ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «ортағасырлар тарихы»


Герман тайпаларының қоғамдық құрылысы және дамуы



бет9/19
Дата23.02.2016
өлшемі1.38 Mb.
#11166
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Герман тайпаларының қоғамдық құрылысы және дамуы.

Юлий Цезарьдың «Галль соғысы туралы жазбаларындағы» және онымен замандас басқа антиктік авторлардың шығармаларындағы деректер германдықтардың біздің заманымызға дейінгі І ғасырдың орта кезінде тайпалық құрылыста өмір сүргендігін дәлелдейді. Әр түрлі герман тайпаларының қоғамдық даму деңгейі біркелкі болған жоқ. Бір қатар тайпалар, әсіресе Солтүстік Германия мен Ютландияда, сол кездің өзінде – ақ отырықшы өмір сүрген. Бұл тайпалардың шаруашылығында егіншілік басты роль атқарды. Жер өгіз жетілген соқамен өңделіп отырылды. Біздің заманымыз басталғанға дейін – ақ германдықтарда жеңіл доңғалақты соқа қолданылған. Кейбір герман тайпалары біздің заманымызға дейінгі І ғасырда ие болған территорияға түбегейлі отырықтанған жоқ, бұл ішінара Цезарь соғыс жүргізген германдықтарға қатысты. Оларда римдік қолбасшының байқауына қарағанда, мал шаруашылығы мейлінше маңызды болған. «Олар егіншілікпен оншама ынта қойып шұғылданбайды, - деп жазды Цезарь – және негізінен сүтпен, құртпен және етпен қоректенеді». Герман тайпаларының жер өңдеу мәдениеті сол кездегі римдік жер өндеу мәдениетінен анағұрлым артта болғанымен, Цезарь жазып отырған тайпаларда да маңызды роль атқарған. Мұндай тайпалардың қоныс аударуы тіпті де номадтардың әдеттегі көшпенділігі емес еді. Олардың оқтын – оқтын ілгері қарай жылжып отыруы жаңа жерге деген мұқтаждықтарынан еді, бұл егіншіліктің экстенсивті сипатымен байланысты болатын. Германдықтар да, қоғамдық дамудың дәл сондай сатысында тұрған басқа тайпалардағы сияқты, бұл кезде көбінесе егіншіліктің тыңайту жүйесі қолданылды. Мұндай жүйе жағдайында құнарлылығын қалпына келтіру үшін жердің едәуір бөлігін ұзақ уақытқа тыңайтуға тастап, жыртылатын жер учаскелерін үнемі ауыстырып отырды.

Германдықтар деревня – деревня болып қоныстанды, оларда әдетте рулық қауымдар тіршілік етті, дұшпандарының қорғану үшін, олардың балшық дуалдары мен тосқауылдары бар бекіністері болды.

Германдықтардағы негізгі шаруашылық ұясы қауым болды. Маркстік – лениндік тарих ғылымы қауымының бір ізділікпен бірін – бірі алмастырған үш: 1) қандық – туыстық, 2) егіншілік және 3) көршілік формасы болғанын ажыратады. Цезарьдың кезінде германдықтарда қандық – туыстық қауым өріс алған болатын. Ол үшін коллективті өндіріс пен барлық жерге колективтік меншік тән болды. Қауымның мүшелері жерді бірлесіп өңдеп отырды, жер жыл сайын (немесе бірнеше жылда бір рет) рулар – сол тайпаның қан жағынан туыс бірлестіктері арасында – қайта бөлініп отырылды. «Және олардың ешқайсысының – дейді Цезарь германдықтар туралы – дәл өлшеп берілген жер учаскесі немесе жеке меншік иелігі жоқ; бірақ лауазымды адамдар мен ақсақалдар руларға және бірге тіршілік ететін туысқандардың топтарына қандай және қанша жер беруді лайық көрсе, соның сонша жерді бөліп беріп отырады, ал бір жылдан кейін оларды басқа орынға кетуге мәжбүр етеді».

Мұндай шаруашылық жүйесіне әлеуметтік құрылым да, басқару ұйымы да сәйкес болды. Германдықтарда топтарға бөлу болған жоқ. Оларда мемлекет те болған жоқ. Цезарь : «Бейбіт кезде тайпалардың ортақ мемлекеті жоқ» - дейді. Әкімшіліктің органы болып халық жиналасы саналды, оған қару – жарақ асынуға праволы барлық ересек еркектер қатыса алатын еді. Ру ақсақалдары негізінен сот қызметін орындады. Соғыс кезінде әскери бастық сайланып отырылды. Соғыс герман қоғамының өмірінде тіпті өте маңызды роль атқарды. Кейбір герман тапалары бұл кезде өзіне басқа тайпаларды бағыныдырып, оларды алым төлеп тұруға мәжбүр етті.

Біздің заманымыздың І ғасырының соңына германдықтар қоғамдық дамуының деңгейі туралы римдік тарихшы Тациттың «Германия», «Анналдар» және басқа шығармаларының негізінде, сондай ақ археологиялық ескерткіштер бойынша пайдалауға болады. Цезарьдың уақытынан бері өткен жарым ғасыр ішінде германдықтардың қоғамдық құрылысы елеулі өзгеріске ұшырады: германдықтар отырықшылдыққа түбегейлі күшті, егіншілік деңгейі де өсті.

Біздің заманымыздың І – ІІ ғасырында темір түрінде соқа таралды. Германдықтар сонымен бірге арпа, бидай, қара бидай, сұлы секілді ауыл шаруашылық дақылдарын, сондай – ақ көкеністер (шалқан, пияз), бұршақ тұқымдастар (жасымық,бұршақ) мен техникалық дақылдарды (зығыр, сора, вайда) өсірді. Жер өңдеу мәдениетінің жақсаруы кейбір жерлерде тіпті миниралдық тыңайтқыштардың (топырақтың ізбесендіру) қолдануынан да көрінді. Бірақ егіншіліктің үлес салмағын арттыру кезінде де шараушылықта мал өсіру маңызды роль атқара берді. Мүйізді ірі қара мал (өгіздер) – ауыл шаруашылық жұмыстары үшін, жылқы, негізінен әскери қажетті мен жүк тасуға пайдаланылып отырылды. Ірі қара мал – сүт өнімдерін, ет, тері, ұсақ мал – оған қоса жүн беріп отырды. Кісі өлтірушінің туыстарынан өлген адамның туысқандары алатын вергельд (құн) – малдай төленіп отырылды. Мал сонымен бірге қатардағы қауымдастардың ақсақалдарға беретін сыйлықтарының құрамына, күйеудің қалындығына беретін некелік сыйлығына енетін.

Германдықтарда қолөнер мен кәсіпшілік дамып отырды. Металл қорыту мен ұсталққа қоса, германдықтар тоқуды – кендір кездемелер мен жүн маталар дайындауда, қыштан бұйым жасауды. т.б. білген.

Өндірістің дамуымен жекелеген герман тайпалары арасында айырбас пайда болды. Германдықтардың көршілес халықтарымен де көлемі жағынан шағын сауда жүргізіп отырды. Сауда жолдары ол кезде Рейн, Дунай мен Висла, сондай – ақ Солтүстік және Балтық теңіздерінің жағалауымен өтетін. Ішкі айырбас заттары: тұз, елтері мен металл болды. Германияға көбінесе Рим көпестері арқылы, металл бұйымдары, сән – салтанат заттары, шарап әкелініп отырылды. Балық, тері, мал, елтірі, янтарь сыртқа шығарылды. Германдықтардың шаруашылығында сауда елеулі роль атқарған жоқ Цезарьдың сипаттап жазғандарымен салыстырғанда, әлеуметтік қатынастарда да елеулі өзгерістер болды. Қан жағынан туыс қауымды егіншілік қауымы алмастырды, егіншілік қауымы, Маркстің атап көрсеткеніндей, (еркін қан жағынан байланысы жоқ адамдардың тұнғыш әлеуметтік бірлестігі болды». Жерге жеке меншіктілік, жыртылатын жерді де қоса, ортақ, коллективтік болып қала берді, бірақ өндіріс процесі енді коллективтік болған жоқ, жерді бірлесіп өңдеу отырмады. Жыртылатын жерлерді пайдалану әдетте бірге тұрған және шаруашлығы ортақ жақын туыстарын – ата – аналардың, олардың ұлдары мен немерелерінің, үш немесе одан саны көп ұрпақтарынан тұратын жеке үй шаруашылықтарының, «үлкен семьялардың» қолына өтті.

Германдықтардың егіншіліктегі шаруашылық тәртіптерін Тацит төмендегіше сипаттайды: «Жерді жұмыс істейтіндердің санына барлығы бірлікте кезекпен иеленеді және көп ұзамай жерді олар өз ара аброй – атағына қарай бөліседі; бөліс жер көлемінің кеңдігіне жеңілдейді: олар жыл сайын жыртылған жерді ауыстырып отырады және тағы да егістік жер бос жер қалып қояды». Бұл сипаттама германдықтарда біздің заманымыздың І ғасырында әлі де егіншіліктің тыңайту жүйесі сақталғаннан (көптеген тайпаарда солай болған деп білу керек) көрсетеді. Жеке ұй шаруашылықтарының арасында барлық жыртылатын жерді ауық – ауық болып тұрған. Қауымның барлық мүшелері бөлісілмеген пайдаға асатын жерлерді – ормандарды, жайылымдарды, тақырлады бірлікте пайдаланып отырды. Усадьба маңындағы жер болса үймен бірге енді жеке үй шаруашылықтарының (үлкен семьялардың) меншігіне өтті.

Германияның қай жерлерінде жаңа заманның бас кезінде, сірә, жерді пайдаланудың басқа формалары да орын алса керек: тек усадьба маңындағы учаскелер ғана емес,сонымен бірге жыртылған егістік жерлер де жеке мұрагерлік иеліктергге бөлініп, жеке үй қауымдарының меншігіне айналды. Бұл Ютландия мен Солтүстік Германияның кейбір аудандарына қатысты археологиялық деректермен дәлелденді. Жерді пайдаланудың даралық тәртібі, Энгельстің пікірінше жергілікті жердің сипаты, жерді ауық – ауық қайта бөліп тұруды қиындатқан орындарда – тар алқаптарда, жіңішке тепсең қыраттарда, сазбалшықтар арасындағы жерлерде қалыптасқан. Герман тайпаларында қауымға усадьба маңындағы жерлерден басқа барлық жерді меншіктену тән болған шаруашылық тәртіптері үстам болып қалып қойды.

Германдықтарда қоғамдық таптар Тациттің кезінде де болған жоқ. Өндірісте басты рольді бұрынғыша азат қауымдастар атқарды. Олар қауымға ұшыраған жоқ, тең праволармен (жер иелену, қару – жарақ асыну, халық жиналысына қатысты т.б. жағынан) пайдаланды. Алайда әлеуметтік жіктеліс туып келе жатты. Германдықтарда құлдар болды. Патриархалдық құлдар герман тайпаларында бұдан да ертерек пайда болуы мүмкін. Бірақ Цезарь құлдар туралы ештене айтпаған, ал Тацит олардың жағдайын мейлінше тәптештеп жазады. Құлдардың негізгі шығар көзі соғыс болды. Құлдарда құқық болған жоқ. Мырза өзінің құлын жазасыз өлтіре алатын. Бірақ сөйтесе де германдықтардың құлдары, антиктік құл иеленуші қоғамдағы құлдарға қарағанда, тәуір жағдайда тұрды. Олардың өз үйі, өз шаруашылығы бар еді. Тек қана өзідерінің мырзаларына заттай оброк (нан, ұсақ мал, мата) әкеп беріп отырды. Өздерінің жағдайы жағынан олар, Тациттің есептегеніндей, римдік құлдарға қарағанда, римдік колондарды көбірек еске түсіретін. Германдықтарда еріктілер мен құлдарда римдіктердегі сияқты әлеуметтік алшақтылық бөлген жоқ. «Мырза тәрбиесінің қандай бір сән – айшығымен құлдан ажыратып тұрмайды», - деп жазды Тацит. Құлдық тұстастай алғанда ежелгі герман қоғамында атқармады. Бұл құлдардың бастапқы сатысындағы құлдық – «патриархальдық құлдық» болды. Құлдарды бостандыққа сирек жіберіп отырды, мұның өзінде азат етілгендер өзінің жағдайы жағынан құлдардан айырмасы аз болды.

Дифференциация еріктілер мен құлдарға бөлінумен ғана шектелген жоқ. Әлеуметтік жіктеліс ерікті германдықтар арасында байқалды. Ерікті қаумдастардың жалпы бұқарасынан ру ақсүйектері бөлініп шықты Ақсүйек семьялардың өкілдері басқа ерікті қауымдастардың дүние мүлкімен және саяси әскермен көзге түсті: ақсүйектердің қолына көптеген мал, құл жинақталды. Мүліктің дифференциациясы жөнінде археология деректері де дәлел болды. Қабырлардың кейбіреуінен алуан түрлі қару – жарақ – қылыштар, қалқандар, бірнеше найза ұштары және үй ішінде ұсталатын мол айшық - өрнекті заттар табылған. Бұл - әрине ру ақсүйегінің моласы. Өзге молаларда болса, оларда, шамасы қатардағы ерікті адамдар жерленген болуға керек, қару – жарақтың кейбір түрлері ғана – найза немесе найза мен қалқан, кейде қылыш пен қалқан табылған.

Мүліктік теңсіздіктің пайда болуы германдықтардың қоғамдық құрылысына үлкен әсер етті. Сонымен бірге ақсүйек семьялардың пайдалануына, қатардағы қауымдастарға қарағанда, бірте – бірте жер де көп болып шықты, өйткені жер бөлісі семьялар арасында тепе – тең бөлінбей, «атақ – абыройына қарай» (secundum dignationem) сіра, бұл семьялардың әлеуметтік жағдайына сәйкес бөлінсе керек.

Мүлік теңсіздігі Рим провинцияларымен шекаралас территорияларды қоныстанған герман тайпаларының арасында әсіресе тез дамыды. Бұл жерге германдықтарғар имдіктермен жасасқан қызу байланысары мен жергілікті романданған халықтың шаруашылық тәртіптері өз әсерін тигізіп отырды.

Германдықтар Тацит тұсында мемлекетке дейінгі құрылыста өмір сүрді. Жоғарғы билік бұл кезде де халық жиналысының қолында қалып қойды, ол (халық жиналысы) соғыс пен бітім мәселелерін және басқа аса маңызды істерді шешіп, тайпалардың ақсақалы мен әскери көсемдерін сайлады, тайпаның салтына сәйкес сот құрды. Қалық жиналысынан басқа ақсақалдар кеңесі де үлкен мәнге ие болды. Бұл билік органы мәні шамалы істерді дербес шешіп, ал неғұрлым маңыздыларын халық жиналысында талқылауға әзірлеп отырды. Сөйтіп, ақсақалдар кеңесі құрған ақсүйектердің істің барысында едәуір әсері болды.

Әскери көсем, әскери бастығы соғыс кезінде жасақтарға командашылық етті. Оған жарамдылық принципі бойынша («айбындылығына қарай», - дейді Тацит), бірақ көп жағдайларда іс жүзінде ақсүйек семьялары тобынан шыққандар сайланған. «Үлкен атақтылық немесе әкелерінің сіңірген аса көрнекті еңбектері тіпті жас жігіттердің өзіне көсем дәрежесін бергізетін»,- деп атап көрсетті Тацит. Сөйтіп, атақтылық мұрагерлік бойынша қалып отырды.

Тациттің дәуіріндегі бірқатар герман тайпаларында мыңызы біртіндеп артқан биліктің жаңа органы – корольдік қалыптасты. Тайпаны басқарып тұрған король, тайпа ақсақалы орындығын міндеттерді орындап, ол ие болған праволарға ие боды. Бірақ ол көбінесе әскери көсемнің роліне де қатар атқарды. Корольдің билігі басқарудың басқа органдарымен – халық жиналысымен және ақсақалдар кеңесімен шектелді. «Корольдің – деп жазды Тацит, - шектеусіз немесе еркінше жүргізетін билік жоқ, көсемдір де бұйрық беру правосына сүйенгеннен гөрі тезірек үлгі көрсету арқылы басшылық етеді». Корольдерді тайпаның барлық ерікті адамдары сайлап отырғанымен, олар ақсүйек рулардың шағын тобынан сайланатын. Корольдің атақтан үміткер ақсүйек өкілдері өз ара жиі көрісіп отырды. Корольдік билік әлі рулық құрылысытың басқару жүйесі органдарының бірі болып саналғанмен, енді корольдердің бірқатар жағдайларда өздеріне халық үстінен қарайтын билік правосын иеленіп алуға талпынатыны байқалды. Кейбір тайпаларда корольдік билікті мұрагерлік етудің нышандары көрінді. Герман тайпаларының қоғамдық өмірінде пұтқа табну дінінің қызметшілері – абыздар мен сәуегейлер белгілі роль атқарды. Абыздар жиналыстарда тәртіптісақтады, кей жағдайларда қылмыс істегендерді жазаға тартты. Алай да абыздар мен сәуегейлер қоғамдық өмірде дербес мәні болған ерекше артықшылықтары бар жік құрған жоқ.

Біздің заманымыздың І ғасырының аяғында германдықтардың қоғамдық өмірінде әскери жасақтар маңызды роль атақара бастады. Цезарь жазған кездегіден айырмасы, жасақтар енді жорықтар мен шабуылдардың кезінде ғана құрылып қойған жоқ, олар көсемдер мен ақсүйектердің жеке өкілдерінің тұрақты әскери отрядтарына айналды. Жасақшылар өз қолбасшыларының иеліктерінде тұрды, олардың қару – жарақ, ат – көлік, әскери олжаның бір бөлігі мен сыйлық ретінде ақы алып тұрды. Олар өздірінің көсемдерімен айтқанда екі етпей және жеке басының берілгендігімен байланысты болды. Жасақтар әскери көсмдер мен корольдердің билігінің күшеюіне жағадй жасады.

Бұл кездегі герман тайпаларында қалыптасқан басқару ұйымын Энгельс «әскери демократия» ретінде сипаттайды. Ол соғыспен байланысты еді, өйткені «соғыс және соғыс ісін жүргізетін ұйым енді бұдан былай халық тұрмысының қалыпты қызметіне айналды». Басқарудың бұл жүйесі сонымен бірге демократия болды, өйткені қаардағы қауымдастар қоғамдық басқаруға қатысып отырды. Халық жиналысы тайпа өмірінде басқарудың жоғарғы органы ретінде маңызды роль атқара берді. Жасақтардың әскери істегі маңызының өсе түскеніне қарамастан, тайпаның әскери күш – қуатының негізі барлық еркін адамдардан – жауынгерлерден құралған жасақтар болып қалды.

Әскери демократия, Ф.Энгельстің атап көрсеткеніндей, «ру құрылысының тұсында дамуы мүмкін болған басқару ұйымының анағұрлым дамыған түрі еді».

Рулық қатынастар әлі де өте күшті болды, әрі германдықтардың бейбітшілік пен соғыс кезіндегі өмірінің барлық жағын анықтады. Туысқан адамдар өлген туысының дүние мүлкін мұра етіп алуға қатысып отырды, олар жәбірленуші үшін кек алуға және вергельд пен заң тәртібін бұзған туыс үшін айып төлеуге қатысуға міндетті болды. Соғыстағы ұрыс тәртібі рулар мен туысқандардың топтары бойынша жасалды.

Германдықтарда, біздің заманымыздан көп бұрын, аналық рудың аталық руға көшу жүзеге асты. Бірақ біздің заманымыздың І ғасырында аналық право бойынша ұйымдасқан рудың кейбір қалдықтары әлі сақталды. Мәселен, нағашы мен жиеннің арасын байланыстырған қан жағынан жақындықтар әке мен бала арасындағы байланыстай берік деп саналды. Германдықтарда әйелдер ерекше құрметке ие болды.

Сөйтіп, Тацит сипаттаған дәуірде, герман тайпалары рулық құрылыстың жоғарғы сатысында тұрды. Бірақ германдықтарда дамудың бұл сатысындағы рулық құрылыс енді ыдырай бастаған еді. Мұны мүлік теңсіздігінің шығуы, әлі шектеулі түрде болса да жерге жеке меншіктің пайда болуы, қан жағынан туыс қауымның егіншілік қауымымен ауысуы, мұрагерлік ақсүйектер мен мұрагер корольдік биліктің қалыптаса бастауы дәлелдейді.

Біздің заманымыздың ІІ-ІІІ ғасырларында Рим империясы шекараларына германдықтардың шабуылының күшеюіне әкеп соқтырған Шығыс және Орталық Европада герман тайпаларының қоныс алмасулары болып жатты.

Герман тайпаларының қайта топтасулары мен оның ізінше болған қоныс аударуларына герман қоғамындағы өндірістік күштердің өсуі негіз болды. Сонмен қатар көрші тайпалар мен халықтар германдықтарға қысым көрсете отырып, оларды қоныс аударуға итермелейді.

Өздерінің қоныс алмастыруы кезінде әсіресе шығыс герман тайпалары – готтар ұзақ сапар шекті. Біздің заманымыздың ІІ ғасырында – ақ олар солтүстіктен, Прибалтикаға іргелес жатқан аймақтардан, қара теңіз бойын (Днестр мен Төменгі Поднепровье бассейніне ) қоныс аударды.

Днестр мен төменгі Дунайдың бойын қоныстанған гот тайпалары вестготтар (батыс готтары), Днестірден шығыста Қара және Азов теңіздернің жағалауына дейінгі аймақтарды иемденген готтарды остготтар (шығыс готтары) деп атады. Осы арадан готтар Рим империясының территориясына шабуыл жасап отырды.[12; 377-390]

Германдықтарда бұл кезде тайпалардың қайта топтасуы болды, әрі саны өте көп және өте тұрақты сипат алған жаңа тайпалар: алеман одағы (оған семнондар, квадрат және Рейннің бастауындағы кейбір басқа тайпалар кірді), сакстар одағы (төменгі Эльбадан шығысқа және батысқа қарай қоныстанған бірқатар тайпалардан – херусктерден, хавктардан және басқалардан құралған), франктер (орта және төменгі Рейн тайпаларынан – хамавтардан, батавтардан, сигамбрлерден, хаттардан, салилерден және басқалардан құралған); Қара теңіз маңындағы вестготтар мен остготтардың одағы, лангобардтардың, вандалдардың, бургундтардың одақтары пайда болды.

ІІІ ғасырда – IV ғаырдың басында алемандар Десятиндік дала (Рейн, дунай және Неккар аралығындағы үш бұрыш жері) деп аталған жерлерді басып алды. Римдіктерге рейн шекарасында тұрып қалудың сәті түскенімен, бірақ Десятиндік егістіктерді қайтарып ала алмады. Германдықтрда империяның территориясын алдағы кезде басып кіруге плацдарм пайда болды.

Германдықтардың өндірістік күштерінің өсуі өндіріс пен жер өңдеу мәдениеті құралдарын жетілдіруден, әр түрлі қолөнерлердің, кәсіпшіліктердің дамуынан және неғұрлым кең таралуынан, сауданың өсуінен көрініс тапты. Темір түрінде ауыр соқаны қолдану өріс алды, оны үлкен семьялар жаңадан тазартылған жерде де, сондай – ақ бұрын егілген жерлер де пайдаланып отырды. Тырма кең таралды. Ормандардан тазарту есібінен өңделетін жердің аумағы көбейді. Мал тұқымдары жақсарды.

Германықтардың қолөнер мен кәсіпшілікте қол жеткізген прогресіне олар жасаған қару – жарақтың (қылыштардың, дулығалардың» айбалталардың), үй жабдықтарының метал жихаздарының, былғарыдан, матадан жасалған бұйымдардың, қыштан істелген бұйымдардың (қыш жасайтын шарықты қолдана білген) сапасының жақсаруы дәлел бола алады. Кеме жасау ісі жетілдіріліп отрылды. Германдықтар үлкен есікті кемелер жасайтын болды. Сауда өріс алды. Рим көпестері германдық аймақтардың үнемі келіп кетушылеріне айналды. Германдықтар сонымен қатар Скандинавиямен және Қара теңіз маңымен сауда жүргізіп отырды. Бірақ осының бәрімен германдықтардың шаруашыығы тұтасынан натуралдық шаруашылық болып қалып қойды.

Империямен болған едәуір тығыз байланыс германдықтарда рулық құрылыстың ыдырау процесін жеделдетті. Өндірістік күштердің өсуіне болған бұл процесс, бәрінен бұрын еркін қауымдастардың арасында мүліктік жіктелістің тереңдей түсуінен, жеке рулар арасындағы теңсіздіктің пайда болуынан, басқару органдарындағы ақсүйектер ролінің күшеюінен көрінді. Кейбір герман тайпаларында қауым мүшелірі арасында жерді теңестіріп қата бөлу тоқталып қалды.

Рулар арасында және ру ішінде теңсіздіктің шыққанын, әдетте ерікті егіншіліктердің жерлерін ұстаушы болған жартылай ерікті адамдар (франктерде – литарлар, юттарда – лэттер, лангобардтарда – алодиялар) тобының бірсыпыра герман тайпаларында пайда болу фактісі дәлеулдейді. Жартылай еріктілердің бұл тобына негізінен кедейленген туыстар кірді, сонымен бірге кейбір бағындырылған тайпалардың мүшелері де кіруі мүмкін. Мұндай жартылай ерікті адамдардың жағдайы екі жақты болды. Өзінің қожаларына жеке басы және жарым – жартылай материалдық тәуелділікте бола отырып, олар сонымен бірге германдықарда болған құлдардан айырмасы, белгілі правоға ие болды: олардың өмірін вергельдтер қорғады, олар мүліктік келісімдер жасай алды.

Германдықтардың басқару жүйесі бұрынғысынша әскери демократия болды. Бірақ бұл кезең үшін ақсүйектер ролінің одан әрі күшеюі, қоғамдық өмірде қарапайым еріктілердің маңызының кемуі, әскери жасақтарға сүйенегн тұқым қуалайтын корольдік билік түріндегі мемлекет белгілерінің дамуы тән қасиет болды.

Әлеуметтік – экономикалық өмірдің жаңа жағдайлары мәдениет пен идеология саласында да өзгерістер тудырмай тұра алмады. Германдықтарда рунь жазуы – шығу төркіні жағынан германдық айрықша белгілермен қатар, грек және рим альфавиттерінің әріптері пайдаланылған жазу жүйесі пайда болды. Бірақ бұл жазу тек дінге табыну мақсаттары үшін және заттардың (қару – жараққа, аспаптарға) бетіне қысқа ойып жазу үшін ғана пайдаланылып отырылды.



Вандалдар. Адрианополь түбіндегі римдіктердің жеңілуі, олардың Рейннің арғы жағынан соңғы жорығы уақытымен тұспа тұс келді. Бұдан кейін олар шекараның батыс бөлігін қорғаумен айналысты. Төменгі Рейннің жағалауларын күзету франутарға жүктелді, оларға Солтүстік Галлияның шеті – Таксандрия берліді, орталық Рейн мен жоғарғы Дунайда кей жерлердегі аламан федератымен бірге көбіне римдік гарнизондар орналасты. 406 жылы Батыс Рим империясының негізгі күштерінің вестготтармен күресін пайдаланып, вандалдар, аландар және квадрат (свевтер) франктар қарсылығын бұзып, Майнц ауданында мықты римдік бекіністерді бұзып Галлияға басып кірді. Вандалдар, аландар, свевтердің келесі бір бөлігі Радагайс бастаған остготтық одаққа қосылып аугсбург жанында Дунайдан өтіп, Норик арқылы Италияға бет алады. 406 жылы Флоренцияға таяу жерде Стилихон Радагайс әскерлерін талқандайды. Осыдан бір жыл өткенненкейін британ легиондары орталық Рейндегі шекараны қалпына келтіреді, бірақ римдіктер Галлиядан варварларды қуып шыға алмайды. Елдің шығыс, орталық және оңтүстік – батыс аудандарын күйзеліске ұшыратып вандалдар, аландар және свевтер 409 жылы Пиренейден асып Испанияға енеді, олар негізінен батыс облыстарына орналасады.

Бұл кезде Римге қауіп тудырған вандалдар болды, олар 416 жылы вестготтардан жеңілген алаңдардың тобымен бірігіп үлкен күшке айналды. Олар орынға тұрақтамай ұдайы жаңа жерлерді тонаумен айналысты. 422- 428 жылдары вандалдар Шығыс Испанияның теңіз жағалаулық қалаларын тонаумен болды. Ондағы тұрған кемелерді басып алды, олар 429 жылы Гейзерихтың бастауымен Африканың Тингис ауданына келіп түсіп, батысқа қарай бет алды.

Солтүстік Африкада Рим үстемдігі бербер тайпаларынан үзіліссіз шапқыншылығынан әлсірегенді. Осы және басқа да жағдайларды тиімді пайдаланған (толассыз халық қозғалыстары) вандалдар бір жылда 1000 шақырым жүріп өтіп, Гиппон – Регийді қоршайды. 431 жылы 14 ай қоршаудан кейін қаланы алып, вандалдар төрт жыл өткеннен соң империядан бұл жерлерді федерат етіп тануларына көндіреді. Бейбіт кезең көпке созылмады. 435 жылдың аяғында вандалдар Карфагенді алады, ондағы ірі сауда кемелерін иеленіп, Сицилия және Оңтүстік Италия жағалуларына шапқыншылықтар жасайды. 442 жылы римдіктер олардың толық тәуелсіздігін мойындайды. Солтүстік Африканың үлкен бөлігінде Вандалдар короьдігі осылайша негізделді.

Ғұндар. Басты африкандық провинциядан римдіктердің айырылуы Италияны астық пен зәйтүн айымен қамтамасыз етуден айырды. Бұл өте ауыр жағдайды тудырды. Жау елдің тылында орналасты. Әйтсе де қауіп империя үшін әлі де солтүстіктен туып отырған еді. 406 жылы шапқыншылықтан кейін империя әскерлері іс жүзінде Рейн – Дунай белдеуін бақылай алмайтын жағдайда еді. Рим гарнизондары Реций және Норик бекіністерінің кейбір бөліктеріне ғана орналасты. Рейн бойын қорғау Герман федератына жүктелсе, енді франктерге ғана емес, бургундтарға, олардан кейін келген вандалдар, орталық Рейннің Вормс ауданыныда, оның кейін аламандар біртіндеп қазіргі Эльзасты иеленді. Ал Паннониде V ғасырдың 20 – жылдарында ғұн тайпалары орнықты.

Ғұндармен Рим 379 жылы вестготтарды қуып келе жатқан Мезияда бетпе – бет кездесті. Осы кезден бастап олар Шығыс Рим империясының Балқандағы провинцияларына жиі – жиі шабуыл жасап тұрды. Жорық нәтижелері әр түрлі болды, аздап Константинополь үкіметі оларға салық – сыйлықтар төлеп тұрды. Алғашқыда ғұндардың Батыс Рим империясымен қатынастары басқаша қалыптасты: ғұн жаладмалары Батыс Рим империясының әскерлерінің едәуір бөлігін құрады. Император резиденциясы оларды Рейндегі Франк, бургунд, бас көтерулерін басуға Галлияның солтүстік – батысыныда орналасқан багауд – шаруалардың Римнен бөліну ниеттерінен айыру үшін күш ретінде пайдаланды.

436 жылы ғұндар Аттиланың бастауымен бургунд корольдігін талқандайды. Соғыс нәтижесінде бургундтардың бір бөлігі ғұн одағының құрамына енді, ол қалған бөлігін римдіктер Женевалық көл маңына қоныстандырды, кейіннен 457 жылы, екінші Бургунд (орталығы Лион) корольдігі пайда болды.

40 – жылдардың аяғында жағдай өзгереді, Аттила Батыс Рим империясының ішкі істеріне араласып, оның территориясының ішкі істеріне аралсып, оның териториясының бір бөлігіне көз тігеді. 451 жылы ғұндар галлияға енеді, олармен бірге гепидтер, герулдар, остготтар, ругийлер, скирлер, басқа да герман тайпалары жүрді. Каталаун жазағында (ШампаньдағыТруа қаласының маңынды) болған шайқаста римдік қолбасшы (бұрын ғұндарды болған) Аэций вестготтар, франктер және бургундтар көмегімен Аттила әскерне жеңіліс береді. Бұл шайқастың көмегімен Аттила әскеріне жеңіліс береді. Бұл шайқастың әлемдік тарихта зор маңызы бар. Екі жақтан 165 мың жауынгер мерт болған.

Алайда ғұндардың әлі күші сарқылмаған еді. Келесі жылы Аттила Италиға жорық жасап Аквилея, Милан және бірнеше қалаларын алады. Герман одақтастарынан көмек ала алмаған рим армиясы оған қарсы тұра алмайды, бірақ мұнда жұқпалы аурудың тарауына байланысты Аттила Италияны тастап, Альпінің арғы жағына кетеді. 453 жылы Аттила өледі. Оның кейінгі жерде ғұндардың ішінде бақталастық күрестер толастамайды.

Екі жыл өткенннен кейін оларға қарасты герман тайпалары көтеріліс жасайды. Алғашқыда гепидтерден, кейін остготтардан жеңіліс тапқан ғұндар державасы ыдырап, олардың қалған бөлігі шығыстан келе жатқан түркі және угор тайпаларымен араласып кетеді.

4. Батыс Рим импеиясының құлдырауы. Қаталаун жазығындағы жеңіс Батыс Рим империясының соңғы ірі жетістігі болды. 454 жылы Аэций қолбасшыларының бірі свев Рикимер императорды өлтіреді. Бұдан кейін саяси тұрақсыздық белең алып 21 жыл ішінде Батыс Рим имериясы тағына 9 билеуші, италик немесе галл ақсүйектері, варвар армиясының басшысы Рикимер, ал ол 472 жылы өлгеннен кейінгі Византия, вандал және бургунд өкілдері отырды. Бұл империя дағдарысының оның әрі тереңдеуі және шекарасының тарыла түсу кезеңі болды.

455 жылдың мамырында ІІІ Валентиниан өлтірілгеннен кейін көп кешікпей вандалдың кемелері: Тибр сағасында пайда болды; Римде бейберекетсіздік басталып, император Петроний Максим тосқауыл ұйымдастыра алмай өзі де мерт болады. Вандалдар еш қарсылықсыз қаланы басып алып, 14 күн бойы аяусыз тонап талқандайды, өте қамбат мәдениет ескерткіштерді жойып жіберді. Осыдан болар вандализм (тағылық) деп қасақана құнды мәдени ескішткіштерді жоюшылықты атаған.

Вандалдар Италияға тұрақтануға машықтанбай, осы кезден бастап Батыс Жерорта теңзінде ірі аралдар мен теңіз қатынсатрын бақылауға алды. Осы кезде Бургунд мемлекетінің шапқыншылығы басталды. 461 жылы олар Лионды алып Роне бойымен төмен, прованс жағына және бір уақытта солтүстікте, 70 жылдың аяғында кейінен Бургундия деп аталған жерлерді басып алды. Солтүстіктен оларға қарсы Лотарингия территориясы арқылы франктер, ал солтүстік – шығыстан қазіргі Эльзасқа – аламандар жүреді. Бұл кезде тиімді жағдай вестготтар еншісіне тиді. Оларға аздаған Аквитания облысының Бискай құйлысы жерлерін, онан кейін Орталық Галлияның көпшілік бөлігін – Луараның орталық ағысы жерлеріне дейін иемденді.

Вандалдарға қарағанда, вестготтар, бургундтар, франктер және алмандар жәй федерат болып қала берді, олардың билеушілері жоғары римдік шен – патриций деген атақты иеленді; олардың бақылайтын жерлері Рим мемлекетінің бөлігі болып саналды. Алайда бұлар іс жүзінде өз алдына саяси бірлестіктер, әрдайым Риммен достық жағдайда бола бермеген. Елдің солтүстік – батысында вестготтар багауд, свевтермен күресіп, римдіктерге екеуімен күресте көмектесті, бірақ Испаниядан кетпейтін ниеттерін әрдайым білдіріп отырды. 70 – жылдың басында бүтіндей түбекті бағындырады. Вестготтар жау ретінде емес, рим заңдары қадірлейтіндер түрінде өз жерлерін кеңейте берді.

Батыс Рим империясы өмір сүру кезеңінің аяғында Равеннының тікелей бақылауында: Италия (аралдарсыз), Иллирияның теңіз жағалуын, Реция және Норик аудандарының кейбір жерлері бір – бірінен бөлек орналасқан Галлияның үш облысы – Прованс, Оврень және Луара, Сомма және Ла – Манш орта ағысындағы жрлер, Мавританияның шеткері жағы, Оңтүстік – Шығыс Испанияның кейбір жерлері. Орталық үкімет алыстағы провинцияларды басқаруға дәрменсіз болды. Басқару жүйелерін жергілікті өкіметіне жүктеді. Бұған дәлел – 408 жылы Рим легиондары кеткеннен кейінгі Британия тарихы.

Ирландия және Шотландиядан шабуылдаған Кельт шапшылығына қарсы Британ жұртшылығының әлденеше көмек сұраулары батыс рим үкіметі тарапынан ескерусіз қалып отырды. Біраз уақыт британдар өздері тойтарыс берді, 20 жылы герман тайпалары сакстарды көмекке шақырды, ол үшін оларға Кентте аралдың оңтүстік – шығыс бөлігіне қоныстануларына мүмкіндік берді. 40 жылы сакстар римдіктерге бағынудан қалды, континенттен келген өз тайпаластары бөлімдеріне сүйеніп (англ, ют, фриз) кешегі арал иелеріне қарсы соғыс жүргізді. Британдық күрес жүргізе отырып, бастысқа Ирланд теңізіне қарай ығысты.

Осындай жағдай басқа да жерлерде Рим мемлекеттілігі сақталып қалған жерлерде орын алды. Норикте Рим өкіметі герман тайпалары ругилермен одақтасуы нәтижесінде сақталды; Мавританияда римдік тәртіптер жергілікті магнаттардың берберлермен келісімі; Овреньде ұзақ уақыт римдік болып қалуы вестготтар мен бургундттар өзара бақталастығынан, тіптен Италияның өзін де император өкіметі варварлар армияның қолдануына сүйеніп отырды.

Ромул Августулды құлату тек Батыс Рим империясының соңы ғана емес, сонымен бірге көне тарихтың да ақыры болып саналды. Бұл, әрине, шартты түрде ғана, ол имприяның үлкен бөлігі әлде қашаннан –ақ ревенналдық үкімет бақылауынан шыққан еді. Италия территориясында тағы бір варварлық мемлекттің құрылуы ұзақ мерзімдік процесті аяқтау болды.

Ұлы халықтар жылжуы 476 жылы аяқталмаған – ды. VI ғасырда қозғалысқа баскілер де түсті. Олар Кантабрийде және Пиренейде вестготтар тегеуріне төтеп беріп қана қоймай, Гароннаның оңтүстік және батысындағы галл жерлерін отарлай бастады. Британияға сакстар, англдар және оның одақтастарының қоныстануы одан әрі жүре берді, оны ертедегі ортағасырдың аяғында Англия деп атады, Галлияның солтүстік – батыс шеті – Армориктер германдықтардан қашқан бриттердің атымен Бретань деп аталынды. Сакстар мен лангобардтардың бір бөлігі төменгі Эльбадан жоғары Дунайға қоныс аударды. Еуропаның тынышсыз ауданы – герман тайпалары бірінен соң бірі қоныстанып жатқан аудан аралықтарында бірнеше ондаған жылдар бойы рим тұрғандары өмір сүре берді.

Олардан әрі Шығыста орналасқан Паннония VІ ғасырда герман, славян және аварлар көбіне түркі тілдес тайпалар күресі алаңына айналды. Соңғылары VІ ғасырдың 60 – жылдарында өзара күресте жеңіске жетіп орталық Дунайда өздерінің көршілерін тынышсыз қуатты державасын – Авар қағанатын құрды. Шамамен осы тұста славяндардың жаппай Балқанға басып кіруі және олар біртіндеп Эльба және Альпіге қарай жүрді. Бұл кезде Жерорта теңізі тыныштық жағдайда болды, алайда VІІ ғасырдың ортасында жағдай өзгере бастайды, Левантке, оннан кейін Египетке және Солтүстік Африкаға арабтар орналаса бастайды. Батыс Еуропаның тарихи өмірне елеулі әсер етті.

V ғасырдың аяғында Рим империясының бұрынғы жерлерін бірнеше варварлық корольдіктер: Вандалдар, Вестготтар, Свевтар, Бургундтар, Франктік және Италиядағы Одоакт мемлекеттері қалыптасты. Германияның ішкі облыстарын мекендейтін тайпалар мен қоса Британ және Скандинавияны мекен еткен тайпалардың әліде өзіндік мемлекттілігі болмаған. Бұл саяси бірлестіктердің тағдыры бірдей болмаған. 493 жылы Одоакр мемлектін Норик және Паннониден келген остготтар басында Теодорих (493 – 526 жж.) шығыс римдік император Зенонның әмірін орынаушы болды. Остгот корольдігі Италиядан басқа Сицилияны, Норик, Паннони және Иллирия бір бөлігін, Провансты қосып алып Батыс Еуропада ең мықты елге айналды. Бірақ 555 жылы Византиямен жүргізілген ұзақ созылмалы соғыстан кейін жеңіліс табады. Мұның алдында мұндай жағдайға 534 жылы Вандалдар корольдіктері де түскен еді.

Бәрінің ішінде қалыпты және өміршең болғаны Франк корольдігі болды. 507 жылы Пуатье маңындағы шайқаста франктер вестготтықтарға елеулі соққы береді және бірнеше ай ішінде олардың Галлиядағы түгелдей дерлік иеліктерін, Тулузды қоса басып алды. 510 жылы Прованс остготтарға қарады. Септимания вестготторға қарап астанасын Толедоға көшірді. Алайда осы уақыттан бастап Галлиядағы билік франктерге көшеді. 534 жылы олар Бургунд корольдігінің жаулап алды.

Варварлар корольдіктерінің кейінгі тарихы шығыс рим императоры І Юстинианның жаулаушылық саясатымен байланысты. Солтүстік Африка мен Италиядан Басқа ол 551 жылы әлсіреген вестготтардың Оңтүстік Испанияның Картахен, Кордова, Малага т.б. қалларын тартып алды. Бірақ Византия бұл жетістікті оның әрі жалғастыра алмады. 568 жылы аварлардың қысымымен Апеннин түбегіне Лангобордтар басып енеді, санаулы ғана жылдарда олар Солтүстік және Оңтүстік Италияның үлкен бөлігін иемденеді. Осыдан кейін Константиополь империя территориясын кеңейту пиғылынан арылып, қорғанысқа көшеді.

Шабуылға енді қалыпты жағдайға көшкен вестготтар шығады. 585 жылы олар свевтерді тәуелсіздігінен айырады және византиялықтарды ығыстырады, 636 жылы түбектің оңтүстік бөлігін жаулап алады. VІІ ғасырдың 60 – жылдарына дейін араб жаулаушылығына дейін Солтүстік Африка Константинополь қолында болды. VІІІ ғасырдың басында арабтар Гибралтар бұғазы арқылы Испанияға өтіп бірнеше жыл ішінде Вестгот корольдігін толық қиратады.

IV – ғасырдың соңында Рим империясы мен варварлардың ара қатынасы аса шиеленіскен болды. Империяның әлсіреуі варвар тайпаларына оның шекарасынан өтіп, жерлерін жаулап алуға жағдай туғызды. Империя біраз уақыт өз қатарында одақтас – федераттар ретінде қызмет ететін сол варварлардың көмегімен қарсы тұрып бақты. Бірақ федераттар варвар жағына оңай шығып кетіп отырды, немесе империя оларға жаңа жағдайлар жасап беруге тиіс болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет