ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Геоморфология» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет5/8
Дата13.06.2016
өлшемі1.01 Mb.
#133860
1   2   3   4   5   6   7   8

Үгілу қабығы (кора выветривания). Литосфераныц беткі бөлігі әр түрлі факторлардың (ауа, су, организмдер) әсерінен өзгерістерге үшыраған магмалык, метаморфтык және шөгінді тау жыныстары есебінен қалыптасқан және сол орнынан козғалмай сакталып калған үгілген жыныстардың жиынтығын үгілу кабығы дейді.

Үгілу кабығының түрі және калыңдығы көптеген табиғи факторлармен байланысты. Оның калыптасуына алдымен жоғарғы температура мен мол ылғал және тегіс бетті жазык колайлы. Сонымен катар тау жыныстарынын тозу-үгілу мерзімі үзак болуы шартгы. Үгілу қабығы өзінің күрамы мен калындығына карай бірнеше түрге бөлінеді: а) химиялық аса өзгермеген, немесе аз мөлшерде өзгерген, негізінде түпкі жыныстрдан күралған кесек тасты үгілу кабығы; б) химиялык. мөлшерде өзгсргеи түпкі жыныстармен катар дала шпат пен слюданьң өзгеру арқылы сазды - гидрослюда минералынан қүрылған гидрослюдалык кабык; в) монтмориллониттык кабык - алғашкы минералдардан терем. химиялык өзгерістен өтіп түзелген негізінен сазды минерал монтомориллониттен күралады; г) каолинит кабык; д) Кызыл топыракты кабык; е) латеритты кабык. Үгілген қабықтардың соңғы екі түрі үзак мезгіл бойы және түгелімен үгіліп, алғашкы жыныстар күрамынан толык ажырауы иәтижесінде пайда болған. Жоғарыда атап айтылған үгілген кабаттар түрлерінің әр , кайсысының өздерінің табиғат белдеулік сипаттамасы бар. Мысалы кесек тасты үгілу кабыктар полярлық биік таулы өлкелерде, сонымен катар тасты шөлдерде кездеседі.

Гидрослюдалық кабықтар суык және коңыржай белдеулерде дамиды. Монтмориллониттык кабык дала және шөлейт аймақтарда,

каолинитті және қызыл топырақты қабықтар - субтропикалык белдемде түзілген, ал латеритті кабык алюмосиликаттардьщ әбден өршіген химиялық үгілудің әсерінен, ыстық және ылғалды экваториалдық белдемдердің жазык. өлкелерінде түзілген тау жыныстарыныц қызыл түсті ерекше түрі.

Жоғарыда айтылған үгілу ітроцестерінің рельеф қүратын ролін ерекше айтып кетуге болады. Жалпы айтқанда үгілу процесінің өзі кандай да болсын ерекше рельеф пішіндерін қүрмайды. Бірак тау жыныстары ыдырауынын. үнемі және маңызды факторы болатүрып, бұл процесс баска экзогендік агенттердің тасымалдауына колайлы борпылдак материалын дайындайды да ауырлык күш әрекеті аркылы сол материалды гипсоштриялык төмен жерге ауыстырып әкелуге эсер етеді. Дәл осы жағдайда үгілу процессі нің рельеф күрылуыпда аткаратын орны өте зор.

Үгілу кабығынын. елеулі практикалык маңызы да бар. Көптеген кымбатты пайдалы қазбалар, мысалы, бокситтың, темір тотықтарыиың кені, никель, кобальт және хром кендерінің кейбір түрлері, осы үгілу кабығымен байланысты. Түрлі түсті минерал-дардын. шашыранды кен орындарын іздестіруде үгілу кдбығын зерттеудің келешегі өте зор.

Дүние жүзінде әр геологиялык дәуірлерде қалыптасқан үгілу кабығы ксң таралған. Мысалы ТМД аумағында протерозой эрасының үгілу кабығы Карелия мен Украинада, девон кезеңінің кабығы Тиман қыратында, мезозой мен төменгі кайно-зой дәуіріндегі үгілу кабыктары, Орал тауында және Қазақстанның Сарыарқасында кездеседі. Торғай облысындағы белгілі Аманкелді боксит кен орны осы мезозой кезіндегі кен, жазык пенепленмен байланысты.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Тау жыныстарының үгілуі.

2. Үгілу қабығы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 4,5,6
7 дәріс Флювиальды процестер және рельеф пішіндері.

Мақсаты: Флювиальды процестер және рельеф пішіндерімен танысу.

Жоспар:

1. Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құратын рельеф пішіндері.

2. Тұрақты ағын сулардың рельеф құру әрекеті. Өзен аңғары.

3. Өзен жайылмалары. Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық түрлері

7 дәрістің қысқаша конспектісі

Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын рельеф пішіндері.

Уакытша ағын сулар әрекетінен пайда болған бастапқы эрозиялык. пішіндер - жүйек (атыз). Олар делювийлік беткейлер кеңістігінде жайылып аққан су бір арнаға жиналған кезде ғана пайда болады. Жүйектердің терендігі 3-тен 30-см-ге дейін, ені тереңдігімен бірдей немесе одан сәл артык. Эрозиялык жүйектердің көлденең кескіні v-әрпі тәрізді немесе жәшік пішіндес. Жүйектердің жағалары көбіне құламалы, тік болып келеді. Ағын тоқтағаннан кейін жүйектер жағалары жылдам жайпакталып,олардың ені үлғаяды. Әдетте жүйектер бір-бірінен бірнеше метр алшак орналасады да тармақталған жүйектерді құрайды. Жүйектердің терендігі мен морфологиялық бейнесі беткейлерден төмен аккан судың көбеюіне орай үлғая береді.

Жыртылған және сирек өсімдікті беткейлерде жүйектер уақыт ете бере терендігі 1,0-2,0-м-ге, ені 2,0-2,5 м-ге жететін эрозиялык жырашаларға айналады. Жыраша ернеулері де жарлауыт келіп көлденең кескіні көбінесе v-әрпін елестетеді.

Алайда кез-келген эрозиялық жүйектер жырашаларға айнала бермейді. Ол үшін ағыс күштірек, жиналған судын. көлемі молырақ болу тиіс. Сондыктан да жырашалар эрозиялык жүйектерге карағанда әлдекайда сирек кездеседі және бір-бірінен ондаған метр алшак жатады.

Оңай шайылып кететін жыныстарда (құм, саздак, топырак, құмдак топырақ, лесс және т.б.) эрозиялык жүйектер мен жырашалар бір нөсердің кезінде немесе көктемгі кар тез kyh ерігенде пайда болуы мүмкін. Кейіннен жырашалар жаңбыр мен еріген кар суының жинактау ролін аткарады.

Су коры жеткілікті мөлшерде жиналғанда жырашалардын. бір бөлігі терендей және кеңи келе, бірте-бірте жыраларға айнсілады. Жыралардың терендігі 10-20 м не одап да коп, ені (бір кабақтан екінші кабаққа дейін) 50 м, немесе одан да артык болады. Жыралардың жағалары көбінесе тік. Көлденең кескіні v-әрпі пішіндес. Кейде жыралардың табаны жайлак, емі бірнеше метрден аспайды. Жыра жырашадан тек өзінің көлемімен ғана емес, сонымен катар өзіне тән жеке бойлық кескінімен өзгешеленеді, онысы ол тіліп өтетін беткейдің кескінінен өзгеше болады. Ал жырашаның бойлык кескіні әдетте беткейдің бойлык кескінінің сәл тегістелген түрін кайталайды Жыра жылдам өсіп-өршитін эрозиялык пішін. Оның бас бөлігі регрессивті эрозия нәтижесінде өзенаралык аймактарға созылып өсуі мүмкін. Осы себептен жыралар жұздеген метрге, тіпті километрлерге жететін үзындығымен сипатталады.

Жыраның өсіп отыратын бас бөлігі әр тұрлі. Көбінесе жыра бірден, биіктігі 1,0-3,0 м, тік жармен - бас қүламамен басталады. Кейде жыралардың бас бөлігі сопакша, эллипс пішіндес немесе дөңгеленген күрек пішіндес болады да, жер бетінде аса айқын көрінбейтін ойпандар түрінде байкалады. Рельефтің мүндай пішіндерін су жиналатын ойпандар (водосборные понижения) деп атайды. Кейде жыралардың бас бөлігінен жоғарырақ, өзен аралығының өлкелеріне баяу ауысатын, терең емес (1,0-3,0 м) жаркабактары айқын білінбейтін, жағалары шымтопырақты жайпақ жағалары үзынынан-үзақ созылған ойпандар орналасады. Рельефтің мүндай ойпаң пішіндері колат (лощина) деп аталады. Топографиялық карталарда, тіпті ірі масштабты карталарда қолаттар аса білінбейді, алайда ірі масштабты әуе суреттерде, әсіресе егістер мен сирек өсімдікті жерлерде колаттың бейнесі айкын көрінеді. Айтып кететін бір жай, осы арнасы жоқ қолаттар жыралар дамуының нәтижесі емес, олардың пайда болуының себебі болып табылады. Сондықтан да бүрыннан дамыған эрозиялык. пішіндердің түбінде эрозиялык оралымның (циклдың) кайталану нәтижесінде пайда болған жыраларды түптік (донный) немесе кейінгі (вторичный) жыралар дейді, ал өзен аңғарларының беткейлерінде кішірек эрозиялык пішіндерден бірден түзіліп

дамыған жыраларды - алғашкы жыралар деп атаиды.

Жыра үзарып, оның бойлық қимасы калыптаскан сайын, акқан судың эрозиялык күші азая береді. Жыраныц екі жағалары тегістеліп, опда өсімдікжамылғысы пайда болады. Жыра бүйірлік эрозия әрекетінен кеңейе береді. Ақырында жыра сайға (балкаға) айналады. Бірак жыраның бойлык кимасы бірден сайға айналмайды. Бүл процесс жыраның төменгі, ең көне бөлігінен, яғни сағасынан басталады да, бірте-бірте жоғары карай тарайды. Кейбір жағдайларда калыптаскан сайдың түбін жыра жаңадан жътрып тілімдеуі мүмкін. Жыралардың кайта-кайта жырумен сай түбінде аллювийлік материалдардан күрылған алаңша баспалдактары - сай террасалары пайда болады.

Жыралар мен сайлар түбінде шөккен аллювийлік материал сүрыпталмаған түйіртпектерден түрады. Әдетте бөлшектенген материал жыра кимасының төменгі бөлігінде, ал үсактауы -жоғарғы бөлігінде жиналады. Алайда олар нашар сүрапталған, күмды-күмдакты материал үшкіртастармен және нашар жүмырланған жүмыртастармен араласкан.

Егер жыралар мен сайлардан ысырылып шыккан материалдарды, өзен ағызып алып әкетпесе, онда олар сағаларда жрГнальтп ысырынды конустарды күрайды. Осы ысырынды конустарды күрайтын материалдар пролювий деп аталады. Пролювийдің күрамы жыра немесе сай кесіп өткен беткейлерді құрайтын жыныстардың сипатына, жыра дамуының кезеңіне және жаңбыр мен еріген кар суының ағу сипатына байланысты. Жалпы алғанда ысырынды конусты қүрайтын түйіртпекті материалдардың нашар сүрыпталуымен, кесек сыныктардың нашар жүмырлануымен, ысырынды конустың басынан, шетіне карай бөлшектердің мөлшері кеми беруімен сипатталады.

Сайып келгенде, жыраның дамуын С.С.Соболев (1948, 1960) мынадай төрт кезеңге бөлген:



  • эрозиялык карык кезеңі;

  • жыраның өз түбін тілімде кезеңі. Бүл кезең жыраның сағасында күлама түптің күрылғанынан басталады. Жыраның бойлык кимасындағы кұламалы түбі ойлы-кырлы, сағасы аспалы болады да, түпкі эрозия мейлінше дамиды. Нөсер жауған кезде, немесе көктемде кар күрт еріген кездегі ағыны жыраның түбін әрі карай жырып, копарып кете береді. Бүған коса, кемердің биігінен құлап аққан судың энергиясы

күшейіп жыраның түбін тереңдетіп, кертпештің іргетасын копарады. Төніп түрған кертпештін. жоғары жар кабак бөлігі опырылып қүлайды, соның салдарынан жыра жоғары қарай біртіндеп өсіп отырады. Сөйтіп жыра бірте-бірте су айрыққа карай өсе береді. Нәтижесінде жыраның терендігі 25-30 м-ге дейін жетіп, одан да терең болуы мүмкін. Мүндай жыралардың түбінде әдетте шөгінділер болмайды;

- жыраның бойлық тепе-тендік кесіндісінің калыптасуы. Бүл


кезде жыраның сағасы төмен карай өсіп, жергілікті эрозия
базисіне дейін - өзен жайылмасына, немесе террасаның деңгейіне
дейін жетеді. Жыраның екі жак беткейі көлбеуленеді де, олардың
төменгі жағында беткей іішғінділері калыптасады.

- басылу (шөгу) кезеңі. Жыранын, бас жағы неғүрлым


суайрыкка жакындаған сайын, соғүрлым су жинағының көлемі
кішірейіп мүлде тоқтағанша азая береді.

Кейбір жағдайда жыраның тұбі тереңдей бере, жср асты суларынын. деңгейінен жетіп, содан үздіксіз ағынды су, яғни өзен басталуы mymkjh. Бірак жоғарыда суреттелген эрозиялык пішіндердің бір пішіннен екіншісіне өтуі, немесе бір кезеңнің келесі кезен.ге өтуі - тіпті табиғаттың зандылығы емес. Кез-келген эрозиялык жүйектер жырашаға және жыраша жыраға айнала бермейді. Ксйде жъгра, терендік эрозия кезеңінде-ак жер асты суларынын, деңгейіне жетіп, сай кезеңінен өтпей тікелей түрақты су ағыны бар бұлақ алабына айналуы да мүмкін. Сол сияқты кез-кслген сай, өзен аңғарына айналмауы мүмкін және кез-келген сай өз ламуында жыра кезен.інен өткен емес. Мьгсалы, Гумидті климат жағдайында, орман өскен жерлерде, сай іспеттес көптеген эрозиялык пішіидер ешкашан жыраға ауыспаған, олар әуелден-ак сай немесе колат түрінде қалыптасып дамыған.

Таудағы уакытша ағынды сулардың өздеріне тән белгілі бір морфологиялык ерекшелігі бар. Мүнда су ағыстарының жоғарғы жағында айкын білінетін, амфитеатр тәрізді жырашалармен тілімденіп тармакталған су жинағыш шүңкырлар (водосборные воронки) пайда болады. Осы жерден тау беткейімен темен карай созылған көлденен. кимасы жыра іспеттес V-тәрізді терең, әрі тар ағыс каналы (канал стока) басталады. Ағыс каналыныңтөменгі шетінде ысырынды конус калыптасады. Жыраның бастауынан сағасына дейін бойлык кималарынын. едеуір қүламалы болуы ағып жаткан тау суларынын. мейлінше бүзу әрекетіне себеп болады.

Сай тәрізді жыраның үзындығы I шакырымға дейін және одан да астам болады, тереңдігі 10-25 м. Жыраның көлденең қимасының сипаты әр түрлі, оның жоғарғы жағы лесс топырағының калындығына сәйкес тік, жарлауытты, ал төменгі жағы жайпақтау келеді. Мүндай жыралар жүка лесс қабаттарымен жабылған малтатас жыныстарының эрозиялык. тілімделуі нәтижесінде тау етегіндегі пролювиалдык жазықтардъщ үстінде калыптасады. Осындай жыралар суландыру далаларында кдраусыз қалған каналдар мен арыктардың орныида пайда болуы мүмкін. Мысалы, Алматы маңындағы Ақсай өзенінің қүйылысы түсында суармалы судың әсерінен 30 жылдың ішінде канал бойында осындай жыра түзілді.

Ернеу (карниз) тәрізді жыра - өзен аңғарыныц екі жағаларында кездеседі (Шарын аңғарында), ол өте күрделі түрде ыдырап жыралы-сайлы торап қүрайды. Көбінесе бүлар терендігі 30-50 м дейінгі сайлар. Олар бір-бірімен кезектесіп жазық бағытта астасқан малтатас қүмдар, саздар-кат-қабаттарының дамыған жерлерінде болады. Мүндай күрделі жыралы лабиринттердің болуы таңбалы денудация немесе күрғақ климат, өсімдіктер дерлік жоқ жағдайлармен байланысты, қатты нөсер жауған кезде, тасқын судың шаю күші мейлінше жаңғыра түскен кездерде пайда болады. Сондыктан жыралардың екі жақ беткейі карниз, діңгек, күнқағар түрінде кездесіп, таң қаларлық архитектуралык әшекейлерді елестетеді.

Жыра эрозиясы - халық шаруашылығына елеулі зиян келтіретін табиғи апат. Олар ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлердің біразын істен шығарады да, өндеуге жарамайтын аймақтарға айналдырады, жол бұрылыстарын бұзады және т.б. Жыралардың өсу жылдамдығы су ағынының қуаттылығы мен шайылатын жыныстардың сипатына байланысты жылына 0,5-1 м-ден 2-3 м-ге дейін болады. Жыралар көбіне лесс тәрізді топырақтар түзілген өңірлерде кеңінен тараған. Бүл жерлерде жыра эрозиясы адамның шаруашылық әрекетінен, оларды шамадан тыс жыртқаннан, eric айналымы дүрыс болмағандықтан, шектен тыс мал жайғаннан пайда болады.

Жыра эрозиясымен қарсы күрес жүргізу үшін алдын ала сақтандыру әрекеттеріне назар аудару керек. Көптеген халық шаруашылык. жүмыстарына (гидротехникалық қүрылысында, суландыру жүйелерінде, жол және басқа өндіріс қүрылысында)

эрозияға карсы шараларды зерттеп жүзеге асыру және колдану кажет.

Мүндай жағдайда ең алдымен, беткейлерде өсіп түрған орман-бүтактарды кесіп жоюдан және шөпті тақырлап шабуға болмайды. Ал екінші шаралар табиғатта бар жыралармен күресу. Бүл үшін жыралардың бастауындағы ағын-суларды бүрып жіберу керек болады. Содан кейін шөп егіп, орман-бүталар мен беткейлерді бекіту шараларын жасау керек.

Тұрақты ағын сулардың рельеф құру әрекеті Эрозия және өзендердің кеңістіктегі дамуы. Өзендер негізгі арнадан (русло) және оның тармақтарынан түрады. Олар әр қатардағы өзендер жүйесін түзеді. Екі кішкене тармақ косылып, екінші катардағы тармакты қүрайды, ал екінші катардағы екі өзен тармағы косылып үшінші қатардың тармағын қүрайды. Ссылай өзен тармағынын. төртінші, бесінші т.б. катарлары қүрылады.

Үлкен өзен барлық тармақтарымен бірге қосылып өзен жүйесін қүрайды, ал белгілі бір аумактағы өзендер саны сол жердің өзен торабын (речная сеть) қалыптастырады. Олардың жиілігі аймактын. физикалык-географиялык сипатына, климатына релъеф жағдайларына, геологиялык. қүрылымы мен өсімдік жамылғысына байланысты болады.

Өзеннің пегізгі рельеф қүру факторлары: 1) езен ағысы; 2) өзен ағысының жылдамдығы. Өзенніңағысы мен шығыныжауын шашынның мөлшеріне және су жию алабына тәуелді. Ал жер бетімен әрі жер астымен топьтрак, және тау жыныстарының кабаттары арқылы) өзенге су жинайтын су аймакты өзен алабы деп атайдьғ Өзен алабынын. ерекшелігі: онын. аумағы бастаудан қүйылысына дейін өседі, сопдай-ақ су шығыиы да көбейеді. Керісінше, суайрыкка жақындағап сайын өзеи ағысы толық токтағанға дейін азаяды. Бүл сшіаттамалардын. маңыздылығы мынада: ол кейбір геоморфологиялық мәселелерді, мысалы, сү айрықтардың эрозия әрекетінде түрақтылығын, өзендердің бір-біріне косып алу күбылысын тау өлкесінің пенепленденуін т.б. негіздеуге және ттсіндіруге мүмкіндік береді.

Көктемгі су тасқыны кезінде взсннің су шығыны жоғары (максимальды) болады, сондықтан ол өзен арнасында орасан зор бүзу жүмысын жүргізеді, ал су азайғанда онын жылдамдығы бәсендеп, рельеф к.үру әрекеті де төмендейді. Өзен ағысынын, жылдамдығы оныи. еңістігіне байланысты. Еңістік - өзеннің құлау биіктігінің (падение) оның үзындығына қатынасы. Қүлау биіктігі деп бастауы мен сағасынын. нақты (абсолютты) биіктіктері арасындағы айырманы айтады.

Еңістік өлшемі ондық бөлшектер түріиде, немесе өзеннін. қүламалы (м/км), яғни промиль арқылы өрнектеледі. Мәселен, өзеннің орташа еңістігі 0,07% немесе 0,07 м/км делік. Әрине, өзеннің еністігі неғүрлым мол болса, соғүрлым оныи. жылдамдығы жоғары болып, өзен өз арнасыи мейлінше бұзып жеміреді.

Өзеннің бойлық жылдамдығымен қатар әр түрлі көлденең циркуляциялық ағыстары бар. Өзен, яғни иін үлескілерінде ең алдымен өзен түбінің ағысы (донное течение) калыптасады. Ол арнаның жар кабак, ойын.кы жағасынан жайпактау келген шығын,кы жағасына карай аіады, ал компенсациялық (орын толтыру) немесе беткі ағыс, керісінше, өзен бетімен арнаның шығын.кы жағасынан ойын.кы жағасына карай үмтылады Сөйтіп ағын бойында судың көлденең циркуляциясы жұзеге асады. Жоғарыда айтылып кеткендей, осындай ағынның көлденең циркуляциясынан басқа, өзеннің бойлық ағыны да бар. Бүл екі ағын қосыльш шиыршык, тәрізді (спираль тәрізді) ағыс түзеді. Спираль тәрізді ағыс өзен бүрылысында ең жоғарғы амплитудаға жетіп, бірте-бірте екі өзен иінінің ортасында оның қаркыны азаяды. Осыған байланысты ағын су жылдамдығы бәсендегеннен кейін, екі иіннің ортасында аллювиалдық материал жиналып, өзеннің саяз жері - кайраң (перекат) калыптасады. Бүдан төмен карай спираль тәрізді ағыс кері айнала бастайды да, арна ағысы кайта дамиды. Сөйтіп, айтылған процесс жаңадан кайталанады. Өзен ағысының көлденең циркуляциясының пайда болуы

нәтижесшде ариа ағысының нспзп зиңдылыктарыныц оірі меандрлану құбылысы пайда болуының мүмкіндігін туғызады. Нәтижесінде, су ағынының әрекетінен арнаның ойыңқы жарлауыт жағасы қопарылыл бүзылады да, содан қалыптасқан топырақ бөліктері өзен түбінің ағысымен шығыңкы жағада үйіліп, арна бойындағы малтатастан және құмнан қүрылған арна бойы жалдар (прирусловые валы) құрады(55-сурет).



55-сурет. Өзсн мсаидрларының кұрылуы жәнс жылжымалы жслпсуіш тәрізді арнабойы жалдардың калыптасуы (Е.В.Шанцер бойыпша).

Өзен ағысы өзінің агу барысында арна айналасындағы тау жыныстарын бүзып, ағызып әкетіп, жаңа өзен арнасын қалыптастырады, яғни арна эрозиясын түзеді. Опын. процесі меи механизмі мынадай:



  1. турбуленттік ағыс кезінде су ауытқып, теңселіп құйынша араласып ағады. Соның салдарынан ағыс бойында көтеру күшін туғызады, осы таскын күш арна түбінен топырақ бөлшектерін козғап, айырып алып, ағыс бойымен төмен ағызыл әкетеді:

  2. эрозия ағысы арна тұбінде тікелей динампкалық эсер ету нәтижесінде жүзеге асады. Ол тау жыныстары түйіршіктерінің өзен түбімен домалана тасымалдануына, сөйтіп өзен арнасынын жиегіне соққылана, тырмалана, үйкелене және кажала козғалуына байланысты;

  3. эрозия судыц қүрамы мен температурасына қарай химиңлык ыдырауына (еру, сілтілену және т.б.) байланысты.

Осы процестер судың үдемелі ағуы нәтижесінде пайда болады.

Сондықтан эрозия түрақты каркындылығымен және динамикалық өзгешелігімен сипатталады.

Эрозиялык әрекеті ағып жаткан судың кинетикалық энергиясы (тірі күш) аркылы жүзеге асады. Эрозияның жүмыс өлшемі су массасы мен су жылдамдығы квадратының көбейтіндісінің жартысына тең:

мүнда:


m - су массасы, v - өзен ағысының жылдамдығы. Бүл формула барлық жағдайда, яғни су ағысы бар уақытта оның өн бойында және әр мезгілде жарамды болып табылады. Бүл туралы Н.И.Маккавеев (1955) былай деп жазады: "Ағын әркашан өзен түбін шайып эрозиялай алады, тіпті ағыс жылдамдығы әлсіз болған жағдайда, жыныс бөлшектері бірте-бірте еру аркылы майдаланып, ағызып әкетілуіне жағдай жасалынады."

Өзендер мен жылғалар суы КҮйылатын су коймасының (өзен, көл, теңіз, мүхит) деңгейі эрозия базисі деп аталады. Еділ өзенінің эрозия базисі - Каспий теңізінің деңгейі, Іле өзені үшін - Балхаш көлінің деңгейі, Енисей, Обь, Лена, Сібір өзендерінің эрозия базисі - Солтүстік мүзды мүхит, ал Кама өзені үшін - Еділ өзенінің деңгейі. Негізгі эрозия базисімен қатар жергілікті, немесе аралык эрозия базистері болады. Олар - арнаның бойлык қимасындағы кез келген нүкте, немесе аңғар бойындағы су күламалары, көлшіктер. т.б. Ең акыры шөл мен шөлейт аймақтарда ешкандай су коймасына күймайтын "сокыр" ернеумен бітетін биік таулардан саркырап ағып шығатын (Шу, Тарим, Талас) өзендер бар. Олардың эрозиялык базисі ролін сол өзен суы толык буланып, ағысы толық токталған шөлді жер аткарады. Әрине мүндай күйылыс орындары түракты емес, ылғалдылыкка және күрғакшылыкка байланысты темен немесе жоғары ауысып отырады.

Эрозия базисінің белгілі бір деңгейде орналасуы өзеннің эрозиялык және аккумулятивтік әрекетіне байланысты. Оның төмендеуі нәтижесінде, өзеннің еңістігі үлғайып, соған байланысты эрозиялык процестер күшейіп, өзен өзінің түбін тілімдей бастайды. Ал, өзен эрозиясы базисінің жоғарылауы

кёзінде, өзеннің ағу жылдамдығы баяулап, аллювиалдык материал өзен аңғарларында жинала бастайды.

Белгілі казак географы М.Ж.Жандаевтың (1994) пікірі бойынша биік өлкелердің баурайларында пайда болған алғашкы су ағындары темен карай ағу барысында эрозиялык жүмысын жүзеге асырады. Мүндай ағын арнасының алдыңғы саға бөлімі эрозия аркылы үзарып одан әрі дами береді. Бүл процесс кез келген су коймасына (теңіз, көл, өзен) жеткенге дейін, немесе ағынныц өзі рельефтің төменгі жерлерінде су коймасын калыптастырғанға дейін жалғаса береді. Сол кезде ғана осы өзен күйылысының деңгейі оның эрозия базисі болып саналады. Сондыктан өзен аңғары алғашкы калыптаскан кезде өзінін. сағасынан басталмайды, өйткені эрозия базисінін өзі тек өзен калыптасканнан кейін ғана пайда болады.

Жалпы эрозия туралы мәселені козғасак, ол тереңдік (глубинная), бүйірлік (боковая), регрессиялык және трансгрессиялык эрозияға бөлінеді. Әрине, 6үл бөлу шартты түрде ғана , өйткені эрозия механизмі табиғатта күрделі сипатта кездеседі.

Өзен еңістігі едеуір болса, терендік эрозиясы да басымдау, сонымен бірге өзеннің бүйірлік эрозиясы да дамиды. Алайда бүйірлік эрозия негізінен өзен арнасының жазык бағытта ауысуына, немесе меандрлануына байланысты. Бүл жағдайда өзен жағалауына тиесілі жардың төменгі бөлігі сумен копарыльтп темен ағызып әкетіледі, ал жоғарғы жағы опырылып күлап айырылады, сөйтіп өзен жағасы бірте-бірте кейін шегініп отырады. Мұнда өзен жиегінің ірге жағында су ағынының активті, агрессиялы екені айкын байкалады, ал жардың жоғарғы бөлімдерінің опырылып күлап отыруы ауырлык күші (гравитациялык) процестермен байланысты.

Регрессшілык эрозия ағыска карсы бағытта, су айрыкка карай жүреді, яғни шегіну эрозиясы нәтижесінде өзен арнасы жоғары карай өседі. Ағыс бойында, арнатүбінде түпкі тау жыныстарынан күрылған тік күламалар кездескен жағдайда, оны бүзуға эрозиямен катар гравитациялык процестер де катысады. Бірак суайрыкка жакындаған сайын регрессиялык эрозияның каркыны бәсеңдейді де сонымен байланысты су ағыны азаяды.

Трансгрессиялык эрозия келесі құбылыстармен түсіндіріледі.


  1. Жоғарыдан төмен карай су жинау алабының өсуіне байланысты осы бағытта өзеннің су шығыны мен эрозиялык мүмкіншілііі көбейе береді.

  2. Трансгрессиялык эрозия өзен сағасының үзаруы нәтижесінде (в результате устьевого удлинения рек) жүзеге асырылады:

а) тау етектеріндегі тау бөктерінен акқан өзендер еш жерге
қүймай "сокыр" күйылыспен бітіп, ысырынды конустарды түзеді.
Келесі тасқындарда немесе ылғалды кезеңдерде ағындар әлгі
конустарлы жарым-жартылай бүзып-шайып, өзен аңғарының
сағасын эр карай алға ығыстырып, тағы да жан.адан ысырынды
конусты к.үрады да бүдан әрі осьғлай жалғаса береді.

б) трансгрессиялык эрозия мен езеннің күйылыс ман.ындағы


сағаларынын. үзаруы оның төменгі бөлігінің тармакталуы мен
миграциялануы кезінде айкын көрінеді.

в) тен.із суы кейін тартылып шегінген кезде оған күятын өзен


сағасы онын. сон.ынан ілесіп, езінің үзындығын теңізге карай
үзартады.

г) көптеген өзен агырауларының теңізге карай өсуі аркылы


әздерінің аңғарын темен карай үзартады, мәселен, Лена өзені
төрттік кезенде осындйй жолмен 300 км-ге дейін есті.

Осылайша, өзен аңғарының дамуыпда ағыннын. алға ығысу әрекетінің мәиі өте зор. Кез-келген езеннің бастауларында регрессиялык, эрозия аркылы өзеннің су айрык бағытына есуі сол айрык беткейінің үзындығына байланысты шектеледі. Ал өзеннің күйылыс жағынан үзаруы ештен.емен шектелмеген. Өзен теңізге қүйғаннан кейін де атыраудын. есуімен бірге оның алға ығысуы да жалғаса береді.

Сөйтіп, өзен аңғарларының даму барысында арнаның эрозиядан баска жалпы денудациялык процестері де едеуір ыкпал етеді. Олар езен аңғарының есуі мен кеңеюіне жағдай жасап, беткейлерге өздеріне тән белгілі кима береді. Сондыктан, бір-бірімен тығыз байланысты, ал мәні жағынан әр түрлі екі күбылысты айкын беліп карастырған абзал, бүл айтылып өткен эрозия мен аңғардын, кеңістікте дамуы. Эрозия (тау жыныстарының ағын күші әсерінен механикалык шайылуға үшырауы, су арнасы түбіндегі тау жаныстарының ағын күшімен козғалған түйіртпектердің үйкелісі әсерінен кажалуы және тау жыныстарының химиялык жемірілуі) арна ағысының кез-келген бөлігінде айкын білінетін бірыңғай процесс.

Ал аңғардың кеңістіктегі дамуы регрессиялық (жоғары қарай есуі) трансгрессиялык (күйылыс сағаларының үзаруы), бүйірлік және тереңдік бағытгарда жүруі мүмкін. Бүған эрозиядан баска, көптеген басқа да табиғи қүбылыстар сырғымалар, опырылмалар, сусымалар, аккумуляция және г.б. эсер етеді (М.Жаидаев, 1994).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет