Сүт қоректілердің тіршілігіндегі жылдық циклі. Сүт қоректілердегі биологиялық құбылыс, олардын, организмінің күйі, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасы маусымдық заңдылыққа бағынады. Басқа жануарлар сияқты бұлардың да тіршілік циклі бірнеше периодтардан немесе фазалардан тұрады. Осыған сәйкес тіршіліктің жылдық циклінің өте қарапайым схемасын ұсынуға болады.
1. Көбеюге дайындық—сүт қоректілердің көбейер алдында мінез-құлқында елеулі өзгерістер болады. Бұл мезгілде полигамдар “үйір” немесе, “гарема” құрады. “Үйір” құрады. “Үйір” құру үшін еркектері бірімен-бірі таласып, маңына ұрғашыларын көбірек жинауға тырысады (бұғылар, теңіз мысығы, жылқылар т. б.)
Болашақта балалауына қолайлы жағдай тандауына байла-нысты шағылыс кезінде мекен еткен жерін тез ауыстырады. Мысалы, теңіз мысықтары құрғақ аралдарға кетеді. Ашық жерлерді мекендейтін қара бурыл түлкілер, түлкілер бұл кезде қалың шөпті, бұталы немесе тасты жерлерге ауысып, ін қазып, тиіндер, саршұнақтар, ондатраларда ескі індерін жаңартып, немесе жаңадан ін қазады.
2. Балалау және төлдерін тэрбиелеу — мерзімінде аңдар көбінесе тасалы жерде болып, жасырын тіршілік етеді. Мұндай жағдай әсіресе балаларын ашық немесе шұңқыр жерге туатын жануарларға тән (тұяқтылар, мысықтардын, ірі түрлері, қаскырлар және т. б.). Осы кезде аңдар індерінін, маңайынан ешқайда алыстап кетпейді. Тіпті мекенін жиі ауыстыратын жануарлардың өзі де отырықшы болып қалады. Балалары жетіліп тамақтық зат көбірек қажет болғанда, қоректік зат мол жерге ауысады. Тиіндер мен түлкілер сияқты көбею үшін уақытша ін казған сүт коректілердің түрлері балалары ержеткен соң інін тастап, қорегі мол жерге кетеді. Тұрақты індерінде болатын суыр, саршұнақтар мекенін ауыстырмайды.
3. Қысқа дайындалу — мерзімінде аңдар түлеп, ескі жүнін тастап жақсы семіреді. Тұрақты мекені жоқ жануарлар бір жерден екінші жерге қоректік зат іздеп, мекен ауыстырады. Жануарлардың семіруі — қысқы табиғат жағдайына байланысты өзіндік бейімделушілігі. Мысалы, саршұнақ көктемде 90—120 г болоа, ал жаз ортасында олаодың салмағы 400—500 г жетеді.
4. Қыстап шығу — кезіндегі негізгі қиыншылық — тамақ та-бу жағдайының қиындап кетуі, тамақтың азаюы, тамақтың са-пасының нашарлауы. Мұндай қиыншылықтан құтылудын, ең қарапайым жолы тамақ іздеуде қозғалыс жылдамдығын арттырып, көп аймақты аралау. Осындай ерекшелікті көптеген жануарлардан — қасқырлар, түлкілер, жолбарыстар, барыс-тар; кемірушілерден — тиіндер, қояндар және түяқтылардың бірнеше түрлерінен байқауға болады. Сүт қоректілердін, кейбір түрлері қоректік азық іздеп, миграция жасамайды, олар қыстың қиыншылығын ұйқыда жатып өткізеді немесе қысқа қажетті тамақ қорын жинап алады.
2. Н а ғ ы з ұ й к ы — кезінде температура төмендеп, тыныс алу жиілігі бәсеңдейді. Алайда кыс ортасында күн жылы болған күндері қысқа мерзімге мезгіл-мезгіл ояна алатын қабілеті бар жануарлар жарқанаттар, шұбар тышқандар, аламандар жатады.
3-Нағыз маусымдық үздіксіз ұйқыға жататындар — кірпілер, жарқанаттардың кейбір түрлері, сар-шұнақтар, суырлар, қосаяқтар болып саналады. Бұлар терең ұйқыға кетеді де, температурасы бірден төмендеп, тыныс алуы баяулап, өлі организмге көбірек ұқсайтын болады. Үйқыға жатқан организмде зат алмасуы өте төмендегенмен де бүтіндей тоқтап қалмайды. Бұл кезде олар өзінің денесіндегі тканьдері мен май корларын пайдаланады.
Сандарының ауытқып тұруы. Сүт қоректілердің көптеген түрлерінің саны жыл сайын өзгеріп отырады. Оның ішінде әсіресе кемірушілердін. және кейбір жыртқыштардың (тиіндердің, кояндардың, ондатралардың, су тышқандарының, күзендердің, қарсактардың, түлкілердін т. б.) саны миі ауытқиды.
Барлық жануарлар түрлерінің ауытқып тұруы негізінен — қоректік затқа байланысты. Алайда қояндар санының жыл са-йын өзгеріп отыруы басқа себептерге байланысты. Өйткені олардың тамақтық қоры жыл сайын өзгермей бір қалыпты болады. Сол сияқты басқа жануарлардың (ондатралар, бұғылар, бұландар) .саны да жыл сайын өзгеріп отырады. Жануарлардың санының өзгеруіне екінші себеп олардың арасында жиі жұқпалы аурулардың таралуынан. Бұл аурулар қоректік заттары (мысалы, ақ кояндардың, қосаяқтардың, он-датралардың, су тышқандарының) арасында жиі кездеседі.
Кәсіптік аңдар саны өзгеруінің үлкен практикалық маңызы бар. Ол кәсіптік жануарларды аулауды жоспарлауға, одан өнім даярлауға, дер кезінде оларды ұйымдастыру шараларын іске асыруға нұқсан келтіреді. Кейбір зиянкес жануарлардың шамадан тыс көбейіп кетуі ауыл шаруашылрына және денсаулық үшін үлкен зиянын тигізеді. Өйткені кемірушілердің көптеген түрі жұқпалы ауруларды таратушы болып саналады.
Өзін-өзі баұылау сұрақтары:
-
Сүтқоректілердің систематикасы.
-
Сүтқоректілердің негізгі отрядтары.
-
Сүтқоректілердің экологиясы.
Ұсылынған әдебиеттер:
-
Олжабекова,К.Б. Омыртқалылар зоологиясы. 2 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков, Б.Е.Есжанов.-Алматы:Эверо,2011.-368с.
-
Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.
-
Божбанов, А.Ж. Экологиялық зоогеография негіздері: оқулық / А.Ж. Божбанов, М.Қ. Байбатшанов.- Алматы, 2013.- 339б.
-
Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.
-
Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.
14 дәріс: Алғашқы немесе клоакалы аңдар. Қалталылар.
Жоспар.
-
1-класс тармағы. Жұмыртқа салушылар немесе алғашқы аңдар.
-
2-класс тармағы. Нағыз аңдар.
-
1-класс тармағы. Жұмыртқа салушылар немесе алғашқы аңдар.
Ќазіргі кезде сүтќоректілердің 4500-нан астам түрі белгілі. Олар 2 класс тармағына бөлінеді:
1. Алғашќы аңдар. Оған бір ғана - біртесіктілер отряды жатады.
2. Нағыз аңдар класс тармағы екі инфракласќа бөлінеді: а) төменгі сатыдағы аңдар.Оған бір ғана - ќалталылар отряды жатады; є) жоғары сатыдағы аңдар инфракласына 18 отряд топтастырылған.
Алғашќы аңдар класс тармағы. Бұған ќұрылысы ќарапайым сүтќоректілер жатады. Олар етредегі аңтектес жорғалаушыларға туыстыќ жағынан жаќын топ болып саналады. Олардың етті еріндері болмайды. Ересектерінде тістері жойылған, оның орнына мүйізді таќташалар пайда болған. Терісі түкпен ќапталғанына ќарамастан дене температурасы тұраќсыз (+22 + 37ºС арасында ауытќып тұрады), яғни ќоршаған ортаның температурасына тєуелді. Алғашќы аңдар жұмыртќа салып көбейетіндіктен оларды жұмыртќа салушы сүтќоректілер деп те атайды. ¦рыќтанған жұмыртќа клеткасының дамуының көп уаќыты аналыќ организмнің жұмыртќа жолында өтеді. ‡йректұмсыќтар жұмыртќасын басады, ал ехидналар жұмыртќасын арнайы тері ќалтасына салып жүреді. Алғашќы аңдардың бір ғана отряды (біртесіктілер) бар. Олар Австралияда, Тасмания мен Жаңа Гвинея аралдарында ғана таралған. Олар 2 тұќымдасќа бөлінеді: а) үйректұмсыќтар; є) ехидналар. ‡йректұмсыќтардың бір түрі саќталған. Ол жартылай суда тіршілік етуге бейімделген. Тұмсығы жалпаќ мүйізді таќташамен ќапталған. Ол 2-3 жұмыртќа салады. Жұмыртќасының дамуының көп уаќыты (15 күндей) аналыќ организмде өтеді.
Ехидналардың 2 туысы (ехидналар және проехидналар) бар. Олар ќұрлыќта ін ќазып тіршілік етуге бейімделген. Аяќтарында өткір тырнаќтары болады. Денесі ќатты өткір ине тєрізді ұзын 6-8 см-дей түктермен ќапталған. Проехиднаның тұмсығы ұзынша, төмен ќарай иілген мүйізді таќташадан тұрады. Біртесіктілердің саны аз, ертеректе ұлпаны үшін көптеп ауланған. Ќазір оларды аулауға тиым салынған және ќатаң ќорғауға алынған.
-
2-класс тармагы. НАҒЫЗ АҢДАР (ТНRI А)
Бұл класс тармағына плацентарлылар, қалталылар сияқты сүт қоректілер жатады. Бұлардың негізгі ерекшелігі — балаларын тірі туады. Сүт бездері жоғарыда сипатталған жануарлар-дың сүт безі сияқты түтік тәрізді болмай,аумақты желіні болады. Нағыз аңдардың сүт бездерінің жолы ашылатын емшегі болады. Алғашқы аңдардан негізгі айырмашылығы клоака болмайды. Ас қорыту жолының және жыныс-несеп жолының сыртқа ашылатын арнаулы жолдары болады. Көпшілігінің етті ерні болады да, мүйіз тұмсығы болмайды.
1 . Инфра класс. ТӨМЕНГІ САТЫДАРЫ АҢДАР (МЕТАТНЕRІА)
Эволюциялық даму тұрғысынан қарағанда оның төменгі са-тыдағы тұрған аңдардың құрылысындағы бір қатар белгілерді байқауға болады. Төменгі сатыдағы аңдардың плацентасы на-шар жетілген, көпшілігінде плацента тіпті болмайды. Соның нәтижесінде ұрықтың құрсақтағы даму мезгілі қысқа болады да, нағыз жетілмеген әлсіз бала туады. Мысалы, американың опос-сумасының буаз болу мерзімі 12 күн болса, ал алып кенгурулар 39 күн ғана көтереді. Ұзындығы 2 м болатын алып кенгурудың туған баласы 3 сантиметрге азар жетеді. Кенгурулардан әлде қайда кіші күзендер баласын 36 күнде, ал күндыздар 105—107 күнде туады.
Төменгі сатыдағы көпшілік түрлерінің құрсағында тері қал-тасы болады. Оның ішіне жаңа туған балаларын салады, осы қалтаның ішіне балаларын емізетін емшектері де ашылады. Қалта болмайтын (опоссумада) түрлерінің емшегі көкірегінде немесе бүкіл құрсағын бойлай орналасады. Балаларының пассивті қоректенуіне сәйкес олардың анасының емшегіне бекінуіне өзіндік бейімделу әсер етеді. Емшектің ұшы ауыз қуысына енген соң ісініп, ауыз қуысын толтырады. Осы кезде баласының көмекейі жоғары көтеріліп, ауыз қуысы мен тыныс қуысы (хоан тесігі) бір-бірінен ажырайды. Сондықтан баласының аузына қарай сүт кұйылғанда ол тұншықпайтын болады.
Сүттің ауызға құйылуын сүт бездерінің маңайында орналасқан ерекше еттер жиырылып-жазылу арқылы жұп күйінде сақталады, сондықтан қынабы да екеу болады. Осыған сәйкес еркектерінің де шағылыс мүшесінің ұшы екі айырық болады. Үшіншіден, жабастың шап сүйектерімен буындасқан қалта сүйектері денесінің құрсақ бөліміне орналасқан, яғни бұларда қалталы сүйектер болады. Төртіншіден, жоғарғы сатыдағы сүт қоректілердің нағыз азу тістерінен басқа тістері тісеп түсіп, қайтадан шықса, қалталылардың тек қана алдыңғы азу тісі ғана түсіп, қайтадан шығады, басқа тістері тісемейді.
Қалталылар көпшілігінде Австралияға және оған жақын жатқан аралдарға тараған. Оңтүстік Америкада бірнеше түрі кездеседі. Солтүстік Америкаға тараған бір ғана түрі белгілі. Барлық төменгі сатыдағы аңдар — қалталылар (Магsиріа-liа) деген бір ғана отрядқа жатады. Бұл отряд бірінен-бірінің өзіндік ерекшелігі бар екі отряд тармағына бөлінеді.
1-втряд тармары. КӨП КҮРЕК ТІСТІЛЕР (РОLУРRОТОDОNТІА)
Жерде, орманда және жартылай суда тіршілік ететін орган-измдер. Қоректену тәсіліне қарай жыртқыштар, насеком жемділер, қорек талғамайтындар болып бөлінеді. Азу тістері-нің үшы өткір және бұдырлы, сол сияқты жақсы жетілген шошақ тістері болады. Үстіңгі жағының әрбір жартысында 3—5, ал төменгі жағының әрбір жартысында 3—4 күрек тістері болады. Тері қалтасы барлығында бірдей бола бермейді.
Бұл отряд тармағының бірнеше тұқымдасы және көптеген түрлері бар. Мысалы, опоссумдар (Dіdеlрһуіdае) көпшілік өмі-рін ағашта өткізеді. Бұлардың бір ерекшелігі ересектері ағашқа өрмелегенде, жастарында анасының денесіне бекінуге көмектесетін қармалағыш құйрығының болуы. Олар кеміруші-лермен, құстармен және олардың жұмыртқаларымен, насекомдармен қоректенеді. Әдетте бұларды “қалталы егеу-құйрықтар” деп қате атайды. Тез көбейеді. Мысалы, кейбір түрлері он шақты, кейде одан да көп бала туады. Опоссум-дардың бір түрі (DidеІрһиs vігgіпіапиs) солтүстік Америкада кеңінен тараған. орындайды.
Қалталылардың дене құрылысында бірнеше қарапайым белгілері бар. Біріншіден, ми сыңарларының сыртында сайлары мен бұдырлары аз болады және сүйелді дене болмайды. Екіншіден, ұрғашыларының жұмыртқа жолдары Ертерек кезде Австралияда қалталы. қасқыр (Тһуlасіпиs еу-посерһаlиs) деген түрі кездесетін. Бұлар кенгуруларға шабуыл жасайтын ірі жыртқыштар болып есептеледі. Австралияда қалталы көртышқан (Nоtогусtеs tурһіорs) деген түрлері кездеседі.
Ценолестов тұқымдасының (Саепоlеstіdае) баласын салып жүретін қалтасы болмайды. Олар таулы ормандарды мекендейтін, насекомдармен коректенетін организмдер. Ценолес-товтар түн жануарлары. Биологиясы толық зерттелмеген, үш туысы ғана (Саепоіеstеs, Lеstогоs, Rhупсһоlеstеs), азғана түрі белгілі.
2-отряд тармагы ҚОС КҮРЕК ТІСТІЛЕР (DІРRОТОDONТІА)
Бұлардың көпшілігі өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Күрек тістері ұзынша, жоғарғы жағының әрбір жартысында 1—3, ал төменгісінде 1 күрек тісі болады. Өсімдік тектес азық-тармен қоректенуіне байланысты азу тістерінің үстіңгі жағы моқалдау келеді. Артқы аяқтарының екінші және үшінші саусақтары бірігіп кеткен.
Екі күрек тістілер Австралияда және оған жақын жатқан аралдарда тараған. Олардың ішінде ағаштарды мекендейтіндері: қалталы тиіндер (Реtаигиs), қалталы қарақас (Dгоmісіа), қалталы аюлар (Рһаsсоtагсіdае). Қалталы көртышқандар жер астында індерде тіршілік етеді. Бұлар сыртқы түріне қарағанда суырларға ұқсайды. Екі күрек тістілерге кенгурулар да (Масгороdіdае) жатады. Олардың алдыңғы аяқтары қысқа, артқы аяқтары өте ұзын, мықты келеді және құйрығы жақсы жетілген. Бұлардың кейбір түрлері ашық далалы жерді мекендейді. Біраз ғана түрі таулы жерлерді мекендейді. Кейбір түрлері орманда кездеседі. Олар тіршілігінің көпшілігін ағашта өткізеді.
Кенгурулардың терісі жұмсақ, жылы келеді. Оларды терісі үшін аулайды.
Өзін-өзі баұылау сұрақтары:
-
Жұмыртқа салушылар немесе алғашқы аңдарға жалпы сипаттама.
-
Нағыз аңдарға жалпы сипаттама.
Ұсылынған әдебиеттер:
-
Олжабекова,К.Б. Омыртқалылар зоологиясы. 2 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков, Б.Е.Есжанов.-Алматы:Эверо,2011.-368с.
-
Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.
-
Божбанов, А.Ж. Экологиялық зоогеография негіздері: оқулық / А.Ж. Божбанов, М.Қ. Байбатшанов.- Алматы, 2013.- 339б.
-
Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.
-
Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.
15 дәріс: Жоғары сатыдағы аңдар немесе плацентарлық сүтқоректілер
Жоспар.
-
Плацентарлық сүтқоректілердің негізгі отрядтары..
Жоғары сатыдағы немесе ұрыќжолдасты аңдар. Ќазіргі аңдардың көпшілік түрі осы инфракласќа жатады. Бұларға тєн негізгі белгілер: алдыңғы мидың ќыртысы жаќсы дамыған,тістері жеке топтарға жіктелген, єрі тістері - сүт және тұраќты тістер деп бөлінген. Эмбриональдыќ дамуы ұрыќжолдасының түзілуімен тығыз байланысты, ќалта сүйектері болмайды. Жоғары сатыдағы аңдар инфракласының негізгі отрядтары:
1-отряд. Толыќ емес тістілер. Бұл отряды түрінің саны аз, тек Оңтүстік Америкада кеңінен таралған. Олардың тістері толыќ жеке топтарға жіктелмеген. ‡лкен ми сыңарлары нашар дамыған, иірімдері болмайды. Ќазіргі кезде бұлардың 3 тұќымдасының түрлері кездеседі: а) жалќауаңдар; є) ќұмырсќажегіштер; б) сауытты аңдар. Олардың түрлері Орталыќ және Оңтүстік Америкада ғана таралған.
2-отряд. Кесірттер. Бұл отрядќа Оңтүстік Азияда және Африканың тропикалыќ аймаќтарында таралған аңдар жатады. Олардың денесі жапсарласа орналасќан мүйізді ќабыршаќтармен ќапталған. Жаќ сүйектерінде тістері болмайды. Олар термиттер мен ќұмырсќалармен ќоректенеді. Ќарынындағы ұсаќ тастар ќорегін майдалап ұсаќтайды.
3-отряд. Жєндікќоректілер. Бұл отрядќа ертеден келе жатќан ќарапайым ұрыќжолдасты аңдар жатады. Ми сыңарларының көлемі аз, тістері нашар жіктелген. Алға созылыңќы єрі ќозғалмалы тұмсығы болады. Көпшілік түрлерінде иіс шығаратын бездер бар. Олар Жер шарында кеңінен таралған және єртүрлі орта жағдайларында (ќұрлыќта, жерастында, суда, ағаш басында) тіршілік етуге бейімделген. Негізгі тұќымдастары – көртышќандар жұпартышќандар, кірпілер және жертесерлер т.б. Бұлардан басќа Африкада секіргіштер, алтын түсті көртышќандар, Куба, Гаити, Мадагаскар аралдарында тенректер кездеседі.
4-отряд. Ќолќанаттылар (жарќанаттар). Бұл отрядќа ұшуға бейімделген сүтќоректілер жатады. Оларда ќанаттың ќызметін алдыңғы аяќтарының арасында, денесінің екі бүйірінде, артќы аяќтарында, ќұйрығында болатын терілі жарғаќтар атќарады. Ультра дыбыс толќындарын өздерінен шығарған жаңғырыќтары арќылы өте дєл ажырата алады. Олардың 1000-ға жуыќ түрі Жер шарында (Арктика мен Антарктикадан басќа ќұрлыќтарда) кеңінен таралған. 2 отряд тармағына бөлінеді: а) ќанаттылар; є) жарќанаттар.
5-отряд. Жүнќанаттылар. Олардың түрлері ‡нді-Ќытай түбегінде және Малай аралдарында таралған. Аяќтарын, мойнын және ќұйрыќғын тұтасымен байланыстыратын ќалың терілі жарғағы жүнмен ќапталған. Түнде белсенді тіршілік етеді, өсімдіктермен ќоректенеді. Ағаштан-ағашќа ќалыќтап ұшаќ алады (60-100метрге дейін). Екі түрі бар. Кең тараған түрі –кагуан (Малай жүнќанаты).
6-отряд. Приматтар (маймылдар). Туыстыќ жағынан жєндікќоректілерге ұќсас. Олардың 200-дей түрі Азияның, Африканың, Американың тропикалыќ ормандарында кездеседі. 2 отряд тармағына бөлінеді: а) жартылай маймылдар; є) жоғары сатыдағы маймылдар.
а) Жартылай маймылдар (төменгі сатыдағы) отряд тармағына Азияның оңтүстік-шығысында, Индонезия, Мадагаскар аралдарында, Африканың тропикалыќ ормандарында таралған. 53 түрлі тупайлар, лемурлар, долгопяттар жатады.
є) Жоғары сатыдағы маймылдардың 140-тан астам түрі белгілі. Көпшілігінің ќұйрығы болмайды. Басбармаќтары басќа саусаќтарына ќарама-ќарсы орналасќан. Барлыќ саусаќтарында жалпаќ тырнаќтары болады. ‡лкен ми сыңарларының көлемі үлкен єрі оның сыртында көптеген иірімдері, сайшалары бар. Кең таралған тұќымдастары – кеңтанаулылар, тартанаулылар, адамтектес маймылдар, жабысќаќќұйрыќтылар, ойынпаз маймылдар т.б. Адамтектес маймылдарға – гиббондар, орангутандар, гориллалар, шимпанзелер жатады. Адамдар тұќымдасы да жоғары сатыдағы маймылдар отряд тармағына жатады.
7-отряд. Ќоянтектестер. Олар ұзын аяќтары, түтік пішінді ќұлаќ ќалќандары, ќысќа ќұйрығы арќылы ерекшеленеді. Олардың сойдаќ тістері болмайды. Күрек тістері мен азу тістерінің арасында едеуір кең тіссіз кеңістігі (диастемасы) болады. ‡стіңгі жаќ сүйегінде екі жұп күрек тісі бар. Ќоянтектестер Жер шарында кеңінен таралған. Олардың 60-ға жуыќ түрі белгілі. Олар 2 тұќымдасќа жіктелген: а) ќояндар; є) шыќылдаќтар. Ќояндардың артќы аяќтары алдыңғы аяќтарынан едеуір ұзын, ќұйрығы ќысќа, ќұлаќ ќалќандары үлкен. Кең тараған түрлері – аќќоян, ор ќоян, ќұм ќояны (толай), жабайы ќоян (кролик) т.б.
Шыќылдаќтар тұќымдасына ќұлаќ ќалќандары да, аяќтары да ќысќа көбіне Азияның таулы өңірлерінде таралған аңдар жатады. Кең тараған түрлері – даур шыќылдағы, солтүстік шыќылдағы т.б.
8-отряд. Кемірушілер. Бұған Жер шарында кеңінен таралған єрі түр ќұрамы мол (1600-дей түрі бар) сүтќоректілер жатады. Олардың дене тұрќы шағын, ұсаќ болып келеді. Сойдаќ тістері болмайды, күрек тістері үстіңгі және астыңғы жаќ сүйектерінде бір жұптан орналасќан, єрі күрек тістері өте жаќсы дамыған. Ішектері ұзын, соќыр ішегі жаќсы дамыған. Кей түрлері ауыл шаруашылығына зиян келтірсе, кей түрлері ќауіпті аурулар (оба т.б.) таратады. Көптеген түрлерінің кєсіптік мєні зор. Олар єртүрлі орта жағдайларында (ќұрлыќта, жерастында, жартылай суда, ағаш басында) тіршілік етуге бейімделген. Кемірушілердің 35-тей тұќымдасы бар. Кең тараған тұќымдастары – тиындар, суырлар, ұшарлар, ќараќастар, ќұндыздар, ќосаяќтар, жайралар, су шошќалары (капибара), соќырлар, тышќандар, аламандар т.б.
9-отряд. Жырќыштар. Бұған көбіне етпен ќоректенетін дене мөлшері єртүрлі (үлкен, орташа, шағын) күрек тістері нашар дамыған, сойдаќ жыртќыш тістері өте жаќсы дамыған аңдар жатады. Дене салмағы да єртүрлі кең тараған тұќымдастары ќасќырлар, аюлар, жанаттар, сусарлар, мысыќтар жатады. Ќасќырлар тұќымдасына – ќасќыр, түлкі, шибөрі, ќарсаќ, аќ түлкі, койот т.б. жатады. Аюлар тұќымдасына – аќ аю, ќоңыр аю, гималай аюы, ќара аю (барибал), үлкен панда т.б. жатады. Жанаттар тұќымдасына – су шашќыш жанат, кіші панда жатады. Сусарлар тұќымдасына – бұлғын, сусар, норка, аќќіс, борсыќ, аќќалаќ, күзендер, кємшат т.б. жатады. Мысыќтар тұќымдасына – арыстан, жолбарыс, ілбіс, ягуар, леопард, ќабылан, сілеусін, мєлін, сабаншы т.б. жатады. Ќорќау ќасќырлар тұќымдасына – шұбар ќорќау ќасќыр т.б. жатады.
10-отряд. Ескекаяќтылар. Олар суда тіршілік етуге бейімделген аяќтары ќысќа єрі ескекке айналған. Ќұрлыќќа тек көбею, күшіктеу, түлеу кезінде ғана шығады. Балыќтармен, шаяндармен, ұлулармен ќоректенеді. Олардың 3 тұќымдасы бар: а) ќұлаќты түлендер; є) морждар; б) нағыз түлендер. Ќұлаќты түлендерге сивучтар, теңіз мысыќтары жатады. Морждар тұќымдасының бір ғана түрі (морж) бар. Нағыз түлендерге – саќиналы нерпа, гренландия түлені, теңіз ќояны, теңбіл нерпа, байкал және каспий итбалыќтары т.б. жатады.
11-отряд. Киттектестер. Бұл отрядќа барлыќ тіршілік єрекеттері тікелей сумен байланысты теңіз сүтќоректілері жатады. Алдыңғы аяќтары ќатты ескекке айналған, ал артќы аяќтары жойылған. Тері асты май ќабаты өте ќалың (50 см-дей). Денесінде түктері болмайды. Тер және май бездері жойылған. Миы, сезім мүшелері өте жаќсы дамыған.
Киттектестердің ќазір 80-дей түрі бар. Олар екі отряд тармағына жіктелген: а) тіссіз (мұртты) киттер; є) тісті киттер. Мұртты киттер өте ірі жануарлар, планктондармен ќоректенеді. Аузында сүзгіш мүйізді мұртшалары болады. Тістері жойылған. Кең таралған түрі – гренландия киті, көк кит, финвал, горбач жатады, бєрінің де саны аз, ќорғауға алынған.Тісті киттердің тістері біркелкі жеке топтарға жіктелген. Басында сыртќы танау тесігі біреу. Кең тараған тұќымдастары - өзен дельфиндері, кашалоттар, дельфиндер.
12-отряд. Сирендер – суда тіршілік етеді. Дене тұрќы ірі теңіз жағалауында таралған. Мойны айќын байќалады. Ќарны бірнеше бөлімнен тұрады. Туыстыќ жағынан тұяќты сүтќоректілерге ұќсас. Топтанып тіршілік етеді. Оларға ламантиндер, дюгондар жатады. Стеллер сиыры деген түрі ХVІІІ ғасырдың соңында жойылған.
13-отряд. Түтіктістілер – оған африка түтіктісі деген бір ғана түр жатады. Тұмсығы алға созылыңќы. Термиттермен, ќұмырсќалармен ќоректенеді. Тістерінде кіреукесі болмайды єрі ұсаќ.
14-отряд. Дамандар – сыртќы түрі суырларға ұќсас. ¤сімдікќоректі. Аравия түбегінің, Африканың таулы жазыќ, орманды алќаптарында таралған 11 түрі белгілі.
15-отряд. Тұмсыќтылар. ¦зын тұмсыќтары үстіңгі ерінмен тұтасып кеткен. Тұмсығының түбінде тірек ќызметін атќаратын шеміршегі болады. Тұмсығы тері мен бұлшыќеттен тұратын түзіліс. Терісі ќалың, түктері өте сирек. ‡стіңгі жаќ сүйегіндегі күрек тістері алға ќарай созылыңќы сойдаќ тістері болмайды. Оған пілдер жатады. Пілдер 10-16 жылда жыныстыќ жетіледі. Африка пілі үнді пілінен ірі. Бұл отрядќа тарихи дєуірде жойылып кеткен мамонт (зіл) та жатады.
16-отряд. Таќтұяќтылар. Бұл отрядќа жататын жануарлардың аяќтарының 3-саусаќтары жаќсы дамыған. Басќа саусаќтары ќалдыќ түрінде немесе жойылған. Бұғана сүйегі болмайды. Ќазір бұл отрядтың 3 тұќымдасының өкілдері кеңінен таралған. Тапирлер тұќымдасының 5 түрі бар. Олардың тұмсыќтары мен үстіңгі еріндері тұтасып алға ќарай созылған. Олар Оңтүстік Америка мен Оңтүстік-шығыс Азияда таралған. Мүйізтұмсыќтар тұќымдасы. Терісінде түктері болмайды. Маңдай және мұрын сүйектерінде терінің эпидермисінен пайда болған бір не екі мүйізді өскіні болады. Түрлері – үнді және аќ мүйізтұмсыќтар. Жылќылар тұќымдасының үшінші саусағы ғана жаќсы дамыған. Ќазіргі кезде таралған түрлері керќұлан (Прежевальский жылќысы) және ќұлан, зебр, есек. Тарихи дєуірлерде тарпан деген жабайы жылќы түрі далалы аймаќтарда таралан. Ол үй жылќысының арғы тегі деп саналады.
17-отряд. Көнтабандылар. Бұл отрядќа түйелер және Оңтүстік Америкада таралған ламалар жатады. Аяќтарының ќұрылысы жұптұяќтыларға ұќсас. Айыр өркешті түйе (бактериан), сыңар өркешті түйе (дромедар), Оңтүстік Американың таулы алќаптарында викунья, гуанако деген 2 түрі бар. Оңтүстік Америкада лама және альпака деген ќолтұќымдары ќолға үйретілген.
Достарыңызбен бөлісу: |