Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Табиғи сипаттағы құбылыстар» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің



бет7/10
Дата26.06.2016
өлшемі2.45 Mb.
#159684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Орманды өрттен сақтау. Практика өртің шығуын болдырмау жөніндегі шаралар жүргізу онымен күрестен көрі оңай және арзан екендігін көрсетеді.

Өрттен сақтандыру – оны ескертуге, өрттен болаын залалды болдырмау және оны табысты сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені.

Бүкіл республика аумағындағы орман өрті мәселесін түбегейлі шешу бірқатар күрделі ұйымдық және техникалық міндеттерді шешуге, бірнеше кезекте жоспарлы тәртіппен жүргізілетін және орман өртернің пайда болуын, таралуын, және дамуын ескертуге бағытталған өртке қарсы сақтандыру жұмыстарын жүргізуге байланысты.

Орман өртінің таралуын ескерту жөніндегі шаралар бірқатар орман шаруашылығы шараларын жүргізуді, санитарлық кесу, кесетін жерді тазалау және қоқысты жинау/, сондай-ақ орманда өртке қарсы кедергілердін жүйесін жасау, және басқа өртке қарсы ғимараттарды салу жөніндегі арнайы шараларды өткізуді қамиды. Көрсетілген жұмыстардың негізгі көлемі орман шаруашылық кәсіпорындарының, облыстарының әзірлеген жоспар


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Табиғи өрттердің түрлері: ормандық, далалық және шымтезектік.

  2. Олардың сипаттамалары, туындау, даму және таралу ерекшеліктері.

  3. Орманды өрттен сақтау шаралары.


Дәріс №9. Адамдардың, ауыл шаруашылық малдың жұқпалы аурулары, аурулармен және зиянкестермен ауыл шаруашылық өсімдіктердің, дақылдардың зақымдануы.
Жалпы сұрақтар

  1. Адамдардың өте қауіпті жұқпалы аурулары (эпидемиялар) Клиникалық белгілер және аурулардың ерекшелігі, алдын алу және қорғану шаралары.

  2. Эпизотия, клиникалық белгілері және аурулардың ерекшелігі, алдын алу және қоршаған шаралары.Эпифитотия. Аурудың ерекшелігі мен белгілері және әсер ету сипаттамасы. Жою салдары, қорғану шаралары, алдын алу және болжау.

  3. Жұқпалы аурулардан сақтандыру.


1 Адамдардың өте қауіпті жұқпалы аурулары (эпидемиялар) Клиникалық белгілер және аурулардың ерекшелігі, алдын алу және қорғану шаралары.

Биологиялық, (биологиялық - әлеуметті) төтенше жагдай - белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметті төтенше жағдай көзі шығуы салдарынан адамдардың өмір сүру мен қызмет жағдайы, ауылшаруашылық малдарының тіршілік етуі мен өсімдіктердің өсу жағдайы өзгеретін қалып және бұл жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді, инфекциялық аурулардың кеңінен таралып және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің шығынға ұшырау қауіпі төнеді.

Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдайдың шығу көздері - адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктердің аса қауіпті немесе кең таралған ауруларға шалдығуы, соның салдарынан белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметтік төтенше жағдайдың тууы немесе пайда болу мүмкіндігі.

Биологиялық қауіп – адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, қоршаған табиғи ортаның биологиялық төтенше жағдай көзі тудыратын немесе тудырған қауіптен қорғаныс жағдайы.

Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – құқықтық нормалардың сақталуы, санитарлы – гигиеналық және санитарлы – эпидемологиялық ережелердің, технологиялық және ұйымдастыру – техникалық талаптардың орындалуы, сондай – ақ адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің инфекциялық аурулармен зақымдалуын болдырмауға, әлсіретуге және жоюға бағытталған тиісті құқықтық, санитарлы – гигиеналық, санитарлы – эпидемологиялық, ұйымдастыру және техникалық іс – шаралардың жүргізілуі.

Аса қауіпті инфекция - уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін және адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына ауыр зардап келтіретін, не өлімге алып келетін инфекциялық ауру түрінде көрінетін адамдардың немесе жануарлар ағзасының зақымдалу жағдайы.

Инфекциялық аурудың қоздырғышы – адамның немесе жануардың ағзасында паразиттенуге эвалюциялы бейімделген және инфекциялық ауруға шалдығуды тудыруға қабілетті патогенді микро ағза.

Инфекциялық ауру қоздыргыштарының көзі табиғи сақталу және көбею процесі жүріп және сыртқы ортаға инфекциялық аурудың қоздырғыштары бөлініп жатқан зақымдалған адамның немесе жануардың ағзасы.
Эпидемия – нақты бір аймақтағы ауру – сырқаудың саны әдеттегі тіркелетін деңгейінен біршама асатын, уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін белгілі бір аймақта адамдардың жаппай инфекциялық ауруының таралуы. Эпидемия, ТЖ ретінде, зақымдалу ошағы мен инфекциялық аурумен ауырған адамдардың белгілі бір уақыт шегінде немесе территорияда тұруы, адамдар мен ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауру қоздырғыштарымен зақымдану мүмкіндігі. Эпидемияның әлеуметтік және биологиялық факторлармен келісілген негізінде эпидемиялық процесс жатыр, яғни инфекция коздырғышының үзіліссіз берілу процесі және дамитын және өзара байланысты инфекциялық қалыптың үзілмейтін тізбегі.

Кейде аурудың таралуы пандемия сипатын алады, яғни белгілі бір табиғи немесе әлеуметтік – гигиеналық жағдайда бірнеше мемлекеттің немесе құрлықтың аумағын қамту. Салыстырмалы түрде ауруға шалдығудың жоғары деңгейі белгілі бір жерде ұзақ уақыт бойы тіркелуі мүмкін. Эпидемияның тууы мен ағымына табиғи жағдайдағы өтетін процестермен (табиғи ошақтық, эпизоотиялар және т.б.) қатар, ең басты әлеуметтік факторлар (коммуналды жабдықталу, тұрмыстық жағдай, денсауық сақтау және т.б.) әсер етеді.

Эпидемия кезіндегі аурудың сипатына байланысты инфекцияның таралу жолдары мынадай болуы мүмкін:


  • су және ас арқылы, мысалы, дизентерия және іш сүзегі кезінде;

  • ауа тамшылы (тұмау кезінде);

  • трансмиссивті – безгек пен бөртпе сүзек кезіңде;

Эпидемия – адам үшін аса жойқын табиғи құбылыстардың бірі. Инфекциялық аурулар, соғысқа қарағанда адам өмірін көптеп алып кеткенін статистиканың өзі дәлелдеп отыр. Деректер мен жылнамалар орасан зор аумақты қиратқан және миллиондаған адамды жойып жіберген жан түршігерлік пандемияның сипаттамасын біздің заманымызға дейін жеткізген. Кейбір инфекциялық аурулар тек адамдарға ғана тән: азиялық тырысқақ, шешек, іш сүзегі, бөртпе сүзек және т.б. Сондай – ақ адам мен жануарларға ортақ аурулар да бар: топалаң, маңқа, сарып, туляремия және т.б.

Соңдай – ақ эпидемиялар, үлкен санды адам өлімін, елдерде ашарлылық жайлауын, үлкен аймаққа созылатын ірі құрғақшылық тудыратын апатты құбылыс кезінде де орын алады.



Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда зақымданған аймақта карантин немесе обсервация енгізіледі.

Карантин – зақымдалу ошағын қоршаған халықтан толығымен окшаулауға және ондағы инфекциялық ауруды жоюға бағытталған эпидемияға қарсы және тәртіптік іс – шаралардың жиынтығы. Ошақ айналасында қарулы күзет орнатылады, кіруге және шығуға, сондай-ақ, заттарды алып шығуға тыйым салынады. Жабдықтау арнайы пункттер арқылы, қатаң медициналық қадағалаумен жүргізіледі.

Обсервация – оқшаулау – шығу мен кіруге және қауіпті деп жарияланған аумақтағы адамдардаң қарым – қатынас жасауын шектеуге, медициналық бақылауды күшейтуге, жайылудың алдын алу мен инфекциялық ауруларды жоюға бағытталған шектеулі іс – шаралардың жүйесі. Обсервация аса қауіпті топқа жатпайтын инфекция қоздырғыштарын анықтаған кезде, сондай – ақ карантин аймағының шекарасымен тікелей жанасатын ауданда енгізіледі
Негізгі инфекциялық аурулардың қоздырғыштарының қысқаша сипаттамасы, обсервация және карантин мерзімі

Қоздырғыш

Орташа

инкубацнялық

кезең (тәулік)

Аурудың айналасындарға қауіпті

Обсервация мерзімі

(тәулік)

Карантин мерзімі мен енгізу шарты

оба

1-3

өте қауіпті

-

6 тәулік

тырысқақ

1-3

өте кауіпті

-

6 тәулік

сібір жарасы

1-3

аз қауіпті

8

жаппай ауруға шалдыққанда және карым-қатынастық таралу кезінде 8 тәулікке белгіленуі мүмкін

бөртпе сүзек

10-14

педикулез болған жағдайда қауіпті

23

жаппай ауруға шалдыққанда және педикулез болған жағдайда 23 тәулікке белгіленуі мүмкін

табиғи шешек

13-14

өте қауіпті

-

17 тәулік

Әдетте карантин және обсервация мерзімін аурудың максималды инкубациялық кезеңінің ұзақтығына байланысты белгілейді. Оны соңғы ауруды госпиталдау мен дезинфекцияның аяқталған кезеңнен санайды.



Эпидемияның алдын алу үшін аймақтың, сумен қамту жүйесі мен канализацияның тазалығын күшейту керек, халықтың санитарлы сауатын арттыру, гигиена ережелері сақталуы тиіс, азық – түлікті дұрыс өндеу және сақтау қажет, қоздырғыштар тасымалдаушылардың әлеуметтік белсенділігін және олардың сау адамдармен қарым – қатынасын шектеу қажет.
2 Эпизотия, клиникалық белгілері және аурулардың ерекшелігі, алдын алу және қоршаған шаралары. Эпифитотия. Аурудың ерекшелігі мен белгілері және әсер ету сипаттамасы. Жою салдары, қорғану шаралары, алдын алу және болжау.

Эпизоотия - белгілі бір аумақтың шегінде бір мезгілде уақыт пен кеңістікте дамитын, белгілі бір аймақтағы ауруға шалдығу денгейінің әдеттегі санынан айтарлықтай асатын, бір немесе бірнеше түрдегі ауылшаруашылық малдарының арасындағы инфекциялық аурудың таралуы.

Панзоотия бірнеше ел және материкті, бүтін бір аймақты қамтитын үлкен территорияда ауылшаруашылық малдарының арасында инфекциялық аурудың бір мезгілде жаппай таралуы.

Энзоотия - белгілі бір аймақтағы, шаруашылықта немесе пунктте малдарының арасындағы инфекциялық аурудың бір мезгілде таралуы, аталған аурудың жаппай таралуын шектейтін табиғи және шаруашылық-экономикалық жағдай.

Эпизоотиялық ошақ - ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауру қоздырғыштарының шыққан орны. Қоздырғыштардың берілуін болдырмау үшін аталған инфекцияларға шалдыққыш малдарды оқшаулайды.

Эпизоотиялық жагдай – белгілі бір уақыт аралығында, нақты бір аймақта ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауруларының көп таралу жағдайы.

Эпизоотиялыққа қарсы іс-шаралар - патогеңді микроағзалармен зақымданған ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауруларының алдын алуға, табуға және жоюға бағытталған іс – шаралар жиынтығы.
Эпифитотия

Эпифитотия - ауылшаруашылық дақылдарының жаппай жойылуы және олардың өнімділігінің төмендеуімен қатар жүретін уақыт пен кеңістікте ауылшаруашылық өсімдіктерінің жаппай, біртіндеп күшейе түсетін инфекциялық аурулары және өсімдік зиянкестері санының бірден өсуі.

Энфитотия – белгілі аймақта көрініс табатын және бірнеше жыл болмашы өзгеріп тұратын өсімдіктердің жаппай ауруға шалдығуы.

Панфитотия – бірнеше ел немесе құрлық территориясындағы ауылшаруашылық өсімдіктері зиянкестерінің күрт өсуі және өсімдіктерінің жаппай ауруға шалдығуы.

Өсімдіктердің зақымдауы – фитопатогеннің өсімдікке ену кезінен бастап аурудың пайда болуы.

Өсімдік карантині – әбір елдің тиісті органдарымен қойылатын тасып әкелінуден елдің өсімдік қорын корғау және карантиндік нысандардың жайылуының және басқа да аса қауіпті өсімдіктердің зиянды ағзаларының алдын алуға бағытталган мемлекеттік іс – шаралар жиынтығы.

Өсімдік карантині бойынша мемлекеттік қызмет – елдегі іс-шараларды ұйымдастыру мен олардың жүзеге асырылуын қадағалау міндеттелген, орталықтандырылған ведомствоаралық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жүйесі.

Өсімдікдік карантинінің пункті – шекаралық көпірлердегі және өзен порттарындағы, әуежайлардағы, теміржол станцияларындағы, тас төселген жолдардағы өсімдік карантинінің пункттері.
3 Жұқпалы аурулардан сақтандыру. Жұқпалы ауруларға қатысты ескерту шараларының кешені жұқпалылық барысының барлық үш буынынажұқпалы ауру көзіне, оның берілу жолына және организм қабілетіне бағытталған.

Жұқпалы көзіне қатысты өткізілетін шараларға ауруды ертерек, белсенді және толық анықтау, оларды дер кезінде оқшаулау, емханаға жатқызу мен емдеу, ошақта дезинфекциялық шараларды жүргізу жатады.

Жұқпалылық барысы екінші буынының – қоздырғыштың берілу жолының үзілуі аса маңызды, сондықтан ауруды сақтандыруда жеке гигиена тәртіптерін сақтауға, халық арасында гигиеналық дағдылар мен санитарлық мәдениетті сақтауға, сақтандыру және жұқпалылармен күрес шараларын жүргізуде денсаулық сақтау органдарына көмектесуге үлкен маңыз беріледі.

Ауру ошағында азық түлік тағамдарының сақталуына, тамақтандыру және сумен жабдықтау нысандарының санитарлық күйіне, азық – түліктің, дайын тағамдардың сақталуы мен тасымалдануына, суды пайдалануға, сондай – ақ, дезинфекциялық шаралардың толық жүргізілуіне ерекше санитарлық – гигиеналық бақылау қамтамасыз етіледі.

Жұқпалы тізбегінің үшінші буынына халықтың бейімділігіне бағытталған сақтандыру шаралары жұқпалы ауруларға қарсы жасанды имумунитет жасау болып табылады. Ауру тудырғыш микроб әсеріне организмнің бейімделмеуі иммунитет деп аталады. Олар туа біткен (табиғи) және келе біткен (жасанды) иммунитет болып бөлінеді.

Туа біткен иммунитетке адамның тумасынан белгілі бір жұқпалы ауруға бой алдырмауы жатады.

Келе біткен иммунитетке шалдыққан аурудан кейін (қызылша, табиғи шешек) болмаса егу нәтижесінде (вакциналау) жасалады.

Дезинфекция немесе зарарсыздандыру адамның қоршаған ортасында жұғымтал ауру қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиыны. Дезинфекцияның жекелеген түрлеріне дезинсекция, яғни жұқпалы ауруды тарататын жәндіктер мен кенелерді жою және дератизация – жұқпалылық тұрғысынан қауіпті кеміргіштерді құрту жатады.

Зарарсыздандыру мақсатына байланысты дезинфекция сақтандыру, ағымдық, қорытынды болып бөлінеді.

Сақтандыру дезинфекциясы жалпы қоғамдық орындар )асхана, монша, кір жуу орыны, шаштараз, вокзал, вагон т.б.) арқылы жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу ықтималдығын ескерту мақсатында өтеді.

Ағымдық дезинфекция жұқпалы аурудың таралуын ескерту мақсатында өтеді: оны жұқпалы ауруға шалдыққандар жатқан емдеу мекемесінде өткізеді.

Ақтық дезинфекцияны жұқпалы дертке шалдыққан әкетілгеннен кейін, сауыққаннан сон немесе қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі.

Дезинфекцияға тән көрсеткіштерге байланысты зарарсыздандырудың механикалық, физикалық және химиялық әдістерін қолданады.

Механикалық әдіске бөлме мен орналасқан дүниені ылғалдап тазарту, киім кешек пен төсек орынды қағу, шағ сорғыш көмегімен, әктеу арқылы бөлмені шаңнан тазарту жатады. Залалсыздандырудың механикалық тәсілі әлде қайда қарапайым және қолдануға мүмкіндік бар. Ол сыпыру, тазалау, қағу, барлық мүмкін заттардың бәрін сабындап жуу, дымқылдап тазалау, ғимаратқа таза ауа кіргізу және желдету, әр түрлі жерлердегі микроорганизмдерді шаңсорғышпен сорғызу, су мен ауаны фильтрлеу. Бұл тәсілдер микробтардың санын азайтуға ғана көмектеседі.

Егер залалсыздандыру қоспаларына, қайнақ суға шылап механика­лық тәсіл үйлесетін болса, залалсыздандыру тиімділігі артады.

Қайнату – қайнаған суға бұзылмайтын заттарды заласыздандырудың қарапайым, қолайлы және сенімді тәсілі. Ол ыдыстарды, түкіргішті, дәретке отыратын орынды, іш киімдерді, орамалдарды, халаттарды, тамақтардың қалдықтарын залалсыздандыруға қолданылады.

Көптеген бактериялар қайнаған суда сол сәтте – ақ немесе 2 - 5 минутта өледі. Кейбір вирустар (гепатит В,С), сібір жарасы спорлары (ұрықтары) 60 минуттан кейін өледі, сіреспе, делбе ауруларының спорлары 3 сағаттан кейін, ал ботулизм (тамақтан уланатын ауыр ауру) спорлары - 6 сағаттан кейін өледі. Қайнаған суға 2% - дық ас содасы ерітіндісін немесе сабын қосса оның залаласыздандыру әрекеті күшейеді.

Жоғары температурада қыздыру барлық микроорганизмдерді, соның ішінде олардың спорларын да өлтіреді. Бұған денеге жіберілетін металл заттарды (уколдың инесі) газ отына залалсыздандыру, спиртке матырылған ыстық тампон (тығын) жатады. Шылапшындарды, темір заттар­ды (қайшылар, тістеуіктер, қысқыштар және т. б.) осылай залалсыздандыруға болады.

От құнды емес зақымдалған заттарды: макулатура, қоқыс, шүберектер, дәкілер т.б. өртеу үшін пайдаланылады.

Физикалық әдіс пен құралдар дезинфекцияның қарапайым және ең оңай тәсілі болып табылады. Олардың санатына күн сәулесі мен ультра күлгін сәулесімен емделу, қоқыс пен құндылығы жоқ заттарды өртеу, ыстық су бүрку жатады. Ультракүлгін сәуле (УКС) үлкен бактерицидтік қабілетке ие. Ультракүлгін шамдарды жағу кесте бойынша қатаң жүргізілуі тиіс, оны үйде барлығы білуі керек, өйткені ультракүлгін сәулелер ауруға соқтыруы мүмкін - көздің тез қарығуы, терінің күюі. Шамның жарығы төбеге немесе қабырғаға бағытталады.

Күн сәулесі жақсы залалсыздандырады, бұл оның спектрінің ультра күлгін бөлігіне байланысты.



Залалсыздандырудың химиялық әдістері ауруды күту кезінде бас­ты залалсыздандыру тәсілі болып табылады.

Хлор әгі хлор өткір иісі бар, ақ кристалды ұнтақ. Хлор әгімен залал­сыздандыру хлордың бөлінуіне негізделген. Хлор әгі ішек аурулары, ауа инфекциялары, зооноздар (малдардан жұғатын аурулар), сіреспе ауруларында қолданылады.

Кальций хлориді тұзының үштен екісі — препарат, хлорлы әкке ұқсас, бірақ құрамында 50% дейін активті хлор бар. Ұзақ сақталына алады (2-3 жыл). Хлорлы әк сияқты, 0,1% - 15% концентрациясы сәулелену ерітіндісі түрінде қолданылады.

Хлорамин (БХБ) – хлордың әлсіз исі бар ақ немесе сәл сарғыш ұнтақ. Құрамында 30% дейін белсенді хлор бар. Өзінің белсенділігін 30% дейін төмендетпей жылдар бойы сақтала алады. Хлорлы әктен айырмасы хлора­мин маталардың бояуларын бүлдірмейді. 0,2% - 10% концентрациялы ерітіндісі қолды, щеткаларды, асхана ыдыс – аяқтарын және басқаларды за­лалсыздандыру үшін қолданылады.

Төтенше жағдайлардың салдарларын жою кезінде санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар қолдану қажет. бұл ауру ошағында да, сондай – ақ оған жақын аудандарда да кенеттен және жыл­дам індеттік жағдайлардың ушығуына байланысты. Мұндай жағдайда апаттың қираған және бұзылған ошағы ретінде және соған қалыптасуын жалғастырушы ретінде, гигиеналық маңызды объектілер қатал бақылауға алынады. Оларға жататындар:



  • сумен жабдықтау және құбыр жүйесі;

  • азық – түлік өндірісі, қоғамдық тамақтандыру және сауда объектілері;

  • коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары;

  • балалардың мектепке дейінгі мекемелері және мектептер;

  • зардап шеккен және зардап шекпеген тұрғын үй қорлары;

  • зардап шеккендер мен аурулар орналастырылған, емдеу – алдын алу мекемелері;

  • көшірілген халықты уақытша орналастыру орындары;

Эпидемиологиялық ошақтан орын ауыстыру кезінде анықталған жұқпалы ауруды жұқтырушыларды қалған зардап шегушілерден оқшаулайды. Қауіпті аймақтан аурулар мен саулардың бірігіп көшірілуі олардыі өміріне сыртқы қауіп төніп ұурған (өрт, су тасқыны және басқалар) кезде ғана жүзеге асады. Ауруларды сараптау уақытша ашылған немесе стационарлық емдеу мекемелерінде жүргізіледі.

Көшірудің барлық кезеңінде жұқпалы аурумен ауырғандарды екі топқа бөледі.



Бірінші топқа – байланысы жоқ (жұқпалы емес) немесе бурцеллез, туляремия, менингококты ауру сияқты шағын байланыстағы, кейбір түрлері геморрагиялық безгек, ботулизм және басқа жұқпалы аурулар.

Екінші топқа – аурулары айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру­лар, байланысы бар (жұқпалы) және өте тез жұғатын – оба, сібір жарасы, іш ауруы, тырысқақ, вирусты гепатит, қызамық, қызылша, Ласса безгегі, Эбола безгегі, Марбург ауруы және тағы сондайлар.

Дәрігерлік көмек алып жатқан басқа зардап шегушілерден бөліп, екі топтың да ауруларын жеке орналастырады және емдейді. Дала жағдайларында оларға арнап шатырлардан лагерь жасалады, ол ТЖ жағдайларын жою үшін тартылған адамдардың және басқа зардап шегушілердің лагерлерінен арақашықтығы қауіпсіз жерге орналасады.

Апат ауданындағы алдыңғы кезектегі шаралардың бірі – тереңдетілген санитарлық – эпидемологиялық барлау болып табылады. Апат ауда­нындағы санитарлық – эпидемологиялық іздестіру – кұтқару қызметі улы зат­тармен және патогенді микробтармен, ауыз суымен, азық – түлік тағамдарымен, сыртқы орта объектілерімен және зардап шеккен халықты қорғау жөнінде шаралар қабылдау, зақымданған адамдарды дер кезінде анықтау мақсатында қадағалау және зертханалық бақылау ұйымдастырады.

Нақты шараларға байланысты апат болған ауданда зертханалық ба­қылау мен желілік бақылау міндеттері белгіленеді.

Жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы кезінде:


  • жергілікті жердегі радиация деңгейін анықтау;

  • ауыз суының ластануын, азық – түлік тамақтарының, мал және өсімдік тағамдарының радиоактивтілігін анықтау;

  • радиациялық қорғау шараларын негіздеу мақсатында сыртқы орта объектілері мен жергілікті жердің радиоактивті зақымдануының адамдар үшін қауіптілігін бағалау;

  • азық – түлік тағамдарына, шикізат пен ауыз суына оларды пайдалану мен ішуте жарамды екендіктері туралы тұжырым жасауға сараптама өткізу.


Дератизация – әдістері, құралдары. Дератизация – жұқпалы аурулардың көзі болып табылатын (оба, ту­ляремия және басқа) кеміргіштерді құрту. Дератизация жасау үшін биоло­гиялық, химиялық және механикалық әдістер қолданылады.

Биологиялық әдіс хайуанаттар (мысық, ит және т.б.) мен бактериалды мәдениетке пайдалануға негізделген.

Механикалық әдісте әр түрлі аулар және қысқыштар қолданылады.

Жетекші әдіс химиялық әдіс болып табылады. Зооқумарин, ратиндан, мырыш фосфады және жейтін жемдеріне қосып беретін тышқан дәрісі кеңінен қолданылады. Жер асты коммуникациялық ғимараттарда дератизация кезінде газ тәрізді заттар қолданылады – нілдеткіш қышқыл, бромды метил, күкіртті газ және басқалар

Кеміргіштерді жою үшін ұсынылатын химиялық зат.

Зоокумарин – өзіне тән исі бар ақ немесе сұрғылт ұнтақ. Сақталуы тұрақты. Суға ерімейді. Ацетонда жақсы ериді, спиртте жаман, эфирде нашар ериді. Әрекеттің созылуы 7 – 15 тәулік. Қан тамырларның өткізгіш қасиеттерін бұзып, қан кетуіне апарады.

Ратиндан – көгілдір не басқа түсті (бояғыш затқа байланысты) түссіз ұнтақ. Сақталуы тұрақты, суға ерімейді. Органикалық еріткіштерде ериді. Әрекет етуінің ұзақтығы 5 – 8 тәулік. Қан тамырларның өткізгіш қасиеттерін бұзып, қан кетуіне апарады.

Мырыш фосфады – сарымсақтың иісі бар қою – сұрғылт ұнтақ. Сакқтау кезінде фосфорлы сутек бөле отырып біртіндеп ыдырайды. Суда ерімейді қышқылда тез ыдырайды. Әрекет етуінің ұзақтығы 2 – 3 тәулік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет