ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Омыртқалылар зоологиясы»



бет7/14
Дата09.06.2016
өлшемі2.26 Mb.
#125234
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Қоректену. Рептилилер әр түрлі жануарлармен: жер бетін-де тіршілік ететін ұсақ жануарлармен суда тіршілік ететін омыртқасыздармен қатар, ірі сүт қоректілерді де қорек етеді. Көптеген түрлері өсімдікпен қоректенеді. Мысалы, кесірткелер насекомдармен, құрттармен және моллюскалармен тамақта-нады. Оның кейбір түрлері (агамалар, игуандар) олардан баска өсімдіктерді де қорек етеді. Теңіз тасбақалары мен жыландары балықтармен қоректенеді. Сарыбас жыландар көптеген амфибилерді жояды, ал кейбір теңіз жыландары пеламидалар (Ріаmуdгиs) тек қана басаяқтң моллюскалармен қоректенеді. Ешкіемерлер және кейбір құрлықта тіршілік ететін жыландар ұсақ кемірушілерді, құстарды және рептилилерді азық етеді. Крокодилдер мен ірі жыландар ірі андарды да ұстап жейді. олардың адамдарға да шабуыл жасайтын кездері болады.

Рептилилердің барлығы да жемдерін ұсатпай бүтіндей жұтады. Тек қана крокодилдер мен тасбақалар жемдерін бөлшектеп жейді. Осы рептилилердің аузында екінші реттік сүйекті таңдай болады, ол тыныс алуға кедергі келтірмей, тамақтың кесегін ауызда ұстап түрады. Көптеген бауырымен жорғалаушылар қоректік заттарын шала өлтіріп қоректенеді. Тек қана ұлы жыландар мен айдаһарлар жәндіктерді өлтіріп жұтады.



Көбеюі. Рептилилердің ұрықтануы іште болады. Еркектерінің шағылыс органы бар. Жұмыртқалары судан тыс құрлықта құрғақ жерде дамиды. Даму кезінде амфибилерде болатын личинка стадиясы болмайды. Жұмыртқадан ересектеріне ұқсас және ересектері тіршілік ететін жағдайда өмір сүруге бейімделген дене мүшелері кішкене рептилий шығады.

Тасбақалардың, крокодилдердің жұмыртқаларында (құс жүмыртқасының ағы сияқты) белокты қабы болады. Бұл ұрықтың дамуына керекті су қорымен қамтамасыз ететін қабық бо-лып саналады, Басқа рептилилердің жұмыртқаларының дамуына қажетті судың пайда болуына екі жағдай себепші болады. Біріншіден — майдың тотығуы нәтижесінде, екінші — жұмыртқа қабығы арқылы сыртқы ортадан алады.

Рептилилер жұмыртқаларында болатын талшықты, известі және белокты қабықтардан басқа ұрық дамыған кезде ұрықтың өзінен амнион, сероза және аллантоис деп аталатын қабықтар пайда болады. Олардың ұрықтың дамуына бейімделуде үлкен маңызы бар (26-сурет).

26 - с у р е т. I амниоталардың ұрық қабықтарының біртіндеп даму сатысы, II дамып келе жатқан кесіртке.

1 — эктодерма, 2 — энтодерма, 3—мезодерма, 4— ішек қуысы, 5 — дененің ұрықтан тыс қуысы; 6— мнион, 7— амниота қуысы — амниота сұйықтығының ішінде жүзіп жүрген ұрық, 8—сероза, 9 — аллантоис, 10 — сары уыз қапшықшасы. II 1 —амнион, 2 —аллантоис, 3 — сары уыз, 4—сероза


Алғашқы даму стадиясында ұрық жұмыртқаның сары заты-ның ішіне еніп кетеді. Ұрықтың бас бөлімінің алдыңғы жағынан қатпар пайда болады. Ол қатпар дами келе ұрықтың артқы бөлімінде қаптап жабады. Мұны амниотикалық қатпар деп атайды. Сөйтіп пайда болған амнион ұрықтың сыртын қаптап жатқан тұйық қапшыққа ұқсайды. Амниотикалық қуыстың ішінде толған сұйық зат болады, ұрық осы сұйықтың ішінде жатады, яғни амнион ұрықты жұмыртқаның қатты қабағына тиюден сақтайды.

Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Қазіргі кездегі бауырымен жорғалаушыларға систематикалық шолу

  2. Бауырмен жорғаушылардың экологиясы.


Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.- Алматы:Эверо,2011.-400б.

  2. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.

  3. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.


Модуль 4. Жылықандылар тобы.

10 дәріс: Құстар класы (Aves).

Жоспар.

  1. Құстардың сыртқы құрылысы.

  2. Құстардың ішкі құрылысы.




  1. Құстардың сыртқы құрылысы.

Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әр түрлі жағдайларга бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді. б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұракты болуына әкеліп соқкан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, я өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбеюі біршама жетілген

(жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі).



ҚҰСТАРДЫҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ

Тері жамылғысы және оның туындылары. Құстардың терісі жұқа, оның сыртқы эпидермисқкабаты нашар жетілген Тері қабатында ешқандай бездері және сүйекті туындылары болмайды, тек қана құйрық түбірінің үстіңгі жағында құймышақ безі болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындарды майлап, оған су жұқпайтын етеді. Құймышақ безі су құстарында жақсы дамыған, құрлықта тіршілік ететін кұстарда болмайды.

Құс қауырсындары құрылысына және атқаратын қызметіне қарай түрліше болады. Денесінің сыртын қалыпты (контурный) қауырсын жауып тұрады. Ол негізгі қаламнан және оның екі жағында симметриялы орналасқан азды-көпті пластинка опахаладан тұрады Қауырсынның теріге еніп тұратын бөлімін (очин) қалам қауырсын дейді. Қауырсын сабағының жоғарғы пәр бекіген бөлімі сабағы деп аталады. Пәр ұзын бірінші дәрежедегі мұртшалардан және оған орнаған кішкене екінші дәрежедегі мұртшалардан қалыптасады. Екінші дәрежедегі кіші мұртшалардың ұсақ, көптеген ілмешектері болады. Осы ілмешектер өз ара байланысып, бір серіппелі тақташа желпеуіш құрайды.

Қалыпты қауырсындардың астыңғы жағында ұсақ — мамық, қауырсындар орналасады. Бұл кауырсындардың сабағы жіңішке, екінші дәрежедегі ұсақ мұртшалары жоқ, сондықтан олардан серіппелі тұтасқан пластинкалар калыптаспайды. Кейбір мамық қауырсындардьщ сабағы өте жіңішке болады, сондықтан мұртшалары сабақтың жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады. Мүндай мамық қауырсындарды — нағыз мамық қауырсын —деп атайды. Мамық және нағыз мамық қа-уырсындар су құстарында, әсіресе салқын жақта тіршілік ететш құстарда көбірек болады. Олардың негізгі қызметі — организмдегі жылуды жоғалтпайды. Мамық кауырсындардың арасында, мұртшалары жоқ жіпше тэрізді қауырсындар да кездеседі Көптеген құстардың езуіне орналасқан қылтандары да болады (ешкіемер, қарлығаш). Ауада үшып жүріп қорегін ұстайтын насеком жемділердің түрлерінде аузын ашқан кезде воронка сияқтанып насекомдарды қағып алу мүмкіндігін арттырады.

Қауырсындардың дамуы, олардың рептилилермен ата тегі жағынан тығыз байланысты екенін байқатады.

Қауырсындары үздіксіз түлеп отырады. Көпшілік құстар жылына 1—3-ке дейін түлейді.

Ет системасы. Құстардың бұлшық еттері, олардың тіршілік әрекетіне байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Біріншіден, балықтарға, амфибилерге және рептилилерге қарағанда құстардың бүлшық еттері біршама жіктеліп, барып күрделенген. Ол ұшу кезіндегі күрделі қозғалысқа, жүруге, өрмелеуге және тамағын табура мүмкіндік береді. Екіншіден, аяқтарын қозғауға икемделген көлемді бұлшық еттер дене скелетіне орналасып, екшші сіңір ұштарымен аяқтарға бекінген. Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалтатын ірі бұлшық еттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінің екі жағына орналасқан. Әсіресе аяқтарының бұлшық еттері назар аударарлық. Төс сүйегінің қырына бекінген ірі төс еті құстың жалпы салмағының 20 процентіне жетеді де,

қанаттарын төмен түсіруге қатысады. Оның астында жатқан бұғана асты еттері көлемі кіші болса да, қанатты жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Артқы аяқтарын қозғайтын 35-ке жуық күрделі бұлшық еттері болады. Бүлардың ішінде көбірек көзге түсетіні оралымды бұлшық ет. Бұл ет жамбастан басталып„ор-тан жілік бойымен созылып келіп, тізенің үстінен сіңір сияқты, қатты тарамыс түрінде оралып өтіп, одан саусақтарды иіп тұ- ратын тарамыстарға барып жалғасады. Құс бұтаққа келіп қонранда, тізесі иіліп, оралымды ет созылады, соның салдарынан саусақтарын иіп тұратын сіңір созылады, саусақтары бүгілігі бұтақты бүреді. Құс неғұрлым төменірек басылып, орнықтырақ отырған сайын, оралымды бұлшық ет күштірек созыла түсе де, саусақтар бұтақты бүре түседі. Сондықтан да, бұтақта қонақтап, ұйқтап отырған құстар құлап кетпейді.



Омыртқа жотасы — мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құй-мышақ-кұйрык; бөлімдерінен калыптасады. Бел омыртқалары ересек құстарда күрделі құрылысты сегізкөз құрамына енеді. Бас күрделі қимылдар жасайтындықтан мойын омыртқалары ұзын және тез қозғала алады.

Кеуде омыртқалары (3-тен 10-ға дейін) бір-бірімен сегізкөз және кұймышақ омыртқаларымен бірігіп кеткен. Оларда болатын қабырғалар төс сүйегіне қозғалмалы болып бекіген. Қабырға көкірек және арқа бөлімдері болып екі бөліктен тұрады. Олардың қосылған жері, қозғалмалы бекініп, денесінің артына қарай сүйір бұрыш жасайды.



Құстардың бас сүйегінің — құрылысы рептилилердің бас сүйегінің құрылысына ұқсас. Желке бөлімі төрт сүйектен құралады (негізгі, екі бүйір және жоғарғы шүйде сүйектері). Желке бұдыры рептилилердікі сияқты біреу ғана болады. Есіту капсуласы үш құлақ сүйегінен қалыптасады. Төменгі жағы рептилилердегі меккел шеміршегі сияқты —буынды сүйектен және тері тектес — тіс пластинкасы, бұрыш және жақтың имек өсінді сүйектерінен қалыптасады (27-сурет).

27 — с у р е т. Жас көгершіннің бас сүйегі: 1 — негізгі шүйде; 2—бүйір шүйдесі; 3 — шүйде өскіні; 4 — қарақұс тесігі; 5 — үстіңгі шүйде; 6 — құлақ; 7 — негізгі сына; 8—алдыңғы сына; 9 — қанат-сына тәрізді; 10 — көз-сына; 11 — көз аралығының пердесі; 12 — орта иіс: 13 — төбе; 14 — маңдай 15 — мұрын; 16 — жас, 17 — жақаралық; 18 — жоғарғы жақ, 19— бет; 20 — шаршы бет; 21 — бұдыр бетті, 22 - шаршы; 23 — кеңсірік; 24 — қанат тәрізді; 25 — бунақталған; 26 — тіс; 27 — бұрыш сүйектер.
Қанаттары және иық белдеуі — ұшуға бейімделуге байланысты ерекшеліктері болған. Иық белдеуі жауырыннан, кора-коидтан және бұғанадан құралады. Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйісіп келіп тоқпан жілік бекитін ойықты қалыптастырады. Жауырынының тұрқы ұзын, түрі қылыш тәрізді иіліп келеді. Ол қабырғалардың үстінде жылжып қозғала алатындай болып орналасқан. Коракоид өте жақсы дамыған, оның бір ұшы төспен ұштасады да, екінші ұшы буын арқылы тоқпан жілікпен жалғасады. Құстардың оң және сол жақтағы бұғаналары бірігіп кетеді — мұны “айыр” сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне серпімділік қасиет береді (28-сурет).

28 - с у р е т. Көгершіннің қаңқасы: 1 — мойын омыртқалар; 2 —көкірек (кеуде) омыртқалар; 3 –

құйрық омыртқалар; 4 — құйыршық сүйек; 5—ілмек өскіні бар қабырғаның жоғарғы бөлімі; 6—қабырраның құрсақ бөлімі; 7 — төс; 8 — төс қыры; 9 — жауырын; 10— коракоид; 11 — бұғана; 12 — тоқпан жілік; 13 — кәрі жілік; 14 — шынтақ сүйек; 15 — алақан сүйек; 16 — I —саусақ; 17— II — саусақ; 18 — III — саусақ; 19— мықын сүйек; 20 — шонданай сүйек; 21 — шап сүйек; 22 — ортан жілік; 23 — асыкты жілік; 24 — сирақ: 25 — артқы аяғынық I —саусағы; 26 — артқы аяғының IV — саусағы;
Қанат скелеті бес саусақты жануарлардікі сияқты бірнеше сүйектерден құралады. Әйткенмен иық және бұғана сүйектері “өзгермеген, керісінше нашар дамыған.

Артқы аяқтар және оның белдеуі. Жүргенде құстардың барлық салмағы, артқы екі аяғына түсетін болғандықтан, олардың құрылысында бірқатар өзгешеліктердің бар екенін көреміз. Жамбас белдеуіне күрделі сегізкөз бен мықынның үлкен қалақша сүйектерінің ұзына бойына тұтасып барып орналасқандығы үлкен тірек болып саналады. Мықын сүйектерімен өте ірі шонданай сүйегі бірігіп кеткен. Шап сүйегі өте жіңішке шыбық тәрізді болады.

Артқы аяқтары — ортан жілік, асықты жілік және сирақ пен саусақтардан тұрады. Бұл үш бөлімнің бірінші бөлімі — ортан жілік деген бір үлкен сүйектен, екінші бөлімі — асықты жілік және оның шыбығынан; үшіншісі — сирақ және саусақтардан тұрады. Асықты жіліктің төменгі басына сирақтың бас жағы келіп жалғасады. Ересек құстардың сирақтары бір ғана сүйектен тұрады. Эмбриональдық даму кезінде осы жоғарыда көрсетіл-ген сүйек — табан сүйектердің және толарсақ сүйектердің бір-қатарының бірігуінен келіп қалыптасқаны байқалады. Құстардың саусақтарының саны көпшілігінде төртеу, үшеу болуы сирек кездеседі, ал Африка түйеқұсында екеу болады.



  1. Құстардың ішкі құрылысы.

Ас қорыту органдары. Осы заманда тіршілік ететін кұстар-дың тісі болмайды. Олардың қызметін қоректерін қармап ұстауға көмектесетін, сырты мүйізді затпен қапталған қатты тұм-сығы атқарады. Әрбір құстардың қоректену тәсіліне және қабылдайтын азықтарының түріне қарай тұмсығының формасы да түрліше болады. Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы тө-мен қарай иілген, тұмсығының көпшілік жері қалың мүйізді затпен қапталған. Дәнмен қоректенетін қүстардың тұмсығы дәнді шоқып, теріп жеуге икемделудің нәтижесінде біз тұмсықты болып келеді. Қаздардың тұмсығы жалпақ, сырты мүйізді пластинкамен қапталған. Бірқазандардың тұмсығының астыңғы бөлімінде ұстаған балықтарын салатын тері “қалтасы” болады.

Жыртқыш кұстардың сілекейлері, қоректік заттарын жұмсатып оның шыланған кесегі өңешінен кептелмей, бөгетсіз жылжуына себепкер болады (29-сүрет).



29 - с у р е т. Көгершіннің ішкі органдарыньщ орналасуы: 1 — жүрек- 2—жемсау; 3 — аталық ұрық безі; 4 — етті қарын; 5— бауыр- 6 — өкпе; 7 — бронхылар; 8 — он екі елі ішек; 9 — клоака тесіп; 10— жүректіқ сол қарыншасы; 11 - жүректің оң қарыншасы; 12 - сол жүрекше- 13-оң жүрекше; 14-кеңірдек; 15-бұғана асты артерия; и — сол. жақ ұйқы артериясы; 17 — сол бұғана астындағы вена; 18 — аш ішек; 19— сол шықшыт венасы; 20-тұйық өсінділер; 21- бүйректер; 22-зәр жолы; 23-тұқым жолы; 24-өңеш; 25-безді қарын; 25-ұйқы безі.
Кейбір құстардың (тауықтардың, көгершіндердің т. б.) өңе-шінде азықтық заттарын

уақытша сақтайтын және аздап қорытылатын (қуыс) кеңістік болады, оны — жемсау деп атайды. Көгершіндер балапандарын шығарған кезде, жемсауының ішкі қабатынан “сүт” деп аталатын майлы бөртбе тәрізді зат шығады, онымен олар балапандарын қоректендіреді.

Құстардың бауыры үлкен және екі бөлімнен кұралады. Өт көпшілік кұстарда болады, ал көгершіндердің өті болмайды. Өт жолы он екі елі ішекке келіп ашылады.

Қорыта келгенде, ас қорыту системасының мына ерекшелік-терін көрсетуге болады: 1. Тістерінің болмауы, тісінің қызметін бірқатарында қатты тұмсықтары, бірқатарында ет қарындары атқарады. 2. Ішектерінің қысқарақ болуы (егер шөп жейтін сүт қоректілердің ішектерінің ұзындығы денесінен 20 есе ұзын болады десек, ал өсімдік тектес заттармен қоректенетін тауық тұқымдастарының ішегі өздерінің денесінен 4-ақ есе ғана ұзын болады). 3. Құстардың тісінің болмауы —ішегінің қысқа, қар-нының екіге бөлінуіне әкеліп сокқан. 4. Артқы ішектерінің, тоқ ішек және тік ішекке жіктелмеуі, денесін жеңілдетуге бейімделу деп қарау керек. Өйткені, тік ішектің негізгі қызметі коректік зат қалдығының уақытша тоқталып тұру және оның ішіндегі артық суды сіңіру болып саналады.



Тыныс органдарының — өзіндік ерекшелігі және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа ішкі органдарға қарағанда анағұрлым күштірек және өте айқын көзге түседі.

Көмекей саңылауы кеңірдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлімін көмекей деп

атайды. Көмекей бір оймақ тәрізді және екі ожау тәрізді шеміршектен тұрады. Бұл жоғаргы көмекейдің дыбыс шығаруға ешбір қатысы болмайды.

Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек дана құстарға тән ерекшелік. Төменгі көмекей кеңірдектің екі өкпеге тарамдалатын жеріне орналасады, оған тірек болатын сүйек тектес сақина бар.

Ауа қапшықтарының ең басты маңызынын, бірі құстар ұш-қанда, олардың тыныс алу механизмін реттейді.

Қан айналу органдары. Құстардың жүрегі төрт бөлімнен тұрады. Оның жоғарғы екеуін жүрекше, ал төменгі екі бөлімін қарыншасы дейді. Өкпеде тотыққан қан өкпе денасы арқылы сол жүрекшеге, одан сол қарыншаға құйылады. Сол қарыншадан жалғыз оң жақ қолқа шығып, өз тарапынан екі атсыз артерияға тарамдалады, ал қолқаның негізгі бөлімі оң жақтағы бронханы айналып, дененің арқа бөліміне қарай созылып барып, одан ішкі органдардағы артерияларра тарамдалады да омыртқа жотасының астыңғы жарын қуалай отырып, арқа қолқасына айналды. Жүректің оы, жақ қарыншасынан бір ғана сабақпен басталатын қолқа келешекте екі өкпе артериясына тарамдалады (30-сурет).

Құйрық венасы екі бүйрек қақпа веналарына жіктеледі. Сонымен денесінің артқы бөлімінен жиналып келген вена қаны артқы

қуыс вена арқьпы жүректің оң жүрекшесіне келіп құйылады.

Шықшыт веналары бұғана асты веналарымен қосылып ал-дыңғы қос қуыс венаға айналады. Бас жақтан жиналған қан осы веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құйылады.

Құстарда артерия және вена қан тамырларының өз алдына жіктелуінің нәтижесінде барлық органдары артерия қанымен қамтамасыз етіліп отырады. Осы жағдайға сәйкес және қан ағысының тездігіне, ал онымен бірге зат алмасуының жеделдігіне байланысты құстардың денесшің температурасы жоғары болады (42°).

30 - с у р е т. Көгершіннің қан айналысы: 1 —шықшыт венасы, 2—күре тамыр, 3 — бұғана асты веналар, 4 —иық венасы, 5 —өкпе веналары, 6 — иық артериясы, 7 — Ішкі органдарға қан әкелгіш артерия, 8 — құрсақ қолқасы, 9 — буйрек артериясы, 10 — шонданай артериясы, 11— бүйрек артериясы, 12— мықын артериясы, 13— мықын венасы, 14 — ортаңғы құйыршық артерия, 15- құйрық венасы; 16—пуденда венасы, 17 — құйыршық-шажырқай венасы, 18 — төменп қуыс вена,19—шарбы венасы, 20 — кақпа венасы, 21 — бауырдың қақпа системасы, 22 — оқ жақ венасы, 23 — сол жақ венасы, 24 — төменгі қуыс вена, 25 — өкпе артериясы, 26 — кеңірдек венасы, 27 — көкірек венасы, 28 — жоғарғы қуыс вена, 29 — бұғана асты артерия.
Нерв системасы. Рептилилермен салыстырғанда құстардың орталық нерв системасы біршама күрделі. Бұл құстардың тіршілік еткен ортаеымен қарым-қатынасының күрделігіне байланысты. Миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңары басқа ми бөлімдерінен айрықша үлкен. Бірақ, рептилилердікі сияқты алдыңғы миының көпшілік бөлімі жолақ денеден құралған.

Жұлыны иық және бел маңайында, рептилилердегі сияқты жалпақ болады.



Сезім органдары. Құстардың есіту органдары рептилилердікі сияқты ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады. Бірақ, құстар-дың кұлақ қуысы рептилилердікінен гөрі күрделі. Евстахиев түтігі жұтқыншақ қуысына жалпы бір тесікпен келіп жалғасады. Есіту сүйегі біреу болады, дабыл жарғағы тері жамылғы- сының астында, сыртқы құлаққа ұқсас ояздау жерге орналас-қан. Қейбір түн құстарында (үкілерде) бұл ояз жердің қуысы үлкен, оның айналасында дыбысты күшейтуге бейімделген жұқа тері қабаты болады. Жалпы алғанда,

құстар жақсы естиді. Құстардың кұлағы, көзімен бірге негізгі сезім органдары болып саналады. Құстар өздеріне төнген кауіп-қатерді ен, алдымен құлақтары арқылы сезеді.



Зәр шырару органдары. Құстардың ұрықтарында мезоне-прос-дене (теsеперһгоs) бүйрегі болса, ересектерінде мет-анепрос-мықын бүйрек деп аталатын бүйрегі (теtаперһгоs) болады. Әр бүйректен клоаканың орта бөліміне барып ашылатын несеп түтігі шығады. Ересек кұстардың қуығы бол-майды; ал ұрықтарында, рептилилердің ұрығында болатын — аллонтоис сияқты қуық болса, тіпті кейбір құстарда бір жасқа дейін қуықтың жұрнақтары сақталады. Денесімен салыстырғанда, кұстардың бүйрегінің көлемі, рептилилер мен сүт қоректілердің бүйрегінен де үлкен болады Құстар бүйрегінің үлкен болуы, олардың денесінде зат алмасу процесінің актив жүруіне байланысты (31-сурет).

31 - с у р е т. Құстардын, жыныс органдары: 1 — аталық жыныс безі; 2, 3, 4 — буйрек бөлімдері; 5 — несеп түтігі; 6 — тұқым жолы; 7—аталық бездерініқ қапшықшасы; 8 — клоака; 9 — жетілген граафов көпіршігі; 10 — түрлі жетілу дәрежеінде жарылған граафов көпіршіктері, 11 — граафов көпіршіктеріндегі ақ жолақтар; 12 — жұмыртқа жолының абдоминальды тесікшесі; 13 — жұмыртқа жолының воронкасы; 14 — жұмыртқа жолы; 15 — жатын; 16 — қынап; 17 — жатынның шырынды қабатының ворсинкалары; 18 — шажырқай; 19 — жатын ішіндегі жұмыртка; 20 — жұмыртқа жолының клоакаға жалғасқан тесіп; 21 —ішек; 22—23 — несеп жолының тесігі.
Құстардың несебінде белокты заттың қалдығы көп болады және сүт қоректілердегідей мочевинадан тұрмай, негізінен несеп қышқылынан тұрады.

Жыныс органдары. Аталық жыныс бездері бұршақ пішіндес, екі бүйрегінің үстіңгі жағында шарбы майына ілініп түрады. Жыл маусымының өзгеруіне қарай, олардың көлемі де өз-гереді. Мысалы, көбею кезінде қара торғайдың жыныс безі алғашқы көлемінен 1500 есе үлкейеді. Аталық жыныс безінің ішкі жағындағы жиегінде жетілмеген

өсінді қосалқысы. (еріdіdутіs) болады, ол ұрықтың дене бүйрегінің алдыңғы бөліміне ұқсайды. Олардың әрқайсысынан тұқым түтігі шығады (vаз dеfе-гепs) да ол несеп ағармен қатарласа отырып, клоакаға барып енеді.

Аналық безінің (оvагіа) басқа органдар сияқты белгілі дұрыс пішіні болмайды. Жұмыртқа жолының (tиЬае иtегіпае) бір ұшы клоакаға келіп ашылды да, екінші ұшы воронка арқылы дене қуысына келіп ашылады. Жетілген жұмыртқа, дене қуысынан түтіктің воронкасына түседі де, оның бойымен қозғалады

Жұмыртқа. Қалыптасқан жұмыртқа күрделі дене болып са-налады. Әдетте нағыз жүмыртқа деп оның ішіндегі сары уызын айтады. Жұмыртқаның басқа қосымша бөлімдері (мысалы белок) жүмыртқа безінде емес, жұмыртқа жолында пайда болған қабаттары деуге болады (32-сурет).

Құс жұмыртқасының сары уызы көп болады. Оған қосымша жұмыртқаның құрамындағы май да, тотыққанда өзінен су тамшыларының бөліп шығарады, мысалы, тауық жұмыртқасының, сары уызынын, құрамында: су — 50%, май— 23%, протеиндер — 16%, липоидтер 11% болады. Қаздардың жұмыртқасының сары уызының құрамында: су — 44%, май — 36%, протеиндер — 17%, басқа заттар — 3%

болады.

Жұмыртқаның сары уызының сыртында мөлдір жартылай сұйық (белок) деп аталатын екінші жұмыртқа қабаты болады. Оның сырты екі жұқа пергаментті қабықпен қапталған. Жұ-мыртқаның мокал ұшында температура өзгерген кезде оның көлемі өзгеруіне мүмкіндік беретін айтылған екі қабаттың ара-сында ауа болады.



32 - с у р е т. Жетілген тауық жұмырткасыньщ жарғандағы көрінісі: 1 — ұрық дискасының астына іркілген мөлдір сары уыз, 2 — жұмыртқа ортасындағы мөлдір сары уыз, 3— холазалар, 4 — қатты қабығы, 5 — ауа камерасы, 6 — қатты қабықтық ас тындағы қабықшасы, 7 — қатты қабық астындары екінші сыртқы қабықшасы, 8 — мөлдір сары уыз; 9 — қара уыз, 10 — уыз қапшығы, 11 — белоктың сұйық кабаты, 12 — белоктық тығыз қабаты: 13 — ұрық дискасы.
Өзін-өзі баұылау сұрақтары:

  1. Құстардың сыртқы құрылысының жалпы сипаттамасы.

  2. Құстардың ішкі құрылысының жалпы сипаттамасы.

  3. Құстардың дамуы.

Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Олжабекова,К.Б. Омыртқалылар зоологиясы. 2 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков, Б.Е.Есжанов.-Алматы:Эверо,2011.-368с.

  2. Дәуітбаева К.Ә.,т.б. Жануарлар алуан түрлілігі.1 және 2-бөлімдер.Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.,2011.-712б.

  3. Божбанов, А.Ж. Экологиялық зоогеография негіздері: оқулық / А.Ж. Божбанов, М.Қ. Байбатшанов.- Алматы, 2013.- 339б.

  4. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.


11 дәріс: Құстардың систематикасы және экологиясы.

Жоспар.

  1. Құстардың систематикасы.

  2. Құстардың экологиясы.




  1. Құстардың систематикасы.

Класс тармағы. Нағыз құстар (Nеогпіtһеs) немесе (Огпіtһигае).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет