Дәріс №15 Тренингтің негізгі әдіс—тәсілдері.
Мақсаты: тренингте қолданылатын негізгі әдіс—тәсілдермен таныстыру.
Жоспар:
-
Тренингтің негізгі әдістері.
-
Ойын, пікір—сайыс әдістері.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: тренингтің негізгі әдістеріне тоқталу. Топтық пікір—сайыс, ойын, психожаттығу әдістерін студенттерге түсіндіру.
Тақырыптың негізгі ұғымдары: тренинг, ойын ,психожаттығу, пікір—сайыс, топ, проективті сурет.
Тренингтің негізгі әдіс-тәсілдері үш үлкен салаға бөлінеді – топтық пікір-сайыс және ойындар. Бейнені жобалау және психожаттығу қосалқылар болап табылады.
Топтық пікір-сайыс тренинг әдістерінің негізгісі болып табылады. Талқыланатын пікір-сайыстың мәні негізгі үш мақсат арқылы жүзеге асады, олар: топтық процестерде кенттен пайда болатын жағдайлар топтық ойындарды өткізу нәтижесі ретінде және топтың шеңберде әлеуметтік-психологиялық зерттеулерді жүргізудің нәтижелері ретінде. Сонымен қатар, «...топтың әр қатысушысына топтық үрдістер мен осы топтағы адамдардың оған деген көз-қарасы және топта болған уақыт аралығында өзінде болған белгілі бір нақты психологиялық жағдайды жан-жақты, әрі терең зерттеуге мүмкіндік беріледі» .
В.П.Захаров пен Н.Ю.Хрящева топтағы пікір-сайысты сындарлы және бейсындарлы деп екіге бөледі. Сындарлы пікір-сайыстың іс-әрекеттік нәтижесі келесі қорытындылар арқылы жүзеге асады: өз ой-пікірін айту жағынан қатысушылар тең құқылы; әрқайсысы демографиялық атмосфераны сезінеді; әрбір қатысушы белсенділік көрсетеді; қатысушылар альтруистік және аффилиативті реакциялары басымды болады; бірлесе жұмыс жасау мен өзара қарым-қатынасқа қанағаттану. Топта орындалатын міндеттер әлеуметтік және тұлға аралық мәселелер; тұлғалық мәселелер; ақыл-ой міндеттер мен ұйымдастырушылық-басқарушылық мәселелер пікір-сайыстың пәні болып табылады. Сонымен қатар, кәсіби жағдайда болатын жағдайлар «баллинттік топтар» пікір-сайыстың пәні болуы мүмкін – құлықтық тәрбиенің дамуын диагностикалау үшін қағиданы таңдау жағдайларын талдау. Топтық пікір-сайысты тиімді, әрі табысты өткізу үшін «қарым-қатынас ережелері» сияқты арнайы қағидаларды енгізу қажет. Пікір-сайыс жетекшісінің міндеті бұл қағидараларды түсіндіру мен бұлжытпай жүзеге асыру.
Ойын әдістері. Әлеуметтік-психологиялық дайындық тәжірибесінде ойын әдістері операциондық және рольдік деп екіге бөлінеді. Операциондық ойындар (басқарушылық, іскерлі) өмірдегі тұлғалық аспектілерге қарағанда, құралды оқыту аспектісі әлдеқайда басымырақ, формальды және минималды. Мұндай ойындар экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да кәсіби мәселелерді шешу іскерлігін қолдануға бағытталған.
Рольдік ойындар өз қалауына қарай белгілі бір рольді орындауға арналған. К.С.Станиславскийдің актерлік тренинг жүйесінде рольдік ойындарды өткізу тәжрибесі жайлы көптеген пайдалы мағлұмат алуға болады. Бұл текке емес, себебі «...театр рольдік ойындардың бастамасы, символикалық ықпалдың тұжырымдамасы, адам тұлғасының үлгісі және өзін-өзі тануда қолданатын тәсілдер, сонымен қатар, психотерапевтік драматизация және инсценизация, имагопсихотерапия және топтық белсенді әдістердің рольдік варианттары сияқты психологиялық әлеуметтік- тәжірибелік лабораторияның алғашқысы деп есептеуге болады». Психология мен театрдың байланысы Я.Мореноның «психо-драма» әдісінде көрсетілген.
Психодрамада қолданатын рольдік ойындар базалық және жағдайлық деп бөлінеді. Базалық рольдық ойындардың әмбебап психологиялық маңызы бар және олардың мазмұнына қарамастан түрлі психологиялық мәселелерде қолдануға болады.
Бұл «өзін-өзі таныстыру», «диалог», «монолог», «дубляж», «рольмен алмасу», «репликалар айту», «рольдерді орындау», «бос зал», «айна» сияқты техникалар. Жағдайлық-рольдік ойында шектеулі негіз бар, олар қарастырылатын мәселелердің ерекше мазмұнымен бір-бірімен тығыз байланысты. Оның мақсаты – сабақ барысында пайда болатын терапевтикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру. Н.Н.Богомолованың пікірінше, жағдайлық-рольдік ойындардың мәні қатысушыларға берілген проблемалық жағдайды импровизаялап ойнау болып табылады.
Д.Книппер рольдік ойындарға сәйкес оларды өткізуде мынадай қағидаларды ұсынды: - рольдік ойындар, нақты бейнелеу мен қоршаған ортаның жансыз жақтарына негізделу қажет;
– көрселетін іс-әрекет аутентивті, яғни дұрыс және дәлме-дәл болу керек. Өзінің іс-әрекеттерін еркін көрсетіп, ойынға толығымен қатысып, қатысушы өзінің қиыншылықтарын қазіргі жағдайда болатындай етіп көрсету қажет;
– рольдік ойындарды ойнаған кезде, ішкі үрдістерді драмалық түрде «іштен шығару» және уақытша сипаттардың өзгеруі арқылы ойындағы белгілі бөлімдердің шамасының артуы сияқты таңдаулы фокусировка болу қажет;
– рольдік ойындарда көрсетілетін эпизадтардың өзара байланысы дәйектелінеді. Мұндай қағиданың алғы шарттары ретінде, рольдік ойындар бір эпизодтан басқа эпизодтарға дәйекті көшу арқылы максималды терапевтикалық тиімділік артады және кейбір эпизодтардың өзара байланыстан құралуы болып табылады.
Я.Морено рольдік ойындарды келесідей түрлерге бөледі: импровизациялық ойын – топтағы қатысушылардың қалауы бойынша жүргізіледі және ойынға қатысушылардың қияли мен шынайы ұсыныстарына сәйкес өз бетімен өрбиді; рольдік ойындар әлеуметтік-педагогикалық қызметті орындау ретінде - бірдей рольдік тәртіпке оқыту, рольдерді интеграциялау және рольдік ебедейсіздікті алдын алу (адамның өміріне жаңа рольді енгізу); жағдайлық ойын – қиынға түскен әлеуметтік жағдайларды алдын алу іскерлігін иелену.
Психожаттығу. Сөздің көмегінсіз қарым-қатынас жасап, топтың мүшелері өздерін көрсететін қосымша әдісті білдіреді.
Жаттығулар дайындық, пантомимикалық және қорытынды бөлім деп үшке бөлінеді. Дайындық және қорытынды бөлімдер дерективті сипатта болады, ал пантомимикалық бөлімде қатысушылардың қиялы мен өз эмоцияларын көрсетуге еркіндік беріледі.
Дайындық бөлімде үш қызмет көрсетілген: жаттығулық (дененің барлық мүшесімен жаттығу жасау), релаксациялық (психологиялық дистанцияның және қорқыныштың төмендеуі), байланыс (байланыстық элементтерге дайындық, мысалы, сөзсіз сезімдерді түсіну). Бұл бөлімде қарым-қатыс, іс-әрекет және қиял өзара біріктіріледі. Мысалы, әріптесіңнің іс-әрекеттерін айнадай қайталау, мотивациялық секіру мен іс-әрекеттер (мысал ретінде, шұңқырды аттап секіру, көпшілікке жүгіру, қозғалу) жабық көзбен жүру сияқты дайындық жаттығулар болады.
Пантомимикалық бөлім ең негізгі болыпт табылады. Қатысушылар мұнда жетекші ұсынған тақырыпты өз іс-әрекетімен көрсету керек. Тақырып бір адамға, екі адамға, топтағы бірнеше адамдарға және топқа бірдей ұсынуы мүмкін. Юнова тақырыптарды төрт салаға бөлуді ұсынады, олар: дағдыланған өмірлік жағдайлар; ішкі, сыртқы және жалпы адамдық кикілжіңдер; ерекше мәселелер; топтағы интерперсоналдық өзара қарым-қатынастар.
Қорытынды бөлім белсенділік пен сергектік сезімін тудыру керек және басқа да топтың қатысушыларымен етенесіп, өзіндік күшті сезіну.
«Психожаттығу» сөздерінің астарында көптеген жаттығуларды қолдану деп толығымен айтуға болады. Б.Д.Карвасарский психожаттығудың басты ерекшелігі оның негізгі байланыс қарым-қатынастары – қозғағыштық экспрессия арқылы эмоцияларды мимика мен пантомимиканың көмегімен көрсету, сонымен қатар, тапсырылған белгілі-бір тақырып бойынша жағдайларды манипуляциялау деп ойлайды.
Кейде психожаттығудың астарында топтағы әрбір бөлек немесе тұтастай қатысушылардың жағдайын өзгертуге бағытталған жаттығулар жатыр.
Психологиялық жаттығуларды өткізген кезде мынадай жағдайларды ескеру қажет:
– топтағы әрбір қатысушы қалаған жағдайдың өзгеруін ескеріп, жаттығуларды дұрыс таңдау;
– жаттығуды дәлме-дәл және дұрыс орындау алдында жүргізуші мысал ретінде жаттығулардың қалай орындалуын мүмкіндік болғанша көрсетіп, топпен инструктаж жүргізу;
– қатысушылар жаттығулардан әсер алып, максималды қанағаттанған сезімге жеткен кезде жаттығуларды тоқтату қажет;
– орындалған психологиялық жаттығуларды талқылау.
Проективті сурет. Проективті бейненің әдістері қиын вербалды проблемаларды түсіну және шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ суреттелген бейнелердің, түстердің және сызықтардың байланысы жалпы топтық қарым-қатынастың негізгі тәсілдері болып табылады. Т.С.Яценконың пікірі бойынша, проективті сурет «...мазмұнның жағдайын түсінуге мүмкіндік беретін қарым-қатынастарды, себептерді, сезімдерді тудыруға және олардың динамикасы мен бағытын ынталандырады. Бейнелеу процестің өзі тұлғалық түстер, ішкі әлемді, кикілжіңдерді, проблемаларды және олардағы маңызды жағдайды көрсету мен тудыру сияқты маңызды материалдар жағымды болуы мүмкін».
С.Кратохвил проективті сурет сеансын екі бөлімге бөледі: сурет салу (15-30 мин.) мен пікір-сайыс. Автордың ойынша, әлдеқайда «дұрыс» интерпритацияны іздеуге бейімделу пайдасыз болып келеді. Талқылау болса, қатысушыларға көмек көрсеткен кезде және қатысушылардың жағдайының қалауы бойынша қажетті өзгеруіне алғы шарттарды тудыру кезі топ үшін өте маңызды. Дегенмен, суреттерді талдау үшін кейбір критерийлер әзерленген проективті суреттік тесттердің қажетті саны бар деп айтып кету жөн.
Әдебиеттер:
1. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.
2. Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.
4. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
5. И.Куртикова, К.Лаврова, Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика— М., 2005.
3 Практикалық сабақтар және лабораториялық жұмыстар
Практикалық сабақтар – магистранттардың өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бірі болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі.
Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
Методологиялық проблемалардың негіздерін ашу үшін тыңғылықты, жүйелі, бірізділік қажет. Методологиялық жағдайлардың шешімін табу үшін дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.
Сабақ барысы.
Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.
1 Практикалық сабақтың тақырыбы.
№1 практикалық сабақ.
Тақырып 1: Тренинг— оқыту процесі ретінде.
Мақсаты: Тренинг түсінігі туралы білімдерін бағалау.
Жоспар:
-
Тренинг деген не?
-
Тренинг этаптары.
Топтық динамика
-
Тренингтің жүру барысында кездесетін негізгіқиындық тар, және оларды жеңу жолдары.
-
Тренердің құралдары.
Әдебиеттер:
-
И.Куртикова, К.Лаврова, Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика— М., 2005.
-
Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.
-
Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
-
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
-
Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
-
Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.
-
Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 2: Тренингке дайындалу.
Мақсаты: Тренингке дайындалу туралы білімдерін бағалау.
Жоспар:
-
Тренерді дайындау.
-
Топтың сипаттамасы.
-
Топ қатысушыларының статусындағы айырмашылық.
-
Топ қатысушыларының саны.
-
Өткізу орнын дайындау.
-
Таратылатын материалдар.
Әдебиеттер:
-
Пузиков В.Г. Технология ведения тренинга. СПб: Издательство «Речь», 2007.
-
Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.
-
Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
-
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
-
Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
-
Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.
-
Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 3: Тренингтегі жалпы процедуралар.
Мақсаты: Жалпы процедуралар туралы білімдерін бағалау.
Жоспар:
-
Топтық жұмыстың ережелері.
-
Танысу. Тереңдетілген танысулар.
-
Күннің аяқталуы.
Әдебиеттер:
-
Пузиков В.Г. Технология ведения тренинга. СПб: Издательство «Речь», 2007.
-
Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.
-
Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
-
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
-
Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
-
Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.
-
Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 4: Топтың жетекшісінің тұлғасы.
Мақсаты: Психологиялық топты басқарушының тұлғасы туралы білімдерін тексеру.
Жоспар:
-
Топты басқарудың төрт өлшемді функциональды үлгісі.
-
Әсерлі жетекші (білімі, құрылымдары, өнері және техникасы).
Әдебиеттер:
-
Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.
-
Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
-
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
-
Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
-
Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.
-
Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 5: Жетекші нені істей алу керек?
Мақсаты: Топ жетекшісінің іс – әрекеті туралы білімдерін бағалау.
Жоспар:
-
Жұмысқа дайындалу.
-
Жетекшінің бүкіл топқа бағытталған іс –әрекеті.
-
Жетекшінің топтың жеке мүшесіне бағытталған іс –әрекеті.
Әдебиеттер:
-
Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.
-
Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
-
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
-
Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
-
Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.
-
Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 6: Тренерге арналған пайдалы материалдар.
Мақсаты: Тренерге арналған пайдалы материалдар туралы білімдерін тексеру.
Жоспар:
-
Сергіту жаттығулары немесе психогимнастикалар.
-
Тренингте сергіту жаттығулары не үшін қажет?
-
Үрейлер.
Әдебиеттер:
-
Пузиков В.Г. Технология ведения тренинга. СПб: Издательство «Речь», 2007.
-
Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.
-
Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
-
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
-
Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
-
Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.
-
Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 7: Интерактивті ойындар топтық психологиялық жұмыстың құралы ретінде.
Мақсаты: Интерактивті ойындар туралы түсініктерін тексеру, топтық психологиялық жұмыстардың құралы ретіндегі білімдерін анықтау.
Жоспар:
-
Интерактивті ойын анықтамасы.
-
Интерактивті ойындардың шығу тегі (ойын-сауық, әскери, экономикалық, психотерапевтік ойындар).
-
Инетрактивті ойындар классификациясы.
-
Мақсаттары. Ойынға қатысушылар саны.
-
Ұзақтығы. Ойынды өткізу уақыты.
Әдебиеттер:
-
Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.
-
Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
-
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
-
Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
-
Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.
-
Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 8: Рөлдік ойындардың оқыту мен тренингтегі орны.
Мақсаты: Рөлдік ойындардың оқыту мен тренингтегі орны туралы білімдерін тексеру.
Жоспар:
-
Рөлдік ойын не үшін қажет?
-
Рөлдік ойындардың артықшылықтары.
-
Кемшіліктері.
-
Қолдану сфералары.
Әдебиеттер:
-
Менте М. ван. Эффективное использование ролевых игр в тренинге. — СПб: Питер, 2001.
-
Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.
-
Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
-
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
-
Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
-
Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.
-
Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 9. Тренингті ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
Мақсаты: Тренингті ұйымдастыру бойынша білімдерін тексеру.
Жоспар:
-
Тренинг тақырыбын анықтау.
-
Қатысушылар санын және құрамын анықтау, топтың құрылуы.
Әдебиеттер:
-
И.Куртикова, К.Лаврова, Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика— М., 2005.
-
Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.
-
Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
-
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
-
Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
-
Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.
-
Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 10. Тренинг заңдары.
Мақсаты: Тренингтегі заңдар туралы білімдерін тексеру.
Жоспар:
-
Тренинг заңдары не үшін қажет?
-
Тренинг заңдарының мақсаттары мен міндеттері.
-
Тренингтің негізгі заңдары.
-
Топ жұмысын тренинг заңдары бойынша белсендіру тәсілдері.
Әдебиеттер:
-
Горбушина О.П. Психологический тренинг. Секреты проведения. —СПб.: Питер,2008.
-
Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.
-
Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
-
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
-
Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
-
Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.
-
Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 11. Тренинг кезіндегі жүргізушінің киім үлгісі мен дене қалпы.
Мақсаты: тренинг жүргізу барысындағы жүргізушінің киім үлгісі мен дене қалпы туралы білімдерін анықтау.
Жоспар:
-
Имидж.
-
Жүргізушіге киім үлгісін таңдау бойынша практикалық ұсыныстар.
Әдебиеттер:
-
Горбушина О.П. Психологический тренинг. Секреты проведения. —СПб.: Питер,2008.
-
Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.
-
Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
-
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
-
Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
-
Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.
-
Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 12. Тренингтің бірінші бөлімі.
Мақсаты: тренингтің бірінші бөліміндегі жұмыстар бойынша білімдерін тексеру.
Жоспар:
-
«Қыздыру жаттығулары».
-
Қатысушылардың өздерін таныстыруы.
-
Топтың бірлігі мен эмоциональдылығын түзету жаттығулары.
Әдебиеттер:
-
Горбушина О.П. Психологический тренинг. Секреты проведения. —СПб.: Питер,2008.
-
Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.
-
Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.
-
Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.
-
Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.
-
Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.
-
Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.
Тақырып 13. Сауатты мақсатты бағытталу— сәтті тренингтік бағдарламаның негізі.
Достарыңызбен бөлісу: |