ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет4/14
Дата09.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#124612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Жабық тұқымды өсімдіктер

Жабық тұқымдылар типі қос жарнақтылар класы мен дара жарнақтылар класы өсімдіктерін біріктіреді.

Қос жарнақтылар класында 200 000 түрден астам өсімдіктер бар.

Өсімдіктердің бұл түрлері тұкымдастарға топтасады.

Сарғалдақ тұқымдастар. Бұған негізінен шөптесін өсімдіктер жатады.

Осы тұқымдас өсімдіктердің ең көп тараған түрлеріне талдау жасалық.



Улы сарғалдақ өзендер мен бұлақтардың жағалығында кездеседі. Мал үшін өте улы болады.

Сарғалдак, желайдарының гүлі сары, шатқал желайдарының гүлі ақ реңді. Олардың тамыр-сабақтары мол қоректік заттар қоры болғандықтан жуандау болады. Ерте көктемде гүлденеді.

Шалшық қалтагүлі батпақты жерлерде өседі де, ертс көктемде гүлдейді. Гүлдері сарғалдақ гүлдеріне ұқсас болады.

Европалық жарықгүл көктем аяқталып, жаз басталатын мезгілде гүлдейді. Дымқыл ормандарда өседі. Оның гүлдері ерекше көз тартады, сүйкімді хош иісі болады. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде қоғыр өседі. Бұл өсімдік улы болады (әсіресе тұқымы). Ылғалды ормандарда у қоргасын өседі, оның гүлі насекомдар арқылы тозаңдануға бейімделген.

Сарғалдақ тұқымдастардың көпшілігі улы. Алайда сарғалдақ тұқымдастардың ішінде дәрілік өсімдіктер де бар, мысалы жанар гүл, у қорғасын.

Сарғалдақ тұқымдастардың көпшілігі: дельфиниум желайдар, пион, у қорғасын т. б. декорациялық бау-бақша шаруашылығына пайдаланылады.

Көкнәр тұқымдастар. Бұл тұыымдастағы өсімдіктердіңсаны аз.

Чистотел — осы тұқымдастың кең тараған өкілдерінің бірі.

Қаша манында, көлеңкелі ормандарда өседі.



Төгілгіш көкнәр — бір жылдық өсімдік. Бүл өсімдіктің сабағы мен жапырақтарының клеткаларында сүтті шырын болады.

Апиынды далада өсіреді. Бұл өсімдік тұқымынан тамаққа пайдаланатын және майлы бояу әзірлеуге қажетті май алады. Апиынның пісіп жетілмеген қауашағынан ақ сүтті шырын алады, оның құрамында әсері күшті заттар, сондай-ақ морфин бар. Одан ауруды басатын шара морфий альшады. Сүтті шырыннан апиын алынады.

Крест гүлділер тұқымдасы Бұл тұқымдасқа шөптесін өсімдіктер, бір жылдык, екі жылдық, кейде көп жылдық өсімдіктер жатады.

Әр түрлі өсімдіктердің гүл құрылыстары бірдей болады.

Қос гүл орамды. Жемісі — бұршаққын және бұршаққынша.

Шалқан— екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы оның жуан тамыр-сабағы пайда болады.

Жабайы шюмыр — далада кездесетін арам шөп.

Қауданды капуста — екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы қаудан пайда болады. Гүлді капустаның сабағынан дамып жетілмеген гүлдері бар өте көп гүл шоғырлары өсіп шығады.

Левкой — декорациялық өсімдік.

Жоғарыда сипатталған крест гүлділер тұқымдастары өкілдерінің барлығының жемістері — бұршаққын.



Жұмыршақ — арам шөп. Жемісі бұршаққынша. Екі жылдық өсімдік.

Раушан гүлділер тұқымдасында 2000-га тарта түрлср бар. Олардың ішінде ағаштар да, бұталар да, шөптесін өсімдіктер де болады.

Алма ағашы—мәдени өсімдік. Оның көптеген сорттары шығарылған.

Алмұрт — кең алақанды жапырағы бар ағаш. Жемісі өте дәмді болып келеді.

Шетен — гүлдері қалқанша гүл шоғырына жинақталған ағаш.

Долана— жапырақтар қолтығында тікенектері бар бұта.

Айва — алма тәрізді жемісті агаш.

Шие — ағаш, гүл шоғыры - шатырша, жемісі—сүйекті жеміс.

Қызыл шие — жемісі тәтті, шиеге қарағанда ірірек келеді.

Мойыл шие өзендер жағалығы мен дымқыл ормандарда өседі. Ерте көктемде гүлдейді, гүл шоғыры — шашақ гүл, жемісінің дәмі тұтқыр болады.

Алхоры — жемісінде витаминдер көп болатын ағаш.

Шабдалы — өрікке ұқсас ағаш. Жемісі едәуір ірі болады. Оңтүстікте (Орта Азияда, Кавказда, Қырымда) өсіріледі.

Тас жарғандар тұқымдасы.

Қарақат, қызыл қарақат, сары қарақат— бұталар. Халық ша-руашылығындагы маңызы орасан зор. Қарақаттың, әсіресе қара қарақаттың жемісінде витаминдер көп болады.

Жасмин — декоративті бұта, гүлдері ақ, иісі күшті болады.

Тас жарған — шөптесін өсімдік. Таулы жерлер мен тундрада өседі.

Кәдімгі қазтабан – Лапчатка гусиная – Potentilla anserina

Көпжылдық. Сабақтары желпілдеген ұзын мұрт секілді. Жапырақтарының шеті ара тәрізді тісті, жоғарғы жаңы жасыл, төменгі жағы ақ болып келеді. Гүлдері – сары, жемісі – кепкенде жиналатын тұқым. Биіктігі 15-20 см. Шөптерінде, әсіресе тамырында иілік заттар, балауыз, крахмал, пигмент, хин қышқылы болады.



Бұршақ тұқымдастар. Бұл тұқымдасқа негізінен шөптесін өсімдіктер: екпе бұршақ, екпе жоңышқа, сиыр жоңышқа, жасымық, беде, т. б. көптеген өсімдіктер жатады.

Бұршақ түқымдастардың тамырында түйнекшелері болады. Онда атмосфера азотын сіңіріп отыратын бактериялар бар.



Қызылбас жоңышқа – клевер красный – Trifolium pratense.Көпжылдық. Тамыры өзектеле тармақталып кең жайылған, бқл өсімдік тік өспей, жайылыңқы шығады. Бұтақтарының сырты бунақты, түкті келеді. Үш бұрыштанып өсетін жапырақтары түнге қарай бір-біріне қосылып, бірігіп тұрады. Гүлдерінің түсі ақшыл-қошқыл келеді.

Шалғындық әйкен - Чина луговая - Lathyrus pratensis.

Көпжылдық. Ол тармақ тамырлы, қараған гүлдері секілді сары гүлдері бар, қияқ тәрізді ірі жапырақты. Жапырақтарында 800 мг процентті С витамині, гұлдерінде – алкалоидтар, сапониндер, ащы заттар бар. Жапырақтарында лейкоантоцианды қосындылар кездеседі.



Алқа тұқымдастар. Бұл тұқымдастағы өсімдіктер шөптесін де, ағаш тектес те болып келеді.

Қара алқа — арам шөп, бір жылдық өсімдік.

Картоп — мәдени өсімдік. Ертеден өсіріліп келеді. Оңтүстік Американың таулы жерлерінде жабайы тұқымдас картоптар кездеседі.

Помидор — мәдени өсімдік. Бұл өсімдіктің жемістері дәмді де, жұғымды болады.

Алқа тұқымдастарға: баклажан, қызыл бұрыш, сасық меңдуана, меңдуана жатады.

Д а р а ж а р н а қ т ы ө с і м д і к т е р класы көп түрлерді біріктіреді.

Лалагүл тұқымдастар. Бұл тұқымдасқа негізінен пиязшығы немесе тамыр сабағы бар шөптесін өсімдіктер жатады.

Лала гүлдің пиязшығы болады. Бүл декоративті өсімдік.

А с т ы қ т ұ қ ы м д а с т а р. Жабық тұқымды өсімдіктердің саны жағынан ең көп тұқымдастарының бірі.

Бұл тұқымдасқа: қара бидай, бидай, арпа, сулы, қоңырбас, бидайық, т. б. көптеген өсімдіктер жатады.

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

1.Жер бетіндегі өсімдік әлемінің дамуы туралы не білесіздер?

2.Төменгі сатыдағы өсімдіктердің негізгі систематикалық топ өкілдерін сипатта?

3.Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің негізгі систематикалық топ өкілдерін сипатта?



Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы, 2000ж.

  2. Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 ж.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 ж


10 Тақырып: Өсімдік және қоршаған орта

Дәрістін жоспары:

1.Абиотикалық факторлар

2.Өсімдіктің тіршілік формалары

3.Биотикалық және антропогендік факторлар



Дәрістің қысқаша мәтіні.

1.Абиотикалық факторлар

Өсімдіктердің өсетін ортасы, жекелеген элементтердің қатарынан- экологиялық факторлардан тұрады. Бұл факторлар өсімдіктердің тіршілік етуіне бірден-бір қажет және оларға қандайда бір болмасын әсер етеді. Қоршаған орта тірі (биотикалық) және өлі (физикалық) факторлардан тұрады. Экологиялық факторлар өсімдіктерге тікелей (жылу, ылғалдық, топырақтың құнарлығы) немесе жанама (теңіз деңгейінен биіктігі, ауа, жел) әсер етеді.

Ортаның экологиялық факторлары әдетте мынадай топтарға бөлінеді.

климаттық факторға — жарық, жылу, ауа (оның құрамы, қозғалуы немесе ағыны), жауын-шашын, ауаның ылғалдығы, электр құбылыстары;

топырақ факторына — физикалық қасиеті, механикалық қасиеті. топырақ пен грунттардың химиялық құрамы мен микробиологиясы;

орографиялық (рельеф) факторға — теңіз деңгейінен биіктігі, беткейлердің экспозициясы (күннің түсуі) мен тіктігі;

Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің төмендегі топтарын болып көрсетуге болады: гелиофиттер (грек тілінен аударганда һеIіоs — күн, рһуton — өсімдік), сциофиттвр (грек тілінен аударғанда skia — көлеңке) және көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер).



Жарық сүйгіш түрлер (гелиофиттер) — жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі. Фотосинтез цроцесінің тыныс алудан басымдылығы тек жоғары жарықтық жағдайында ғана орын алады (бидай, қарағай, майқарағай).

Күнбағыс, итошаған, қойжелкен тәрізді жарық сүйгіш өсімдіктердің гүлдері жарыққа қарай күн бағытымен бұрылып отырады



Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) күшті жарықты көтере алмайды, үнемі көлеңкеде орманның көлеңкесінде өседі (орманда өсетін шөптесін өсімдіктер, папоротниктер, мүктер, ашқылтым шөптер). Кесілген орманның орнындағы шөптер тіршілігін сақтай алмайды.

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер) - жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көтереді (орманның көптеген өсімдіктері, шалғындық өсімдіктері, орман шөптері мен бұталары)

Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төменгідей топтарға бөлінеді:

1. Гидатофиттер ( грек тілінен аударғанда hudor, hudatos-су)- су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығынан суға батып тұрады (элодея, тұңғиықгүл және т.б.)

2.Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда hudor- су)- құрылық-су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады (жебежапырақ).

3.Гигрофиттер ( грек тілінен аударғанда hudros-ылғалды)- ылғалдылығы жоғарғы жағдайдайларда өсуге бейімделген құрылық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер), батпақтарда- батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағаларында өседі.

4. Мезофиттер (грек тілінен аударғанда mesos-орташа, аралық- қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдар, арамшөптер жатады.

5.Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда xeros-құрғақ) –құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер.Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.

А)суккуленттер (латын тілінен аударғанда (sukkulentus- шырынды)-ұлпаларында суды көп мөлшерде қорға жинауға қабылетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава)

Б) склерофиттер (грек тілінен аударғанда skleros-құрғақ, қатты)-құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, боз селеу).Бұл өсімдіктер биік емес, б, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген склерофиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ, көбінесе тікенге, қабыршаққа айналған.

Топыпаққа қатысты өсімдіктер:

1.Галофиттер тұзды топырақтарда өсетіндер (солерос, сарсазан, сода және калий сораңы, поташник және т.б.) Галофиттердің осмостық қысымының өте жоғары болуы, оларға топырақ ертіндісін пайдалануға мүмкіндік береді.

2.Псаммофиттер (грек тілінен аударғанда (sammos-құм) қозғалғыш, құмды топырақта мекендейтін ағзалардың ерекше тобын бөліп көрсетуге болады.Мысалы, құм жусаны, ақ селеу, жүзгін, құм қарағаны.
2.Өсімдіктердің тіршілік формалары

Өсімдіктер мен ортаның тарихи ұзақ қарым-қатынасының нәтижесінде табиғатта өсімдіктердің экологиялық топтары ғана емес,тіршілік формалары да қалыптасқан. «Өсімдік формасы» деген түсінікті алғаш рет ендірген ботаник ғалым А.Гумбольдт еді. Ол әуелі 19 өсімдік формасын ажыратқан. Ал А.Гризебахтың жұмысы мен өсімдік формасының 60-дейін жетіліп, оларды «өсімдіктер формасы »деп атады.

Тіршілік формалары туралы ғылымның одан әрі дамуы А.Н.Краснов,А.Б.Келлер,И.Г.Серебряковтың есімдері мен тығыз байланысты. Белгілі ботаник-эколог А.Б.Келлердің айтуы бойынша «тіршілік формасы »деп өсімдіктердің дене құрылы мен оның белгілі бір класқа, тұқымдасқа және туысқа жатуымен тығыз байланысты экологиялық бейімделу жүйесін түсіну керек.

Өсімдіктердің физиономиялық, яғни сыртқы бейнесіне негізделген жүйесі:



1.Ағаштар- жер бетіндегі бөліктері толық сүректенетін көп жылдық өсімдіктер,қуатты жетілген ерекше жеке-дара бір діңі болады.

2.Бұталар жер бетіндегі бөліктері сүректенетін көп жылдық өсімдіктер.Бірнеше діңі бар,бүтақтануы жер бетіне таяу басталатын сүректі өсімдіктер.

3.Бұташықтар-бұталарға ұқсас бойы аласа, 50 см-ден аспайды (қара жидек,вереск)

4.Жартылай бұталар - өркендерінің төменгі бөліктері ғана сүректеніп, жоғарғы бөліктері жылма-жыл қурап түсіп отырады (жусандар,жебір).

5.Лиандар-сабақтары арқылы өрмелеп,жармасып және шырмалып өсетін өсімдіктер (жүзім,қүлмақ,барқыт шөп)

6. Жастықша өсімдіктер –қоректік заттарға кедей, тасты, құмды, шымтезекті және суық жерлерде өсуге бейімделген.

7.Суккулекттер-су қорын сақтайтын шырынды өркенді көп жылдық өсімдіктер(түбіртек,кактус,агавалар)

8.Шөптесін өсімдіктер көп жылдық және бір жылдық, бұлар тіршілік формаларының топтарға да бөлінеді: кіндік тамырлылар, шашақ тамырлылыр, ұзын және қысқа тамыр-сабақтылар, жуашықтар, шымдылар, түйнек түзушілер, жер бетінде төселмелі және жер бетінде столондылар.

И.Джефридің, кейінірек Э.Синнота мен И.Бейлидің микроскоптық салыстырмалы морфолиялық зерттеулері сүрекілердің шөптесін өсімдіктерден біршама көне екендігін дәлелдеді. Сол сияқты тіршілік формаларының құрамы климаттық жағдайлардың көрсеткіші де бола алады.

К.Раункиер жоғарыдағы көрсеткіштерді қамти отырып, тіршілік формаларының ірі 5 тобын ажыратады. Олар: Фанерофиттер, хамефиттер, гемикриптофиттер, криптофиттер және терофиттер.

1. Фанерофиттер (грекше «фанерос» -ашық,анық) бұған ағаштар,

бұталар, сүректі лиандар, эпифиттер жатады. Фанерофиттердің жандандыру бүршіктері топырақ бетінен 25см-ден жоғары орналасады. Өсімдіктер бойының биіктігіне қарай Раункиер бұл топты мегофанерофиттер, мезофанерофиттер, микрофанерофиттер және нонофанерофиттер деп бөледі.

К.Раункиер фанерофиттерге эпифиттерді және суккуленттерді

жатқызады. Эпифиттер-ылғалды тропикалық орманға тән, бүршіктері

ашық, бүршік қабыршықтары мен қапталмайды. Экологиялық тұррғыдан

орманның іш жағындағы көлеңкелі жердегі ағаштарға орналасқан эпифиттер

гигрофиттер, ағаштардың жоғарғы деңгейі, ұшындағы эпифиттер-

ксерофиттер.



2. Хамефиттер- бүршіктері топырақ деңгейінен шамалы ғана жоғары орналасады. Бұған бұташықтар жартылай бұталар, төселмелі өсімдіктер, жастықша өсімдіктер жатады.

3. Гемикриптофиттер (грекше «геми»-жартылай; «крипто»-жабамын көп жылдық өсімдіктер. Екіге бөлінеді: протогемикриптофиттер және жертағанды гемикриптофиттер.

4. Криптофиттер-жандану бүршіктерінің орналасуына қарай геофиттер,гидрофиттер. Геофиттердің бүршіктері топырақта бірнеше см-ге дейін тереңдікте орналасады.Гидрофиттердің вегетативтік өркені суға батып тұрады сондықтан бүршіктері су астында қыстайды.

5. Терофиттер (грекше«терос»-жаз)-бір жылдық өсімдіктер. Бүлардың тіршілігі бір вегетациялық кезеңде аяқталады.Жылдың қолайсыз мерзімін түқым түрінде ғана сыннан өткізеді.

3.Биотикалық және антропогендік факторлар

Биотикалық факторға — барлық организмдердің жиынтығы (жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер);

антропогендік факторға шаруашылықтағы іс-әрекеттері әрекеттері арқылы өсімдіктерге факторларға тікелей өсер етеді.

Техниканың жедел дамуына байланысты адамның биосфераға әсері күрт өсті. Көп жағдайда оны адамның табиғатты өзіне бағындыруы деп түсінеді. Бірақ шындығында олай емес. Техниканын алып күші, экологиялық тұрғыдан сауатсыз адамның қолында, тірі табиғаттың ғасырлар бойы қалыптасқан қарым-қатынасының тізбегінің бұзылуына және түгелдей бір экосистеманың жойылуына әкеп соқтырады. Антропогендік қауіп-қатер XX ғасырдың екінші жартысында жер шарының көптеген жерінде көрніс бере бастады. Әсіресе соңғы кездері мұның әсері түгелдей бір халықтың тағдырына қауіп туғызып отыр.

Алысқа бармай-ақ Қазақстанның өзінен көптеген мысалдар келтіруге болады. Тың көтеруге байланысты Қазақстанның шөлейт аймағының мыңдаған гектар құнарлы жерлері есепсіз жыртылып, нәтижесінде табиғи қалыптасқан өсімдіктер қауымдастықтарының үйлесімді жүйесі бұзылды. Оның үстіне соңғы кездері көптеген колхоздар мен совхоздардың тарауына байланысты, осы айдалған жерлердің көбісі пайдаланылмай ауылшаруашылық айналымынан шығып қалып отыр. Соған байланысты көптеген егістік жерлер эрозияға ұшырауда. Кейбір деректер бойынша соңғы жүз жылдықта планетамыздың егін егілетін жерлерінің 23% эрозияға ұшырап, ауылшаруашылығына пайдаланудан тыс қалып отыр. Жыл сайын теңіздер мен мұхиттарға 20 млн. м3 топырақ сумен шайылып кетіп отырады екен.

Бұған Арал тағдырын, Семей, Капустин-Яр полигондарының Байқоңыр космодромының және т.б. қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз әсерлерін қосатын болсақ, антропогендік фактордың қоршаған ортаға тигізетін әсерінің ауқымының орасан зор екендігі ешбір талас тудырмайды. Қоршаған ортаның шамадан тыс ластануы, адамның денсаулығына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге оның сол жерді мекендейтін халыктың генефонына да әсері үлкен болады. Соңғы кездері өр түрлі қолы немесе аяғы жок, болмаса ақыл-есі кеміс мутантта

Белгілі бір факторлардың комплексі бар жекелеген территорияларды экотоптар (биотоптар) деп атайды. Бұларга батпақты, қүмды жерлерді, сылдырма тасты шөгіңділерді, құрғақ шөлейтерді және т.б. жатқызуға болады.

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

1.Абиотикалық факторларға не жатады?

2.Өсімдіктің тіршілік формалары жүйелеген кімдер?

3.Биотикалық және антропогендік факторлар туралы не білесіздер?



Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы, 2000ж.

  2. Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 ж.

  3. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 ж


11 Тақырып: Өсімдіктер бірлестігі

Дәрістін жоспары:

1.Флора туралы түсінік.Өсімдіктер бірлестігі құрылымы

2.Қазақстанның негізгі өсімдік бірлестігі

3.Өсімдік бірлестігінің табиғи аймақтар бойынша таралу заңдылықтары


Дәрістің қысқаша мәтіні.

1.Флора туралы түсінік.Өсімдіктер бірлестігі құрылымы

Флористикалық география. немесе флорография, негізгі екі проблеманы шешеді.Біріншісі—жекелеген түрлерді немесе біршама рангасы биік систематикалык бірліктерді (туыстарды, түқымдастарды) және олардың жиынтықтарының-флорасының таралуын зерттеу. Флора деп белгілі бір территориада тарихи қалыптасқан -өсімдіктердің түрлерінің үйлесімді жиынтығын айтады.Жекелеген территорияның- флорасын зерттеу, жер бетін флоралық аудандарға бөлуге, флоралық облыстарға бөлуге және біршама бөлшектенген флоралық кеңістіктердің бірліктерін — облыстарды, провинцияларды, округтарды және т.б. бөлуге қажетгі материал береді. Өсімдіктер қауымдастықтарының географиясы (география растательности) — бүл флорографияның екінші проблемасы.

Флоралық дүние ең үлкен флоралық бөлім. Жер шарында бір-бірінен флорасымен кенет өзгешеленетін

Алты флоралық дүниедегі аймақтар бар:

1)Голарктикалық дүние . Ол солтүстік жартышардың тропикадан басқа бүкіл бөлігін қамтиды.Бұл аймаққа Aceraceae, Aipiaceae, Primulaceal және тағы да басқалар тән. Басқа флоралық дүниелерде бұл тұқымдастар аз немесе тіпті кездеспейді . Көлемді Carex туысының көптеген түрлері тек галартикалық дүниеде кездеседі. Галарктика дүниесі бірнеше флоралық аймақтарға бөлінед:шығысазиялық , ортаазиялық , батысазиялық , шығыссібірлік , орта тенізі-макрондейлік , европалықбатыссібірлік , оңтүстік атлантикалы –солтүстікамерикандық , солтүстік атлантикалы-солтүстікамерикандық , тынықмұхитты-солтүстікамерикандық және циркаларктикалық 2)Палетропикалық дүние. Ол ескі әлемнің барлық тропикалық аудандарын қамтиды және көптеген қысы суық болатын аймақтарда кездесетін , тропикалық тұқымдастардың және басқалары болатындығымен ерекшеленеді . Мұнда үш дүние тармағын бөледі:

а) Африкалық б)Индо-малайлық в) Полинезиялық

Бұлардың әрқайсысы эндемикалық тұқымдастардың болуымен сипатталады.

3) Неотропикалық дүние . Бұған Мексика , Орталық және Оңтүстік Америка жатады. Бұл флоралық дүние , палеотропикалық дүниеде кездесетін тропикалық тұқымдастар өте көп кездеседі ; бірақ туыстардыңкөпшілігі әр түрлі . Тропикада кең тараған туыстардың 47 % палеотропикалық дүниеде кездесетін , тек 13% ғана екі дүниеде кездеседі.

4) Австралиялық дүние . Бұл флоралық дүние ерекше оңашаланған жағдайда . Мұнда барлық түрлердің 86% тек қана Австралияда кездеседі . Бірқатар эндемикалық тұқымдастар , тұқымдас тармақтары және туыстары бар .

5) Арктикалық дүние . Бұл дүние Оңтүстік Америкадан Жаңа Зеландиға дейін созылып , Антарктикаға континентін қоршап жатады. Ерекше маңызы бар антарктикалық элемент –Nothofagus туысы . Бұл туыстын түрлдері басқа кейбір антарктикалық оғаш туыстарымкен бірге Жаңа Зеландияда және Оңтүстік Американың оңтүстік бартысында ылғылды антарктикалық ормандарды құрастырады .

6) Кап дүниесі . Бұл аралық дүниелердің ішіндегі көлемі жағынан ең кішкентайы, оған тек Африканың оңтүстік –батыс шегі ғана кіреді , бірақ соған қарамастан бұл дүниеде 6000- мыңнан астам Үнді өсімдіктерінің түрлері кіреді.

2.Қазақстанның негізгі өсімдік бірлестігі

Қазіргі кезде өсімдік жамылғысын фратрияларға – ірі комплексті, бірақ фитоценогенетикалық туыстас өсімдік формацияларына бөледі.Осыған байланысты Қазақстанда тоғыз фратрия кездеседі .



- бореальді- орал- сібірлік ( жазық жерлердің қылқан жапырақты ормандары ) ;

- моральды емес орта азиялық , Қазақстанда сирек фрагментті (шағынды ормандар) ;

- саванноидты Иран- Афғандық ( ксерофильді сирек ормандар немесе олардың орнына кездесетін эфемероидты далалы өсімдік);

- бұталы –далалы қазақ – алтай;

- қазақ даласы;

- тұрандық шөлейттер;

- арал- каспий құмды шөлейттер;

- бореальды- тянь- шаньдық (шалғындық орман ) ;

- алтай- памирлік биік таулар.

Қазақстанның таулы және түрлі аймақтарындағы өсімдік жамылғысында түрлі экобиоморфты өсімдіктер басым. Сондықтан өсімдік жамылғысының сырт көрінісі әр қилы және бірнеше типті өсімдік түріне бөлінеді. Олардың өздерінің таралуы әртүрлі, кейбіреуі басым, кейбіреуі сирек кездесетін.

Сондықтан төмендегідей өсімдік типтері ажыратылады:

1.Тақыр жерлердің балдырлары ( Phragmidiosa)

2.Тұзды және тұщы су қоймаларының харалы балдырлары (Charosa )

3.Тасты жерлердің қыналары ( Lichenosa )

4.Батпақты жерлердің мүктері ( Bryosa)

5.Су жайылымды шалғындықтар ( Potomoherbosa)

6.Су қоймаларының нимфалы өсімдіктері ( Nymphoherbosa)

7.Батпақ жерлер өсімдігі ( Paludoherbosa)

8.Шалғындық жерлер өсімдігі ( Pratoherbosa)

9.Далалы аймақ өсімдігі ( Steppoherbos)

10.Саванналық өсімдіктер ( Sabanoherbosa)

11. Қылқан жапырақты ормандар ( Aciculilignosa)

12. Қылқан жапырақты ксерофитті ормандар( Aciculihypodendrosa)

13.Жапырақты ормандар ( Aestilignosa)

14. Жалпақ жапырақты ксерофитті сирек ормандар ( Sabanolignosa)

15. Қылқанды слтланниктер( Pumilodendrosa)

16. Қылқан жапырақты бұта өсімдіктер ( Ephedrotruticosa)

17. Кәдімгі бұталар ( Fruticosa)

18. Саванналық бұталар( Sabanofruticosa)

19. Фриганалар ( Friganosa)

20. Жартылай бұталы ( Suffruticosa)
3.Өсімдік бірлестігінің табиғи аймақтар бойынша таралу заңдылықтары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет