ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»


б) Өсімдіктің генеративтік органдары



бет3/14
Дата09.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#124612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

б) Өсімдіктің генеративтік органдары

Гүлдің құрылысы

Гүлді өсімдіктердің көпшілігінің гүлдері қос жынысты болады , бірақ дара жыныстылары да бар .

Жабық тұқымды өсімдіктердің гүл құрылысы мына бөлімдерден тұрады: тостағанша жапырақшалары (тостағаншалары), жапырақшалары (күлте), аталық және аналық .

Өсімдіктердің көпшілігінің тостағаншасы жасыл болады. Күлте ашық реңді күлте жапырақшалардан құралады . Аталықтың аталық жіпшесі және екі тозаң қабы болады . Тозаң қапта тозаңдар (аталық клеткалар) пісіп жетіледі. Аналық төменгі жуантық бөлігі — түйіні ; ортаңғы жіңішкерек бөлігі— мойны және жоғарғы бөлігі — аузы болады .



Гүл шоғырлары

Гүлді өсімдіктер бірте-бірте дамыған . Гүлдің көлемінің кішіреюі оның өскелеңдігінің белгісі .

Табиғатта ұсақ гүлдер өте көп. Көптеген өсімдіктердің ұсақ гүлдері жинақтала келе гүл шоғырын жасайды .

Кейде гүлдер сабақты бойлай шығады: мысалы, інжу гүл, мойыл, қызыл қарақат. Мұндай гүл шоғыры шашақ гүл деп аталады. Егер гүл сағағы бұтақталған гүл шоғырын түзсе, күрделі шашақ гүл делінеді. Сұлының, тарының және сиреньнің гүл шоғырлары осындай. Егер сабақты бойлай шыққан гүлдердің гүл сағағы жоқ болса , онда мұндай гүл шоғырын жай масақ дейді , бұған тартар жапырақ мысал бола алады . Кейде масаққа гүлдер жеке-жеке орналаспай , оның орнында екінші қатардағы масақтар шыққан болса, мұндай гүл шоғырын күрделі масақ деп атайды. Барлық масақты астық тұқымдастардың гүл шоғырлары осындай болып келеді .

Гүлдердің барлығы сабақтың жоғарғы ұшына жинақталса — гүл шоғырының басқа типі пайда болады . Егер гүлдер гүл сағақсыз болса , онда гүл шоғыры шоқпарбас гүл болады . Беде гүл шоғыры осындай . Гүл сағағы бар гүлдер сабақтың жоғарғы ұшындағы бір нүқтеден таралса , шатырша гүл шоғыры түзіледі. Шатырша гүлдер жай шатырша және күрделі шатырша гүлдерге бөлінеді, егер гүл сағақтары бұтақтанбаса жай , ал гүл сағақтары бұтақтанатын болса — күрделі шатырша болады . Дегелек шөп , дөңгелек жапырақты бөлме қызыл қазтамағы , ақшұнақ өсімдіктерінің гүл шоғырлары жай шатыршалы. Күрделі шатырша гүл көп тараған мысалы , аскөк , сәбіз және басқа да көптеген шатырша гүлді өсімдіктер .

Жайпақ табақша тәрізді жуанданған сабаққа тығыз болып орналасатын гүлдер де бар. Мұндай гүл шоқтарды себет гүл дейді. Бақ-бақ , күльбаба, түймедағы, маргаритка , күнбағыс , кекіре , т. б. өсімдіктердің гүлдері осы типтегі гүлдер .

Кейбір гүл шоғырларында ұрықсыз гүлдер де болады , оның аналығы да, аталығы да болмайды , тек күлтесі болады . Түймедағының ақ «күлте жапырақшалары», күнбағыстың сары «күлте жапырақшалары» деген не ? Бұл жапырақ тәрізді пішінге енген гүл күлтесі болып табылады . Тақтадан тақтаны бойлай бес сайлы жолақты көруге болады . Ашық реңді гүлдер себет гүлді жиектей орналасады да , гүл шоғырларына насекомдарды еліктіреді. Ал нағыз түтік тәрізді қос жынысты гүлдер ажарсыз болады .

Кекіре гүл шоғырының жиегіне шыкқан гүлді бөліп алып , оның ішіне үңілейік. Онда аналық та, аталық та жоқ екендігін кереміз. Түтік тәрізді ажарсыз нақтылы қос жынысты гүлдер гүл шоғырының ортасында болады .

Шәңгіш шатырша гүл шоғырлы . Шатыршаны жиектей үлкен ақ гүлдер шыққан. Бұл дәл қағаздан тіліп алынған жалпақ қалақша тақта тәрізді. Гүлдің аналығы да, аталығы да жоқ. Ал нағыз ұсақ гүлдер осы гүл шоғырының ортасында.

Өсімдіктердің тозаңдану түрлері

Гүл орамының қандай мәні бар ? Оның кейбір гүлдерде болып, кейбір гүлдерде нашар дамуы неліктен ?

Бұл сауалға бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдін аналығының аузына түсу тәсілдерін зерттеу арқылы жауап беруге болады. Мұның екі тәсілі бар:жел арқылы тозаңдану және насекомдар арқылы тозаңдану.

Желмен тозаңданатын өсімдіктердің бастамашысы гүлді өсімдіктер — жалаңаш тұқымдылар болған. Мысалы , астық тұқымдас және көптеген сүректі өсімдіктердің тозаңдары да жел арқылы таралады .

Насеком арқылы тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді және хош иісті болады . Насекомдардың гүлдерге қонақтағанда оларға терең бойлап , бір гүлден екінші гүлдерге ұшып-қонып жүретіндігі неліктен ? Өсімдік бөліп шығаратын тәтті шырын насеком арқылы тозаңданатын гүлдерде терең орналасады . Бұл тәтті сұйықтықты шірне деп атайды. Көбелектердің, бал аралары мен жабайы аралардың ауыз органдары шірнені соруға бейімделген.

Шірнеден басқа гүлдің ашық реңді күлте жапырақшалары мен хош иісі де насекомдарды еліктіреді.



Ұрықтану

Тозаңқапта тозаң түйірлері түзіледі. Тозаң түйірінің ядросы екі ядроға бөлінеді. Тозаң түйірі аналық аузына түсісімен өніп, тозаң түтікшесін түзеді.

Гүл түйінінде сегіз клеткасы бар ұрық қалтасы орналасады, оның бірі жұмыртқа клеткасы. Тозаң түтікшесіндегі ядролардың бірі тағы да бөлініп, екі спермий пайда болады. Олардың бірі жұмыртқа клеткамен қосылады. Бұл тұқымнан ұрықтың дамуына бастама болады. Қалған спермий орталық клеткалардың екі ядросымен қосылады. Соның нәтижесінде Эндосперм пайда болады.

Тұқым

Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің, әсіресе гүлді өсімдіктердің тұқымында, бір клеткалы спорадан өзгеше, аналық өсімдіктен бөлініп, өз бетімен тіршілік еткенде тіпті өсімдік органдарына: тамырға, сабаққа және жапырақтарға жіктелген көп клеткалы ұрық болады.

Түқымда ұрықтан басқа қоректік заттар қоры: крахмал, белок және майлар болады, олар аналық организмнің өнімі. Өсімдік өздігінен қоректене алмайтын кезде ұрық қоректік заттар қоры есебінен дамып, өседі.

Құрғақ тұқымда барлық тіршілік процестері баяу жүреді. Тұқым бұл қалпында тіршілігін жоймастан айлап, кейде жылдап жата береді. Ылғалды ортаға тап болған түқым суды бойына көп сіңіріп, бөртеді де, клеткалары тез бөліне бастайды. Қоректік заттар ферменттер әсерінен ерімейтін күйден еритін күйге көшеді .



Жеміс

Жеміс тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана болады. Гүлдердің пішіндері сияқты олардын, пішіндері де алуан түрлі.

Гүл түйініндегі ұрық бүршіктерінің санына байланысты бір тұқымды және көп тұқымды жемістер болады. Жемістер егер бұрынғы түйін қабығы жеміс қабығына ауысқан болса, нақтылы жеміс, ал тұқым сақтайтын қап гүл тұғырдан пайда болса, жалған жеміс болады (мысалы, жержидек). 99999

Шырынды және құрғаң жемістер болады .

Ш ы р ы н д ы жемістерге: миуалы (қарақат, помидор, тұшала, жүзім, қызамық, мүкжидек), сүйекті (шие, алхоры, өрік, грек жаңғағы, долана, жестер), миуа тектес (асқабақ, қияр, қауын„ қарбыз, лимон, апельсин) жемістер жатады.

Қ ұ р ғ а қ жемістер ашылмайтын және ашылмалы болып екіге бөлінеді.

А ш ы л м а л ы құрғақ жемістерге: листовка (сарғалдақ тұқымдастар) бұршаққап (бұршақ, үрме бұршақ, сары қараған), бұршақын (левкой, шомыр), қауашақ (көкнәр, қалампыр, лалагүл, жауқазын) жемістері жатады.

Ашылмайтын қүрғақ жемістер мыналар: жаңғақ (жаңғашқа, емен), дәнек (бидай, қара бидай, арпа т. б.), тұқым ша (күнбағыс).



Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

1. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы неде?

2. Өсімдіктің вегетативтік органдарына не жатады?

3.Өсімдіктің генеративтік органдарына не жатады?



Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы, 2000ж.

  3. Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 ж.

  4. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 ж


9 Тақырып: Өсімдік организімінің алуан түрлілігі эволюция нәтижесі

Дәрістін жоспары:

1.Жер бетіндегі өсімдік әлемінің дамуы

2.Төменгі сатыдағы өсімдіктер

3.Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер



Дәрістің қысқаша мәтіні.

1.Жер бетіндегі өсімдік әлемінің дамуы

Өсімдіктер дүниесі шамадан тыс, тіпті көзге елестетуге келмейтіндей алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол эволюцияның барысында тоқтаусыз өсіп отырады. Бұл жағдайда стастикалық мәліметтер -өсімдіктер дүниесінің жартылай тармағына жататын түрлердің санымен оңай дәлелдейді.

Ең эволюцияланған систематикалық топқа жабық тұқымдылар бөлімі жатады. Олардың түрлерінің саны 300 мыңдай болады. Осындай алуан түрлі түрлілер, түр ішілік алуан түрліліктің есебінен (полиморфизм), бірнеше есе көбейеді. Дәлірек айтқанда жартылай түрлердің, рассалардың, популяциялардың есебінен артады. Бұлардан басқа бір түрдің өзінде, ареалдың әртүрлі учаскелерінде орналасқан, бір-бірінен айқын ажыратылатын бірнеше тіршілік формаларын кездестіруге болады. Түр ішілік өзгергіштік (полиморфизм) әртүрлі себептермен жүреді; бұл жағдайда –будандасу арқылы, екінші жағдайда -өсімдіктің әртүрлі жағдайларға, әсіресе қоршаған ортаның экстремальді жағдаына бейімдеушілігіне байланысты жүреді.

Бұған жусан туысы (Аrtemisia) айқын мысал болады.Оның түрлері солтүстік ендіктің барлық жерлерінде тараған: ыстық шөлді аймақтан бастап, арктикалық ендікке және таудың жоғарғы белдеулеріне дейін кездеседі. Олар басқа гүлді өсімдіктер өсе алмайтын жерде де өседі. Шамадан тыс құрғақшылыққа, тоырақтың құрамында тұздардың көп болуына, жоғарғы және төменгі температура ларға қарсы жауап ретінде өсімдіктің вегатативтік денесінің макроструктурасы, репродуктивтік органдары,сонымен бірге анатомиялық құрылысы және физиологиялық қасиеттері өзгеріске ұшырайды.

Өсімдіктер систематикасы табылған өсімдік түрлерін жан-жақты сипаттап, олардың құрылысы мен шығу тегіндегі ұқсастықтарды анықтайды, олардың өз ара байланысты және бірлес топтарын біріктіреді және осы топтың Жер тарихындағы эволюциялық дамуын зерттейді.

Зоологиядағы сияқты көп жылғы бақылаулар мен зерттеулер негізінде өсімдіктердің барлық тұқымдарынын, ғылымға негізделген егжей-тегжейлі классификациясы жасалды.

Жануарлар классификациясы көбінесе эмбриологиялық және палеонтологиялық мәліметтерге байланысты анатомиялық құрылыс белгілеріне негізделген. Өсімдіктер классификациясы негізінде өсімдіктердің көбею органдарының құрылысына сүйенеді.
2.Төменгі сатыдағы өсімдіктер

Бактериалар

Бактериялар — бір клеткалы тірі организмдер. Бактерия цитоплазмасында вакуольдер болады. Бактерияның басқа тірі организмдерден ерекшелігі, оның клеткасында қалыптасқан ядро болмайды. Алайда мұқият жүргізілген лабораториялық зерттеулер бактериялардың цитоплазмасында клетка яд-росында тән органикалық заттардың болатындығын көрсетеді.

Бактериялар — Жер бетіндегі аса ұсақ тірі организмдер. Олардың мөлшері бірнеше микрон ғана (микрон — 0,001 мм-ге тең өлшем). Көптеген бактериялық процестерді, әсіресе жұқпалы індет ауруларының

таралу себептерін күшті үлкейтетін микроскопсыз түсіну мүлде мүмкін емес еді.. Бактериялар денесінің пішіні қаоай қысқа таяқша тәрізді болып келеді, олар бактериялар мен бациллалар. Дене пішіні жағынан бактериялар мен бациллалар бірдей болғанымен де, тіршілік әрекетінде айырмашылықтар бар, бациллаларда споралары болады, ал бактерияларда ол болмайды. Пішіні шар тәрізді болса— кокктар, екі шар тәрізді болса,— диплококктар, тізбектелген болса, —стрептококктар деп ата-лады. Иілген түрлері де — вибриондар, спирпллалар және спирохеталар болады.

Бактериялардың тіршілік етпейтін жерлері жоқ, олар топырақта да, суда да, ауада да, жануарлар мен адам организмінде де болады. Тірі табиғаттағы зат алмасуда бактериялардың маңызы зор. Зат алмасу процесі бактерияларда өте шапшаң жүреді. Көптеген бактериялар топырақты азотпен байытып, оның құнарлылығын арттырады. Бұршақ түқымдас өсімдіктердің — ақ беде, бөрі бұршақ, т. б.— тамырларынан бактериялары бар түйіндерді табу қиын емес. Бактериялар жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі жойылған қалдықтарын бүлдіреді, көңді ыдыратуға қатысады және топырақтың минералдануына себін тигізеді. Адам спиртті, айранды, сірке қышқылын ашыту процесте-рінде бактерияларды пайдаланады. Алайда адам мен жануарлар организмінде паразиттікпен тіршілік ететін де көптеген бактериялар бар. Мұндай бактерияларды ауру туғызушы немесе патогенді бактериялар дейді. Туберкулездің, дифтериттің, күйдіргінің, сіреспенің таяқша тәрізді бактериялары өте қауіпті болады. Сіреспе бациллалары көңі көп, майлы топырақта тіршілік етеді де, адам денесіне сәл жарақаттанған жердегі қанға ену арқылы жұғады.

Ауру туғызушы бактерияларды өлтіру қиын емес. Олар қайнатқанда, кептіргенде және улы заттар әсерінен тіршілігін жояды. Олардың жарақаттанған, сыдырылған жерлерге еніп кетуінен сақтанудың оңай жолы — жарақаттанған жерге дереу йод түнбасын жағу.

Бактериялар қарапайым екіге бөліну арқылы көбейеді. Бұл процесс өте шапшаң — әрбір 15—30 минутта — өтеді. Көптеген бактериялардың спораларында тығыз қабық түзілетіндіктен, олар — 120°-қа дейінгі қызуға шыдайды. Бактериялар спораларының тіршілік әрекеті ұзақ жылдарға сақталады.


Балдырлар

Балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің үлкен тобын қамтиды.

Күнге қаратылған аквариум әйнектерінің жұқа жасыл түске боялғандығын жиі көруге болады. Бұл хлорелла балдыры (Жасыл балдырлар т и п і).

Көп тұрып қалған су қоймасынан алынған суды микроскоппен қарап, одан жылдам жүзіп жүрген тірі жасыл нүктелерді көруге болады. Бұл да бір клеткалы жасыл балдыр — хламидомонада (Жасыл балдырлар типі). Ол жақсы дамыған екі талшықтарының көмегімен еркін жүзеді.

Ақырында су қоймасынан жасыл түсті ұзын жіпті табу оп-оңай. Бұл жіп пішінді балдырлар. Олардың ішінде вошерия, улотрикс, т. б. сол сияқты түрлері кең тараған. Олар көп клеткалы, бірақ құрылысы өте қарапайым болады. Сәл ғана үлкейтіп, микроскоппен қарағанда жіптің цилиндр тәрізді жеке клеткалардан ұштары арқылы өз ара жалғасып тұрғандығын көруге болады, бірақ олар бір-бірінен қабық арқылы мүлде оқшауланған. Сондай-ақ мөлдір қабық арқылы түссіз цитоплазмадан ашық реңді хлорофилл көрінеді, бірақ ол жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей жеке дәнек түрінде емес, тұтаскан хроматофор қалпында болады. Спирогира балдырынын, хроматофоры ерекше әдемі.

Қоңыр балдырлар — теңізді мекендеушілер. Тынық мұхиттағы теңіздер мен солтүстік теңіздерінде ламинариялар өседі. Бұлар ірі балдырлар (ұзындығы 6 м-ге дейін жетеді). Ламинариялар ұрпақ алмастырып отырады. Ламинарияның өзі — жыныссыз ұрпақ. Ламинария тақтасында екі талшықты зооспоралар дамиды да, небары біраз клеткадан тұратын ұсақ өсімдік болып өнеді. Олардың бірінен сперматозоидтар, басқаларынан жұмыртқа клеткалар пайда болады. Жұмыртқа клеткалары ұрықтанғаннан кейін жаңа ламинария өсіп шығады.

Ақ теңізде қызыл балдырлар көп болады. Олардан мармелад әзірлегенде тоңбаны қатыру үшін шырын қайнатады.



Саңырауқұлақтар

Саңырауқұлақтар — хлорофилсіз өсімдіктер. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды кез келген жерден табуға болады. Олардың жіңішке жіпшелері әр түрлі өсімдіктерді, тұрғын үйлерді, азық-түлікті бойлай торлап жатады (мысалы, вареньенің көгеруі, жемістердің бұзылуы). Мұны тек қана төменгі сатыдағы саңырауқүлақтардың іс-әрекеті деуге болады.

Тұрмыста жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың қалпағы мен түбіртегін ғана саңырауқұлақ деп атайды. Шындығында бұл саңырауқұлақтың споралар пайда болатын жемісті денесі. Саңырауқұлақтың өзі топырақ астына көміліп жатады. Бұл көптеген гифалардан құралған саңырауқұлақ мицелийі болып табылады.Ол ұзақ уақыт өседі де, қолайлы бір жағдай туғанда мицелийден саңырауқұлақтың жемісті денесі өсіп шығады .

Саңырауқұлақ құрылысы жөнінде алғашқы түсінік алу үшін ең дұрысы нан немесе басқа азық-түлік зеңін қарастырған жөн. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың ерекше мицелий жіпшелерінде спорангийлер дамиды. Оларда көп мөлшерде споралар пайда болады да, ол жан-жаққа жел арқылы ете тез тарайды.

Қалпақты саңырауқұлақтардағы мұндай спорасы бар гифалар тығыз шоғырланып өседі және жоғары қарай қол шатырдың сым кермелері тәрізденіп таралады да, спорангийлер төмен салбырап тұрады. Саңырауқұлақтарда хлорофилл болмайды. Олар даяр органикалық заттармен қоректенеді. Саңырауқұлақтарды қоректену тәсіліне қарай тіршілігін жойған органикалық заттармен қоректенетін сапрофиттер және тірі өсімдіктер мен жануарлар организмінде тіршілік ететін паразиттер деп екіге бөледі.

Сапрофитті саңырауқұлақтардан адам үшін өте-мөте пайдалысы бір клет-калы саңырауқұлақ — ашытқы саңырауқұлағын атауға болады.

Бізге үйреншікті орман саңырауқұлақтары сапрофиттер болып табылады. Мұнда саңырауқұлақтар мен орман ағаштарының арасындағы қоректік зат-тар алмасуында да көңіл аударарлық құбыл6ыс байқалады. Көк терек саңыраукұлағы, қайың түбінде өсетін саңырауқұлақ, украиналық шие тү-бінде өсетін саңырауқұлақ деген аттардың өзінен-ақ бұл байланыс сезіледі. Саңырауқұлақ мицелийлері ағаш тамырын торлайды да, тамырға ми-нералдық ерітінді жеткізеді, ал ағаштан өзіне органикалық заттар алады.

Бірыңғай көңмен тыңайтылған топырақта адам қолдан өсірумен шұ-ғылданған қалпақты саңырауқұлақтардың бірі — қозықұйрық өседі (басқа қалпақты саңырауқұлақтарды қолдан өсіруге жасалған әрекеттердің бірде-бірі дұрыс нәтиже берген жоқ).

Паразит санырауқұлақтар да көп-ақ. Мысалы, фитофтора картоп үшін түйіні мен сабақтарын зақымдайды: Сферотека тұшаланың; ақ ұнтақ деген ауруға ұшырауына себепші болады.

Қарабидай, бидай және басқа да кейбір астық тұқымдас өсімдіктерде қастауыш саңырауқұлағы дамиды. Ол тек гүл түйінін бүлдіреді де, өсімдіктердің қалған жағы бір қалыпты дами береді. Астық түкымдас өсімдіктердің бүлдіретін қауіпті саңырауқұлақтардыд бірі — қаракүйе. Ол жұққан өсімдікте дән орнына паразиттік қара спораларынан тұратын қара шоқпарбас пайда болады. Астық тұқымдас өсімдіктер үшін дат саңырауқұлақтары да қауіпті. Ол әр түрлі өсімдік-иелерінде: астық тұқымдастарда және сарыағашта біртіндеп дамиды.

Адам және жануарлардың саңырауқұлақ ауруын қоздырушы төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар болып табылады (теміреткі, таз, актиномикоз).

Саңырауқұлақтардың адам үшін зор маңызы бар екені шүбәсыз.

Қалпақты саңырауқүлақтардың кө6пшілігін адам тамаққа пайдаланады. Саңырауқұлақтардың жұтымдылығы мен дәмділігі көптеген овощтардан асып түседі. Әсіресе сақырауқұлақтардың мына түрлері: ақ саңырауқұлақ, көк терек саңырауқүлағы және қайың түбінде өсетін саңырауқұлақтар мен майқұлақтардың, т. б. біраз түрлері бағалы болып табылады.

¥лы Отан соғысы жылдары пенициллин дәрісі кеңінен пайдаланыла бастады. Оны пеницилл саңырауқұлағынан әзірлейді. Ауыр науқастарды емдеу кезіндс қазір де осы дәрілер ойдағыдай қолданылуда.


Қыналар

Қыналар өсімдіктердің толық дербес тобы болмаса да, жеке бір бөлім (тип) құрады. Олар өсімдіктердің екі типінен құралган: саңырауқұлақтар және жасыл балдырлар.

Саңырауқұлақ гифалары беткі жағында тығыз, ал ішкі жағында гифалармен едәуір сирек тоқылған дене түзеді. Бұл торларда, мысалы, хлорелла, кейде жіп тәрізді, бір клеткалы жасыл балдырлар тіршілік етеді. Саңырауқұлақ пен балдырдың бірлесіп тіршілік етуі екеуіне де пайдалы. Балдыр гифа торының арасындағы ылғалды ортада тіршілік етеді. Балдыр түзген органикалық затты саңырауқұлақ гифалары сіңіріп алады. Қыналар ең тіршілік жоқ деген жерлерде де, мысалы, жалаңаш тастарда да тіршілік ете алады.

Қыналарды сыртқы пішіндеріне қарап қаспақты қына, жапырақ қына және бұта қына деп бөледі.

Қаспақты қыналардың барлық талломдарының субстратқа тығыз жабысып өсетіндігі сонша, тіпті оларды ажыратып алудың өзі қиын.

Олардың қалыпты тіршілігі үшін жаңбырдан, шықтан және тұманнан түскен су мөлшері әбдеп жеткілікті.



Ж а п ы р а қ қ ы н а н ы ағаш қабықтарынан тақыр жерлерден кездестіруге болады. Олар субстратқа талломдарының жіңішке өсінділері арқылы жабысады.

Б ұ т а қ ы н а л а р д ы ң талломдары өте бұтақты больш келеді. Олар көбінесе жерде, ағаш түбірлері меп діңдерінде өседі.

Қыналар негізінен вегетативтік жолмен көбейеді. Әдетте талломның үстіңгі бетінен бүршік тәрізді соредий өсіп дамиды. Олар саңырауқұлақтың біраз гифалары қоршаған балдырдың бір немесе бірнеше клеткаларынан құралған.

Кейбір қыналарға қысқаша сипаттама:

Көк терек қабығында, қаша мен шатырдың ескі тақтайларында қабырғалық алтын дақ жиірек ұшырасады.



Пармелия — қарағай қабығында сұрғылт көгілдір реңді ірі жұқа нан тәрізді, ол тіршілігін жойған шырша бұтақтарында ұсақ болып келетін қыналар.

Пельтигера — сұрғылт жасыл түсті, астыңғы жағында қара жолақтары бар, орманның дымқыл топырағында өсетін қыналар.

Исланд мүгі сұрғылт сары реңді, өте иіліп келген жіңішке жолақтары бар жапырақ тәрізді бұталы қына.

Бұғы мүгі немесе ягель тундраны жаппай жауып жатыр. Ягель солтүстік орта ендіктердегі құрғақ қарағайлы ормандарда өседі. Оның сабақтары жіңішке де, ете бұтақтанып өскендіктен тым әдемі түп құрады. Кепкен қыналар өте морт болғандықтан, аяқ астында сықырлап жатады.

Қызыл шоқпарбас — биіктігі 2—3 см, ұшы жазылыңқы болып келген өте кішкене сұрғылт жасыл түтікшелер. Түтікшелердің ашық қызыл жиекпен көмкерілгендігін жиі байкауға болады. Бүлінген ескі ағаш түбірлеріиде өседі.

Сақалды қына — сұрғылт ақ түсті тармақты ұзын жіпшелері бар қына. Ол көбінесе тіршілігін жойған шырша бұтақтарында жиі өседі.

Табиғаттағы қыналардың адам үшін де маңызы зор. Тіршілік жағдайларын онша талғамайтын болғандықтан басқа өсімдіктер үшін қажетті топырақ даярлауда (мысалы, жартасты жерлерде) қыналар жиі қатысады. Бұғылар, үй малдары және кейбір кемірушілерді азықпен қамтамасыз ететін бұл өсімдіктер тундра мен орман зонасының солтүстігінде көп тараған.



Исланд мүгі— кейде адамды қырғұлақ (цинга) ауруынан сақтап қалатын Қиыр Шығыста өсетін витамінді өсімдіктердің бірі.

2. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің құрылысы төменгі сатыдағыларға қарағанда күрделірек болады. Олардың көпшілігі сабақ пен жапырақтарға жіктелген. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің бірсыпырасының тамыры болады. Олардың көбеюінде де едәуір күрделену болған.



Мүк тәрізділер

Мүк тәрізділер типіне ең қарапайым құрылысты жоғарғы сатылы өсімдіктер жатады. Олардың денесі сабақ пен жапырақтарға жіктелмеген.

Мүк тәрізділердің бәрінде де тамыр болмайды. Олар субстратқа ризоидттрының көмегімен бекініп, солар арқылы су сорып алады.

Мүк тәрізділердің даму кезінде жынысты (гаметтофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпақтар алмасады.

Мүк тәрізділер типі екі класты: Бауыр мүктілер және жапырақ мүктілер кластарын біріктіреді.

Бауыр мүктілер класындағы өсімдіктер денесі субстратқа көлбей орналасады да, кейде бұтақтанады. Бұл кластың айрықша өкілі — моршанция. Ол батпақты бойлай, қурап кеткен жерлерде өседі. Оның денесінің төменгі жағынан ризоидтар шығады.

Жапырақты мүктер денесі сабақ пен жапырақтарға жіктелген. Сфагнум — жапырақты мүк. Ол батпақты және батпақ басқан ормандарда өседі. Негізінен ТМД-ның солтүстік аймақтарына тараған.

Сфагиум мүгінің құрылысы:. Сабағының ұшында ризоидтары болмайды. Сабағының ішкі құрылысы қарапайым. Оның сабағының ортасында ірі клеткалардан тұратын өзегі бар. Өзек ортасына сүректі цилиндр орналасқан. Сабақтың сыртқы қабатында ауа толған клеткалары болады.

Мүк жапырағы екі текті бір қабат клеткалардан тұрады: біреуінде хлорофилл болады да, екіншілерінде су толы (сулы клеткалар), түссіз, тіршілігін жойған клеткалар болады. Сфагнум мүгі ұрпақтарында жыныссыз және жынысты жолмен көбею алмасып отырады. Жынысты жолмен көбейетін ұрпақта аталық клеткалар (антерийдийлер) төбе бұтақ осінде орналасқан. Аналық клеткалар (архегонийдер) басқа бұтақтарда болады. Ұрықтану міндетті түрде суда өтеді де, соңынан жыныссыз ұрпақ—спорогоний дамиды. Спорогонийде пісіп жетілген споралар топыраққа түсіп, өнеді. Спорадан тақталы түзіліс өсіп шығады. Оның үстіңгі жағында ризоидтар мен бүр пайда болады. Мұнан былай бүрден жапырақтанған өркен дамиды.

Солтүстік зоналардың көптеген гектар жерін қаптап жатқан шымтезек мүгі — сфагнум шымтезектің пайда болуындағы негізгі кез болып табылады. Көлді жарып көрсе мүктің жағалықтан суға қарай қалай жылжитынын, қалқыма қабаттың қалай пайда болатынын, осы қабаттың төменгі шегі қалай көмірленіп, шымтезекке қалай айналатынын көруге болады.

Көл батпаққа айналады да, онда жинақтала келе батпақтың өзі шымтезек шығатын құрғақ шымтезекті орынға айналады. Біртіндеп шөптесін жабыны пайда болады.

Папоротник тәрізділер

Псилот тәрізділер, Псилофит тәрізділер, Плаун тәрізділер, Сына жапырақ тәрізділер және Папоротник тәрізділер Папоротник тәрізділер типіне жатады. Біз плаун тәрізділер, сына жапырақ тәрізділер және папоротник тәрізділер кластарының ең көп тараған кәдімгі түрлеріне сипаттама береміз.

Плаун тәрізділер — жапырақ-сабақты шөптесін өсімдік. Ең көп тарағаны кәдімгі плаун. Оларды шырша мен қарағайдың дымқыл ормандарынан кездестіруге болады. Плаунның сабағы жерге төселін өседі де, өркені жерден көтеріңкі болады. Споралар плаундардың көпшілігінін төбе жапырақтарында дамитын спорангийлерінде түзіледі. Спорангий түзілетін жапырақтардың реңі сарғыш жасыл болады да, масақ құрайды.

Споралардың өте тығыз қабықшалары болады. Қолайлы жағдайда споралардан өскінше дамиды. Бұл жьнысты ұрпақ болып табылады. Аитеридийлер меи археогонийлерде жыныс клеткалары пісіп жетіледі. Ұрықтанған жұмыртқа клеткалардан жаңа споралы ұрпақ дамиды.



Сына жапырақ тәрізділер класының кәдімғі өкілі — Қырықбуындар. Олардың топыраққа көлбей орналасатын тамыр сабақтарынан жіңішке тамырлар шығады. Сабағы тік, өте өзгеріске ұшыраған сабағы шоқтанып жиналған. Сыртқы клеткаларында кремнеземнің болуына байланысты бұл өсімдіктердің барлығы өте қатты болады.

Қырықбуындарда жыныссыз және жьнысты ұрпақтар алмасып отырады. Споралары көктемгі өркендер ұшына орналасқан спорангийлерде түзіледі. Бұл өркен споралары пісіп және шашылғаннан кейін тіршілігін жояды. Қолайлы жағдайға тап болған споралар өніп-өседі. Одан қырықбуының өскіншесі дамып жетіледі. Өскінше кішкене жасыл такта тәрізді болады. Онда жыныс клеткалары пісіп жетіледі. Ұрықтанған жұмыртқа клеткадан жыныссыз ұрпақ дамиды.



Папоротник тәрізді ірі өсімдіктер. Бұл кластың ең көп тараған түрі у сасыр. Қырықбуын мен плаун сияқты мұнда да жынысты және жыныссыз ұрпақтар алмасып отырады. Жаздың екінші жартысында папоротниктің әрбір жапырақтарының астыңгы бетінде көзге айқын көрінетін кішкене қоңыр бүртіктер пайда болады. Бұл қысқа аяқшаларға орналасқан спораигийлер шоғы, олардың үстін қол шатыр тәрізді дөңгелек тақталар бүркеп түрады.

Спорангийлерден төгілген споралар алғашқы бөліну кезеңінде жіптесіп балдырлар тарізді пішінде өніп-өседі. Сонан соң жүрекше пішінді хлорофилді тақта түзіледі. Бұл папоротниктің өскіншесі. Тақтаның мөлшері онша үлкен емес, 0,5 см шамасында. Оның бір жағынан антеридий бүртіктері мен бөтелке тәрізді архегонийлер түзіледі. Бір ескеретін нәрсе, бұл өскінше суға түсуі қажет — ұрықтану су өсімдіктері тәрізді жүреді. Папоротник өсетін дымқыл жерлерде жаңбырдан кейін шалшық пайда болады. Аитеридийлерден живчиктер жүзіп шығьш, архегоний ішіне өршелене кіреді. Бұдан кейіи өскіншедегі ұрықтанған жұмыртқа клеткадан папоротниктер өсіп шығады.

Папоротник тәрізділер біздің планетамыздың өсімдіктер дүниесінің даму тарихындағы тас көмір дәуірінде дамыған жоғары құрылысты алғашқы құрылық өсімдіктері болған.

Папоротниктер жапырақтарының таңбасы тас көмір қабаттарында сақталып қалған.



Жалаңаш тұқымды өсімдіктер

Ашық тұқымды өсімдіктердің ішінде шөптесін өсімдіктер болмайды, онда тек ағаштар мен бұталар ғана бар. Олардың тұқым бүрі ештеңемен қорғалмағандықтан жалаңаш тұқымды өсімдіктер деп аталған.



Жалаңаш тұқымдылар үш класты біріктіреді. Олар: Саговик жапырақтар, Бүрлілер,Қабықша тұқымдылар. Біз қылқан жапырақтыларға жататын бүрлілер класының бірнеше түрлерін қарастырамыз.

Кәдімгі қарағай өседі. Бұл қуатты биік ағаш. Көктемде жаңа өсіп келе жатқан өркендердің түбінен аталық бүрлер өсіп шығады . Олар масақ тәрізді гүл шоғырына жинақталған. Бүрлерде өте көп тозаң түзіледі. Өркеннің ең ұшында аналық бүр дамиды.

Қарағай тұқымының үстін тығыз қабықтар жауып тұрады. Олардың астында эндосперм және ұрық болады.

ТМД-да шыршаның онға жуық түрі кездеседі.Шыршаның практикалық зор маңызы бар. Оның сүрегі — тамаша құрылыс материалы. Сүректі құрғақ айдаған кезде карамай, канифоль, скипидар алынады.

Сібір май қарағайы өте көп тараған. Ол әсірәсе Батыс Сібірде көп өседі. Май қарағай сүрегі музыкалық аспаптар жасауға жұмсалады.

Қысқа қарай бал қарағайлардың жапырақтары түседі. Бал қарағайдың бірнеше түрлері кездеседі. Сібір бал қарағайы мен даур бал қарағайы кең тараған.

Бал қарағайдын сүрегі өте мықты. Онда қарамай көп болады. Соның нәтижесінде бал қарағай сүрегі суга төзімді болады да, оны кеме жасауға пайдаланады. Бал қарағай сүрегі қағаз өнеркәсібінде бағалы болып табылады.

Ағаштардан басқа кипарис тұқымдасқа жататын бұталы өсімдіктер де қылқан жапырақтыларға жатады. Кәдімгі арша — бұталы өсімдік, барлық жерлерде де кездеседі десе болады. Өте баяу өседі. Сүрегі өте мықты. Қарындаш даярлау ісінде қолданылады. Арша «жемісі» медицинада пайдаланылады.

Жер бетіндегі өсімдіктер дүииесінің дамуында жалаңаш тұқымды өсімдіктер, олардың ішінде әсіресе қылқан жапырақтылар, папоротник тәрізділерден кейін пайда болған жоғары дәрежелі өсімдіктердің екінші сатысы болып табылады. Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің төменгі класы, сондай-ақ ағаш тәрізді тұқымды папоротниктер мен басқа да өліп біткен топтар, тас көмір дәуірінде де болған. Қылқан жапырақтылар мезозой эрасының юра дәуірінде пайда болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет