ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Геоморфология» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет2/8
Дата13.06.2016
өлшемі1.01 Mb.
#133860
1   2   3   4   5   6   7   8

Рельефтің генезисі. Қазіргі геоморфологиянын, негізгі аныктамасынын. бірі -рельеф эндогендік және экзогендік процестердің өзара әрекетінің нәтижесінде калыптаскан. Бүл түсінік рельеф генезисінің жалпы үстанымы, дегенмен жеке рельеф пішіндерін зерттетенде, оларды пакты талқылап, мұқият талдау керек болады.. Жоғарыда айтылғандай, рельефтін ең ірі пішіндері -планетарлық мега- және макропішіндер, ал кейбір жағдайда рельефтін. мезолішіндері де эндогендік пішіндерге жатады. Ауқымы жағынан майда келген микропішіндер - көбінесе экзогендік рельефке жатады. Эндогендік және экзогендік процестер рельефтің калыптасуында өзара тығъіз байланысты. Әдетте эндогендік процестерден калыптаскан ірі рельеф пішіндерінен экзогендік процестер аркылы одан әрі күрделеніп жаңадан мезопішіндер және микропішіндер күрылады немесе, керісінше, жер бетіндегі кедір-бүдырларды тегістеп жазыктандътрады.

Қазіргі ғалымдар арасындағы көзкарас бойыніпа эндогендік рельеф қүрушы процестердің қайнар көзі жердіц жылулық энергиясы. Осы табиғат күшінің әрекеті жер койнауындағы заттардың гравитациялық дифференциясы және радиоактивтік ыдырауьг нәтижесінде туындайды, Ол жер койнауындағы гравитациялык және радиоактивтік процестерден, магманьщ кызуы және одан кейінгі салкындауынан, жер кыртысын құрастырған заттар көлемінін. өзгеруінен болады. Соның салдарынан жер кыртысы кабаттарынын. түтастығы айырылып-ажьграуына және калыптаскан тектоникалық жарылымдар бойымен блоктардын. ауысуына яғни дизъюнктивтік немесе пликативтік дислокация қүрылуьтна әкеп соғадьғ Кейбір тектоникалык, жарылымдар жер кыртысынын. төменгі кабаггарын жарып өтіп, тау жыныстарының балкыған ошақтарына дейін жеіуі мүмкін. Мүндай жарықтар жер беті мен оның қойнауларын жалғайтын түтіктер іспетті және осы каналдар бойымен жер койнауъгндағы балқыған заттар жоғары қарай үмтылады. Егер магма жердің бетіне шьгқпай жер қыртысыныц ішкі қабаггтарында катып калса онда интрузивті шоғырлар қалыптасады. Ірі интрузиялардың (батолиттер, штоктар) пайда болуы, олардың үстінде жаткан тау жыныстарының астасу түрлерініц өзгеруіне және механикалык, ауысуына, яғни пликативтік немесе дизъюнктивтік бүзылуына мүмкіндік туғызады. Енген магмалык шоғырлар кіріктіруші жыныстарына динамикалық кысым, жылу және химиялык, әсер ету нәтижесінде, оларды метаморфты жыныстарына ауыстырады.

Жанартау каналымен жер кыртысындағы жарыктарды бойлап жер бетіне газ, су буымен коса шығып төгілген магманыңкатаю процесі эффузивті магматизм, немесе вулканизм деп аталады.

Жер сілкінудіп, көпшілігі жер кыртысынын, терең койнауларындағы тектоникалық козғалыстардың, накты айтканда айырылып-ажырау дислокацияларының нәтижесі. Жер қойнауынан босаған энергия серпінді толкындар түрінде тектоникалык жарылымдар бойымен жан-жакка таран, жер бетінің тербелуі түрінде сезіледі. Жер сілкіну планета койнауындағы болып жаткан казіргі тектоникалык процестердін. айқын көрінісі.

Сайып келгенде, жер кыртысындағы тектоникалык қозғалыстар және олармсн коса тектоникалык жарылымдардъщ пайда болуы, блоктардың алмасуы, катпарлы козғалыстар, тереңгі магматизм, вулканизм әрекеті және жер сілкіну - міне осылар, жердін. ішкі энергиясыпын. көзі болып табылатын рельеф күрушы процестер. Дегенмен, осы процестер әсерінен күралған рельеф пішіндері жер бетінде өзгеріссіз түрде сирек кездеседі, олар өздерінің пайда болу кезеңінен бастап экзогендік процестердің әсеріне үшырайды , жәие соған байланысты өзгереді.

Экзогендік пропестердің негізгі кайнар көзі - жер бетіндегі су, ауа, литосфера материалының козғалу энергиясына ауыскан күн сәулесінің энергиясы. Экзогендік процестердің катарына жер бетінің ағын суларыныц, мұхиттың, теңіздің және көлдің рельеф әрекеттері, жерасты суларының, жел мен мүздың әрекеттері жатады. Аталған проііестерге гравитаниялык энергия (ауырлык күші) қатысады, сондыктан осы процестер таза экзогсндік болып саналмайды. Мысалы, рельеф пішіндерінің беткейлеріпде жүріп жаткан бір топ беткейлік процестерді айтуға болады. Ақырында, ғылым мен техниканыц карыштай дамуына орай, адамдардың шаруашылық әрекеттерінің рельеф құрушы фактор ретіндегі ролі жылдан-жылға өсіп келеді.

Жоғарыда айтылған рельеф қүрушы процесгер сирек жагдайда ғана жеке өтуі мүмкін. Рельеф гснезисін зерттеу кезінле геоморфолог әр уакытта рельеф пішіндерінің калыптасуында геоморфологиялык пропестердін, кайсысы басымдау және олардың калыптасу тегін калай дүрыс аныктауға болады деген сүрактарға тап келеді. Сондыктан мүндай проблеманы таңдаған кезде төмендегідей мәселелергс көңіл аудару керск:


  1. Жер бетінің рельефі эндогендік және экзогендік процестердің өзара қарым-катынас әрекетімің нәтижесінде калыптасқан. Бүл тұжырым жалпы дүрыс болғанмен, әр жағдайда аныктап дәлелдеуді кажет етеді. Осы проблема талдауынын. алгашкы кезеңінде алдымен геоморфологиялык процестердің кайсысы басымдау екендігін анықтау керек. Бүл өте күрделі мәселс, демек тектоникалык және экзогендік процестердің к, а р к ы н д ы л ы і ы ө з а р a ш а м а л а с. Мы с а л ы, т е к т о н и к а л ы қ көтерілудің орташа жылдамдығы жылына миллиметр немесе миллиметрдің оннан бірі болса, онда жер бетіндегі денудация процесінің орташа жылламдығы, немесе мүжілген магериалынын, шоғырлануы сол катарлы мөлшерде саналады.

  2. Бүрын бір агенттердің әсерінен калыптасқан рельеф пішіндері қазіргі кезде баска агенттердің ыкпалына үшьтрап кетуі мүмкін.

  1. Бірак, көбінесе жер бетіндегі рельеф пішіндері бірнеше табиғи процестердің катар ықпал ету әсерінен қалыптасады.

  2. Әр қатарлы рельеф пішіндерінің калыптасу тсгін апыктау жолында мынандай зандылыктарды байкауға болады: рельефтің ірі пішіндері жалпы эндогендік процестермен байланысты, ал оның бетінде дамыған кіші-гірім пішіндер экзогендік процестердіы. нәтижесі. Мүндай жағдайда алдымен рельеф пішіндерінің мөлшеріне назар аударылуы тиіс.

Әдетте планетаның ірі пішіндері (мегарельеф және макрорельеф) эндогендік процестер нәтижесінде қалыптасады. Мезопішіндердін, морфологиясы тек сирек жағдайларда ғана тектоникалык процестерге тәуелді. Үсақ пішіндердің басым көпшілігі экзогендік процестермен байланысты.

Ежелгі заманда бастаушы процесс ретінде болатүрып, казіргі кезде оның әсері тоқталса да түбінде сол процестін. әсері казіргі жер бетінің пішіндерінде сакталып, айкын бейнеленуі мүмкін. Мысалы, ежелгі (кеш плейстоцен) мүз басу аймақтарының мүзды-аккумулятивтік пішіндерін келтіруге болады. Қазіргі кезде бүлар баска процестерге үшыраған, бірак олар бүрыңғы әсер еткен процестерден калыптаскан сол морфологиялык бейнесін айтарлықтаи сактаған.

Егер рельеф пішіндерінің калыптасуында бір, екі немесе бірнеше факторлар катыпасса, оида рельефтің комплексті жолмен калыптасқандығыи айтуға болады.

Рельеф генезисі көбінесе далалық зерттеу мәліметтері көмегімен аныкталады. Рельефтің аккумулятивтік пішіндерінің геиезисін белі ілеу үшін оларды күраптын шегінділерді жан-жакты зерттеудің маңызы зор. Аллювиалдык, пролювиалдық, теціз жэне тағы баска шөгіндіпер көп жағдайларда ерекше литологиялық және морфологиялық қасиеттерініц комплексіне ие және олар күраған аккумулятивтік пішіндердің калыптасу тегітуралы белгілі дәрежеде мәлімет алуға мүмкіндік береді.



Рельефтің жасы. Геоморфологиялык зерітеудегі негізгі максат - рельефтін морфография, морфометрия және генезисін белгілеумен катар, оның жасып анықтау. Ал гсологияда тау жыныстарының. жасы жалпы геологиялык карталардың негізгі мазмұны болып саналады.

Тау жыныстарының геологиялық жасы стратиграфиялык және палеонтологиялык әдістермен аиыкгалады. Сон.ғы кездері тау жыныстарының геологиялық жасы нактылы (абсолюттік) геохронология тәсілдерімен дс толыктырылуда. Геоморфологияда рельеф пішіндерінің жасын белгілеу күрделі мәселе, өйткені геологиялык әдістер тек рельефтің аккумулятивтік пішіндерініц жасын анықтауы мүмкін, ал денудацияланған рельефтің жасын белгілеу киынға түседі. Сондыктан геоморфологияда геология ғылымына үксас рельефтің "салыстырмальг" және "нақтылы жасы" туралы үғымдар колданылды.

Р е л ь е ф т і н. с а л ы с т ы р м а л ы ж а с ы. Геоморфология ғылымында рельефтің салыстырмалы жасы туралы бірнеше түсініктер бар.

1. Кез келген аумак рельефіпіц дамуы, В.Дэвистің айтуынша, бір кезеңнен екінші кезеңге өту процесі, яғпи сатылы процесс болып табылады. Сондык.гап рельефтін, салыстырмалы жасы деген үғымды сол рельеф пішіндер дамуының сатыларын

аныктау деп түсінуге болады. Мысал ретінде, өзен аңғарларының дамуын карастыруға болады. Алғашкы кезенде өзеннің шамалы мөлшерлі, аздап кана ойдымдалған, жемірілу, (эрозиялык.) процесіне аса үшырамаған аңғары болады. Кейіннен арна өзінің ламу барысында астында жаткан түпкі тау жыныстарын жемірілу нәтижесіиде терендей түседі, бірак оның бойлык бейіні теііс болмай, ойлы-қырлы жерлері көптеп кездеседі. Бүл өзен аңғарының жастык кезеңі (стадия юности речной долины). Арнаның одан әрі тілімделуі өзеннің үзынбойлық тепе-теңдік кескінінің калыптасуына әкеліп соғады. Сондыктан аңғардың тереңделу проиесі онын, жағалауларын шаю аркылы, кеңею процесіне ауысып, өзен жайылмалары мен терассалар қалыптаса бастайды. Нәтижесінде өзен аңғары жетілу кезеңіне көшеді (стадия зрелости речной долины). Одан кейін бүйірлік эрозия әрекетінен жайылмалар кеңейе береді. Қалыптаскан кең жайылмалардың үстінде өзен иіріліп ағып, ағыны бірте-бірте баяулап, арнасы одан әрі иірімделе түседі. Акырында өзен өзінің дамуының соңғы кезеңіне, яғни шөгу кезеңіне тап келеді (стадия старости речной долины).

Сөйтігі, рельефтің салыстырмалы жасын білу деген түсінік -бүл оның морфологиялық және динамикалық белгілеріне қарай даму кезеңін анықтау.

2. "Реліефтін, салыстырмалы жасы" деген түсінік жер-бедері -
пішіндерінің өзара карым-қатынасын зерттеуде колданылады.
Жалиы айтканда, кез келген рельефтің пішіні, онын бетін
күрделендіретін және кейінгі кезде калыптаскан пішінінен
көнелеу болып келеді. Мысалы, Каспий-маңында төрттік кезеңнің
соңғы (хвалындык) кезінде қалыптаскан теңізді жазыктық кең
аукымды алып жатыр. Бүл жазықтық Хвалын теңізі шегінгеннен
кейін, алдымен теп-тегіс болған беті, кейін эрозиялық тілімделуге
үшырады, ал кейбір жерлерінде эолдык процестерімен кайта
өңделген. Әр түрлі құмды пішіндер қалыптасқан. Демек,
рельефтін. осы эрозиялык. және эолдық түрлері алғашқы
Хвалындык теңіз жазықтығымен салыстырғанда жас болады.

3. Егер әнгіме рельефтін акю/мулятивтік пішіндері туралы
болса, онда осы пішінді қүрайтын шөгінділердің жасы кәдімгі
геологиялык тәсілдер аркылы белгіленеді. Мысалы, орта төрттік
кезендегі шөгінділерден құралған өзен террасасынын. жасы орта төрттік кезеңге жатады. Ал, рельефтің өңдслген . я ғн и денудацияланған пішіндерінің жасьн апыктау киынға түседі. Бүл жағдайда К.К.Марков төменгі әдістерді үсынады.

1) Сәйкестендірілген шөгінділер арқылы рельеф пішіндерінін жасын анықтау (определение возраста рельефа по коррелятным отложениям). Кореляттік шөгінділер дегеніміз - катар жасты іпнғінділер деген үғым. Кореляттік тәсіл - шөгінділердің және рельеф пішіндерінің көнелігі бір мезгілде пайда болғандығына негізделген. Мысалы, жыра калыптасу кезінде онын. сағасында жыранып. тілімделуінен борпылдак жыныстардан жиналған ысырынды конус пайда болады. Осы ысырынды конусты қүраған түзілімдердің жасын іеологиялык тәсілмен аныктау. жыранын жасын аныктаудың кілті болып табылады.



2) Рельеф пішінің жастык шектелу әдісі (метод возрастных рубежей). Онын. мағынасы осы өңделген рельеф пішінніңтнменгі және жоғары шектерін белгілейтін шөгінділердің жасын аиыктау. Мысал ретінде төменгі суретті карастырайык.

Өзен аңғары неоген кезеціндегі теңіз шөгіиділерінің үстіне түзілген. Аңғардыңтубінде казіргі замаиғы аллювийдыцастында ежелгі төргтік кезеңнің мүздық іиөгінділері кадыптаскан Олай болса, біз карастырып отырған аңғар неоген және ежелгі төрттік кезеңнің аралығында калыптаскан, демек ол неогендік геңіз шөгінділерін тілімдеген, яғни одан жас жәнс де түбінде кдзіргі аллювийдің астында ежелгі төрттік кезендегі мүздык шөгінділері жатыр, демек одан көнелеу.



  1. Денудацияланған рельефтің жасын белгілеу (определение времени "фиксации" денудационного рельефа). Кейбір жағдайда мүжілген жазықтардың үстінде үгілу кабығы дам иды. Палеонтологиялык, палеоботаникалық және баска әдістермен аныкталған үгілу кабығының жасы сол мүжілген беткей жасы туралы сүракка да жауап береді.

  2. Фация ауысу әдісі (метод фацальиых переходов). Бүл әдіс палеонтологиялык к.алдыкдар кездеспейтін шөічнділерден күралған аккумулятивтік пішіндердің жасын аныктау барысында кол даны лады. Карастырған шөгінділерді палеонтологиялык калдыктары бар фация ауыскан шөгінділеріне дейін кеңістікте бакылау барысында осы екі шөгінділердің жасы бірдей екендігін анықтайды, олай болса олардан қүрылғап иішіндерде бір мезгілде иаііда болганын көрсстсді. Мәселен, өзен тсррасаларыиың жасын оларды күрайтын тылсым аллюииальды шөгінділердің көнелігі палеонтологиялык әдіспен аныкталған теңіздік - жағалаулык шөгінділерге ауысуын кддағалау иәтижесінде анықтауға болады. Сол сиякты денудациялык пішіндердін, жасын, мысалы, абразинлды теңіздік терраеаларды олардың аккумуляциялык шөгінділермен ауысу өңіріне шейіп кадағалау аркылы аныкталуы

МҮМКІН.

Р е л ь е ф т і ң н а к, т ы ж а с ы. Соңғы он шакты жылдарда радиоизотоптык зерттеу әдістерінің дамуы нәтижесінде шөгінділердін. және рельеф пішіндерінің жасын астрономиялык бірлік есебімен, яғни иактылы жыддар санымен аныктауға колданылып ж\р. Бұл үшін радиоактивтік элементтердін жартылаіі ыдырау мерзімін білу керек. Ал радиоактивтік элсменчтердін жартылай ыдырау мерзімі дегеніміз - бүл кез келген радиоактивтік элементке тиесілі барша атомдардың тсн. жартысы ыдырауға кететін уақьгг мөлшері..Ыдырау мсзгілі радиоактивтік ядролардың іш кі касиеттерімен аныкталады, о л коршаған op га көрсеткіштеріне (температура, кысым, заттың физикалык және химиялык жағдайы т.с.с) тәуелді емес. Сондыктан 6үл айтарлыктай сенімді тәсіл. Қазіргі кезде ray жыныстарынын нактылы жасын анықтау үшін радиокөміртектік (радиоуглеродный), калий-аргондык, фторлык, термолюминие-ценітік және т.б. әдістер кен колданылып жүр. Осылардын әркайсысының колдану шегі бар. Мысалы радиокөміртектік (С 14) изотоптың жартылай ыдырау мерзімі 5570 жыл. Ежелгі шөгінділердің және рельеф пішіндерінің нактылы жасып палеомагниттік әдіс көмегімен де аныктауға болады.

Сайып келгенде, рельефтің морфологиялык және морфометриялык. сипатгамасын, онып. гепезисін, жасын және ламу тарихын апык.тау геоморфология зерттеулерінің негізгі максаты.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:


  1. Реьефтің пішіндері мен элементтері және оның морфологиясы және морфометриясы.

  2. Рельефтің морфография мен морфомеотриясына байланысты топтастырылуы

  3. Рельефтің генезисі.

  4. Рельефтің жасы

Ұсынылатын әдебиеттер: 4,5,6
3 дәріс Рельеф түзуші факторлар.

Мақсаты: Рельеф түзуші факторлармен танысу.

Жоспар:

  1. Рельеф және тау жыныстар.

  2. Рельеф және геологиялық құрылымдар.

  3. Рельеф және климат.

3 дәрістің қысқаша конспектісі



Рельеф және тау жыныстар. Геологиялык, процестср нәтижесінде калыптасып, жеке-дара денелер түріндегі жер кқыртысының кұрам-бөлшектері болып табылатын, нақтылы құрам және құрылыс ерекшеліктерімен силатталатын табиғи минералдық агрегаттарды тау жыныстары деп агайды. Тау жыныстары өздерінің жаралу (қалыптасу) тегіне орай ірі үііі топка-шөгінді, магмалык және өзгерген метаморфтық жыныстарға бөлінеді. Әрбір тау жыныстары өздерінің сыртқы күштердің ықпалына карсылық көрсету кабілеті тұрғысынан гүрліше болын келеді. Әдетте тау жыныстары өздерінің төзімділік дәрежесіне қарай өте төзімді, төзімді, бейімделген және азырақ бейімделген жыныстарға бөлінеді. Тау жыныстарыныңтөзімділік к.асисті дегеніміз олардың үгілу, мүжілу процесіне беріктігі, ал бейімлелу - ағынды сулардың, желдің және баска экзогендік күштердің ықпалына бейім болуы.

Тау жыныстарының әр генетикалык топтары сыртқы күштердің әсеріне түрліше бейімделеді. Мыеалы, шөгінді тау жыныстары (лесс, қүмдар, малтатастар) үгілу процесі әсеріне төзімді, бірақта олардың көбісі ағынды сулармен, желдердің бұзу, кирату әрекетіне бейімделінген. Ал магмалық және мстаморфтық ж ы н ы с rap, к е р і с і н і іл е, а ғ ы. н д ы с у л а р д ы ң ш а ю ы н а аса бейімделмейді, ал үгілу нроцестерінің әсерінен тез бүзылады. Мүның себебі магмалық және метаморфтық жыныстар жердің терен, қойнауында белгілі термодинамикалық және химиялық элементтердің катынасуы жағдайында түзілген. Жердің бетіне шыққаннан кейін бүлар басқа жағдайға тап болады да, түрлі процестердің әсерінен (тотығу, гидратация, еру, гидролиз) бүзыла бастайды. Дсмек, жыныстардың бүзылу каркыны, олардыц физикалык-химиялық касиеттерімен қатар, нақты физикалық -географиялык. жағдайларымен анықталады, өйткені әрбір табиғи аймактын. тек өзіне ғана тән үгілу ерекшеліктері бар.

Кристаллы тау жыныстарына қараганда мономинералды, майда түйіршікті тығыз орналасқан массивты ақшылдау тау жыныстары физикалык. үгілуге төзімді келеді. Сондай-ақ, полиминералды гранит - мономинералды кварцитке қарағанда, тез бүзылады. Ал, гнейс минералдык күрамы жағынан гранитке ұксас болса да жіңішкеталшықты, жолакты текстуралы, яғни әр түрлі минералдардын, алма-кезек ауысуымсм сипаггалі анлыктап үгілу әсеріне мүлдем пкемді болады. Исгізгі жэне ультранегізгі м а гм ал ы к. ж ы н ы стар, о рта жә н е к.ы шқыл ж ы и ы ста р м с н салыстырғанда тез үгіледі.

Физикалык. үгілу каркындылығына тау жыныстарыпың жылу сыйымдылық (теплоемкость) пен жылуөткізгіштік (теплопроводность) касиеттсрі елеулі әсер етеді: жылу сыйымдылык. төмен болған сайын көрші жыныстар учаскелерінің кызу мен салқындау кезендегі температураның айырмашылығы едәуір болғандықтан, олардың тез бүзылуыпа әкеп соктырады. Тау жыныстарының суөткізгіштік касиеттері ле айтарлықтай морфологиялық роль атқарады. Әдеттс суөткізгіиі жыныстар жаңбыр және ерігсн судардың жер астына сінуіне қолайлы жағдай жасайды. Соның нәтижесінде су өткізііш жыныстар кеіі тараған аймақтарда эрозиялық пішімдер сирек дамыған, Керісінше, су өтпейтін катты жыныстардан құралған аймактарда, жер бетіндегі ағыстар жиі болып, эрозиялык пішіндердің көптеп дамуына жағдай жасайды. Тау жыныстарының су өткізгіштік касиеті олардың құрамына, накты айтканда катаю дәрежесіне (құмдар, малтатастар), кеуектілігіне (әктас, үлутастар, әр түрлі туфтар, пемза), иемесе жарықшақтылығына (әктас, доломит жыныстармен) байланысты. Айта кету керек, тау жыныстарынын. жарықшактық касиеті рельеф пішіндерінің құрылуы мен дамуына ерекше жағдай жасайды, көбінесе гидрографиялық торлардын. жазык беттегі келбетін калыптастыруға едәуір әсер етеді.

Тау жыныстарының ерігіштік қасиетінің де зор морфологиялық мағынасы бар. Жеңіл немесе салыстырмалы жеңіл еритіп жыныстар катарына ас түзы, гипс, әктастар, доломиттер жатады. Бұл жыныстардың, кең таралған жерлерінде карст процестсрмен байланысты ерекше карстык. рельеф пішіндсрі түзіледі.

Тау жыныстарының тағы бір касиеті - шөгу құбылысы, яғни топырактың ылғалдануынан нығыздалып, көлемі едәуір ксміп, соның нәтижесінде жер бетінің кейбір үлескілері төмен опырылып түсіп, көптеген шүңқыр пішіндерді қүрайды. Шөгу процссі кеуек топырактарда - лессте жэне лесс тэрізді жыныстарда байкалады. Ылғалдығы аз калыпгы жағдайда бүл жыныстардың механикалык беріктігі айтарлықтай. Ал, ылғалданганда олардың беріктігі кеміп, шөге бастайды. Сондыктан лесстың үстіне

салынған ғимараттар мен күрылыстар лесстің ыліандануы салдарынан лезде отырып, тіпті мүлдем шөгіп кетуі мүмкін. Бүл ғимараттардың кирауына әкеліп соктырады.

Сонымен тау жыныстарынын. физикалык және химиялык касиеттерінін. жиынтығы мынадай зандылыкты қамтамасыз етеді: түрақты тау жыныстары жер бетіыде оң пішіндерді құрайды, төзімсіздер - теріс пішіндермен бейнеленеді. Тағы да айта кететін бір жай, тау жыныстарының салыстырмалы тұрақтылық касиеті олардың химиялык. және минералдык құрамына ғана байланысты емес, олар көп жағдайда коршаған орта жағдайларына да тәуелді. Кейбір тау жынысы бір жағдайда тұракты болып, баска жағдайда тұраксыз, икемдеу болуы ықтимал. Сондыктан И.С.Щукин айткандай, зерттейтін аймақтын, рельеф түзілуінің морфологиялык мағанысын білу үшін, міндетті түрде пакты физикалык-географиялық жағдайда тау жыныстарынын бұкіл касиеттерінің жиынтығын білу керек.



Рельеф және геологиялык қүрылымдар. Тау жыныстары өздеріне тән қасиеттермен бірге жер кыртысында әр түрлі астасу жағдайда бір-бірімен әр алуан катынаста болып, литосфераның кандай да бір бөлігіндегі геологиялық кұрылымын аныктайды. Тау жыныстарының касиеттеріне байланысты экзогендік процестер әсерінен туындаған таңдамалы денудация (селективная денудация) салдарынан геологи ялы к қүрылымдардың кашалау (препарировка) процесі жүзеге асады. Нәтижесінде, бейнесі жыныстардын. күрылымымен белгіленген әр түрлі рельеф пішіндері пайда болуы мүмкін, сондыктан мүндай пішіндерді КҮрылымды бедерлер деп атайды. Сөйтіп тау жыныстарынын. касиетгері, олардың сырткы күштерге төзімділігі, геологиялық құрылым аркылы жер бетіиде көрініс береді. Сондыктан рельефтің к,алыптасуында геологиялык қүрылым ец мацызды факторлардыц бірі болып табылады. Тау жыныстарының әр түрлі геологиялық күрылымдары әр түрлі күрылымды денудациялык рельеф пішіндерінің қалыптасуын камтамасыз етеді. Бірақ қүрылымдык денудациялык рельефтің бейнесі тек гсологиялык құрылым мен байланысынан баска, сырткы күштер әсерінің сииагына және олардың каркындылығына, құрылған кабаттардыц төзімділігіне, олардың калыңдығыиа т.б. факторларға тәуелді. Енді геологиялык., кұрьілымдардын. түрлерін жәнс олардын. құрылымлык -денуда ц и ял ы қ ре льеф п і ш і нде р і м е н өзара б а й л a н ы с ы н карастыралык.

Әдетте тау жыныстарынын ксңістіктегі бастапқы жатыс жағдайы - кабаттардың жазық багытта астасуы. Мұндай жағдай шөгінді жыныстардан құралған платформаның үстіңгі қүрылымдық қатарында, яғни платформаның тыс кабаттарында кездеседі.

Мүндай жазық бағыттағы геологиялык күрылымдар жер бетінде тегіс бетті үстірттерде, таулы үстірттер мен« төрткіл өлкелерде кездеседі. Үстірттер мен төрткіл аймақтары Казакстапның онтүстік және батыс жағында дамыған. Таулы үстірттер Ресейде (Орта Сібір іаулы үстірті) және т.б. жерлерде кеи. алкапты алып жатыр.

Үстірт-жазык бағытта астаскан кат-кабат жыныстармен көмкерілген, коршаған ортамен салыстырғанда біршама биік орналасқан, көтеріңкі өлке. Айналасындағы беткейлер тілімделген, біршама тік құламалы кертпештене еңістеледі. Үстірттің үстіңгі кабаттары берік жыныстардан тұратын байырғы сауыт ролін аткара отырып, оның бетін біршама тегіс күйінде үдайы сақтайды. Тектоникалык тыныштық жағдайларында және үзақ уақыт эрозиялык, мүжілу процестері әсерінен үстірт аймақтарының рельеф пішіндері төрткіл өлкелеріне (рельеф островных столово-останцовых возвышенностей) айналуы мүмкін (8-сурет).





8-сурст. Төрткіл аймактардын рельеф пішіндері (О.К.Леонтьев, Г. И. Рычагов), 1988.

Онын. бұлай аталуының себебі жалпы жазықтық үстінде төбесі жайпак, айналасы құламалы үстірт жазықтардың кішігірім жұрнақтары (столовые останцы) шошайып шығып түрады. Олар кең даланын, ортасында арал тәрізденіп алыстан көрініп түрады. Мүндайларды Қазақстанда төрткіл (казақтың "төрткіл" - төрт бүрышты, яғнм төрт жағынан тік кертпештермен көмкерілген тегіс бетті тау жүрнақтары деген сөзден шыккан) деп атайды. Төрткіл аймактардын. окшауланған тау жүрнақтары Африканың шел және шөлейтжерлерінде, Қазакстанның Торғай, Маңғыстау, Үстірт және Бетпакдала өлкелерінің шеткі жағында кездеседі. Егер жазык бағытта жатқан түрақты және икемді, жұмсак.жыныстар жоғарыдан төмен карай бір-бірімен астасып жатса, жеміріліл тілімделген кезде, жемірілген пішіндсрдің беткейлерінде сатылы рельеф (ступенчатый рельеф), немесе құрылымдық терассалар (структурные террасы) түзіледі.



Кейде тау жыныстарының кабаттары тектоникалык. козғалыстардың әсерінен бір жаққа карай қүлап, енкіш орналасады. Мұндай жатысты моноклинальдык дейді (грек сөзінен monos - бір, жалғыз және kJino - еңкею, иілу деген сөздерден шыккан). Егер бір бағытта еңістенген кабаттардың төзімділігі әр түрлі болса, онда тандалмалы денудация әсерінен кабаттардың екі жағы ассиметриалы болып ерекше қүрылымды - денудациялық рельеф - куэста (испан тілінен cuesta-кия беткей деген сөзден шыккан) калыптасады. Мүнда куэстаның жайпак беткейі төзімді кабатының еңістену бүрышымен сәйкес келсе, карама-карсы жак кабаттары тілгіленген күламалы, тіктеу болады Куэста қыркқаларының мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Бұлардың мөлшері тілімделу тереңдігінен, төзімді жәнс икемлі кабаттардың калыңдығына жә н с о л а рд ы ң е ңі с те н у бұры !і[ ыііа байланысты. Бі р к а т а р ж а ғда й л а рд а куэстілер биік тау кыраттарын, мысалы, Үлкен Кавказ тауының Солтүстік баурайындағы Сеңгір тауларыпын. жотасын (Скалистые горы северною склона Большого Кавказа) күрай-лы. Ал кейбір жағдайларда б и і к г і г і б і р нем и с м е тр ге жетер-жетпес төбелерді құ-рады. Куэста рельефі Қазахстан ның коп аймактарында да кен. тараған.

Куэста рельефі дамыған аймақтарда эрозиялык торлардың бейнесі өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Өзен аңғарларының куэста элементтерімен және тау жыныстары қабаттарының астасу элементтерімен байланысты консеквенттік және субсеквенттік аңғарларды даралауға болады. Консеквенттік аңғарларда оның топографиялық бетінің еңкіштігі және кабаттарының қүлау бағыты бір-біріне сәйкес келеді. Субсеквенттік аңғарлардыц ағу багыты моноклинальды жаткам кабаттардың сағалану сызығымен сәйкес келеді, сондықтан олар консеквенттік аңғарлармен тік бүрыш арқылы киылысады. Субсеквентгік аңғарлардың көлденен. қимасы ассиметриялы. Субсеквенттік аңғарлардың скі жағасында жаңа салалармен тармақтар пайда болуы мүмкін. Куэстың үзын және жайпақ жағасымен аққан тармактардын. аңғарларын ресеквентік аңғарлар деп атайды, ал қарама-қарсы багыттагы кыска және көлбеу жағалардан акқан тармактардың аңғарларын обсеквенттік аңғарлар дейді. Қабаттардың моноклинальдык құрылымдары ірі антиклинальлы катпардар к.анаттарыпда және периклинальдарда жиі кездсседі.

Сондай-ак моноклинальдык. қүрылымдар тұзды күмбез күрылымдарынын, жиектерінде калыптасуы мүмкін.

Аса күрделі жер бедері катпарлы к.үрылымдардын дамыған аймактарында болады. Мүндай жерлерде рельефтің сипаты көбінесе қатпарлардың түріне, мөлшеріие, кабаттардың литологиялык күрамына, экзогендік күштер әсерінің үзактығына байланысты. Осындай жағдайларда рельеф пішіндері мен катпарлы кдрылымдар арасында әр түрлі баіілапыс болуы мүмкііі. Әдегге геологнялык күрылым мен рельеф пішіндерінің арасында тікелей немесе тура сәйкестік байкалады, мысалы, антиклинальға (он. гсологпялык күрылымдарға) жер бетінде төбслер меи қыраттар сәйкес қслсді, ал синклинальға (теріс геологиялык қүрылымдарға) - ойыстар сәйкес келеді.

Сөйтіп, он, геолопшлык қүрылымдарға лайықты рельсфтін. оң пішіндері, ал теріс геологиялык құрылымдарға жер бетінде гипсометриялық томен жаткан рсльефтің теріс түрлсрі жатады, Рельефтін мүндай пішіндері тура пішіндер лен аталады. Мысалы Керчь, Тиман жәнс Апшерон түбектеріндегі брахиантиклинальдық катпарларға төбешіктер және шамалы мөлшерлі қыраттар сәйкес келеді.

Кейдс катпарлы аймактарда топографиялык беті мен геологиялық құрылымыны ң арасында кері байланыспен сипатталатын айналмалы немесе инверсиялык рельеф пішіндері кездеседі. Мұнда оң геологиялык қүрылымының орынында жер бетінде теріс пішіндер тұзіледі, (антиклинальға - ойыс), ал керісінше, теріс геологиялык күрылымынын, орнында (синклинальға) - оң рельеф пішіндері қалыптасады. Бүл жағдайда антиклинальдардың өзектері (ядро антиклинали) синклиналь-дардыи. орта бөліктерімен салыстырғанда ерте мүжілу әсерінен тез бүзылады деп түсіндіруге болады. Сонымен катар, антиклиналь өзектеріндегі кабаттардың иілуі кезіндегі түрлі-түрлі бөлшектенуге үшырайды, ал бүл нак. сол өзектік жыныстардың сырт күштер әсерінеи тезірек бүзылуына әкеліп соктырады.

Ж о ғ а р ы д а а й т ы л г а н құрыл ы м д а р т е к т о н и к а л ы к жарылымдармен күрделенуі мүмкін. Мүндай жағдайда жер қыртысының блоктары бір-біріне карама-карсы бағытта жылжи отырып, рельеф бейнесіне әр түрлі көріністер береді. Жер кыртысының күрылысы интрузивтікжәне эффузивтік магмалык жыныстардың әсерінен одан әрі күрделене гүседі. Олар жер бетінде жиі ұшырасатын магмалык денелер мен шөгінді кабаттар арасындағы әр түрлі карым-катынастардың етек алуыиа әкеліп соктырады, Геологиялык күрылымдар рельефтің калыптасуында бір жерден екінші жерге дейін біркелкі болып сакталып калмайды және олар эндогендік және экзогендік процестермен катар накты физикалык-географиялыкжағдайларға байланысты калыптасады.

Рельеф пен геологиялык күрылымдар арасындағы өзара байланысты зерттеудің ғылыми және практикалык маңызьг өте зор. Рельефтің бейнесіне кандай да бір геологиялык құрылымдар тектоникалык козғалыстарымен катар әсер ететінін біле отырып, жеке аймактың рельеф пішіндерінің сипатынан геологиялык құрылымдар туралы және тектоникалык козғалыстардың бағыты мен каркыны жайлы болжамдар жасактауға болады. Жер кыртысының терендік к.үрылысын геоморфологиялык әдістермен зерттеу сон.ғы кездерде геологиялык - іздестіру жүмыстарының практикасында кең етек алған. Әсіресе геоморфологиялык әдістер аркылы мүнай мен газдың геологиялык құрылымдарын зерттеудің болашағы бар, сондыктан соңғы кездері геоморфологияда жаңа ғылыми бағыт - құрылымдык геоморфология (структурная геоморфология) - дамығаны кездейсок емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет