ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «ортағасырлар тарихы»



бет13/19
Дата23.02.2016
өлшемі1.38 Mb.
#11166
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

2. Алайда, өздерінің империялық тәжін біржолата баянды ету үшін Габсбургтер ұзақ уақыт бойы өздерімен бәсекелескен – Люксембургтер әулетімен соғысуға тура келді. Германияда құдіретті әулеттер үстемдігі ғасырларға созылды. Люксембургтер үйі Карл ІҮ – нің (1347 – 1378) тұсында айрықша күшейді. Люксенбург княздығынан бөлек, Чехия корольдығы оның иелігіне кірді. Габсбургтер сияқты Люксенбургтер де князьдарға жеңілдіктер берумен болды. ХІҮ – ХҮ ғасырлардағы Германия дамуының ерекшелігі сонда ірі феодалдар бірде бір князьдық үйдің қатты күшейіп кетуіне жол бермеуге тырысты, яғни орталықтанған императорлық билікке қарсы болды. Сонымен Германияда ірі феодалдар қайткен күнде де елдің бытыраңқы жағдайын сақтап қалуға мүдделі еді. С аяси бытыраңқылықтың құқықтық негізін қалаған 1356- жылы Карл ІҮ указымен қабылданған. “алтын булла” заңы болды. Бұл “Қасиетті рим империясы” ыдыраған 1866- жылға дейін империялық заңнаманың ядросы болды.

“Алтын булла” феодалдық бытыраңқылықты заңдастырды. “Алтын булла” бойынша Германияда императорды сайлау құқы аса ірі жеті княздықтың прерогативасына айналды. Сайлау құқы бар жеті князьдық – курфюрлік деген титул алды. Олар үш діни князьдықтан – Майн, Кельн және Трир архиепископынан және төрт светтік князьдықтан: - Богемия корольдығы (Чехия), Рейн пфальцграфы, Саксония герцогтығы және Бранденбург маркграфтығы – тұрды. Курфюрлердің императорды сайлау құқы ғана емес, тақтан тайдыру құқы да болды. Мысалы, 1400- жылы Карл ІҮ – нің ұлы император Воцлав қалалықтардың феодалдарға қарсы күресіне жәрдем бергісі келгені үшін тақтан тайдырылды. Ал оның інісі, Карл ІҮ–нің екінші ұлы (1410 – 1437) Сигизмунд курфюрлердің қолындағы ойыншыққа айналды. Сигизмунд өзінің билігін нығайтқысы және ұлы мемлекет құрып, папамен одақтасқысы келді, бірақ гусшілдерге қарсы соғыстардағы сәтсіздіктері мұның барлығын мансұқ етті.

1438- жылы Люксембургтер династиясының тоқтауымен императорлық билік Габсбургтерге өтті. Императорлық биліктің мұралықпен берілуінің бұл кезде ешқандай мәні қалған жоқ. Бұл уақытта екінші универсиалистік мекеме – рим папалығының құлдырауы да Германия үшін ауыр болды. Билік атауының жоқ жағдайында – елде қарақшылық пен жүгенсіздік етек алды. Фридрих ІІІ (1440 – 1493) басқарған жылдар императорлық билік дәрменсіздігінің дәуірі еді. Орта ғасырлық бір хронисттің айтуынша Германияда императордың бар екені ұмытыла бастады.

Саяси бытыраңқылық Германияның халықаралық жағдайында ауырлатты. ХҮ – ғасырдың өн бойында Германия көптеген жерлерінен айырылды. ХҮ- ғасырдың 60 жылдарында (1466) Тевтон ордені Польшаға вассалдық тәуелділікте болса, осы жылдары империяның құрамындағы Шлезвиг – Гольштейн Данияға өтті. 1481 жылы Швейцария конфедерациясының біржолата қалыптасуы аяқталды. Венгер корольі Матьяш Корвин, тіпті ,императордың әулеттік иелігі Жоғарғы және Төменгі Австрия мен Штирияны тартып алды. Тек Фридрих ІІІ басқаруының соңына қарай, оның ұлы Максимилианның Марйя Бургундскаяға үйленуі оның билігін нығайтты, бүкіл Нидерланды жері Габсбургтерге өтті. (Бұл уақытта Бургундия мемлекеті ыдырап жатты). Максимилиан ұлының испан корольінің қызына үйленуі Габсбургтерді европадағы ең үлкен монархияға айналдырды.

ХІҮ – ХҮ ғасырлардағы Германиядағы князьдық және императорлық биліктің жағдайы неміс сословиялық өкілетті органдарының қалыптасуына да әсер етті. Император вассалдарының империялық жиналысы – рейхстаг, ал жергілікті князьдықтардағы жиналыстар – ландтагтар д.а.

Феодалдық бытыраңқылық, саяси – экономикалық берекесіздік алдыңғы қатарлы неміс қоғамының, ең бірінші кезекте қалалықтардың ашу ызасын тудырды. Бюргерлік оппозициялық көңіл күйдің тамаша көрінісі ХҮ – ХҮІ ғасырларда танымал болған памфлет “Император Сигизмундтың Реформациясы” деп аталды (1439). Реформация елдегі империялық құрылысты түбірінен өзгертіп, елді бірігуге бағытталған шараларды жүзеге асыруды белгіледі. Реформация бюргерлердің арасында танымал болғанымен жүзеге асырылмады.



3. Х – ХІ ғасырларда қалыптасқан Чех корольдығы ХІІ – ХІІІ ғасырларда Европадағы дамыған мемлекеттердің бірі болды. ХІІ – ХІІІ ғасырларда Чех корольдары мен пандары өздерінің иеліктеріне неміс қолөнершілері мен шаруаларын молынан шақырып отырды. Сондай–ақ, Чех корольдары қызметке неміс феодалдарында шақырды. Неміс монастырларыда бұл науқаннан қалыс қалған жоқ. Чехиядағы немістердің қоныстануы басқа славян елдеріндегі отарлаудан ерекшеленді. Дамыған Чех мемлекеттілігімен кездескен неміс отаршылдары мұнда бірте – бірте, жүйелі түрде “бейбіт” жолмен қоныс аударды. Олардың есебінен чех пандары мол пайдаға кенеліп отырды. Алайда, уақыттың өтуімен Чех мемлекеті Герман империясы жүйесіне кіріп отарлық жағдайда қалды. Ұлттық езгіге ұшырады. Чех корольдары императордың вассалы болды.

ХІҮ– ғасырдың ортасынан бастап империя шеңберінде Чехияның экономикалық өрлеуі байқалды. Прага аса ірі сауда және қол өнері орталығына айналды. Өндіргіш күштердің дамуы мен сауда байланыстарының кеңеюі шаруашылықтың ескі феодалдық формаларының ыдырауына, чех қоғамындағы өткір әлеуметтік қайшылықтардың өсуіне алып келді. Чех феодалдары өздерінің шаруаларын (седляк) неміс құқтық жүйесіне көшірді, оған сәйкес седляктар қосымша алым салықтар төледі. Қалаларда да әлеуметтік қайшылықтар шиеленісті. Негізінен немістерден тұрған қала патрициаты қалалардағы өзін өзі басқаруды, сауда мен қол өнерін өз қолына алды.

Чехиядағы әлеуметтік қайшылықтар ұлттық форма да ала бастады. Чех шаруалары мен қол өнершілері, сондай – ақ, күйзелген рыцарлары үшін үстем таптың өкілдері негізінен немістер болды. Алайда, Чехияда тағы бір үлкен қайшылық- католик шіркеуінің чех қоғамындағы айрықша орнына байланысты болды. Жүз жылдық соғыс кезінде рим папалары негізгі алым салықтың салмағын Германия мен Чехияға аударған еді. Чехия айрықша көп төлеуге тиісті болды. Индулгенция мен сауда, нақ Чехияда айрықша кең құлаш жайды. Оның үстіне дін басыларының көпшілігі де немістер еді. Сондықтан, ХҮ – ғасырдың бірінші жартысында Чехияда болған халық бұқарасының әлеуметтік құрамыда алуан түрлі болды.

Чех қоғамы алдыңғы қатарлы өкілдерінің ұлттық және діни – реформаторлық көңіл күйін білдіруші Прага университетінің профессоры, священник Ян Гус болды (1369 – 1415). Ян Густің шіркеу және әлеуметтік – саяси көзқарастары едәуір дәрежеде ағылшын реформаторы Джон Виклефтің ықпалымен қалыптасты. Алайда, кейбір мәселелер бойынша Ян Гус Джон Виклефтенде асып түсті. Гус индулгенциямен саудаға батыл қарсы шықты, католик шіркеуі иелерінің моральдық азғындалуын қатаң сынады. Шіркеу жерлерін секуляризациялауды талап етті. Ян Густің қызметі Прага архиепископы, одан қалды Рим папасының зығырданын қайнатты. Ол университеттен 1412 жылы қуылды. Біраз уақыт деревняда халықтың арасында жүрді. 1414 -жылы Ян Гус Констанца қаласы соборына сотқа шақырылып күпір ретінде 1415 жылы отқа өртелді.

Бұған жауап ретінде Чех қоғамы көтеріліске шықты. 1419 жылдың 30 – шілдесінде Прагада көтеріліс басталып, гусшілдер қозғалысына қалалықтарда қосылды. Көтерілістің басында Прага священнигі Ян Желивский тұрды. Көтерілісшілер король Вацлавты елден қашуға мәжбүр етті. Вацлов көп ұзамай қайтыс болды. 1419- жылдың тамызынан бастап, Чехия Германиямен байланысын үзді. Ұлы Чех шаруаларының соғысы басталды (1419 – 1434). Алғашқы уақыттан бастап – ақ, шаруалар қозғалысының екі қанаты пайда болды: біріншісі, салқынқанды сабырлы қанаты – “ыдысшылар” (яғни, нан мен виномен шоқынуды жақтайтындар, вино ыдыспен ішіледі -чаша). Оған пандардың бір бөлігі, рыцарлар мен қалалықтар кірді, екіншісі, радикальды демократиялық қанаты – табориттер (әскери лагерьдің аты). Оның құрамында негізінен күйзелген рыцарлар, шаруалар мен қолөнершілер болды.

1433 жылы Прагада компромистік келісімге қол қойылып, ол тарихта “Прага компактаты”деген атпен қалды. Бұдан кейін ыдысшылар күресті тоқтатты. 1434 жылғы табориттер жеңілген соңғы шайқаста ыдысшылар император әскері жағында соғысты. Чехия қайтадан Герман империясы жүйесіне кірді.



4. ХІІІ – ХҮ ғасырларда Италияда бытыраңқы ел болып қала берді. Елдің неғұрлым дамыған ауданы Солтүстік аймақ – Ломбардия мен Тоскана болып қала берді. Мұндағы ең ірі қала республикалар – Генуя мен Венеция, Милан мен Флоренция болды. Италияның орталық аймағы – Папа облысы – артта қалған аудан болды. Мұнда дамыған қол өнері де, саудада болған жоқ. Жергілікті халық егіншілікпен және рим қаласына келген діндарларға қызмет жасаумен күн көрді. Елдің оңтүстігі Штауфендер билігінен кейін француз феодалы, Капетинг әулетінен – Карл Анжуйскийге өтті (1268). Егер Штауфендер мұсылман әлемімен мейлінше жақсы сауда қарым қатынасында болса, француздар бұл дәстүрді бұзып, шығыс елдеріне жаугершілік ұстанымда болды. Жергілікті халық француздардың озбырлығына, зорлық зомбылығына ұшырады. Бұған қарсы 1282 жылдың 31 – мартында Палермо қаласының тұрғындары көтеріліске шықты. Көтеріліс кешке болғандықтан бұл тарихта “Сицилия ақшамы” деген атпен қалды. Француздардың жазалау шараларынан қорыққан Сицилиялықтар Арагон корольдығының құрамына сұранды (1302). 1445 жылы Арагон – испан мемлекеті Неаполь корльдығын жаулап алды. Сөйтіп, Оңтүстік Италия ұзақ уақыт жат жерлік мемлекеттің қол астында қалды.

Бұған керісінше, Солтүстік Италияның қала – республикалары ХІІІ – ХҮ ғасырларда гүлденді. Венеция – ірі көпестік теңіз державасы болса, Флоренция неғұрлым дамыған өнеркәсіп орталығының, әлеуметтік күрес аренасының, сондай–ақ жаңа итальян мәдениетінің орталығы болды. ХІҮ – ХҮ ғасырларда оның иелігі онан әрі кеңейе түсті. Италияның Адриатика жағалауларынан бөлек Пелопоннес, Эгей теңізі, Крит аралы, ал ХҮ – ғасырдың соңынан Кипр аралы оның иелігіне өтті. Венецияның орасан зор сауда флоты болды. Жерорта теңізіндегі саудада оның монополиясы орнады. Венецияның алтын дукаттары біренше ғасыр бойы халықаралық монетаға айналды.

Венецияның негізгі сауда бәсекелесі – Генуя болды. Генуя сауда республикасы Жерорта теңізінің батыс жартысында үстемдік етіп, “ықпал аймағы” үшін Венециямен күресті. Генуя Венецияға қарсы күресте Византияны қолдап “Латын империясының” құлауына көмектесті. Генуяның Қара теңіз жағалауларында көптеген иеліктері болды. Қырым түбегіндегі Кафа, Балаклава, Судак қалалары Генуяға қарады. Екі қала республиканың арасындағы шешуші теңіз шайқасы 1380- жылы Кьоджиге жақын жерде болып, Венеция жеңіске жетті. Сөйтіп, Жерорта теңізіндегі сауда үстемдігі Венециялықтарға өтті.

“Италияның Афинасы” - Флоренция Арно өзенінің жағалауында орналасты. Ортағасырлық Флоренцияның басты байлығы шұға өндіру болды. ХІІІ – ғасырдың өзінде оны өндіру үшін жергілікті жүн жетіспеді. Жүн шетелдерден – Испаниядан, Оңтүстік Италиядан, тіпті, Англия мен Шотландиядан алдырылды. ХІҮ – ғасырдың ортасында Флоренцияда 200 ден астам ірі шұға мануфактуралары болып, зор көлемде жоғарғы сапалы шұға өнімдері шығарылды. Шұға өнімдерінен бөлек Флоренцияда жібек маталар өндіру, былғары өңдеу, зергерлік дамыды. Венеция мен Генуяға қарағанда, Флоренцияда сауда - өнеркәсіп пен банк операциялары жоғарғы деңгейде жүрді. Риммен көрші орналасқан Флоренция банкирлері папа куриясымен бұрынырақ жақындасты. Италиядан ғана емес, бүкіл Европа елдерінен шіркеу алым салықтарын жинауды рим папалары флоренция банкирлеріне тапсырды. Италия қала – республикаларының ішінде бірінші болып Флоренция алтын монеталар шығарды (1252 жылдан).

Флоренцияның әлеуметтік – экономикалық және кәсіптік бейнесі оның өзіндік цехтық жүйесінен көрінді. ХІІІ – ХҮ ғасырларда мұнда бар болғаны 21 ірі цех болды. Олардың ішіндегі жетеуі бір ірі одаққа бірігіп, қалыптасып келе жатқан капиталистердің одағына ұқсады.Жеті аға цехтарға: мануфактурашы – шұғашылар, жүнмен көтерме сауда жасайтындар, жібек тоқитындар, былғарышылар, банкирлер, аптекарь, дәрігерлер мен заңгерлер (нотариустер, адвокаттар т.б.) кірді. Көпестер мен өнеркәсіп иелерінің цехтардан бөлек, көптеген компаниялары, жекеленген филиалдары, тауарларын өткізетін факториялары болды.

Флоренцияның саяси өмірі күреске толы болды. Дворяндар партиясы – гибеллиндер, ірі буржуазиянікі – гвельфтер деп аталды. 1250 жылы гвельфтер толық жеңіске жетті. 1293- жылғы конституция бойынша Флоренцияда ірі буржуазияның үстемдігі орнады. Республиканың жоғарғы органы – сеньорияға әрбір жеті аға цехтың бір – бірден өкілдері, кіші цехтардың екі өкілі сайланды.



Әдебиеттер:


  1. Леонтьевский А.В. “Искуство возможного” в политике Карла ІҮ Люксембурга. Волгоград 1995.

  2. Колесницкий Н.Ф. “Священная римская империя”: притязания и действительность. М., 1977.

  3. Рогачевский А.Л. Правосознание немецкого бюргерства ХІІІ – ХҮІІ вв. СП б., 1995.

  4. Итальянские коммуны ХІҮ – ХҮ вв. Сб. Документов Подред. В.И. Рутенбурга. М., Л., 1965.

  5. Карпов С.П. Итальянские морские республики и Южное Причерноморье в ХІІІ – ХҮ вв: проблема торговли. М., 1990.

  6. Рутенбург В.И. Итальянский город от раннего средневековья до Возрождения. Л., 1987.

  7. Его же. Народные движения в городах Италии. ХІҮ – начало ХҮ века. М., 1958.

  8. Его же. Очерк из истории раннего капитализма в Италии. Л., 1951.

  9. Мацек И. Гуситское революцонное движения. М., 1954.

  10. Его же. Табор в гуситском движении. Т. 1-2, М., 1956 и 1959.


19-лекция Ерте ортағасырлардағы шіркеу.

1.Орта ғасырлардағы христиан діні және Европалық мемлекеттер.

2.Христиан діні және католик шіркеуі.

1. Христиан діні феодалдық қоғам өрбіген кезде қалыптасқан діни идеология болды. Рим империясы өмір сүрген соңғы ғасырларда –ақ христиан діні езушілердің дінінен үстемдік етуші тап құл иеленушілердің еңбекші бұқараны құлдыққа түсіру құралына айналды.

Христиан уағызы мистикалық сенімді – жаңа діннің өсиеттерін екі етпегендердің барлығы үшін жер бетінде болмаған әділет пен ізгілік ол дүниеде күтіп тұр дегенді еңбекшілердің құлағына құйды. Алғашқы христиан діні барлық адамдар «құдай алдында» тең деген фантастикалық идея мен нақтылы өмірдегі әлеуметтік қайшылықтарды бүркеуге тырысты. Ол «қайғы-қасірет шегіп, тауқымет тартқандарды» діни жұбатумен қанаушылардан әлеуметтік қарсылығын болдырмауға тырысып, бұл дүниедегі қайғы-қасірет үшін «о дүниедегі өмірде» құрмет көрсетіледі деп үміттендірді.

Христиан дінінің әлеуметтік принциптері, - деп жазды К. Маркс, - антик заманындағы құлдықты ақтады, орта ғасырлық крепостниктікті мадақтады және қажет болған жағдайда, сұрықсыз сағымдау болса да, пролетариаттың езілушілігін де қорғай алады.

Христиан дінінің әлеуметтік принциптері таптардың – үстемдік етуші және езілуші таптардың болуының қажеттілігін уағыздайды, бұлардың екіншісінің таупықты болуына, біріншісінің екіншісін есіркеуіне тілектестік білдіреді.

Христиан дінінің әлеуметтік принциптері конистория кеңесшісінің бастан кешірген жексұрындықтың бәрінің есесі қайтарылады деген уәдесін көкке көтереді, ол осынысымен сол жексұрындықтың жер бетінде бұдан былай бола беруін дұрыс деп табады.

Христиан дінінің әлеуметтік принциптері езушілрдің езілушілер жөнінде жасаған барлық пасықтығын не құдайдың тұңғыш және басқа да күнәсы үшін әділетті жазалауы деп, не құдайдың шексіз даналығымен адамдарға өз күнәсін жою үшін жіберген қатері деп жариялайды.

Христиан дінінің әлеуметтік принциптері қорқақтығы, өзін-өзі жек көрушілікті, өзін-өзі кемсітушілікті бой ұсынушылықты, көнгіштікті, бір сөзбен айтқанда – тобырлардың барлық қасиеттерін дәріптеді». Христиан діні осы принциптерінің күші арқасында құл иеленуші құрылыстың күйреуін басынан өткізіп, феодалдық қоғамда да еңбекшілерді езіп-жаншудың басты құралы болып қала берді.

Феодалдар христиан дінің әлеуметтік – саяси күресте идеологиялық құрал ретінде және еңбекші бұқараны рухани құлдыққа айналдырудың басты құралы ретінде пайдалана отырып, орта ғасырлардың өне бойына шіркеуді экономикалық, саяси және ғасырлардың өне бойына шіркеуді экономикалық, саяси және идеалдық жағынан барынша нығайта түсуге тырысты. Шіркеу және онда жұмыс істейтін дін иелері феодалдық системаның бір бөлігі, оның маңызды идеологиялық тірегі, оның «әулиелігінің» даусыз кепілі болды

Феодалдық дәуірдегі дін мен шіркеудің ерекше зор ролін олардың адамдардың ақыл-ойына күшті ықпал етуін «орта ғасырларда дүниеге көзқарастың көбіне теологиялық болғандығы» айқындайды. Сол дәуірдегі барлық адамның, қандай әлеуметтік жағдайда болғандығына қарамастан түсініктері діни рухта болды және шіркеу ілімінің сүзгісі арқылы қалыптасты.

Энгельстің ескертпесі бойынша, Христиан шариғаты көптеген философиялық және діни ағымдармен күресте және сонымен қатар бұлардың өз ара ықпал етуінен пайда болды, солардың ішінен христиан дінінің дамуында александрия иудей философ- неоплатоник Филон мен римдік стоик Сенеканың тұрпайы идеяларының ерекше маңызы болды. Алайда бұдан әрі христиан дінінің өте қарапайым болсада, философиялық негіздері, Батыс Рим империясын басып алған варварлардың дөрекі түрде түсінігіне лайықталып, бұрынғыдан гөрі қарапайым діни түсініктермен толықтырылып жамала түсті. Орта ғасырлардағы феодалдық – шіркеулік көзқарастың негізін ІV және V ғасырдың өлі арасында Батыстағы христиан дінінің ірі идеологы - Гиппон епископы Августин салып берді. Никея мен Константинополь шіркеу соборларында 325 және 381 жылдары негзінен орныққан христиан дінінің догматтық қағидаларына ол өзі жасап шығарған «шіркеудің бір тұтас құтқарушы ролі» деген ілімді қосты

Аврелий Августин басында пұтқа табынушы болған, содан соң христиан дінін қабылдап, өмірінің соңғы 35 жылында Гиппонда (Солтүстік Африка) епископ болды. Ол әр түрлі еретиктер ағымына қарсы мейірімсіз күрес жүргізді, жеке меншікті правоны догматты түрде негіздеді, бай және кедей болу «құдайдың қолында» деп жариялады. Өзінің «Құдайлық мемлекет» туралы деген басты шығармасында Августин дүние жүзілік тарихтың христиандық ұғымы идеясын жасап берді. Бұл идея бойынша жын-шайтан жасаған «жер бетіндегі мемлекетке» «құдайлық мемлекет» қарама-қарсы қойылды. Осы «құдайлық мемлекеттің» өкілі шіркеу болды. Оның міндеті – христиан дінінің нанымдарын тарату, ерестьердің түп-тамырын шабу және бүкіл адамзатты «ақиқат нанымға» көшру арқылы «жын-шайтан патшалығын» құрту болды. Христиан еместерді жын-шайтанның құрбандығы деп жариялай отырып, Августин шіркеу ілімін қабылдауға көндіруге қажеттігін уағыздап қана қоймайды, сонымен қатар мәжбүр керек деді. Августин «тәңірдің жарылқасынын» сақтайтын бір ғана орын шіркеу, соның арқасында адамдар күнәсынан арылуына болады, оларға «мәңгілік құтқарылу» сыйланады деп тұжырымдады. Бұл ілім шіркеудің жалпы маңызын көтерді және дін басылары мен діндар бұқара арасындағы орта ғасырлардағы батыс христиан шіркеуіне тән терең қайшылықтарды догматтық түрде негіздеді

Алғашқы орта ғасырлық дәуірде шіркеу варварлар шабуылы мен революциялық көтерілістер кезінде өз иеліктері мен дүние-мүлкін сақтап қана қалған жоқ, сонымен қатар өз байлығын едәуір көбейткенін біз енді білеміз. Алғашқы орта ғасырлардың өзінде –ақ Батыс Европаның көптеген елдерінде өнделетін жердің 1/3-не дейінгісі дін басыларының қолына жинақталды және осы арақатынас ХVІ – ІХ ғасырларда барлық жерде тәуелді шаруалардың еңбегін қатаң қанаған, ірі феодал жер иеленушіге айналған монастрьлар, қолында болды. Шіркеу феодалдары қалыптасып келе жатқан феодал иерархиясында көрнекті орын алды.

Христиан діні феодалдық қоғам өрбіген кезде қалыптасқан діни идеология болды. Рим империясы өмір сүрген соңғы ғасырларда-ақ христиан діні езушілердің дінінен үстемдік етуші тап — құл иеленушілердің еңбекші бұқараны құлдыққа түсіру құралына айналды .

Христиан дінінің әлеуметтік принциптері езушілердің езілу-шілер жөнінде жасаған барлық пасықтығын не құдайдың тұңғыш және басқа да күнәсы үшін әділетті жазалауы деп, не құдайдын, шексіз даналығымен адамдарға өз күнәсын жою үшін жіберген қатері деп жариялайды.



Феодалдар христиан дінін әлеуметтік-саяси күресте идеологиялык кұрал ретінде және еңбекші бұқараны рухани құлдыққа айналдырудың басты құралы ретінде пайдалана отырып, орта ғасырлардың өне бойына шіркеуді экономикалық, саяси және идеялық жағынан барынша нығайта түсуге тырысты. Шіркеу және онда жұмыс істейтін дін иелері феодалдық системаның бір бөлігі, онын, маңызды идеологиялық тірегі, оның «әулиелігінің» даусыз кепілі болды.

Феодалдық дәуірдегі дін мен шіркеудің ерекше зор ролін олардың адамдардың ақыл-ойына күшті ыкпал етуін «орта ғасырларда дүниеге көзқарастың көбіне теологиялық болғандығы» айқындайды. Сол дәуірдегі барлық адамның, қандай әлеуметтік жағдайда болғандығына қарамастан түсініктері діни рухта болды және шіркеу ілімінің сүзгісі аркылы қалыптасты. орта ғасырлык христиан Энгельстің ескертпесі бойынша, Христиан шатиан дінінін идеялық шариғаты көптеген философиялық және діни негізі Августин ағымдармен күресте және сонымен катар бұлардың өз ара ықпал етуінен пайда болды,солардың ішінен христиан дінінің дамуында александрия иудейфилософ-неоплатоник Филон мен римдік стоик Сенеканың тұрпайы идеяларының ерекше маңызы болды. Алайда бұдан әрі христиан дінінің өте қарапайым болса да, философиялық негіздері, Батыс Рим империясын басып алған варварлардың дөрекітүрде түсінігіне лайықталып, бұрынғыдан да гөрі қарапайым діни түсініктермен толықтырылып жамала түсті. Орта ғасырлардағы феодалдық-шіркеулік көзқарастың негізін IV және IV ғасырдың өлі арасында Батыстағы христиан дінінін ірі идеологы — Гиппон епископы Августин салып берді. Никзя мен Константинополь шіркеу соборларында 325 және 381 жылдары негізінен орныққан христиан дінінің догматтык, қағидаларына ол өзі жасап шығарған «шіркеудің біртұтас құтқарушы ролі» деген ілімді қосты.Аврелий Августин (354—430) басында пұтка табынушы болған, содан соң христиан дінін қабылдап, өмірінің соңғы 35 жылында Гиппонда (Солтүстік Африка) епископ болды. Ол түрлі еретиктер ағымына қарсы мейірімсіз күрес жүргізді, жеке меншіктік правоны догматты түрде негіздеді, бай және кедей болу «құдайдың қолында» деп жариялады. Өзінің «Құдайлық 1/мемлекет» туралы («Эе сіуііаіе сіеі») деген басты шығармасында Августин дүние жүзілік тарихтың христиандық ұғымы идеясын жасап берді. Бұл идея бойынша жын-шайтан жасаған «жер бетіндегі мемлекетке» (дүниеге) «қүдайлық мем-лекет» қарама-қарсы қойылды. Осы «құдайлық мемлекеттің» өкілі шіркеу болды. Оның міндеті — христиан дінінің нанымдарын тарату, ересьтердің түп-тамырын шабу және бүкіл адамзатты «ақиқат нанымға» кешіру арқылы «жын-шайтан патшалығын» құрту болды. Христиан еместерді жын-шайтан-ның құрбандығы деп жариялай отырып, Августин шіркеу ілімін қабылдауға көндіру қажеттігін уағыздап қана қоймайды, соны-мен қатар мәжбүр ету керек деді. Августин «тәңірдің жарылқасынын» сақтайтын бір ғана орын шіркеу, соның арқасында адамдар күнәсынан арылуына болады, оларға «мәңгілік құтқарылу» сыйланады деп тұжырымдады. Бұл ілім шіркеудің жал-пы маңызын көтерді және дін басылары мен діндар бұқара арасындағы орта ғасырлардағы батыс христиан шіркеуіне тән терең қайшылықтарды догматтық түрде негіздеді. Шіркеудің экономикасы. Алғашқы орта ғасырлық дәуірде шіркеу варварлық базасын варварлар шабуылы мен революциялық кетерінжанету және оны ғасырларда кезінде өз иеліктері мен дүние-мүлк феодалдандыру сақтап қана қалған жоқ, сонымен қатар өз ' байлығын едәуір көбейткенін біз енді білеміз. Алғашқы орта ғасырлардың өзінде-ақ Батыс Европаның көптеген елдерінде еңделетін жердің дейінгісі дін басыларынын, колына жинақталды және осы арақатынас XVI ғасырдың басына дейін сақталып келді. Шіркеу иеліктерінің негізгі бөлігі VIII—IX ғасырларда барлық жерде тәуелді шаруалардың еңбегін қатаң қанаған, ірі феодал жер иеленушіге айналған монастырьлар, епископтар және ірі-ірі собор капитулдарының қолында болды. Шіркеу феодалдары қалыптасып келе жатқан феодал иерархиясында көрнекті орын алды. Өз жер иеліктері бойынша корольдардың және басқа да дүнияи патша ағзамдардын. вассалы бола тұрып, олардың өздерінің көптеген тек рухани ғана емес, сондай-ақ ақсүйектік вассалдары да болды. Барлық елдердегі, әсіресе, Франция мен Германиядағы шіркеудің ірі феодалдары кең иммунитеттік праволармен, ал феодалдық бытыраңқылық кезеңінде бүтіндей іскерлік саяси дербестікпен пайдаланды. Неғұрлым, ертеректегі кезең сияқты, шіркеудің экономикалық және әлеуметтік ықпалын нығайтуда монастырьлардың зор маңызы болды. 529 ж. шамасында Бенедикт Нурсийский негіздеген Монтекас-синодағы монастырь (Италия) түңғыш монах ордені — бенедиктішілердің бастамасы болды. Бұның уставы көпшілігі бенедиктішілер орденіне жататын алғашқы орта ғасырлық монастырьларын одан әрі ұйымдастыруда кеңінен пайдаланылды. УІІ—VIII ғасырлардағы монастырьлар, әдетте, экономикалық өмірдің орталығы болды — олардың мақында жәрмеңкелер ашылды, оларға жататын жерлерде тәуелді шаруаларды — қолондар мен сервтерді қатаң қанауға негізделген үлкен шаруашылық жүргізілді. Жиі-жиі болып тұратын соғыстар кезінде монастырьлар сақтап беруге дүние-мүлкін алды. Байыған үстіне байи түскен бұлар қауымдастардың күйзелуінің есебінен иеліктерін өсіріп, өзінің шаруашылық әрекетін бұрынғыдан да кеңейте түсті .(Аса ірі және бай монастырьлар аббаттық деп аталдь) Бұлар Батыс Европа елдерінің саяси өміріне де ықпал етіп отырды

Монастырьлардың байлығы, бұлардың феодалдық иерархияға енуі, оны мекендеушілерді дүнияилық өмірге тартты. Христиан дінінің ымыраға келмейтін қайшылықтары: діндар бұқараны жер бетіндегі рақаттан безуге уағыздаушылық және шіркеудің байлық пен өкіметке ұмтылушылығының арасындағы қайшылықтар барған сайын айқын көріне бастады. Бұл қай-шылықтарды бәсеңдетуге тырысқан кейбір шіркеу қайраткерлері монастырьларда жаңа, бұрынғыдан қатаң устав енгізді. Алайда, бірнеше рет жасалған реформалар монастырьлардың шаруаларды қанауға негізделген әдеттегі феодалдық ұйым ретіндегі мән-мазмұнын өзгерте алмады.

Шіркеу, осылайша феодалдық. әлеуметтік-саяси системаның ажырамас элементіне айналды және өзі де феодалдана түсті.» Шіркеуді ұйымдық Соныменен шіркеу барған сайын қуатты оржағынан нығайту. талықтанған ұйым сипатын ала берді. «Папалықтың пайда кеу ұйымының» төменгі ұясы — Батыста да болуы. Шығыста да және алғашқы орта ғасырларда да, кейініректе де «приход» болды, оны приход священигі («пресвитер») басқарды. Пресвитерлер епиcкоп басқарған иерархияның құрамына кірді. Әрбір епархияның «діндарлар қауымының» бірден-бір басшысы болған епископ шіркеуде ерекше маңызға ие болды. Бірнеше «епархия» митрополияға бірікті, бұның басында Шығыста — митрополит, ал Батыста — архи-епископ тұрды. Шығыста V ғасырдың өзінде неғұрлым жоғары дәрежедегі шіркеу бірлестіктері «патриарлық» (Константинопольде, Александрияда, Антиохия мен Иерусалимде) пайда болды. Батыста патриархтармен тең дәрежеде (кейіннен одан да жоғары) Рим епископы — папа танылды

Шіркеуді басқаруда епископтар съездерінің (соборлардың) зор маңызы болды. Белгілі бір провинциялық немесе бірнеше провинцияньң епископтары жиналатын жергілікті («не жер-жерлікті») собор немесе «әлемдік» деп аталатын барлық шіркеу епископтары жиналатын соборлар болды. Византия императоры шақырған не оның басшылық етуімен шақыртылған IX ғасырға дейінгі осы соборларда догматика, культ, шіркеуді ұйымдастыру мәселелері шешілді.

Шркеудің маңызы, әсіресе Батыста едәуір есті. Бұның күшеюінде папалықтың пайда болуы үлкен роль атқарды. IV ғасырдың аяғында — V ғасырдың басында Рим епископтары өздерін «папа», яғни шіркеу басшысы деп атауға ерекше праволы болғанын біз алда айтылғандардан білеміз

Шіркеудің үстінен қарауға өзінің ұмтылуын папалар «апостол Петрдің мұрагерлері» болып табыламыз дегенге негіздеді, аңыз бойынша Петр Римнің тұңғыш епископы болған және Христос оған: «Сен — Петр (грекше — тас), мен сол тас үстінде өз шіркеуімді құрамын» депті.Батыста, мысалы, Италияда күшті дүнияе өкіметтің болмағанын пайдаланып, V—VI ғасыр-ларда папалар тез өрге басты. V ғасырдың ортасынан бастап олар Рим епархиясынын. іс жүзіндегі дүнияи басқарушылары болып алды, бұның өзі папалықтың жағдайын бұрынғыдан да күшейте түсті. Батыс Европа елдерінде шіркеулік жер иеленушіліктің өсуімен папаның қарамағына шіркеу жерінен әр түрлі төлемдер түсе бастады. Папа қолындағы жерлердің жиынтығы «Әулие Петрдің вотчинасы» ретінде, (раігітопіиш Запсіі Реіхі), ал оның өзі — сол жерлердің жоғары сеньоры ретінде қаралды. Шіркеудің. феодалдануына қарай оның ұйымы да барған сайын феодалдық-иерархиялық құрылымға ие болады. Шіркеу иерархиясының басында папа, одан соң оның вассалдары болып саналатын архиепископ, епископтар, аббаттар тұрды, олардан төмен—декандар және біршама ұсақ монастырьлардың бастықтары, ал оның ең төменгі сатысында — приход дін басылары болды. VI ғасырдың аяғында-ақ Батыс Европадағы папалық бүтіндей Христиан шіркеуінің үстінен қарауға үміт ете бастады. Папа I Григорий (590—604) өзін тұңғыш рет екі жүзділікпен «құдай құлдарының құлымын» (зегуиз зегуогигп сіеі) — деп атады, содан бері бұның өзі папа кенесінің практикасына енді, ол константинополь патриархына батыл қарсы шықты, оның «әлемдік» патриарх титулы правосы болуын жоққа шығарды. Алайда VI—VII ғасырлардағы папалықтың ролін асыра бағалауға болмайды. Папалар өздерінің шіркеулерде үстемдік етуге тырысқан әрекеттерінен басқа епископтардын, әсіресе Константинополь патриархының қарсылығына тап болды. Батыс және щығыс шіркеулерінің арасындағы ала ауыздық барған сайын тереңдей түсті.

Италиядағы, одан да гөрі Батыс Европа көлеміндегі саяси ықпалға папалардың талаптануы бұдан да үлкен қарсылыққа үшырады. Осы кезеңде де, одан соңғы кезеңде де оларға өз заманының жетекші саяси күшімен — Византия империясымен және Лангобард корольдерімен, кейінірек — Франк, одан да кейінірек — Германия империясымен санасуға тура келді. Бұл кезеңдегі папалықтың саяси және халықаралық жағдайы, бүкіл орта ғасырлар бойындағы сияқты, көбіне халықаралық аренадағы және Италия ішіндегі күштердің жалпы ара қатынасымен анықталды.

Алғашқы орта ғасырлар заманынан бастап Батыстағы христиан шіркеуі үнемі «өмір сүріп тұрған феодалдық құрылыстың мейлінше жалпы синтезі және мейлінше жалпы санкциясы ретінде»1 үздіксіз әрекет етті. Осы қүрылыстың жауларымен, сондай-ақ шіркеудің беделіне қандай да бір нұқсан келтірушілермен күресте шіркеу өзі қолданатын жазалардың мұқият ойлас-тырылған жүйесін: адамды шіркеуден тыс қалдыратын «аластау», атап айтқанда, шіркеу құпияларына қосылуға оған тыйым салу кандай да болсын бір аймақтың немесе тіпті тұтас бір елдің территориясында да діни ғұрыптарды ұстауға тыйым салған «интердикт», жұрт алдында салтанатты түрде қарғыс айту («анафема»), шіркеулік әр түрлі райдан қайтушылық сиякты т. б. жазаларды қолданды. Сол уақыттағы діни және надан адамдар үшін осы шаралардың барлығының дүнияилық өкімет берген жазадан қорқыныштылығы мен пәрменділігі кем болған жоқ. Сол заманның ұғымы бойынша шіркеу қамқорлығынан айрылу адамның «құтқарыламын» деген үмітін үзді және ол дүниеде тамүқ азабына түсетін болып көрінді.

Алғашқы феодалдық мемлекет өз кезегінде шіркеудің мүдесін қорғады және оны қолдап отырды. Пипин Короткий Италияда Папа мемлекетін құруға белсене катысты Ұлы Қарл шіркеулік десятинаны бүкіл халық төлейтін міндетті салық ретінде заңдандырды. Бұл салықтың негізгі ауыртпалығы шаруаларға түсті, олар десятинаның үш түрін төледі, «үлкен десятина — астықтан, «кішісі»— овощ, жеміс және үй құсынан, «кан десятинасы»— малдан төленді.

Солтүстік Италияда папалар дүнияи мемлекетінің кұрылуы және оларға Қаролингтердің колдау көрсетуі VIII ғасырдың аяғында — IX ғасырдың басында папалықтын Батыс Европадағы беделін біраз көтерді де, батыс пен шығыс шіркеулері арасындағы бытыраңқылық пен бақталастықты бұрынғыдан да гөрі күшейте түсті. Варварлық басып кіруден бергі олардың сырттай тұтастығы енді шіркеулерді жегідей жеген кайшылықтарды жасыра алмады.

IX ғасырдың орта кезінде, папа I Николай (858—867) тұсында батыс және шығыс шіркеуінің арасындағы қақтығыс ерекше күшейе түсті. Папалықтың территориялық дәмеленуі және Болгарияда папа легаттарының пайда болуы I Николай мен Константинополь патриархы Фотидің арасында қақтығыс тудырды. Олардың арасындағы күрес екі жақтың әрқайсысы шақырған шіркеу соборларында жүргізілді, бұл соборларда олар бір-біріне қарғыс айтып, бір жақ екінші жақтың шешімін кезекпен шындық емес деп жариялады.

Осы соборлардың өзінде-ақ біздің заманымызға дейін сақталып қалған батыс және шығыс шіркеулері арасындағы догматтык, канондық және діни жоралар жөніндегі ала ауыздықтар анықталды. Ең маңызды догматтық ала ауыздықтар төмендегідей еді: Батыста «әулие рухтың» тегі «әке-құдайдан» да, «бала-құдайдан» да (латынша Шіоие) бірдей дәрежеде шыққан десе, ал Шығыста «әулие рухтың» тегі «әке-құдайдан» деп санады. Батыс діркеу «игіліктің» қасиетті коры жасалған, бұл әулиелердің құдай алдындағы «асқан зор қызметі» туралы ілім сол игілік есебінен шіркеу өз калауы бойынша адамдарды күнәсынан арылтады және олардың жанына «мәңгілік рақат» жіберіп тұрады дегенді ұстанды. Шығыста бұл ілім жоққа шығарылды. Батыс шіркеуі шығыс шіркеуінен өзгеше, осы ілімге сүйеніп, ақшаға индульгенция деп аталатын грамотаны — әулиелер жасаған «игілік» қорының есебіне күнәнан арылту грамотасын сату практикасын дұрыс деп, оны мадақтады. Діни ғұрыптар мен канондық алауыздыктардың бастылары: католиктерде күнәдан тазару кезінде діни адамдар нан мен шараптан, ал жәй діндарлар тек қана наннан дәм татып тазарып отырды; православиеліктерде: діндарлардың бәріне шарап та, нан да рұқсат етілді. Католиктердін күнәдан тазару наны ашытылмай пісірілсе, православиеліктерде ашытылып пісірілді. Батыста шокыну бес саусақ аркылы болса, Шығыста үш саусақпен болды. Батыс' шіркеуінде барлық жерде шокыну латын тілінде оқылса, православие шіркеуі жергілікті халыққа түсінікті әр елде әр түрлі тілде оқуға рұқсат етті (атап айтқанда славян тілінде). Батыста шіркеу барлық священник пен монах-тардан некесіз болуды талап етті. Шығыста некесіздік тек мо-нахтардан ғана талап етілді. Батыс шіркеуінің Византия шіркеуінен айырмашылығы, некені бұзбаушылықты мойындады, діни лауазымнан шығуға жол бермеді, көпшілік діндарларға Қасиетті жазуларды оқуға және талқылауға рұқсат етпеді, христиан шіркеуінде папаны, кардинал институттарын бірінші орынға қойды, Шығыста бұны мойындамады.

Шіркеулердің арасында уздіксіз жүргізілген таластардың нақтылы негізі, калайда, догматтық та, канондық та, діни ғұрыптық та алауыздықтар емес еді, толық нақтылы практикалык, мүдделер болды. Папалық әзінің діни-саяси ықпал шеңберін шығысқа таратуға мықтап тырысып бақты. Шығыс шіркеуі бұған батыл қарсылық көрсетті.

Шығыс шіркеуімен күресте папа I Николай тұңғыш рет, епископ Исидор Севильскийге (VI—VII ғасырлардағы) өтірік таңылған, папа жазба хаттарының жинағын пайдаланды. Бұл «Жалған сидоровтық декретальдер» жинағында ойдан шығарылған жүзден аса папаның жазба хаттары, шіркеу соборларынын. шешімдері туралы жалған документтер, «Қонстантиндер сыйы» және басқа да жалған материалдар бар еді, бұлардың мақсаты папаның шіркеудегі басшылық рөлін және папалықтын дүние жүзін қаратуға талаптануын негіздеп шығу болатын. Содан бастап «жалған сидоровтар декретальдары» орта ғасырларда папа үстемдігінің жұрт таныған негізі болып алды, кейінірек канондық право1 жинағына ресми түрде ендірілді, ал XV—XVI ғасырларда онын жалғандығы әлі дәлелденген жоқ еді. ал әлеуметтік-экономикалық дамудың заңды процесін айқындап берген X ғасырда христиан дінінің Орталық және Шығыс Европа халыктары арасында таралуын шіркеу тек өзінің «миссионерлік» қызметінің нәтижесі ретінде ғана бейнеледі. X ғасырдын. екінші жартысында христиан діні Батыс Рим шіркеуінің діни жоралары бойынша Венгрияда сондай-ақ Чехия мен Моравияда орнықты. Батыс шіркеуінін, ықпалы, батыс үлгісі бойынша, князь I Мешконың христиан дінін қабылдауымен (966 ж.) Польшаға да тарады. Тап осы кезде Батыс Рим шіркеуін Русьте де орнықтыруды көздеген папалықтын. әрекеті де сәтсіз болып шықты. Киевке(960 ж. шамасында) папа миссиясы келді. Алайда миссионерлер соншама өздерін достары ұстай алмады, сондықтан дакиевтіктер лезде-ақ оларды қуып жіберді.

Папаның 979 ж. жіберілген легаттарының көмегімен Русьті өз ықпалынын, шеңберіне тартпақ болған жаңа әрекеті де сәтсіздікпен аяқталды.Тіпті 988 жылы Киев князы Владимир Святославич христиандінін қабылдағаннан кейін де Римде бай ежелгі орыс мемлеке-тіне папа ықпалын тарату үміті қалмады. Римнің Русьтегі өз жағына тартуға соншалыкты үмтылуында тағы бір мақсат болды, ол орыс шіркеуімен бірліктің арқасында өз позициясын едәуір нығайтқан Византияны әлсірету еді. 1054 жылы шіркеу Халықтарды бағындыру жолындағы күресдің бөлінуі негізінде батыс және шығыс шіркеулері арасында жаулық үсті-үстіне шиеленісе берді. Ақырында, 1054 ж. жазда Константинопольге жіберілген папа легаттары IX Лев папаның атынан Византия патриархы Михаил Керулларийге қарғыс айтты. Михаил Керулларий де өз кезегінде шіркеу собо жиынтығы, папа легаттарына карғыс айтты. Осылайша, біржола «шіркеудің бөлінуі» аяқталды. Батыс шіркеуі осы уақыттан бастап «рим-католик», шығыс шіркеуі «грек-католик» (грекше айтылуынша — «католик») шіркеуі деп аталды. Шығыс шіркеуі, оның үстіне «православиелік», демек ақиқат сенім деген атақты иеленді. Осы кезге дейін формальды түрде болып келген христиан шіркеуінің бірлігі енді кайтып өмір сүрмеді.Шіркеудің бөлінуіне алып келген шіркеу ала ауыздықтарының негізінде Византия мен батыс европалық елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының жолдары мен формаларындағы айырмашылық жатқан еді. Тіпті XIII ғасырға дейін де кейбір дүнияи билеп-төстеушілерге тарап келген папанын, беделді билігі ежелгі дәстүрлік беделге ие болған император билігін сақтаған Шығыста мүмкін болмады. Бұл дәстүр бойынша, мысалы, императордын, басшылығы діни жағынан да мойындалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет