7-дәріс: Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудағы психологияның орны.
Адамзат тарихында іс әрекетті жүзеге асыру құралдары ретіндегі жол - оқыту. Оқыту баланың психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады. Баланың дамуының оқыту процесіндегі ең негізгісі және анықтаушысы білімдерді, іс әрекет әдістерін күрделендіру. Сондықтан оқыту процесіндегі педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктеріне оқушының психикалық дамуы, ақыл-ой әрекеті және қоршаған орта ықпалы алады деп тұжырымдаймыз.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті оқу процесі болғандықтан, олар оқытушыдан тек мінез құлық жүйелерін үйрету ғана емес. Оқушының ішкі дүниесіне жол таба білу, қарым-қатынасқа түсуде жоғары шеберлікті талап етеді. Оқу процесінде педагогикалық қарым қатынастың негізгі үш міндеттері шешіледі: оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Қарым қатынастағы оқыту міндетін шешуде оқушылармен психологиялық қатынас жасау, оқытудың жағымды мотивациясын қалыптастыру, ұжымдық, танымдық және біріккен психологиялық ахуал жасау. Қарым қатынаста тәрбиелеу міндеттерін шешу тәрбие мен педагогикалық қатынас негізінде құрылады, педагог және балалар арасындағы психологиялық байланыс. Ол оқу әрекетіндегі жетістік, жеке тұлғаның танымдық бағыты қалыптасады, психологиялық кедергілерді жеңеді, оқушылар ұжымында өзара үйлесімді қатынас қалыптасады. Қарым қатынаста дамытушылық міндеттерін шешуде жеке тұлғаның өздігінен білім алу және өзіндік тәрбие негізінде құрылған ситуациялар:
қарым-қатынас процесінде жеке тұлғаның дамуына шектеу қоятын (ынжықтық, ұялу, сенімсіздік және т.б.) әлеуметтік психологиялық факторларды жеңу;
оқушылардың жекелік ерекшеліктерін есепке алу және анықтауға мүмкіндік жасау;
жеке тұлғаның дамуы мен өсуінің маңызды сапаларына әлеуметтік психологиялық түзетуді жүзеге асыру.
Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл-кеңесіне, өзге адамдармен басқа мұғалімдермен қарым-қатынасына, оқушыларға қоятын талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Баланың жасы есейген сайын қарым қатынас жасау мәселесі қиындай түседі. Ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздерін тыңдамау, мінез көріністерінде әр қилы кедергілер мен себептер байқалады. Педагог балалар арасындағы қарым қатынасқа, әсіресе ересек мектеп жасында туатын қайшылыққа өте сақ қарау екенін В.А.Сухомлинский атап өткен.
Достарыңызбен бөлісу: |