ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазіргі таңдағы химияның өзекті мәселелрі» «6М011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


ДӘРІСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОЖОӨЖ ЖОСПАРЫ



бет9/11
Дата01.07.2016
өлшемі0.99 Mb.
#169258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ДӘРІСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОЖОӨЖ ЖОСПАРЫ



Аудиториялық сабақтың аталуы

Тапсырма

Бақылау формасы

Сағат саны

1

2

3

4

5

1.

Сутегі.

Сұрақтарға жауап беру және индивидуалды карточкалар бойынша есептерді шығару.


Жазбаша бақылау жұмыс.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.


0,5

2.

VII топтың негізгі топша элементтері.

Сұрақтарға жауап беру және индивидуалды карточкалар бойынша есептерді шығару.


Жазбаша бақылау жұмыс.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.


1,5

3.


VI топтың негізгі топша элементтері.

Сұрақтарға жауап беру және индивидуалды карточкалар бойынша есептерді шығару.


Жазбаша бақылау жұмыс.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.


1,5

4.

V топтың негізгі топша элементтері.

Сұрақтарға жауап беру және индивидуалды карточкалар бойынша есептерді шығару.


Жазбаша бақылау жұмыс.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.


1,5

5.

IV топтың негізгі топша элементтері.

Сұрақтарға жауап беру және индивидуалды карточкалар бойынша есептерді шығару.


Жазбаша бақылау жұмыс.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.


1,5

6.

Металдарды алу жолдары және жалпы қасиеттері.

Сұрақтарға жауап беру және индивидуалды карточкалар бойынша есептерді шығару.


Жазбаша бақылау жұмыс.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.


0,5

7.

III топтың негізгі топша элементтері.

Сұрақтарға жауап беру және индивидуалды карточкалар бойынша есептерді шығару.


Жазбаша бақылау жұмыс.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.


0,5

8.

II топтың негізгі топша элементтері.

Сұрақтарға жауап беру және индивидуалды карточкалар бойынша есептерді шығару.


Жазбаша бақылау жұмыс.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.

Тест тапсырмалар.



0,5

9.

I топтың негізгі топша элементтері.

Сұрақтарға жауап беру және индивидуалды карточкалар бойынша есептерді шығару.


Жазбаша бақылау жұмыс.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.


0,5

10.

VIII топтың негізгі топша элементтері.

Сұрақтарға жауап беру және индивидуалды карточкалар бойынша есептерді шығару.


Жазбаша бақылау жұмыс.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.


0,5

11.

Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі негізгі топша элементтерінің қасиеттеріне жалпы сипаттама.

Сұрақтарға жауап беру және индивидуалды карточкалар бойынша есептерді шығару.


Жазбаша бақылау жұмыс.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.


0,5

12.

I топтың қосымша топша элементтері.

Сұрақтарға жауап беру және индивидуалды карточкалар бойынша есептерді шығару.


Жазбаша бақылау жұмыс.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.


1

14.

II топтың қосымша топша элементтері.

Сұрақтарға жауап беру және индивидуалды карточкалар бойынша есептерді шығару.


Жазбаша бақылау жұмыс.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.


1

15.

VI топтың қосымша топша элементтері.

Индивидуалды консультацияға сұрақтарды дайындау.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.



1

16.

VII топтың қосымша топша элементтері.

Индивидуалды консультацияға сұрақтарды дайындау.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.



1

17.

VIII топтың қосымша топша элементтері.

Индивидуалды консультацияға сұрақтарды дайындау.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.



1

18

Лантаноидтар және актиноидтар.

Индивидуалды консультацияға сұрақтарды дайындау.

Ауызша сұрау.

Әңгімелесу.



0,5




ЖАЛПЫ







15 сағат


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) – студенттердің өз білімдерін, өздерін дамыту жағдайларын қалыптастыруға қабілетін арттыратын, ойлау қабілетін кеңінен дамытатын басты іс-әрекеттерінің түрлері.

СӨЖ - ол дәріске алдын-ала дайындалуға, кітапхана жағдайында оқу материалын өздігінен оқуға, компьютерлік сыныпта, Интернет арқылы зертханалық сабаққа, коллоквиумға дайындалуға, СӨЖ тақырыптары бойынша (сұрақтары СӨЖ жоспарында көрсетілген) өздіктерінен көшірме дайындау, зертханалық сабақ бойынша есеп бере білуге, химиядан берілген есептерді талдауға бағытталған аудиториядан тыс жұмыстар болып есептеледі.

СӨЖ – оқытушының көрсетуі бойынша формасы мен уақыты, тақырыпқа сәйкес толық көлемде тапсырылуы қажет.


«ЭЛЕМЕНТТЕР ХИМИЯСЫ»

ПӘНІ БОЙЫНША

СӨЖ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОСПАРЫ




Тақырыбы

Сабақтың мақсаты мен мазмұны

Әдебиет

негізгі

қосымша


Балл

Тапсыру мерзімі

Бақылау формасы

1

2

3

4

5

6

7

1.

1. VII топтың негізгі топша элементтері.

Фтор және оның қосылыстарының қолданылуы. Фтор және оның қосылыстарының биологиялық рөлі. Хлор және оның қосылыстарының қолданылуы. Қоршаған ортаны хлормен ластанудан қорғау. Зиянды заттардың шекті концентрациясы туралы ұғым. Хлордың ШК-сы. Тұз қышқылының және хлоридтерінің организмдегі физиологиялық рөлі. Натрий хлоридінің су алмасуды реттеудегі рөлі. Галогендердің бір-бірімен қосылыстарына жалпы сипаттама. Галогендерден түзілген жай заттар мен қосылыстардың биологиялық рөлі.



2. VI топтың негізгі топша элементтері.

Оксидтер, олардың алынуы, қасиеті, жіктелуі және номенклатурасы.

Оттегінің қолданылу аймағы. Өсімдіктер өміріндегі оттегінің рөлі. Ауа. Ауаның тұрақты және өзгеріп отыратын құрамдық бөлігі. Таза ауа проблемасы. Сұйық ауа, оның қасиеті және практикалық қолданылуы. Оттегінің сутектік қосылыстары. Су және сутегі пероксиді, құрамы және молекулаларының электрондық құрылысы. Сутегі пероксидінің қышқылдық, негіздік, тотығу-тотықсыздану қасиетінің термодинамикалық тұрақтылығы. Күкіртті сутегінің физиологиялық әсері, оның шекті мүмуін концентрациясы (ШМК). Поликүкірт сутектер және полисульфидтер жөнінде қысқаша мәлімет. Концентрлі күкірт қышықылымен жұмыс істеу ережесі. Күкірт қышқылының өндірісі және қоршаған ортаны қорғау проблемасы. Күкірт қышқылының тұздары, олардың табиғатта таралуы, қасиеті, және қолданылуы. Күкірт қышқылы және оның тұздарының халық шаруашылығындағы маңызы. Күкірттің биологиялық рөлі, табиғаттағы айналымы.

3. V топтың негізгі топша элементтері.

Азоттың қолданылуы. Аммоний тұздары мен аммиактың практикада қолданылуы. Азотың биологиялық ролі. Жануарлар мен өсімдіктер организміндегі азот. Азот – белоктардың, нуклеин қышқылдарының, гемоглобиннің және т.б. құрамды бөлігі. Атмосферадағы азотты байланыстыру мәселесі. Азотты тыңайтқыштар. Азоттың табиғаттағы айналымы. Ақ фосфордың улылығы және онымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары. Ортофосфор қышқылының тұздары, олардың практикада қолданылуы. Фосфордың биологиялық ролі. Фосфор – сүйек тканінің, нуклеотидтердің және т.б. құрамды бөлігі. Фосфор тыңайтқыштары. Фосфор тыңайтқыштарын рН-ы әртүрлі топырақта пайдалану.



4. IV топтың негізгі топша элементтері.

Активтендірілген көмір. Активтендірілген көмірді сорбент ретінде қолдану. Көміртегінің тотықсыздандырғыш қасиетінің практикада қолданылуы. Көміртегінің сутекті қосылыстарына жалпы қысқаша сипаттама. Органикалық қосылыстардағы көміртегі. Көміртегі (ІІ) оксидінің физиологиялық әсері және онымен жұмыс жүргізудегі қауіпсіздік шаралары. Иісті газбен уланғанда көрсетілген алғашқы көмек. Кремнийдің қолданылуы. Кремний кейбір биологиялық активті заттардың және өсімдіктердің құрамды бөлігі. Кварцты шыны, оның қасиеті, қолданылуы. Жасанды силикаттар. Силикагель, оның қолданылуы. Силикаттар, ерігіш шыны. Қалайы, қорғасын және олардың қосылыстарының халық шаруашылығында қолданылуы. Ауыр металдардың қосылыстарының тозаңдануынан қоршаған ортаны қорғау.




Тақырып бойынша дәрістерге дайындалу.

Тақырып бойынша сұрақтары конспектілеу.

№1-13 зертханалық сабақтарға дайындалу.

Зертханалық жұмыстар бойынша есеп дайындау.

№1 коллоквиумға дайындалу.



/1/,323-350.

/4/,280-308.



/5/,338-359.

/1/,456-473.

/1/,242-254;

350-376


/4/,309-322; 331-336.

/5/,359-383.

/1/,432-448

/1/,376-413

/4/,343-379.



/5/,383-410.

/1/,396-417

/1/,413-445

/4/,390-410; 421-431.



/5/,418-435; 504-513.

/1/,355-390




5

1-7 апта

Конспект, бақылау жұмысы.

Жеке есептерді шығару.

№1-15 зертханалық жұмыстарды орындау.

№1 коллоквиум.



2.

1. Металдардың жалпы қасиеттері мен алу жолдары. І, ІІ топтардың негізгі топша элементтері.

Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Металдардың коррозиясы және оларды коррозиядан қорғаудың негізгі тәсілдері. Металдар коррозиясының ингибиторлары. Металдар коррозиясы және оларды қорғау саласындағы кеңес ғалымдары Г.В. Акимовтың, С.А. Балезиннің, И.Л. Розенфельдің және т.б. еңбектері. Кеннің негізгі түрлері, металдарды кеннен алудын манызды әдістеріне шолу. І,ІІ топтардың негізгі топша элементтерінің жер қыртысында таралуы, изотоптық құрамы, маңызды табиғи қосылыстары. Металдардың шынайы атмосфера жағдайындағы күйі. Сілтілік және сілтілік-жер металдарды сақтау ережелері, олармен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары. Соданың алынуы. Натрий және калий қосылыстарының тірі организмдер үшін маңызы. Өсімдіктер мен жануарлар организмінде натрий мен калийдің кездесуі. Жүйке жүйесіне, бұлшық ет қызметіне, бүйрек, жүрек, тамыр жүйелеріне және т.б. органдарға натрий және калий иондарының әсері. Өсімдіктердің биохимиялық процесстеріне калий иондарының қатысуы. Калий тыңайтқыштары. Халық шаруашылығында металдық берилий мен магнийдің қолданылуы. ІІ топтың негізгі топша элементтері қосылыстарының физиологиялық әсері. Кальций иондарының физиологиялық ролі. Тірі организмдердегі кальций және оның тірек қызметтері. Хлорофилл синтезіндегі кальцийдің әсері. Магний – хлорофилдің құрамды бөлігі.



2. III,VIII топтардың негізгі топша элементтері.

Жер қыртысында таралуы, изотоптық құрамы, маңызды табиғи қосылыстары. Бор – микроэлемент. Алюминий және оның құймаларының қолданылуы. VIII топтың негізгі топша элементтердің ашылу тарихы және қолданылуы.



3. VI, I, II топтардың қосымша топша элементтері.

Металдар мен олардың қоспаларының қолданылуы. ІІ топтың қосымша топша элементтердің маңызды комплексті қосылыстары. Мырыштың микроэлемент ретіндегі ролі. Мырыштың, кадмийдің және сынаптың қосылыстарының физиологиялық әсері. Сынаптың ШК-сы. Сынап және оның қосылыстарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Мырыш, кадмий және сынап қосылыстарын практикада пайдалану.



Тақырып бойынша дәрістерге дайындалу.

Тақырып бойынша сұрақтары конспектілеу.

№14-25 зертханалық сабақтарға дайындалу.

Зертханалық жұмыстар бойынша есеп дайындау.

№2 коллоквиумға дайындалу.


1/, 445-467;

488-495; 479-488.

/4/,134-139;114-119

/5/,513-543

/1/,208-255

/4/484-493; 476-484

/5/,543-551; 587-599

/1/,303-310; 315-322

/1/,467-479;

317-320

/1/,516-526;

526-533; 541-553

/4/,619-638

/5/,551-563; 599-608

/1/,310-315; 322-324




5

8-14 апта

Жеке карточкалар бойынша жауап беру.

№16-27 зертханалық жұмыстарды орындау.

№2 коллоквиум


3.

1. VII топтың қосымша топша элементтері.

Марганецтің қолданылуы. Марганец құймалары. Марганец өсімдіктер қорегінің микроэлементі.



2. VIII топтың қосымша топша элементтері.

VIII топтың қосымша топша элементтерінің ашылу тарихы, маңызды табиғи қосылыстары, жер қыртысында таралуы, қолданылуы. Темір, кобальт, никель (ІІ, ІІІ) маңызды қосылыстарының қолданылуы. Темірдің, кобальттің, никельдің қосылыстарының биологиялық ролі. Биологиялық активті қосылыстар – қан гемоглобинінің, қан миоглобинінің, каталаздың түзілуіне темірдің қатысуы. Тыныс алу процесіне темірдің қатысуы.



3. Лантаноидтар. Актиноидтер.

Лантаноидтар және актиноидтердің ашылу тарихы. И.В. Курчатов, Г.Н. Флеров, Г. Сиборг жұмыстары.




Тақырып бойынша дәрістерге дайындалу.

Тақырып бойынша сұрақтары конспектілеу.

№26-30 зертханалық сабақтарға дайындалу.

Зертханалық жұмыстар бойынша есеп дайындау.

№3 коллоквиумға дайындалу.


/1/,553-562

1/,562-592

/4/,523-548; 580-594

/5/,650-667

/1/,346-355; 390-396; 488-495




5

15 апта

Жеке карточкалар бойынша жауап беру.

№26-30 зертханалық жұмыстарды орындау.

№3 коллоквиум





Жалпы







15 б.




90 сағат


«ЭЛЕМЕНТТЕР ХИМИЯСЫ»

ПӘНІ БОЙЫНША

КОЛЛОКВИУМДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН СҰРАҚТАРЫ
КОЛЛОКВИУМ №1. VII- IV топтың негізгі топша элементтерінің химиясы.

(7 апта).



1.1.

VII топтың негізгі топша элементтері.

Элементтерге жалпы сипаттама. Атомдардың электрондық құрылысы. Иондану энергиясы және электронға жақындық энергиясы. Элементтердің топшада орналасуы және атомдардың электрондық құрылысы негізінде элементтердің химиялық қасиеттеріне сипаттама. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін салыстырмалы сипаттау. Фтор. Фтордың табиғатта таралуы және алу әдістері. Физикалық және химиялық қасиеттері. Фтордың қосылыстары. Фторсутек. Алынуы және қасиеті. Молекула ассоциациясы. Фторсутек қышқылы. Фторидтер. Оттегі фториді. Хлор. Табиғатта кездесуі, изотоптары. Хлорды зертханада және өнеркәсіпте алу жолдары, оның физикалық-химиялық қасиеті. Хлордың металдармен байланысының сипаты. Хлордың сутегімен әрекеттесу реакциясының механизмі. Хлорсутек, хлорсутек қышқылы, оны зертханалық, өнеркәсіптік алу жолдары, физикалық және химиялық қасиеті, қолданылуы. Хлордың сумен, сілтімен және басқа да күрделі заттармен әрекеттесуі. Хлордың оттекті қосылыстары. Хлорлылау қышқылы, ерітіндіде ыдырау типтері. Гипохлориттер, ағартқыш. Хлорлау және хлор қышқылдары және оның тұздары. Бертолле тұзы. Хлордың оксоқышқылдарының тотығу және беріктік қасиетін салыстыру және аниондарының стереохимиясы. Бром, иод. Табиғатта таралуы, зертханада және өнеркәсіпте алыну әдістері. Жай заттардың химиялық және физикалық қасиеттері. Бромсутек және иодсутек, бром сутегі және иод сутегі қышқылы, олардың тұздарының алынуы, қасиеті және қолданылуы. Галоген сутек қышқылдарының және олардың аниондарының тотықсыздану қасиетіне салыстыстырмалы сипаттама. Құрамында галогенид-ионы бар заттар арасындағы реакцияның бағыты. Бром және иодтың оттектік қосылыстары. Галогенидтердің оксиқышқылдарына тотығу дәрежесі біркелкі қышқыл түзуші элементтермен салыстырмалы сипаттама.



1.2.

VI топтың негізгі топша элементтері.

Жай заттар мен элементтер атомдарына жалпы сипаттама. Оттегі. Табиғи оттегінің изотоптық құрамы. ВБӘ және МОӘ тұрғысынан оттегі молекуласындағы химиялық байланыс. Оттегінің парамагниттілігін түсіндіру. Оттегін зертханалық және өнеркәсіпте алу жолдары, оның физикалық және химиялық қасиеттері. Оттегі тотықтырғыш ретінде. Оттегінің жай және күрделі заттармен әрекеттесуі. Оттегінің аллотропиясы. Озон, оның қасиеті, алынуы, табиғаттағы түзілуі. Күкірт. Табиғаттағы күкірт. Күкірттің аллотропиясы. Оның маңызды модификацияларының физикалық қасиеттері. Күкірттің химиялық қасиеті және практикада қолданылуы. Күкіртті сутегі: алынуы, физикалық және химиялық қасиеті. Күкіртті сутегі және сульфидтердің тотықсыздандырғыш қасиеті. Күкірттің оттекті қосылыстары: молекула құрылысы, валенттілік байланысының сипаты. Күкірт (ІУ) оксиді, физикалық және химиялық қасиеті, зертханалық және өнеркәсіптік алу жолдары, ШМК-сы. Күкіртті қышқыл және сульфиттердің химиялық қасиеті. Тиокүкірт қышқылы, тиосульфаттар олардың практикалық маңызы. Күкірт (УІ) оксиді, физикалық және химиялық қасиеті. Күкірт қышқылы. Концентрлі және сұытылған күкірт қышқылының қасиеті. Күкірт қышқылын нитрозды және контактілі алудың химизмі. Олеум және поликүкірт қышқылы. Күкіртті жоғары қышқыл және персульфаттар.



1.3.

V топтың негізгі топша элементтері.

Элемент атомдары және жай заттарға жалпы сипаттама. Азот. Табиғаттағы азот. ВБӘ және МОӘ тұрғысынан молекулаларының химиялық байланысы және оның ерекше беріктілігін түсіндіру. Физикалық және химиялық қасиеті. Азоттың сутегімен әрекеттесуінің ерекшелігі, оны химиялық термодинамика тұрғысынан түсіндіру. Азотты зертханалық және өнеркәсіптік жолмен алу тәсілдері. Азотың сутегімен қосылыстары. Аммиак, молекуласының электрондық құрылысы және геометриясы. Зертханалық және өнеркәсіптік алу тәсілі. Аммиактың физикалық-химиялық қасиеті. Аммиактың тотығуы. Аммиактың сумен, қышқылдармен аминокомплекстер түзуде донорлы-акцепторлы механизмі бойынша әрекеттесу қабілеті. Аммоний тұздары, олардың құрылысы, қасиеті. Аммоний тұздарының термиялық ыдырауынан түзілетін өнімдер. Аммиак молекуласындағы сутек атомының орын басу реакциясы. Амидтер, имидтер, металдар нитридтері. Азоттың оттекті қосылыстары. Азот оксидтері: молекула құрылысы, алынуы, тұрақтылығы және қасиеті. МОӘ тұрғысына азот (ІІ) оксидінің молекуласы. Азот (ІУ) оксидінің димеризациялық тепе-теңдігі. Азотты қышықыл. Азот қышқылын зертханалық және өнеркәсіптік алу жолдары. Азот қышқылының химиялық қасиеті. Патша суы, нитрозил хлориді. Нитраттар. Нитраттардың термиялық ыдырауы. Фосфор. Маңызды табиғи қосылыстары, алынуы. Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері, олардың қасиеттері. Металдар фосфидтері. Фосфордың сутекпен қосылыстары. Фосфордың оттекті қосылыстары. Фосфор оксидтері. Фосфордың оксоқышқылдары. Фосфорлылау, фосфорлы, фосфор қышқылдары, молекула құрылысы, негізділігі. Метафосфаттар, полифосфаттар. Фосфор галогенидтері, олардың гидролизі. Мышьяк, сурьма, висмут. Олардың табиғатта таралуы, жай заттардың алынуы. Мышьяк, сурьма, висмут және олардың қосылыстарының физикалық-химиялық қасиеттеріне жалпы салыстырмалы сипаттама.

IV топтың негізгі топша элементтері.

Элементтер атомдары мен жай заттарға жалпы сипаттама. Көміртегі. Табиғаттағы көміртегі. Көміртегінің аллотропиясы: алмаз, графит, карбин: олардың құрылысы, физикалық-химиялық қасиеті, практикалық маңызы. Олардағы көміртегі атомы орбиталінің гибридтену сипаты. Көміртегінің химиялық қасиеті. Металдардың карбидтері, оларға жалпы сипаттама. Көміртегінің оттекті қосылыстары. Көміртегі (ІІ) оксиді, құрылуы, химиялық қасиеті. Табиғаттағы көміртегі (ІУ) оксиді. Көмір қышқылы. Карбонаттар және гидрокарбонаттар, еруі, гидролизі, термиялық тұрақтылығы. Көміртегінің азот және галогендермен қосылысы. Синил қышқылы. Цианидтер. Көміртегінің тетрахлориді. Көміртегінің фтор туындылары, фреондар туралы түсінік. Кремний және оның қосылыстары. Табиғаттағы силикаттар. Кремнийдің зертханада және өнеркәсіпте алынуы. Кремнийдің қасиеті. Кремнийдің сутекті қосылыстары және олардың сәйкес көміртегінің сутекті қосылыстарының айырмашылығы. Металдардың силицидтері. Кремний диоксиді. Кварц. Кремний қышқылы. Германий топшасының элементтері және олардың қосылыстарына жалпы сипаттама.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет