Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Дәрілік құралдарды денеге жіберудің бірнеше түрі бар. Аса ауыр жағдайдағыларға парентералды (асқазан – ішек жолына тимей) түрде, демек тері астына, тамырға иненің көмегімен егеді. Бұл әдіс қажетті емдік әсерді тез алуға, дәрілік құралдың көлемін дәл анықтауға, еккен жерінде барынша концентрация жасауға мүмкіндік береді. Инъекция мен құюды асептика және антисептиканың ережелеріне сүйене отырып жасайды. Бұл дегеніміз – залалсыздандырылған шприц пен инені пайдалану керек. Иньекция жасайтын адамның қолын мұқият тазалағаннан кейін және зардап шегушінің ине салатын жеріндегі теріні тазалап алғаннан кейін барып қана дәрі егіледі.
Иъекция – жалпы ережелері, түрлері. Шприц – бұл сұйықтықты қысып толтыруға және сорып алуға арналған құрал. Ол толық цилиндр мен поршеньнен тұрады. Поршень цилиндрдің ішкі қабарғасына нығыздалуы және оның бойымен еркін сырғуы керек, бірақ ауа мен суды жібермеуі тиіс. Цилиндр – шыны, металл және пластиктен (бір рет қана пайдаланатын шприцтерде) тұрады және әртүрлі сыйымдылықта болады. Бір жағы алдыға қарай шыққан ұштан немесе ине салатын воронка тәрізді конустан тұрады; екінші жағы ашық тұрады немесе поршень салынатын алынбалы қақпак болады. Поршень ұстайтын тетігі бар стерженьге орнатылған. Шприцтің герметикалылығын мынандай жолмен тексереді: цилиндрдің сыртынан сол қолының екінші және үшінші саусақтарымен жабады да оң қолымен поршеньді төмен тартады да, қайта жібереді. Егер поршень бастапқы қалпына бірден келсе, шприц герметикаланған. Инъекция жасайтын инеде жіңішке металл түтік болады. Оның бір ұшы қиғаш кесілген және қайралған, ал бір ұшы қысқа металл муфтаға бекітілген. Инелер әртүрлі ұзындықта (16-дан 90 мм дейін) және диаметрде (0,4-тен 2 мм дейін) болады. Тері арасына инъекция жасау үшін ұзындығы 16 мм және диаметрі 0,4 мм инені, тері астына инъекция жасау үшін ұзындығы 25 мм және диаметрі 0,6 мм инені, тамырға инъекция жасау үшін ұзындығы 40 мм және диаметрі 0,8 мм инені, бұлшықетке иньекция жасау үшін ұзындығы 60 мм және диаметрі 0,8 - 1,0 мм инені пайдаланады. Инені ұштау әр түрлі формада болады. Тамырға инъекция жасауға арналған ине 45° бұрышпен кесілген, ал тері арасына инъекция жасайтын иненің кесілу бұрышы өте өткір болуы тиіс. Ине өте өткір және ешқандай кертіктері болмауы керек. Өту мүмкіндігін тексеру үшін ине арқылы ауа жібереді. Шприцке дәрілік құралды сорып алу үшін ампулада немесе құпыда жазылған атын оқу және егу керек. Шприцті дәрілік ерітіндіні сорып алу арқылы толтырады. Бұл үшін сол қолына кесілген ампуланы алып, ал оң қолымен оған шприцке кигізілген инені салады да прошеньді ақырын тарту арқылы керекті мөлшердегі ерітіндіні сорып алады. Мөлшерін цилиндрдің сыртында көрсетілген бөліктерге қарап анықтауға болады. Шприцтің инесін жоғары қаратып, оның ішіндегі ауаны ақырын шығарады. Тері астына салынатын инъекцияның орыны тері асты клетчаткаларының қалыңдығына байланысты. Ең ыңғайлы бөліктер жамбастың, иықтың, жауырын астының сыртқы қабаты болып табылады.
Инъекция жасалатын жердің терісін этил (йодтың спиртті ерітіндісін де пайдалануға болады) спиртімен тазалап алады. Сол қолынын бас бармағымен және сұқ саусағымен тері мен тері асты клетчаткасын жиырып алады. Дәрі жіберу дене сыртына 30° бұрыш болып иіліп төменнен жоғары қарай жасалады. Инені жылдам енгізіп, екінші саусақпен поршеньді басады да дәріні жібереді, одан кейін инені суырып алады. Тері астына жасалатын инъекцияның барлық түрінде иненің кесілген бөлігі жоғары қарап тұрады, ал ине шамамен 2/3 бөлікке кіріп тұрады.
Дәрілік құралдарды егу кезінде жылдам әсер беру үшін, сондай – ақ парентеральды егуде баяу таралатын дәрілік құралдарға бұлшық етке инъекция жасайды. Инъекция орнын жеткілікті дәрежеде бұлшықет қабаты болатындай етіп тандайды. Сонымен қатар бұл аймақта ірі нервтер мен тамырлар болмауы керек, өйткені оларға зақым келуі мүмкін. Бұлшық ет инъекциясын көбіне бөксенің сыртқы бөлігіне (квадрат) жасайды. Диаметрі (0,8-1,0 мм) үлкен ұзын (60 мм) инелерді пайдаланады. Шприцті инесін төмен қаратып, денеге перпендикуляр ұстайды. Теріні сол қолының саусақтарымен қысып, тездетіп инені 5-6 см тереңдікке кіргізеді, ине тамырға тиіп кетпес үшін поршеньді аздап тартады да осыдан кейін барып қана дәрілік құралды жібереді. Инені тез суырып алады. Инъекция орнын этил спиртіне батырылған мақтамен өңдейді.
Тамыр инъекциясы үшін білек буынындағы тамырлардың бірін алады. Инъекцияны зақымдалушыға жатқызып немесе отырғызып қолын жазып, білек буынын жоғары қаратып, жасайды. Иығына жгутты тек қана тамыр көрінгенге дейін байлайды, қан айналымы тоқтап қалмауы керек. Венаның көрінуі үшін жұдырығын ашып – жұмады, осы кезде білек венасы жақсы көріне бастайды. Білек буының этил спиртіне батырылған мақтамен өңдейді. Одан кейін он, қолының саусақтарымен инесі бар шприцті алып, ал сол қолының екі саусағымен білек буынындағы теріні тартып, венаны белгілейді. Инені 45° бұрышпен ұстап тұрып, теріні тесіп тамырға өтеді. Осыдан кейін иненің көлбеу бұрышын азайтып, венаны теседі, бұдан соң инені тігінен венаға кіргізеді. Егер ине венаға тиетін болса, шприцтің ішінде қан пайда болады. Егер ине венаға тимейтін болса, поршеньді тартқан кезде шприцте қан пайда болмайды. Венадан қан алған кезде үрдіс аяқталғанға дейін жгутты босатпайды. Тамырға дәрі жіберген кезде жгутты ақырын босатады да поршеньді басу арқылы венаға дәрілік ерітіндіні жібереді. Шприц ішіндегі ауаның венаға кіріп кетпеуін және дәрілік ерітінді тері клетчаткасына ағып кетпеуін қатаң түрде қадағалау керек.
Инъекциядан кейінгі асқынулардың алдын алу. Асқынулардың негізгі себептері – инъекциялық жұмыстар жүргізу кезінде жасалатын қателіктер болып табылады. Нәтижесінде іріңдік асқынулар пайда болуы мүмкін асептика ережелерінің бұзылуы өте жиі кездеседі. Сондықтан инъекция алдында құтының немесе ампуланың бүтіндігін, оның залалсыздандырылғанын тексеру керек. Дәрілік құралдары бар ампулаларды, құтылардың қакпақшаларын этил спиртімен мұқият сүрту керек. Қолды тазалап жуып, оны да этил спиртімен өңдеу керек. Ине салынған орынның қызаруы мен ісуі байқалса, жылытатын сулы компресс
жасап, қыздырғыш қою керек. Асқынудын келесі бір себебі – дәрілік құралдарды жіберудің бұрыстығы. Егер ине дұрыс тандалмаса, онда тері жарақатталып, қанұйық пайда болады және ине орны қатып қалады. Кенеттен инені қозғаған кезде ине сынып кетіп, бір бөлігі тері ішінде қалып қалуы мүмкін. Пайдаланар алдыңда инені мұқият тексеріп алған жөн. Әсіресе иненің діңге бекітілген тұсы тез сынғыш келеді. Сондықтан инені денеге толығымен кіргізуге болмайды. Егер де мұндай жағдай туындай қалса, оны тезірек шығарған дұрыс.
Таңғыштар, оларды пайдалану түрлері, тану әдістері.
Орайтын заттар бұл:
-
Бинттер (стерильді және стерильді емес).
-
Мақта тазартылған (гигроскопическая) және қарапайым. Тазартылған мақта ылғалды (влагу) және ірікті (гной) тарту қабілетіге ие.
-
Таза орамалмен, кесілген матамен (простынянымен), салфеткалардың көмегімен қан тоқтатуға және жарақат жеріне кір кірмеуге жағдайын жасауға болады.
ЖАРАҚАТ ЖЕРІН ҚАЛАЙ ДҰРЫС БАЙЛАУ КЕРЕК:
-
Бинттін шетің жарақат жеріне қойып, бір толық айналым жасаңыз, упаковканы сыртқы жағын жараға қарай ұстаңыз: солай орауға ыңғайлы болады. Жарақат жерінен төмен 2-3 рет толық айналым жасап, 2-3 рет жарақаттан жоғары байланыз.
-
Сосын бинттің шетің екіге кесіп, содан екі жіпті жасап байлап қойыныз (тек қана жарақаттың астында емес).
Дұрыс емес жасалған повязка қатты қысып тастап және қан айналымына кедергіні жасау мүмкін. Сол себептен жарақат алған адам саусақтармен қозғаалады ма, саусақтын ұштарының (подушечки палец) түсі өзгерген жоқ па, және сезім қабілеттері жоғалған жоқ па перевязка жасағаннан кейін тексеру керек.
Таңғыш қою түрлері мен әдістері
Қан тоқтату кезіндегі бұрау қою әдісі
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Таңғыштар, оларды пайдалану түрлері, тану әдістері.
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №2 Қан кету кезіндегі алғашқы көмек. Қан кету олардың түрлері. Қан тоқтату әдістері. Медициналық эвакуация кезіндегі қан құю этаптары.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Қан тоқтату — уакытша жөне түпкілікті деп бөлінеді. Уакытша қан тоқтату алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады Кішкене алған жарақаттан қан өзімен өзі тоқталады (свертывание). Алған жарақатта тиуге болмайді жіне суртіп керегі жоқ. Егер қан ағымы тоқтамаса, матамен (шүберекпен) қатты байлап қою керек.
Қан кетудіц түрлері жөне оларға сипаттама. Қан кету дегеніміз — зақымданған кан тамырынан канның қүйылуы (шығуы) цан кету деп аталады. Зақым-данған тамыр сипатына сөйкес: артериялык, веналык, капиллярлық жөне паренхиматозды қан кету деп бөлінеді.
Артериядан қан кету ірі артерияның зақымдануы кезінде пайда болады. Ол жарадан ал қызыл түсті канның шапшып ағуымен сипатталады. Ірі артериялардың (сан, иық) зақымдануы зардап шегуші өміріне кауіп төндіреді.
Венадан цан кету ірі вена тамырларының зақымдануы кезінде болады. Жарадан кою қызыл түсті қан үздіксіз жайлап ағады. Кейбір веналардың (мысалы, мойын) жаралануы кезінде олардың ішіне ауа кетіп қалса, зардап шегушінің өліміне әкеп соғатын ауа эмболиясы дамиды.
Капиллярдан қан кету ұсақ қан тамырларының жаралануы салдарынан пайда болады, оның ерекшелігі — жараның жоғарғы бетінен қан ағады.
Паренхиматозды органдардың (бауыр, көк бауыр) зақымдануы кезінде байқалады жөне ол көбіне аралас болып келеді.
Қан ағу (құйылу) орнына байланысты кан кету: сыртқы (қан терінің жарасы мен шырышты қабыкшасы арқылы сыртқа ағады) және ішкі (қан тіндерге, орган немесе ішкі қуыстарға кұйылады) болып бөлінеді. Кейде олар кеуде немесе іш куысы жараланған кезде аралас болуы мүмкін.
Байқалу уакытына сөйкес қан кету: алғашқы (жараланғаннан кейін бірден кан кету) жөне екіншілей (зақымданғаннан соң бірнеше уақыттан кейін) болып бөлінеді.
Артериядан, венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері мен құралдары. Қан тоқтату — уакытша және түпкілікті деп бөлінеді. Уакытша қан тоқтату алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады жөне төмендегі тәсілдер бойынша жүргізіледі:
-
дененің зақымданған бөлігін кеудеге қатысты алған-
да — көтеріңкі қалыпта ұстау (аяқ-қол жараланғанда
венадан қан кеткен кезде жараға қысып тұратын таңғыш
салғаннан кейін жастық оралған киім кою);
-
кішігірім кан кету кезінде қысып тұратын таңғыш
көмегімен закымданған жерде қан ағып жатқан тамырды
басу (жараны йодтың спиртті ерітіндісімен тазартканнан
кейін қалың мақта салынады да, бинтпен оралады);
-
аяқ-қолды мейлінше шұғыл бүгу немесе жазу қалпында тұрақтандыру (иық алды немесе балтыр, табан жараланғанда, шынтақ немесе тізе буьшын бүгу немесе жазу аяк-қол жарасына қатты кан кеткенде жгут салу мүмкін болмағанда, қолды арқаға мейлінше созып, ал аяқты ішке бүгіп, тұрақтандыру).
Дененің әр тұсындағы артерияны саусақпен басу қан кетіп жаткан тамырды тікелей жара аумағында емес, одан жоғары жерде (зақымданған артерияның орталық бөлігі) басуға негізделеді. Бұл тәсіл артериядан қатты қан кеткенде колданылады. Тамырды басу оны жақын жатқан сүйекті саусақпен қысып, саңылауды жабу мүмкін болатын тері қабатына жақын жатқан жерде жасалады. Әрбір ірі артерия үшін белгілі бір нүктелер болады:
-
иық алды жарасы кезінде — артерияны иықтың ішкі
жағынан басады;
-
балтырдан қан кеткенде — тізе асты артериясын
басады (бас бармақпен тізе буынын алдыңғы жағын ұстап,
ал қалған саусақпен тізе асты шүңқырындағы артерияны
тауып, сүйекке басады);
-
сан жараланғанда — сан артериясының шап астын-
дағы жоғарғы жағын жұдырықпен басады;
-
бастағы жарадан қан кеткенде — жара жақтағы самай
артериясын басады (артерия құлақтың жанынан өтеді, оны тамыр соғысы арқылы анықтайды);
-
беттен қан кеткенде — жақ артериясын басады (ол
мойыннан бет пішіндеріне қарай жүреді және жақтың
төменгі шеті арқылы оның бұрышы мен иек арасында иіледі);
-
мойындағы жара кезінде — жара жақтағы және одан
төмен ұйқы артериясын басады (трахея жайында);
-
иық үстіндегі, иық буынына жақын немесе қолтық
айналасындағы жара кезінде бұғана асты артериясын бұғана
астындағы шұңқырға (біріншіі қабырғаға) басады, кейін аяқ-қолға бұрау немесе жгут салады.
МҰРЫННАН, АУЫЗЫНАН НЕМЕСЕ ҚҰЛАҚТАН ҚАН АҒУЫ. Мұндай қан ағымдар адамның бастың немесе кеуденің жарақат алғанның белгілері. Ауызанан қан ағымы қабырғаның сынғаның белгілері, Құлақтан және мұрыннан қан ағымы черепно-мозговой травманың белгілері.
Сондықтан мұндай жағдайда тезірек жедел жәрдемді шақырыныз. Жарақат алған адамды (полулежа) отырғызып және басын қан ақан жағына шалқайту керек.
Егер қан мұрыннан немесе құлағынан ақса, бұл жерлеріне мұз қою керек. Сонымен бірге қан ағып тұрған жерін таза салфеткамен, орамалмен, мақтамен жабу керек. Бірақ бұл жеріне қыспаныз.
Егер адам санасынан айырылса, онда оны жатқызып басын аяғынан жоғары қою керек.
Сыртқа қан кету кезіндегі алғашқы көмек:
-
Жараны қысыңыз;
-
Зақымданған аяқ-қолды көтеріңіз;
-
Зардап шегушіні арқасына жатқызыңыз
-
Қысатын таңғышпен байлаңыз
-
Шокқа қарсы іс-әрекет жүргізіңіз.
Егер қан дәкенің сыртына шықса, қосымша сулықта таңып, ескі таңғыштың үстінен дәкемен ораңыз. Қан сіңген сулықтарды ешқашан шешпеңіз. Қолға немесе аяққа таңғыш салу кезінде, саусақтарды ашық қалдырыңыз. Саусақтар бойынша таңғыштың тығыз оралғанын анықтауыңызға болады. Егер қолдың немесе аяқтың саусақтары салқындай бастап, жансызданса немесе түсі өзгерсе, таңғышты сәл босатыңыз. Аяқ немесе қолдардағы бақыланбайтын қан кетулер кезінде (аяқ-қолдың ампутация) жгут салу артериалдық қан кетуді толық тоқтаудың тиімді тәсілі болып табылады. Бірақ бұл әдіс ең соңғы құрал ретінде қолданылуы тиіс, себебі барлық жағдайда тығыз таңғыш салу және артерияны саусақпен басу қатты қан кетуді тоқтатуға жеткілікті болып табылады.
Назар аударыңыз!
Егер жарақат аяқ-қолдың ампутациясына әкеп соқпаса, ал сіз жгут салсаңыз, бұл жгуттан төмен орналасқан тіндерге қан келуін тоқтатады, бұл нервтердің, тамырлардың зақымдануына және соның нәтижесінде аяқ-қолсыз қалуға әкеледі.
Егер қан кету артериалды сипатта болса, артерияны саусақпен басу (яғни ірі артерияны зақымдалған жерінен жоғары басу) немесе артерияны қысатын таңғыш салу әдістерін қолдануға болады.
-
Шокқа қарсы шараларды жүргізіңіз
-
Зардап шегушіні тыныштандырыңыз
-
Оның өмір сүру белгілерін бақылаңыз
-
Манипуляциялар аяқталғаннан кейін бірден қолыңызды жуыңыз.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Артериядан, венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері мен құралдары.
-
МҰРЫННАН, АУЫЗЫНАН НЕМЕСЕ ҚҰЛАҚТАН ҚАН АҒУЫ
-
Сыртқа қан кету кезіндегі алғашқы көмек
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы № 3 Буын тайғанда, сүйек сынғанда, ішкі органдар зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Буын тайғанда, сүйек сынғанда, ішкі органдар зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек көрсету, Иммобилизациялау әдістерін үйрену.
Алғашқы көмек
-
Жарақаттанғаннан кейінгі бір сағат ішінде тыныштық, салқынмен қамтамасыз ету.
-
Егер сіз зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткіземін деп шешсіңіз, дененің зақымданғын бөлігінің қозғалмауын қамтамасыз етіңіз (иммобилизация).
-
Дененің зақымданған бөлігін жоғары орналастыру керек.
Иммобилизация үшін келесі қолдағы құралдар пайдаланылады:
-
жұмсақ (көрпе, орамал және т.б);
-
қатты (картон, тақтай, кітап және т.б);
-
анатомиялық (зардап шегушінің бекітуге көмектесе алатын дене мүшесі, мысалы аяғын аяғына);
-
дайын шиналар
Иммобилизациялау принциптерін есте сақтау керек.
Шина салу:
-
Зақымдалған дене бөлігінің қалпын өзгертпестен салынады
-
Зақымдалған жерді, одан төмен және жоғары орналасқан буындарды да қамтуы тиіс
-
Зақымдалған жерден жоғары және төмен бекітіледі.
-
Шина салғанға дейін және кейін саусақтарды тексеруі тиіс: олар жылы, ал тырнақтары ақшыл – қызыл болуы тиіс.
-
Аяқ-қолдың жансыздануына шағымданса, таңғышты сәл босатыңыз.
Омыртқаның қауіпті жарақаттары мына жағдайларда болуы ықтимал: жоғарыдан құлау, суға секіру, бастан немесе денеден ауыр соққы алу, найзағайдың соғуы, электр тогының соғуы, жарылыс, жол-көлік апаты.
Алғашқы көмек. Жедел жәрдем шақырыңыз, Зардап шегушінің басын тауып алған қалпыңызда екі жағынан бекітіңіз. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін бақылаңыз. Ес деңгейі мен тыныс алуды бақылаңыз. Сыртқы қан кетуін тоқтатыңыз. Дененің қалыпты температурасын сақтаңыз. Егер зардап шегушіге қорғаныс шлемі дем алмаған жағдайда ғана шешіңіз.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Иммобилизациялау принциптерін есте сақтау керек.
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №4 Адам есінен танғанда, тері сыдырылғанда, шаншылғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Адам есінен танғанда, тері сыдырылғанда, жаншылғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.
Талу – кенеттен орын алатын қысқа уақытқа есін жоғалту. Терісі кенеттен бозарып, көзі аларып, жұмылып кетеді, зардап шегуші құлайды: көзінің қарашығы жиырылады, одан кейін ұлғаяды, жарықты сезбейді. Қол аяғы суық, денені жабысқақ тер басады, тамыр соғысы баяулайды, әлсірейді, тынысы тарылады. Талу бірнеше секундтан 1-2 минутқа дейін созылады, одан кейін толығымен есін жинайды.
Алгашқы көмек Басын аздап көтерген қалпында арқасымен жатқызу, жағасын ағытып, таза ауаның келуін қамтамасыз ету. Мүсәтір спирті тамызылған мақтаны мұрнына апару, бетіне суық су шашу, аяғын жылыту немесе ысқылау.
Жаншылу синдромы жаппай апат кезінде – шатырлар құлағанда, жер сілкінісі кезінде және т.б. жағдайларда орын алады. Егер аяқ – қолы басып тұрған ауыр заттан арылмаса, зардап шегушінің жалпы жағдайы қанағаттанарлық жағдайда болуы мүмкін. Алғаш жаншылып қалғанда орын алған ауыру сезімі бірнеше сағаттан кейін сезілмейді. Аяқ – қолды босату (жгутты пайдаланбай) жағдайын күрт нашарлатады. Қолы немесе аяғы мұздап, көгеріп, бозарып кетеді, қимылдау қасиеті жоғалып, қол – аяғындағы тамыр соғысы бәсеңдеп, тіпті жоғалып кетеді.
Алгашқы көмек. Аяқ – қолын босатпай тұрып, жаншылып қалған жерден жоғарырақ жерге жгут тану керек. Жгутты босатпай тұрып, жаншылған жерді шешпей тұрып, аяқ – қолды саусағына дейін дәкемен таңу керек. Осыдан кейін барып қана жаншып қалған затты көтеру керек. Ауруды басатын дәрі егу керек. Сүйегі зақымданған жағдайда таңғыш қалақ таңу керек. Ал жарақаттанған жағдайда залалсыздандырылған дәке таңу керек.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Адам есінен танғанда, тері сыдырылғанда, жаншылғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.
-
Танғыш қою әдістерін үйрену
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №5 Адам денесіндегі кездесетін ұсақ - түйек жарақаттар. Алғашқы көмек, тасымалдау
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Ұсақ түйек жарақаттар. Мұндай жарақаттарды екіге бөледі. Біріншісі, кездейсоқ, төтенше күштің әсерінен пайда болса, екіншісі бірнеше айлар жылдар бойы созылып, денедегі жағымсыз ауру туғызатын себептердің біртіндеп зиянын тигізуі болып табылады.
Жарақаттанған жерге байланысты оларды тері, шелді қабат сіңір, тарамыс, сүйек бөліктерінің жарақаттануы деп бірнешеге бөледі. Терінің бүлүнуін ескере отырып, жарақаттануды ашық және жабық деп ажыратады.
Адам жер қазғанда, отын бұтағанда, алақаны ойылып, кейін сол жер мүйізденіп қалады. Алғашқы көмек жарақаттанған жерге 10-15 проценттік салицал, не сүт қышқылы қосылған дәрігерлік майларды басып танады. Қажалу – терінің төтенше қабынуы. Ол аяқ киім қысқанда , тар киім, қатты белбеу т.б заттардың денеге тигізетін сыртқы әсерлерінен пайда болады. Ең алғашқы көмек 5 проценттік танин су ерітіндісімен немесе 1-2 проценттік таниндік спирт ерітіндісімен сүртеді. Ұрылған жарақат адам бір жерін соғып алса байқалады. Алғашқы көмек жарақаттанған жерге иод жағып, суық су басады, мұз болса тіпті жақсы.
Жараланған адамдарды тасымалдау әдістері
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Адам денесіндегі кездесетін ұсақ - түйек жарақаттар.
-
Алғашқы көмек, тасымалдау әдістерін үйрену
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы № 6 Термиялық зақымдану кезіндегі алғашқы көмек. Күю, үсу дәрежелері.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Алғашкы медициналық көмек жергілікті және жалпы іс-шараларынан тұрады. Адамға оттың әсер етуі кезінде, ең алдымен, бықсып жатқан киім қалдықтарын сөндіру қажет. Денеге жабысып қалған іш киімдерді қайшымен қиып алып тастайды. Киім жанған жағдайда зардап шегушінің үстіне қолда бар нәрсені жауып немесе су құйып, қар лақтырып, жалынды өшіру кажет. Көмек көрсеткенде — ауыру сезімін күшейтпей, ақырын әрекет ету керек.
Жергілікті іс-шаралар — күйік бетіне жабысып қалған күйген тіндерді алмай-ақ құрғақ асептикалық мақта-дәке салса, ол күлдіректер жарылуына соқтырып, оған инфекция түсуі және ауыру реакциясы күшеюі мүмкін. Сондықтан арнайы стандартты күйікке қарсы танғыштар қолданылады. Аяқ-қолдың ауқымды күйіктерінде көліктік жақтау салу және ауруды жою үшін ауруды басатын дәрі егу қажет.
Қышқыл және сілтімен күйген кезде дереу суық судың қатты ағысымен терідегі химиялық заттарды жуып тастау керек. Осыдан кейін қышқыл әсерін сілтімен натрий гидрокарбонатының 2%-тік ерітіндісі, бор ұнтағы, магний тотығы, сабынды су, ал сілті әсерін қышқылмен (сіркесу және лимон қышқылының 1-2%-тік ерітіндісі) бейтараптандырылған дұрыс. Өңеш пен асқазанның химиялық күйігі кезінде алғашқы сағаттарда сақтықпен асқазанды жуу керек, зардап шегушіге кұстыру мақсатында көп су ішкізу қажет.
Жалпы іс-шаралар ауқымды күйіктер кезінде күйіктік шоктан сақтандыру және шок құбылыстарын азайту үшін қажет. Бұл үшін тыныштық, ауруды басатын беру керек. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, зардап шегуші күйік ауруханасьша жіберіледі.
Сәулемен күю белгілері білінген кезде алғашқы медициналық көмек көрсеткенде, күйген жерге асептикалық (құрғақ немесе жақпамайлы) таңғыш салу керек.
Шоктан сақтанудың және ауру синдромын азайту үшін шприц-тюбиктен промедол енгізеді, ал күйген аяқ-қолды колда бар кұралдармен иммобилизациялайды. Осыдан кейін күйген адамдарды көлікпен тасымалдайтын жерге жеткізеді.
Алгашқы көмек. Белгілі бір жердің термиялық күйігі кезінде күйген жерді ағынды сумен 10-15 минут көлемінде суыту керек. Осыдан кейін күйген жерге таңғыш тану керек, ең дұрысы – залалсыздандырылған таңғыш. Ауруды басу үшін ауруды бәсеңдететін арнайы дәрілер егу керек (анальгин және т.б.). Кең таралған күйік кезінде, таңғыш таңғаннан кейін, зардап шегушіге ыстық шай беріңіз. Ауруды басатын дәрі беріп, жылылап орап, дереу ауруханаға жеткізу керек. Тасымалдау кешіктіріліп жатса немесе өте ұзаққа созылса, зардап шегушіге сілтілі –тұзды ерітіңді ішкізу керек (1 шай қасық ас тұзын және 1/2 шай қасық ас содасын 2 стакан суға еріту). Күйгеннен кейінгі алғашқы 6 сағаттан кейін зардап шегуші 1 сағат ішінде екі стакан ерітінді ішуі тиіс. Күлдіреген теріні жаруға болмайды, өйткені сол жарық арқылы денеге әр түрлі инфекция кіруі мүмкін. Егер күлдіреуіктер жарылып кетсе, зақымданған теріні жара сияқты тазарту керек: сабын сумен жуып, таңғыш таңу керек. Инфекцияның кіруін қадағалаңыз. Егер тыныс алу жолы немесе өкпенің күйгеніне күдіктенсеңіз, тыныс алуын бақылап отырыңыз (тыныс алу жолдары ісуі, тыныс алуы бұзылуы мүмкін). Ісік пайда болмай зардап шегуішінің сақинасын, сағатын және басқа да заттарын шешіп тастаңыз. Есіңізде болсын, алғашқы көмек көрсету кезінде төмендегілерді жасауға болмайды: күйген жерге залалсыздандырылған матадан басқа затпен тиюге, мақтаны пайдалануға және күйген жердегі киімді шешуге; күйген жерге жабасып қалған киімді жұлуға; үшінші дәрежедегі күйік кезінде күйген жерді жууға; күлдіреген теріні жаруға; аса ауыр күйік кезінде май, спирт немесе басқа да арнайы иіс майларды жағуға.
Достарыңызбен бөлісу: |