ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Балалар психологиясы»


Баланың мектепке психологиялық дайындығы



бет3/6
Дата13.06.2016
өлшемі443 Kb.
#131636
1   2   3   4   5   6

8. Баланың мектепке психологиялық дайындығы

Жоспар:


  1. Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың психологиялық мәселелері

  2. Мектепке психологиялық даярлаудың педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері

  3. Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуына мектеп алды дағдарысының ықпалы

  4. Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың бағыттыр мен оқуға бейімдеу жолдары

Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.

Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.

Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.

Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.

Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.

Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады .

Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:

1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;

3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;

4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі .



Баланың мектепте табысқа жетуінде бұл бағыттар аса маңызды болғандықтан, әрбір бағыт жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді жөн көрдім.

1. Ақыл-ойының даярлығы.

Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде,заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады.

Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп,өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала өзбетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды, суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет. Яғни, баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі, логикалық операцияларды орындай алуы, баланың оқуда білімді табысты меңгеруінің негізі болып табылады.

Ақыл-ой дайындығының көрсеткіштері



Бейнелі компонент

Вербалді компонент

1. Заттың сипатын, қасиетін қабылдау қабілеттілігі.

2. Бейнелі негіздегі көру есі.

3. Зат не құбылыс туралы ұғымдарды қорытындылау біліктілігі.

4. Ойлау тәсілдерінің (синтез, салыстыру т.б.) дамуы.

5. Белсенділік, тапқырлық.


1. Заттардың әртүрлі қасиеттерін айта білу және айыра білу қабілеттілігі.

2. Сөйлеу негізіндегі есту есі.

3. Бір текті ұғымдарды,заттарды жалпылау қабілеттілігі.

4. Ойлау тәсілдерінің дамуы.

5. Қисынды ойлау


2. Биологиялық кемелденуі.

Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің талаптарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.) нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру ,есту, моторикасының дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.

3. Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы.

Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.

Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады.

4. Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы.

Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі, қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан келе нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын балалар пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай, себепсізден жиі ауыруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті еске алса болғаны жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стрессогендік факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.

Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің «Дені сау балалардың қорқынышы» атты еңбегінде «Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар үнемі «мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба?» деген қорқынышпен жүреді», - дейді.

Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына жағдайларға байланысты болады:

1. Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді орындату мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады; («Мектепке барасың сонда саған көрсетеді»);

2. Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;

3. Мектептің өміріне бейімделе алмауы;

4. Мектептің өмірінің шынайлылық қиындығымен кезіккенде, баланың көңілінде мектепке деген жағымсыз қатынастың пайда болуы;

5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау.

Яғни, осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағұлматтарды айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен санасуға үйрету болып табылады.

Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты талап етеді Оқушылар арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі кездеседі. Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай және еріктілікті дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі жұмысқа кірісуіне рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек.




9.Мектепке дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері

1. Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары

2. Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің жамуы және оның қызметі

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні


Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары

3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді. Бұл кезде бала алғышқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғары жүйке жүйесінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде де өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см-ге артса, 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қанайналым жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жас пен 1 жасты салыстырғанда 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы да жиілейді. 5-6 жаста қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миы салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 грамм болса, 7 жаста 1250 грамм болады. 3 жасқа дейін баланың екінші сигналдық системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік сепігін тигізеді. Өйткені бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасы мен есінің, қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуына әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың алдыңғы кезеңдермен салытырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне тән өзіндік ерекшелігі қалыптасады.

3 жастан кейінгі кезең сәбилік кезеңнен мектепке дейінгі өту кезеңі деп есептеледі. Осы кезде бала заттармен өз бетінше әрекет етуге талпынады, бірақ әлі де болса үлкендер тарапынан қамқорлық күтеді. Сөйлеуі дұрыс дамып жетілуіне байланысты, сөзі анық емес, түсініксіз болады.

3 жастан жоғары қарай сөздік қоры дамып, өзінің ана тіліндегі барлық сөздерді меңгеріп, түсінеді, тілдік қарым-қатынасы жоғары сатыға көтеріледі. Ойлауы көрнекі амалдық, бейнелік болып, кейбір мәселені өздігінен шешіп ой қорытындысын шығара алады. Баланың санасының мазмұны күрделеніп, 3 жастың соңына қарай мазмұндық рөлдік ойындар ойнайды.

4 жасқа келгенде денесінің бұлшық етінің күші артып, ептілігі, икемділігі, қозғалысқа икемділігі байқалады. Доптың немесе басқа бір заттарды нысанаға лақтырып қағып алуды үйренеді, бірақ көргені мен естігенін ұзақ есінде сақтап, өз мағынасында тез жаңғыртып бере алмайды. Рөлдік ойындарын да күнделікті көріп жүргендерін ғана бейнелейді.

5 жасқа келгенде қимыл-қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру,жүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы, шана, велосипед тебуді үйренеді. Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына байланысты баланың граммматикалық сөздік өоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің тапсырмасын және қарапайым еңьек әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет-дағдыларды меңгеру де бала психикасының дамуына көп ықпалын тигізеді. Ертегі дәне әңгімедегі кейіпкерлерге өзінше баға беріп, талдау жасайды, соның нәтидесінде қиял, ойлау, есте сақтауының дамығандығын байқаймыз. Бала ұжыммен бірігіп, ойнап, еңбек әрекеттерінің нәтижесінде өзінің жасаған жұмысына эмоциялық баға беріп, эстетикалық талғамы артады.Бала 6 жасқа келгенде ерекше қарқынмен дамып, дене бітімі күрделенеді,Барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу әрекетін орындағанда да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. 6 жасқа келгенде сөздің тура және жанама мағынасын түсінеді. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделеніп, өмірдегі барлық шындықты бейнелеуді көздейді.


Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі

Баладың жүйке жүйесінің күшті немесе әлсіздігін өмірдегі мынадай көрсеткіштер дәлелдейді. Оның ұйысының тыныш болуы, тез ұйықтауы немесе тыныш ұйықтай алмауы, қатты ұйықтауы сол сияқты жүйке жүйесі күшінің жылдам немесе жай қалпына келмеуінен де байқалады. Бала ашыққан кезде өзін қалай ұстайды, оны уақытымен тамақтандырып отырмаса айқайлап жылап немесе көңілсіз, әлде тыныш бола ма соған да байланысты, яғни сыртқы ортаның әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі тепе-теңдігі, бір қалыптылығымен де жауап қайтарады. Жүйке жүйесінің күнделікті өмірдегі негізгі көрсеткіштері ұстамдылық, тұрақтылық, тыныштық, көңіл-күй қалпының өзгеруімен жіне бірден жарқырап қуанып, жабырқап, қайғыруынан байқалады. Сөзі мен қимыл-қозғалысының біркелкі болмауы да осыған мысал бола алады. Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне өзін қоршаған ортаға жаңаны тез қабылдап, бағдарлай алуы,өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі, естеліктер мен дағдыларды тез игеруі көпшілік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі, жан-жақты қабілеттілік әрекетінің бір түрден екінші түрге тез ауысуы, еске тез сақтап, қайта жаңғырта алуы, шапшаң қимылдап тез сөйлеу, сезгітікті пайда болуы мен көрінуі де жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің әсерлегіштігі сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттілігінен де көрінеді. Кейбір балаларды ашуланшақ, күгелек, шыдамсыз десек, енді біреулердің қуанғаны да, ренжуі де түсініксіз дейді, Енді біреулерді икемді, етпі десек, оған қарама- қарсы ебедейсіз, олақ, бейімділігі жоқ та балалар бар. Бұл қасиет баланың сыртқы әрекеттердің әсеріне оңай бейімделе алмауынан, көп күш жұмсауынан көрінеді.


Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні

Темпераменттің табиғи қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады. Соған байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшкліктері бүркемеленеді.

Темперамент баланың жеке басының реакциясынң негізгі түрі болып келетін қасиет. Балалық шақта сол таза күйінде де кездеседі. Бірте-бірте өмір сүру барысында саналық өзгеріске түсіп отырады. Даму барысында темпераменттің бір белгісінің әлсіреп, екіншісінің күшеюі салдарынан мінез-құлықтың кейбір жақтарының өзгеріске ұшырап отыруы да ықтимал. Даму барысында туындайтын осындай сапалы өзгерістердің осы күрделі үрдісінің бәрі сайып келгенде тұрмыс-салтына әрекеттері мен тәрбиесіне тәуелді. Өйткені өмір жағдайлары темпераментке материалдық негіз болып табылатын жүйке жүйкесі қызметінің өзгешеліктеріне ықпал жасайды. Мысалы бір жағдай психикалық үрдістердің әсерлілігі мен эмоциялық қозуына ағысы мен күшінің дамуына жағдай туғызуы, ал басқа жағдайлыр керісінше психикалық даму қарқынын баяулатып, оның белсенділігін басып, тежеуі мүмкін.

И.П.Павлов шартты рефлекстер әдісі арқылы жоғарғы жүйке қызметінің және жүйке жүйесінің, негізгі қозу және тежелудің заңдылықтарын ашты. Жүйке жүйесінің негізгі күші тепе-теңдік қозғалғыштығы бойынша төрт тип те жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін күшті тип, біреуін әлсіз тип деп атайды. Мысалы күшті типтің біріншісі ұстамсыз тип. Олардың жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу тежелу үрдістері бір-бірімен сәйкес келмейді. Қозу типі басым келіп отыратын ерекше қозғалыстағы тип күшті типтің екіншісі ширақ тип. Мұның қозу мен тежелу үрдістері бір-біріне тең келіп тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі қозу мен тежелу үрдістері баяу көрініп отырады. Ұстамсыз тип -холерик, сангвениктерде ширақ тип, қозу мен тежелуі тең, қозғалысы баяу – флегматик, жүйке жүйесі әлсіз тип – меланхолик деп анықталған. Бір топтағы немесе сыныптағы балалардың ішінде әртүрлі темперамент типтерінің өкілдері кездеседі. Кеңес психология ғылымының профессоры Вольф Соломонович Мерлин темпераменттің көрінуі түралы сапалы психологиялық қорытынды таблица жасады.



Сангвеник Күшті қозғалғыш тепе-теңдік тип. Реакция туғызу қабілеті жоғары. Кейде әлсіз нәрсеге де, қатты мардымсыз бір нәрсеге де ашуланып қалады. Оның мимикасы қимыл қозғалысы белсенді. Өмір жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіш. Өзінің көңілі ауған іс-әрекетіне барлық ынтасымен кіріседі. Іс-әрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысып, бейімделіп кетеді. Оның бет бейнесінен көңіл-күйі, адамға деген ықылас-сезіміанық көрініп тұрады. Өзінің зейіні тез шоғырланады.Ұшқыр ойлы, өткір тілді, бірақ әлі де түйсінуі өте сезгіш. Жоғарғы табалдырығы төмен жарық тітіркендіргіштер мен дыбысты жақсы ажырата алмайды. Белсенді, күшті, қайратты, батыл, үнемі мен айтамын деп қолын жиі көтеріп отырады. Ол тірбиеге тез үйренеді. Өзінің сезгіш ерік күші жақсы дамыған, өзін көпшілік ортада жақсы ұстайды. Жылдам қимылдайтын, тез сөйлейтін, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді, айналасындағылармен тез тіл табысып кететін, көпшілік ортада да өзін еркін көңілді ұстайтын тип.

Холерик Бұл күшті тип. Кез келген ісе барлық күш жігерімен кіріседі. Белсенді бірақ реакция туғызу қабілеті белсенділігіне қарағанда басымырақ. Сондықтан да бетімен кеткен ұстамсыз, шыдамсыз, күйгелек, сангвенник сияқты тез икемделгіш емес.

Флегматик Күшті, тепе-теңдігі бір қалыпты, тыныш тип. Эмоциялық қозу бір қалыпты, жайбарақат, оның жарқырып қуануы да, қайғыруы да қиын. Бүкіл тотағы балалар бір затқа қатты күліп жатса, ол өзінің сабырлы қалпын сақтап қала береді. Тіпті үлкен қолайсыздық пен сәтсіздікке жолықса да өзін байсалды ұстайды. Эмоциялық күйі бет бейнесінен байқалмайды. Қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі бірқалыпты, қайрат-жігері күшті, жұмысқа қабілеттілігімен ерекшеленеді. Реакция туғызғаннан белсенділігі басымырақ, шыдамды, өзін – өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Тапқырлығы, зеректігі жоғары, зейінін жылдам шоғырландыра алмайды. Икемсіз әрекеттің жаңа түріне үйрену жаңа ортаға бейімделіп күтуі қиын жүзеге асады. Тез тіл табысып кете алмайды. Өз пікірін сыртқа шығарып айтуға да қиналады.

Мелонхолик Әлсіз тип, өте сезімталдығы жоғары, тез жараланғыш, оларды әлсіз тітіркендіргіштер мазалайды. Сондықтан да сәл ұсақ түйектің барлығына қатты мұңаяды немесе ашуланады. Бұлар болмашы нәрсеге көзіне жас алып, жылай алады. Мимикасы, қимыл-қозғалысы мәнерсіз болады, сөйлегнде дауысы естілмейді, жай жылайжы, сирек күледі. Белсенділігі төмен сабақта қолын ирек көтереді. Оның өзінде бір көтеріп, бір түсіріп, өзін-өзі күмәнданып отырады. Қорқақ, жалтақ, ерік күші әлсіз, табансыз жұмсақ қабілетсіз, тез шаршайды. Зейіні ырықсыз, тез ауытқып кетеді, психологиялық шапшаңдығы баяу.

Мектепке дейінгі кезеңде темперамент типтерін ажыратуда жас ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Сол сияқты жүйке жүйес қызметі қасиеттерінің тұрақсыздығын да ескеріп, басшылыққа алу керек. Мысалы жүйке жүйесі қызметінің типі адамда іштен туа қалыптасады және оны түгелдей өзгеріске ұшырату неғайбыл. Дегенмен Н.Н.Павлов жүйке жүйесі қызметі типтерінің жекелеген қасиеттерін өзгертуге болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Мысалы қозу процесі тежелуінен басым, күшті, ұстамсыз типі анықталады. Жаттығу арқылы өзінің тежелу үдерісі күшін біршама арттырып, оны қозу үдерісімен теңестіруге болатындығы дәлелденген. И.П.Павлов күшті қозғалғыш типтерді жаттықтыру арқылы тежелу үдерісінің күшін арттырып, бір-бірімен теңестіруге болады деген қорытындыға келеді.

Кейде ұстамсыз типтің бірнеше варианты болатынын ескеру керек. Өйткені қозу үдерісі шегіне жетіп, тежелуі әлсірейтін тип те болуы мүмкін, немесе екі үдеріс те күшті, бірақ қозуы шамадан тыс келетін тип те ұшырасады. Сөйтіп уақыт өткен жай қайталап отыратын жаттығулар арқылы ұстамсыздықты кейіннен біршама түзетуге болатындығын дәлелдейтін ерекше фактілерді жиі кездестіреміз, яғни жаттаықтыру арқылы нерв жүйесінің әлсіз типін шынықтыруға болады. Баланың қолайлы тәжірибенің нәтижесінде кез келген қиындықты ойдағыдай жеңе алатындығы сөзсіз. Баланың жеке басының дамуя мен қалыптасуына тек жасының өсуі ғана емес, сонымен қатар темпераментінің де ықпалы бар.
10. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың зейін, ес, қиял дамуы

Жоспар:


  1. Мектеп жасына дейінгі балада зейіннің дамуы

  2. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі

  3. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың қиял үдерісінің дамуына сипаттама


Мектеп жасына дейінгі балада зейіннің дамуы

Баланың кез келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.

Зейін деп адам санасының қоршаған ортадағы белгілі бір заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз.

Бала зейіні өте ерте байқала бастайды, өмірінің алғашқы айларында-ақ аңғарылады. Алғашқы кезде еріксіз зейін байқалады. Жас ерекшелігіне байланысты балалардың ойын әрекетінде, тәрбиенің ықпалымен еріксіз зейін дами бастайды. Оның дамуы сезімдерінің қажеттіліктердің және қызығуларының дамуымен байланысты.

Еріксіз зейін адам іс-әрекетінің барлық түрлерінде ерекше орын алады. Баланың көп автоматталған зейіні іс-әрекет кезінді бөлінеді. Бала жұмысты егер таңқалдыратын жағдай пайда болса аяғына дейін орындау керектігін түсініп, қызығып орындайды. 4-7 жаста бала шулы ойынға қызығады, тіпті сабаққа дейін жалғастырады. Мектеп жасына дейінгі балада зейіннің дамуы оның жаңа іс-әрекетінің түрлерін өзгертеді. 4-5 жастағы бала өзін үлкендердің әсерімен басқарады. Тәрбиеші мектеп жасына дйінгі балаға үнемі: «ықыласты бол», «назар аударып тыңда», « назар аудаып көр» деп айтады. Бала үлкендердің қойған талабын орындау үшін өзінің зейінін басқару қажет. Басқарылған қасиет басқарылған зейіннің дамуыме тығыз байланысты.

В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.

Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады.Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде.

Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.

В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.

К.Д. Ушинский «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек», - деп көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің маңызы да зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет