ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Балалар психологиясы»


Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі



бет4/6
Дата13.06.2016
өлшемі443 Kb.
#131636
1   2   3   4   5   6

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі

Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасының жоғарғы деңгейде көтерілуі жаңа әрекет түрлерінің бала психикасына әсер етуі және үлкендердің балаға қойылатын талап тілектерінің күрделенуіне тікелей байланысты.

Мектепке дейінгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделенгендігі байқалады. 3-4н бастап бала қоршаған ортамен жан- жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс-әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай-ақ, іс- әрекеттің орындалу барысындабайқаусызда, материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.

Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленеді. Балалар өз өмірінде ерекше әсер етіп көңіл аударғанын өзін қызықтырған құбылысты ғана есінде жақсы сақтайды және осы кезеңде есте сақтау үшін алдына арнайы мақсат қойылады. 4 жастан бастап ырықты түрде есте сақтау жүзеге аса бастайды.

Мектепке дейінгі кезеңде бала механикалықтүрде есте сақтайды деу қате түсінік. Себебі бала да өзіне қажетті материалды есіне сақтау үшін одан нені талап етіп отыр, нені есте сақтау керек, соны түсінуге тырысады. Ал егер сол материалдың мән мағынасын түсінбесе, түсіну қиынға соқса ғана бала механикалық түрде жаттау арқылы есте сақтауға тырысады.

Мектепке дейінгі кезеңде сөз-логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциялық сезімдік естің маңызы зор.

Неғұрлым баланың заттар мен құбылыстарға зер салып көңіл қою ынтасы ерекше болса, Соғұрлым ырықсыз есте сақтауы айқын жүзеге асады да, барлық ынта ықыласымен зейін қояды. Заттың бейнесі оның, түсі баланы қызықтыратындай ерекше болса, оны жақсы қабылдап есінде жақсы жаңғырта алады. Балаға әңгіменің мазмұнын тек сөз жүзінде айтып берсең, ондағы бейнелерді сипаттау түрінде есінде сақтайды.

Балаларға әңгімені мән мағынасызбір ырғақпен оқып бергеннен гөрі, әр кейіпкердің мінез-құлқын, қимылын, эмоциялық көңіл-күйін мәніне келтіріп, интоннациясымен оқып, айтып берсең, есінде жақсы сақтайды.

Психологиялық зерттеулерге қарағанда, бала өз жас ерекшелігіне сәйкес түсінуге жеңіл, күнделіеті көріп, тұрмыста пайдаланып жүрген заттарды, естіп жүрген мән мағынасы ұқсас сөздерді есінде жақсы сақтайды. Сондай-ақ көріп тұрған заттың өзін өзі біліміне, өмір тәжірибесіне, түсінігіне байланысты есте сақтауы әр түрлі болады.

Ересектер тобындағы балалардың ес үдерісінің дамуы әлі де болса ырықсыз, поссивтік сипатта өтеді. Бала өткенді есіне түсіріп, қайта жаңғырту үшін де ең негізгілерін іріктеп, көз алдына елестетуге әрекет жасайды.

Іс-әрекетті есте сақтауды құрастыру, сурет салу, ойнау, еңбек әрекетін орындау барысында, ертегі, әңгімелерді тыңдау негізінде жүзеге асырып отырады.

Балада сюжеттік ойындарды ойнау арқылы ырықты есте сақтап, қайта жаңғыртуының алғашқы белгілері көріне бастайды.

Бала есте сақтау мен қайта жаңғырту тәсілдерін үлкендерден үйренеді. Мысалы, тапсырма беріп отырып, оны белгілі бір уақыт аралығында қайта жаңғыртуды талап етеді немесе бір нәрсені сұрап отырып, оқиғаның желісін баланың есіне түсіру үшін жетекші бағыттаушы сұрақтар қояды.

Есте сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін естігенін өз сөзімен әңгімеліп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор.

Зинаида Михаиловна Истомина 3 тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының үш дәрежесін анықтаған.

І дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.

ІІ дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай-ақ жүзеге асады.

ІІІ дәрежесінде балада еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады.

Еске сақтаудың осы 2-ші және 3-ші дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді.

Балада ырықты есте сақтауды қалыптастырып тәрбиелеудің маңызды көрсеткіші тек оның есте сақтай алуы мен өз бетімен мнемоникалық мақсат қоя білуі ғана емес, сонымен қатар дұрыс есте сақтауын қадағалап, өзін-өзі бақылауын жүзеге асыруы қажет.

Өзінің есте сақтауын тексеругек тұтастай мүмкіншілігінің болуы 6 жасқа келгенде едәуір артады. Осы жастағылардың басым көпшілігі бейнелік есте сақтау сияқты сөзді есте сақтау кезінде өзін-өзі тексеруді тиімді пайдалана біледі.

Бала 6 жасқа келгенде тек механикалық есі емес, сөз логикалық есі жақсы дамығанын байқауға болады.

Баланың сөз логикалық есінің жақсы дамығанын оның жақсы түсінген материалды есінде сақтап қайта жаңғыртуынан байқауға болады. Мысалы, 6 жастағы бала ертегі әңгіменің мазмұнын өз сөзіменөайталап айтқан кезде өзіне онша таныс емес «азамат» деген сөзді өзіне таныс күнделікті айтылып жүрген «ағай» деген сөзбен ауыстыра алады.

Кейде олар ертегі әңгіменің мазмұнын өзгертпей, өз логикасымен толықтырып, қосып, тек жүйесін ғана өзгертуі мүмкін.

Баланың әңгіменің жүйесін өзгертуі ондағы кейіпкерлерге деген көзқарасына байланысты болады. Егер кейіпкерді жақсы қарым-қатынас кезінде оның жаманшылық жақтарып ұмытып кетеді де, тек жақсылығын өзіне ұнаған жерін ғана есінде сақтайды.

Баланың сөз логикалық есін дамытуда оқу әрекетімен шұғылдануының маңызы зор. Осы кезеңдегі сөз-логикалық естің жүзеге асуының өзі үш кезеңнен өтеді:

Практикалық

Сөздік әрекеттік

Ақыл-ой әрекеті негізінде

6-7 жасқа келгенде бала өз ойын сөзбен байланыстырып, қорытынды жасапе, есінде сақтай алады. Сөздің көмегімен есінде қалған материалға талдау жасай алады және топтастырып логикалық байланыс жасайды.

Баланы ңсөздік қорының аөдығы да есінде сақтап қалғанын қайтадан толық жаңғыртып, айтып беруге кедергі келтіреді. Сондықтан да баланың сөздік қорын дамыта отырып, материалды өз бетімен айтып беруге үйрету керек.

6-7 жас бала қимыл-қозғалысы дамуының ең маңызды кезеңі.

Осы кезеңде қимыл-қозғалыс есінің дамуына байланысты күрделі қозғалыстарды нақты анық етіп қиындықсыз жылдам меңгереді және де өзгертіп орындауға да икемді болады. Сондай-ақ эмоциялық есіде ерекше дами бастайды, оны бейнелік естен бөліп қарау болмайды.

Бала есінің даму ерекшеліктері тек жасына ғана байланысты емес екенін есте сақтау керек. Соңғы жылдардағы психологиялық зерттеулер бойынша, ер балаға қарағанда қыз баланың бас миының оң жақ бөлігінен гөрі сол жақ бөлігінің дамуында айырмащылық болатыны айқындалды. Яғни, қыз баланың бавс миының сол жақ бөлігінің дамуытез жүзеге асады, ал ер баланың бас миының оң жақ бөлігі тез дамиды. Мұның бала есінің дамуына қатысы бар.

Өйткені мидың сол жақ бөлігі оң жақ бөлігіне қарағанда материалды ерікті есте сақтауға, жете ойланып сөз-логикалық еске жағымдыэмоцяны еске сақтауға ықпалы ерекше, ал оң жақ бөлігі ырықсыз есте сақтауды жүзеге асырып, жағымсыз эмоцияны, бейнелік есті, сезім реакцияларын еске түсіруді жүзеге асырады. Бұл ақпарат ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Есті дамытудың әр түрлі жолдары бар. Негізінде ес мидың жұмыс істеу қабілеттілігін көрсетеді, өйткені ес үдерісі арқылы әр түрліматериал естесақталып, кейін қайтадан жаңғыртылады.

Әр баланың есінің даму деңгейі материалды есте сақтау көлеміне, қатесізқайта жаңғыртуға, ұзақ есте сақтауына, іс-жүзінде әрекет ету барысында есіне сақтауына байланысты. Баланың материалды есте сақтауын анықтау үшін бірнеше жеміс-жидектер суретін балаға 1 минут көрсетіп, есте сақтап қалғандарын қайталатып тексеруге болады.

Ес үдерісінің нашар қалыптасуы іштен туа пайда болмайды,есте сақтаудың нашар болуы баланың ес үдерісін күнделікті өмірде тәрбие үдерісін дұрыс дамытуға тікелей байланысты.

Бала ес үдерісін дамыту үшін бірнеше есте сақтау тәсілдерін білу керек. Мысалы:


  1. 2 топтың балаларына көлемі бірдей мәтінді жаттап келіп, айтып беруге тапсырма берген кезде1-топқа еске сақтап, кейін қайта жаңғырту керектігі түсіндіріледі, ал екінші топтың балаларына тек жаттап келіндер дейді. 1-топтың еске сақтауы 2-топқа қарағанда сапалы болады. Өйткені еске сақтап қайта жаңғырту үшін мақскат қоюдың маңызы ерекше.

  2. Бала материалдың мән мағынасын жақсы түсінсе, есінде бәрін жақсы сақтайды.

  3. Бала еске сақтауға тиіс материалды көзімен көріп, қолымен ұстап тәжірибе жүзінде ұзақ тікелей әрекет етсе, есінде жақсы сақтайды, ал тез есте сақтаса тез ұмытады, әсіресе оқу әрекетін меңгерту кезінде баланың әр түрлі есінің типтік ерекшеліктерін ескеру керек.

Мектепке дайындық кезеңінде көріп, естіп қабылдау және көріп қимыл-қозғалыс арқылы қабылдау жиі жүзеге асады. Сондай-ақ материалды қайталату арқылы есте сақтау тиімді. Мысалы, күрделі материалды балаға бірден жаттатқызбай бөліп-бөліп, демалдырып қайталап жаттатудың маңызы зор.

Онша көп қайрат күш жұмсауды талап етпейтін көркем сөз үзінділерді, тарихи даталарды, географиялық атауларды бала жаттамай тұрып, жақсылап оқып беріп, мазмұнын қарапайым тілмен жан-жақты түсіндірудің маңызы зор.

В.С.Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресемектепке дейінгі еревектерге тән. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың қиял үдерісінің дамуына сипаттама

Мектепке дейінгі баланың қиялын ырықты деп айтуға болмайды, өйткені ол ешқандай мақсат қоюды талап етпейді. Ол балаға сырттан әсер ететін заттар мен құбылыстарға тікелей байланысты болады. Бала ойлайтын ойынын да үлкендерге еліктеп қайталайды.

Баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайды. Ол сананың белгілі бір функцияларымен байланысты. Белгілер функциясын дамытудың желісі бар.

Бірінші желісі заттардыбасқалай бейнелеулерімен тілдік, математикалық және басқа белгілерді пайдалануға, ойлаудың логикалық формаларын меңгеруге жекелейді.

Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды қиялдағылар арқылы толықтыру мен алмастыру мүмкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне , жинақталған түсініктердің материалдарына жаңа бейнелер құруға жетелейді.

Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан көрінеді. Бала таяққа отырып алып атпен жорытады, бұл сәтте ол - салт атты, ал асытндағы таяқ - атты. Бірақ шауып өте шығарлықтай ештеңе жоқ. Кезінде, таяқпен қимыл жасамағанда өзін ойынша таяқты шын ат дей де алмайды.

Бала сурет салғанда, ертегі мен тақпақты ойдан шығарғанда қиялынеғұрлым айқын байқалады. Балалар ойын кезіндегі сияқты мұнда да басында тікелей қабылдаған заттарды немесе қағаз бетіндегі суреттерді пайдаланады.

Баланың қиялы улкендерге қарағанда бай деп есептелгенімен, шындығында улкен адамның қиялынан бай емес, керісінше әлдеқайда жұпыны. Өйткені баланың өмір тәжіибесі аз, білімі таяз, сондықтан қиялдауға қажетті материалдары да аз.

Мектеп жасына дейінгі бала қиялы көбінесе ықтиярсыз қайта жасау негізінде жүзеге асады, яғни біреудің жазғаны мен сызғанына, поэзиялық шығармаларының, ертегі әңгімелердің негізіне сүйенеді.Сезімнің арқасында ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарады. Бала өз шығармасының қорытынды мазмұнының қандай болатынын өзі де білмейді.

Ықтиярлы, арнайы қиялдың дамуы да, зейін мен естің ықтиярлы формаларының дамуы сияқты баланың мінез-құлқының сөзбен реттелуінің қалыптаса бастауындағы жалпы үдерістің бір жағы болып табылады. Іс-әрекеттің жемісті түрлерінің мақсат қою мен ойды құру жетекшілігі сөз арқылы жүзеге асады.

Бала қиялын дамытуда ойынның сурет салу және құрастыру әрекеттерінің әдеби шығармалар мен ертегі әңгімелердің де маңызы зор.
11.Баланың ақыл-ойының дамуы

Жоспар:


  1. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің дамуы

  2. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің дамуы


Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің дамуы

Мектепке дейінгі кезкеңде қабылдау өзінің алғашқы аффективті сипатын жоя бастайды. Қабылдау мағыналы, мақсатқа бағытталған, талдауы бола бастайды. Бақылау, қарау, ізденіс сияқты ерікті әрекеттер бөлінеді. Сөйлеу қабылдаудың дамуына маңызды ықпал етеді. Бала әр түрлі объектілер және олардың арасындағы қатынастардың сапаларын, белгілерін, жағдайларын белсенді түрде қолдана бастайды. Құбылыстар мен заттардың қасиеттерін айта отырып, ол өзіне сол қасиеттерді бөліп алады, заттарды атап, олардың басқалардан айырмашылығы бар екндігін бөліп, ажырата алады.

Ойлаудың негізгі ойлау жолы – көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық және кезең соңында сөздік ойлауға ауысуы. Ойлаудың негізгі түрі – көрнекі образдық болып табылады, бұл Жан Пиаженің терминологиясына сәйкес келеді.

Мектепке дейінгі кезеңде бала образды ойлауда болады, себебі, ол әлі үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы Л. Ф. Обухованың экспериментінде қарастырылады. Ж. Пиаже біздің балалар үшін кейбір сұрақтарды қайталайды.

Білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Бұл білімнің бірсыпырасын балалар тікелей үлкендерден, ал өзгертулерін үлкендердің жетекшілігі және бағыттауы арқылы өз бақылаулары мен әрекеттерінің тәжірибесінен алады. Білім қорының біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс екндігінде. Егер бала өз іс-әрекетінің жемісті болуына әсер еткен жағдайларды, үлкендер көрсеткен тәжірибелерді және өз ой үлесін ажырата білмейінше үлкеннің түсіндіруін де ұқпайды, өз тәжірибесінен де ешбір сабақ ала алмайды. Игерілген жаңа білім міндеттерін шешуге пайдаланылады.

Ойлау іс-әрекеттерініңқалыптасуы мен жетілуі ойлаудың негізін құрайды. Бала қандай білімді игеріп, оларды қалай пайдалана білетіндігі оның қандай ойлау іс-әрекеттерін игергендігіне байланысты. Мектепке дейінгі шақта ойлау іс-әрекеттерін игеру сыртқы бағдарлау іс-әрекеттерін игеру мен бойға дарытудың жалпы заңы бойынша өтеді. Осы сыртқы іс-әрекеттері форма, не сөз бен сан сияқты белгілер арқылы қабылданады.

Ойлау баланың дамуына оның таным әрекетіне үзіліссіз өрістеп, кеңеюіне байланысты болады. Кейбір заттар мен күнделікті өмірде бірнеше рет әрекет ете отырып, оның әр түрлі қасиеттері мен сапаларын ерте ажыратып, сол зат туралы жалпы түсініктер пайда болады. Ал кейбір заттарды сирек көріп, аз әрекет ететін болса, оны тек қана бір жақты танып біледі. Заттар мен тікелей әрекет етіпанықтап білу нақты бейнелік ойлаудың дамуына әсер етеді. Баланың дүниені танып білуінің өзі қабылдау мен түйсіктің дамуына тікелей байланысты. 6 жастағы балалар үшін көрнекі амалды ойлауының маңызы зор. Баланың жасы өскен сайын мәселені өз бетімен ойлап, шешуі кеңейеді. Бірақ әрекеті икемсіз болады. Ересектер тобынан бастап, практикалық әрекет арқылы сөзді қабылдау жүзеге аса бастайды. Әрекетті басқа жолмен құрудың өзі мәселенің шешімін табуға көмектеседі.

Мектепке дейінгі баланың мынадай ойлауының ерекшеліктері болады. Біріншіден, 5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын ойланған сөздік формада беріледі.

Екіншіден, соған байланысты баланың орындайтын әрекетінің мәні өзгереді.

Үшіншіден, әр түрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үдерісінің мәні өзгереді.

Төртіншіден, көрнекілік амалдық ойлау жоққа шығарылмайды, жоғалып та кетпейді. Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты.

Баланың ойлауының дамуына түрлі әрекет әсер етеді. Іс-әрекет түрлері өз тарапынан баланың сана сезімінде өзінше із қалдырады. Өйткені бала психикасының өзі іс-әрекетінің барысында дамып, қалыптасып отырады. Іс-әрекеттен тыс тіршілік болмайды, онсыз психика да дұрыс дамымайды. Іс- әрекеттің түрлері ойын, оқу, еңбек әр түрлі формадағы белгілі бір мақсаттар мен міндеттерге бағытталып отырады. Мысалы: баланың ойлау қабілетін дамыту үшін түрлі ережесі мен шаттары бар дидактикалық ойынды ұйымдастырудың маңызы зор. Сондықтан ата-аналар мен тәрбиешілер ойынды тиісті талаптарға сай ұйымдастырып, басшылық жасай білу қажет.



Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің дамуы

Психологтардың айтуы бойынша, бала қай тілде қарым-қатынас жасаса сол тіл шын мәнінде бала үшін ана тіліне айналады. Алдымен сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында контексті сөйлеуге көшуге мүмкіндік болады. Бала тілдің грамматикалық жағын меңгеріп, үлкен сөздік қорын игереді. Ол оған оқып берген мәтінді қайталап айтып беруіне, суреттеменің мазмұнын баяндауға, айналасындағылармен көргенін алған әсерін ұғынықты тілмен жеткізуіне мүмкіндік береді.

Жалпы мектепке дейінгі кезеңде бала үлкендерге тиісті ауызша сөздің барлық түрін меңгереді. Монолог сөйлеу, әңгіме айту дағдысы қалыптасады. Ол үлкендерге көргенін жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар сол нәрсеге байланысты өз алған әсерін де жеткізе біледі. Құрбыларымен қарым-қатынас кезінде диологты сөйлеуі дамиды. Эгоцентрикалық сөйлеу балаға әрекеттерін жоспарлап, жүйелеуге көмектеседі. Бала алдағы әрекеттің жоспарын құрып, міндеттерін орындау тәсілін талқылайды, сөздердің жаңа формаларын қолдану, ашық түрде айту, осы кезеңдегі балалардың қарым-қатынасының жаңа міндеттеріне байланысты.

6 жасқа келгенде баланың сөйлеуі жоғарғы сатыға көтеріліп, сөздік қорының саны көтеріліп, өз ана тілінде сөйлеудің негізгі ерекшеліктерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгілердің тілді меңгерудің негізгі ерекшілігі дұрыс сөйлеу ережесін жаттап отырмайды, ешқандай теорияға мән бермейді, зат есім, сын есім, жұрнақ, жалғаудан бейхабар болады. Мектеп жасына дейінгі балалар күнделікті сөйлеуді өзінің айналасындағылармен қарым-қатынас кезінде үлкендерге еліктей отырып, үйренеді. Сондықтан да баламен қарым-қатынас жасағанда дұрыс сөйлесіп, түсінікті тілде жауаптар қайтарған жөн. Осы жақта баланың актив сөзінен пассив сөзі басым болады. Бала сөзді естігені бойынша айтады. Баланың тілдік қабілетін жетілдіруде тәрбиешінің рөлі ерекше. Мысалы, бала тәрбиешінің әр сөзінің интонациясы мен дикциясына еліктеп сөзді қайталайды. Бала 7 жасқа келгенде үлкендермен қарым-қатынасының нәтижесінде ситуациялық сөзді меңгереді.



Ситуациялық сөз дегеніміз өзара әңгімелесіп отырған адамдардың өздеріне ғана түсінікті сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін түсініксіз сөз. Ситуациялық сөйлеуге тән қасиет жобалап қана түсінуге болатын бастауышы түсіп қалған сөз. Бірақ ол көпшілік жағдайда есімдікпен ауысады, яғни «ол, олар» деген сөздерді пайдаланады.

Бала тілін дамыту үшін жұмбақ шешу, ертегі айту, тақпақ жаттаудың маңызы зор. Бала 5 жастан бастап, әңгіменің мазмұнын өз бетінше құрастырып, айтып бере алады, соның нәтижесінде диологты және монологты сөздік қоры дамиды.

Мектеп жасына дейінгілер еңалдымен дауысты дыбыстарды сонан соң дауыссыз, үнді, қатаң, ұяң дыбыстарды меңгереді. Бұл кезде балаға –з, -м, -ж, -с, -ш; сияқты ашық дауыссыз дыбыстарды ызылдап, ысылдап, ышылдап айтылатын дыбыстарды айту қиындыққа түседі. Осы кезде –р дыбысын –л немесе и дыбысымен ауыстырып айтады. Шамамен алғанда баланың сөздік қоры 2 жаста 300-400, 3 жасында 1000-1500, 4 жаста 1600-1800, 5 жасында 2000-2200, 6 жасында 5000-ға дейін болады.

Алғашқы кезде баланың сөзінде зат есім көп болады. Кейіннен есімдіктер мен етістіктер және т.б. сөз таптарын қолдана бастайды.

Тілдік материалдар негізінде байланысты сөйлеу ішкі сөйлеумен тығыз байланысты болады. 5 жастағы балалардың ойы тілдің қозғалуы мен еріннің жыбырлауы және өз ойын сыбырлап сөйлеу арқылы жүзеге асады. Өйткені адам өзінің ойының мазмұнын жақсы біледі. Балалар үшін ішкі сөйлеу өте қысқа және икемді болады. Атақты психологтар А.А. Люблинская, Л.С. Выготский, Жан Пиаже зерттеулерінде 4-6 жастағы балаларда эгоцентрикалық сөз формасы басым болады. Бірақ эгоцентрикалық сөз 6 жастан кейін қалу керек.

12.Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сенсорлық дамуы

Сенсорлық тәрбие дегеніміз- бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы.Түйсігі мен қабылдауы мол баланың қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең,жан-жақты келеді.Сөйтіп баланың сенсорлық мәдениеті,оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар.Біріншісі- заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі- қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру.

Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәрбиесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлық этолонға ауысады. Сенсорлық этолондар дегеніміз – қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түрлері. Бұларға түс, пішін, заттардың шамасы, олардың кеңістіктегі орны, дыбыс күші, уақыт аралықтарының ұзақтығы, тағы басқалар жатады. Баланың сенсорлық этолондарды игеруі балалар бақшасының бағдарламасына сәйкес жеке геометриялық пішіндермен, түстермен танысудан басталады. Заттардың қасиеттері туралы кез-келген түсініктер пайда болу сияқты сенсорлық этолонды меңгеруде, үлгілердің мәніне ие болуға тиісті тексерілуге бағытталған пішіннің жеке түрлері, түсі, шама бойынша қатысы басқа да қасиеттері мен қатыстылығы қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде өтеді. Әйтсе де бұл жеткіліксіз

1 жастан 3 жасқа дейінгі сенсорлық тәрбие балалардың әр түрлі сенсорлық әсерлерін байытуға бағытталған.Ол баланың жалпы ақыл-ой дамуының негізін құрайды, сенсорлық этолондар мен қарапайым рәміздік нысандарды меңгеруге негізделеді және кейінгі танымдық, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерді дамытудың алғы шарты болып табылады. Сенсорлық тәрбие жалпы сенсорлық қабілеттерді қалыптастыруды және

балалардың бойында аналитикалық қабылдауда, түстердің үйлесімін

заттардың пішіндерін тани білуді, шаманың жекелеген өлшемдерін ажыратуды көздейді.

Балаларды сенсорлық этолондардың көптеген түрлерімен және оларды жүйелеумен тетелес таныстыру — мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі. Мұндай таныстырудың негізінде әрбір қасиеттердің негізгі жеке түрлерін тексеру мен есіне сақтау балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру жатыр. Осы жеке түрлер этолондар мәніне ие болуы тиіс. Балаларды сенсорлық этолондармен таныстыру заттардың қасиеттерінің негізгі жеке түрлерін білдіретін сөздерді баланың есінде сақтауын ұйымдастыру болып табылады. Балаларға геометриялық пішіндердің, түстердін, шамалар қатынасының жеке түрлерін тек қана көрсетіп, олардың аттарын есте сақтауға қол жеткізген жағдайларда, тіпті дұрыс қолданатын сөздің өзі мектеп жасына дейінгі баланың ұғымдары мен қабылдауларын жетілдіруге себепші бола алмайды.

ХХ ғасырдың басында Монтессори талдап жасаған сенсорлық тәрбие жүйесі балалардың түстер мен реңктерді,пішіндер мен көлемдерді ажырату дәрежесі жоғары болуына қол жеткізуді өз алдына мақсат етіп қояды.Ол пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған,сезімдік органдардың дамуы тіл дамуымен,өнімді қызметпен байланысты болған жоқ.

Баланың сенсорлық дамуы- ол заттың сыртқы құрамын: формасын, түсін, өлшемін, қоршаған ортадағы орнын, сондай-ақ иісін, дәмін және т.б. құрамдарын қабылдауы және елестете білуі.

Бала ерте жасында сезіну органдарының қызметі жақсы жетіледі, қоршаған орта жайында өзіндік елестері пайда болады. Сондықтан, сенсорлық тәрбиелеу- мектеп алды тәрбиенің негізгі бағыттарының бірі.

Сенсорлық даму баланың жалпы дамуының негізін құрайды, ол баланың оқу барысында жетістіктерге жетуіне көмектеседі.

Баланың сенсорлық дамуы арқылы оның мектеп оқуына дайындығы анықталады.

Заттардың өлшемін анықтауға қажетті сенсорлық эталондар ретінде геометриялық фигуралар қолданылады.

Заттардың формалары, түстері және өлшемдері баланың елестету қабілетінің дамуына зор үлесін қосады. Бала ұзақ уақыт аралығында сенсорлық эталондарды елестету құралы ретінде қабылдайды және бұл процесс өзіндік бөлімдерге ие.

1-бөлім- эталон алдындағы шара, баланың 3 жасында жүргізіледі. Бала бір заттың атын атау барысында екінші затты үлгі ретінде қабылдайды. Өз ойыншықтарымен ойнау барысында бала олардың түстерін, өлшемдерін есте сақтайды.

2- бөлім- есте сақтау заттары ретінде нақты заттар емес, олардың құрамының белгілі бір үлгілері қолданылады және олар өзіндік атауға ие. Балалар негізгі түстермен күнделікті өмірде және дидактикалық ойын барысында танысады.

3- бөлім- 4-5 жасында бала сенсорлық эталондарға ие бола тұра оларды жүйелендіруге талпынады. Тәрбиеші балаға түстерді анықтай отырып, оларды кезек бойынша қоюға көмектеседі. Заттың өлшемін үйрену жақсарған кезде, бала оларды ұзындығы, биіктігі, көлемі бойынша қатар бойынша қоюға үйренеді. Осыған байланысты дидактикалық ойындар да қиындай бастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет