ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет9/14
Дата09.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#124612
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Қалқан деп аталатын материктердің ертедегі кристалды ядросы көне заманда (эра) түзілген. Континенттік дамудың ұзаққа созылған кезеңдерінен кейін қалқандардың үстіңгі беті сәл көтеріңкі жазықтарға айналған. Ал одан соң тау түзу қозғалысы біркелкі көтерілмеген жеке үйінділердін ертедегі фундаментіи бүлдірген, мысалы, Қола түбегі. Қалқандардың ойыстарын те-ңіздер алып кеткен. Мәселен, Балтық қалқанының ойысында Ақ теңіз, ал Канада қалқанының ойысында Гудзон шығанағы бар. Ойыстармен қатар платформалар деп аталатып ертедегі фундаменттің көтеріңкі учаскелері болған, онда тербелмелі қозғалыстар болған. Жердің төмен түсіп су қаптаган жерлеріне шөгінді жыныстар жинала берген.Теңіз суы тек ойыстарды ғана толтырып қоймай, жазық рельефтің жарылған жерлерін де қаптаған. Лагуналар (саяз шығанақ) мен көлдерде түз және түзды шөгінділер жиналған да, олар химиялық шикізаттар кенін түзген, ал батпақты және шымтезекті жерлерде көмір түзіле бастаған. Мұндай құбылыстар Орыс платформасында да болған.

Тербелмелі қозғалыстар нәтижесінде құрылықтар мен теңіздер алып жатқан жерлер қайта өзгеріп отырған. Теңіз суы қайтқанда материктердің арасы косылып, ал қаптағанда бірінен-бірі бөлініп қалып отырған. Құрылықтар мен теңіздер алып жатқан жерлердің өзгеруіне байланысты климат та өзгереді: ,ол не теңіздік, не континенттік болады.

Климат өзгерісінің органикалық дүние мен топырақ қалпына да әсері тиіп отырады. Теңіздің соқпа толқынының дүлей күші су қайтқанда әлсірейді де, қаптағанда арта түседі, сонын, салдарынан соқпа толқын террасалары түзіледі.
3.Жер бедері формаларын қалыптастырушы процестер
Таулардың түзіліс процестері. Жер бетіндегі таулардың көпшілігі жер қыртысының кей жерлерінде қалыңдығы 12—18 км-ге дейін баратын шөгінді жыныстар жинақталған қалың қабаттарымен қоса созылып жатқан теңіз ойпаңдарында тау жасалу қозғалыстары нәтижесінде пайда болған. Қөлденең орналасқан қабаттар тау жасалу кезінде қатпарларға ауысад.

Қатпарлы зоналар жер қыртысындағы тербелмелі қозғалыстардың шапшаңдығымен сипатталады. Тік бағытта шапшаң қозғала алатын, қабаттары өте қалың болатын, вулкан әрекеті қызу дамитын белдік формасында созылып жатқан жер қыртысының қозғалғыш бөлігі геосинклиналъ деп аталады. Қатпарлық белдікте геосинклиналь да түзіледі.

Нашар созылатын жыныстар орналасқан жерлердегі қатпарлылық әлсіздеу болып білінеді.

Опырықтар. Жер қыртысының иілу процесі созылумен қоса қабаттасып келеді, ал кейде бұзылып отырады содан опырықтар пайда болады. Жер қыртысының опырықтарда кеткені тіке жарылған жарықтар бойымен төмен түседі. Бұл кезде горст деп аталатын дөңес жерлер немесе опырылмалы ойыс (грабен) деп аталатын ойлы жерлер түзілуі мүмкін.

Жер қыртысы қатпарланып, бітеліп жарықтарға магма топырағы қатып қалған жерлерде опырықтар пайда болған. Сондықтан да ондай жерлерде қатпарлар болмай, жарықтар шыққан.



Қатпарлар пайда болатын процестен тербелмелі қозғалыстардың айырмашылығы. Қатпарлар сияқты опырықтар да тербелмелі қозғалыстардан туған құбылыстар, бірақ олардың тербелмелі қозғалыстардан маңызды айырмашылықтары бар.

Жер шарында тербелмелі қатпар түзіліс процесі сирек болатын болса, қозғалыстар үздіксіз болып тұрады.

Қатпар түзіліс процесі жер үстінін, шамалы ғана учаскелерінде болатын болса, тербелмелі қозғалыстар барлық жерлерде кездеседі.

Тербелмелі қозғалыстарға қарағанда қатпар түзіліс процесі тез болады және онымен магма қабат жүріп отырады, балқыған лава массасы. қатпарларға күшпен еніп, сызаттар бойымен жер үстіне асып төгіледі.



Жер сілкіну. Жер сілкіну — төменнен және жан-жағынан әрекет еткен сілкіму әсерінен пайда болған жер қыртысының шапшаң қозғалысы. Жер сілкіну төменнен болса, сілкініс болған жердің үстіндегі заттар астан-кестен болады, ал сілкініс қиғаш соққан кезде олар көлденең бағытта жылжиды. Сілкіну онша ұзақ болмайды, бірнеше секундтарға ғана созылады, бірақ олар бірінің артынан бірі бірнеше жылдар бойы жүруі мүмкін. Мәселен, Алматыда 1887 жылы басталған жер сілкіну 3 жылға созылған.

Жер сілкіну көбінесе жер қыртысының 15—20 км тереңдігінде, ал кейде оданда тереңіректе болады. Мұның өзі жер қыртысының ауысу массасының қалыңдығына байланысты. Жер сілкіну Жерде тау түзілісі процесінің болып тұратынын дәлелдейді. Ол жердің қыртысын бүлдіріп кетіп отырады.

Жер сілкіну барлық жерде бола бермейді: таулы аймақтарда күшті де орташа жер сілкіну тіпті жиі болып тұрады. Жер сілкіну көбінесе кайнозой эрасында пайда болған альпі қатпарларының таулы аймақтарында болады. ТМД-да жер сілкіну Қырымда, Закавказьеде, Орта Азияда, Байкал аумақтарында, Қиыр Шығыста жиі болып тұрады. Дүние жүзінде орта есеппен жылына 100 мың жер сілкініс болады, адамдар соның 10%-тін арнаулы құралдардың көмегінсіз-ақ сезеді. Әрбір бес минутта Жер кейбір жақта қозғалып қалады. Қазіргі жер сілкінудің 80%-не жуығы Тынық мүхит жағалауында — Тынық мұхит шеңберінде болады. Жер сілкінудін, 15%-тейі Европалық — Азиялық шеңберде етеді.

Таулар мен іргелес терең ойыстар бар, жер қыртысы опырықтар сызаттарымен тілімденген, рельефі сан қилы болып келетін жерлерде жер сілкіну өте-мөте қатты болады. Жер сілкіну жоғарыда көрсетілген аудандардан басқа Атлант және Үнді мұхиттарының жағалауында да болып тұрады.



Жер сілкінулердің географиялық зардаптары. Жер беті өзгеріп, жер қыртысында сызаттар пайда болады, сол арқылы магма көтеріледі: бір жерлерде аралдар жойылып жатса, басқа бір жерлерде — жаңасы пайда болып жатады. Жер сілкінгенде жылжымалар, омырылулан, қар көшкіндері болады: омырылудан бөгет су көлі түзіледі. Мұхит түбінің сілкінуінен — теңіз сілкінуі — алып толқындар — цунами пайда болды, ол орасан үлкен қалаларды бірнеше секунд ішінде тас-талқан етіп жібереді. Мысалы, Лиссабон қаласында 1755 жылы осылай болды. Цунами сағатына 400—800 км жылдамдықпен таралады. Толқынының биіктігі 30 м-ге дейін барады.

Жер сілкінгенде Жер ішіндегі қабаттар ауысады да, вулкан әрекетінің күшейуіне мүмкіндік туады.



Вулкандар. Вулканның пішіні әдетте конус тәрізді болады.. Вулкан конусы атқылайтын заттардан вулкан төбесіндегі шұңқыр-кратер арқылы шығарылған лавалардан, сынык, материалдардан, күлден құралған. Вулкандар атқылауының әр алуандығы ең алдымен лава құрамына байланысты болады. Қышқыл лавалар (құрамында кремний тотығы көп болады) тұткыр,олар баяу (сағатына 5 км). қозғалады, ондагы газдардың бөлінуі қиын болғандықтан қопарылыс жасап атқылайды. Heгізгi лавалар сұйық, олар сағатына 20—30 км жылдамдықпен вулканды қиялай қозғалады, ондагы газдар оңай бөлініп шығады.

Атқылаудың екі түрі бар — сызатты және орталық. Негізгі лаваның сызатты атқылаулары ылғи тасқындап құйылады, мұндай атқылаулар Ci6ipдe, Yндістанда, Америкада байқалған.Қазіргi уакытта сызатты атқы­лаулар Исландияда болады. Атқылап тұратын вулкандар 600-ге-жуық, сөнгендері — одан әлдекайда көп.

Вулканды жерлер жер сілкіну аймақтарына дөп келеді. Мұның өзі бұл құбылыстардың өз ара байланыстылырын дәлелдейді Жер қыртысы қабаттарының сызаттар бойымен жылжуы жер сілкінуімен қабаттасып жүреді, ал сызатты бойлай көтерілген лавадан вулкандардың атк,ылауы пайда болады.

Вулкандар атқылауының географиялық маңызы. Жердің орасан зор территориясында вулкандар атқылап жатады, тек ТМД-да рана вулканизм 3 млн. шаршы километрге жуық жерді қамтиды.

Вулканнан шыққан күл атмосфераға ұшып барып, оны бұлыңғырландырып, күн радиациясын бәсеңдетеді

Вулканның атқылауы жер рельефін өзгертеді: лаваның сызаттарға толуынан жер 6eті тегістеледі де, атқылаудың орталық типі жер бетін ойлы-қырлы етеді. Лава тасқыны өзен ағысын бөгеп, бөгет су сипатты көл пайда болады.

Рельефтің дамуы.

Жер астындағы iшкi күштер әсерінен қатпарлар пайда болады, жер жарыльш, ығысады, жер сілкінеді және вулкан атқылайды, магма жер қыртысына еніп, одан жер 6eтiнe асып төгіледі, жер бет1нде баяу тербел!стер пайда болады. Cөйтіп жер астындағы iшкіi күштердің әрекеті нәтижес1нде магмалық тау жы­ныстары құрылып, қатпарлар мен жақпарлар пайда болады.

Heгiзri қоры күн энергиясы болып табылатын сыртқы күштер әр алуан түрде байқалады. Олардың әсерінен магмалық жыныстар бүлінеді де, оның сынықтары төмен түскен жерлерге: өзендерге, көлдерге, теңіздерге шығарылып, шөгінді жыныстар мен минералдар түзіледі. Сыртқы күштер әрекетінен құрылыкты жаңбырдың, өзендерд1ң теңіздердің сулары шайып өтіп отырады жел құмды суырады, соқпа толқындар теңіз жағалықтарын бүлдіредi, теңіздер түбінде құмды, сазды жэне iзбесті қабаттар түзіледі, температураның ауытқуы және басқа процестер әрекетінен тастарда жарықшақ пайда болады. Сырткы күштер рельефтің дұрыс формаларын бұза береді. Бүлінгеннен пайда болған борпылдақ заттар түсіңкі (тepic) формалы рельефтерге шығарылып тасталады.

Рельефтің дамуы — күрделі процесс. Рель­ефтің дұрыс қалыптаскан ipi формалары (таулар) сырткы күш­тер әсерімен теңесіп кетеді. Рельефті әcipece көп бүлд1рет1н жел қағу мен өзен эрозиясы. Өзендер жазықты тілгілеп, өзен аңғарын жасағанға дейін рельефтің бөлшектенуі бітпейді. Таулы аймақтардың тегістелуінен кедір-бұдырсыз жазық пенеплен түзіледі. Пенепленнің су астына батып тұруы да немесе жаңа таулы аймақтар тәрізді судан көтеріңкі тұруы да мүмкін. Сонымен қазіргі рельеф ішкі және сыртқы күштердің өз ара қатынастарының күрделі процесінің нәтижесі. Ол қазір де өзгеруде. Жазық жерлердің 6eті желдің, судың және басқа да күштердің ұзақ әрекеті нәтижесінде қалыптаскан. Ұсақ борпылдақ жыныстардан тұратынн төбелер, жан-жағынан жел айналдыра мүжіген қатты жыныстардан тұратын тау қалдықтарын кезге елестетіе maужұрнағы, бұл күштердің жазықтағы айғағы бола алады. Жазық бетінен көтеріліп тұрған, борпылдақ жыныстардан құралған жазықтағы рельефтің дұрыс формаларынан басқа теріс формалары да — борпылдақ жыныстарды алып кетіп, жазықта үлкен шұңқыр жасайтын уақытша су ағысы жұмысы туралы айғақ бола алатын жыралар да болады.

Әсіресе лёсс және лёсс тәрізді саздақтардың ағын су тез бұзатын қырларда тіп-тік қия жыралар көп болады.

Жыралармен тілімденген жазықтар ауыл шаруашылығы үшін пайдалануға келмейді, сондықтан жыралардың көбейіп кетпеуі үшін үнемі күрес жүргізіп отыру қажет.



Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

1.Жердің ішкі құрылысы қабаттары ерекшелігін ата?

2.Жердің планетарлық рельефі формалары?

3.Жер бедері формаларын қалыптастырушы процестерге не жатады?



Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Дубнищева Т.Я. Концепции современного естествознания. - Новосибирск, 1997.

  3. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  4. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980


24 Тақырып: Минералдар және тау жыныстар.Жер бедері формалары

Дәрістін жоспары:

1.Минералдар және тау жыныстары

2.Жер бедері формалары

Дәрістің қысқаша мәтіні.

1.Жер қыртысындағы магмалардың қозғалысы, минералдар мен тау жыныстарының түзілуі.

Орасан зор қысымның нәтижесіндe жер ішіндегi заттар жоғары температураға қарамастан қатты күйде болады. Бұл заттар қысым бәсендеген кезде ғана сұйык, магмалық күйге көше алады, ал мұның өзінe жер заттарының жылжуы немесе газдардың 6ipaз мөлшері босап шыққан күнде ғана болуы мүмкін. Егер жер қыртысында сызат пайда болса, онда оның астындағы қысым кемиді де, магма сұйылып сызат бойымен азайған жаққа қарай көтерілуге тырысады. Магмадан бөлінген газдар магманы 6ipre ұшырып шығарады. Маг­ма жер қыртысының сызаттарында баяулап қатады. Бұл кезде оныц құрамды бөліктерінің аралрында химиялық реакциялар болады, соның нәтижесінде әр түрлі химиялық табиғи қосылыстар — минералдар түзіледі, ал олардан тау жыныстарының кристалды массивтері (гранит, сиенит т. б.) пайда болады. Сызаттарды бойлап Жер бетіне асып төгілген магмалар 6iршамa тез қатады да, бу мен газдар көп мөлшерде бөлініп шығады. Бұл кезде әр түрлі минералдар да түзіледі, ал олардан тығыз немесе өте ұсақ кристалды, кейде шыны тәріздес, ал кейде кеуекті тау жыныстары (базальт, трахит, андезит, т. б.) пайда болады.



Минералдар

1.Минералдар және тау жыныстары

2.Пайдалы қазындылар

Минералдар — бұл табиғи химиялық реакциялар нәтижесінде жер қыртысында түзілетін табиғи химиялық қосылыстар. Көптеген жағдайларда минералдар Жердің тау жыныстарының әр түрлі үйлестіктерін құрайды. Мәсслен, гранит өз ара механикалық байланыстағы және кейде айқын ажыратуға болатын үш минералдардан — кварцтан, дала шпатынан және слюдадан құралған. Тау жыныстары тұтасымен бір минералдан ғана құралуы да мүмкін, мысалы, тас тұзы кенінің қалыңдығы кейде 30 ж-ге дейін жетеді де көптеген километрге созылып жатады. Минералдың химиялық қүрамы оның барлық массасында біркелкі болады. Бір минералдан ғана қалың жыныс түзілетін сирек жағдайларда болмаса, тау жыныстарында мұндай белгілер болмайды. Мысалы, бор, мрамор және басқа ізбес тастар массалары біртекті болып көрінгенімен мииерал емес. Олардың негізгі қүрамы кальцит минералынаи (СаСОз) тұрады, бірақ басқа минералдар қоспасы қосылса-ақ химиялық біртектілігі бұзылады.

Минерал-элементтер. Бүларға таза көміртегі С-ден тұратын— алмас және графит, табиғи күкірт S және сап металдар — платина Рt, алтын Аu, күміс Аg, мыс Сu минералдары жатады.

Қыр салынған мөлдір алмастар — бағалы гауһарлардың құндылығы зор. Техникада мөлдірлігі болмайтын ұсақ алмастарды бағалы деп санайды, олар бұрғылау қондырғыларында тескіш үшін және қырып тазалау (абразивті) материал ретінде пайдаланады.

Алтын — химиялық тұрақты металл — ежелден безендіру ретінде пайдаланылып келеді.

Минерал-қышқылдар. Минерал қышқылдарға темір мен алюминий кендерінің дерлік барлығы және су жатады. Кремний тотығы SiO2 тау су тасы кристалы мен желісін түзетін кварц және жаппай таралған құм мен құм тас формасында кездеседі. Кварц граyит кұрамына енеді.

Күкіртті минералдар — түсті металдардың негізгі рудасs. Мысты колчедан немесе халькоприт СuFеS2, қорғасын жылтыры — галенит — РbS, қалайы алдамшысы — сфалерит ZnS, сынап рудасы — киноварь (сыр) НgS, күміс рудасы — аргенит Аg2S тап осындай.

Минерал-галоидтар. Химиялық құрылысы бойынша бұлар НСІ, НҒ қышқылдарының тұздары. Адам және жануарлар тіршілігі үшін маңызды минералдар — ас тұзы немесе тас тұз, NаСІ түзы. Жер тыңайтатын калий тыңайткыштарының бірі калий тұзы КСІ болып табылады. Домна процесі кезінде рудадағы бөгде қоспаларды жою үшін темір рудасына балқыма шпат СаҒ2 қо-сады.

Минералдар — оттекті қышқылдардың тұздары, оларды мына таблицадан көруге болады:
1-ші кесте


Қышқылдар (аттары және формулалары)



Қышқылдар тұзы—минералдар

формуласы

аталуы

Көмір қышқылы Н2СО3

СаСО3
СаСОз-МgСОз Nа2СОз

СuСО3-Сu(ОН)2



Кальцит (таза немесе ізбес тас құрамындағы)

Доломит


Сода (табиғи)

Малахит


Азот қышқылы НNО3

NaNO3

KNO3



Натрий селитрасы

Калий селитрасы



Күкірт қышқылы Н24

СаSО4-2H2O2

СаSО4

24

Мg2SО4

КАІ(SО4)2-І2Н2О



Гипс

Ангидрит

Глаубер тұзы

Ашы тұз


Ашутас

Фосфор қышқылы Н3РО4

Са3(РО4)2

Са5(РО4)3С1

Са65РО4)3


Фосфорит

Апатит


Бұл минерал-тұздардың көпшілігі кең тараған. Олардың толып жатқан түрлерінен ізбес тастар (плитняктар, бор, мрамор) түзіледі. Минералдардьщ практикалық зор маңызы бар.Мәселен, селитралар — бағалы азотты тыңайтқыштар. Гипс және оның сусыз формасы—ангидрит құрылыс ісінде пайдаланылады.. Бор аралас сұйык, гипс (алебастр) үйлердін, қабырғалары мен төбелерін сылау үшін қолданылады. Күкірт қышқыл магний мен натрий ішті жібітетін дәрі ретінде, ашутас тері илеу үшін,сондай-ақ бояу және қағаз өнеркәсіптерінде қажетке жаратылады. Фосфориттер мен апатиттер — тамаша тыңайтқыштар.

Минерал-силикаттар — бұл Н2Si0з, H4SiO4 және басқа да кремний қышқылдарының тұздары. Кремний — біздің планетада көп таралған элементтердін, бірі. Құм түріндегі кварц SiO2 құрылықты жауып жатады, құм әсіресе шөл жерлер мен су қоймаларының түбінде көп болады. Ол топырақтың басты құрамды бөлігіне жатады. Жер үстіндегі белгілі минералдардың 30 проценттен астамының құрамында кремний болады. Вулкан атқылауы мен оның тереңіндегі жыныстарының қатуынан пайда болған магма да силикатты жыныстар қоспасы болып табылады. Силикаттардың химиялық формулалары күрделі. Олар жеңіл металдар — К, Nа, Мg, АI-vty әр түрлі кремнийлі қышқылдардың қос қабаттары болып табылады. Мысалы, слюда формуласы: Н2КАI3(SiO4)з міне осындай.

Дала шпаты, слюда, тальк, ақ саз — коалии силикаттарға жатады. Саздық әр түрлі: қызыл, сұр, ленинградтық көгілдір түстері болады. Бұл әдеттегі тау жыныстары.

Каолинді керамика өнеркәсібінде, құрылыста, қағаз өндірісінде, клеенка, линолеум, т. б. әзірлеуде кеңінен қолданылады. Дала шпаттарының реңі алқызыл, ақ т. б. болып келеді. Ақ слюда — мусковит пен қара слюда — биотит те силикаттар. Терезе шынысы ойлап шығарылғанға дейін жүрт терезе рамасына ақ слюда орнатқан: Батыс европалык, елдер оны Россиядан алдырып түрған. Мусковит деп аталуы да содан, Мускова (Москва) деген сөзден алынған.

Тальк резеңқе, қағаз, тоқыма, керамика өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Силикат асбестің өзінше өте ерекшелігі бар, Оның кристалдары — оралымды да, жіңішке жіптер, оларды иіріп, тоқиды сондықтан асбесті тас зығыр деп те атайды.Асбест жанбайды. Өрт сөндіргіштер және отпен байланысты іске араласатын жұмысшыларға арналған киім мен қолғаптар асбест матадаи тігіледі. Асбестің қысқа жіптерінен өте ыстық заттарға (үтік, т. б.) төсеніш болатын асбесті қалың қатырма қағаз әзірлейді. Асбестің ізбеспен қоспасы шифер әзірлеуге қолданылады. Мннералдарды техникада және тұрмыста сан алуан мақсат-тарға пайдалануға болатындығын осы шолудың өзінен-ақ көруге болады. Барлық металдар рудасы мен суда еритін минералдардың тіршілікке аса қажетті ас тұзының және топырақ тыңайту үшін қолданылатын калий, фосфор және азот тұздарынын. маңызы өте-мөте зор.



2.Пайдалы қазындылар

Пайдалы қазындылар органикалық және бейорганикалық. заттардан пайда болады. Халық шаруашылығында олар табиғи (көмір) немесе өңделген (темір рудасы) күйінде пайдаланылуы мүмкін.

Пайдалы қазындылардың кез келген бір түрінің Жер бөлігінің кез келген бөлігінде жинақталуынан оның кені түзіледі. Пайдалы қазындылар қатты, сұйық, газ тәріздес болып келеді. Олардың негізгі үш тобы бар:

1) жанғыш (көмір, шымтезек, тақта тас, мұнай, табиғи газ);

2) металды немесе рудалы (қара және түсті мсталдар рудасы, сирек, асыл және радиоактивті металдар);

3) рудасыз немесе металсыз (құрылыс материалдары,ас тұз, калий тұзы, гипс, слюда, фосфориттер, т. б.)

Пайдалы қазындылар жердің әр қабатындағы әр түрлі тереңдіктерде болады. Осыған байланысты олардың кендерін шахталар мен рудниктерден немесе ашық тәсілмен карьерлерден өндіреді.

Қазынды көмір — өсімдік тектес, қатты, жанатын пайдалы қазынды. Ол қоңыр көмір, тас көмір және антрацит деп үшке бөлінеді. Жанғанда мол жылу беретін антрацит пен тас көмір өте-мөте бағалы.

Көмір отын ретінде және химиялық шикізат есебінде пайдаланылады, онда көмірден пластмассалар, фармацевтік (дәрі-дәрмектік) өнімдер, сұйық отындар және басқалар өндіріледі.

Дүние жүзілік маңызы бар көптеген кемір кендері Совет Одағында. Олар: Донецк бассейні (Донбасс), Кузнецк бассейні, Қарағанды, Москва түбіндегі бассейн, Сучан, Воркута, Ткварчели және басқалар.

ДонбассТМД-ның-Европа жағының оңтүстігіндегі аса маңызды көмір бассейні. Ол көмір шығару жөнінде ТМД-да бірінші орын алады және өнеркәсіптің ірі орталықтарының бірі болып табылады.

Мұнда көмір қалыңдығы 0,45-тен 1,2 м-ге дейін баратын қабаттарда жатады, ал кейде қалыңдығы 2,5 м болатын қабаттар да кездеседі. Донбасс көмір кенінің негізі тас көмір мен антрациттен құралады, ал қоңыр көмір тек батысында ғана кездеседі. Жоғары сапалы кокс беретін өте-мөте құнды көмір, бассейннің орталық жағында. Оларды 950 м-ге дейінгі тереңдіктен өндіреді, ал қалғандарын 300—600 м-ге дейінгі тереңдіктен шығарып алады. Донбаста тереңдігі 1200 ж-ге жететін шахталар бар. Көмір гидромониторлар мен (күшті су ағынын шығара жұмыс істейтіи аспап), көмір комбайндарымен және басқа да шахтерлердің жұмысын жеңілдететін, еңбек өнімділігін арттыратын машиналармен өндіріледі.



Кузнецк көмір бассейні —ТМД-ғы ірі бассейндердің бірі. Ол солтүстік шығыстағы Кузнецк Алатауының жоталары мен оңтүстік батыстағы Салаиыр бұйратының аралықтарындағы Кузнецк қазан шұңқырында. Бассейн ұзындығы 330 км-ге жуық, ал ені 100 км-ге барады.

Мұнда қоңыр көмірден бастап, антрацитке дейінгі көмір түрлерінің бәрі кездеседі. Көмір әр түрлі тереңдікте, оның жер бетіне шығып жататын жерлері де бар. Кузбастағы шахталардың ең терең дегені 400 м-ден аспайды, ал орташа тереңдігі 160 м.

Кузбастағы көмір қабаттары Донбасқа қарағанда әлдеқайда қалың 2,1-ден 6,5 ж-ге дейін жетеді.

Кузнецк көмірі жергілікті жерде энергиялық отын, химиялық шикізат ретінде пайдаланылады және Оралға тасылады.



Қарағанды көмір бассейні Қазақстанның солтүстік-шығысында. Оның орталық жағы ұсақ шоқылармен қоршалған жазық болып келеді. Бассейнде тас көмір және қоңыр көмір бар. Қабаттар қалыңдығы 0,7-ден 8 м аралығында ауытқып тұрады. Тас көмірдің көпшілігі кокс алуға жарамды. Донбасс пен Кузбасс көміріне қарағанда Қарағанды көмірінен күл көп түседі, бұл оның сапасын төмендетеді.

Шымтезек — жанба жыныс, ол батпақтағы өсімдіктердің мол ылғалдылық пен оттегінің жетімсіздігінен толық шіріп үлгермеуінің нәтижесінде түзіледі. Шымтезектің табиғи жағдайдағы ылғалдығы 88—94% болады.

Түзілу жағдайларына байланысты шымтезектің үстіңгі, астыңғы және өтпелі деп аталатын үш типі болады.



Үстіңгі тип шымтезегі су айырықтағы батпақта шымтезек мүгі, қоға және басқа да солармен бірге өсетін өсімдіктердің қалдықтарынан түзіледі. Мұндай шымтезекте 2-ден 4%-ке дейін күл болады.

Астыңғы тип шымтезегі көбінесе жайылым батпағындағы құрақ, қияқ, мүк және басқа да өсімдіктер қалдықтарынан түзіледі. Одан орта есеппен 6—12% күл түседі.

Өтпелі тип алдыңғы екеуінің аралығыиан орын алады. Шымтезек кені теңіз деңгейінен 200 м биіктіктен аспайтын жазықтарда кездеседі. Дүние жүзіндегі шымтезек қорынын, 2/з-сі-не жуығы ТМД-да, көбінесе орманды алқаптарда. Шымтезек қабатының орташа қалыңдығы 2,5—3 ж-ге жуық болады. Бір ғана шымтезек кенінде он шақты қабаттар болады. Шымтезек Белоруссиядан, Ока мен Волга өзендсрі аралығынан (Мещера), Иваново облысы және баска да бірқатар аудандардан шығарылады. Шымтезек жылу беретін электр станцияларында (Шатурск, Витебск, т. б.), ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде және малға төсенішке, сондай-ақ химия өнеркәсібінде

пайдаланылады.

Шымтезекті алу механикаландырылған. Қазіргі уақытта шымтезекті шымтезек комбайнының көмегімен және фрезамен өңдеу арқылы алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет