Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Апаттық құтқару ісі» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің



бет3/10
Дата14.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#136118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жалпы сұрақтар

  1. Апаттық құтқару қызметін, апаттық құтқару құрылымдарын және құтқарушыларды аттестациялауды жүргізу бойынша квалификациялық талаптар мен әдістемелік ұсыныстар

  2. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын аттестаттау

Авариялық құтқару қызметтерінің, құрылымдар және құтқарушылардың аттестация ережесі (ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 12 шілдегі № 808 қаулысымен бекітілген)



  1. Аттестациялауға жататындар: кәсіби авариялық – құтқару қызметтері, кәсіби және ерікті авариялық – құтқару құрылымдары және құтқарушылар.

  2. Табиғи және техногенді төтенше жағдайларды жоюға тартылатын АҚҚ мен құтқарушыларды аттестациялау төмендегілерді анықтау мақсатында жүргізіледі:

1) Олардың авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындық деңгейін;

2) тиісті техника, заттар мен керек – жарақтардың бары мен олардың жағдайын;

3) құтқарушылардың алған білімдерінің, медициналық дайындығының, физикалық, психологиялық және рухани әзірлігінің сәйкестілігі;

3. АҚҚ мен құтқарушылар бастапқы, екінші қайтара, мерзімді және кезектен тыс аттестациялануға жатады:

1) бастапқы аттестациялауға қайта құрылған АҚҚ, сондай – ақ құтқарушы болуға ұйғарған азаматтар жатады;

2) екінші қайтара аттестациялау АҚҚ мен құтқарушылардың қызметін қайта жаңарту үшін алғашқы атгестациялауда табылған барлық қателіктерді жойғаннан кейін өткізіледі;

3) АҚҚ мен құтқарушыларды мерзімді аттестациялау олардың аттестация мерзімі аякталғаннан кейін жүргізіледі, бірақ үш жылда бір реттен кем емес;

4) АҚҚ мен құтқарушыларды кезектен тыс аттестациялау олар орындайтын авариялық – құтқару жұмыстардың түрі өзгерген жағдайда.

4. Аттестациялауды аттестациялау комиссиясы заңнамамен бекітілген тәртіпке сай жүргізеді:

1) Қазақстан Республикасының төтенше жағдай жөніндегі Орталық атқарушы органының (ары карай - Өкілетті орган) шешімімен өздерінің ведомстваға жататын және ведомстваға жатпайтын авариялық – құтқару қызметінен, құрылымдары мен құтқарушыларына, олар жұмыс істейтін құтқарушы бөлімшесінің ведомстволық бағыныштылығына қарамастан «Халықаралық класстағы құтқарушы» топтық санатын беру үшін;

2) Өкілетті органның, министрліктің, агенттіктің, жергілікті атқарушы органның бірлескен шешімімен – ведомстволық авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарын аттестациялау үшін;

5. АҚҚ мен құтқарушыларды аттестациялау аттестациялық комиссиямен АҚҚ – ны ұйымдастырушылар мен басшыларының ұсынған материалдардың негізінде жүргізіледі. Қаралған материалдар мен жүргізілген тексерулердің негізінде АҚҚ мен құтқарушылардың жұмысты тиісінше атқара алу мүмкіндігіннің қорытындысы бар аттестациялау акты құрылады. Аттестациялау актінің мазмұны АҚҚ ұйымдастырушылары мен басшыларына жеткізіледі.

Аттестациялау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда АҚҚ басшысы мен құтқарушы Өкілетті органға шағым арыз беруге және одан ары сотта қарауға құқылы.

6. Аттестацияланған АҚҚ – ға Өкілетті орган:

1) іздестіру – құтқару, тауда құтқару, газдан құтқару және апатқа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына лицензия береді;

2) басқа да авариялық - құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына бекітілген тәртіптегі куәлік береді.

7. Атгестациядан өткен құтқарушыға бекітілген үлгідегі құтқарушының жеке куәлігі, құтқарушы кітапшасы мен құтқарушы жетоны беріледі. Келесі аттестациялау кезінде құтқарушы кітапшасына тиісті жазу түсіріледі.

8. Заңмен бекітілген тәртіп бойынша аттестациядан өтпеген АҚҚ – да:

1) іздестіру – құтқару, тауда құтқару, газдан құтқару және апатқа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығының куәлігін қайтып алынады немесе қызметі тоқтатылады;

2) басқа да авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына бекітілген тәртіптегі куәлік қайтып алынады немесе қызметі тоқтатылады;

9. Аттестациядан өтпеген құтқарушылар құтқарушы мәртебесінен айрылады.

10. АҚҚ мен құтқарушыларды аттестациядан өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру Өкілетті органға жүктеледі.



Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын аттестаттау

1. Барлық авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген аттестатталуға тиiс.

2. Аттестаттаудан өткен авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына - тиісті аттестаттау комиссияларының шешімі негізінде авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрлерін жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік, ал құтқарушыларға құтқарушының куәлігі беріледі.

3. Егер аталған ұйымдар құрған немесе оларға шарттар бойынша қызмет көрсететiн объектiлiк кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының дайындығы және жай-күйi авариялық-құтқару қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сай келмеген жағдайда, ондай ұйымдардың қызметi толық немесе iшiнара тоқтатыла тұрады. Аталған ұйымдардың қызметiн тоқтата тұру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Апаттық құтқару қызметін, апаттық құтқару құрылымдарын және құтқарушыларды аттестациялауды жүргізу бойынша квалификациялық талаптар мен әдістемелік ұсыныстар

  2. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын аттестаттау

6 дәріс. Құтқарушылар және олардың статусы. Құқықтары мен міндеттері.



Жалпы сұрақтар

  1. Авариялық – құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі ұстанымдары

  2. Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар құқықтары


Құтқарушы – құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін арнайы аттестациядан (қайта аттестация) өткен азамат.

Құтқару және шұғыл жұмыстарға іздестіру – құтқару, тауда құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, өртке қарсы жұмыстар, сондай – ақ өрт сөндірумен және төтенше жағдайдың салдарын медициналы – санитарлық жою және тізімі Казақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен толықтырылуы мүмкін, төтенше және авариялық жағдайда жүргізілетін басқа да арнайы жұмыстар жатады.

Авариялық – құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі ұстанымдары:


  • төтенше жағдай туыңдаған кезде адам өмірін құтқару мен денсаулығын сақтаудың, қоршаған ортаны қорғаудың басымдылығын қарастыратын адамгершілік пен жанашырлық;

төтенше жағдайды жою бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу міндеті;

  • авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарына дара басшылық жасау;

  • құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіп – қатер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайға жедел әрекет ету мен құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге үнемі дайындығы.

Барлық авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша аттестациялауға жатады. Аттестациядан өткен және тексерулер барысында төтенше жағдайға әрекет ету мен құтқару жұмыстарын жүргізуге дайын екендігін дәлелдеген авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарына құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына лицензия беріледі.

Егер де көрсетілген мекемелермен құрылған немесе оларға келісім шарт бойынша қызмет көрсететін нысандық кәсіби авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдары белгілеген нормативтерге жауап бермесе, ұйымның қызметі толығымен немесе жартылай тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық тексеруден өткеннен кейін, дене шынықтыру дайындығының нормативтерін орындап, құтқарушыларды дайындау бағдарламасын оқығаннан кейін, құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізу аттестациясының қорытындысы бойынша тиісті аттестациялық мекемелердің шешімі негізінде құтқарушы мәртебесін алады.

Қазақстан Республикаларының азаматтарына құтқарушы мәртебесін тағайындау туралы шешім қабылдаған кезде аттестациялау мекемелерімен белгіленген үлгідегі төлқұжат, құтқарушының кітапшасы, тегі, аты және әкесінің аты, қан тобы мен құтқарушының тіркеу нөмірі жазылған жетон беріледі.



Құтқарушылардың құқығы.

Құтқару және шұғыл жұмыстарға тартылған құтқарушылар аталған жұмыстарды орындау орнына бет алу кезінде барлық транспорт түріне кезектен тыс билет алуға құқылы.

Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар құқылы:


  • адамдарды құтқаруға бағытталған кез келген шешім қабылдауға;

  • өз міндеттерін атқару үшін толық әрі нақты ақпараттарды алуға;

  • құтқару және шұғыл жұмыстарды орындау үшін аймаққа және мекемелердің өндірістік нысандарына, тұрғын үйлерге ешбір кедергісіз кіруге;

  • төтенше жағдай аймағындағы барлық адамдардан белгіленген қауіпсіздік ережелерін орындауын талап етуге;

  • құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес экипировкалануға және жабдықталуға;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша төтенше жағдай аймағында тұрған мекемелердің байланыс құралдарын, транспорттарын, заттарын және басқа да материалдық құралдарын адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда пайдалануға;

  • көмекші іздестіру иттерін қолдану.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысқан құтқарушылар медициналық мекемелер мен қалпына келтіру орталықтарында медициналық және психологиялық қалпына келтіруге құқылы.

Құтқарушылар белгіленген тәртіп бойынша жұмыс уақытында өзінің теориялық білімі мен кәсіби шеберлігін жетілдіруге құқылы. Кәсіби және ерікті авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдарының құтқарушылары, құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезеңінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген мөлшерлері бойынша авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдарын қамтуға бөлінген азық – түлік және тұрақпен қамтамасыз етілуге құқылы.

Еңбек келісімінде (келісім шарт) жүктелген міндеттерді орындау кезінде кәсіби авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының құтқарушылары, сондай – ақ ерікті авариялық – құтқару қызметтерінің құтқарушылары және құтқарушы болып табылмайтын азаматтар құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге тартылу барысында зардап шеккен болса, олар тегін медициналық көмек алуға құқылы.

Құтқару және шұғыл жұмыстарға тартылған ерікті авариялық – құтқару қызметтерінің құтқарушылары мен құтқарушы болып табылмайтын азаматтардың орташа еңбек ақылары негізгі жұмыс орны бойынша сақталады. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайында қызмет көрсететін кәсіби авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдарының құтқарушыларына осы мекемелерге арналған Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген құқықтық және әлеуметтік қорғау мен жеңілдіктерінің кепілі таратылады.Туындаған әртүрлі ТЖ жою кезінде жұмыс пен жағдайдың көп қырлылығы құтқарушылардың кәсіби дайындығының деңгейіне жоғарғы талаптар қояды.


Құтқарушылардың міндеттері.

Құтқарушылар міндетті:

  • зардап шеккен адамдарды іздестіруге, оларды құтқаруға шешімдер қабылдауға, оларға алғашқы медициналық және басқа көмек түрлерін көрсетуге;

  • құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайын тұру, өзінің дене шынықтырудан, арнайы, медициналық, психологиялық дайындығын жетілдіруге;

  • авариялық – құтқару құрамаларының қатарында іс - әрекет машығын жетілдіруге;

  • құтқару және шұғыл жұмыстарды жургізудің технологиясын бұлжытпай орындауға;

  • құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде өздері (құтқарушылар) құрамына кіретін авариялық – құтқару құрылымдары басшыларының берген бұйрықтарын бұлжытпай орындауға;

  • төтенше жағдайды болдырмау мақсатында азаматтарға қауіпсіздік ережелерін және орын алған кездегі іс - әрекеттердің тәртібін түсіндіруге.

Кәсіби авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдары құтқарушыларының міндеттері тиісті жарғылармен, ережелермен, нұсқаулармен белгіленеді және еңбек келісімінің (келісім – шарт) құрамдас бөлігі болып табылады.

Түрлі ТЖ салдарын жою кезінде пайда болатын жұмыстар мен жағдайлардың әртүрлілігі құтқарушылардың кәсіби деңгейіне жоғары талаптар қояды. Құтқарушы істей алуы тиіс:



  • құрал – жабдықтарды жұмысқа даярлау, оларды қажетті күйде ұстау, құтқарудың іс тәсілдерін меңгеру;

  • радиациялық және химиялық барлау жүргізетін құралдарды, байланыс құралдарын дабыл құралдарын, алғашқы көмек көрсету құралдарын жұмысқа дайындау және пайдалану;

  • жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдалану;

  • кесіп өтетін жердің жағдайларында алға жылжу;

  • су бөгеттерінен құз-жартасты аймақтардан, қарлы қыраттардан, қуыстардан, үйінділерден өту;

  • өрт сөндіру құралдарын пайдалану;

  • қалыптасқан жағдайды бағалау, оңтайлы шешімін табу;

  • зақымдаушы факторлардың және ТЖ даму жолдарының болуын анықтау;

  • өз жұмысын қауіпсіз және тиімді ұйымдастыру;

  • зардап шегушілерді қолда бар құралдармен және арнайы техникаларды пайдаланып іздеу жүргізу;

  • зардап шегушілерді зақымдану ошағынан алып шығу, оларды қауіпсіз жерге орналастыру;

  • зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету;

  • өзіне - өзі көмек көрсету;

  • үйінділерді тазалау;

  • тәуекелдік дәрежесін тану;

  • жұмыстың басқа мүшелермен бірігіп ету, бір немесе бірнеше экстремальды фактор жағдайында (биіктік, жарықтың болмауы, түтін, тар жер) жұмыс істеу;

  • зақымдау ошағына ұшақтан немесе тікұшақтан парашютпен түсуді, жер, су көліктерімен келуді жүзеге асыру;

  • қауіпсіздік техникасына сай жұмыс істеу;

  • кез-келген табиғи және антропогенді ТЖ жағдайында ІҚЖ және АҚҚЖ жүргізу;

  • жергілікті жерді бағдарлау;

  • әртүрлі ТЖ жағдайында аман қалу;

  • халықты және зардап шегушілерді қауіпті аймақтан эвакуациялауды ұйымдастыру;

  • ТЖ көзі болып саналатын немесе қауіпті жанғыш және зиянды заттарды, газды, суды, электр энергиясын ажырату;

  • жануарларды, материалдық құндылықтарды, азық – түлікті құтқару жұмыстарын жүргізу;

  • ТЖ таралуын шектеу;

  • соғыс жағдайында немесе әскери жағдайдың туындауы мүмкін болғанда жұмыс істеу;

  • қозғалмалы электр қондырғылармен, компрессорлармен, тамақ дайындау нүктелерімен бірге қызмет ету;

  • еңбектің және жұмыстың оңтайлы әдістерін таңдау;

  • эмоционалды жүктеме жағдайында түрлі ауырлықтағы физикалық жұмыстарды атқару;

  • жеке бас тәуекелі жағдайында жұмыс істеу;

  • табиғи және антропогенді өзгермелі жағдайда жұмыс істеу;

  • зардап шегушіге психологиялық әсер ету, қорқыныш күйінің алдын алу және өзін қолбасшы ретінде есептеу;

  • тез қалпына келтіру.


Құтқарушы білуі тиіс:

  • табиғи және антропогенді сипаттағы ТЖ пайда болу себептерін, салдарын, жету сипатын;

  • терминологияны;

  • құтқарушыларға қойылатын талаптарды ҚЖЖ кезіндегі құтқарушылардың құқықтары мен функционалды міндеттерін;

  • ҚЖЖ пайдаланатын жабдықтар, аспаптар, құралдардың қолдану және сақтау ережелерін;

  • қауіпсіздік техникасының ережелері мен нұсқауларын;

  • қолданылатын жабдық, жабдық, техника аспаптардың техникалық сипаттамаларын;

  • зардап шегушілерді іздестіру әдіс-тәсілдерін;

  • дабылды, шартты белгілерді, кодтарды білу;

  • жүк көтеру көтеру техникасының, барлау жүргізу ережелерін;

  • зақымдаушы факторлардың болуын анықтау әдістерін;

  • аса қауіпті жағдайда ҚЖЖ ережелерін;

  • белгі беру және байланыс құралдарын пайдалану ережелерін;

  • түрлі жағдайларда қозғалудың оңтайлы әдістерін;

  • жағымсыз жағдайларда тірі қалу негіздерін;

  • уақытша лагерлерді ұйымдастыру ережелерін;

  • зардап шегушілерді үйінділерден, зақымдалған көліктерден, қираған ғимараттардың жоғарғы қабатынан алып шығу әдістері;

  • зардап шегушілерді үңгірлерден, қуыстардан, көшкін, сел, қар астынан алып шығу әдіс-тәсілдерін;

  • миналанған аймақтары бар әскери іс-әрекеттер жағдайында жұмыс жүргізу әдістерін;

  • әуе, жер және су көліктерімен жұмыс істеуді;

  • кинологиялық қызметті қамтитын жұмыстардың ерекшеліктерін;

  • өрттің алдын-алу және өшіру әдістерін және құралдарын;

  • қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғануды;

  • психология және педогогика негіздерін;

  • әртүрлі жағдайларда тез қозғалу және мүмкін нақты апат кезіндегі жұмыс істеу қабілетін;

  • өздігінен оңтайлы жұмыс қарқынын таңдау және оны оны басқа құтқарушылар қарқынымен, техника және жабдық мүмкіндігімен салыстыру;

  • анық көрінбейтін, дыбыс бөгеттері бар, жарықтың төмен деңгейінде, шаңдану, түтіндеу т.б. назар аударатын факторлар жағдайында ақпаратты тез қабылдап және өңдеу мүмкіндігі.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Авариялық – құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі ұстанымдары

  2. Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар құқықтары

7 дәріс. Азаматтық қорғаныс құрылымдарын, басқару құрамын дайындаудың жүйесі және төтенше жағдай кезіндегі іс әрекеттер бойынша халықты үйрету.


Жалпы сұрақтар

  1. Төтенше жағдай кезіндегі Апаттық құтқару ісі пәнінің міндеті мен мақсаты

  2. Қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың, құтқарудың негізгі принцптері

  3. Құтқару шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу

  4. Халықты оқыту

Апаттық құтқару ісі пәнінің міндеті – төтенше жағдай аймағында құтқару және тағы басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу. Негізгі максат – төтенше жағдай адамдарды құтқару, оларға алғашқы көмекті ұйымдастыру, төтенше жағдай қауіпті салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарын жедел ұйымдастыруға жағдай туғызу. Төтенше жағдай салдарымен күресу жұмыстары қауіп – қатермен байланысты, сондықтан құтқару және қалпына келтіру жұмыстарына қатысатын адамдардың қауіпсіздігін сақтау алға қойған мәселенін бірі. Атқарылған жұмыстардын тактикасы мен стратегиясы және оның бағдарламасы жан – жақты ойластырған, реттелген және қауіпсіздік шарттарына сәйкес болуы керек. Бұл шаралар мақсатына байланысты 3 тараптан тұрады:



  • Барлау бөлімшелері апаттың көлемін,шығын мөлшерін анықтап, басқа органдаға мәлімет береді.

  • Құтқару бөлімшелері адамдарды іздестіріп, қираған ғимарат, үйіндіден алып шығып, алғашқы көмек көрсетіп, емдеу мекемелеріне жеткізеді.

  • Қалпына келтіру бөлімшелері апаттың салдарын жою, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

Азаматтық қорғаныс құрамалары бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай қауіпі туындаған кезде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізеді. Мемлекеттік төтенше жағдай құрамалары аумақтық өндірістік принцп бойынша облыстарда, қалаларда, аудандар мен ұйымдарда меншіктік нысанына қарамастан құрылады, аумақтық және объектілік болып бөлінеді. АҚ – ның аумақтық құрылымдары облыс, қала, аудан әкімдерінің шешімімен, ал объектілік құрылымдар ұйымдардың АҚ басшыларының бұйрықтарымен құрылады. Мемлекеттік төтенше жағдайлардан сақтандыру құрамаларына:

  • Барлаушы буын;

  • Құтқару командасы;

  • Инженерлік командасы;

  • Санитарлық нүктелер;

  • Қорғаныс ғимараттарын залалсыздандыру жөніндегі топ;

  • өрт сөндіру командасы (бөлімі) ;

  • байланыс командасы;

  • қоғамдық тәртіпті қорғау командасы;

  • жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы және т.б. кіреді.

Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабілетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп экологиялық апат қауіпі өткір тұр; ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылдық жаңбырмен уланған, топырақ бөлінуде, ормандарға, өсімдіктер мен хайанаттарға қауіп төнуде. Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі мен өзге де объектілер орналасқан. Мұндағы апаттар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік әскери және шаруашылық органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұсыныстарды қажет етеді.

Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайда, сондай-ақ қарулардың даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты қорғаудың негізгі принцптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді. Халықты қорғау принцптері – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі ресми белгілеген ережелер. Халықты апат, зілзала т.б қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі ахуалды бағалау және жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескере отырып белгіленген АҚ жоспарларымен анықталады

Қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың, құтқарудың негізгі принцптері мыналар:

Құтқару шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды:



  • бейбіт және соғыс уақытындағы АҚ жоспарларын әзірлеу;

  • халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау;

  • ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікті ұстау;

  • көшіру шараларын даярлау;

  • бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу.

Осыған байланысты халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралардың әрбір ауданда, қалада, бүкіл республикада міндетті түрде жүргізілуі қажет. Құтқару шараларының сипаты мен көлемі төтенше жағдай сипатына, қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныс маңыздылығы мен жергілікті жағдайларға байланысты. Төтенше жағдайда, бірінші кезекте, халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөнінде шаралар АҚ тобына жатқызылатын қалаларда мынандай тәртіппен жүргізіледі.

  • қызметтері соғыс уақытында да тоқталмайтын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметшілерін, АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру;

  • АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылармен қызметшілерді бұрынан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырылған және бөлінген орындарға орналастыру


Халықты оқыту. Азаматтық қорғаныс құрамасына кірмейтін жұмысшылар мен қызметшілерді төтенше жағдайлардағы іс жүзіндегі әрекеттерге тұрақты оқытып тұру. «Баршаның назарына!» дабылы бойынша және қауіп туралы ақпарат алған кезде және төтенше жағдай туындағанда дұрыс іс-қимыл жасауға, өзін- және өзара көмек көрсету тәсілдеріне оқытуға баса назар аудару. Оларды оқытуды 12-сағаттық бағдарлама бойынша ұйымдастыру.

Жұмыс істемейтін халыққа оқытуды оларды жаттығуға, оқу-жаттығуға тарту, сондай-ақ жадынама, буклеттер тарату, мерзімді басылымдарда, радио және теледидарда материалдар жариялау арқылы жүргізу.

Жоғары оқу орындарында «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсын бекітілген бағдарламаға сәйкес жүргізу.

Кәсіптік-техникалық мектептерде және орта арнайы оқу орындарында (колледждерде) «Алғашқы әскери дайындық және тыныс-тіршілік қауіпсіздік негіздері бағдарламасына» сәйкес «Азаматтық қорғаныс» тарауын зерделеу қажет.

Барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептерде «Алғашқы әскери дайындық және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері бағдарламасына» сәйкес «тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» тарауын зерделеу керек.

Білім беру органдары төтенше жағдайлар басқармаларымен (бөлімдерімен) бірлесе отырып, жыл сайын мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілерімен олардың ведомстволық керек-жарақтарынан тәуелсіз бір күндік нұсқау сабағын өткізу.

Сейсмикалық қауіпті өңірлерде немесе химиялық қауіпті объектілерге жақын орналасқан оқу орындарында және мектепке дейінгі мекемелерде тоқсан сайын жер сілкінісі кезіндегі немесе химиялық қауіпті объектілерде күшті әсер ететін улы заттарды тастаудан болған авариялар туындағандағы іс-қимыл бойынша персоналдарға, студенттерге, оқушыларға, балаларға оқу-жаттығу өткізу. Сонымен қатар, сел қауіпі бар аудандарда орналасқан оқу орындарында, жыл сайын сел қауіпі бар кезең басталардың алдында сел уақытындағы іс-қимыл бойынша оқу-жаттығу өткізу.

Дайындау және оқыту орталықтарында сабақ өткізудің негізгі әдістері топтық жаттығулар мен практикалық сабақтар өткізу болып табылу. Мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың персоналын дайындауды шарт жасасу жолымен жүзеге асыру. Облыстың шалғайдағы аудандарында тыңдаушыларды дайындау 14-сағаттық бағдарлама бойынша барып оқыту әдісімен жүзеге асыру. Дайындау және оқыту орталықтарының (бөлімдерінің) тыңдаушыларымен жинақтау жоспарының толқтай орындалуына қол жеткізу қажет.

Негізгі күшті бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде алдын алу және іс-қимылдар бойынша іс-шараларды басқару кезінде функционалдық міндеттерді орындауда кәсіби шыңдалуға, іс жүзіндегі дағдыларды жетілдіруге бағыттау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет