық еттері .
-
Тыныс алу, қан айналым, ас қорыту жүйесі.
-
Көру талдағышы (анализатор), есту талдағышы (анализатор).
-
Бөлу, шығару жүйесі, нерв жүйесі.
-
Жарақат,соққы, жара, қан кету - алғашқы көмек.
-
Сананың бұзылуы - естен тану, коллапс, кома.
-
Бас сүйектің зақымдануы.
-
Беттің жаралануы жұмсақ ұлпалардың, жақтың жаралануы.
-
Кеуде қуысының зақымдануы.
-
Омыртқаның, қарын мен ішкі ағзалардың зақымдануы.
-
Жауырын мен бұғананың зақымдануы.
-
Қолдың, аяқтың зақымдануы - шығу, сыну.
-
Үсік шалу, дене қызуының төмендеуі (гипотермия).
-
Жылулық соққы, асқан қызыну (гипертермия).
-
Жаншылу синдромы, алғашқы көмек.
-
Улану, Күн өту, Суға кету, Электр жарақаты алғашқы көмек.
-
Жарақаттық шок. Буынның жарақаттық шығуы.
-
Созылу және байламның жыртылуы.
-
Жануарлардың, жылан, жәндіктердің шағуы. Бөтен дененің түсуі
-
Жасанды тыныс алдыру - жалпы ережелер
-
Жүрек массажы - тікелей, жанама.
-
Инъекция - жалпы ережелері, түрлері.
-
Жарақаттық ампутация (кесіп тастау), алғашқы көмек.
-
Жарақаттану жағдайы мен деңгейін анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |