Химиялық оқшаулағыш жиынтық КИХ- 4 (КИХ-5). Газ тектес ҚӘУЗ – дердің (хлор, аммиак) жоғарғы қоспалары әсер ету жағдайында, азот және күкірт қышқылы, сондай – ақ сұйық аммиактың әсер етуі жағдайындағы жұмыстарды орындау барысында газдан құтқару бөлімшелерінің, авариялық – құтқару құрылымдарының және АҚ әскерінің жеке құрамын қорғауға арналған. Жиынтық құрамына қорғаныс костюмі, резеңке және мақта – маталы қолғаптар кіреді. Костюм герметикалық қайырмалы бас киімі бар комбенезоннан тұрады. Оның беткі бөлігіне панорамалық әйнек жапсырылған. Комбенезонның шалбары резеңке материалдан жасалған шұлықпен аяқталады, олардың сыртынан резеңке етік киіледі. Арқа бөлігінде костюмді киіп – шешуге арналған тесік бар. Ол костюм материалымен герметизацияланып, жабылады. Костюм тігістерін герметизациялау алдыңғы жағынан жүзеге асырылады. Бұл мақсатта жабыстырылатын лентаны пайдаланады.
Авариялық қорғағыш жиынтық. Құтқарушыларды ашық оттың қысқа мерзімді әсерінен, жылулық сәулеленуден және кейбір газ тектес ҚӘУЗ – ден (күкіртсутек) қорғауға арналған. Күкіртсутектің әсер еткен кездегі от ошағына жақын тұру жағдайында авариялық жұмыстарды жүргізу кезінде қорғануға арналады. Газконденсатты және мұнай кен орындарындағы өрттер кезіңде тері жамылғысы мен тыныс алу органдарын қорғаныспен қамтамасыз етеді. Жиынтық құрамына екі косютм (жылу шағылыстыратын және жылудан қорғайтын), етік пен үш палды қолғап кіреді.
Жылудан қорғайтын костюм маталық емес, жылуға тұрақты материалдан (фенелон АТМФ-1) дайындалады. Астары мақта – матадан салынып, комбенезон түрінде дайындалған. Алдыңғы жағынан «сыдырма» ілгегі бар, ал артқы жағында тыныс алу аппаратына арналған құндағы бар. Қорғаныс жиынтығы мақта – матадан дайындалған арнайы киімнің сыртынан киіледі.
Костюм астынан киілетін желдеткіш кеңістігі бар Ч - 20 оқшаулағыш қорғаныс жиынтығы. Құтқарушының тыныс алу органдары мен терісін газтәрізді және сұйық ҚӘУЗ – ден қорғауға арналған. Оны авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізгенде және авариялардың зардаптарын жойған кезде киеді. Жиынтық: шешілетін жартылай етігі бар герметикалық комбенезоннан, қолғап пен шешіліп алынатын қайырмалы баскиімнен тұрады, беткі бөлігіне МГП немесе М-80 бетпердесі желімделген. Комбенезон мен қайырмалы баскиім прорезинді материалдан жасалған. Тыныс алу мен костюм астындағы кеңістікті желдетуге арналған ауаны жіберу мен тазалап отыру – комбенезон астында орналасқан ауа беру мен тазалау торабы арқылы жүзеге асырылады. Ауа беру мен тазалау торабы: қоректендіру блогынан, шағын желдеткіштен, ҚӘУЗ – ден жоғарғы дәрежеде қорғау қасиеті бар газқағар қораптан тұрады. Бұдан басқа жиынтықтың ішіне мақталы – маталы материалдан жасалған көкірекше (жилет) мен шлемнің астынан киетін қабат кіреді. Қорғаныс жиынтығы іш киімнің сыртынан киіледі. Пайдаланылып болғаннан кейін жиынтықты сыртынан су құю арқылы залалсыздандырады.
ҚӘУЗ – ден қорғайтын сүзгіш типтегі жеке қорғаныс құралына жататындар: ФЗО - МП сүзгіш қорғаныс киімі, ЗФО - 58 сүзгіш қорғаныс киімі, сілті мен кышқылға қарсы костюм және жалпы әскерге арналған қорғаныс жиынтығы. Бұл құралдардың барлығы оқшаулағыш газқағармен бірге қолданылады.
ФЗО – МП сүзгіш қорғаныс жиынтығы. Әр түрлі ҚӘУЗ – ден теріні қорғауға арналған. Шалбар мен бас киімі бар күртешеден тұрады, екі қабатты; жоғарғы қабаты мақталы – лавсанды матадан жасалған, қышқылдан қорғайтын сіңдірмесі бар. Жиыктыққа бөзден жасалған ішкі қабат (күртеше мен шалбар), біріктірілген қолғаптар, рәзеңкелі – текстильді бәтеңкелер. ФЗО – МП жиынтығының құрылысы ҚӘУЗ буларының тері жамылғысына түсуін болдырмайды.
ЗФО – 58 сүзгіш қорғаныс киімі. Әр түрлі ҚӘУЗ – дің буларынан теріні қорғау үшін пайдаланылады. Мақта – маталы комбенезоннан, іш киімнен, шлем астынан киетін қабаттан, екі жұп шұлғаудан тұрады. Аварияны қоршауға алған кезде жүргізілетін құтқару жұмыстарында пайдаланылады.
Сілтіге, қышқылға қарсы костюмдер. Күйдіретін натриймен (35% дейінгі концентрациясы бар), қышқылдардың ерітінділерімен (22% дейінгі концентрациясы бар) жұмыс жасағанда және ҚӘУЗ – дің жоғарғы концентрациясындағы буларынан қорғану үшін пайдаланылады. Костюм құрамына кіретіндер: күртеше, шалбар, қалпақ, қолғаптар, шлем – маска. Екі өсу шегі бар бір қабатты прорезиналық матадан тігіледі.
Жалпы әскерлік қорғаныс жиынтығы. Әскер мен АҚ құрылымдарының құтқару жұмыстары кезінде ҚӘУЗ – ден қорғануына арналған. Жалпы әскерге арналған қорғаныс костюмымен бірге қолданылады. Костюм құрамына кіретіндер: күртеше, шалбар, шлем астынан киілетін қабат, күнқағары бар пилотка, қорғаныс киім, қорғаныс кольцондары, қорғаныс шұлықтары, қорғаныс қолғаптары, қорғаныс плащы.
№10 дәріс. Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдарының байланыс, хабарлау, қорғау, барлау аспаптары құралдарымен жабдықталуы.
Апаттық өқтқару жұмыстары кезіндегі әскери қызметiне пайдаланылатын қару-жарақтар мен техникалар мыналар: қару, сигналдық құралдар, байқау және тұрған жердi /орынды/ жарықтандыратын құралдар, автокөлiктер мен бронетанк техникасы /машинасы/, шағын катер /шлюпка/ және байланыс құралдар. Дербес тапсырмаларды орындағанда тiкұшақ берiлуi мүмкiн.
Сигналдық құралдар - сигналды аспаптар жиынтығы немесе жүйесi. Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдары сигналдық жүйелермен бүркеленедi және нормаланады. Байқау құралдарына радиолокациялық станция және байқау құралдары қосылады. Радиолокациялық станциясы арқылы және дұшпанның жай көзiне көрiнбейтiн объектiлерiмен, түн қараңғысында барлау жүргiзуге болады. Байқау аспаптары және бiрнеше оптикалық аспаптары құрамы түнгi уақытта бақылау жүргiзуге пайдаланылады. Түнгi бақылау аспаптары шектелген қашықтықта орналасқан объектiлердi, нысаналарды бақылауға қолданылады. Түнгi көру аспаптары түнгi құтқару жұмыстары жағдайына, автокөлiктер мен бронетранспортердi түнгi жағдайда жүруiне де пайдаланылады.
Жарықтандыру немесе жарық сәуле түсiру құралдары дегенiмiз - жылжымалы прожектор қондырғысы, таралымды жарық түсiретiн және дара жарық сәуле түсiретiн болып пайдаланылады. Әдетте, прожекторлық жарық сәулесi су бетiндегi объектiлердi, кейбiр инженерлiк құрылыстар мен кедергiлердi көруге, iздеуге және нысаналарды тануға, сондай-ақ шекара нарядтары шекара күзетiндегi кемелердiң /катерлердiң/, тiкұшақ экипаждарының мемлекеттiк шекара бұзушыларды iздегенде және ұстау кезiндегi iс-әрекетiн қамтамасыз ету үшiн қолданылады.Прожектордың таралу жарық сәулесiмен жер учаскесiн және объектiлердi көруге болады.
Дербес шам жарықтарын түсiру арқылы /iздердi/ теңiз, өзен, су жағасындағы саяз жерлердi, автокөлiктердi тексергенде, сондай-ақ басқа бiреулерге сигнал беруге пайдаланылады.
Автокөлiк техникасына жататындар: жеңiл автокөлiк, жүк таситын, арнаулы автокөлiк, шынжыр табанды көлiк және қарда жүргiш. Құтқарушыларды қызмет атқаратын орындарына апарып және қайтып алып келетiн көлiк құралдары, сондай-ақ мемлекеттiк шекара бұзушыларды iздегенге немесе басқа да жұмыстарды қамтамасыз етедi.
Теңiзде, өзендерде, көлдерде және басқа да су тоғандарында Құтқару жұмыстарын жүргізуде шағын катерлердi /шлюпкаларды/ қызмет бабында пайдаланады. Бұл катерлермен /шлюпкалармен/ алыстағы учаскелерге, аралдарға апару және қайта алып келу үшiн пайдалана алады, құтқару қызметiне қажеттi жұмыстарды атқарады.
Байланыс құралдары - өткiзгiш, радиосигналдары және басқа да таратушы құралдардың жылжымалы қосындылары. Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдарының хабарласуына, нарядтар бiр-бiрiмен сөйлесуiне, теңiз катерлерiмен, тiкұшақ /ұшақтар/ экипаждарымен хабарласуы үшiн әртүрлi байланыс құралдары қолданылады.
Құтқару қызметінде өткiзгiштi байланысты пайдаланады, Құтқарушылармен байланысты үзбеу үшiн радиостанциялармен қамтамасыз етiледi, әрбiр құтқарушы радиостанцияны пайдалана бiлуi мiндеттi.
Көрермендiк сигнал және дыбыстау, сәуле түсiру сигналдары арқылы берiлетiн белгiлер ретi болған жағдайларда онда құтқарушылар арасындағы байланыстар тапанша ату, қол шамын немесе симафорлық жалау көтеру қолданылады радио, тартылмалы байланыс құралдары iстен шыққан жағдайда жылжымалы /қозғалмалы/ байланыс құралдары поштаны жеткiзу үшiн, басқа да застава бастығының бұйрығын және хабарламасын жеткiзу үшiн пайдаланылады.
Құтқару жұмыстары тiкұшақ арқылы атқарылатын болса, онда құтқарушылар тiкұшақтың қонатын-ұшатын жағдайына баса көңiл аударуға мiндеттi. Тiкұшақ экипаж командирiнiң бұйрығын құтқарушылар бұлжытпай орындауға мiндеттi.
Құтқару жұмыстарына қолданылатын техниканың тактикалық сипаттамаларын әрбiр құтқарушы жақсы бiлуге мiндеттi және оларды тасымалдау және құтқару жұмысына пайдалану кезінде ұқыптылықпен қарап-сақтау ережелерiн бiлу керек.
Бұдан басқа да, басқару органдарының мамандары, өздерiне бекiтiлген техниканың құрылысын жақсы игерiп, сынған, бұзылған бүлiнген жерлерiн жөндеп, iстен шыққан техника туралы топ басшысына баяндап және техниканың жөндеу-пайдалану кезiнде өз қауiпсiздiгiн сақтауға мiндеттi.
Қызметтiк жануарлар. Құтқару қызметiнде иттер iздеушi-iзшiл ит бағытында дайындалады: Бұл аталған иттер құтқару жұмысында зардап шегушілерді табуда, iз табына түсуге көмектеседi.Ит баулаушы маманның мiндеттерi: өзiне бекiтiлген иттi ұдайы жаттықтырып отырады, өз уақытында күтiп-баптау, құтқару қызметiне бiр сағат шығар алдында тамағын iшкiзу қажет, одан соң жұмыс алқабына байланысты иттiң мiнез-құлқын, қимылының өзгеруiне қарай, зақымдану дәрежесіне қарай, иттiң денсаулығы немесе жұмыс кезiнде алған жарақаты болса, оны шұғыл түрде топ басшысна баяндау қажет.
№11 дәріс. Құтқарушылардың ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары
Тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары – сүзгіш, оқшаулағыш. Респираторлар. Қызметтік принцптеріне байланысты ТАОЖҚҚ сүзгіш және оқшаулағыш болып екіге бөлінеді. Сүзгіш құралдар ауадағы оттегінің жеткілікті болуы және зиянды заттардың шектеулі мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етсе, оқшаулағыш құралдар ауадағы оттегінің жеткіліксіз болуы және зиянды заттардың шектеусіз мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етеді.
Сүзгіш ТАОЖҚҚ үш түрге бөлінеді:
-
аэрозольдан қорғануға арналған, шаңға қарсы;
-
булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газға қарсы;
-
ауада бір мезгілде болатын аэрозольдан және булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газды шаңнан қорғайтын.
Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ екі түрге бөлінеді:
-
шлангты, ауа беруді қамтамасыз етеді, таза аймақтан ауа соруға арналған;
-
автономды, ауамен қамтудың жеке көзінен тынысалу қоспаларының берілуін қамтамасыз етеді.
Тыныс алу органдарын аэрозольдан қорғау үшін әр түрлі маркадағы респираторлар қолданылады.
Тыныс алу органдарын ауа құрамында болатын булы газ тектес зиянды заттардан және аэрозольдан қорғану үшін респираторлар қолданылады: газға қарсы, сорбитті – сүзгіш, газды шаңнан қорғайтын, клапансыз, бір рет қолданатын.
Респираторлар негізінен резеңкелі жартылай маскадан және қуыстық сүзгіштерден (екі сүзгіш секция) тұрады. Қуыстық сүзгіштер қағаздан, матадан, шұғадан (фетра), мақталы материалдардан жасалады.
Әмбебап респираторлар бір мезгілде тыныс алу органдарын газдардан және улы, бактериалды, силикатты, цементті, көмірлі және радиоактивті шаңдардан қорғайды.
Дәкелік таңғыштар респираторлардың ең қарапайым түріне жатады және кірлегеніне қарай ауыстырып ортыратын 5- 6 қабат дәкеден тұрады. Дәкелік таңғыштар аз концентрациядағы және аса улы емес шаңдардан қорғануға ұсынылады, мысалы ағаш шаңы.
Авариялық – құтқару жұмыстары кезінде сүзгіш газқағарлар кеңінен қолданылады. Олар тек кана химиялық заттардың ауадағы концентрациясы мен құрамы белгілі болғанда, ал қалыпты оттегінің құрамы 16% кем болмаған жағдайда қолданылады (көлемді); бұған қоса ТАОЖҚҚ қорғау қызметінің уақыты ТЖ аймағында жұмыс жасауға жетуі және жоғарғы тыныс алу жолдарының күюін болдырмауы керек.
Кейбір ТАОЖҚҚ сипаттамасы
КӘУЗ атауы
|
Бастапқы концентрациясы
мг/м1
|
Газқағарлар
|
Газқағардың қорғау қызметінің уақыты, мин
|
|
|
ГП-7
|
ГП-7 жене ДГП-1
|
ГП-7 жаю
дгп-з
|
Аммиак
|
5000
|
қорғанысы жоқ
|
50
|
70
|
Диметнламин
|
5000
|
қорғанысы жоқ
|
80
|
100
|
Азот тотығы
|
1000
|
қорғанысы жок
|
40
|
-
|
Ніл қышқылы
|
5000
|
|
90
|
50
|
Тұз қышқылы
|
5000
|
20
|
60
|
60
|
Хлор
|
1000
|
40
|
50
|
60
|
Фосген
|
5000
|
90
|
100
|
150
|
Күкіртсутегі
|
1000
|
25
|
70
|
50
|
Қорғау қызметінің уақыты ауа ағынының жылдамдығы 30 л/мин, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 75% және қоршаған орта температурасы 30 °С - ден 40 °С дейін болуына арналған.
Құтқарушыларды кәсіпорындарда орын алған авариялар кезінде ҚӘЗУ – ден қорғау үшін үлкен және кіші габаритті өнеркәсіптік сүзгіш газқағарлар қолданылуы мүмкін. Олардың қатаң бағытталуы (таңдаулы) бар және тек қана белгілі бір химиялық заттардан қорғануға арналады.
Өнеркәсіптік газқағарлардың қораптары аэрозольге қарсы (АҚС) сүзгіштермен және сүзгіштерсіз (М және СО маркалы) шығарылады. ҚӘУЗ жұтылуы үшін АҚС бар қорапшаларды қолданған дұрыс. Кейбір ҚӘУЗ жөніндегі үлкен габаритті қораптардың қорғаныс қызметінің уақыты төмендегі кестеде көрсетілген.
ҚӘЗУ бойынша өндірістік газқағарлар қорапшасының сипаттамасы
КӘУЗ атауы
|
Бастапқы конпентрациясы мг/м3
|
Қорапшалардың қорғау қызметінің уақыты,
мин және айырым түстері |
|
|
|
А
қоңыр
|
В
сары
|
КД
сұр
|
СО
ақ
|
м
қызыл
|
БКФ
жасыл
|
Аммиак
|
15000
|
-
|
2,2
|
21
|
21
|
40
|
2,6
|
Акрилонитрил
|
10000
|
180
|
48
|
33
|
-
|
-
|
48
|
Хлор
|
25000
|
40
|
47
|
37,6
|
46
|
43
|
4
|
Күкіртті ангидрид
|
14000
|
-
|
11,9
|
-
|
-
|
|
|
Этилен тотығы
|
10000
|
3
|
7
|
-
|
37
|
65
|
8
|
Азот тотығы
|
5000
|
-
|
60
|
-
|
26
|
38
|
|
Фосген
|
22000
|
22
|
62
|
30
|
34
|
14
|
53
|
Фторлы сутек
|
5000
|
30
|
30
|
|
30
|
30
|
30
|
Хлорлы циан
|
6000
|
.
|
-
|
-
|
.
|
-
|
111
|
Хлорпиктин
|
36000
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
32
|
Күкірткөміртек
|
17000
|
50,7
|
56,9
|
17
|
45
|
38
|
49,7
|
Көрсетілген түстен басқа АҚС бар газқағарлардың қорабында тігінен жүргізілген ақжолақ болады. Аз габаритті қорапты өнеркәсіптік газқағарлар жоғарыдағы кестеде көрсетілгендерден 2,5 есе төмен мағыналы ҚӘУЗ концентрациясында қолданылады.
ПМФ – 1 өндірістік сүзгіш газқағары тек белгілі бір ҚӘУ3 буларынан, газдарынан, аэрозольдарынан қорғануға арналған. Газқағар панорамалық әйнегі бар беттік бөліктен, белгілі маркадағы (ҚӘУЗ түріне байланысты) газқағарлық қорапшадан тұрады. Зақымдалу көзінен 500 м және одан жоғары қашықтыққа кеткенде қолданылады. Газқағармен жұмыс істеу уақыты 30 – дан 100 мин дейін (30 л/мин орташа ауыртпалығы кезінде).
Окшаулағыш ТАОЖҚҚ. Құтқарушыларды ҚӘУЗ буының жоғарғы концентрациясынан, сондай – ақ өрттерден, кейінгі атмосфераның жоғарғы түрінді газдануынан және жарылыстар мен заттардың балқуы кезінде оқшаулағыш ТАОЖҚҚ қолданылады. Оларды концентрация құрамы белгісіз болғанда қолданылады; қалыпты оттегінің құрамы 16% кем болған жағдайда (көлемдік бөлігі); басқа ТАОЖҚҚ қорғаныс қызметінің уақыты зақымдалған аймақта жұмыс жасауға жеткіліксіз болған жағдайда пайдаланылады.
Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ – тар автономды және шлангты болып екіге бөлінеді.
Автономды ТАОЖҚҚ адамды баллондағы тыныс алу қоспасымен қамтамасыз етеді (сығылған ауа немесе оттегі) немесе жұтылған ауаның регенерациялануы есебіндегі оттегісі бар заттардың көмегімен қамтиды. ҚӘУЗ шығуымен (төгілуімен) байланысты орын алған авариялардың зардабын жою кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал автономды ТАОЖҚҚ болып табылады. Олар тыныс алу аппараттарынан, оқшаулағыш газқағардан, өздік құтқарушылардан тұрады. Тыныс алу аппараттары сығылган ауасы бар металл баллоннан және оның тыныс алу органдарына берілуін реттеп отыратын клапандардан тұрады.
Шлангті ТАОЖҚҚ тынысалу органдарына таза ауа шланг арқылы ауа үрлегіштен немесе компрессордан келеді.
Оқшаулағыш газқағар регенеративті патрондармен жабдықталған, олардың ішіндегі оттегі түйіршіктелген затта (сілтілі металлдардың тотығы – натрий мен калийдің) болады және адам дем шығарғанда түзілетін су буы мен көміртек диоксидінің жұтылу реакциясы кезінде бөлінеді. ҚӘУЗ зақымдау ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу үшін төмендегідей тынысалу аппараттары мен оқшаулағыш газқағарлар пайдаланылады: АСВ - 2 (сығылған ауамен), КИП – 8, КИП – 9 (сығылған оттегі бар) және ИП - 4 (химиялық байланысқан оттегі бар). АСВ – 2, КИП оқшаулағыш тыныс алу аппараттары ҚӘУЗ – дің ауадағы жоғары концентрациясынан тыныс алу органдарын қорғауға арналған.
ИП – 4М оқшаулағыш газқағары ҚӘУЗ қоспаларының жоғарғы концентрациясынан, сондай – ақ оттегі жетіспеген немесе жоқ болған жағдайда тыныс алу органдарын қорғауға арналған.
СПИ – 2 өндірістік оқшаулағыш өз – өзін құтқарушы (ПДУ - 3) қысқа мерзімді жедел қорғануға және зақымдалған аймақтан шығуға арналған.
Оқшаулағыш тыныс алу аппараттары баллондарын бірнеше мәрте ауыстыру мүмкіндігімен немесе регенератнвті патрондардың көмегімен көп уақыт пайдалануға болатын құралдарға жатады. Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ жұмыс уақыты, ең алдымен, физикалық ауыртпалыққа, қоршаған орта температурасына және ауа (оттегі) қорына немесе оттегісі бар құралдардың қорына байланысты болып келеді. Тыныс алу органдарын қорғаудың ең басты элементтерінің бірі – ЖҚҚ, оның ішінде газқағарларды білу мен дұрыс пайдалану болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |