18-отряд. Жұптұяќтылар. Бұл отрядтың көпшілік түрі ќұрлыќта тіршілік етуге бейімделген, єрі өсімдікќоректі, жаќсы жүгіреді. Аяќтары жаќсы жетілген, үшінші және төртінші саусаќтары біркелкі жаќсы жетілген. Екінші және бесінші саусаќтары кіші. 2 отряд тармағына бөлінген: а) Күйіс ќайтармайтындар. Бұл отряд тармағының түр ќұрамы көп емес (10-ға жуыќ түр). Олар үш тұќымдасќа бөлінеді: 1. шошќалар; 2. бегемоттар; 3. пекарьлар. Бұлардың бєрі де төртсаусаќты. Азу тістері жаќсы дамыған, сойдаќ тістері ірі єрі өмір бойы өсе береді. Олар өсімдіктермен де, жануарлармен де ќоректенеді. Европа мен Азияда кең тараған түрі – жабайы шошќа (ќабан). Ол үй шошќаларының арғы тегі және Африкада таралған. Бегемот - денесі ірі жартылай суда тіршілік етеді. Терісінде бездер өте көп, ќұрғап кетуден саќтайды. ¤зен мен көлдерде таралып, су өсімдіктерімен ќоректенеді, ќұрлыќќа сирек шығады. Ол Орталыќ және Шығыс Африкада таралған. Пекарьлар – шошќаларға ұќсас. Олар Оңтүстік және Орталыќ Америкада кездеседі. є) Күйіс ќайтаратындар. Бұл отряд тармағына 180-дей түрлі жұпаяќты сүтќоректілер жатады. Сойдаќ тістері нашар дамыған, кей түрлерінде жойылған. Ќарындары күрделі ќұрылысты, көп түрлерінде мүйізі болады. Аяќтары жаќсы жетілген. Олардың негізгі тұќымдастары: 1) Бұғылар. Олардың бірнеше тармаќты мүйіздері терінің кутис ќабытынан пайда болады және жыл сайын түсіп ауысып отырады. Көпшілік түрінде мүйіз аталыќтарында ғана болады. Олар дүниежүзінде кеңінен таралған. Кең тараған түрлері – солтүстік бұғысы, кєдімгі бұғы (марал), теңбіл бұғы, бұлан, елік. Бєрінің де кєсіптік мєні бар. 2) Жирафтар (керіктер) тұќымдасы. Олар тек Африкада ғана таралған. Алдыңғы аяќтары артќы аяќтарынан едеуір ұзын. Кең тараған түрлері – жираф, окапи. Олар өсімдіктермен ќоректенеді. 3) Ќұдырлар тұќымдасының бір ғана түрі – ќұдыр. Ол оңтүстік және шығыс Сібірдің, Ќиыр Шығыстың, Орталыќ Азияның, Алтайдың таулы алќаптарын мекендейді. Мүйіздері болмайды, аталыќтарының жоғарғы жаќ сүйегіндегі сойдаќ тістері өте жаќсы дамыған. Жұпар бездерінен хош иісті заттар алынады. 4) Ќуыс мүйізділер тұќымдасы. Олардың маңдай сүйегінен пайда болған мүйізі болады. Мүйіздері эпидермистен пайда болған. Жоғарғы жаќ сүйегінде сойдаќ тістері болмайды. Мүйіздері тек аталыќтарында болады. Олар Австралия мен Оңтүстік Америкадан басќа ќұрлыќтарда кеңінен таралған. Кең тараған түрлері - киіктер (аќбөкен, ќараќұйрыќ), серна, таутеке, арќар, жабайы өгіздер (буйволдар, гаур, бизон, зубр). Ірі ќараның тегі – тур.
Өзін-өзі баұылау сұрақтары:
-
Плацентарлық сүтқоректілердің негізгі отрядтарына жалпы сипаттама.
Ұсылынған әдебиеттер:
-
Олжабекова,К.Б. Омыртқалылар зоологиясы. 2 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков, Б.Е.Есжанов.-Алматы:Эверо,2011.-368с.
-
Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.
-
Божбанов, А.Ж. Экологиялық зоогеография негіздері: оқулық / А.Ж. Божбанов, М.Қ. Байбатшанов.- Алматы, 2013.- 339б.
-
Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.
-
Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.
3. ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР
1. Тақырып: Личинкахордалылыар немесе қабықшалылар тип тармағы
Сабақтың мақсаты: Асцидиялардың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшелікерімен танысу.
Систематикалық орны:
Тип Хордалылар
Тип тармағы Личинкахордалылыар (Urochordata) немесе қабықшалылар (Tunicata)
Класс - Асцидиялар (Ascidiae)
Отряд одиночные асцидии - Monascidiae
Өкілі – Асцидиялар
Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:
-
Хордалылар типтің жалпы сипаттамасы.
-
Личинкахордалылар немесе қабықшалылар тип тармағының жалпы сипаттамасы.
-
Личинкахордалылардың негізгі өкілдері.
Құрал – жабдықтар:
-
Кестелер:1) асцидиялардың сыртқы құрылысы; 2)ішкі құрылысы;
Жаттығулар
Асцидиялардың ішкі және сыртқы құрылысын зерттеу.
Қарастырындар:
Сыртқы құрылысы
Ішкі құрылысы
Сурет салындар:
1) сыртқы құрылысы; 2) ішкі құрылысы.
Әдістемелік нұсқаулар
-
Асцидиялардың сыртқы және ішкі құрылысын зерттеу.
Бұлардың барлығының да денесі — туника деп аталатын қабықтың ішінде болады. Туника — біріншіден тері эпителиясының туындысы; екіншіден туниканың ішкі қалың қабатына келіп орналасқаң жас клеткалардың есебінен де ол қалыңдап дамиды. Туниканың химиялық құрамы өсімдіктердің клетчаткаларына ұқсайды. Өсімдік клетчаткасы жануарлар дүниесінде тек осы организмдерде кездеседі. Хорда личинкалық дәуірінде болады, ал аппедикулярйяда ол өмір бойы сақталады. Ересек личинка хордалылардың нервтері қуыс емес. Сезім органдары жетілмеген, кан айналу системасы ашық. Жынысты, жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы орындалады.
Личинка хордалыларды көп уақытқа дейін омыртқасыздарға, оның ішінде моллюскаларға, немесе мшанкаларға жатқызып келді. Тек қана 1866 жылы А. О. Ковалевский бұлардың эмбриональдық дамуын зерттеп, хордалыларға жататынын дәлелдеді. Асцидияның эмбриональдық дамуы ланцетниктердің эмбриональдық дамуына ұқсас. Заттарға бекініп отырьш тіршілік ететін асцидиялар, өз бетінше еркін қозғалып жүретін хордалылардан шыққандығы анықталды. Асцидиялар отырып тіршілік етуге бейімделген. Соның салдарынан көпшілік органдары дамымай қалған. Ересек формаларында хордалары жойылып кетеді.
Өзін-өзі тексеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары
-
Асцидиялардың ішкі құрылысы.
-
Асцидиялардың сыртқы құрылысы.
Зертханалық сабақ 2 Басқаңқасыздар тип тармағы. Басхордалылар класы. Қандауыршаның сыртқы және ішкі құрысы.
Сабақтың мақсаты: Басхордалылар класының өкілі ретінде
Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар
-
Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі.
-
Ланцетниктің сыртқы құрылысы.
-
Ланцетниктің ішкі құрылысы.
-
Бас сүйексіздердің тектері.
Систематикалық орны:
Тип Хордалылар
Тип тармағы Бассүйексіздер
Класс
Өкілі – ланцетник
Құрал – жабдықтар:
-
Сағаттық шыны ішіндегі немесе зерттеуге арналған сұйықтық тұрған ыдысқа салынған ланцетниктің ересек түрін зерттеу.
-
Дайын препараттар: 1)ланцетниктің тотальды препараты;2)кеңірдек бөліміндегі көлденең кескін;3)ішек бөліміндегі көлденең кескін.
-
Кестелер:1)ланцетниктің сыртқы құрылысы; 2)ішкі құрылысы; 3) кеңірдек бөліміндегі көлденең кескін;4)ішек бөліміндегі көлденең кескін;5)қан айналу жүйесі.
-
Аз ұлғайтқышты микроскоптар.
-
10 есе үлкейтіп көрсететін штативті үстел лупалары.
Жаттығулар
Ланцетниктің ішкі және сыртқы құрылысын зерттеу.
Қарастырындар:
Сыртқы құрылысы
Денесінің көлемі мен пішіні;артқы жүзу қанаттары, құйрық; метаплевральды қатпарлар; қармалауыштары бар ауыз тесігі; аналь тесігі.
Ішкі құрылысы
Ланцетниктің тотальды препараты: хорда, ұлпалық қабат,жүйке түтігі, миомерлер, миосепталар, қармалауыштары бар парус, тесіктері бар кеңірдек, ішек, бауыр өскіні, зәр шығару бездері.
Кеңірдек бөліміндегі көлденең кескін препараты: қабаттар, миомерлер, метаплевральды қатпарлар, хорда, невроцельдері бар жүйке түтігі, кеңірдек, эндостиль, целомды дорбалар, зәр шығару бездері, бауыр өскіні, аорта тамыры.
Ішек бөліміндегі көлденең кескін препараты. Ланцетниктің ішкі құрылысын алдыңғы препаратпен салыстыру.
Қан айналу жүйесі:кеуде аортасы, желбезек артериясы, арқа аортасы, алдыңғы жіне артқы кардинальды веналар. Препарат және сурет арқылы қан айналуының схемасын қарау.
Сурет салындар:
1)ішкі мүшелерінің орналасуы ;2) кеңірдек бөліміндегі көлденең кескін; 3) Ішек бөліміндегі көлденең кескін; 4) қан айналу жүйесі (үй жұмысы).
Өзін-өзі тексеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары
-
Қандауыршаның сыртқы құрылысы.
-
Қандауыршаның ішкі құрылысы
3. Тақырып: Миноганың сыртқы және ішкі құрылысы
Сабақтың мақсаты: Дөңгелекауыздылар класының өкілі ретінде миноганың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшелікерімен танысу.
Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар
-
Дөңгелек ауыздылар класына жалпы сипаттама.
-
Дөңгелек ауыздылардың сыртқы және ішкі құрылысы.
-
Дөңгелек ауыздылардың систематикасы мен экологиясы.
-
Миногалардың құрылысы.
-
Миксиналардың құрылысы
Систематикалық орны:
Тип Хордалылар (Chordata)
Тип тармағы Омыртқалылар немесе Бассүйектілер(Vertebrata, Craniata)
Жақсыздар бөлімі (Agnatha)
Класс Домалақ ауыздылар (Cyclostomata)
Өкілі – минога (Lampetra sp.L)
Құрал – жабдықтар:
Екі студентке бір құрал.
-
Миноганы зерттеу.
-
Дайын препараттар: 1)дорсовентральды бағытта кесілген спиртте салынған минога;2)минога желбезекктерінің көлденең кесіндісі; 3)миноганың ішегінің көлденең кесіндісі; 4) қан айналу жүйесі;5) минога бассүйегінің препараты.
-
Ванночка
-
Құралдар: препаральды инелер, пинцет, қауіпсіз ұстара, түйреуіштер.
-
4-6 есе үлкейтіп көрсететін қол лупасы;
-
Кестелер: 1) миноганың сыртқы құрылысы;2) Ішкі мүшелерінің орналасуы;3) минога желбезекктерінің көлденең кесіндісі; 4)кеуде бөлігінің көлденең кесіндісі; 5)ас қорыту жүйесі; 6) қан айналу жүйесі;7)бас миы; 8)қаңқасы.
Жаттығулар.
Миноганың сыртқы құрылысы мен ішкі құрылысыныңерекшеліктерін зерттеу.
Қараңыздар:
Сыртқы құрылысы
Дене пішіні: жұп емес арқа жүзбеқанаттары, жалаңаш тері, ауызалды воронка, ауыз тесігі, тісшелері, жұп емес мұрны, көзі, желбезектерінің сыртқы тесіктері, аналь және зәр шығару тесігі.
Ішкі құрылысы
Ас қорыту жүйесі: тіл, кеңірдек, спиральды клапандармен ішек, бауыр.
Тыныс алу жүйесі: желбезектер қаптары, тыныс түтігі, желбезек қаптарының ішкі тесіктері.
Қан айналу жүйесі: екі камералы жүрек, олар жүрек жанындағы капсулада орналасады, венозды синус.
Бөліп шығарушы мүшелер: зәр шығару синусы.
Көбеюі: спермалар, жұмыртқалар, зәр шығару синусы.
Орталық жүйке жүйесі: бас миы (алдыңғы, орталық, аралық, мишық, сопақша ми), сүйек кемігі.
Қанқасы: байланыстырушы ұлпадағы хорда, омыртқа бастамалары, бас миының шеміршегі, сезім мүшелерінің капсуласы, ауызалды воронканың шеміршегі, бөлінбеген желбезек қаңқасы, жүрек жаны шеміршегі, жұп емес жүзбе қанаттары.
Салыңыздар:
-
Миноганың сыртқы құрылысының жанынан қарағандағысы;2)ішкі мүшелерінің орналасуы;3)желбезек қанаттарының көлденең кесіндісі; 4)қан айналу жүйесінің схемасы үй жұмысы; 5)миноаганың бассүйегі (жанынан ).
Өзін-өзі тексеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары
-
Миноганың сыртқы құрылысы
-
Миноганың ішкі құрылысы
4. Тақырып: Шеміршекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Шеміршекті балықтың ішкі және сыртқы құрылысын зерттеу. Шеміршекті балықтың скелеті.
Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар
-
Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы.
-
Тақтажелбезектілер.
-
Акулалар.
-
Скаттар.
-
Тұтас бастылар немесе химералар.
Систематикалық орны:
Тип Хордалылар (Chordata)
Тип тармағы Омыртқалылар (Vertebrata)
Бөлім Жақтыауыздылар(Gnathostomata)
Класүсті Балықтар (Pisces)
Класс Шеміршекті балықтар (Chondrichthyes)
Класасты Қабыршақ желбезектертілер (Elasmobranchii)
Туыс Акулалар (Selachomorpha)
Өкілі - тікенекті акула немесе катран(Squalisaacanthias L)
Құрал – жабдықтар
-
Ылғал препараттар: 1) Акула (чучело); 2) ашылған акула; 3) ас қорыту жүйесі; 4) қан айналу жүйесі; 5) зәр шығару жүйесі; 6)көбею мүшелері; 7) бас миы.
-
Кестелер: 1) акула мен скат сыртқы құрылысы; 2)ішкі құрылысының орналасуы; 3) ас қорыту жүйесі; 4) қан айналу жүйесі; 5) еркек және ұрғашыларының көбею мүшелері: 6) бас миы.
Жаттығулар
Акуланың ішкі және сыртқы құрылысын зерттеу.
Қарастырыңыздар:
Сыртқы құрылысы
Ас қорыту жүйесі:ауыз қуысы, тістер, кеңірдек, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, спиральды клапан, бауыр, өт, ректальды без.
Тыныс алу мүшелері: желбезек саңылаулары, желбезек аралық қуыстар.
Қан айналу жүйесі:екікамералы жүрек жүрекше және қарынша, артериалды конус, венозды синус, кеуде аортасы, желбезек бес жұпты. Препарат және сурет арқылы қан айналуының схемасын қарау.
Зәр шығару жүйесі: бүйректері, несеп жолдары.
Көбею мүшелері: аталық,аталық жолы, жұмыртқалар, аналық жолдары.
Орталық жүйке жүйесі: бас миы (алдыңғы, орталық, аралық, мишық, сопақша ми), сүйек кемігі.
Салыңыздар
1 акуланың сыртқы көрінісі; 2 ішкі мүшелерінің орналасуын; 3 қан айналу жүйесі.
Кесте сызындар акула басының жүйке жүйесі , нөмірін , қызметін көрсету керек үй жұмысы.
Өзін-өзі тексеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары
-
Акуланың ішкі құрылысы
-
Акуланың сыртқы құрылысы
5. Тақырып: Сүйекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы
Сабақтың мақсаты: Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысын зерттеу.
Балықты кесіп ішкі ұрылысын, мүшелерінің орналасуын зерттеу, балық тұлыбтарынан (чучело) түрлерін анықтау.
Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар
-
Шеміршекті- сүйекті балықтардың жалпы сипаттамасы.
-
Сәулеқанатты балықтар.
-
Қалақанатты балықтар.
-
Балықтардың экологиясы.
Систематикалық орны:
Тип Хордалылар (Chordata)
Тип тармағы Омыртқалылар (Vertebrata)
Бөлім Жақтыауыздылар(Gnathostomata)
Класүсті Балықтар (Pisces)
Класс Сүйекті балықтар(Osteichthyes)
Класасты сәулеқанаттылар.(Actinopterigii)
Туыс Алабұғалылар(Percidae)
Өкілі - өзен алабұғасы (Perca flufluviatilis)
Құрал – жабдықтар
-
Тірі балық екі студентке біреу.
-
Дайын препараттар: 1. Ашылған балық; 2.ас қорыту жүйесі; 3. Қан айналу жүйесі; 4.бас миы .
-
Препаральды құралдар: скальпель,қайшы, пинцет, препаральды ине, түйреуіш.
-
Кестелер: 1.көптүрлілігіне байланысты кестелер; 2.сүйекті балықтардың сыртқы көрінісі;3.ішкі мүшелерінің орналасуы; 4. Ас қорыту жүйесі; 5. Қан айналу жүйесі; 6. Көбею мүшелері; 7. Бас миы.
Жаттығулар.
Алабұғаның ішкі және сыртқы құрылысын зерттеу.
Қараңыздар
Сыртқа құрылысы
Басы мен денесі бөлшектеу;желбезектері: жұп – кеуде және құрсаұ, жұп емес – арқа және құйрық, ауыз тесігі, көздерң, желбезек қақпақшалары, бөліп шығарушы және аналь тесігі, сүйекті қатпар.
Ішкі құрылысы
Ас қорыту жүйесі: ауыз қуысы, кеңірдек, асқазан,аш,тоқ.тік ішектер, пилорикалық өсінділер, өт.
Тыныс алу мүшелері: төрт жұп желбезектері.
Қан айналу жүйесі: екікамералы жүрек, аорта, құрсақ аортасы, төрт жұп желбезек артериялары.
Зәр шығару : бүйрек, несеп жолдары.
Көбеюі: аталық, жұмыотқалар, жыныс жолдары.
Орталық жүйке жүйесі: бас миы (алдыңғы, орталық, аралық, мишық, сопақша ми), сүйек кемігі.
Салыңыздар
1.ішкі мүшелердің орналасуы;2.бас миы жоғарыдан;3.қан айналу жүйесі.
Өзін-өзі тексеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары
-
Алабұғаның ішкі құрылысы
-
Алабұғаның сыртқы құрылысы
6. Тақырып: Сүйекті балықтардың қанкасы
Сабақтың мақсаты: Сүйекті балықтардың қанкасын зерттеу.
Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар
-
Шеміршекті- сүйекті балықтар қанқасының жалпы сипаттамасы.
-
Сәулеқанатты балықтардың қанқасы.
Құрал – жабдықтар
-
Сүйекті балықтың қаңқасы
-
Кеуде және құйрық бөлімдерінің омыртқалары.
-
Кеуде және құрсақ жүзбе қанаттары.
-
Бас сүйегі.
-
Кестелер:1.сүйекті балықтың қаңқасы;2.кеуде және құйрық бөлімдерінің омыртқалары;3.бас сүйегінің құрылысы;4. Басқа бөлімдерінің қаңқасы.
Жаттығулар.
Алабұғаның қаңқа құрылысын зерттеу.
Қараңыздар
Бас сүйегі
Бас сүйегінің ми бөлімі
Шүйде бөлімі:астыңғы шүйде, үстіңгі шүйде сүйектері.
Бас сүйегінің жақтары: құлақ, сына тәрізді, көзсынатәрізді, иіс сезу жақтары, жас сүйектері.
Бас сүйегінің қақпағы: теменные, маңдай, орта обонятельная сүйектері.
Бас сүйек іші; парасфеноид, сошник.
Бастың в сцеральды бөлімі:
Үстіңгі жақ: орта және үстіңгі жақ сүйектері, небно шеміршек, сыртқы,ішкі және астыңғы қанат тәрізді сүйектер.
Астыңғы жақ: тіс, бұрыштық.
Тіласты доғасы: гиомандибуляре, симплектикумдар, гиоидтар, копула,
Желбезек доғалары
Желбезек қақпағы: қақпақ, қақпақ алды, қақпақ ортасы.
Омыртқа
Омыртқа бөлімдері: кеуде және құйрық.
Кеуде омыртқалары және оның құрылысы:дене, үстіңгі доға, үстіңгі өсінді, көлденең өсінді.
Құйрық омыртқалары: астыңғы доға және астыңғы өсінді.
Басқа белдеулер
Йық белдеуі: лопатка, коракойд, клейтрук, клейтрум.
Жамбас белдеуі: жамбас сүйегі.
Кеуде желбезектері: радиалдар, желбезек сәулелері.
Құрсақ желбезектері:желбезек сәулелері,базалиилер.
Құйрық желбезектері: омыртқадағы құйрық бөлімі, желбезек сәулелері.
Арқа және аналь желбезектері: желбезек сәулелері.
Салыңыздар:
-
Бас миы висцеральды қаңқамен;
-
Кеуде және құйрық омыртқалары;
-
Кеуде желбезектерімен йық белдеуі;
-
Құрсақ желбезектерімен жембас белдеуі;
Өзін-өзі тексеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары
1. Сүйекті балықтардың қанкасын.
7. Тақырып: Қосмекенділердің сыртқы және ішкі құрылысы, систематикалық шолу.
Сабақтың мақсаты: Бақаның ішкі және сыртқы құрылысының ерекшеліктерімен танысу суретін салу.
Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар
-
Жалпы морфологиялық және биологиялық мінездемесі.
-
Қосмекендiлердің систематикасы.
-
Құйрықтылар (Саиdаtа немесе 1Urodеlе)
-
Аяқсыздар (Ароdіа)
-
Құйрықсыздар Апига немесе Есаиdіаtа).
Систематикалық орны:
Тип Хордалылар (Chordata)
Тип тармағы Омыртқалылар (Vertebrata)
Бөлім Жақтыауыздылар(Gnathostomata)
Класүсті құрлық омыртқалылары немесе төртаяқтылар(Tetrapoda)
Класс Қосмекенділер (Amphibia)
Туыс құйрықтылар (Anura)
Өкілі - бақа (Rana sp.L.)
Құрал – жабдықтар
-
Бақалар екі студентке біреуден.
-
Дайын препараттар: 1.ашылған балық, 2.ас қорыту жүйесі,3.қан айналу жүйесі,4.зәр шығару,5. Көбею мүшелері 6. Бас миы.
-
Кестелер:1. Бақаның сыртқы көрінісі;2. Ішкі мүшелерінің орналасуы;3. Ас қорыту жүйесі;4. Тыныс алу мүшелері;5. Қан айналу жүйесі;6. Зәр шығару;7. Көбею мүшелері;8.бас миы.
-
Препаральды құралдар: скальпель ;қайшы;пинцет,препариальды ине, түйреуіш.
-
Ванна
-
Резиналы затпен байланысқан шыны түтікшелер.
Жаттығулар.
Бақаның ішкі және сыртқы құрылысын зерттеу.
Қараңыздар
Ас қорыту жүйесі: ауыз қуысы,тіс, кеңірдек, асқазан,он екі елі ішек,аш,тоқ.тік ішектер, бауыр, өт.
Тыныс алу мүшелері: көмей ,бронх, өкпе.
Қан айналу жүйесі: үшкамералы жүрек, аорта, құрсақ аортасы, екі аорта доғасының жүйесі, екі қан айналым жүйесі.
Зәр шығару : бүйрек, несеп жолдары.
Көбеюі: аталық, жұмыртқалар, жыныс жолдары,майлы денелер.
Орталық жүйке жүйесі: бас миы (алдыңғы, орталық, аралық, мишық, сопақша ми), сүйек кемігі.
Салыңыздар
1.ішкі мүшелердің орналасуы;2.бас миы жоғарыдан;3.қан айналу жүйесі.
Өзін-өзі тексеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары
1. Бақаның сыртқы құрылысы.
2. Бақаның ішкі құрылысы.
8. Тақырып: Қосмекенділердің қанкасы.
Сабақтың мақсаты: Бақаның қаңқа жүйесін зерттеу, суретін салу.
Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар
-
Қосмекендiлердің қанқасы.
Құрал – жабдықтар
-
Қосмекендiлердің қанқасы
-
Кеуде және құйрық бөлімдерінің омыртқалары.
-
Бас сүйегі.
Кестелер: 1. қосмекендiлердің қаңқасы; 2. кеуде және құйрық бөлімдерінің омыртқалары; 3.бас сүйегінің құрылысы; 4. Басқа бөлімдерінің қаңқасы.
Жаттығулар.
Қосмекендiлердің қаңқа құрылысын зерттеу.
Қараңыздар
Бас сүйегі
Бас сүйегінің ми бөлімі
Бас сүйегінің жақтары.
Бас сүйегінің қақпағы.
Омыртқа
Омыртқа бөлімдері: кеуде және құйрық.
Кеуде омыртқалары және оның құрылысы.
Құйрық омыртқалары.
Басқа белдеулер
Йық белдеуі.
Жамбас белдеуі: жамбас сүйегі.
Салыңыздар:
-
Бас миы висцеральды қаңқамен;
-
Кеуде және құйрық омыртқалары;
-
Кеуде желбезектерімен йық белдеуі;
-
Құрсақ желбезектерімен жембас белдеуі;
Өзін-өзі тексеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары
1. Қосмекендiлердің қанкасы.
9. Тақырып: Бауырмен жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Рептилиялардың негізгі құрылыс ерекшеліктері. Тері жабынының құрылысы. Тыныс алу, қан айналу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері
Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар
-
Жалпы морфологиялық және биологиялық мінездемесі.
-
Бауырмен жорғалаушылардың систематикасы.
Систематикалық орны:
Тип Хордалылар (Chordata)
Тип тармағы Омыртқалылар (Vertebrata)
Бөлім Жақтыауыздылар(Gnathostomata)
Класүсті құрлық омыртқалылары немесе төртаяқтылар(Tetrapoda)
Класс Бауырмен жорғалаушылардың (Reptilia)
Өкілі - кесіртке
Құрал – жабдықтар
-
Кесірткелер екі студентке біреуден.
-
Дайын препараттар: 1.ашылған кесіртке; 2. ас қорыту жүйесі, 3.қан айналу жүйесі; 4. зәр шығару; 5. көбею мүшелері; 6. бас миы.
-
Кестелер: 1. кесірткенің сыртқы көрінісі; 2. Ішкі мүшелерінің орналасуы; 3. Ас қорыту жүйесі; 4. Тыныс алу мүшелері; 5. Қан айналу жүйесі; 6. Зәр шығару; 7. Көбею мүшелері; 8.бас миы.
-
Препаральды құралдар: скальпель; қайшы; пинцет, препариальды ине, түйреуіш.
-
Ванна
Достарыңызбен бөлісу: |