ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Геоморфология» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет4/8
Дата13.06.2016
өлшемі1.01 Mb.
#133860
1   2   3   4   5   6   7   8

Интрузиялық магматизм және рельеф. Магматизм рельефтің құрылуында маңызды және әртүрлі роль атк.арады. Магма өзінің жер койнауынан көтеріліп шығуы, суып катаюы жағдайларына карай пптрузмялык және эффузиялық жыныстарға белінеді. Интрузиялык тау жыныстары (лат. intrusio - игеру) магманың жер бетіне шығып үлгсрмсген жер кыртысы кабаттарына еніп кристалданған магма есебінен калыптаскан жыныстар. Жердін. іпгкі кабатында каткан магма баяу суиды да онын, толык кристалдануына жаідай гуады. Бүған гранит, сиенит. диорит, габбро, дунит т.б. жатады. Бүлар жер кыртысыпда түрлі пішінді интрузиялык июғырларды (батолитгер, лакколиттер т.б.) к.үрайд.ы. (28-сурет).

Батолитгер негізінен гранитоидтерден тұратын, қатпарлы құрылымдар өңірінде біршама жпі үшырасатын аукымы жүздеген км2-ге жегетіп иитрузивті шоғырлар. Бүлар жер қойнауларында суынып кристалдануы нәтижесінде калыптасып, кейіннен олардын. үетіндегі тау жыныстары кабаттарыпын. мүжілуі нәтижесінде ашылыи, сырткы күштердің әсеріне төзімділеу болғандыктан, жер бетінде коршаған ортадан анык дараланатын тау жотасы түрінде көрініс береді. Ірі гранитгік батолиттерге мысал ретінде Зеравшан жоталарынын. батыс жағыпдағы массив жәнс Кавказдағы Конгур-Алагез жотасының сілемі жатады.

Лакколитгер - саңырауқұлақ пішінді, үсті күмбез тәріздес, асты тегіс шоғырлар. Магма жарып сиысгыру қабаттары арасына кіргсн кезде кейінгілер күмпиіп жоғары көтеріледі де сонда пайда болған қуыска кептеледі. Сөйтіп мүндай интрузия кіріккеп тау жыныстары кабатгарымен үйлесімді астаскан. Беткі шөгінді тау жыиыстары экзогендік процестер әсерінсн шайылып кетсе, лаколиттер жердің бетінде түрлі пішін қүрайды. Әдеттс лакколиттер жеке дара немесе тобымен кездеседі де күмбез тәрізді кіші-гірім кыраттарды түзеді. Солтүстік Кавказдағы Минеральные воды қаласынын. жанындағы лакколиттер - Бестау, Такыр, Тсмір, Жыланды жэне баска таулар баршаға айн. Сонымен катар Қырымда да жер бетінде ерекшеленген лакколиттер бар (Аюдаг, Кастель тауы).

Лакколиттерден баска жер кыртысыпда желі (жила) тәрізді интрузиялык денелер кездеседі. Олар сиыстыру жыныстарын эр түрлі бағьптарда кескілейді. Сырткы күштердің әсерінен қапалған магмалык желілер жердің бетінде кабырға тәрізді тік жаткам такта пішіндес сығылма немесе дайка деп аталатын геологиялык КҮрылымды күрады. Бүл жср кыртысындағы тік немесе көлбеу бағыттағы тектоникалық жарылымдардың магмаға толуынан пайда болған интрузиялык дене. Оның калындығы бірнеше мм-деи бірнеше м-те дейін болады.

Тақташа интрузиялар немесе силл (пластовые интрузии) жер бетінде саты тәрізді болып келеді. Мұндай пішіндер таңдамалы денудациясы әсерінен күрылады. Осындай кашалғап кабатты интрузиялар Орталык Сібір кыратында кең тараған




28-сурст. Нсгізһ интрузиялык және эффузиялык күрылымдарын сурсттейтін нобайы. Л - жанартау жэне интрузия әрекеттсрінің өзара оаііланысының ксскіп-пішіні. Б - үзак уакыт мүжілу нәтижесінде жер бетінс көрініс бергеи нсгізгі интрузиялык жэне эффузиялык КҮрылымдар (Edward J. Tarbuk, Frederick K:Lutdens, 1990).

Эффузиялық магматизм жэне рельеф. Интрузиялык магматизмиен баска эффузиялык магматизм немесе вулканизм рельефте жпі кездеседі жәнс ерекше көрініс береді. Эффузиялык жыныстар (лат.еІТиБІо төгілу, жайылу) -жанартау өңешінен немесе жер кыртысындағы тектоникалык, жарылымдарды бойлап жср бетіне шығып төгілген магманыңсуып катаюынан пайда болған жыныстар.

Эффузиялык магматизм (вулканизм) - арнайы жанартаутану (вулканология) деген геология ғылымының зерттсу объектісі. Бірак бірқатар жанартаулар құбылыстарынын. геоморфологияға тікелей катынасы бар. Жанартауканалдарынын. жер бетіиде шығу мүржасына орай олар - кеңістікті, жарыкшакты жэне орталыкты деп үш түрге бөлінеді. Жанартаулардың кеңістікте аткылаулары аукымы жағынан кең таралған лавалық үстірттерді (платоларды) күрайды. Оларға Британиялык Колумбы жэне Индияның Декан лавалық үстірттері жатады.

Алайда казіргі геологиялык кезенде жанартау аткылауынын.

орталық түрі жиі кездеседі. Бүл жағдайда магма жер қойнауынан беткі қабатына белгілі бір нүктелерге бейімделіп шығады. Бүл "нүктелер" негізінен бірнеше тектоникалық жарылымдардың киылысуында орналасады. Магманың жер бетіне шығуы жанартау өңештері арқылы жүзеге асады. Аткылап шыққан балқыған лавалар және олардың катты бөлшектері жер бетінде конус тәрізді жанартау пішінін қүрайды. Оның төбесі дөңестеу келеді де, орта түсында тостаған тәрізді ойьгс - жанартау көзелігі (кратер) пайда болады. Көзелік түбіндегі көмейі (жерло) магманын. каналымен үштасады.

Жанартау өнімдерінің жер бетінде көрініс беру ерекшелігіне орай жанартау төрт морфогенетикалық түрлерге бөлінеді. Олар экструзиилық, эксплозиялық, эффузиялық және эффузиялық-эксплозиялык түрлер.

Экструзиялық (латын. extrusio - сығу, итеру) жанартаулар -кышкыл липариттік лавалардың сығымдала көтерілуі нәтижесінде калыптасқан күмбезді пішіндер. Бүндай лавалардың тез сууы салдарынан және өте тұтқыр болғандықтан, ағуы күрт бәсендейді де жалпы лавалық ағымдары болмайды. Бүлар тікелей жанартау көмейінде шоғырланады және сол жанартау ернеулері өңіріндегі күмбездерді күрайды. Осындай күмбездердің ауқымы көлденеңінен бірнеше шақырым, биіктігі 500 м-ден аспайды. Мұндай экструзиялық күмбездер Франциядағы Орталық массивте, Арменияда және басқа жерлерде кездеседі.

Жанартаудың эксплозиялык, сөйтіп ірілі-ұсақты кесектермен күлдердің және жанартау газдарының аспанға атқылауымен ерекшеленеді. Бүған мысал Маар жанартауы.

Маар жанартауы, конус пішіндес қүрылымымен айшықталмаған аткымалар есебінен қалыптасқан онша биік емес белестермен шектелген жайпақ түпті қопарылыс көзелігі (кратері). Қазіргі дүние жүзіндегі белгілі маарлар сөнген, калдық КҮрылымды пішіндер. Көптеген маарлар ылғалды климаттарда сумен толып, көлдерге айналған. Маарлардың аукымы көлдененднен 200 м-ден 3,5 км-ге дейін, терендігі 60-тан 400 м-ге дейін барады. Үзақ уақыт бойы мүжілу әсерінен жанартау аппаратыньгң бе^кі бөлшегі жойылған копарылыс көзелігін копарылыс күбыры (трубки взрыва) деп атайды. Бірқатар жағдайларда ертедегі копарылыс қүбырлары асанегізді

(ультранегізді) магмалык. жыныстармен - кимберлитпен голтырылған. Кимберлит - алмас түйіршіктерін кіріктіретін женттастар. Алмас кем орындары (Оңтүстік Африка, Бразилия, Якутия) негізінен кимберлиттік құбырлармен байланысты. Ендеше копарылыс кұбырлары алмас кендерін іздестіруде сілтемесі ролін аткарады.

Жанартаудың эффузиялық түріне оның көмейінен көтерілген сүйық лава ағыидарынын, лакылдай төгілуімен сипатталады. Бүған қалқанды жанартаулар жатады. Базальт құрамды лава ағындары аткылау ортасынан едәуір кашыктыкка жайылып кетіп ксң көлемді калкан тәрізді жайпактау келген жанартау төбелерін күрайды.

Калканды жанартаулардың кең тараған жері - Исландия аралы. Бүл жерде олардын. кіші көлемді түрі көп кездеседі. Мысалы, Диньгия жанартауының көлденеңі 6 км, биіктігі 500 м, көзелігінің көлденеңі - 500 м. Осы жанартаулардын. геологиялық кимасы лавалардын, бірнешс мәрте жер бетіне қүйылуымен байланысты, жанартау жыныстардың кат-кабаттал у ы м е н сип аттал ад ы.

Қалканды жанартаулардың бұдан баска кем, тараған жері -Тынық мүхиттағы Гавай аралдары. Гавай жанартаулары Исландия жанартауларымен салыстырғанда көлемі жағынан ірілеу. Гавай аралдарының ен. ірісі калкан текті үш жанартаудан КҮралған. Сонын, ішіндегі Мауна-Лоа жанартауы тен.із дсңгейінен 4170 м биіктікке көтерілген, ал тұбі 5000 м тереңдікте жатыр. Олай болса, оның жалпы биіктігі 9000 м-ден асып түр, демек, көлемі жағынан 6үл дүние жүзіндегі ең үлкен жанартау болып саналады. Аса зор мөлшеріне карамастан Гавайя жанартаулардын. жоталары жайпақтау, беткейлердің еңісі 3-10°-тан аспайды. Лавадан қүрылған жайпак жанартау төбесінің ортасында өте зор көзелік орналаскан.

Эффузиялык-эксплозиялык жанартаулардын. қалыптасқан кезінде лавалардын, жайбаракат төгілуі және ірілі-үсак.ты копарылысгар бір-бірімен алмасып отырған жағдайларда, лава ағымдарымен пирокластикалык материалдарының бір-бірімен кабаттала астасуы нәтижесінде кат-кабатты жанартаула.р (стратовулканы) пайда болады 30-сурет.

Мүнда лава жэне пирокластикалык материал (жанартау атпалары, шемектастар, жанартау үйінділері, құмдар, пемза т.е.с) есебінен жанартау көмейінің төңірегінде конус пішінді күрылымдар күрылады. Қат-қабатты жанартаулар жанартау күрылымдарының ішінде ең ірілерінің бірі болып саналады. Бүлардың ішіндегі биіктііі 3-4 км-ге жеткен гаулар да бар. Кейбіреулері тіпті 6 км-ге дейін жетеді. Оларға Жапониядағы Фудзмяма, Камчаткадағы Ключсвск, Корякск, Авача және Козельск, Мексикадағы Попокатепетль жанартаулары жэне т:б. жатадьғ Көптеген жанартаулардын. шындарында мәңгілік қарлар мен мүздыктар бар.

Жоғарыда айтылғандай, көптеген жанартау төбесінде гостаған тәрізді кіші-гірім ойыстар бар. Оларды жанартау көзелігі (вулканический кратер) дейді. Осы көзелік түбііідегі көмейі аркылы, жанартау заітары жер қойпауынан көтеріліп агкылаііды. Ірі жанартауларда бірнеше көзеліктер пайда болуы мүмкін, олар көбінесе жанартау беткейлерінде дамыған. Бүларды косарлас (паразитті) жанартаулар деп атайды. Көзеліктердің түбі лава жвне көзелік кабырғаларынан қүлаған тау жыныстарымен толады. Өте көлемді көзеліктер гавайя текті жанартауларда кездеседі. Мысал-ы Мауна-Лоа көзелігінің диаметрі 2400 м. Сөнген немесе уақытша сөнген жанартаулардын. көзеліктері суга толып келге айналады.

Жанартау көзелігі аткылау саны жиілеген кезде опың жан-жағы опырылып кетіп, кеңейіп ұлкен ойыс пайда болады да, оны кальдера деп атайды. Көлденеңі 30 км кальдерлер қазіргі кезде ғылымға белгілі. Кейде кальдера орасан зор копарылу әсерінен пайда болады. Кейіннен аткылау кайта басталса, кальдераның түбінде жаңа конус түзіледі.

Жанартаулардың аткылау кезінде шығатын сүйык лана жыныстары жер бетінде ерекше бедер қүрайды, бұл лаванын. ағу бейімділігі (аккыштығы) мен онын. құрамына байланысты. Өте қою және тұтқыр лава төскейдің жоғарғы жағында-ақ қатып үлгереді. Ал, лаванын. тұткырлығы өте жоғары болса, ол жаиартаудың көмейінде-ак катады да "лавалык бағана" немесе "лавалык бармак" күрайды. Бүған Антил иініндегі Мартиника аралынын. Мон-Пеле жанартауы жатады. 1902 ж. 23-көкекте осы жерде екі аггга бойы жер сілкініп, күл, су буы, улы газдар көкке аткылады. 8-мамыр күні копарылыс басталды. Тау басынын. тас-талканы шығып, отты газ бүлты мен лава бөлшектері төмен күлап, Сен-Пьер каласын қиратып, 30 мың түрғын құрбан болды. Бірнеше айдың ішінде жанартау өзегінен биіктігі жүздеген метрге жеткен бармаққа үқсас лава күмбезі көтеріліп, онысы біраз жылдан кейін бүзылып бітті. Осындай сығылып көтерілу әрекетінен пайда болған жанартауларға Камчаткадағы Безымянный, Шивелуч, Аляскадағы Катмай жанартаулары жатады.

Базальтты лавалар, керісінше бірнеше оншақты км-re созылған ағындардьі қүрауы мүмкін. Мысалы, Гавайи және Исландияда ұзындығы 60-70 км-ге жететін лавалардың кездесуі ғажап емес.

Лавалық тасқындар қатая бере үстінен күйінді кабыршақпен к.апталады. Егер кабыршактың астынан қатпаған лава ағып шык.са, онда лаваның ішінде грот немесе лавалык үңгірлер пайда болады. Үңгірлердің күмбез жағы қопарылып қүлайтын болса, олар рельефтін, теріс пішіндеріне айналады. Осындай куыстар мен теріс пішінді лавалык науалар (лавовые желоба) Камчатканың жанартау ландшафтарына тән.

Қаткан лава таскынының беті ерекше рельеф микропішіндерін түзеді: жакпартасты микропішіндер (глыбовый микрорельеф) және ішек тәріздес лава (кишкообразная лава). Жақпар тасты микропішіндер к.ырлы немесе балкыған жакпартастардың ретсіз үйілуінеи және көптеген үңгірлерден қүрылады. Мүндай пішіндер лаваның құрамыкда газдың аса көп болуынан және таскын температурасының төмен болғандығынан пайда болады. Ішек тәріздес лавалар шынымен өте зор ішектерді немесе бұратылып жаткан арқандарды көзге елестетсді. Мүндай көрініс температурасы жоғары лаваларға тән.

Газ лаванын. арасынан аткылап шыккан кезде, онып. бстіндс кішкепе шокы тәрізді үйінділср калыптасады. Мүидай бедерлерді горнито дсп атайды. Аткыламай, бір калыпта баяу шык.кан газдарды фумаролла дейді. Одан бөлінген бірқатар заттар атмосфералык жағдайларда коюланады да, газ шығып жаткан жердің айналасында шоғырланады. Жанартау аткылау-ынын, жарыкшак.ты түрі Исландияда кең тараған. Мүндн жанартаулардың тізбегі аралды оңтүстік-батыстан солтүсіік шығысқа дейін бөлген. Исландияның Үлкен грабсні дегсн тектоникалық ойыс жер қойнауында терең тсктоникалык жарылымдарымен үштаскан. Осы тектоникалық жарылымды бойлап жер койнауынан шыққан лава жан-жағына тарап, төңіректің барлығын түгел қамтыган. Лаваның жайылған аумағы 565 км2, колемі - 12 км3 Кеңістіктс аткылаулардың орасан зор жанартау әрекеті жакын арада Жаңа Зеландияның солтүстік аралдарында, Армения тауларында, Британиялык Колумбияда, Оңтүстік Патагонияда, Декан үстіртінде болған. Әр мезгілдегі лавалык.таскындар бірінің үстіііс бірі қабаттасып, аумағы бірнеше ондаған және жүз мындаған шаршы км-ге дейін жетеін түтас үсгірттерді к.алыптастырған. Мысалы, Колумбия лавалык үстіртінің аумағы 500 мын. шаршы км-ден артык, ал онын. қалындығы I 100-1800 м. Лава бұрын болған жер бетіндегі теріс пішіндердің барлығын қамтып, накты биіктігі 400-1800 м-ге жеткен теп-тегіс үстіртті қүрған.

Теңіз түбіндегі жанартаулар аткылаған кезде лаваның беткі кабаты судын. әсерінен тез суиды. Оған коса су кабатынын. едәуір гидростатикалык. кысымы лаваның жарылу процесіне кедергі болады. Сошли, себептерінен су түбіне төгілген лавалар есебінен калыптаскан эффузиялык жыныстар сырт пішіні шар тектес немесе көпшік түркылас денелерді күрайды. Әрбір шар тектес құрылымдардың ішкі қүрылысы концентрлі болып келеді, ал олардын. сырткы бсйнесі кеуек пішінді немссе шыны тектес қабатшамен капталған.

Жер бетіне төгіліп шыққан лавалар ерекше рельеф пішіндерін құрағаннан баска, бүрьшнан калыптаскан рельеф пішіндеріне де эсер етеді. Мысалы, лавалықтаскындар өзен аңғарларын бөгеп, оның бағытын өзгертуі мүмкін.

Эффузиялық магматизмнің рельеф құрайтын ролін айта отырып, жанартаулардың аткылау кезіндегі жер бетінің кенет өзгеріп кетуін де айту керек. Осыған байланысты коршағап ортаның жалпы табиғат жағдайы да өзгереді. Мүндай өзгерістер эксплозиялық жанартаулар аткылаған кезінде өте көп болады. Мысалы, Зонд бұғазындағы Суматра мен Ява арасындағы Кракатау жанартауы 1883 ж. 26 тамызда атқылағанда аумағы 75 імаршы км шамасындағы аралдың үштен екі бөлігі жарылысқа үшырап, күл-кокысқа айналған, атқылау материалдары аспанға 16 км-гс дейін көтерілген. Оның орнында тереңдігі 270 м теңіз шығанағы пайда болған. Жанартаудың копарылуынан теңізде биіктігі 300-м-ге жеткен цунами деген алыл теңіз толқындары калыптасыл, сонын, кесірінен ондаған кемелер суға кеткен, Ява мен Суматра аралдары жағалауында 37 мың адам қаза тапкам. Осыған үк.сас мысал Аляскадағы Катмай жанартауының 1912 жылғы аткылауы. Атқыламай түрғанда таудың биіктігі 2286 м. дүрыс конус гәрізді болған, атк.ылағаннан кейін конустың шыңы кираи, көлденеңі 4 км және терендігі 1100 м кальдера пайда болған.

Жанартау аймактарының да өзіне тән ерекше флювиалдық пішіндері к.алыптаскан. Еріғеп сулар, сазды ағымдар, атмос-фералык сулар жанартаулардың баурайларын шайып радиалды жыра жүйесін қүрайды, Оларды барранкостар деп атайды. Бүлар жанартау төбесінен радиалды таралған терең эрозиялык жыралар. Жалпы айтканда, жанартаулы аймақтарда өзен тораптарының бейнесі радиалды сипатымен ерекшеленеді.

Көптеген жанартау аймактарында, жер бетіне дүркін-дүркін ыстык су мен бу атқьглап түратын көздер кездеседі. Оларды гейзер (исландыктарша qeyser - күйып кету) деп атайды. Жер койнауындағы жарықты бойлап, терен.нен температурасы 100°-ка дейін жеткен ыстык су жоғары көтеріледі. Гейзердің көмейінен алдымен ыстык бу шоғырлары шығады, оған ілесе бірнеше ондаған метр биіктікке ыстъгқ су аткылайды. Сонъгмен бірге қатты күркіреген дыбыс шығады. Олардың атк.ылау мерзімі өте түракты болып, бірнеше мпнугган бірнеше слктгка дсйін жстеді. Ыстык су натрийдің, магнийдін., калиіідііі. кремнийдіи.түздарын көптеп ерітеді. Арасан шыккан манда бүлар судан шөгіп, куыс-кеуекгі ізбесті не кремнийлі туфтар түзеді. Гейзерлер Камчаткада (гейзср аңғарлары), Исландияда, Солтүстік Америкада (Иеллоусгон үлттык паркі), Жаңа Зеландияда байкалады. Гейзердің ыстьік суы үйлерді, жыльгжайларды (теплицаларды) жылыту, элекгр куатын алу үшін пайдаланады.

Эффузиялык жанартау әрекеті дамыған аймақтарда жер бетінде денудациялык және кашаланған пішіндер жиі тарайды, Мысалы, калың базальтты таскындар мен жамылғылар салқындағаннан кейін атмосфералык агенттср әсерінен мүжілпі-жарылып жеке-жеке бағаналарға айналады. Осындай тік бағыттағы, кейде көп кырлы багаиалар өзен немесе теңіз жағаларында тілімделіп кере-мет көріністерді елестетеді. Кейбір лавалық жамылғылардың үсті, көпбұрышты болшсктсрге жарылып, көптеген полигоналды микропішіндер күрайды.

Жанартау рельефінің үзақ уақыт мүжілу әрекетінен ең алдымен пирокластикалық (кесек бөлшектер мен түйіршіктер) бүзылады. Одаи кейін лавалык және баска төзімді магмалық заттар экзогенді кашалау әрекетіне үіпырап бүзыла бастайды. Ең соңында жанартау көмейінде кептеліп к.алған тік бағандарға үқсаған көмейтас (некк) сакталып қалады. Мүхит түбінде, су асты жанартаулары, жанартау кыраггары және баска да жанартаулы ірі қүрылымдар жиі гараған. Тынык мүхиттүбіндегі оңашаланған су асты жанартауларын "гайота" леп атайды. Олар 250-2500 м тереңдіктегі өңірде бапкалады. Кейбір ғалымдар гайоталарды, кезіндс су бетіне шығып түрған жанартау­лы аралдар к.алдығы деп есептейді. Бүл ғалымдардыц түсінігі бойынша үшкір төбесін су бстіне жакын деи.гейлердегі абразия әсерінеи жоғалткан бүл көне жанартаулар кейіннен төмен қарай лықсып кеткен деген тұжырымға келеді

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:


  1. Интрузиялық магматизм және рельеф.

  2. Эффузиялық магматизм және рельеф.

Ұсынылатын әдебиеттер: 4,5,6
6 дәріс Экзогендік процестер мен рельеф. Тау жыныстарының үгілуі.

Мақсаты: Экзогендік процестер мен рельеф және тау жыныстарының үгілуімен танысу.

Жоспар:

1. Тау жыныстарының үгілуі.

2. Үгілу қабығы.

6 дәрістің қысқаша конспектісі



Тау жыныстарының үгілуі. Тау жыныстарынын. үгілуі деп ауаның, су мен тірі организмдердің әсер ету нәтижесінде жер бетіндегі минералдар мсн тау жыныстарының бүзылып ыдырауын айтады.

Тау жыныстарынын. үгілу карқындылығы оның әр түрлі физика-механикалык қасиеттеріне және химиялык төзімділігіне байланысты. Жыныстардың негізгі касиеттеріне олардың каттылығы, түсі, еру касиеті, кат-кабаттылығы және тағы баска касиеттері жатады. Тау жыныстарынын. қаттылығы олардың механикалық әсерге төзімділік көрсетуі, мысалы, біртұтас катгы порфирит нсмесс кварцитке үқсас жұмырланған магмалық жыныстар баяу, бәсең үгіліп, жер бетінде дөңес бедерлерді күрайды, ал икемді, жүмсак жыныстар керісінше сыртқы, экзогендік әсерден жылдам бұзылып шайылып кетіп жер бетінің ойыс пішіндерін түзеді. Түсі акшыл жыныстар күн сәулесін шағылтады, ал кара түсті тау жыньгстары күн сәулесін өзіне тартып, көбірек кызып, өз аумағын үлғайтып жылдам үгіледі. Бұған мысал үшін гранитті алайық. Ол өзінің каттылығына карамастан шөлді аймактарда тез үгіледі, себебі оны қүрайтын минералдар әр түсті болады. Әр минералдың түсі әр түрлі болғандыктан олардьгң күн сәулесін кабьглдау касиеті де біркелкі болмайды, үлғаю коэффициенті де әр түрлі. Сонда жылыну мен суыну кезі алмасқан кездс бірнеше минералдардан құралған тұтас гранит тастар босап мүжіле бастайды. Осы гранит тастарды күрайтын кызғылт дала шпат минералы химиялык ыдырау нәтижесінде сазды топыракка айналып, кварц түйіршіктері кейін борпылдак. құм түйіршіктеріне ауысады.

Табиғат факторларына байланысты үгілудін. үш түрі бар. Олар: физикалык, химиялык және органикалык. Физикалык (механикалык.) үгілуге температураның өзгеруі, тау жыныстарының жарыкшактарында судың катуы мен еруі, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеті, булану, су құрамындағы тұздардың кристалдану процестері жатады. Физикалык үгілуде тау жыныстарынын, кесек тастары температураның күрт өзгеруіне байланысты көлемін бірде үлкейтіп, бірде кішірейтіп тұратындықтан шытынап сынады. Мүндай жағдайлар шөлді аймактарда және биік таулы өлкелерде жиі кездеседі. Әсіресе күн мен түннің ауысуына байланысты ауа тсмперагурасынын тәуліктік ауыткуынан тау жыныстарының күндіз катты кызып, түнде сууының зор маңызы бар. Температура жоғарылаған сайын тау жыныстарынын. сырткы бөлігі күн сәулесінен, ішкі бөліктерінен гөрі молырақ кызып, көлемі үлғаяды. Тау жыныстарынын. жылу өткізгіштігі біршама төмен болғандыктан олардың сырткы кабаттары кабыршактанып, ішкі массадан боліне бастайды. Ал, температура төмендеуінен тау жыныстарынын. сырткы кабаттары ішкі кабаттарға қараганда жылдамырак суиды. Сөйтіп, алма-кезек жылыну мен суыну тіпті ең төзімді, берік тау жыныстарынын. өзін бұзып ыдыратады. Тау жыныстарынын, механикалык ыдырау нәтижесінде олардың ауамен, сумен шектесуі әлдекайда арта түсіп, химиялық үгілудің дамуын жеңілдете түседі. Су және әр түрлі еріткіштер әрекетінен тау жыныстары еріп, сілтілену (выщелачивание) гидратация (су жұту), дегидратация (судап арылу), гидролиз күбылыстарын тудырады. Оттегі тотығуды күшейтеді, комірқышқыл газы судың химиялык белсенділігін жәие сутегі иондарының шоғырлануын арттырады. Химиялык процесс нәтижесінде жана минералдар пайда болады. М ы с ал ы, дала ш п атта ры м е н с л юда л а р ка о л и н итке, гидрослюдаларга айналады, ал ерітіндіге түскен заттар шайылып кетеді. Физикалык және химиялык. үгілулер бір мезгілде өтеді, бірак. накты физикалық-географиялық жағдайларға байланысты біреуі екіншісінен басым болады. Қуаңшылықты, биік таулы, полярлык аймактарда физикалык үгілу басымдау, ал кон.ыржай белдемдерде - ылғалды субтропиктік белдеулерде химиялык үгілу басым.

Химиялык кұбылыска көбірек үшырайтындар: әктастар, доломиттер, тас түздар, гипстер. Бүлар жеңіл еріп, сумен ерітіндіге шығады. Нәтижесінде жер бетінде әртүрлі куыс рельф пішіндері пайда болады, мысалы үңгірлер, карстық шұңқырлар, кұдықктар және т.б.

Органикалык үгілуде механикалык. және биохимиялық әрекеттер аркылы тау жыныстарынын. бүзылуы. Механикалык бүзуды өсімдіктер өздерінің тамыр жүйесі аркылы агкарады. Ағаштардың тамыры тіпті берік катты түпкі тау жыныстарынын, өзін сындырып едәуір бөлшектеп жібереді. Мысалы, өсімдіктердің тамыры каланың көшелеріндегі бетон, плитаны немесе асфальт кабатын тесіп өтетіні баршамызға аян. Механикалык әрекеттен басқа органикалык үгілу өсімдіктердің, жануарлардың,

микроорганизмдсрдің, бактериялардың, саңырауқұлақтардың, б а л д ы рл ард ы ң, кын ал арды н., м үктерд і ң б и ох и миялық әрекеттерімен тығыз байланысты. Олар өздерінің тіршілік етуі үшін, не болмаса өзі солғаннан сон. бойынан көптеген көміркышкыл газдарын және органикалық қышқылдарды шығарып тау жыныстарын бөлшектеуге және ыдырау үшін едәуір әрекет жасайды. Сөйтіп, химиялык жәие биохимиялық ыдырау процестері тоқталмастан өте береді. Үгілген тау жыныстарыныц көп бөлігі ешкашанда өз орнында калмайды, тасымалдау агенттері арқылы (салмақ күші, ағын сулар, жел күші, мұздык әрекеті) рельефтің төменгі ойпат аймақтарына және мұхиттарға барып шөгеді. Үгілу және үгіліске үшыраған бөлшек заттардың тасымалдануының және шөгінуінің жинақтык процестерін денудация (лат. denudatio - ашылу) немесе жалпы казак тілінде мүжілу деп атайды. Баскаша айтқанда, денудация - бұл тау жыныстарының бүзылуы, үгілуі және пайда болған үгінділердін. көтеріңкі аймақтардан салмақ күші су, жел, мүздың әрекетінен сырғып, ойыс өңірлерге шөгуі. Мүжілу нәтижесінде жер бетінде бір жағынан минералдык массалар өзгеріп орнынан ауысып түрса, екінші жағынан шайылу әрекетінен төменде жатқан түпкі қабаттар үнемі жер бетіне ашылып шығып, үгілу процесі одан әрі тереңдей түседі. Сөйтіп жер беті үдайы жаңарып, қүрлықтың көтеріңкі жерлелері төмендейді, таулар құлдырап жазыкка айналады, рельефтің бір түрі жойылып баска түрдер пайда болады. Акырында жер бетінің кедір-бүдыры тегістеліп денудациялык жазыктықтар (пенеплен) калыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет