13.Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың эмоциялық, ерік және психо-әлеуметтік дамуы
Жоспар:
-
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың эмоциялық дамуы
-
Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ерік дамуы
-
Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың психико-әлеуметтік да
Балалардын қарапайым эмоциялары туған күнінен бастап – ақ көрінеді. Бала есейген сайын эмоцияялар біриіндеп дами түседі. Мәселен, екі жарым жасар бала қол – аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны ашып жылаған. Төрт жасар бала анасы кітаптан иттің кірпіні ұстап алайын деп тұрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт – бес жасар балаларда жоғары сезімдердің (моральдық, эстетикалық) элементтері кездеседі. Мәселен, осы жастағы баладан: «біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма?» десең, «Сұраусыз алсаң, ұры атанып ұсталасың, жаза тартасың» - деп жауап береді.
Төрт жасқа аяқ басқан бала әкесінің жаңа костюм кигенін көріп : «сен сұлусың », - дейді. Бес жасар бала түрлі түстерден құралған суреттерді ұнатады; шешесіне: « терезені жаппай тұра тұр, күн қандай сұлу», - деп оның батуың тамашалайды. Бала сапанға қарап : «мынау одан да әдемі!» - дейді. Әрине, осы көріністерді бала өзінше ұнатады, ол нәрсенің сыртқы жағын ғана тамашалайды. Алғашқы кездегі эмоциялар органикалық қажеттің (тамақ, ұйқы т.б.) төңірегінен алысқа бара алмайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой – әрісі тайыз, өмір тәжірибесі жеткіліксіз, түрлі психикалық құбылыстары, әсіресе, ерік – жігері дамып жетілмеген. Осы жағдай оның эмоциясына да тән. Мектеп жасына дейінгі балалар эмоциясының басты ерекшелігі – тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі.
Мектепке түсу бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Төменгі сынып оқушылары да (әсіресе, бірінші, екінші сыныптағылар) аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бұл балалар сергек те жайдары, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да, әділ болып келеді. Олар кез – келген нәрсенің бәріне таңырқап, қызықтайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Бала сабақ үстінде де бірқалыпты отыра алмайды. Өйткені өзіне ие бола алмай, сезімінің жетегіне еріп кетеді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін, не жылап жіберетін өқушыларды кездестіруге болады. Бұлар жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар.
Сыныбы жоғарылап, есейген сайын оқушы мұндай қылықтарынан арыла бастайды. Мұғалімнің ерік – жігер тәрбиесін қосарластыра жүргізуі оқушыларға көп көмек көрсетеді. Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мәселен, біреу күлсе, қған қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады.
Бірінші сынып оқушыларының сезімдері, көбінесе тікелей қажеттеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу – бәрі де олардың қажеттерінің өтелу – өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайларда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ қажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бұл жай оқу процесін балалардың сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру қажеттігін еске салады.
Мектепке баланың жоғары сезімдері одан әрі дами түседі. Әрине, баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, космонавтарға еліктеп, солардай болсам екен деу – кез – келген баланың арманы.
Баланың ерік әрекеті саналы талап-тілектерінің нәтижесінде шешімге келіп, оны орындаумен сабақтасып, дамиды. 2 жастан асқаннан кейін тәрбиенің және ойынның ықпалымен баланың тәжірибесі арта түседі , қиялдай бастайды, ойлау қабілеті көріне бастайды. Өзінің талап-тілектерін түсінуге жарап қалады. Бірақ талап-тілектері әлі де болса саналы бола қоймайды, тек эмоциялық сипатта ғана жүзеге асады. Эмоцияның ықпалымен орындалатын әрекет қарапайым ерік әрекетіне жатады. Үлкендер балаға «Барып кел, алып кел, үйдің суретін сал» деген сияқты тапсырмалар береді. Бала үлкендердің айтқанын орындай жүріп, әр түрлі әрекеттерге жаттығады. Баланың еліктеген қылықтарының өзі қажыр мен қайраттылығын дамытады. Осылай бала әрекетінде эмоциялық белсенділік орын алады. Одарды эмоциялық сезім билеп, еркі тұрақсыз болып, іс-әрекет үстінде туғызса, өз бойына лайық қажыр, қайрат, табандылық көрсетеді. Баланың еркінің дамуы ырықты қозғалыстар жасауға үйрете бастаудың, яғни өз қозғалысын денесін басқара алуынан басталады. Баланың еркі әлә де дамып жетілмеген, олар бір нәрсені саналы түрде ұғып істеуден гөрі сол нәрсенің оларды көңіл-күйіне әсер еткен әсеріне бағынып істеуі басым болады. Бұл кезде бала әрекетті ақыл-ой таразысына салмай дұрыс-бұрыстығын ойламай істей береді, өйткені олар да өздерінің ісін сана – сезіміне бағындыру жеткіліксіз болады. Ұстамдылық қасиеті де дамымаған. Бұл кезде балалар да айтқанды ұғып, оған сенушілігі күшті болады. Ал жасы есейген сайын айтқанға сену кеміп отырады және айтқанды ұғып, оған сенушілікке байланысты бала еліктеуге де өте бейім болады. Ойнаған ойынында да кейіпкерлерге еліктейді. Ертедегі кейіпкерлерге ұқсап солардай болуға қатты асығады. Балалар еліктеуге құмар болғандықтан, өзінің жақын адамдарына тәрбиеші апайларға ұқсауға тырысады. Кім не айтса соның дұрыс бұрыстығын талғамай, тез орындауға әзір тұрады. Бала өзін-өзі басқара алмайтындықтан үлкендер дұрыс жолға салып, бағыт беріп отыруы қажет. Баланың ерік әрекетін тәрбиелеу жас кезеңнен басталды. Тілі шығып жүре бастағаннан кейін әр нәрсені өзі орындауға тырысады. Тілі шығып жүре бастағаннан кейін әр нәрсені өзі орындауға тырысады. Мектепке дейінгі кезеңде рольдік, қимылды, спорттық, құрылыс құрастыру ойындары арқылы баланың ерік-сапаларын қалыптастыруға болады. Ұжымдық өмір-ұжымдық еңбек ерік әрекетін дамытуға итермелейтін себепші құрал болып табылады.
Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
-
оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
-
мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
-
әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
-
криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
-
дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;
-
тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;
-
асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалады .
14.Нәрестелік кезеңінің негізгі бағыты
1.Үлкенмен қарым-қатынас
2.Сөйлеуді игерудің алғышарттары
3.Қимыл мен іс-әрекеттің дамуы
4.Айналасындағы бағдарлауды дамыту
Нәресте өмірі үлкенднрге тәуелді.Үлкен оның қажеттілігін қанағаттандырады.Әсерленгіш қажеттіліктері Негізгі есту,сезіну әсерлерін үлкендерден алады.Жандану комплексі пайда болады яғни,баланың үлкендерге деген жағымды эмоциялық көзқарасы.
Туғаннан 4-5 айда үлкендерді таңдап қарайды.Бөтен адамдарды ажырата бастайды.Нәрестелік шақтың өзінде баланың психикалық дамуы айқын көрінеді.Ондағы психикалық процестер тұрмыс жағдайдың әсері бойынша қалыптасады.Үлкендер қарым-қатынас нәтижесінде қоғамдық тәжірибені игереді.Сонымен бірге оны заттармен қызмет істеуге көмектеседі.
Қарым-қатынас қажеттілігі сөйлеудің алғышарты.Туғаннан 3 айдың соңында гуілдеу басталады. Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес. Кез келген мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты – балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.
Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен дағдылар қажет (алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды) [1]. Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т.б.) және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.
Оқушының жетекші іс-әрекеті – оқу іс-әрекеті. Балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда орталық сызықты салуға үйретеді. Бұл өз кезегінде, 1-сыныпта бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап вертикальді, горизонтальді, қиғаш сызықтарды, симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып табылады. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, математика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі [2].
Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты - балаларда жазу мен санауды үйретудің алғашарттарын қалыптастыру.
Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды. Жазуға үйрету тек мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.
Сауат ашу – баланың көптеген психикалық қызметтерінің жетілуін талап ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті. Жазу – психологиялық және физиологиялық тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс, сондықтан да жазу дағдысын игеру үдерісінің көпкомпонентті психофизиологиялық құрылымы бар. Бір сөзді жазу үшін балаға көптеген амалдар жасау керек, сол себепті баланы жазуға үйретуді жазудың барлық функцияларын жүзеге асырудан көп бұрын бастау қажет.
Жазуға үйретудің негізгі міндеттері:
* фонематикалық есту және сөздің дыбыстық құрамын талдау білігін дамыту;
* қолдың және саусақтардың майда бұлшық еттерін дамыту;
* ішкі және сыртқы сөйлеуді, сөздік-логикалық ойлаудың бастапқы кезеңдерін дамыту;
* есте сақтау қабілетін дамыту;
* жазу құралдарын еркін ұстай білу дағдысын дамыту;
* парақтың бетінің кеңістігін бағдарлауды қалыптастыру.
Балабақшадағы интеграциялық сабақтар:
1. естігенді тез ой елегінен өткізіп, жылдам жауап қайтару (доппен ойын – «Сұрақты қағып ал да, жауапты бер», «Ертегіні ата», және т.б.);
2. сөзге дыбыстық талдау жасау, оларды модельдің көмегімен жазу, жеке әріптерді құрастыру (пластилиннен, таяқшалардан, қағаздан және т.б.);
3. парақтың бетінің кеңістігін бағдарлау («Графикалық диктант», «Нүктелерге қарап заттың суретін сал» және т.б. жаттығуларды орындау);
4. колдың саусақтарының қимылы мен синхронды сөйлеу (саусақтық имитациялар, доппен ойын және т.б.);
5. қолдың қимылдарын бақылау ( «Ережеге сай ою-өрнекті салуды жалғастыр», «Суретті шрихта» және т.б.);
6. жазу жазатын құралды дұрыс ұстау білігі, - жазуға дайындалып жүрген балаға көп көмеген тигізеді.
Баланы жазуға үйрету интеграциялық сабақтармен қатар арнайы сабақтарда, жүйелі жаттығулар мен ойындардың көмегімен жүзеге асырылады. Баланың қолын жазу дағдыландыру жаттығуларымен қатар, оқу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру міндеті де қойылады: үлкендерді мұқият тыңдау білігі, оолардың нұсқауы бойынша әрекет жасау, өз бетінше алдына қойынған ақыл-ой міндеттерін шешу, өз әрекетін бақылау және т.б.
Балабақшада 5-6 жастағы балаларды сауат ашуға дайындауда келесі міндеттер қарастырылады:
1. көргенді, естігенді, сезінгенді түсініп, оның мазмұнын айтып беру білігін қалыптастыру;
2. айтылатын нәрсенің, әңгіменің логикалық жүйесін құру білігін қалыптастыру: жоспар түзу, әңгімені неден бастайтынын анықтау, оны немен аяқтау, бір ойдан келесі ойға бірізділікпен өту;
3. балалардың сөздің қорымен жұмыс жасау (жаңа сөздер мен ұғымдарды синонимдерді, антонимдерді игеру, кітап суретерімен және көркем әдебиет тілімен танысу);
4. сөйлеудің дыбыстық жағын дамыту: дыбысты таза айту, дауыстың ырғағы мен күшін реттеу, мәнерлілік, фонематикалық есту.
5. Балаларды ауызша және схемалық жазбаша сөйлеуден сөйлемдерді анықтауға үйрету, берілген сөздерден сөйлем құрау, сөздерді буынға бөлу, балаларды сөздің дыбыстық құрылымымен таныстыру [3].
Баланың мектепке дайындығы немесе дайын еместігі оның сөйлеу қабілетінің даму деңгейімен анықталады. Себебі, бала мектепте оқу барысында игеретін білім жүйесі ауызша және жазбаша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Егер ауызша сөйлеуді ол мектепке дейін игерсе, ал жазбаша сөйлеуді алда үйренетін болады. Жазбаша сөйлеуді толыққанды үйрену үшін, мектепке дейін кезеңде баланың ауызша сөйлеу қабілеті жоғары деңгейде дамуы қажет. [4].
Баланы оқу мен жазуға үйрету - мектептің міндеті, бірақ көптеген дағдылар мен біліктерді бала мектепке келіп, алдына оқу мен жазудың нақты мақсаты қойылғанға дейін игере алады. Сонда ғана оның мектепке келгеннен кейін оқу мен жазуды толыққанды игеруі жеңіл болады. Ал мектепке даярлау барысында игерген дағдыларын ол өзіне жаңа іс-әрекет барысында жүзеге асырады дегіміз келеді.
Іс-әрекет - даму мен денсаулық факторы. Баланы тәрбиелеу (еңбекке баулу, ой- өріс, әдет- ғұрыпқа) жан- жақты жүргізіледі, бірақ, жас мөлшеріне байланысты мұндай тәрбиелеу аспектілерінің арасындағы қатынас олардың түрлеріне байланысты болып келеді. Баланың іс-әрекеті оның организмінің өсуі мен дамуын анықтайтын, өмір сүруіне ең қажетті фактордың бірі болып саналады.
Қимыл-қозғалыс өмір сүрудің маңызды шарты болғандықтан, өсіп келе жатқан организм биологиялық қимыл-қозғалыс қажеттілігін сезінеді. Әсіресе үдемелі өсіп-даму кезеңінде қимыл-қозғалыс қажетігінің маңызы арта түседі. Өйткені, қимыл-қозғалысты іс-әрекеттер биологиялық дамуды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар, дағдылану механизмдерін де қалыптастырушы фактор болып табылады.
Қимыл-қозғалыс белсенділігі орталық жүйке-жүйесінің, бұлшық еттердің, дамуын жақсартады, зат алмасуын жоғарылатуға қатысады, сөйлеу қаблетінің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Балалар ертерек жүріп кетсе, оның сөйлеуі де тезірек қалыптасады, мектеп жасына дейінгі кезеңде іс-әрекет қимылдары жақсы қалыптаса бастаса, одан былайғы еңбек дағдылары да жеңіл дамиды.
Солай болғанымен, қимыл-қозғалыстағы биологиялық қажеттілік, балаларды дұрыс тәрбиелемегендіктен болатын гиподинамияның дамуын жоққа шығармайды. Мұндай жағдайлар, көбінесе, қимыл-қозғалыстағы табиғи қажеттілік ата-анасының тәрбиесіне байланысты (жаяу жүргізудің орнына балаларға арбашаларды қолдану, телехабарларға көп әуестендіру т.с.с.) шектелген, мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі.
Іс-әрекеттің кез келген түрінің, организмнің функционалдық мүмкіндіктерін уақытша азайтуға, яғни, қажуға әкеліп соғуы, оның заңды нәтижесі болып есептелінеді. Бұл процесс қайтымды және жұмысты тоқтату, жоғалған қызмет қаблетін қайтадан қалпына келтіреді.
Қызмет қаблетінің үш фазасын айыруға болады: еңбекке дағдылану, ең өнімді жұмыс уақыты және қажу. Еңбекке дағдылану фазасы жұмыс қаблетінің ақырындап ең өнімді жұмыс уақыты фазасына дейін көтеріле бастауымен сипатталады, одан соң қажу фазасы дами бастайды.
Сондықтан, қатты қажуды болғызбау үшін, балалардың іс-әрекеттерінің барлығы мөлшерленуі керек. Гигиеналық нормаландыру баланың жас мөлшеріне және организмдерінің қызмет мүмкіндіктеріне байланысты жасалады.
Организмнің қоршаған ортамен байланысында, үнемі ішкі және сыртқы ритмдер бір-бірімен әсерлесіп отырады, олардың қосындысы физиологиялық жағдайды анықтайды. Биологиялық ритмдер дегеніміз - организмнің әртүрлі жағдайларының және физиологиялық қызметтерінің белсенділігінің мезгіл сайын алмасып тұруы.
Организмнің биоритмологиялық құрлысы тұқым қуалағыштық заңы бойынша жасалаған және онтогенез процессінде үзіліссіз құрылып тұрады. Бірақ, әрбір биологиялық циклдың құрылуына, белгілі-бір алдыңғы себептер қажет болады.
Сондықтан, биологиялық ритмдер, балалар организмдерінің қоршаған ортаға дағдылануының негізгі механизмдерінің бірі болып есептелінеді. Егер, баланың іс-әрекеттерінің (оқу, дене еңбегі) қандайда бір ритмі оның биологиялық ритмімен қабаттаса жүрсе, онда ол қызмет қаблетінің жоғарлауымен көрінеді.
Организмнің физиологиялық функциясының циклдылығы әрбір адамда ерекше, бірақ белгілі бір аралықта болады. Адамдарда ең төмен физиологиялық көрсеткіштер (тыныс алу, тамыр соғысының жиілігі, артериялық қан қысымы, бұлшық ет тонусы т.с.с.) түнгі уақытта байқалады. Күндіз бұл көсеткіштер жоғарылайды, бірақ бірқалыпта тұрмайды. Ересек адамдардың көпшілігінде таңертеңгі және кешкі биоритмиялық ең қолайлы функционалдық жағдайларын анықтауға болады. Балаларда, мұндай, уақытқа байланысты болатын белсенділік онша білінбейді. Бірақ, олардың функционалдық көрсет-кіштері тәулік ішіндегі белгілі бір уақыттарда, көбінесе таңертеңгі уақыттарда жоғарылайтыны анықталды. Сондықтан, кейбір авторлар балалар арасында акрофазаның (белсенділік циклдары) үш түрін бөліп қарауды ұсынады: таңертеңгі, кешкі және аритмиялық.(бұл шартты түрде алынған)
Балалардың биологиялық ритмдерінің арасында, ең жақсы үйлесімділік болу үшін, оқу, еңбек, тұрмыс, демалыс нормаларын өңдеп жасау хронобиологияның алдына қойған мақсаты болып табылады.
Гигиеналық тұрғыдан жоғарыда көрсетілген факторлардың ішінде балалар мен жасөспірімдердің өмірінде тұрақты түрде орын алатындары ғана (оқу жағдайларын ұйымдастыру, қажу, ауыспалы еңбек және күн тәртібі сияқтылар) ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Бұндай жағдайларда гигиеналық принциптердің сақталмауы организмдегі биологиялық процесстерді бұзады және сонымен бірге, әр түрлі патологиялық дамуларға әкеліп соғады.
15.Баланың ана құрсағында нерв системасының қалыптасуы, дамуы.
Жоспар:
1)Баланың ана құрсағында нерв системасының дамуы
2)Нәресте жасындағы психикалық танымдардың дамуы
3)Бөбек жасындағы психикалық танымдық дамуы
Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен «даму» деген сөзге тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңамен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты «инвариант» (лат. тілінен «өзгерілмейтін») деп аталады, осыған тіректелетін жаңаны «өзгерілгіш» деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістер болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.
Инварианттық қасиеттің қалыптасуы тарихи дәуірлерде психика дамуының шарты болды. Инварианттық, яғни тұрақты қасиеттер, соның ішінде шартсыз рефлекстер, не өмір үстінде ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік ортасында берілетін адамның кейбір мінез-құлықтары жатады. Осы тұрақты қасиеттер үнемі өзгерістерге ұшырап отырады. Сонымен психика түгелдей өзгеріске ұшырайды деуге болмайды. Баланың бір жаста ие болған психикалық қасиеттерді, екінші жас кезеңіне көшкенде, біржолата жоқ болып кетпейді, бір-бірінің үстіне үйіліп, қосылып жатады.
Демек, психикалық даму психиканың әр саласына жатады. Психикалық дамудың жаңа сапалары бұрынғыдан қалған «кескінділерді» өзіне тірек ретінде пайдаланбайды. Себебі жаңа сапа тұтас күйінде кездеседі, – дейді. Мұны «қирау» теориясы деп атайды. Бұл теория диалектиканың тек сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да дамудың түрлері кездеседі. Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамының бәрі бірдей өзгермейді.
Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына әсері. Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды, тек психофизиологиялық процестің негізінде ықпалын тигізе алады. Бірақ кейде зерттеушілер «экологиялық» деген сөзді «тұқым қуалаушылық» мағынасында қолданады. Осылай болғанның өзінде де тұқым арқылы берілетін қасиеттер баланың пихикалық тұрғыдан қалай дамитынын толық түсіндіре алмайды.
Өйткені тұқым қуалау қасиеттері өзінен-өзі қызмет атқармайды. Оларды қызмет еттіріп «оятып» жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт. Биологиялық факторды баланың туылғаннан берілген дене бөлшектері десек, керісінше, адамнан тек адам тууы биологиялық кодтар арқылы берілген. А. Н. Леонтьевтің пікірінше, әлеуметтік фактордың ықпалы көбірек болады. Әлеуметтік ортаның атқаратын рөлі өте үлкен.
XX ғасырдың бас кезінде индус психологы Рид Сингх Амаланның ойынша, бала кішкентайынан адамға тән қасиетке ие болып психикасын ойдағыдай дамыту үшін, оның қоғамдық ортада өсуі, тәрбиеленуі қажет дейді. Әйтпесе, бала адам қатарына айнала алмайды. Сонымен, биологиялық және әлеуметтік факторлардың дамуына тигізетін әсері өте үлкен. Егер биологиялық фактордың ықпалы баланың жас кезінде (нәресте кезінде) үлкен рөл атқарса, енді әлеуметтік факторлар күннен-күнге өріс ала бастайды.
Психикалық даму және оқыту. Бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер, оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, – дейді.
Шетел психологы Дж. Брунердің ойынша, психиканың дұрыс қалып тасып, дамуы үшін оқыту өте қажет, және де оны дұрыс жүргізудің маңызы өте зор. В. В. Давыдовтың ойынша, оқыту баланың ақыл-ойының дамуына өте зор әсер етеді, егер баланың сабақ үлгеріміне шақ келетін материалдар бір қалыпты меңгерілетін болса, онда психикалық даму нәтижелі болады. Бұл жерде ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |