ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Оқытушы коммуникативтік құзырлығының тренингі»



бет3/8
Дата17.07.2016
өлшемі466.5 Kb.
#206048
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс №7.

Тренерге әдістемелік нұсқаулар.


Жоспар:

1.Дәріс даярлау.

2.Жекелей және шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру.

3.Тренинг мақсаттарын қою.



Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Тренерге берілетін әдістемелік нұсқаулармен таныстыру жүреді. Жекелей және шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырылады.Тренинг мақсаттарын қоюды үйренеді.

Тақырыптың негізгі ұғымдары:тренинг, тренер, мақсат, пікірталас, дәріс, қызығушылық.

Әдебиеттер:

1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

2.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

3. Петрусинский В.В. Игры обучение, тренинг, досуг. М:1994.

4. Самаукина А.С. Практический психолог в школе. М:1997.

5.Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.

Дәріс №8.

Тренингте топтардың қалыптасуы.


Жоспар:

1.Тренинг топтыњ маќсаттары.

2.Топтыќ нормалар.Ролдік позициялар.

3.Топтыњ бірлігі туралы түсінік. Топтаѓы лидер.

4.Тренинг топтарындаѓы гомогендік жєне гетерогендік.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Тренинг топтыњ маќсаттары. Топтыќ нормалар.Ролдік позициялар.Топтыњ бірлігі туралы т‰сінік. Топтаѓы лидер.Тренинг топтарындаѓы гомогендік жєне гетерогендік сұрақтарын жан-жақты ашып көрсету.

Тақырыптың негізгі ұғымдары:топтыќ динамика,топтыќ динамика т‰сінігініњ негізгі бес элементі.

Тренинг топтың қалыптасу тарихы

Т – топтың тууы белгілі әлеуметтік психолог Курт Левиннің есімімен байланысты. Ол 1933 жылы Германиядан Америкаға қоныс аударылып, топтық динамика және әлеуметтік әрекет мәселесінен шұғылданды. Осы кезеңде әлеуметтік психологтар алдында көптеген сұрақтар туды. Топтық әдістерімен басқару медицина, педагогикада кеңінен таралды. Топтық қарым-қатынас феномені – ғылыми түсініктемесіз болады. Осыны түсіндіру үшін Левин өмірлік кеңістік- полясы теориясын жасады. Ол мынаны түсіндірді «тіршілік етуші және бірлескен факторлардың жиынтығы – берілген уақыттағы индивидтің мінез-құлқын көрсетеді». Бұл факторлардың жиынтығы жеке адамды, оның психологиялық қоршауын қамтиды, бір тұтас психологиялық поля жасай отырып. 1939 жылы «Әлеуметтік кеңістікте эксперименттер» деген мақаласында Левин бірінші рет «топтық динамика» терминін қолданады, кейінен ол жалпы қолданылатын терминге айналды. Шынын айтқанда Т – топ өз бастауын Левин басшылық жасаған оның әріптестерінің лабароториялық тренинг сабақтарынан алады. Т- топтың пайда болған дәл анық айтуға болады. 1945 жылы АҚШ-та топтық динамиканы оқу орталығы ашылады, онда қоғамдық ғылымдар мамандары, Левин – топтық динамика тренинг жасаушы – қызмет етті.

1946 жылы топаралық қатынас шеберханасының жұмысын ұйымдастырушылар оқыту және бір мезгілде топтың динамиканы зерттеу үшін жаңа әдісті ойластырады. 1947 жылы АҚШ-та Тренингтің ұлттық лабароториясы жасалады, ол қазірде қызмет етуде. Топпен психологиялық жұмыстың көптеген түрлері Т-топтарымен бірге іске асады. Оларды әлеуметтік-психологиялық тренинг түсінігіне біріктіреді.

«Т- топ» термині шет елде қазіргі уақытта кең спектірлі топтарға жатады, олардың мақсаттары әр түрлі. Оларға басқарушылар тренингін, бірлескен мінез-құлыққа қатынасушыларды тәрбиелеу және топта бірлескен қатынасты қалыптастыру, синзетивті топтар жекелей даму және т.б. кіреді.

Шейн мен Бейнес (1965) лабароториялық тренингтің мақсаттары мына аспектілерден тұрады деп, көрсетеді:



  1. Психологиялық қорғану барьерлерін төмендету және жекелей дәрежеде сенімсіздікті жою есебінен өзін-өзі тануын дамыту.

  2. Топтық қызмет жасауына кедергі келтіретін немесе жеңілдететін шарттарды түсіну.

  3. Басқалармен нәтижелі бірлескен әрекет жасау үшін топта бірлескен қатынастың дәрежесіне жету.

  4. Ұйымдастырылған топтың, жекелей мәселелерді диагностикалау іскерлігін игеру. Мысалы, топтағы тартысты жағдайды шешуі немесе топтың бірігуін нығайту.

Т- топтың әр түрлі бағыттарын олардың жалпы принциптері мен топтық динамиканың элементтері байланыстырады.

Топтық динамика түсінігіне негізгі бес элемент кіреді:



  1. Топтың мақсаты.

  2. Топтың нормасы.

  3. Топтың құрылымы және лидер мәселесі.

  4. Топтың бірлігі.

  5. Топтың даму фазалары.

Г.С.Абрамова өзінің еңбегінде мынадай тұлғалық қасиеттердің даму әдістерін көрсетеді:

Т-топтар (тренинг-топтар) – адамгершілік қарым-қатынастардың тренингі топтары, алғашқылары 1946 жылы ұйымдасқан болатын. Мұндай топтар «енді және осында» қағидасын ұстанып, лабораторияның ерекше оқытылатындары сияқты назарларын қауіпсіз жерде іс-әрекеттің жаңа түрлерін сынаумен бекітті. Оқытылатын цикл келесі кезеңдерден құрылады: өзін-өзі таныстыру – кері байланыс – тәжірибе өткізу. Ашықтық – мұндай топтағы іс-әрекеттің негізгі аспектісі болып табылады. Т-топтағы адамдар вербалды және вербалсыз түрде басқа адамдарға өз сезімдерін білдіруге тырысып, оқып үйренеді. Қатысушылардың өзара қарым-қатынастарын зерттеу бойынша өзара жұмыс жасауға кіргізу үшін жетекшінің маңызы өте зор, содан кейін жетекшіліктен бас тарту қажет. Кездесу топтары. Т-топтардан айырмашылығы бұл топтарда топтың динамикасын оқып үйренуге қарғанда, бөлек тұлғаның әлдеқайда тез дамуына бағытталған. Соынмен қатар, олар тұтас сезімге немесе белгілі бір міндетке бағытталған топтарға бөлінеді.



Дәріс №9

Тренинг топтың жұмыс істеу принциптері.

Жоспар:

1.Тренинг топтың жұмыс істеу принциптері.

2.Қарым-қатынасты диалогтеу принципі;

3.үнемі «кері байланыс» принципі;

4.өзіндік диагностика принципі;

5.Дамудың оптимистік принципі;

6.Аќыл-ой және сезімдік сфераны үндестіру принципі;

7.өз еркімен ќатысу принципі;

8Топ мүшелерінің тұраќтылыѓы принципі;

9.Батыру принципі;

10.Оңашаланѓандық принципі;

11.Бос кеңістік принципі.



Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Тренинг топтың жұмыс істеу принциптері.Ќарым-ќатынасты диалогтеу принципі; үнемі «кері байланыс» принципі; өзіндік диагностика принципі; Дамудыњ оптимистік принципі; Аќыл-ой және сезімдік сфераны үндестіру принципі; және т.б. принциптермен толығырақ таныстыру жүреді.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: кері байланыс, диагностика, диалог, топтық жұмыс, «осында және қазір».

Тренинг топтың жұмыс істеу принциптері.

  1. Қарым-қатынасты диалогтау принципі. Топ сабақтарында бір-бірімен қарым-қатынастарында теңдік, қатынасушылардың бір-бірін сыйлауы, құрметтеуі, бір-біріне толық сенімділіктері. Топ мүшелерінің біреуінің немесе бірнешеуінің басыңқы болуынан қарым-қатынастың сипаты диалогтан монологқа өтеді деөзінің негізгі сипатын жоғалтады және бұл тренинг табиғатына керісінше болады.

  2. Үнемі «кері байланыс» принципі. Тренинг барысында қатысушының өз әрекеті нәтижесі туралы топтың басқа мүшелерінен хабарды үздіксіз алып отырды. «Кері байланыстың» арқасында адам өзінің мінез-құлқын түзете алады, нәтижесіз қарым-қатынас тәсілдерін жаңа мен алмастырады, оны қоршағандарға әсер ету арқылы тексеру. Топта қатынасушылардың кері байланыс жасауына жағдай жасалуы керек (басқаға оның өзі туралы айту) және кері байланысты алуға да жағдай жасалуы керек (басқалардың өзі туралы айтқаннын тыңдау).Осындай кері байланыс дамуды көрсетеді.

  3. Өзіндік диагностика принципі қатысушылардың өзін ашуы, өзінің жекелей маңызды мәселелерін осылар арқылы түсіну және қортындылау. Сабақ мазмұнында адамның өзін-өзі тануына көмектесетін жаттығулар бар. Топ мүшесінде өзін әр түрлі жағдайда көретіндей мүмкіншілік болуы керек.

  4. Дамудың оптимистік принципі жүргізуші диагностика және белгілі бір психикалық күйді түзету жолдарын көрсетіп қана қоймайды, ол ол тренингке белсенді түрде қатынасады, жағдайды өзгерту үшін түрлі жаттығулар қолданылады. Жүргізуші қатысушылардың өзіндік дамуын бір белгілі бағытқа бұрып, жол көрсетіп отыруы керек.

  5. Ақыл-ой және өзіндік сфераны үндестіру принципі. Тренинг үшін бір жағынан үлкен эмоционалды күш сипат, топта өтіп жатқан жағдай қатынасушыларда шын қобалжуларын тудырады. Бұл оларды ашықтыққа итермелейді. Серігіне сенуге, бір-біріне деген қарым-қатынастарының адамгершілікті болуын тренинг, ақыл-ойды белсендендіреді – жағдайды талдау. Бұндай ақыл-ой әрекетінің негізгі формасы – топтың пікірталас (сабақтың барлығында қолданылады).

  6. Өз еркімен қатысу принципі. Бұл барлық тренингте, жекелеген сабақтарда, жаттығуларда ескеріледі. Топ жұмысының барысында өз жеке басында болатын өзгерістерге қатынасушының шынайы ішкі қызығушылығы болуы қажет. Қатынасушыдан еркінен тыс жағымды мағынада өзгерулерді талап етуге болмайды.

  7. Топ мүшелерінің тұрақтылығы принципі. Топ мүшелерінің құрамы тұрақты болуы керек. әрбір сабақ сайын жеке адамдардың келуі нәтижені өзгертеді.

Топтың қалыптасу принципі өте негізгі сұрақ болып табылады. Т- топтарындағы жұмысқа қатысушылардың жас шектерінің ең ыңғайлысы 16-дан 40-қа дейінгі жас аралығы. Жеткіншек шақты да қосуға болады әлеуметтік-психологиялық тренинг тобына, егер жүргізушіде олармен үнемі қатынаста болуына мүмкіншілігі болса, өзіндік бірінші тренинг өткізуді шағын топтардан бастаған дұрыс (10-12 адам), белгілі бір тәжірибе жинақтағаннан кейін топ мүшелерінің санын 30-40-қа дейін жеткізуге болады.

  1. Батыру принципі. Сабақтың өткізілетін уақыты жұмыс бастамас бұрын анықталып алынуы керек. Әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізудегі тәжірибе мынандай қорытынды жасауға негіз береді: көп уақытты талап ететін жұмыс көп нәтиже береді – батыру – 3-4 сағат, бір сабаққа. Аптасына сабақты бір рет өткізу керек. Егер мүмкіншілік болса, мақсатты «қысылған» сабақтарды 2-3 күнде, интенсивті тренингті күніне 6-7 сағатта өткізуге болады. 24 сағатқа созылатын тренинг- морафондар, оны алдын ала дайындалған қатынасушылармен өткізуге ғана болады.

  2. Оңашаланғандық принципі. Қатынасушылардың оларды ешкім тыңдап тұрмағанына толық сенімділігі –сөзсіз талап болып табылады. Егер жүргізушіге сабақты аудио немесе видео жазу жүргізу қажет болса, ол топтың барлық мүшелерінің келісімін алуы керек. Тренинг жаттығуларының көп бөлігі әдейі аудио немесе видео жазылып алуы керек болуы мүмкін, ол келесі сабақтарда қатынасушылардың өздері үшін қажет материал болады. Қандай жағдайда болмасын таспаға жазу топ мүшелерінің келісімі арқылы жүреді.

  3. Бос кеңістік принципі. Сабақ өтетін бөлмеде кең қозғалуға дөңгеленіп отырғанға, 3-5 адамнан микротоп құрғанға, жекеленуге жағдай жасалуы керек.

Әдебиеттер:

1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

2.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

3.Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет