Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған



бет7/10
Дата21.06.2016
өлшемі2.61 Mb.
#151439
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Жануарлардың тістеуі

  2. Жыланнын шағуы

  3. Жәндіктердің, шаянның шағуы

  4. Бөгде дененің түсуі

15 дәріс. Жасанды тыныс алдыру - жалпы ережелер. Жүрек массажы - тікелей, жанама


Жалпы сұрақтар

  1. Жасанды тыныс алдыру – жалпы ережелер

  2. Ауыздан ауызға жасанды дем алдыру.

  3. Жүрек сылауы – тікелей, жанама

  4. Иъекция – жалпы ережелері, түрлері

  5. Жарақаттану жағдайы мен деңгейін анықтау


Жасанды тыныс алдыру жалпы ережелер. Өмірге қауіп төніп тұрғанда, уақыт ең шешуші фактор болып табылады. Егер тыныс алу тоқтағаннан кейінгі бірнеше минут ішінде миға оттегі түспесе, мидың зақымдануы немесе өліп кетуі мүмкін:

О минут – тыныс алу тоқтады, көп ұзамай жүрек те тоқтайды;

4 - 6 минут – мидың зақымдану мүмкіндігі;

6 - 10 минут – мидың анық зақымдануы;

10 минуттан астам – мидың қайта қалпына келмей зақымдануы.

Жасанды тыныс алдыруды жасау қажеттілігі тыныс алу жоқ кезде немесе зардап шегушінің өміріне қауіп төнген жағдайда туады. Жасанды тыныс алдыру – суға батқанда, тұншыққанда, электр тоғымен зақымданғанда, жылулық соққы мен күн тигеңде, кейбір уланулар кезіндегі алғашқы көмектің кешіктірмейтін шарасы болып табылады. Клиникалық өлім кезінде, яғни өздігінен дем алмаған және жүрегі соқпаған кезде жасанды дем алдыру жүректің жанама массажымен бірге жүреді. Жасанды тыныс алдырудың ұзақтығы дем алудың бұзылуына байланысты. Өздігінен дем алу толығымен қалпына келгенге дейін жалғасады. Өлім белгілері байқалғаннан бастап, яғни өліктің таңбалары көрінгеннен бастап жасанды тыныс алдыруды тоқтату керек. Әрине, жасанды дем алдырудың ең дұрыс тәсілі – зардап шегушінің тыныс – алу жолдарына қойылған арнайы аппарат (респиратор) болып табылады. Аппарат зардап шегушіге әр үрлеген сайын 1000 - 1500 мл таза ауа жібереді. Бірақ бұл аппарат маман емес адамдардың қолында жоқ. Бүгінгі таңда жасанды тыныс алдырудың ең тиімді тәсілі ретінде ауыздан ауызға және ауыздан мұрынға үрлеу тәсілі танылған. Құтқарушы өзінің өкпесіндегі ауаны бар күшімен зардап шегушінің өкпесіне үрлейді, бұнысымен ол уақытша «респиратор» болады. Әрине, бұл біз дем алатын 21 % оттегі болып табылмайды. Бірақ реаниматорлардың зерттеулері бойынша, сау адам үрлейтін ауаның құрамыңда 16-17% оттегі бар, ал бұл толыққанды жасанды дем алдыруға жетеді. Сонымен, егер зардап шегуші өздігінен дем алмаса, дереу жасанды дем алдыруға кірісу керек. Зардап шегушінің дем алып жатқан – жатпағанын білу үшін айнаны және т.б. затты пайдаланып, уақытты жоғалтпай, керісінше «ол үшін дем алу» керек.

«Өзіңнің шығарған демінді» зардап шегушінің өкпесіне үрлеу үшін, гигиеналық жағынан ең дұрысы мына іс – әрекеттерді жасау болып табылады:

1) бет орамалды немесе басқа да мата қиындысын алыңыз (дәке болғаны дұрыс);



2) дәкенің ортасын тесіңіз;

3) саусағыңызбен тесікті 2-3 см үлкейтіңіз;



4) дәкенің тесігін зардап шегушінің ауызына немесе мұрнына дәлдеп қойыңыз (жасанды дем алдырудың тәсілін таңдауыңызға байланысты);

5) өзіңіздің ерніңізбен зардап шегушінің ерніне қатты жабысып, үрлеуді тесік арқылы жүргізіңіз;



Ауыздан ауызға жасанды дем алдыру. Құтқарушы зардап шегушінің бір жағында тұрады (сол жағында тұрғаны дұрыс). Егер зардап шегуші жерде жатса, тізерлеуге тура келеді. Зардап шегушінің ауызын құсық пен сілекей массасынан тазарту керек. Егер жағы қарысып қалса, ажыратып, одан кейін бір қолын зардап шегушінің маңдайына, ал екінші қолын желкесіне қояды (яғни артқа шалқайтады) да әрі – бері қозғайды. Бұл кезде зардап шегушінің ауызы ашылады. Құтқарушы терең дем алып, аздап тыныстайды, содан кейін зардап шегушіге еңкейіп, ерінімен оның ауызын толық жабады. Бұл кезде ерінінің жан – жағы ауа кірмейтіңдей нығыздалады. Бұл әрекеттерді жасау кезінде зардап шегушінің мұрнын бас бармақ және сұқ саусағымен жабу керек. Жасанды тыныс алдырудағы жиі жіберілетін қате – герметикалықтың жоқ болуы. Бұл кезде зардап шегушінің мұрнынан немесе ауызынан шығып кеткен ауа құтқарушының бүкіл жұмысын жоққа шығарады. Герметикалаудан кейін құтқарушы өкпесіне жинаған ауаны зардап шегушінің тыныс алу жолдары мен өкпесіне үрлейді. Дем шығару 1 сек. көлеміңде жалғасып, көлемі бойынша 1,0 - 1,5 л құрау керек. Бұл тыныс алу орталығының қалпына келуіне жәрдемін тигізеді. Мұнымен қатар зардап шегушінің кеуде қуысы көтерілуін қадағалау керек. Егер тыныс алу қозғалысының амплитудасы жеткіліксіз болса, ауа дұрыс түспегені немесе тілі артқа кеткені. Үрлегеннен кейін құтқарушы кеудесін жазып, зардап шегушінің ауызын босатады, бірақ басын бастапқы қалыпта ұстайды. Өйткені тілі артқа кетіп қалуы мүмкін. Зардап шегушінің дем шығаруы 2 сек жуық созылуы, дұрысында тыныс алуы екі есе ұзақ болуы керек. Келесі үрлеу алдында құтқарушы «өзі үшін» 1-2 рет қалыпты дем алуы керек. Цикл минутына 10-12 рет қайталанады. Үлкен көлемдегі ауаның зардап шегушінің өкпесіне емес, асқазанына кіріп кетуі оны құтқаруды қиындатады. Сондықтан мезгіл – мезгіл оның асқазанын ауадан тазартып тұрған дұрыс. Ол үшін эпигастральды (асқазан маңынан) аумақтан басып отырады.

Ауыздан мұрынға жасанды тыныс алдыруды зардап шегушінің жағы қарысып қалғанда немесе еріні не болмаса жағы зақымдалғанда жасайды. Құтқарушы бір қолын зардап шегушінің маңдайына, екінші қолын иегіне қояды, басын ары – бері бұрады, сонымен бірге астыңғы жағын устіңгі жағына қарай қысады. Саусағымен иегін ұстап тұрады, ол зардап шегушінің үстіңгі ернін жауып тұруы керек. Бұл әдіспен оның ауызын нығыздаймыз. Терең тыныс алғаннан кейін, құтқарушы зардап шегушінің мұрнын ауызымен қамтиды (жабады). Ауа кірмейтіндей етіп нығыздайды. Одан кейін құтқарушы кеуде қуысының қозғалысын бақылай отырып, танау тесіктері арқылы ауаны үрлейді (1,0-1,5л). Жасанды тыныс алдырудан кейін мұрынымен қоса ауызын да босату керек: жұмсақ тандай ауаның мұрын арқылы өтуіне кедергі жасайды да, жабық ауыздан мүлдем дем шықпайды. Мұндай дем шығару кезінде басын артқа қарай аздап шалқайтып ұстау керек, олай болмаған жағдайда артқа кеткен тіл дем шығаруға кедергі болады. Дем шығару 2 сек созылады. Іркіліс кезінде құтқарушы 1-2 рет «өзі үшін» тыныс алады. Жасанды тыныс алдыруды зардап шегуші өздігінен тыныс алғанға дейін немесе дәрігер келіп, басқа тапсырма бергенге дейін жалғастыру керек. Жасанды тыныс алдырудың тиімділігін үнемі тексеріп отыру керек (зардап шегушінің кеуде қуысының көтерілуін, ішінің ісіп кетпеуін, бет терісінің аздап қызаруын). Құсық пен сілекей массасының пайда болуын қадағалап отыру керек, егер пайда болған жағдайда кезекті ауа үрлеу алдында ауыз қуысын таза матаны саусаққа орап алып, тазалау керек. Жасанды тыныс алдыру кезінде оттегі жетіспегендіктен құтқарушының басы айналып кетуі мүмкін. Сондықтан, 2-3 минуттан кейін ауысып, жасанды тыныс алдыруды екі құтқарушы жүргізуі керек. Егер бұл мүмкін болмаса, әрбір 2-3 минут сайын тыныс алдыруды 4-5 минутқа кесуі тиіс. Бұл тыныс алдырып жатқан адамның қаны мен миына көмір қышқыл газының жеткілікті түсуі үшін қажет. Тыныс алуы тоқтаған адамға қолдан тыныс алдыру кезінде минут сайын онын жүрегінің жұмысын тексеру керек. Бұл үшін екі саусағымен мойнындағы тамыр соғысын тексеру керек. Ол үшін тыныс алу тамағы (халықта жұткыншақ деп аталатын, көмей шеміршегі) мен изеу бұлшықетінің (төс – бұғана – емізіктік) ортасында орналасқан үшбұрыштан тексереді. Құтқарушы көмей шеміршегінің бір шақ бұрышына екі саусағын қойып, «сырғып отырып», шеміршек ортасы мен изеу бұлшықетінің ортасын табады. Дәл осы үшбұрыштың түбінде ұйқы артериясы соғып тұруы керек. Ұйқы артериясы соғып тұрмаса, жасанды тыныс аддырумен бірге жүрекке жанама массаж жасау керек. Егер жүректің тоқтауын ескермей, жасанды тыныс алдыруды 1-2 минут ішінде жүргізсе, адамның өмірін сақтап қалу мүмкін емес.



Балаларды жасанды тыныс алдырудың өзіндік ерекшеліктері.

1 жасқа дейінгі балалардың тыныс алуын қалпына келтіру үшін «ауыздан ауызға және мұрынға» әдісімен, ал 1 жастан үлкен балаларды жасанды тыныс алдыру үшін «ауыздан ауызға» әдісін қолданады. Екі әдісті де баланы арқасымен жатқызып жасайды. 1 жасқа дейінгі балалардың арқасына оралған зат (оралған көрпеше) қояды немесе денесін аздап көтереді, басын артқа шалқайтады.



Құтқарушы тыныс алып (терең емес), ауызымен баланың ауызы мен мұрынын жабады немесе (1 жастан үлкен балалардың) ауызын ғана жауып, баланың тыныс алу жолдарына ауа жібереді. Ауа көлемі бала қанша кіші болса, сонша аз болуы керек (мысалы, жаңадан туған балада 30-40 мл). Үрленген ауаның жеткілікті болған кезіңде және оның өкпеге түсуі (асқазанға емес) кезінде кеуде қуысының қозғалысы байқалады. Үрлеуді аяктағаннан кейін кеуде қуысының басылуын қадағалау керек. Бала үшін өте көп болатын көлемдегі ауаны үрлеу аса ауыр жағдайға алып келеді: өкпе жасушасының көпіршіктерінің жыртылып кетуі, ауаның өкпе қапқа шығып кетуі.

Тыныс алу қызметі болмағанда жүргізіледі.




Ересектер

Балалар

Сәбилер

Жасы

8 жастан

1-8 жастан

1 жасқа дейін

Қалпы

Басты артқа шалқайтады, иекті көтереді

Басты артқа шалқайтады, иекті көтереді(ақырын және абайлап)

Басын сәл шалқайтады

Бас

Мұрын

Танауды бармақпен және сұқ саусақпен қатты қысады

Танауды бармақпен және сұқ саусақпен қатты қысады

-

Ауыз

Құтқарушы зардап шегушінің аузын ернімен толық қамтиды

Құтқарушы зардап шегушінің аузын ернімен толық қамтиды

Құтқарушы зардап шегушінің аузын және мұрнын ернімен толық қамтиды

Үрлеу саны

Минутына 12 рет үрлеу

Минутына тым терең емес 20 рет үрлеу

Минутына 20 рет жеңіл үрлеу

Үрлеуді орындау

1,2,3,4, деп санап, 5-де үрлеңіз

1-2 деп санап 3-де үрлеу

3 сек сайын 1 үрлеу

Үрлеу жиілігі

5 сек сайын 1 үрлеу

3сек сайын 1 үрлеу

3сек сайын 1 үрлеу

Үрлеу ұзақтығы

1,5-2 сек

1-1,5 сек

1-1,5 сек

Пульсті тексеру

Ұйқы артериясын

Ұйқы артериясын

Иық артериясын


Жүрек-өкпелік реанимация




Ересектер

Балалар

Сәбилер

Жасы

8 жастан

1-8 жас

1 жасқа дейін

Қолдың қалпы

Екі қол төстің төменгі жартысында

Бір қол төстің төменгі жартысында

Екі саусақ төстің төменгі жартысында

Басу

Шамамен 4-6см

Шамамен 3см

Шамамен 2см

Үрлеу

Біртіндеп кеудесі көтерілгенше (1,5-2 сек арасында)

Біртіндеп кеудесі көтерілгенше (1,5-2 сек арасында)

Біртіндеп кеудесі көтерілгенше (1,5-2 сек арасында)

Цикл

15 рет басу, 2 рет үрлеу

5 рет басу, 1 ет үрлеу

5 рет басу, 1 рет үрлеу

Қарқыны

Шамамен 10 сек ішінде 15 рет басу

Шамамен 10 сек ішінде 5 рет басу

Шамамен 3 сек ішінде 5 рет басу

Есебі

1,2 3...15-2 үрлеу

1,2 3,5-1 үрлеу

1,2 3,5 – 1 үрлеу


Жүрек сылауы – тікелей, жанама. Жүрек тұсынан басу кезінде құгқарушының иығы оның алақанымен бір деңгейде орналасуы керек.

Жүрек сылауы – жүректің қызметін қалпына келтіру және жүрек жұмысы қалпына келгенге дейін, үздіксіз қан айналымды ұстап тұру мақсатымен жүрекке механикалық әсер ету. Сылау жүрек тоқтауының барлық жағдайында жасалады.

Жүректің кенеттен тоқтап қалуының белгілері – кенеттен бозару, есінен тану, тыныс алудың тоқтауы немесе сирек, тартылып дем шығу, көз қарашығының үлкеюі.

Жүрек сылауының негізгі екі түрі бар: жанама немесе сыртқы (жабық) және тікелей, немесе ішкі (ашық).

Қолдың ыңғайлы жағдайын таңдап алыңыз:



  • кеуденің төменгі жағындағы шұңқырды тауып алыңыз да екі саусағыңызды сол жерде ұстап тұрыңыз;

  • екінші қолыңыздың алақанын саусағыңыз тұрған жерден жоғары қойыңыз;

  • қолыңызды шұңқырдан алып, алақаныңызбен бірінші қолыңыздың үстіне қойыңыз;

  • саусақтарыңызды кеуде қуысына тигізбеңіз.

Жүректі жанама сылау кеуде клеткасының алдыңғы қалқасы мен омыртқа арасындағы жүректі ырғақты қысу арқылы жүргізіледі. Жүректің қысылатыны сонша, ондағы қан тамырларға тарайды. Қысуды доғарғаннан кейін жүрек жазылып, оған веналық қан түседі.

Жүрекке жанама сылау жасау әр адамның қолынан келуі тиіс. Жүрек тоқтап қалған кезде оны кешіктірмей жасау керек. Жүрек тоқтай салысымен жасалса, өте тиімді болады. Жүректің жанама сылауын жүргізу үшін зардап шегушіні қатты, тегіс жерге жатқызады: жер, еден, тақтай (жүректің жанама сылауын жұмсақ жерде, мысалы, төсекте жасауға болмайды). Құтқарушы зардап шегушінің сол жағынан немесе оң жағынан тұрады, қолдарын кеуде қуысының төменгі жағында тұратындай етіп кеудесіне қояды. Күш қатты болуы үшін бір қолының үстіне екінші қолын қояды да, өзіне дене салмағы арқылы көмек бере отырып секундына бір рет қысады. Бұл кезде кеуде қуысы ішке қарай 3-4 см, ал кеуде қуысы кең болса, 5-6 см майысуы керек. Жүрекке веналық қанның түсуін жеңілдету үшін зардап шегушінің аяғын аздап көтереді. Жүректің жанама сылауын жасаған кезде мына ережелерді есте сақтаңыз:



  • кеудені басу кезінде құтқарушының иығы оның алақанының деңгейінде болуы тиіс;

  • кеудесін басу 4-5 см тереңдікпен жүргізіледі; 10 секунд ішінде шамамен 15 рет басу керек (минутына 80-100 рет басу);

  • қысуды вертикалды тік жасау және қолы үнемі кеудесіңде тұруы керек;

  • жоғарыдағы іс – қимылдарды жасау кезінде шайқалтатын қимылдар жасамау керек (бұл сіздің жұмысыңызды жоққа шығарады);

  • келесі қысуды жасамас бұрын кеуде бастапқы қалпына келуі керек.

Балаларға жанама сылау жасау олардың жас ерекшелігіне байланысты. 1 жасқа дейінгі баланың кеудесін бір – екі қолмен басу да жеткілікті. Бұл үшін құтқарушы баланың басын өзіне қаратып, жерге жатқызады, қолын кеудесінің алдыңғы үстіне, ал қалғанын кеуденің төменгі үштен бір бөлігіне қояды. Екінші қолын арқасының астына қояды. 1 мен 7 жас аралығындағы балаға жанама сылауды тек бір қолымен жасайды да, одан үлкендеріне екі қолымен жасайды (үлкендерге жасағандай). Жанама сылау жасаған кезде жаңа туған баланың кеудесі ішіне қарай 1,0-1,5 см, 1-12 айлық баланың кеудесі 2,0-2,5 см, 1 жастан үлкен балалардың кеудесі З-4см басылуы керек.

1 минут ішінде кеудесін басу тамыр соғысының орташа жастық жилігіне сәйкес келуі керек. Ол жаңа туған балаларда 140, 6 айлық – 1 30 – 135, 1 жас – 120 – 125, 2 жас – 110 – 115, 3 жас – 105 – 110, 4 жас – 100 – 105, 5 жас – 100, 6 жас – 90 – 95, 7 жас – 85 – 90, 8 – 9 жас – 80 – 85, 10 – 12 жас – 80, 13 – 15 жас – минутына 70 – 75 рет соғады.

Жүректі жанама сылау міндетті түрде жасанды тыныс алдырумен қоса жүреді. Бұларды екі адам жасағаны дұрыс. Бұл кезде бір құтқарушы өкпесіне ауа үрлейді де, екіншісі бес рет кеудесінен қысады. Жүректің жанама сылауы – адам өмірін сақтап қалуға көмектесетін ең қарапайым тәсіл. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткенде жасалады. Жүректің жанама сылауын жасаған кездегі оң нәтиже адам өздігінен тыныс алғанда және тамыр соғысы пайда болғанда көрінеді. Жанама сылау дәрігер келгенге дейін жасалуы керек.

Тікелей сылау жүректі қолымен қысу арқылы жасалады. Сылаудың бұл түрін тек хирург операция кезінде жүректің тоқтауы болғанда жасайды.



Иъекция – жалпы ережелері, түрлері. Дәрілік құралдарды денеге жіберудің бірнеше түрі бар. Аса ауыр жағдайдағыларға парентералды (асқазан – ішек жолына тимей) түрде, демек тері астына, тамырға иненің көмегімен егеді. Бұл әдіс қажетті емдік әсерді тез алуға, дәрілік құралдың көлемін дәл анықтауға, еккен жерінде барынша концентрация жасауға мүмкіндік береді. Инъекция мен құюды асептика және антисептиканың ережелеріне сүйене отырып жасайды. Бұл дегеніміз – залалсыздандырылған шприц пен инені пайдалану керек. Иньекция жасайтын адамның қолын мұқият тазалағаннан кейін және зардап шегушінің ине салатын жеріндегі теріні тазалап алғаннан кейін барып қана дәрі егіледі.

Жарақаттану жағдайы мен деңгейін анықтау. Дер кезінде және білікті көмек көрсету мақсатымен құтқарушылар зардап шегушілердің жарақатының жағдайы мен деңгейін анықтай білулері керек.

Зардап шегушіні қарап шығу. Селсоқ жағдайда зардап шегуші қозғалмайды, алған қалпын өздігінен өзгертуге шамасы келмейді, басы мен аяқ – қолы салбырап қалады. Мұндай жағдай ес – түссіз жатқан кезде де болады. Зардап шегуші өзінің ауыр жағдайын оңайлату мақсатымен өзіне ыңғайлы жағдайды таңдап алады, мысалы: өкпесі, өкпеқабы зақымданған кезде ол сол ауырған жағымен жатады. Іші қатты ауырған кезде ол сол ауырған жағымен жатады; бүйрегі ауырса зардап шегуші аяғын (зақымданған жағын) жамбасынан және тізе буынынан ұстайды, бұл жағдайда ауру аздап бәсеңдейді. Ағзада тіршіліктің бар екенін тыныс алу мен жүрек соғысының болуынан байқалады.

ТІРШІЛІКТІҢ БЕЛГІЛЕРІ

Өмірдің белгілері төмендегілер болып табылады:

  • тыныс алуының бар болуы. Оны кеуде қуысындағы және қарындағы қозғалыстан, мұрын мен ауызға тақалған айнаның булануынан, мұрынға апарған мақта шекімі немесе бинт бөлігінің қозғалысынан біледі.

  • жүрек қызметінің болуынан. Оны тамырын ұстап көргендегі тамыр соғысынан, перифериялық қантамырларының әлсін – әлсін тербелісінен біледі. Тамыр соғысын кәріжілік артериясынан білуге болады. Ол кәріжіліктің біз тәрізді өсіндісі мен ішкі кәріжілік бұлшықеті сіңірінің арасында, тері астында орналасады. Егер кәріжілік артериясынан білуге болмаса, онда оны ұйқы артерисынан немесе самай артериясынан, аяғынан білуге болады (аяқ ұшының сыртқы артериясынан және санның артқы артериясынан). Әдетте дені сау адамның тамыр соғысы минутына 60 – 75 рет соғады, тамыр соғысының ырғағы дұрыс, бір қалыпты, толық (ол туралы артерияны саусақпен қысу арқылы біледі) болады. Жарақат алу әсерінен, қан кеткен кезде және ауру сезімдері пайда болған кезде жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен тамыр соғысы жиілейді. Өте ауыр жағдайларда (бас сүйек пен мидың зақымдануы) тамыр соғысы азаяды.

  • көз қарашығының жарыққа әсерінің бар болуы. Оны қандай да болмасын жарық көзін көз қарашығына бағыттау арқылы анықтауға болады; көз қарашығының жиырылуы дұрыс әсерді білдіреді. Күн сәулесі кезінде тексеру мына жолмен жүргізіледі: көзін 2-3 минутқа қолымен жабады, одан кейін қолын жылдам тартып алады, егер көзінің қарашығы жиырылса, бұл бас миы функцясының сақталғандығын білдіреді.

Жоғарыда айтып кеткен белгілердің барлығының жоқтығы бірден жандандыру (қолдан дем алдыру, жүректі жанама сылау) бойыша іс – шаралардың жасалуына белгі болып табылады. Бұл шараларды тіршілік белгілері пайда болғанға дейін жасайды. Жандандыру басталғаннан кейін 20-25 минут өткенде тіршілік белгілері білінбеген болса, онда жандандыру шараларын жүргізудің керегі жоқ

ӨЛІМНІҢ БЕЛГІЛЕРІ.

Биологиялық өлімнің басталуы – ағзаның тіршілік етуінің тоқтауы - агония мен клиникалық өлімнен бастау алады. .



Агноия – ес – түсінің күңгірттенуімен, артынан ырғақсыз болып қалатын тамыр соғысының жоқтығымен, талып қалумен, қан қысымының түсіп кетуімен сипатталады. Тері суып, бозарып немесе көгеріп кетеді. Агониядан кейін клиникалық өлім орын алады.

Клиникалық өлім – тіршіліктің негізгі белгілері – жүректің соғуы мен тыныс алу байқалмаған, бірақ ағзада өзгертуге болмайтын үрдістер жүрмеген жағдай. Клиникалық өлім 5-8 митутқа созылады. Бұл аралықты жандандыруға бағытталған іс – шараларды жасауға пайдалану керек. Бұл уақыт өтіп кеткен соң биологиялық өлім орын алады.

Өлімнің белгілері:

  • тыныс алудың болмауы;

  • жүрек соғысының болмауы;

  • ауру мен ыстықтың әсерін сезбеу;

  • дене температурасының төмендеуі;

  • көздің мөлдір қабығының лайлануы мен кеуіп қалуы;

  • құсу рефлекстерінің жоғалуы;

  • беттің, кеуденің, іштің терісінде көкшіл – күлгін немесе күрең – қызғылт түсті дақтардың пайда болуы;

  • өлімнен 2-4 сағаттан кейін пайда болатын өліктік сіресіп қалу;

Зардап шегушінің өлімі туралы түбегейлі шешім – бекітілген заңды түрде қабылданады.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Жасанды тыныс алдыру – жалпы ережелер

  2. Ауыздан ауызға жасанды дем алдыру.

  3. Жүрек сылауы – тікелей, жанама

  4. Иъекция – жалпы ережелері, түрлері

  5. Жарақаттану жағдайы мен деңгейін анықтау


3 Тәжірбиелік сабақтар
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №1 Инъекция - жалпы ережелері, түрлері. Таңғыштар, оларды пайдалану түрлері, тану әдістері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет