Омыртқалылар зоологиясынан тест сұрақтары
1.Бассыздардың жеке құрылысы желiлiлердiң қысқаша схемасы тәрiздес. Оны қалай байқауға болады?
A) негiзгi (тiректi) қаңқасы бас сүйектерi мен омыртқалар жотасынан тұрады;
B) тiректi қаңқасы желiсi ғана;
C) терiсiмен ғана тыныс алады;
D) жүйке жүйесi ми мен жұлыннан тұрады;
E) желбезек арқылы тыныс алады;
2.Жұтқыншағының төменгi жағындағы ойықша қалай аталады?
A) невроцель;
B) атриопор;
C) құрсақ қуысы;
D) жабынды қуысы;
E) эндостиль;
3.Қандауырдың қан айналуы қалай жүзеге асады?
A) екi камералы жүрек;
B) веналық қалта;
C) құрсақ аортасы мен желбезек артерияларының жиырылуымен;
D) үш камералы жүрек;
E) күре тамырдың жиырылуымен;
4.Қандауырлардың мамандалуының белгiлерiн көрсетiңiздер?
A) ми қапшығының болмауы;
B) миының бес бөлiмнен тұруы;
C) атриалдық қуысының болуы;
D) миы жоқ, жүйке түтiкшесi ғана бар;
E) еркiн жүзiп жүредi;
5.Қандауырлардың тыныс алу жүйелерi неден тұрады?
A) өкпе көпiршiктерiнен;
B) екi жұп желбезек тесiктерiнен;
C) жүз жұп мөлшерлi желбезек тесiктерiнен;
D) он жұп желбезек тесiктерiнен тұрады;
E) желбезек тесiктерi сыртқа ашылады;
6.Қандауырлардың сезiм мүшелерi неден тұрады?
A) дәм сезу (тiл);
B) Гессе көздерi;
C) құлақтары;
D) төбе мүшесi;
E) көздерi;
7.Қандауырдың несеп бөлу мүшелерiне қайсысы жатады?
A) қарапайым алғашқы бүйрек;
B) 90 жұпқа жақын нефридилер;
C) метанефридилiк бүйректер;
D) мезонефридилик бүйректер;
E) метанефридилер;
8.Қандауырлардың көбею мүшелерiне қайсысы жатады?
A) 25 жұптық аналық және аталық ұрықтары;
B) дара жыныстық безi;
C) жыныстық бездерi жоқ;
D) жұпталған жыныс бездерi;
E) 10 жұп мөлшерлi жыныс бездерi;
9.Бас сүйек қаңқасыздар тегiнiң ерекшелiктерi?
A) еркiн жүзушi топтары;
B) теңiз табанына көмiлiп өмiр сүруге бейiмделген;
C) аз қозғалатын, жорғалайтын;
D) желбезектерi 200 жұптай болған;
E) жабынды қуысы болған;
10.Қандауырдың орталық жүйке жүйесiн құрайтын бөлiмдерi?
A) жүйке түтiкшесi;
B) миы;
C) жұлыны;
D) миы мен жұлыны;
E) жүйке тiзбектерi;
11.Қандауырдың бұлшық ет сегментi қалай аталады?
A) миомер;
B) миосепта;
C) атриопор;
D) невропор;
E) дұрыс жауабы жоқ;
12.Қандауырдың бұлшық еттер ерекшелiгiн көрсетiңiздер?
A) ассимметриялық бұлшық ет;
B) симметриялы бұлшық еттер;
C) бұлшық ет сегменттерi 150-200;
D) бұлшық еттерi жоқ;
E) бұлшық еттер сегменттерi саны болымсыз;
13.Қандауырдың эндостилi қандай қызмет атқарады?
A) тiрек қызметiн;
B) тасымалдау қызметiн;
C) қабықастылық;
D) қорғау;
E) бөлiп шығару;
14.Қандауырдың қарапайымдылық белгiсiн көрсетiңдер.
A) тiректiк қаңқасы желiсi ғана болып өмiр бойы сақталады;
B) өкпемен тыныс алады;
C) омыртқаларының жоғарғы iлгек қалдықтары сақталынған;
D) бас сүйек қаңқасы қарапайым құрылған;
E) омыртқалары екi түрлi: дене және құйрық;
15.Қандауырлардың өмiр сүру ортасын атаңдар?
A) өзендер;
B) су қоймалары;
C) теңiздер;
D) көлдер;
E) тау өзендерi;
16.Қандауырлардың қан айналу жүйелерiнiң ерекшелiктерiн атаңдар?
A) әкелетiн және әкететiн желбезек артериялары;
B) бүйрек капилляр шумақтары;
C) екi камералы жүрек;
D) жүрегi жоқ;
E) екi қанайналу шеңберлерi;
17.Қандауырлардың дернәсiлдiгiне мына аталған ерекшелiктерiнiң қайсысы сәйкес?
A) еркiн жүзетiн;
B) жатып iшу;
C) су табанында көмiлiп өмiр сүредi;
D) жабынды қуысының болуы;
E) отырықты өмiр сүредi;
18.Желiсi қай туынды қабаттан пайда болады?
A) эктодерма;
B) мезодерма;
C) энтодерма;
D) мезенхима;
E) дұрыс жауабы жоқ;
19.Мынау кластардың қайсысы бассүйексiздер типастылығына жатады?
A) желiлiбастар;
B) дернәсiлдiжелiлер;
C) жартылай желiлер;
D) асцидилар;
E) сальпiлер;
20.Қандауырлар немен қоректенедi?
A) балықтармен;
B) моллюскалармен;
C) бiр жасушалы жануарлармен;
D) шаяндармен;
E) жауынқұрттарымен;
21.Мына аталған жануарлардың қайсысы жақсыздарға жатады?
A) қандауырлар;
B) миногалар, миксиндер;
C) акулалар, скаттар;
D) алабұға, шортандар;
E) жайындар;
22.Шеңберауыздыларды қандай себептермен омыртқалылар типтастылығына жатқызады?
A) жарты тұлғасы желiсiмен берiлген;
B) желiсi жеке сегменттерге бөлiнген;
C) сүйектi омыртқалары бар;
D) омыртқалары шемiршектен тұрады;
E) омыртқалары жоғарғы iлгек қалдықтарымен құрылған;
23.Шеңберауыздылардың орталық жүйке жүйелерiне қайсылары кiредi?
A) жұлыны мен миы;
B) жұлыны;
C) миы;
D) жүйке түтiкшесi;
E) жүйке тiзбектерi;
24.Шеңберауыздылардың желбезек аппараттары қалай құрылған?
A) желбезек тесiктерi жұтқыншақтары мен жабынды қуысын қосады;
B) желбезектерi желбезек қапшықтары тәрiздес энтодермадан туындайды;
C) желбезектерi сыртынан желбезек қапшықтарымен қапталған;
D) желбезектерi эетодермадан пайда болған пластинкалар сияқты;
E) желбезектерi қатпарлы және желбезек қапшығынсыз;
25.Шеңберауыздылардың жүрегi қандай құрылымнан тұрады?
A) бiр камералы;
B) төрт камералы;
C) екi амералы;
D) үш камералы;
E) жүрегi жоқ;
26.Шеңберауыздылардың несеп бөлу жүйесi қандай?
A) мезонефрондық бүйрек;
B) метанефрондық бүйрек;
C) пронефрондық бүйрек;
D) нефридилық;
E) нефростомалық;
27.Шеңберауыздылардың мекен жайы қайсысы?
A) тау өзендерi;
B) су қоймалары;
C) өзендер, теңiздер;
D) көлдер;
E) мұхиттар;
28.Шеңберауыздылардың өмiр сүру шарты?
A еркiн жүзу;
B) паразиттiк және жартылай паразиттiк;
C) су табанында;
D) қазбалануы;
E) отырықшылдық;
29.Шеңберауыздылардың ауыз аппаратының басқа омыртқалыларға қарағандағы айырмашылығы неде?
A) жақтары мен тiстерi жақсы дамыған;
B) тiстерi жоқ;
C) планктонмен қоректенуге бейiмделген;
D) ауызалды шұңқыры мүйiздi тiстерiмен ауыз қуысына жалғасқан;
E) тiстерi жоқ, планктонмен қоректенуге бейiмделген;
30.Жақсыздарға қандай өте ертелiк жануарлар жатады?
A) қарапайым бассүйексiздер;
B) стегоцефалдар;
C) қалқандылар;
D) химер тәрiздiлер;
E) бiлезiкқанатты балықтар;
31.Мына аталған кластардың қайсысы жақсыздар бөлiмiне жатады?
A) желiлiбастар;
B) асцидилер;
C) сальпiлер;
D) шеңберауыздылар;
E) жабындылар;
32.Миногалардың терiлерiнiң ерекшелiктерi?
A) терi бездерiнiң жылбысқы бөлуi;
B) денесi жыламшы қабыршақтармен жабылған;
C) денесi қырлы қабыршақтармен жабылған;
D) денесi сақиналы қабыршақтармен жабылған;
E) денесi сүйектi қабыршақтармен жабылған;
33.Шеңберауыздылардың жақ сүйек қаңқасына мыналар кiредi?
A) желбезек торы, жүрек қапты шемiршек;
B)бас сүйектiң шүйде бөлiгi;
C) жұпталған есiту құтысы;
D) дара иiссезу құтысы;
E) желiсi;
34.Аталған ерекшелiктердiң қайсысы минога дернәсiлiне тән?
A) мүйiздi тiстерiмен сорғыш ернiнiң жоқтығы;
B) сорғыш ернiнiң болуы;
C) жұтқыншағының ас қорыту және тыныс алу түтiкшелерiне бөлiнуi;
D) дернәсiлдiк кезеңiнiң жоқтығы;
E) ас iшегiнде қорытылмауы;
35.Мына ерекшелiктердiң қайсысы шеңберауыздыларда бар, ал қандауырларда жоқ?
A) желбезек қапшықтары мезонефрондық бүйрек;
B) желбезек тесiктерi жұтқыншағына тесiп кiрген;
C) жабынды қуысы;
D) жүйке түтiкшесi, арқа ми жүйкесi;
E) нефридии, нефростомалары;
36.Шеңберауыздылардың жыныс мүшелерiнiң ерекшелiктерiн көрсетiңдер?
A) 25 жұп мөлшерiнде жыныс бездерi бар;
B) бiр жұп жыныс безi бар;
C) дара жыныс безi;
D) 100 жұп мөлшерiнде жыныс бездерi бар;
E) дұрыс жауабы жоқ;
37.Мына аталған ерекшелiктердiң қайсысы шеңберауыздыларда жоқ егер оны бассыздармен салыстырса?
A) жұтқыншақ;
B) жабық қанайналу жүйесi;
C) терiсi;
D) желiсi;
E) нефридилерi;
38.Шеңберауыздылардың миының қандай құрамы оның қарапайымдылығын көрсетедi?
A) алдыңғы миы шағын;
B) орта мидың бүйiр жақтары көру бөлiгiн құрайды;
C) мидың барлық бөлiктерi бiр жалпақтықта орналасқан;
D) мидың иiс сезу бөлiгi жақсы бөлiнбеген;
E) аралық мидың астынан қос көру жүйкелерi таралған;
39.Аталған белгiлердiң қайсысы миксинге қарағанда миногада жоқ?
A) желбезек қапшықтары энтодермадан тараған;
B) қос қанаттарының жоқтығы;
C) екi камералы жүрек;
D) дернәсiлдiк даму кезеңiнiң жоқтығы;
E) мезонефондық бүйрек;
40.Минога дернәсiлiмен қандауырдың ұқсастық ерекшелiктерiн көрсетiңдер?
A) сорғыш ернi тiстерiмен;
B) көздерiнiң әлсiз дамуы;
C) эндостиль;
D) жұтқыншағы желбезек тесiктерiмен сыртқы ортаға ашылған;
E) жоғарғы ернiнiң жақсы дамуы;
41.Мына класастылардың қайсысы шемiршектi балықтарға жатады?
A) бiлезiк жүзбе қанаттылар;
B) жебе жүзбе қанаттылар;
C) жалпақ желбезектiлер;
D) шемiршек сүйектiлер;
E) сүйектiлер;
42.Шемiршектi балықтардың қабыршақтары қалай аталады?
A) қырлы;
B) жыламшы;
C) сақиналы;
D) сүйектi;
E) дұрыс жауабы жоқ;
43.Мына аталған ерекшелiктерiнiң қайсысы шемiршектi балықтарға тән емес?
A) желiсi омыртқа аралығында сақталады;
B) желiсi омыртқа денелерiнiң iшiнде сақталынады;
C) желiсi омыртқалылар серпiндiлiгiн қамтамасыз етедi;
D) омыртқа түрi амфицельдi (екi жақты ойыстық);
E) желiсi осьтiк қаңқалық роль атқарады;
44.Ас қорыту жүйелерiнiң қандай құрылым ерекшелiктерi шемiршектi балықтарға тән емес?
A) бөлiмдерге бөлiнуi;
B) бұрмажолдану арқасында ұзындануы;
C) бұрандалы «клапанң болуы;
D) бөлiмдерi ерекшелiнбеген және қарны жоқ;
E) қарын асты безiнiң болуы;
45.Шемiршектi балықтардың жақ сүйектерiнiң құрама бөлiктерiн атаңдар?
A рострум (тұмсығы);
B) шаршытаңдай шемiршегi;
C) гиомандибуляра;
D) гиоид (iлгегi);
E) есту құтысы;
46.Жүйке жүйесiнiң қандай ерекшелiктерi шемiршектi балықтарға тән емес?
A) алдыңғы ми бөлiгi жүйкелiк заттармен жабылған;
B) орта миы жақсы дамыған;
C) мишығы үлкен;
D) сопақша миы созыңқы және ромба тәрiздес шұқыры бар;
E) ми табаны, жақтары және төбесiнде жүйкелiк заттың болмауы;
47.Шемiршектi балықтарға тән көбею әдiстерiн атаңдар:
A) уылдырық шашу;
B) жұмыртқа салу;
C) жұмыртқадан тiрi туу;
D) тiрi туу;
E) дұрыс жауабы: жұмыртқа салу, жұмыртқадан тiрi туу, тiрi туу;
48.Мына балықтардың қай систематикалық бiрлестiгiне жататынын көрсетiңiздер сибирь мекресi, севрюга, стерлядь, колуга, жалған күрек тұмсық?
A) тұтас бастылар классты тобы;
B) жалпақ желбезекшiлер классты тобы;
C) шемiршексүйектiлер классты тобы;
D) жебе жүзбе қанаттылар классты тобы;
E) бiлезiк жүзбеқанаттылар классты тобы;
49.Мына аталған қан тамырларының қайсысы шемiршектi балықтарда артериялық тамырларға жатады?
A) кьюве жылғасы;
B) күре тамырлар;
C) аорта түбiрi;
D) iшек асты венасы;
E) негiзгi (блемденген) веналар;
50.Шемiршектi балықтардың өмiр сүру ортасын атаңдар?
A) көлдер;
B) теңiздер;
C) өзендер;
D) жасанды су қоймалары;
E) тұщы су қоймалары;
51.Шемiршектi балықтардың тiл асты доғасының құрама бөлiктерiне қайсысы жатады?
A) гиомандибуляра;
B) гиоид;
C) копула (қосынды);
D) меккель шемiршегi;
E) гиомандибуляра, гиоид және копула;
52.Балықтар қандай экологиялық топтарға бөлiнедi?
A) жартылай өткiншi (полу проходные);
B) жабық су балықтары;
C) теңiз және тұщы су;
D) өткiншi (проходные);
E) жартылай өткiншi, теңiз және тұщы су, өткiншi;
53.Балықтардың орын алмастыруының негiзгi себептерi?
A) көбеюi;
B) жыртқыштар қудалауынан;
C) қорек iздеуiнен;
D) температуралық өзгерiске байланысты;
E) көбеюi, қорек iздеуiнен, температуралық өзгерiске байланысты;
54.Мамандалыну бағыттарына байланысты балықтардың дене пiшiнi мен қозғалу ерекшелiктерiнiң өзгеруiне әсерi?
A) жыртқыштық;
B) паразиттiк өмiр;
C) су табанына бейiмделуi;
D) өсiмдiктермен қоректенуi;
E) жыртқыштық, су табанына бейiмделуi, өсiмдiктермен қоректенуi;
55.Балықтар денесiнiң қай бөлiмiне байланысты қозғалады?
A) кеуде жүзбе қанаттары;
B) құрсақ жүзбе қанаттары;
C) арқа жүзбе қанаттары;
D) құйрық жүзбе қанаты;
E) анальдiк қанаты;
56.Ең алғашқы балықтардың қазба қалдықтары қай уақытқа жатады және олар қалай аталады?
A) жалпақ желбезелiктiлер (таскөмiр);
B) сүйектi ганоидтер (триас);
C) сауытты балықтар (девон);
D) тұтас бастылар (триас);
E) скаттар (юра);
57.Мұхит балықтарының басты өндiрiстiк ауланатын түрлерiн атаңдар:
A) сазан, шортан, үй сазаны, табан балық, алабұға;
B) треска, сельдь, камбала, самга, палтус;
C) жайын, алабұға, табан балық, вобла, сарган;
D) теңiз аты, теңiз инесi, пузаны, тунцый;
E) язь, қылыш-балық, угорь, колюшка, үй сазаны;
58.Сүйектi балықтардың негiзгi тыныс алу қызметiн қандай мүшелерi орындайды?
A) торсылдағы;
B) өкпесi;
C) желбезектерi;
D) терi жалбезектерi;
E) терiсi;
59.Сүйектi балықтардың осьтiк сүйек қаңқалары қалай құралған?
A) желiсi сақталынған;
B) шемiршектi омыртқа жотасы бар;
C) омыртқалардың жеке құрылымдық бөлiктерi бар;
D) сүйектi омыртқа жотасы және бас сүйек қаңқасы бар;
E) осьтiк сүйек қаңқасына қабырғалары мен омыртқалары кiредi;
60.Мына аталған ерекшелiктердiң қайсысы сүйектi балықтарға жатады?
A) шемiршектi сүйек қаңқасы;
B) желбезек қаңқасы жоқ;
C) денесi жыламшы қабыршақпен қапталған;
D) торсылдағы бар;
E) аузы басының астыңғы жағында;
61.Ласталынған суда балық өлiп қалады. Оған не жетiспейдi?
A) көмiр тотығы;
B) қоректi заттар;
C) бактериялар;
D) суда ерiтiлген оттегi;
E) дұрыс температуралық режим;
62.Жалпақ желбезектiлер класастылығы қандай топтарға бөлiнедi?
A) акула;
B) скаттар;
C) тұтасбастылар;
D) химер тәрiздiлер;
E) акула, скаттар;
63.Мына аталған ерекшелiктердiң қайсысы химер тәрiздiлер тобына тән?
A) терiлi желбезек қақпағы дамиды;
B) тiстерiнiң барлығы;
C) желбезектерi;
D) жұмыртқа салуы;
E) шемiршектi сүйек қаңқасы;
64.Шемiршектi балықтардың омыртқа жотасы қандай бөлiмдерден тұрады?
A) мойын;
B) кеуде;
C) денелiк;
D) құйрықтық;
E) құйрықтық, денелiк;
65.Шемiршектi балықтарға қандай омыртқалар тән?
A) амфацельдiк;
B) процельдiк;
C) опистоцельдiк;
D) гетероцельдiк;
E) дұрыс жауабы жоқ;
66.Шемiршектi балықтардың жақ сүйектерi қандай желбезек доғаларынан пайда болды?
A) екi алдыңғы желбезек доғаларынан өзгеруi арқылы;
B) үшiншi;
C) бiрiншi;
D) екiншi;
E) төртiншi;
67.Шемiршектi балықтардың ми қапшығы мен жақ сұйектерiнiң қосылысу тәсiлдерiнiң қайсысы тән?
A) аутостилия;
B) гиостилия;
C) амфистилия;
D) гиостилия, амфистилия;
E) дұрыс жауабы жоқ;
68.Шемiршектi балықтардың тiк iшек безi (ректальная железа) қандай қызмет атқарады?
A) бөлiп шығару;
B) жабындылық;
C) қозғалыстық;
D) тiректiк;
E) қорғаныстық;
69.Шеңберауыздылармен салыстырғанда шемiршектi балықтардағы қандай жоғарғы деңгейлiк ерекшелiктер бар?
A) жақ сүйектерiнiң пайда болуы;
B) iшкi есту бөлiмiнде үш жарты шеңберлiк каналдың пайда болуы;
C) терiсi эпидермис пен кутис қабаттарынан тұрады;
D) бүйiр сызығының болуы;
E) ас қорыту жүйесi бөлiмдерi мамандалынған;
70.Шемiршектi балықтардағы қаны мен ұлпа сүйықтығы тепе теңдiгi қалай қамтамасыз етiледi?
A) қан мен ұлпа сұйықтарында мочевина мен тұздардың болу себептерi;
B) мезонефрондық бүйректiң пайда болуынан;
C) метанефрондық бүйректiң пайда болуынан;
D) пронефондық бүйректiң пайда болуынан;
E) нефрондардың күрделенуiнен;
71.Аталық шемiршектi балықтардағы вольф каналы қандай қызмет атқарады?
A) несеп жолы;
B) ұрық жолы;
C) жұмыртқа жолы;
D) ол шемiршектi балықтарда болмайды;
E) несеп жолы, ұрық жолы;
72.Шемiршектi балықтарда аталық жыныс безiнiң қосалқы безi қызметiн қай құрылымы атқарады?
A) аталық жыныс безiнiң жоғарға бөлiмi;
B) бүйректiң жоғарғы бөлiмi;
C) шемiршектi балықтарда болмайды;
D) ұрықтық көпiршiктер бiрлестiгi;
E) ұрық қапшықтары;
73.Екi түрлi тыныс алушылар топастылықтарында мына аталған ерекшелiктердiң қайсысы сай?
A) сүйек қаңқасы;
B) бiр немесе екi өкпесiнiң болуы;
C) сүйектi қабыршақтар;
D) жабынды сүйектерiнiң болуы;
E) қосалқы жақтаррының болуы;
74.Шемiршектi балықтардың дене омыртқасының құйрық омыртқаларынан айырмашылықтары қандай?
A) омыртқа денесiнiң болмауы;
B) омыртқалардың төменгi iлгектерiнiң қан тамыры жататын каналын түзуi;
C) омыртқалардың жоғарғы iлгектерiнiң жұлын жататын канал түзуi;
D) омыртқалардың төменгi доғасына қабырғалардың бекуi;
E) омыртқаның денесiнiң болуы;
75.Торсылдақтың атқаратын негiзгi қызметi?
A) газалмасуға қатысады;
B) гидростатикалық қызметi;
C) қысымның өзгеруiн сезетiн мүшелiк қызметiн атқарады;
D) дыбыс шығару және оны күшейтуге қатысады;
E) дұрыс жауабы жоқ;
76.Мына аталған сүйектердiң қайсысы ми қапшығының астын түзейдi?
A) қанаттәрiздес;
B) иiс сезу;
C) парасфеноид;
D) көз сыналық;
E) копула;
77.Мына аталған ми қапшығысүйектерiнiң қайсысы жабынды сүйекке жатады?
A) негiзгi шүйде сүйектерi;
B) есту сүйектерi;
C) аралық иiс сезу;
D) соқасымақ;
E) негiзгi сына дәрiздес сүйектер;
78.Ми қапшығы сүйектерiнiң қайсысы шемiршектенген қалпында қалады?
A) тұмсық;
B) маңдай;
C) төбе;
D) шүйде;
E) парасфеноид;
79.Алғашқы жоғарғы жақ сүйектерi қандай сүйектерден тұрады?
A) таңдай;
B) шаршы;
C) қанаттәрiздес;
D) буындас;
E) таңдай, шаршы және қанаттәрiздес;
80.Сүйектi балықтар мен шемiршектi балықтардың құрсақ жүзбе қанаттарының салыстырма айырмашылықтары қандай?
A) негiзгi (базалий)сүйектерiнiң жоқтығы;
B) шашыранды (радиалий) сұйектерiнiң жоқтығы;
C) белдеме сүйектерiне лепидотрехий арқылы қосылуы;
D) негiзгi сүйектерiнiң болуы;
E) шашыранды сүйектерiнiң болуы;
81.Сүйектi балықтардың ас қорыту жүйелерiнiң ерекшелiктерi?
A) бүйенсымақ өсiндiлерiнiң болуы;
B) асқорыту рефлекстерiнiң жоқтығы;
C) бұрандалы клапанының болуы;
D) тiстерiнiң болмауы;
E) дұрыс жауабы жоқ;
82.Сүйектi балықтардың желбезектерiнiң құрылым ерекшелiктерiн атаңдар?
A) желбезек аралық қабырғасының болуы;
B) желбезек шашақтарының болуы;
C) желбезек доғаларының болуы;
D) желбезек аралық қабырғаның жойылуы;
E) дұрыс жауабы жоқ;
83.Сүйектi балықтардың қанайналу жүйесiнiң ерекшелiктерi қандай?
A) екi камералы жүрек;
B) қанайналу жүйесi жабық;
C) бiр шеңберлi қанайналу жүйесi;
D) оң жақ бүйректiң капилляр шумақтарының жойылуы;
E) үш камералы жүрек;
84.Сүйектi балықтарға тән көбею әдiстерi:
A) уылдырық шашу;
B) жұмыртқа салу;
C) жұмыртқа тiрi тууы;
D) тiрi тууы;
E) жұмыртқаларын ұяға салуы;
85.Сүйектi балықтардың жыныс жүйесiнiң өзiндiк ерекшелiктерi қандай?
A) Мюллер каналының болуы;
B) мезонефон жылғаларымен байланыспаған арнайы жыныс жылғаларының болуы;
C) аталықтарында вольф каналы ұрық жолы қызметiн атқарады;
D) вольф каналы несеп жолы қызметiн атқарады;
E) в) және d) - бiрге;
86.Мына аталған балықтардың қайсысында торсылдағы жоқ?
A) тунец, сельдь;
B) алабұға, шортан;
C) акула, скат;
D) лосось, наваго;
E) угорь, церотодус;
87.Сүйектi балықтармен салыстырғанда шемiршектi балықтарда қандай ерекшелiк белгiлерi жетiспейдi?
A) екi камералы жүрек;
B) жұп жүзгiш қанаттары;
C) желбезектерi;
D) желбезек қақпақтары;
E) қабыршақтары;
88.Алабұғаның қандай жүзбе қанаттары тiкелей бас сүйек қаңқасымен байланысты?
A) құйрық;
B) арқа;
C) құрсақ;
D) кеуде;
E) арқа және құрсақ;
89.Өткiншi балықтарды атаңдар?
A) тунец, камбала;
B) атлант сельдi, атлант трескасы;
C) лосось, өзен угорi;
D) жайын, налим;
E) судак, шортан;
90.Теңiз балықтарына мыналардың қайсысы жатады?
A) тунец, камбала;
B) белуга, мекре;
C) өзен угорi, лосось;
D) мекре, стерлядь;
E) севрюга, толстолобик;
91.Қосмекендiлер құрылымында балық тәрiздес ерекшелiктерiмен қатар, құрғақта өмiр сүруге мүмкiншiлiк беретiн негiзгi өзгерiстер (ароморфоз) бар. Соларды атаңыздар?
A) безi көп жалаңаш терiсi;
B) өкпе, үш камералы жүрек;
C) түрленiп дамуы;
D) жұп аяқтары;
E) бүйiр сызығы;
92.Қосмекендiлер класына мына аталған топтардың қайсысы кiредi?
A) қабыршақтылар;
B) қолтырауындар;
C) тасбақалар;
D) құйрықтылар;
E) бiреуiне де енбейдi;
93.Көне қосмекендiлер қай аталған топтан бөлiнiп шықты?
A) жебежүзбе қанатты балықтар;
B) қостынысты балықтар;
C) секiргiш балықтар;
D) бiлезiк жүзбеқанатты балықтар;
E) жорғалаушы балықтардан;
94.Қазiргi қосмекендiлер қандай топтарға бөлiнедi?
A) құрт тәрiздiлер;
B) аяқсыздар;
C) құйрықсыздар;
D) құйрықтылар;
E) в), с) және d) - бiрге;
95.Қандай құрып кеткен қосмекендiлердi стегоцефалдар деп атайды?
A) ихтиостегидтердi;
B) лабиринтодонттарды;
C) лепоспондилдарды;
D) апсидоспондилдарды;
E) ихтиозаврларды;
96.Қосмекендiлердiң қандай қорғанышты бейiмдiлiгi дамыған?
A) жауын қууы;
B) улы терi бездерi;
C) белсендi шабуыл жасауы;
D) түсiнiң бейiмделуi;
E) улы терi бездерi, түсiнiң бейiмделуi;
97.Балықтармен салыстырғанда қосмекендiлдердiң миының қай бөлiмi жақсы дамыған?
A) алдыңғы миы;
B) орта миы;
C) аралық миы;
D) сопақ миы;
E) мишығы;
98.Қосмекендiлердiң уылдырық шашатын мекен-жайларын атаңдар?
A) шығару қоржыны;
B) арнайы ұя;
C) әртүрлi тұщы су қоймалары;
D) теңiз қайраңдары;
E) iндерi;
99.Бауырымен қарынасты безiнiң бөлiндiлерi құйылатын қосмекендiлердiң ас қорыту бөлiмiне атаңдар?
A) өңеш;
B) қарын;
C) ащы iшек;
D) тоқ iшек;
E) асқазан;
100.Мына аталған ерекшелiктердiң қайсысы ересек қос мекендiлерге тән емес?
A) жұп аяқтары;
B) екi камералы жүрегi;
C) үш камералы жүрегi;
D) жалаңаш терiсi;
E) көздерi;
101.Суда өмiр сүретiн қосмекендiлердi омыртқалыларға тән қандай ерекшелiктерi сипаттайды?
A) салқын қандылығы;
B) денелiк бүйректерi;
C) уылдырықтарының тек суда дамуы;
D) көздерi
E) есiту мүшелерi;
102.Қосмекендiлердiң жалаңаш терiсi қандай негiзгi қызметтерiн орындайды?
A) ылғалалмасу;
B) газалмасу;
C) жылуалмасу;
D) су тұтқырлығын азайтады;
E) ылғалалмасу, газалмасу және жылуалмасу;
103.Қосмекендiлер сұйек қаңқасының қандай бөлiмдерi жоқ?
A) мойын бөлiмi;
B) дене бөлiмi;
C) кеуде бөлiмi;
D) сегiзкөз бөлiмi;
E) құйрық бөлiмi;
104.Қосмекендiлердiң омыртқаларының түрлiлiк қалыптасуы қандай?
A) амфицельдi;
B) опистоцельдi;
C) процельдi;
D) гетероцельдi;
E) амфицельдi, опистоцельдi және процельдi;
105.Көлбақаның жүрегi неше бөлiмнен тұрады?
A) бiр;
B) екi;
C) үш;
D) төрт;
E) бес;
106.Қүйрықсыз қосмекендiлердiң құйрық омыртқаларының бiрiгуiнiң арқасында пайда болған сүйектi қалай атайды?
A) уростиль;
B) соқасымақ;
C) парасфеноид;
D) гиоид;
E) копула;
107.Тiл асты доғасының қай бөлiмi есту үзеңгi сүйегiне айналады?
A) гиоид;
B) копула;
C) гиомондибуляра;
D) буындас сүйек;
E) симплектикум;
108.Қүйрықсыздардың бөксе сүйектерi қандай бөлiмдерден тұрады?
A) шаптық жамбастың басы;
B) құйымшақ;
C) жамбастың алдыңғы жақ басы;
D) коракоид;
E) шаптық жамбастың басы, құйымшақ және жамбастың алдыңғы жақ басы;
109.Қүйрықсыздардың қанайналу жұйесiнiң ерекшелiктерi қандай?
A) артериялық конусы үш пар артериялық доғасы бар;
B) жабық қан айналу жүйесi;
C) қанайналу жүйесi бiр шеңберден тұрады;
D) қаны түссiз;
E) жүрегi екi камералы;
110.Құйрықсыздардың аталығындағы вольф каналы қандай қызмет атқарады?
A) жұмыртқа жолы;
B) ұрық жолы;
C) несеп жолы;
D) мюллер каналы;
E) қоректiк;
111.Құйрықсыздардың орталық жүйке жүйесiнiң қандай ерекшелiктерi бар?
A) архиполлиум дамыған;
B) алдыңғы миы жақсы дамыған;
C) мишықтың пайда болуы;
D) иiс сезу үлесi аздап шектелiнген;
E) мишықтың болмауы;
112.Аяқсыздар тобының негiзгi ерекшелiктерiн анықтаңдар?
A) аяқ-қолдарының және белдеулiктерiнiң жоқтығы;
B) терi бездерi жылбысқы бөледi;
C) жер асты не суда өмiр сүредi;
D) құйрығының болмауы;
E) жұп аяқтары бар;
113.Мына аталған қосмекендiлердiң қайсысы құйрықтылар тобына жатады?
A) сарымсақшы, құрбақа;
B) жерлянкалар, тебiнгiлi балықтар;
C) суринам пимас;
D) кәдiмгi көлбақа;
E) тритондар, саламандралар;
114.Құйрықсыздар омыртқаларының мойын және сегiзкөз бөлiмдерiн құрауға қанша омыртқа қатысады?
A) екi;
B) бiр;
C) бестен жетiге дейiн;
D) ондай бөлiмдерi жоқ;
E) үш;
15.Бауырымен жорғалаушылардың солтүстiкке жылжуына қандай көбею бейiмделулiгi әсер еттi?
A) жұмыртқаларының известелген қабығы;
B) сарыуызының молдығы;
C) жұмыртқаның терi қабы;
D) тiрiдей тууы;
E) жұмыртқаларын iнге салуы;
116.Бауырымен жорғалаушылардың төменде аталған қанайналу жүйесiнiң қандай ерекшелiктерi тән?
A) төрт камералы жүрегi;
B) терi венасы мен артерияларының болуы;
C) жүректерiнен артериялық конус бөлiнген;
D) екi қанайналу шеңберi бар;
E) жүректе үш тамыртарайды;
117.Қандай мүшелерiмен кесертке тыныс алады?
A) терiсi;
В) өкпесi;
C) желбезегi;
D) қабырғалары;
E) ауызкөмей қуысы;
118.Бауырымен жорғалаушылардың терiсiнiң мүйiзденуiнiң қандай биологиялық маңызы бар?
A) ылғалалмасуға ықпалды;
B) газалмасуға ықпалды;
C) су жоғалтудан қорғайды;
D) терi бездерiне өте бай;
E) бөлiп шығару процестерiне қатысады;
119.Мына бауырымен жорғалаушылардың өмiр сүру мекенiн атаңдар ұшатын айда¿ар, хамелеон, жалпаққұйрықты геккон, агама, ұршықшыл?
A) дала;
B) шөл;
C) орман;
D) әртүрлi су қоймалары;
E) таулар;
120.Мына аталған көбею әдiстерiнiң қайсылары бауырымен жорғалаушыларға тән?
A) жұмыртқа салу;
B) тiрiдей туу;
C) уылдырық шашу;
D) жұмыртқа тiрi туу;
E) партеногенез;
Достарыңызбен бөлісу: |