Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Апаттық құтқару ісі» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің



бет7/10
Дата14.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#136118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Биіктен құлаудан қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Қорғаныс белдіктері (ҚБ). Жоғарыдан құлау кезінде қорғап қалатын жеке қорғаныс құралдары екі топқа бөлінеді: баулы және баусыз. Баусыз қорғаныс белдіктері бір ғана элементтен тұрады – құтқарушының белін немесе кеуде қуысын қамтиды, баулы қорғаныс құралдары құтқарушының иығы мен аяғын қамтып тұратын баудан тұрады. Иыққа және аяққа тағылатын баулар құтқарушының биікте атқаратын әр түрлі жұмыстарының сапасын арттырады. Бауы бар белдіктерді тар жерлерде пайдалану өте тиімді (жер асты резервуарлары, құдықтар), егер жазатайым оқиға орын алған кезде зардап шеккен адамды бауынан тартып шығару оңайырақ болады. Бауы бар қорғаныс құралдарын биіктікте тігінен тұрып жұмыс жасағанда өте тиімді болып келеді. Егер құтқарушы биікте жұмыс істеген кезде орнын жиі алмастыратын болса, қорғаныс белдіктері қысып, кедергі жасауы мүмкін, сондықтан баусыз қорғаныс құралдарын пайдаланған ыңғайлы болады, өйткені олар оңай шешіліп, жағдайын ауыстыра алады.

Қорғаныс белдіктерінің негізгі арналымы – құлау биіктігінің шектелуі, адамның жерге құлауын болдырмау, ғимараттардың немесе ғимараттардың құрылысы өмірлік қажетті органдардың зақымдалуын болдырмайды. Сондықтан ҚБ адамның құлауын мүлде болдырмау үшін емес, оның өмірінің сақталуын және ауыр жарақаттардан қорғануын камтамасыз етеді.

Қазіргі таңда Б, В, Г тектес белдіктерді кеңінен пайдаланады. Олар тіреуіші болат арқаннан және (аз мөлшерде) тіреуіші ұзынынан реттелетін ҚБ болып табылады. ҚБ шет елдік түрлері де кеңінен қолданылады. Шет елдік ҚБ – ның бір айырмашылығы, тіреуіш ретінде шет елдердегідей капрон жіптен емес, болат шынжыр пайдаланылады.

Металлдан жасалған тіреуіштерді пайдаланудың қажеттілігі айтарлықай дәрежедегі отты жұмыстардың (электрдәнекерлеу және газбен дәнекерлеу) барлығымен, сондай – ақ көп мөлшерде прокатты профилдерді (швеллерлер, бұрыштар, двутаврлар) пайдалану және өткір қырлы беттік конструкцияларды пайдалануға, яғни олардың тез желініп кетуінен сақтауға негізделеді. Тәжірибелер көрсеткендей, болат шынжырлардың жекелеген жетіспеушіліктеріне (салмағы ауыр және қатты, суық мезгілдерде адамның мойын бөлігі мен иығын суытып жібереді) қарамастан, құрылыстық конструкцияларда, құбырларда технологиялық құрылғыларда жұмыс жасағанда өте сенімді және қаупсіз болып табылады. Болат шынжырлардың артықшылықтары ретінде ҚБ жұмыстан тыс уақытында ескіруге қарсы тұратындығын атап өтсе болады. Отандық белдіктердің шет ел белдіктерінің алдындағы артықшылықтарының бірі оларда адамға ҚБ қорғаныс қызметі кезінде динамикалық күш ауқымын қауіпсіз деңгейге дейін төмендететін амортизатор конструкциясының болуы. Амортизатор – екі қабат қылып бүктелген және қарама – қарсы бағытта капрон жіппен тігілген белгілі бір ені бар капрон лентадан тұрады. Бұл жағдайда динамикалық ауыртпалықтың төмендеуі тігілген жіптердің үзілуі есебінен болады.

ҚБ пайдалана отырып, оның реттелуі мен пайдалану ережесін білу керек. Қорғаныс белдігі адамның денесіне жабысып тұруы және белінен жоғары – төменгі қабырғаларының деңгейінде орналасуы қажет. Белдікті дұрыс орналастыру үшін ұзындығын реттеп алу керек. Бірігетін жерінде жарықшақтар болмау керек. Серіппелері бүтін болуы қажет. Бірігетін жерді ашып – жауып тексерген кезде қызметі бұзылмауы керек. Карабиннің жұмыс істеу жағдайын тексеру тиіс. Амортизатордың ашық бөлігіндегі лентаның тігісі тексеріледі. Оның амортизатор шлевкасындағы жағдайы тексеріледі, аталған жерлердегі шегелер мен ленталардың жағдайы тексеріледі. Шеге айналасындағы лента жыртылған және шашақталған болмауы керек. Амортизатордың қабығы зақымдалмаған, тігісі сөгілген болмауы тиіс. Карабиннің тұтқасын басқан кезде ол ашылады да қолды жазғанда – автоматты түрде жабылып, құлыпталып қалады.

Белдіктерді желдетілетін бөлмелерде ілінген күйінде сақтау керек немесе бірінің үстіне бірін қоймай, бөлек – бөлек сөреге қою керек; сонымен қатар күн сәулесінен қорғалуы тиіс. ҚБ өздігінен жөндеуге болмайды. Егер құтқарушы құлаған кезде ҚБ зақымданған болса, міндетті түрде жаңа қорғаныс белдігіне ауыстырылуы керек. Құтқарушыларды биіктен құлаған кезде қорғап қалатын жеке қорғаныс құралы ретінде елімізде, шет елдердегідей биіктіктен қорғайтын құрылғылар (БҚҚ) пайдаланылады. БҚҚ – дағы қорғаныс арқаны ретінде диаметрі 4,8 мм болатын болат арқандарды пайдаланады. Биіктіктен қорғайтын құрылғылар болтпен бекітілген, екі дөңгелек немесе сопақша келген қаптамадан тұрады; олардың ішінде барабан болады, ол барабандарға болаттан жасалған, 4-6 қабатты қорғаныс арқаны оралады. Барабанға серіппе құрылғысы орналастырылған, ол арқанды құрылғыдан суырғанда оның ақырын тежелуін қамтамасыз етеді. Арқанның аяғы түйінмен, арнайы сақинамен немесе карабинмен аяқталады. БҚҚ – ны пайдалану үшін мықты бекітілген ғимарат бөлігіне немесе жұмыс орнының үстіне бекітілген арнайы құрылғыға біріктіреді. Қорғаныс белдігінің карабинін қорғаныс арқанына таққан құтқарушы жұмыс операцияларын орындауға кіріседі. Жұмысты орындау кезінде құтқарушы кенетен құлап кететіндей жағдай туындаса, қорғаныс арқанының БҚҚ дан шығару жылдамдығы жоғарлайды, осының нәтижесінде тежелу механизмі аз ғана секунд ішінде іске қосылып, жылжып бара жатқан арқанды толығымен тоқтағанға дейін қысып тұрады. Бұл жағдайда құлап бара жатқан адамның жерге, ғимарат үстіне немесе құрылыс бөлшектеріне құлауын болдырмайды, яғни оның жарақаталуына жол бермейді. Құлаған адам кұрылғыны барабанға орау арқылы, өздігінен немесе басқа адамның көмегімен көтеріледі. Құрылғы артықшылықтарының бірі қорғаныс арқанының айтарлықтай ұзын болуы (10 м дейін), бұл жұмыс операцияларын орындау кезінде БҚҚ бекітілген жерден 10м дейін төменге еркін козғалуына мүмкіндік береді. Сондай –ақ тағы да бір артықшылықтарының бірі бұл құрылғылардың көп мәрте пайдалануға болатындығында.



БҚҚ – ның кемшіліктеріне жататындар: оларды орнату мен бекіту кезінде косымша жұмыс операцияларын жасау қажеттілігі; жұмыс орнынан құлаған жағдайда – құрылысқа соғылу салдарынан жарақат алу қауіпі бұл жағдайда құлап бара жатқан адамның денесіне тек қана тігінен төмен қарай бағыттанған ауырлық күші әсер етпейді, онымен қоса ортаға тартушы күш те әсер етеді, осының әсерінен ол маятник секілді солдан оңға немесе керісінше, құрылғыны бекіту нүктесі арқылы өтетін тік осьтен; бұл фактор БҚҚ – ны пайдалану саласын шектейді.

Бүгінгі таңда тігінен келген қорғаныс қанаты бар қағып алушылар кеңінен қолданылып жүр. Қағып алушының негізгі арналымы – тік немесе көлденең (көкжиек сызығына 75% жоғары) жазықтықтан қауіпсіз түсіп, көтерілу. Бұл типтегі құрылғылармен көп елдің альпенистері кеңінен колданады.

Табиғи ландшафт жағдайындағы жұмыс кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғаныс жүйесін пайдаланған тиімді. Құлап кетіп, қорғаныс арқанына ілініп қалған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған отандық стандартты қорғаныс жүйесі бел орамы мен күркеден тұрады. Кеуде орамы қандай да бір болмасын орамдардың негізі болып табылады және мықты синтетикалық лентадан (белдік) және тартпадан жасалады. Кеуде орамы ұзақ мерзімге арқаңда ілініп тұрған кезде өздігінен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды, сондықтан күркемен бірге қолданған дұрыс болып табылады. Күрке белге тағатын белдіктен және жамбастық сақиналардан тұрады. Орама мен күркенің бір жүйеге қосылуы реттеліп отыратын тоқыма бау арқылы жүзеге асырылады. Төмен қарай түскен кезде ең алғашқы серпіліс кеуде орамы одан кейін барып жамбас сақиналарына бөлінеді. Негізінен күрке арқылы серпілісті басқан кезде ауыртпалықтың көбі төмен құлаған адамның омыртқасына түседі, бұл жарақатқа алып келуі мүмкін.

Қорғаныс жиынтығы екі топқа бөлінеді:



  • кеуде орамы мен күркеден тұратын бөлінбейтін жүйе;

  • пайдалану үшін біріктірілетін (қосылатын) кеуде орамы мен күрке.

Пайдалану кезінде қорғаныс жүйесіне міндетті түрде қауіпсіздік талаптары қойылады. Оның құрылысы құтқарушы ауру сезімдерінсіз, еркін қозғалып, 10 минут көлемінде онда асылып тұратындай болуы тиіс. Бұл кезде ауырлық орама мен күрке аралығында тең бөлінеді. Аударылып кетпеу үшін жүйенің ілгегі кеудеден төмен болмауы керек. Оның бөліктерін бөлек пайдалануға болмайды: тек қана күркені пайдаланған кезде омыртқаның ауыр зақымдалуы мүмкін; тек бір ғана орамда ілініп тұру – құтқарушының кеуде қуысының жаншылуы салдарынан 10-12 мин кейін түзетуге келмейтін жағдайға алып келуі мүмкін. Металл бөліктері (тоғалары, сақиналары және т.б.) шегіне дейін жеткізіледі, радиусы 3 мм кем емес, олар қолтық астында, бүйрек аумағы мен аяқ арасында орналаспауы керек. Олардың желініп кеткендігін білу үшін барлық тігістер қарама – қарсы жіптермен тігіледі; соңғы; орама лентасы, күрке және біріктіретін баулар желініп кетпеуі тиіс. Орамды күркемен жалғастыру үшін жұмсак жіппен немесе көлемі 14x2 мм болып лентамен жасалады. Сондай – ақ орам мен күркені байланыстыру үшін карабинді пайдалануға болмайды.

Еңбекті қорғау ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қандай да болмасын ТЖ зардаптарын жою кезіндегі құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Қорғаныс және іздеп табу құралдары – топтасуы.

  2. Класстары, құрал – жабдықтары

  3. Жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелері

12 дәріс. Құтқарушыларды дайындаудың оқу бағдарламасы. Іздестіру – құтқару қызметі, құтқарушыларының кәсіптік деңгейін арттыру.


Жалпы сұрақтар

  1. Құтқарушыларды дайындаудың оқу бағдарламасы

  2. Бағдарлама бойынша оқуды аяктағаннан кейін құтқарушының міндетті

Үздіксіз оқыту ТЖМ құтқарушыларының кәсіби деңгейін арттыру мен қалыпта ұстаудың негізгі түрі болып табылады және төменде ұсынылған оқыту бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады.



Құтқарушыларды дайындаудың оқу бағдарламасы. Бағдарлама ТЖМ іздестіру – құтқару қызметі құтқарушыларының кәсіптік деңгейін арттыру бойынша сабақтарды жүйелі түрде жүргізуге арналған.

Бағдарламаның маңсаттары:

Құтқарушылардың кәсіби дағдысы мен шеберлігін ұйымдастыру мен жетілдіру.



Құтқарушыларға сабақты қызмет басшылары, бас мамандар жүргізеді, арнайы техника мен құралдарды пайдалануға байланысты сабақты арнайы құрылымдар мен бөлімшелердің командирлері, сондай – ақ шақырылған оқытушылар жүргізеді. Сабақ жүргізу кезінде оқытушы кино және видео материалдар, көрнекті құралдар, техникалық оқу құралдарын пайдалануы тиіс. Аталған бағдарламаны оқып шыққаннан кейін құтқарушы мыналарды білуге міндетті:

  • ІҚЖ – ның арналуын, мақсатын, міндетін және мүмкіндіктерін;

  • құтқарушылардың міндеттерін, құқықтары мен құқықтық

жауапкершіліктерін;

  • ІҚЖ қызметін белгілейтін негізгі нормативті – техникалық және құқықтық құжаттарды;

  • штаттық байланыс құралдары, хабарландыру мен басқаруды;

  • хабарландыру тәртібі, жүктелген міндеттерді орындауға құрылымдары дайындыққа келтіру мен жинауды;

  • ІҚЖ жүргізу кезіндегі құрал – саймандарды, құрылғыларды, механизмдерді, аспаптар мен жабдықтарды, олардың арналуын, техникалық анықтамаларын, пайдалану ретін;

  • ТЖ зақымдаушы факторларынан қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан қорғанудың негізгі әдіс - тәсілдерін;

  • ТЖ жағдайында ІҚЖ жүргізудің сипаты мен тәртібін;

  • дезактивация, дегазация, дезинфекция жүргізудің тәртібін;

  • барлау жүргізудің, белгілі бір жерде бағыт табудың тәртібін;

  • төтенше жағдай кезінде тірі қалу ережесі мен тіршілікті қалыпты ұстауды;

  • зардап шеккендердің жағдайын анықтаудың тәртібі мен оларға алғашқы медициналық көмек көрсетудің ретін;

  • ҚӘУЗ бен радиоактивті заттардың физика – химиялық және зақымдаушы қасиетін;

  • ІҚЖ жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын;

  • көшіру жұмыстарын жүргізудің ережелерін;

  • жауапты аудандағы орын алуы ықтимал ТЖ;

  • бейімделу мен қалпына келтіру шараларының тәсілдерін;

  • үлкен топтағы адамдардың мінез – құлықтарының психологиялық ерекшеліктерін

Аталған бағдарлама бойынша оқуды аяктағаннан кейін құтқарушының қолынан төмендегілер келуі міндетті:

  • аварияның, апаттың және зілзаланың зардабын жою кезінде ІҚЖ жүргізу;

  • қорғаныс құралдарын пайдалану, сақтануды және өзін - өзі сақтауды қолдану;

  • ІҚЖ жүргізу кезінде пайдаланатын кұрылғыларды тиімді пайдалану;

  • байланыс және хабарландыру құралдарымен жұмыс істеу;

  • дезактивациялық, дегазациялық, дезинфекциялық іс – шараларды жүргізу;

  • зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету, зардап шеккендердің жағдайын анықтау, оларды тасымалдау тәсілдернін білу;

  • үйінді, жердің шамадан тыс қиылысуы жағдайында, мұз және қар басқан жерлермен, биік таулы жерлермен, сулы кедергілер жағдайында қозғалу;

  • төтенше жағдайларға тез бейімделу, тірі қалу және тіршілікті қалыпта ұстау тәсілдерін білу;

  • қиын жағдайларда бағытты жоғалтпау, ТЖ ауданында барлау жүргізу;

  • әртүрлі жұмыстар кезінде қауіп деңгейін түсіну;

  • жоғарғы физикалық және моральды – психологиялық қиындықтарды көтере білу;

  • жануарларды, азық – түлікті, өсімдіктер мен заттарды қорғау бойынша жұмыстар жүргізу;

  • өртке қарсы іс – шараларды жүргізу, өрттерді тоқтату және өшіру;

  • карантин, обсервация, әлеуметтік шиеленіс жағдайында жұмыс жүргізу.

Құтқарушылардың ТЖ шынайы жағдайына бейімделуі мақсатымен, оқу жүргізу барасыңда атқарылатын жұмыстардың төтеншелік деңгейін (биіктік, түтін, жергілікті өрт, шу мен жоғарғы қарқындылықтағы жарық, басқа да факторлар) жоғарылату керек
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Құтқарушыларды дайындаудың оқу бағдарламасы

  2. Бағдарлама бойынша оқуды аяктағаннан кейін құтқарушының міндетті

13 дәріс. Құтқарушыларды тәжірибелік оқытудың полигондық – жаттығу кешені


Жалпы сұрақтар

  1. Құтқарушыларды тәжірибелік оқытудың полигондық – жаттығу кешені

  2. Құтқарушылардың тәжірибелік сабағын ұйымдастыру мен өткізуге қажетті жаттығу құралдары

Полигондық – жаттығу әдісінің дәстүрлі әдістермен салыстырғанда өзіндік бір артықшылығы – оқытудың арнайы техникалық құралдарды пайдалануға негізделеді. Жаттығу құралдары оқу процесін шынайы жағдайға барынша жақын келуге көмегін тигізеді.

Құтқарушылардың тәжірибелік сабағын ұйымдастыру мен өткізуге қажетті жаттығу құралдарының тізімі олардың еңбек жағдайы мен қызметінің ерекшелігі негізінде дайындалады. Жаттығу құралдарын пайдалану тек қана құтқарушылар жұмысының біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру үшін ғана емес, сондай – ақ жарыстар мен жаттығу кезінде өздерінің шеберлігін арттыру үшін де қажет.

Оқытудың үйлесімді нәтижесіне жеке жаттығу құралдарын пайдалану кезінде емес, мамандандырылған полигондық – жаттығу кешені кезінде қол жеткізіледі.

ТЖМ құтқарушыларын тәжірибелік оқытудың полигондық – жаттығу кешенінде төмендегі тапсырмаларды орыңдауға арналған арнайы оқу алаңы мен жаттығу құралдары болуы тиіс:


  • әртүрлі ТЖ кезінде адамның жұмысқа бейімделуі;

  • орын ауыстыру мен кедергілерді жеңудің дағдыларын қалыптастыру;

  • қысылу жағдайындағы және жабық кеңістіктердегі жұмыстарға оқыту;

  • газоэлектро дәнекерлеу, тиеп – түсіру жұмыстарды орындаудың дағдыларын қалыптастыру;

  • зілзала, техногенді, эпидемиологиялық, әлеуметтік ТЖ – дың зардаптарын жою жағдайындағы жұмыстардың дағдыларын қалыптастыру;

  • құрал – жабдықтарды, құрылғыларды, машиналарды, механизмдерді, құралдарды, қорғаныс құралдарын пайдаланудың дағдыларын қалыптастыру;

  • топтық жұмыс кезіндегі қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыру;

  • пиротехникалық жұмыстарды орындаудың дағдыларын қалыптастыру;

  • жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы жұмысқа оқыту;

  • су асты, су үсті, жер астындағы жұмыстарға оқыту;

  • ҚӘУЗ шығуы (төгілуі), радиоактивті сәулеленудің, зиянды заттардың әсері жағдайында жұмыстардың дағдыларын қалыптастыру;

  • зардап шеккендерді іздестіру, оларды қоршаудан босату, алып шығу, жағдайын, жарақат алу дәрежесін анықтау, алғашқы медициналық көмек көрсету мен тасымалдаудың дағдыларын қалыптастыру;

  • жергілікті жерде бағыт табу мен әртүрлі жағдайда тірі қалудың дағдыларын қалыптастыру;

  • өрт жағдайындағы жұмысқа оқыту;

  • өзгеретін жағдайдағы жұмыстардың дағдыларын қалыптастыру (түн, күн, жел, жауын – шашын, төтенше факторлар, қайталанатын жер асты дүмпулері).


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Құтқарушыларды тәжірибелік оқытудың полигондық – жаттығу кешені

  2. Құтқарушылардың тәжірибелік сабағын ұйымдастыру мен өткізуге қажетті жаттығу құралдары

14 дәріс. Құтқарушыларды жалпы жұмыс қабілеті мен арнайы

физикалық қабілеттерін дамыту
Жалпы сұрақтар

  1. Құтқарушыларды жалпы жұмыс қабілеті мен арнайы физикалық қабілеттерін дамыту

  2. Орындалатын жаттығулар

  3. Жалпы физикалық жұмыс істеу қабілеті

ТЖ зардабын жою кезіндегі құтқарушылардың еңбек қызметінің өзіндік ерекшеліктері олардың физикалық дайыңдығына қатаң талап қояды. Жалпы физикалық жұмыс істеу қабілеті (ЖФЖҚ) мен физикалық қасиеттерін (күш, ептілік, жылдамдық, сезім мүшесінің төзімділігі) жоғарғы деңгейде дамыту мен қалыпта ұстап тұру үшін, спорттық зал мен спорттық құрал – жабдықтар болмаған күннің өзінде де сабақ жүргізуді қамтамасыз ететін, арнайы әдістерді пайдаланған жөн.

Оқытудың алғашқы айларындағы жалпы физикалық дайындық (ЖФД) бойынша сабақтар жаттығуларды оқып білуге, оларды дұрыс орындауға, жаттығатын ағзаның жылдамдықты және жылдамдықты – күштік сипаттағы физикалық ауыртпалықтарға бейімделуге бағытталған.

Орындалатын жаттығулар:



  • кросстық жүгіру – бір қалыпты қарқыңдылықта, алғашқы кезеңде жағдайына қарай – бәсең қарқындылықта. Қажет болған жағдайда қашықтықтың кейбір бөлігінде жаяу жүріске көшуге болады.

  • жалпы дамыту жаттығулары – ұсынылатын бастапқы жағдайлардан. Айналма қозғалыс, барынша еңкею;

  • алдын ала 25 м жүгіріп алып, барынша қатты жылдамдықпен 20-30м жерге жүгіру;

  • төменгі старттан жүгіру – барынша жиілікпен және қадам ұзындығын біртіндеп жоғарылатумен бірге қимылдың өте жылдам басталуын қарастырады (дененің еңкеюін сақтай отырып);

  • ұзындыққа секіру – екі аяқпен бірдей түсу мен секірудің ұзақтығы;

  • салмақты лақтыру (тастар, ядролар) – қозғалыс алдын ала бүгілген аяқты белсенді түрде түзеуден басталады;

  • түрнекте жаттығу – денені теңселтпей. «Шегіне жеткенше» шамасы кезінде – үлкен ауыртпалық арқылы.

Сабақтардың жылдық жоспары ұсынылатын жаттығулардың көлемі мен қарқындылығын біртіндеп (аптадан аптаға, айдан айға) жоғарылатуды қарастырады. Әр айдың бірінші күндері дайындалған тесттер бойынша қорытынды сынақтарды өткізуге бөлінеді.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Құтқарушыларды жалпы жұмыс қабілеті мен арнайы физикалық қабілеттерін дамыту

  2. Орындалатын жаттығулар

  3. Жалпы физикалық жұмыс істеу қабілеті

15 дәріс. Құтқарушылардың теориялық білімін және арнайы дайындықтарын бағалаудың белгілері



Құтқарушылардың теориялық білімін бағалаудың белгілері
Жалпы сұрақтар

  1. Құтқарушылардың теориялық білімін және арнайы дайындықтарын бағалаудың белгілері

  2. Құтқарушылардың теориялық білімін бағалаудың белгілері

Теориялық оқытудың бағасы – құтқарушылардың аталған мамаңдыққа керекті білімді меңгеру деңгейінің белгісі (көрсеткіші), соңдай – ақ оларды тәжірибеде тиімді пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Бұл бағалар ағымдағы бағалардан құралады, олар: теориялық сабақтардан және сынақтар мен емтихандарда қойылған бағалар.

Құтқарушылардың теориялық білімінің негізі дәстүрлі бес баллдық жүйеге негізделеді. Баға «5 балл» («өте жақсы») – үйренуші оқу бағдарламасының материалдарын толық игерген, тәжірибелік тапсырмаларды қатесіз орындау кезінде алған білімдерін өз еркімен және сенімді түрде қолданады, қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтайды. Баға «4 балл» («жақсы») – негізгі материалдар сенімді игерілген, жауаптар «өте жақсы» бағасына тең келетін талаптарға сай, бірақ сөйте тұрып құтқарушы бір өрескел емес қателік жібереді, нақты тақырыпты таратып айту кезінде болмашы қателіктер жібереді, алған тәжірибелерін тәжірибеде еркін қолданады. Баға «3 балл» («қанағаттанарлық») - үйренуші оқу бағдарламасының негізгі материалдарын, негізгі тақырыптарын біледі және түсінеді, алайда материалды игеруде ақаулар бар. Оны өте қарапайым, біршама қателіктермен түсіндіреді. Өндірістік тапсырмаларды есептемей кейде ақаумен орындайды. Баға «2 балл» («қанғаттанарлықсыз») – үйренуші бағдарламалық материалдың басым бөлігін нашар түсінген кезде, өрескел қателер жіберген кезде және материалды жүйесіз түсіндірген кезде қойылады. Үйренуші сабақтың негізгі бөлшектерін игерген жоқ,өзінде бар білімді тәжірибеде пайдалана алмайды. Өрескел қателіктер және ақаулар жібереді.
2.6. Құтқарушылардың арнайы дайындықтарын бағалаудың белгілері
Кәсіби шеберлікті бағалау белгісі құтқарушыларды аттестациялау кезінде қолданылады.

ІҚЖ жүргізу кезінде зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге тура келеді. Бұл жұмыс түріне құтқарушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін келесі бағалау белгілерін қолдану орынды: Жеке біреуге таңғыш қапшығын ашу: Құтқарушы қапшықты ашып, бинттің орамын оң қолына, ал ұшын сол қолына алған кезде сынақ тапсыру аяқталды деп есептеледі. Бағаны 1 баллға кемітетін ықтимал қателіктер:



  • бинттің залалсыздандырылуының бұзуы;

  • қапшықтың жастықшаларының толығымен жазылмауы;

  • қолдағы бинттің орамы мен ұшының бұрыс жағдайы;

Жоғарғы деңгей 25 сек және одан аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 26 – 34 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 35 сек және одан аса – баға «қанағат.»

Басына, білегіне және шынтақ, тізе, жіліншік буындарына бастапқы таңғышты таңу.



  1. Басқа «чепец» қылып таңғыш таңу кезіндегі бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 2 мин 30 сек және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 2 мин 31 сек – 3 мин 9 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 3 мин 10 сек және одан аса – баға «қанағат.»

2. Білегіне және шынтақ, тізе, жіліншік буындарына таңғышты тану кезіндегі бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 1 мин 50 сек және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 1 мин 51 сек – 2 мин 9 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 2 мин 10 сек және одан аса – баға «қанағат.»

3. Иық пен қан тоқтататын бұрау қою кезіндегі бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 25 сек және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 26 – 34 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 35 сек және одан аса – баға «қанағат.»

4. Иық пен санға бұрау қою кезіндегі бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 45 сек және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 46 – 54 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 55 сек және одан аса – баға «қанағат.»

5. Иық сынған кездегі таңып тастауды бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 4 мин және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 4 мин 1 с – 4 мин 59 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 5 мин және одан аса – баға «қанағат.»

6. Білек сынған кездегі таңып тастауды бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 2 мин 40 сек және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 2 мин 41 сек – 3 мин 39 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 3 мин 40 сек және одан аса – баға «қанағат.»

7. Жамбас сынған кездегі таңып тастауды бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 2 мин 40 сек және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 2 мин 41 сек – 3 мин 39 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 3 мин 40 сек және одан аса – баға «қанағат.»

8. Жамбас сынған кездегі таңып тастауды бағалаудың белгілері

Жоғарғы деңгей 4 мин және одан да аз – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 4 мин 1 сек – 5 мин 59 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 6 мин және одан аса – баға «қанағат.»

Құтқарушы таңғышты таңып және бинтті байлаған кезде сынақ тапсыру аяқталды деп есептеледі. Бағаны 1 баллға кемітетін ықтимал қателіктер: бинттің қолдағы бұрыс жағдайы, бинттің залалсыздандырылуының бұзуы, таңғышты басқа жерге, басқа бөлікке таңу, таңғышты бекітпеу.

Құтқарушылардың ҚӘУЗ – ден қорғау жөніндегі дайындық деңгейін бағалаудың белгілері:

1 .Сүзгіш газқағарды кию

Газқағар бастапқы жағдайда. Сынақ «Газдар!» командасы бойынша орындалады. Бағаны 1 баллға кемітетін ықтимал қателіктер: газқағарды кию кезінде көзін жұмбауы және демін ішіне тартпауы, жалғастырып тұратын түтіктің артық бұралуы, дулығаның (маска) көзілдірігі көзге қарама – қарсы тұрмайтындай етіп киілуі.

Жоғарғы деңгей 7 сек – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 8 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 10 сек – баға «қанағат.»

2. Зардап шеккен адамға газқағар кигізу

Жоғарғы деңгей 15 сек – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 16сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 17 сек – баға «қанағат.»

3. Респиратор кию

Респиратор бастапқы жағдайда сөмкеде болады. Сынақ «Респираторды кию!» командасы бойынша орындалады. Бағаны 1 баллға кемітетін ықтимал қателіктер: респиратодың дұрыс таңдалмауы, респиратордың бетке толығымен жабысып тұрмауы, киген кезде респиратордың зақымдануы.

Жоғарғы деңгей 10 сек – баға «өте жақсы»

Орташа деңгей 11 сек – баға «жақсы»

Төменгі деңгей 13 сек – баға «қанағат.»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет