ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Омыртқалылар зоологиясы»



бет10/14
Дата09.06.2016
өлшемі2.26 Mb.
#125234
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Жамбас белдеуі — жер бетінде тіршідік ететін жануарларға тән — шонданай, шап және мықын сүйектерінен тұрады. Көпшілік сүт қоректілерде бұл үш сүйек тұтасып барып бір ғана — жамбас сүйегін (іппоmіпаtіum) құрайды.

Аяқтарының скелеті барлық жер бетімен қозғалатын бес саусақты жануарларға тән құрылысты сақтайды.

Әйткенмен, тіршілік ету жағдайларының түрліше болуына және аяқтарын пайдалану тәсіліне байланысты оның құрамындағы сүйектердің құрылысы да түрліше болады. Мысалы, жер бетінде жүретін түрлерінде аяқтарының жоғарғы бөлімдері ұзын болса, ал суда тіршілік ететіндерінің бұл бөлімі керісінше қысқа болады, яғни аяғының төменгі бөлімінің сүйектері — табан сүйектері және саусақтары жақсы жетілген, әрі ұзын болады.


  1. Сүтқоректілердің ішкі құрылысы.

Ас қорыту системасының құрылысы — күрделі және ол бірнеше бөлімнен тұрады. Ас қорыту системасы сөл шығар-атын бездері бар түтікке ұқсайды.

Сүт қоректілерде ас қорыту системасы ерінінен басталады. Етті ерін тек қана кит тәрізділерде және клоакалы жануарлар-да ғана болмайды. Етті ерін сүт қоректілерге қоректерін қар-мап ұстау үшін керек. Етті еріндері кейбір сүт қоректілерде (са-ламандраларда, шұбар тышқанда, маймылдарда) жақсы дамыған. Тіпті олар қоректерінің

бірсыпырасын осы дорба сияқты ұрттарына толтырып сақтайды.

Сүт қоректілердің тістерінің жалпы саны және олардың топ-қа бөлінуі әрбір түрдің тұрақты систематикалық белгісі болып есептеледі. Оны белгілеу үшін бөлшек түріндегі арнаулы формуланы пайдаланады. Бөлшек сызығының үстіндеп сандар жоғарғы жақтағы тістің санын, ал сызықтың астындағы сан төменгі жақтағы тістің санын көрсетеді.

Өңештің еті тегіс тканьдерден құралады. Кейбір күйіс қай-таратын жануарларда жұтқыншақтан келетін көлденең салалы еттер болады. Осы еттерінің көмегімен өңеш еріксіз жиырылып күйіс қайырғанда қарындағы қоректік затты кекіріп аузына келтіруге көмектеседі. Қарын басқа ас қорыту мүшелерінен айқын бөлінген және көптеген сөл шығаратын бездері болады. Қарынның көлемі және оның ішкі құрылысы қоректік заттарының түріне байлаиысты әрбір түрде түрліше болады. Клоакалы сүт қоректілердің қарыны қарапайым қалта пішіндес болады.

34 - с у р е т. Ұрғашы кроликтің ішкі органдарының орналасуы: / — калкан безі; 2 — өңеш; 3 — қарын; 4 — бауыр; 4 — өт; 5 — ұйқы безі; 5' — ұйқы безінің жолы; 6 — бүйен; 7 — оның құрт тәрізді өсіндісі; 8 — артқы тесік; 9 — жүректің сол қарыншасы; 10 — жүр- ректің оң қарыншасы;. 11 — сол жүрекше; 12 — оң жүрекше; 17 — тоқ ішек; /8 — артқы қуыс вена; /9 —қолқа; 20 — сол өкпе; 21— бүй-рек; 22 — бүйрек үсті безі; 23.- несеп жолы; 24 — қуық; 25 — жұмыртқа безі; 26 - жұмыртқа жолы; 27— талақ; 28 — кеңірдек; 31= өт жолы.


Нағыз ішек — аш ішек, тоқ ішек және тік ішек деп үшке бө-лінеді. Өсімдік тектес қатты азықтармен қоректенетін түрлердің (кемірушілердің) аш ішегі мен тоқ ішегінің шекарасында ұзын және тұйық бітетін бүйені болады, ал кейбір сүт қоректілерде (маймылдарда, шала маймылдарда, қояндарда) кішкене кұрт тәрізді тұйық өсіндімен бітеді, Жануар тектес азықпен қоректенетін сүт коректілердің кейбір түрлерінде (көп күрек тісті қалталыларда) бүйен болмайды. Бүйен ашытқыш чанның қызметін атқарады. Егер тамақтық заттың құрамында клетчатка көп болса, ашу процесі де соғұрлым күшті болады. Өсімдік тектес азықпен қоректенетін жануарларда ішек өте ұзын, ал кез келген тамақпен немесе жануар тектес затпен қоректенетіндерде қысқа болады.

Тыныс органдары. Жұтқыншақ астына көмекей орналасады. Көмекей бірнеше шеміршектен тұрады. Көмекейдің төменгі жағында сақина сияқты оймақ тәрізді шеміршек болады. Ал, алдыңғы және бүйір жағынан тек қана сүт қоректілерге тән қалқан тәрізді шеміршек қоршап тұрады.

Өкпені желдетудің газ алмасуында ғана емес организмдегі жылуды реттеуде де үлкен маңызы бар.



Қан айналу системасы. Сүт қоректілердің сол жақ қарын-шадан шығатын бір ғана сол жақ қолқа доғасы болады. Қолқадан кететін басты артериалык тамырлар түрліше бағытта тарайды. Қолқадан кететін қысқа атсыз артерия (агtегіа іппоmіпаtа), оң бұғана асты артериясына (агі. sиbеlvіа (dехtга) ашылады, оң және сол ұйқы артерияларына (агі сагоtіs dехtга еt: sіпіstга) тарамданады. Вена жүйесшдегі ерекшеліктер: 1-бүйректердің қақпа қан айналысы болмайды; 2-сол жақтағы алдыңғы қуыс вена азғана түрлерінде жүрекке өзінше барып құяды.

Нерв системасы. Сүт қоректілердің миы басқа жануарлардың миымен салыстырғанда әлде қайда үлкен болады. Ол мишық пен алдыңғы ми сыңарларының көлемді болуына байланысты. Алдыңғы мидың дамуы негізінен оның қақпағының — ми күмбезінің өсуімен байланысты. Екі ми сыңарлары сүйелді дене (согриs) деп аталатын ақ нерв талшықтарының комиссураларымен байланысқан.

Аралық ми үстіңгі жағынан көрінбейді. Эпифиз бен гипофизі үлкен болмайды.

Ортаңғы ми өз ара біріне-бірі перпендикуляр екі бороздамен төрт төмпешікке бөлінген. Жануарлардың қозғалысының күрделі болуына сәйкес мишығы үлкен, әрі бірнеше бөліктерге бөлінген (35-сурет).


35 - с у р е т. Кроликтің миы: 1 — улкен ми сыңары, 2 — , иіс бөлімдері, 3 — көру нерві, 4 — эпифиз; 5 — ортаңғы ми, 5 — мишық 7 — сопақша ми, 8— гипофиз, 9—• варолиев көпірі; 10 — ми воронкасы, 11 — сүйелді дене.

Сезім органдары. Сүт қоректілердің иіс сезу органы өте жақсы жетілген және тіршілігінде үлкен роль атқарады. Осы органдарынын, көмегімен олар жауларын сезеді, тамағын, бірін-бірі іздеп табады. Көптеген түрлері қоректік объектілерінің иісіне бірнеше жүз метр қашықтан анықтайды.

Кейбір сүт қоректілерде (қалталыларда, кемірушілерде, тұ-яқтыларда) рептилилерді сипаттағанда айтылған якобсонов органы болады. Бұл өз алдына таңдай-танау каналына ашылатын иіс сезу капсуласы.



Есіту органы сүт қоректілердің көпшілігшде өте жақсы жетілген. Оның құрамына төменгі сатыдағы класгың өкілдерінде болатын ортаңғы, ішкі құлащқа, жаңа екі бөлім: сыртқы дыбыс жолы, құлащ қалқаны, енеді. Құлак қалқаны кейбір сүт қоректілерде (киттерде, ескек аяқтылардың көпшілігінде, жер астын мекендейтін көртышқандарда т. б.) болмайды. Құлақ қалқанының дыбысты күшейтуде маңызы зор. Ол әсіресе, түн жануарларында (жарқанатта), орман тұяқтыларында, ит тұқымдастары-ның шөлді мекендейтін түрлерінде т. б. Күшті жетілген.

Көру органдары. Сүт қоректілердің көру органдарының құ-рылысында ерекше өзгешелік болмайды. Көру органдары-ның жануарлардың тіршілігінде құстармен салыстырғанда аса маңызы жоқ. Тіпті ашық кеңістікті мекендейтін жануарлардың да көру органы нашар жетілген. Қозғалмай тұрған заттарға көптеген жануарлар көңіл аудармайды, сондықтан қозғалмай тұрған адамға аса сақ деп есептелетін аңдар (түлкі, қоян) жақын келіп қалады.

Зәр шығару системасы. Басқа амниоттардікі сияқты сүт қоректілердің бүйрегі де мықын бүйрегі (mеtаперһгоs) деп аталады. Анамнияға тән дене бүйрек (mеsоперһгоs) сүт қоректілерде эмбриональдық даму кезінде болады да, кейін жойылып кетеді. Сүт қоректілердің метанефрикалық, бүйрегі бұршақ (бобовидный) пішінді дене. Сүт қоректілердің көпшілігінің бүйректерінің сыртқы беті тегіс, ал күйіс қайтаратындардың және мысықтардың бүйректерінің сырты бұдыр болады. Киттердің бүйректері бірнеше бөлімге бөлініп, бөлшектеніп тұрады.

Жыныс органдары. Сүт қоректілерде аталық жыныс бездерінің (tеstеs) пішіні сопақша болады. Кейбір сүт қоректілерде: клоакалыларда, пілдерде, мүкі тістілерде, кит тәрізділерде т. б. аталық безі өмір бойы дене қуысында болады. Көптеген сүт қоректілердің аталық жыныс безі алғаш дене қуысында болады да, ержеткен кезде төмен түсіп, шап бөлімінде сыртқа шығып тұрған ен қалтасының (sсгоtum) ішіне орналасады. Ең қалтасы дене қуысы мен шаптағы арнаулы екі шап каналы арқылы қатысады. Аталық жыныс безіне тұрқы бойына беттесе орналасқан — ен сағағы (еріdіdуmіs) болады. Ен сағағы аталық жыныс безінің өнімін сыртқа шығаратын көптеген иректелген каналдардан тұрады.

Тұқым немесе эйякулят сперматозоидтың өзі тұқым қалта-сы және предстательдік бездің бөліп шығаратын сұйықтарының жиынтығы болып саналады.

Шағылыс мүшесінің (репіs) төменгі жағында тұқым-несеп каналы орналасады. Тұқым-несеп каналының үстінде және екі жағында борпылдақ кеуекті денелер (согриз саүегпозит) жатады. Жыныстық қозу кезінде шағылыс мүшесінің ішіндегі кеуегіне қан толып, соның нәтижесінде шағылыс мүшесінің созылғыштығы, серпімділігі артып және көлемі үлкейеді. Кейбір сүт қоректілердің (жыртқыштардың, ескек аяқтылардың, кемірушілердің көпшілігінің және кейбір жарқанаттардың т. б.) шағылыс мүшелерінің мықты болу себебі оның кеуекті денелерінің арасында ұзын ерекше сүйекше (оз репіs) болатындығынан.

Ұрық орны. Сүт қоректілердің жатынында ұрық жетіле бастағанда плацента деп атайтын ұрық орны пайда болады (36-сурет).

36 - с у р е т. Кроликтің он екі күндік ұрығының көрінісі: 1 — сероздық қабық, 2 — амниотикалық қуыс, 3 — амнион, 4 — аллантоис, 5 — аллантоис қуысы, 6 — сероз қапшығының плацета қалыптасатын қалық қабатты бөлімі, 7 — сары уыз қалтасы, 8 — кіндік
Сүт қоректілердің клоакалы түрлерінде ғана плацента болмайды. Қалталыларда плацентаның нұсқасы ғана болады. Плацента аллантоистың сыртқы қабырғасы мен сероздық қапшыктың беттесуінен пайда болады, соның нәтижесінде борпылдақ дене — хорион пайда болады. Хорионда өсінділер — ворсинкалар пайда болып, ол жатынның жұмсақ тканьдерімен жалғаса-ды. Осы арада ана мен ұрықтың қан тамырлары өз ара ұштасып бірақ олар бірігіп кетпейді. Сөйтіп, аналық организм мен ұрықтың қан тамыры қатысып жатады.
Өзін-өзі баұылау сұрақтары:


  1. Сүтқоректілердің жалпы сипаттамасы.

  2. Сүтқоректілердің дене жабыны.

  3. Сүтқоректілердің қанқасы.

  4. Сүтқоректілердің ішкі құрылысы.


Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Олжабекова,К.Б. Омыртқалылар зоологиясы. 2 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков, Б.Е.Есжанов.-Алматы:Эверо,2011.-368с.

  2. Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.

  3. Божбанов, А.Ж. Экологиялық зоогеография негіздері: оқулық / А.Ж. Божбанов, М.Қ. Байбатшанов.- Алматы, 2013.- 339б.

  4. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.

  5. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.



13 дәріс: Сүтқоректiлердің систематикасы, экологиясы.

Жоспар.

  1. Сүтқоректілердің систематикасы.

  2. Сүтқоректілердің экологиясы.




  1. Сүтқоректілердің систематикасы

ОСЫ ЗАМАНДАҒЫ СҮТ ҚОРЕКТІЛЕРГЁ СИСТЕМАТИКАЛЫҚ ШОЛУ

1.Қласс тармағы. Алғашқы. аңдар (Ргоtіһегіа).

Отряд Tricodontia

Отряд Multituberculata

Отряд Pantotheria

Отряд Біртесіктілер (Мопоtгеmаtа).

II. Класс тармағы. Нағыз аңдар (Тһегіа).

1. Инфра класс. Төменгі сатыдағы ацдар (Меtаtһегіа).

Отряд Methateria

Отряд. Қалталылар (Магsuріаlіа).

2. Инфра класс. Жоғарғы сатыдағы аңдар (Еutһегіа).

1-отряд. Толыќ емес тістілер.

2-отряд. Кесірттер.

3-отряд. Жүндікќоректілер.

4-отряд. Ќолќанаттылар (жарќанаттар).

5-отряд. Жүнќанаттылар.

6-отряд. Приматтар (маймылдар).

7-отряд. Ќоянтектестер.

8-отряд. Кемірушілер.

9-отряд. Жырќыштар.

10-отряд. Ескекаяќтылар.

11-отряд. Киттектестер.

12-отряд. Сирендер

13-отряд. Түтіктістілер

14-отряд. Дамандар

15-отряд. Тұмсыќтылар.

16-отряд. Таќтұяќтылар.

17-отряд. Көнтабандылар.

18-отряд. Жұптұяќтылар.




  1. Сүтқоректілердің экологиясы.

ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ТАРАЛУЫ

Сүт қоректілер өте кен, тараған жануарлар, тек қана Антрак тикалық материкте ғана кездбспейді. Мұзды мұхиттың сол-түстігіндегі аралдарда жер бетінде тіршілік ететін сүт қоректі-лердіі бірнеше түрі кездесетіндігі байқалған.

Сүт қоректілердің негізгі сезім органдары — есіту және иіс органдары болып саналады. Сондықтан күн сәулесінің (жарықтығы немесе қараңғылығы) олардың мінез-құлқының өзгеруіне, құстарра әсер еткендей әсері болмайды.

Сүт коректілердің ішінде іңірде және түнде тіршілік ететін көптеген түрлері бар. Мысалы, Арктика жағдайында, түн жануарлары жаздағы “мәңгі” жарыққа тез үйреніп кетеді. Сол сияқты Арктиканың мәңгі қараңғылыры күндізгі жануарлардың тіршілігіне нүқсан келтірмейді.

Көпшілік сүт қоректілер топырақ түрін және оның қатты немөсе жүмсақтығын талғарыш келеді.

Жалпы сүт қоректілердің таралуы орта жағдайымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бұл байланыстың төменгі сатыдағы қүрлықтық түрлеріне қарағанда жоғары сатыдағы-ларында өте күрделі екенін атап өтуге болады.

Өйткені олардың климаттық факторларға байланысы шамалы. Олардың бейімделуі көбінесе жоғары дамыған орталық нерв системасының қызметіне байланысты.



Сүт қоректілердің экологиялық топтары. Омыртқалылардың ішіндегі сүт қоректілер алуан түрлі болып кездеседі. Өйткені ұзақ уақыт дамудың нәтижесінде сүт қоректілерге жататын организмдер жер бетіне кең таралып, әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделген.

Алғашқы сүт қоректілер жерде — орманда тіршілік еткен болу керек, бірақ эволюциялық бейімделушілік төмендегідей зкологиялық топтардың шығуына себепші болған: 1) жер бетін, 2) жер астын, 3) суды мекендейтіндер, 4) ұшатын жануарлар. Өзі тіршілік еткен ортасына қатысына қарай жоғарыда көрсетілген әрбір топ өзінен де ұсақ топтарға бөлінеді.



1. Жер бетін мекендейтіндер. Жер шарындағы құрлықтың барлығында кездесетін сүт қоректілердің үлкен тобы.

Олардың алуан түрлі болуы кеңінен таралып, түрліше тіршілік жағдайларына бейімделуіне байланысты. Бұл топқа жататын жануарларды орманды мекендейтін және ашық кеңістікті мекендейтін деп екіге бөледі.

Орманды және ірі бүталы жерді мекендейтін жануарлардың тіршілік жағдайына байланысты формасы да түрліше болады. Бұл жерлер өсімдігінің қалыңдығы, жануарлар мекендерінің түрақты және түрлерінін, көп болуына әсер етеді. Өрісінің кеңдігі мен өсімдігінің бітік болуы қорегінің де алуан түрлі болуына әсерін тигізбей қоймайды.

а) Нағыз маманданған тобына ағашқа өрмелеп шығатын жануарлар жатады. Олар өмірінің көпшілігін ағашта өткізеді.

Ағашта тіршілік етуге әр түрлі икемделген көтеген жануар-лар ағашқа шыққанда өткір тырнағын пайдаланады.



Оған тиіндер, аюлар, сусарлар, құмырсқа жегіштер жатады. Лемурлар мен маймылдар ұзын, жақсы жетілген саусақтарының көмегімен шығады. Оңтүстік Американың көптеген маймылдарында, орман құмырсқа жегіштерінде, қалталылардан — опоссумда қармалағыш құйрық болады.

б) Орман жануарларыньщ ішінде жартылай ағашта, жартылай жер бетінде тіршілік ететін көптеген түрлері бар. Олар тамағынын, бірсыпырасын ағаштан тауып, үясын кезкелген жерге салады. Мысалы, бүлғын тамағының көпшілігі тышқан тәрізді кемірушілерді (20—50%) жерден тапса, 30—60 процентке дейін жаңғақ пен бүлдірген, оған қосымша 5—10% құстарды, 1—15% тиіндерді ұстап қоректенеді. Бұлғын биік ағаштардың қуысында, құлаған ағаштың шіріген қуысында, тамырының астына ұялайды. Біздің Қиыр Шығыстық қара аюлар жемістермен, кемірушілермен, насекомдармен және араның балымен қорейтенеді. Бұлар ағашқа өрмелеп шығуға жақсы бейімделген, сондықтан да өзінің үясын ағаштың жоғарғы бұтақтарының арасына салады. Қысқы ұйқысын ағаштың түбіндегі үңгірлерінде өткізеді.

в) Орманда тараған көптеген түрлер бар, алайда олар жер бетінде тіршілік етеді. Оларға қоңыр аюлар, росомахалар, бүландар, күзендер, бұғылар, еліктер тағы басқа түрлері жатады. Қоректі заттарын жер бетінен табады. Ағашқа шықпайды. Балаларын інде (күзендер, жанаттар т. б.) немесе жер бетінде (бұғылар, бөкендер, еліктер т. б.) балалайды. Бүл жануарлар үшін орман — паналайтын ағашты алқап және корек ретінде пайдаланатын табиғат байлығы.

2. Ашық кеқістікті мекендейтін — сүт қоректілердің түрлері де сан жағынан көп деуге болады. Бүлардың тіршілік ету жағдайларының мынандай өзгешеліктері бар. Біріншіден — мекендейтін жерлерінде паналайтын табиғи бекіністер аз,. ол жануарларды олардың жауларына — жыртқыштарға алыстан байқауына мүмкіндік береді; екіншіден — өсімдік тектес та-мақтық заттар жеткілікті болады.

а) Түяқтыларға өсімдікпен қоректенетін сүт қоректілердің ірі түрлері жатады. Сондықтан олар көп уақытын жайылуға жібереді де, ұзап жайылым қуып кетеді. Жайылым кезінде тез және ұзақ уақытқа өріс ауыстыруы далалы және шөл жерлерде өте сирек кездөсетін су көздерін іздеуге және жауларынан қашып құтылу қажеттігіне байланыстыу Кейбір түрлерінің максимальдық жылдамдығы, мысалы, би-зондарда бір сағатта 40 — 45 км, жирафтар — 45 — 50, жабайы есектер — 50 — 55, құландар — 65, томсон газелдері — 80 км жер жүгіреді. Ал жыртқыштардың кейбір түрлері мысалы қасқыр бір сағатта 45 — 60 км, жолбарыс — 80, леопардтар — 112 км жер жүреді.

б) Қосаяқтарға (Dіроdіdае) — аз кездесетін және өсімдігі сирек тақырлау жерді мекендейтін ұсақ жануарлар жатады. Өзіне қоректік зат іздеп, олар тез және көп уақыт жүгіреді. Бұ-лардың жылдам қозғалуына өте ұзын болатын артқы аяғы се-бепші болады. Артқы аяғының көмегімен секіріп, өте тез қозға-лады.

в) Саршұнақтарға — далалы, шөлейт және өсімдігі қалың таулы жерді мекендейтін дене мөлшері кішілеу және орташа кемірушілер жатады. Олар шөппен және оның тұқымымен қоректенеді. Қалың өсімдікті жерді мекендеуіне байланысты, олар өзі тұрған мекенінен ұзамайды.

г) Жоғарыда айтылған топтардың ешқайсысына жатқызуға болмайтын түрлері де бар. Бұл кедінен таралған, әр түрлі тіршілік жағдайында тіршілік ететін жануарлар. Оларға көптеген жыртқыштар (қасқыр, түлкі, борсық), жабайы шошкалар жатады.

II. Жер астында мекендейтін сүт қоректілерге — көртышқандар, сокырлар, цокорлар жатады. Көртышқандар насеком жеушілердің отрядьша, соқырлар, цокорлар кемірушілердің отрядына, қалталы көртышқан көп тістілер отрядына жатады. Бұлардың бәрі де жер астында тіршілік етуге бейімделген, өмір бойы жер қыртысының астыңғы қабатында мекендейтін организмдер..

Бұлар жер астында тіршілік етуге маманданғанымен де, олар жеке топ құра алмайды, өйткені сүт қоректілердің ішінде де жер бетінде тіршілік етуге көшкендерін табуға болады. Мысалы, саршұнақтардың іні — тұратын мекені ғана, ал қоректік затын жер бетінен табады. Көптеген тышкандар, дала тышқандары жерден күрделі ін қазып, бірсыпыра қорегін сол жерден алады. Қыстақ маңында мекендейтін кішкентай сұр тышқан (Місгоtus sосіаlіs) тереңдігі 10—20 см және әрбір 10 м2 жерде 40-қа жететін ауызы бар иректелген күрделі індер қазып, соған азығын жинап тұрақты түрде мекендейді.



III. Су аңдары. Алдыңғы группадағыдай жер бетінде тірші-лік ететін жануардан бүтіндей су жануарларына айналуға көптеген аралық, жағдайлар бар. Ол филогенетикалық жағынан суда тіршілік ететін сүт қоректілерге — ескек аяқтыларға жақын жыртқыштарда айқын байқалады. Су орталығымен алғашқы байланыс, жануарлардың тамақтық затты тек қана құрлықтан тауып қана коймай, су жағасынан немесе судың өзінен табудан басталады.

Басқа отрядтың өкілдерінен аздап та болса сумен байланысты түрлерді кездестіруге болады Насеком жемділердің ішшде су жертесері (Nеоmуs fоdіепs) судан тамағының біразын алады, кейде қауіптен кұтылады. Кемірушілердің ішінде тіршілігін жартылай суда өткізетін көптеген түрлері бар. Бұларға ондатралар, нутриялар жатады. Осы аталған кемірушілер негізгі қоректік заттарын судан, аздап та болса құрлықтан алады. Жауларынан қорғанады, олар су жағасынан ін қазып немесе су бетінде жүзіп жүрген өсімдік қалдықтарынан үйшік жасап, мекен етеді. Құлақ қалқаны болмайды. Саусақтарынын, арасында тері жарғағы болады. Терісі жоғарыда айтылған жартылай су аңдарынікі сияқты болады. Ондатралар мен құндыздардың май бездері жақсы жетілген, бұл құстың безі сияқты қызмет атқарады.



IV. Үшатын жануарларға — қол қанаттылар немесе жарқа-наттар жатады. Бұлар орманды жерді мекендеп, ағаштан-ағашқа секіру, кейін қалықтап барып түсу, соңында ұшуға бейімделген. Мысалы, тиін секіргенде аяқтарын жан-жағына кең жайып жіберін, денесі керіліп, ауа кедергісін күшейтеді. Австралияның қалталы тиіндерінің (Реtаіігоіdеs) алдыңғы аяғының басына дейін жететін кішкене ұшу жарғағы болады. Біздің ұшарлардың (Рtегоmуs ұоіапз) және оңтүстік азиялық жүн қанаттының (Gаlеоріtһесиs) алдыңғы және артқы аяғының арасында екі бүйірінде үшу жарғағы бар. Бұл жануарлар он шақты метр жерге ұшып бара алады.

Қоректену. Сүт қоректілердің тамағының құрамы алуан түрлі болады. Олар тамақтану үшін алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктерді пайдаланады. Оны жануарлар әр түрлі тіршілік орталықтарынан табады. Осы жағдай сүт қоректілердің түрінің көп болуына және кеңінен таралуына себепші болған. Қоректенетін тамағының түріне байланысты сүт қоректілерді — өсімдікпен қоректенетіндер және жануарлармен қоректенетіндер деп екі топқа бөлуге болады. Бұлай бөлу шартты түрде алынбаған, өйткені бірыңғай жануармен немесе өсімдікпен қоректенетін сүт қоректілердің түрлері өте аз. Жалпы сүт қоректілердің көпшілігі аралас тамақпен яғни өсімдік тектес тамақпен де, жануар тектес тамақпен де қоректенеді. Тамақтың қандай түрінің басым болатыны тіршілік еткен жерінің жағдайына, жыл маусымына тағы басқа себептерге байланысты.

Бұғылар, пілдер, кояндар, жалқау аңдар, құндыздар, жираф-тар, бөкендер, бұландар — ағаштың бұтағымен, қабығымен, жапырағымен қоректенеді. Қыста ағаштың бұтағы мен жапырағын жиі пайдаланады да жазда шөпті пайдаланады.

Өсімдік жеуші жануарлардың көпшілігі тек қана өсімдік түқымымен қоректенеді. Мысалы, тиіндер қылқан жапырақты ағаштардың тұқымымен, ал шұбар тышқан осымен қатар, дәнді дақылдың және бұршақтың тұқымын да пайдаланады. Түқыммен қоректенетін жануарлардың тіршілігі тұқым беретін өсімдіктердің өніміне байланысты. Егер олардың өнімі болмаса жануарлардың жер аударуына немесе қырылып қалуына себепші болады. Мысалы, біздің тиіндер қылқан жапырақтыларда дәні болмай қалған жылдары смоласы көп түйіндерімен қоректенеді.

Жеміспен ғана қоректенуге маманданған сүт қоректілер. Оған маймылдар, жартылай маймылдар, итбас жарғанаттар крыландар, кемірушілерден — найза құйрықтылар (Glіs gІіs) жатады. Өсімдіктердің нектарымен тропиктегі кейбір жарқа-наттар қоректенеді.



Көбеюі. Сүт қоректілердің көбею кезіндегі жалпы белгілері: 1) іште ұрықтану, 2) тірі туу (бірлі жарым түрлерінен басқасы), 3) оларды сақтау үшін арнаулы ұя-үйшік жасау, 4) жаңа туған жас балаларын сүтімен қоректендіріп, көп уақытқа дейін қамқорлық жасау. Көрсетілген белгілердің ішінде екінші мен төртінші нағыз сүт қоректілерге тән белгі, ал бірінші мен үшінші басқа да жер бетінде тіршілік ететін омыртқалыларда да кездесе береді.

Көбею биологиясының көрсетілген белгілері қазіргі кездегі сүт коректілердің бәріне бірдей тән бола бермейді. Сондықтан сүт қоректілерді төрт биологиялық топқа бөлуге болады.

1. Ұрықтанған жұмыртқа туып, оны басып бала шығаратын-дар мысалы, үйректұмсықтар.

2. Ұрықтанған жұмыртқа туатын кезінде аналығының құрсақ бөлімінде пайда болатын тері қалтаға салып алатындар. Осы қалтада жұмыртқадан шыққан жас особь сүт безінен бөлінетін сүтпен қоректеніп, ересек организмге айналады. Бұл ехидналарға тән көбею болып саналады.

3. Шала тірі туатындар. Олардын, баласы жатында, нағыз плацента пайда болмай-ақ жетіледі. Жаңа туған өте әлсіз ба-ласын, көбею кезінде анасының құрсағында пайда болатын қалтаға салып, аузынан емшек шығып кетпейтіндей етіп қысып қояды. Ол өз бетінше еме алмайды, анасы аузына қарай шашыратқан сүтті жұтып, осы қалтада жетіледі. Мұндай тәсілмен қалталылар көбейеді.

4. Өз бетінше қозғалып, еміп кете алатын толық жетілген бала туатындар. Толық жетілген бала туу плацентаның пайда болуымен байланысты. Сондықтан бүл топқа жататын жануарларды — плаценталы сүт қоректілер деп атайды.

Сүт қоректілердін, буаз болу мерзімі де, соған байланысты баласының жетілу дәрежесі де түрліше болады. Бұл бала туатын жағдайға байланысты. Кемірушілердің көптеген түрлері балаларын арнаулы етіп жасаған ұяларда, немесе індерде туады. Олардың балалары азды-көпті болса да климаттың, зиянды факторларынан және жыртқыштардан қорғалады. Бұлар баласын аз уақыт көтереді, сондықтан олар дәрменсіз, қызылшақа және соқыр болып туады. Мысалы, сұр аламан (Сгісеtиlиs mіgгаtогus) 11—13 күн, үй тышқандары (Миз mиsсиlиs) 18—24 күн, сұр дала тышқаны (Місгоtиs агvаlіs) 16—23 күн, ірі ондатралар (Оndtіга zіЬеtһіса) 25—26 күн, тиіндер 35—40 күн, қара бурыл түлкілер 52—53 күн көтереді.

Сүт қоректілердің баласының дене мөлшері, туу жиілігі әр түрлі болады. Пілдер, мұртты киттер, жолбарыстар 2—3 жылда бір рет балалап, бірақ бала туады. Қуыс мүйізділер, бұғылар, дельфиндер жылма-жыл көтеріп, бір ғана бала туады. Ит тәрізділер мен мысық тәрізділер жылына бір рет қана балалағанымен бірнеше бала туады. Мысалы, күзендер 2—8-ге дейін, қасқырлар мен түлкілер 3—10-ға дейін, қара бурыл түлкілер 4— 18-ге дейін күшік туады.

Полигамдарға — бұғылар, есектер, жылқылар, шошқалар, ешкілер, сиырлар, қойлар жатады, Сүт қоректілердің бұл түрлері, яғни жылқылар, бұрылар, есектер бірнеше ұрғашыларынық басын қосып, “үйір” құрады. Бір үйірде бір ғана еркегі және жиырмадан отызға дейін ұрғашылары болады. Құлақты тюленьдердін, еркегі үйірге түскенде манына 15—80-ге дейін ұрғашыларын жиып, үйір құрады. Кемірушілер мен насеком жемділердің де көпшілігі полигамдарға жатады. Бірак, бұлар “үйір” құрмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет