Слайд – 3. Біз ауаның қандай қасиеттерін білеміз?
Т
оптастыру.
сығылады көрінбейді серпімді
жануды қолдайды түссіз мөлдір
Жерде жыл мезгілдерінің үзақтығы түрақты болмайды. Оның өзгеру себебі — прецессия құбылысының әсерінен болатын—күн теңелуінің ерте түсуі. Прецессия — Жерде оньщ түрлі беліктерін Күннің және Айдын, әр түрлі тартуларыньщ нәти-жесі. Жердің полярлық сығыңқы болуынан экваторлық белдеу-де бірқатар артық массасы бар. Экватор жазықтығы, жер орбитасының жазықтығымен, яғни Күн түрған жазықтықпен сай келмейтіні белгілі. Экваторының жазықтығын эклиптика ■ жазықтығына бүруға тырысып Күн Жердің жақын жатқан эква-торлық қалың бөлігін, қарама-қарсы жаққа қарағанда күштірек тартады. Бірақ Жер айналмалы дене.
Жарық беру белдеулері. Күнғе қарағанда Жердін. қозғалы-1 сында заңды өзгеріп отыратын белгілі орны, оның бетінде тро-пиктер (23 27' с. және о. е ) және полярлық шеңберлер (66°27' с, және о, е.) сызықтарымен шектелген қазіргі жарық беру бел-деулерінің (астрономиялық жылу белдеулері) орналасуына жағдай туғызады. Күннің солтүстікте түру биіктігіне және күн-нің ұзақтығына қарай жарық беру белдеулері бір-бірінен ай-ырма жасайды. Қүн горизонттан неғұрлым биік тұрса және жа-рық беру неғұрлым ұзашрақ болса, соғұрлым белдеу жылуды көбірек алады.
Тропиктердің аралығында (солтүстік — Шаян тропикі және оңтүстік — Ешкімүйіз тропикі) ыстық белдеу жатыр, оның же-рінде Күн жылына екі рет талтүсте зениттен түседі. Экваторда мұндай моменттер 6 айдан тең уақыт аралығымен (21 март жә не 23 сентябрь) бөлінген.
Тропиктерде Күн жылына бір рет — күн тоқырауы күні зенитте тұрады, ол Солтүстік тропикте — 22 июнь, Оңтүстікте — 22 декабрь. Экваторда күн әр уақытта түнмен тең, ал белдеудің басқа ендіктерінде олардың ұзақтығыньщ айырмасы аз (2-таб-лица).
Тропиктер мен полярлық шеңберлер аралығында орналас-қан қоңыржай белдеулерде Күн зенитте тұрмайды, бірақ 24 са-ғаттың ішінде міндетгі түрде күн мен түннің ауысуы болады, мұнымен бірге олардьщ ұзақтығы жыл мезгілдері мен ендіктер-ге байланысты болады. Полярлық шеңберлерде Күн горизонттан 47°-тан жоғары кетерілмейді. Жылына бір тәулік күн гори-зонт хыртына батпайды (тиіСті жарты шарда күн тоқырауы күні) және бір тәулік горизонттан көрінбейді (қарама-қарсы жарты шарда күн тоқырауы күні). Солтүстік поляр шеңберінен Солтүстікте және Одтүстіктен оңтүстікте суық белдеулер орна-ласқан. Полюстерде Күн жарты жыл бойы үздіксіз жарық беріп түрады, бірақ оның горизонттан ең биік жағдайы 23,5°-тан ас-пайды.
Тропиктер мен полярлық шеңберлердің сызықтары жылу белдеулерінің шекаралары ретінде шартты түрде ғана қабыл-да.нылады, шындығында температура Қүннің горизонттан биік-тігіне ғана емес, басқа да факторлардан, ең алдымен төсеніш беттің сипатына байланысты болады. Алайда бұл сызықтар күн сәулелері жердін, бетіне әр түрлі үзақтықта жарық беретін бел-деулер шекарасы болатыны сөзсіз. Жарық беру белдеулері — хабиғаттыц ендік белдеулерін бөлудің алғашқы негізі.
Тропиктік және қоңыржай ендіктерде
(рефракциялары есепке алынбайды)
ең ұзақ және ең қысқа күн
Ендіктер
|
Ең үзақ күн
|
Ең қысқа күн
|
0°
|
12 с. 00 мин.
|
12 с. 00 мии
|
10°
|
12 с. 35 мин
|
11 с. 25 мии
|
20°
|
13 с. 13 мин
|
10 с. 47 мин
|
30°
|
13 с. 56 мин-
|
10 с. 04 мин
|
40°
|
14 с. 50 мин
|
9 с. 10 мин
|
50°
|
16 с. 09 мин
|
7 с. 51 мин
|
60°
|
18 с. 30 мин
|
5 с. 30 мин
|
65°
|
21 с. 09 мин
|
2 с. 51 мин
|
66,5°
|
24 с. 00 мин
|
0 с. 00 мин
|
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Жердің фигурасы мен өлшемдері.
2. Жер құрылысы.
3. Жердің қозғалысы және оның салдары.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
№3 дәріс Жалпы географиялық заңдылықтар.
Мақсаты: Табиғғаттағы географиялық заңдылықтармен танысу
Жоспар:
-
Геосфера. Географиялық қабықша.
-
Құрлық пен мұхиттың таралуы.
-
Зоналылық.
-
Геосфера. Географиялық қабықша.
Жер бетінде су кеп. Ол 510 млн. км2-дің 361 млн. км2, яғни бүкіл ауданыньң 71%-ін алып жатыр. Қүрылықтың үлесіне 149 млн. км2 (29%) ғана тиеді.
Жерде су мен қүрылықтың белінуінде бірқатар ерекшеліктер бар. Құрылық оңтүстік (19%) жарты шарға қарағанда, сол-түстікте (39%) үлкен. ауданды алып жатыр. Солтүстік жарты шардың қоқыржай ендіктерінде түгелге дерлік қүрылық шеңбері, оңтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктерінде құрылык аз (гүгел су шеңбері); 60° с. е. құрылықтың алып жатқан ауданы солтүстікке және оңтүстікке қарай азаяды да, 60° о. ен-діктен солтүстікке және оңтүстікке үлғаяды. Солтүстік полярлық облысында су, оңтүстік полярлық облысты құрылық алып жатыр. Егер шекарасын жүргізсек, оньщ ішіне солтүстігінде Солтүстік Мүзды мүхитты түгелімен, ал оңтүстігінде Антарктиданы орналастырсақ ол шамамен 71° солтүстік және оңтүстік ендіктер бойымен өтеді.
Антарктидадан басқа материктердің барлығы да оңтүстікке қарай тарылады, батыста барлығында дерлік үлкен шығанақ-тар қүрылыққа сүғынып кірген, ал шығыста мүхит жағына шығып тұр. Солтүстіктен қүрылық кең тараған ендіктерден (60—70°) оңтүстікке материктер жалпы үш бағытта үш сәулемен созылып жатыр. Оңтүстік материктер солтүстік материк-тердің жалғасы тәріздес, олардан әр уақытта терең жер орта теңіздермен белінген. Солтүстікпен салыстырғанда оңтүстік материктердщ шығысқа қарай аздап ауысқанын оңай байқауға' болады.
2. Құрлық пен мұхиттың таралуы.
Жер бетінде су мен қүрылықтың бөліну ерекшеліктерін кез-дейсоқ деп қарауға болмайды. Олар Жерге қатысына қарай сыртқы және ішкі процестердің материктер мен мүхиттар қа-лыптастыруда қосылып тигізген әсерінен және планетаның тү-зілген 4—5 миллиард периоды бойы ол күрделеніп бытысқан болады. Бүл ерекшеліктерді жалпы қабылданған түсінігі әлі жоқ.
Мұхит бірыңғай, оныа кез келген нүктесінен, қүрылықты басып өтпей-ақ, кез келген басқа жеріне баруға болады. Дүние жүзілік деп аталатын бірыңғай Мүхит, шартты бөліктерге—мүхиттарға бөледі. Қазіргі уақытта төрт мұхит бөлінеді (4-таб-лица).
4 - т а б ли ц а
Мұхиттар ,
|
Көлемі (млн. км2)
|
Максимал тереңдігі (м)
|
Орташа тереңдігі (м)
|
Тынық
Атлант
Үнді
Солтүстік Мұзды
|
179,67 93,36 74,91 13,10
|
11022 9128
7450
5449
|
4028
3332
3897
1025
|
Мұхитты тұңғыш ғылыми бөлуді голландтық географ Варений 1650 ж. ұсынды. Ол 5 мұхитты: Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік және Оңтүстік Мүзды мұхиттарды бөліп шығардьі. Мүзды мүхиттардын, шекарасы полярлық шеңберлер бойынша жүргізілді. Мүхиттарды бүлайша бөлу XX ғ. дейін сақталды. Одтүстік полярлық шеңбердін, ішінде Антарктиданьщ орңаласқаны белгілі болғанда Оңтүстік Мүзды мүхитты бөлуді тоқтатты. Мөлшері мүлде шағын Солтүстік, Мүзды мүхитты бөлудің (басқа мүхиттармен салыстырғанда) қажеттігі де сондай-ақ күмән келтірді.
Солтүстік Мүзды мүхит туралы мәселе Халықаралық гео-графиялық конгресте 1912 ж. талқыланды; ешқандай шешімге келген жоқ, бірақ бірқатар елдерде, оның ішінде Россияда Ю. М. Шокальскийдің үсьнысы бойьшша Солтүстік Мүздьі мүхит полярлық теңіз деп аталды, ол сонымен бірге Атлант мүхитына жатқызылды. Картада үш мүхит қана қалды. Алайда 1935- ж. Солтүстік Мүзды мүхит Дүние жүзілік мұхиттыа мүл-дем ерекше белігі ретінде қайтадан «қалпына» келтірілді, сейтіп Совет Одағында басылып шығатын карталар мен кітап-тарда қайтадан пайда болды.
Материктердін, жағалауымен тура келетін мұхиттардың шекаралары күмән келтірмейді, ал судың бетімен өтетін жерлері шартты түрде ғана алынады. Әсіресе Атлант, Үнді және Тынық мүхиттарыньщ арасындағы олардын, оңтүстік бөлігінің (Оңтүстік мүхит көлемінде) шекараларын анықтау қиын. Шартты түрде олар Игольный (Африка), Оатүстік (Тасмания аралы) мүйістері және Горн (Оңтүстік Америка, Горн аралы) мүйісі меридиандарымен Антарктидаға қарай жүргізіледі. Түбінің рельефі бойынша шекараларды жүргізуге болады, бірақ олар да дәл бола алмайды. Үнді мен Тынық мұхиттардың шекаралары Азия мен Австра-лия аралығындағы бөлікте Малакка түбегінен Үлкен жәнё Кіші Зонд- аралдары доғасыньщ сйртқы жағымен Жаңа Гви-неяға және Торресов бұғазы арқылы Австралйяға өтеді. Солтүстік Мүзды мүхит Дежнев (Азия) мүйісі Уэльский Принці (Солтустік Америка) мүйісі сызықтары бойьшша Ты нық мұхитпен шектеседі. Солтүстік Мұзды мұхитпен Атлант мүхитының шекарасы күрделірек: ол Лабрадор түбегінен Баф-финов жеріне (Гудзонов бүғазы мен Гудзонов шығанағы Сол-түстік Мүзды мүхитқа жатады), ал одан кейін шығысқа қарай Дейвис бұғазы арқылы Гренландияға, Гренландиядан Ислан-дияға, одан әрі Фарерский аралдарына және Скандинавия түбе-гіндегі Стадланд мүйісіне дейін барады.
Антарктика мен Дүние жүзілік мүхитты қазіргі зерттеулер кептеген ғалымдарды оның„ оңтүстік бөлігінде өзіндік үлкен ерекшеліктер бар деген қорытындыға келтіріп отыр. Оңтүстік мүхитты бөлу қажеттігі туралы да пікірлер болды, бірақ оның шекаралары бүрынғыдан мүлде басқаша. Оңтүстік мүхиттың солтүстік шекарасын жақсы көрінетін полярлық сулармен қо-ңыржай ендіктің сулары қосылыс зонасы — шамамен 50° және 60° о.' е.1 аралығымен өтетін антарктида конвергенциясы фрон-ты бойымен жүргізуді ұсынады.
Құрылық Мүхитпен 6 ірі бөлікке — материктерге (конти-ненттерге) бөлінеді: Евразия, Африка, Солтүстік ' Америка, Оңтүстік Америка, Австралия, Антарктида және көптеген үсақ бөліктер аралдар бар, «Материк» деген үғымнан басқа «дүние жүзі бөлігі» деген де үғым бар — ол айналасындағы аралдарымен материк немесе материктің бір бөлігі (мәселен, Европа). «Дүние жүзі бөлігі» деғен үғым европалықтардың оларға бүрын белгісіз жерді ашумен байланысты шықты. Жа-ңадан ашылған жерлерді бүрынғы белгілі Ескі дүниеден өзге-ше Жаңа Дүние деп атады.
Американың екі материгі дүниенің бір бөлігі құрайдь, Евразия екі бөлікке белінеді — Европа және Азия. Дүние жүзі бөлігі небары алтау; Европа, Азия, Африка, Америка, Аветралия, Антарктида. Егер Евразияны дүниенің екі бөлігіне тарихи бөлу негіздел-ген болса, ал табиғатта олардың шекарасын шартты түрде ғана жүргізуге болады. Сондықтан да әр ғалымдардың түрліше жүргізетініне таңдануға болмайды. Шекараны Орал жотасының шығыс беткейінің табаны, Орал өзені, Каепий теңізінің солтүс-тік жағалауы және Қара теңізге қарай Кума-Маныч ойысы бойымен жүргізген ең қолайлы. Осылай бөлген кезде Кавказ түгелімен Азияға жатады.
Материктер бетінің мөлшері мен сипатына қарай өте әр түрлі. Евразия материгі қалған бес материктің эрқай-сысынан ауданы жағынан ғана едәуір басым емес, сонымен бірге бетінің өте күрделі еипатымен ерекше. Мүнда Жердің ең биік таулары және құрылық бетіндегі өте терең депрессиялар орналасқан. Әрбір материктің оны басқадан ажырататындай өзіндік ерекшеліктері бар, екі бірдей материк жоқ. Бірақ мұнымен бірге материктер бетінің сипатында ұқсас ерекшеліктері бар. Олардың әрқайсысы үшін және құрылық үшін тұтас ал-ғанда 1000 м кем биіктіктер басым болуы және биік таулардыа салыстырмалы аз таралуы тән, Таулар меридиандар мен параллельдер бағьпына жақын, бағытта созылған белдеулер құрай-ды (30—40°). Солтүстік және онтүстік ендіктің маңында орналасқан жоталардың шьщдары соншалықты биік келеді. Жерде әр түрлі биіктіктер мен тереңдіктердщ алып жатқан ауданының қатынасы жайлы гипсографиялық қисық сызық көрнекті түсінік береді. Әр түрлі биіктіктер мен тереңдіктерді алып жатқан изогипс (бірдей, биіктіктер сызықтары) және изобат (бірдей тереңдіктер сызықтары) аудандарын карталарда өлшеудің нәтижесінде алынған мәліметтер негізінде гипсогра-фиялық қисық сызық диаграммасы жаеалынады.
Гипсографиялық қисық еызықтан қүрылықта 1000 м кем биіктер, ал Мүхитта — 3000-нан 6000 м дейінгі тереңдіктер басым екендігі көрінеді. Биік таулар және терең су науалары Жерде өте аз орын алады. Гипсографиялық қисықты пайдалана отырып, құрылықтьщ орташа биіктігін, Мүхиттьвд орташа тереңдігін, жердің қатты бетінің орташа деңгейін және Жердің нақты физикалық бетінін, орташа деңгейін анықтауға болады.
Қүрылықтьщ орташа биіктігі 875 м. Дүние жүзілік мұхит-тың орташа тереңдігі 3790 м. Жер қыртысының яғни мұхитсыз қатты бетінің тегістелген бетінің деңгейі қазіргі Мүхит деңгейі-нен 2430 м темен орналасқан болар еді. Егер мұхиттың барлық суын осы деқгейден жоғары орналастырсақ, онын, деңгейі қазір-гісінен 250 м жоғары болған болар еді. Бүл деңгей Жердің физикалық бетінщ орташа деңгейіне қабылданады.
Гипсографиялық қисықты жердің қатты бетінін, қортынды-профиль ретінде қарауға болады, мүнда екі саты — материктік және мұхиттық болып айқын бөлінеді. Оның біріншісі Жеңілірек (гранитті) массалардан, ал екіншісі—онан ауырырақ (базальттық) массалардан пайда болған. Гипсографиялық қи-сықтың екі сатысы жердің бетінің құрылысына тән ерекшелік-терді анықтайды. Қисық сызықтық көлбеуінің елеулі өзгерісі биіктік пен тереңдік сатыларына' сай оны бірнеше бөліктерге: тауларға, қыраттарға, ойпаттарға, материктік қайраңға (шельфке), мате-
риктік беткейлерпе, мұхит түбі (табаны) жән терең суды науаға бөлуге мүмкіндік жасайды
-
Зоналылық.
Жеке материктер мен жеке мүхиттардың гипсографиялық кисықтарыньщ да сондай ерекшбліктері бар, ол жердің бүкіл беті үшін гипсографиялық қисық бөлігіне сай келеді.
Жердің бетінде су мен құрылықтың таралуы, сондай-ақ материктік бетінің сипаты географиялық қабықтың структура-сын анықтайтын маңызды факторлар қатарына жатады. Егер шар тәріздес фигурасы және Жердің айналымы, оның осі ке-ңістікте белгілі жағдайда түрғанда жер бетіне күн жылуының зоналы таралуын (экватордан полюс бағытына оның санының заңдылықпен өзгеруі), демек, географиялық қабықтағы да зо-нальдықты тудырады, ал су мен қүрылыстың әр түрлі тара-луы — зональдықтан жылу мен ылғалдың белінуінде едәуір ауытқулық себебінен және ірі региондардың (аудандардың) пайда болуынан болады.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Геосфера. Географиялық қабықша.
2. Құрлық пен мұхиттың таралуы.
3. Зоналылық.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
№4 дәріс Литосфера – географиялық қабықшаның құрамдас бөлігі.
Мақсаты: Литосфера қабығын құрап жатқан магмалық, шөгінді, метаморфттық тау жыныстарымен танысу.
Жоспар:
1. Жердің заттық құрамы.
2. Магмалық тау жынысы.
3. Шөгінді тау жынысы.
4. Метаморфттық тау жынысы.
№4 дәрістің қысқаша конспектісі
Жердің заттық құрамы. Жердің орташа химиялық құрамы метеориттердің орташа құрамының шамасындай деп саналады. Осы элементтер жоғарыда айтылған жер қабаттарында түрліше тараған.
Мантия қабаты кремний тотығына кедей, магний мен темірге бай тотықтардан тұрады. Тығыздығына қарағанда, жер ядросының тегі таза темір мен никель қоспасынан түзілгенге ұқсайды.
Жер қабығының құрамы. Жер қабығының құрлықтар құраған ең үстіңгі 10—15 км қабатының ғана нақты химиялық құрамын анықтай аламыз. 6000 химиялық анализді пайдаланып, осы қабаттың орташа құрамын есептеп шығарған американ ғалымы Ф. Кларк болды. Әрине, кейінірек ол санлар талай рет түзетілді. Дегенмен Ф. Кларктың 40 жыл сарп еткен еңбегін бағалап, атақты геохимик Л. Е. Ферсман жер қабығындағы әp элементтің проценттік мөлшерін оның кларкы деп атауды ұсынды. Қазіргі деректер бойынша, жер қабығының құрамына ең көп тараған — сегіз элемент. Олардың жалпы мөлшері салмақ процентімен есептегенде 98 проценттен асады.
Оттек - 46,50 Кальций — 5,79
Кремний- 25,70 Магний - 3,23
Алюминий – 7,65 Натрий— 1,81
Темір — 6,24 Калий - 1,34
Қалғандарының шамасы, %: Ті —0,52; көміртек 0,46; сутск - 0,16; Мп — 0,12; күкірт - 0,11. Қалған аталмаған элементтер бар-жоғы 0,37 шамасында ғана.
№ 2 дәріс. Тау жыныстары туралы жалпы түсінік.
Тау жыныстары дегеніміз бір немесе бірнеше минералдың табиғи агрегаттары. Бірнеше минералдан түзілген тау жыныстарын полиминералды (грекше «поли»—көп), жалғыз минералдан тұратын мономинералды (грекше «моно»— біреу) деп жіктейді. Тау жыныстарының минералдық құрамы, ішкі құрылысы және жер қойнындағы жату пішіні олардың пайда болу жайын көрсетеді. Жыныстың құрылысын оның құрылымы (структурасы) мен түзілімі (текстурасы) анықтайды.
Құрылымы деп тау жынысының кристалладану құрамында минералдық түйіршектердің абсолюттік және салыстырмалы мөлшерін, олардың пішінін, ішкі құрылысының өзгешелігін айтады. Түзілім (текстура) ұғымына тay жынысы бөлшектерінің кеңістікті өзара толтыру, онда орналасу жайын көрсететін ұйғарым кіреді.Жаралу тегіне сай барлық тау жыныстары үлкен үш топқа бөлінеді: 1) магмалық, 2) шөгінді, 3) метаморфтық.
Магмалық (грекше «магма» — қамыр, коймалжың) жыныстар магманың (күрделі құрамды силикатты қамырдай иленіп, балқыған заттың) кейінде қатып, кристалдануынан пайда болады. Егер магма жер астында кептеліп қалып, күшті қызу мен қысым әсерінен баяу (ендешс толык.) кристалданса, оларды интрузивтік (латынша «интро»— ішкі) немесе енген (внедрившиеся) тереңдік жыныстар дейді. Жер бетіне төгілген магманы лава дсп атайды да, оның қатаюынан пайда болган магмалық жынысты эффузивтік (латынша «эффзио» — төгілу, құйылу) немесе төгілген (излившийся) вулкандық жыныс деген ат қояды. Жанартау өзегін толтырған жыныстар кейін көкке атылып олардың күл-сынықтары, үгінділері жер бетіне үйілуінен құрылғанын пирокласты (грекше «пирос» — от, «класт» — үгінді) жыныстар дейді.
Магмалы тау жыныстар кремний қышкылының тұздарынан құралады. Соның мөлшеріне қарай олар төрт топка бөлінеді де олардың әрқайсының аты екі сөзден тұрады: І-орында интрузивінің атауы, екіншісі — оның эффузивтік үйлестігінің атауы.
I) Қышқыл магмалық жыныстарда SiO мөлшері 65процснттен артық. Оларға кварц пен дала шпаттарына бай гранит-липарит (риолит) тобы жатады.
2) Орта жыныстарға (Si02 шамасы — 65—52%) диорит—андезит тобы жатады. Олар да кварц жоққа тән, плагиоклаз (көбі) бен 15—30% қоңыр түсті амфибол, пироксен, биотит минералдардан құралады.
3) Негізгі жыныстарға құрамында 52—42% Si02 бар габбро—базальт тобы жатады. Олар негізгі плагиоклаздар (битовнит, анортит) мен 30—52% пироксендерден тұрады.
4) Ультранегізді жыныстардың химиялық құрамындағы Si02 мөлшері 42%-тен кем перидотит-пикрит тобы жатады. Олар темір. магнийге бай силикаттардан — оливин, пироксен құралады.
Қышқыл және орта магмалық жыныстардың шегінен жеке дара бөлініп, сілтілі жыныстар тобы сиенит-трахит шығады.Оларда бос кварц жоққа тән, құрамына К— Na-лы дала шпаттары мен амфиболдар, нефелин кіреді,
Шөгінді жыныстарға жер бетіндегі әр түрлі экзогендік процестер әрекетінен үгіліп, ысырылып, еріп, сонынан шөккен жыныстар тобы жатады. Жаралуына сәйкес олар үш топқа бөлінеді: 1) кесекті (үгінді),2) химиялық (хемогендік), 3) органогендік.
Кесекті жыныстар түпкі жыныстардың механикалық жолмен бұзылып, үгіліп. шайылуынан пайда болады.Құрылымына (кесектерінің мөлшеріне) қарай олар тағы үшке бөлінеді:
1) ірі кесекті қолсымалы, сусымалы, дөңбек, малта, қиыршық жинақтар немесе цементтелген (конгломерат, брекчия, гравелит,
2) құм, кұмтас, құмай (алевролит), 3) балшық (аргиллит).
Химиялық шөгінділер деп су ерітінділерінен тұнып шөккен жыныстар жинағын атайды. Олар құрамындағы минералдарға сәйкес әктасты (ізбестас, доломит, мергел), сульфатты (гипс, ангидрит), галогенді (ас тұзы, калий тұздары), алюминийлі (бокситтер), темір тотықты (қоңыр теміртас), кремийлі (опока, яшма, кремний-тақтатас), фосфатты (фосфориттер) түрлерге жіктеледі. Саз, балшық жыныстардың бірсыпырасы да химиялық жолмен түзіледі.
Органогендік жыныстар жан-жануарлардың, өсімдіктердің дене қалдығынан, кейде олардың тіршілік әрекеттерінен пайда болады. Оларға ізбес құрамды әк тастар, қабыршықтастар, кремиийлі диатомиттер, радиолияридтер, көміртек каустобиолиттер (грекше «каутоси жанар, «биос» — өмір) — шымтезек, коңыр және тас көмір, мұнай жанар тақтатастар жатады. Көбінесе хемогендік және органогендік жыныстар бірге, аралас пайда болады.
Шөгінді тау жыныстары қазіргі жер қабығының массасының 10 процентін құрап, онын бет аумагының 75 процентін жауып жатыр.
Метоморфтік тау жыныстары Жердің терең қойнауларындағы жоғары қызу мен күшті қысым магма жапсарларындағы қызу мен газ, булардың әсерінен өзгеріп, қайтадан жаралған (грекше «метаморфозис» — өзгеру) жыныстар тобын айтады. Бұлар слюда хлорит, талкь сиякты минералдарға бай болғандықтан әдетте сұр жасыл түсті келеді және құрылысы әрдайым толық кристалды, тақталанған, бір бағытта параллель бейімделген пішінге көшеді.
Метаморфтік күш (қысым мен температура ) өскен сайын тақтатас, филлит, кристаллы тақтатас, гнейстер, амфиболиттер (темір, магний тотықтарына бай) жыныстар реті құралады. Метаморфизм әсерінен кварцті құмтастан кварциттер, әктасты жыныстардан мәрмәрлар көмірлі жыныстардан графитті жыныстар пайда болады. Магма жапсарында одан бөлініп шыққан су буы, әp түрл газдар реакциясы әсерінен ізбестастардан скарндар, балшық-құмды жыныстардан мүйізтастар (роговик), бокситтен корунд жыныстары түзіледі. Өзін-өзі метаморфтау әсерінен базальт тұқымдастар амфиболиттерге,
өте негізді жыныстар (дуниттер) серпентиттерге (змеевиктерге) көшеді.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Жердің заттық құрамы.
2. Магмалық тау жынысы.
3. Шөгінді тау жынысы.
4. Метаморфттық тау жынысы.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
№5 дәріс Жер бедері, оның пайда болуы мен дамуы.
Мақсаты: Жер бедері, оның пайда болуы мен дамуын қарастыру.
Жоспар: 1. Жер бедері туралы түсінік.
-
Жер бедерін түзуші процестер.
-
Эндогендік процестер.
-
Экзогендік процестер.
Достарыңызбен бөлісу: |