Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Табиғи сипаттағы құбылыстар» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің


Су тасқыны қаупі пайда болған кездегі өткізілетін шаралар



бет4/10
Дата26.06.2016
өлшемі2.45 Mb.
#159684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Су тасқыны қаупі пайда болған кездегі өткізілетін шаралар:


  • су басу болжамына тұрақты назар аудару, шаруашылықтың мүдделі салаларын гидрологиялық құрылыстардың қауіпі дамуы туралы жедел ескерту.

  • Тоғанның, бөгеттің, су қоймасы мен басқа объектілерінің жағдайына тұрақты бақылау жасау.

  • Су қоймасындағы судың жинақталуын ретте

  • Ірі өзендерде судың транзиттік жіберілун жүргзу /гидротораптардың жағасын нығайту немесе осы тоғандардың аса қауіпсіз бағыттағы бұзылуын ауыздықтау.

  • Жүзу және құтқару құралдарын даярлау

  • Халық пен малды дер кезінде көшруге әзірлік және жүрізу, ықтимал су тасқыны ауандарынан материалдық құндылықтарды әкету.

  • Су тасқыны аймағындағы тұрған үйлерді судың басуын болдырмау үшін белгілі бір уақытта топырақ салынғанқаптармен бекіту, үйлердің бірінші қабаттарындағы есік пен терезе тақтармен немесе үйеңкімен шегеленеді.


Тасқын кезіндегі өндірістік қызметкерлер мен халықтың өзін-өзі ұстау тәртібі және іс-әрекеті

Халыққа көшудің басталуы мен тәртібі туралы жергілікті радиохабар торабы мен теледидар бойынша, ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын, мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істемейтін халыққа тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.

Халыққа жиналатын нүктелерінің орны, осы нүктеге келу мерзімі, көшу кезінде жаяу баратын бағыт, сондай- ақ апаттың күтілген көлеміне орай туындаған жергілікті жағдайда, оны ауыздықтау уақытына қатысты басқа да мәліметтер хабарланады.

Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние- мүлікпен бірге көшіріледі. Көшіру су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді мекендерге бойынша жүргізіледі. Халық қоғамдық ғимараттарға және жергілікті тұрғындардың тұрғын алаңдарына қоныстандыру жолмен орналастырылады.

Кәсіпорындар мен мекемелерде су қаупі төнге жағдайда жұмыс режимі өзгереді, ал кей жағдайда жұмыс тоқтайды. Су басу ықпалы аймақта мектептер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелері уақытша жұмысын тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге орналасқан мектеп пен балалар мекемесіне ауыстырылады. Егер төменгі қабатта тұратын және көшедегі адамдар судың көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттардаға көтерілуге, егер үй бір қабатты болса, шатырға шығуға тиіс. әкімшілік нұсқаумен жұмыста болған кезде белгіленген тәртіпті сақтап, биік жердегі орындарға бару керек. Далада кенеттен су басқан кезде дөңеске немесе ағашқа шығып, әр түрлі жүзу құралдарын пайдаланған жөн.

Үйден /пәтерден/ шыққан кезде өзіңізбен құжаттарыңызды, ұндылықтарды, аса қажетті заттармен, 2-3 тәуліктік азық- түлік қорын алу ұсынылады.

Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікті жоғарғы қабатқа, шатырға шығару керек. Үйден /пәтерден/ шығадың алдында электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікі, терезені, ғимараттағы желдету және басқа да саңлауларды нығыздап жабу керек.

Су басқан аумақтағы адамдар іздеу шұғыл ұйымдастырылып, сол үшін АҚ және ТЖ құрамаларының, әскери бөлімдерінің жүзу құралдарының экипажы мен басқа барлық қолда бар күшпен құралдар таратылады. Құтқару жұмыстары кезінде, ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын қатаң орындау керек. Құтқару құралдарын /катер, қайық,желкен және т.б./ шектен тыс толтыруға болмайды, өйткені бұл адамардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаға жөн.

Суда қалған кезде ауыр киім мен аяқ киімді шешіп, жақында жүзіп жүрген затты пайдалану, көмек күту керек. Жақын маңдағы су баспаған жерге, ағысқ қырындай жүзе тұрып бару керек.

Батқан адамға шалқалай жүзіп барған жақсы. Жақындаған оны басынан, иығынан, қолынан, жағасынан ұстап, оны шалқалай жатқызып, бос қолмен аяқты семей отырып жағаға қарай жылжу керек.

Қайықта батқан адамдар ағысқа қарсы, жел соққан кезде жел мен толқынға қарсы жақындау керек.

Су басқан кезде жоғарыда келтірілген шаралардан басқаөтпел жолдармен көпірлерді жедел қалпына келтіру, зардап шегуілерге киім мен тамақ жеткізу, қосымша бөгетті, су жіберетін каналдар мен тоғандарды тұрғызу, бұыннан бар бөгеттердің саңылауы мен шайылған жерін бітеу, өндірістік қондырғыны құтқару, комуналдық энергетика желісінің зақымдалуын жою. Ғимараттар мен тұрақтарды қысқа уақытта қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар орындалады.

Су кеткеннен кейін үзілген және ілулі тұрған электр өткізгіштерінен, зақымдалған газ желісінен сақтану қажет. Үйге кірерде оның бөлшектерінің су толқынының соққысынан теңселмейтіндігіне көз жеткізу қажет. Судан табылған азық – түлікті тасқынннан кейінгі іркілен суды пайдаоануға болмайды. Әкелінетін су болмаған жағайда жақын маңдағы құдықты түбіне дейін сарқып, ол топырақ суымен қайта толғанша күту керек.
3 Aлдын алу және гидросферадағы әр қауіпті құбылыс үшін құтқару жұмыстарының түрлері.

Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жылжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қардың еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.

Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізуі керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.

Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:



  • Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік);

  • Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін);

  • Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары).

Жалпы су тасқыны деп нені айтамыз? өзеннің су режимінің кезеңі, өзендегі салыстырмалы қысқа мерзімді және өзен суының кезеңдік емес деңгейінің көтерілуі. Су тасқыны мұздықтардың, қар жамылығысының қарқынды еруінен және де шауын-шашын мөлшерінің шамадан көп болуынан туындайтын табиғи құбылыс. Су тасқыны жылдың барлық мерзімінде туындауы мүмкін және кезеңдік қайталанбауымен ерекшеленеді.

Су басу - өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Сонымен қатар, қардың еруі жауын – шашын, желдің суды айдап алып келуі және т.б. нәтижесінде жердің белгілі бөлігінің су астында қалуы. Су басудың айрықша түріне өзенді сағасынан шығара соққан жел арқылы болған су басулар жатады. Ол елді мекендердің су астында қалуына, адам мен малдың өлім – жітіміне алып келеді. Су басулар көпірлердің, жолдардың, ғимараттардың, құрылыс нысандарының бұзылуына әкеп соғады, көптеген материалдық шығынға ұшыратады, ал судың аса күшті жылдамдығы кезінде (4м/с жоғары) және судың көтерілуі жоғары (2м жоғары) болған кезде адам өмірі мен жануарлардың қырылуына алып келеді. Қираудың басты себебі – су массасының гидравликалық соққысының салдары, аса қатты жылдамдықпен ағатын мұздар, әр түрлі жүзіп жүрген сынық заттар және т.б. Су басу аяқ астынан болады және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылады.

Келтірілген материалдық шығын мен су алған алаңға байланысты су басулар мынандай болады:



  • Төменгі су басулар жазықтықта 5-10 жылда бір рет қайталанады;

  • Жоғарғы су басулар, айтарлықтай алаңды алады, 20-25 жылда бір рет болады;

  • Алапат су басулар, шаруашылық қызметті тоқтатып, халықты жаппай көшіруге алып келеді, 50-100 жылда бір рет болады;

  • Апаттық су басулар үлкен аумақты басады, аса үлкен материалдық шығынға ұшыратады, шаруашылық қызметтер толығымен тоқтайды, адамдар қаза табады, 100-200 жылда бір рет болады.

Көптеген су басулардың негізгі себептері нөсер жаңбыр, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі, қума жел болып табылады.

Сырғымалар, бөгеттердің, тоғандардың кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті. Ол өз кезегінде нөсердің немесе ұзақ жаңбырдың салдары болып табылады.

Судың көтерілуінен болатын су басуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан – наурызда, оңтүстік – шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз – шілде айларында, республиканың жазықтағы өзендерінде наурыз – маусым айларында болуы мүмкін.

Жаңбыр тасқындары Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен оңтүстіктегі, оңтүстік – шығыстағы тау етегіндегі және ортасындағы өзендерде, сайларда, көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай – ақ жазғы – күзгі мерзімде Ертіс бассейінің өзендерінде байқалады. Олар көбінесе жойқын болып келеді. Орта таулы аймақтарындағы жаңбыр тасқынының ерекшелігі белгілі бір жағдайларда олардың селге айналуы болып табылады.

Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аумағында Орал өзенінде және Каспийдің бүкіл солтүстік – шығыс жағалауында болады. Атырау және маңғыстау облыстарының бүкіл шаруашылық кешеніне орасан зор залал келтірген соңғы жылдардағы су тасқыны Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуімен байланысты болады. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің суы аса таяз. Каспий теңізі маңы ойпатының үлкен алаңдарында теңіздің болмашы еңістері бар, ол солармен байланысты шалшықтанған және сорланған. Осы себептерге байланысты көктемде және күзде күшті желдер соғатын мезгілдерде Ганющенко поселкесінен бастап Маңғыстаудағы Бұзашы түбегіне дейінгі теңіз жағалауындағы көптеген елді мекендерді 50 км қашықтықтағы аумақты бойлай су басады, бұл жерлерде су деңгейі 1,5 – 2 метрге дейін көтеріледі.

Кептелулер мен тосқауылдардан болатын қиратқыш күшке салдары бар тасқынның таралу аудандары Іле, Жоңғар Алатауының, Шығыс Қазақстан өзендері болып табылады. Олар күз бен көктемде мұз жамылғысының бұзылуы мен пайда болуы кезінде байқалады.

Өзеннің жоғарғы бөлігіндегі мұз тосқауылдары топырақ бөгеттерінің бұзылу жағдайында тасқын қас қағым сәтте болуы мүмкін. Қалған жағдайларда су басу қауіпіне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік беретін азды – көпті уақыт бар. Алайда қардың көктемгі еруі, құбылмалы ауа – райының созылуы, мұз жүрген кезде өзен жағалауына тоқтамаған дұрыс.

Тау өзендерінің тасуын, сел және қар көшкіні сияқты табиғи құ­былыстарды алдын-ала дәл болжау мүмкін емес. Мұндай апат­тардың пайда болуына әсер ететін құбылыстар өте тез арада, кейде бірнеше сағаттың ішінде-ақ орын алады. Таулы аймақ­тардағы қалың жаңбыр немесе мол қар жауатын ке­зең­дерді гидро­метеороло­гия­лық фак­тор­ларға сүйене отырып, негізінен 12-ден 24 сағатқа дейін алдын-ала болжауға болады. Ал қар көшкіні туралы қауіп бірнеше күн бұрын анықталып, ха­бар­ланып отырады. Сонымен бірге, ірі өзендердегі көктемгі мұз кептелісінің әсерінен су дең­ге­йінің күрт көтерілуі сал­дарынан болатын апатты ахуалдар да алдын-ала ескертіледі.



Су тасқынынан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар. Елді мекендердегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.

Республика аумағындағы көптеген тасқындардың тасқын судан болатындығы белгілі болып отыр. Ескерту жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басылуы күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету және су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу, ғимараттар мен үйжайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою, қысқа бұталы ағаштар отырғызу, жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау.



Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынның шараларын алдын ала іс шараларын қабылдауға күнделікті мониторинг жүргізіп, «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне талдау жұмыстары жүргізіледі. Алдын ала болжам бойынша, 2011 жылы Шығыс Қазақстан облыстарының сулары көтерілуі мүмкін. Алдын ала дайындықтарын пысықтауға, жергілікті органдар мен аймақтарда көктем кезіндегі су тасқынына профилактикалық дайындығын жалпы қарастыруға Төтенше жағдайлардың комиссиясының жиналыстарын өткізеді.

Тасқын судың алдын алу үшін еліміздің әкімшіліктері, мемлекеттік ұйымдары, шаруа қожалықтары, жекеменшік ұйымдары, жекелеген тұрғындар келесідей қорғану іс-шараларын жүргізу қажет:



  • көлік жолдарындағы нөсер ағызғыларды тазалау, жол көпірлерінің маңына еріген сулардың жиналуын қадағалап, мұз кептелулерден, қар мен бұталардан, тұрмыстық қалдықтардан үнемі тазартып отырулары қажет;

  • әрбір жекелеген азамат үй маңынан өтетін арықтар мен каналдарды тұрмыстық қалдықтардан, күл-қоқыстан, бұталардан және де аулаларын қардан тазартып отыру қажет;

  • меншіктік түріне қарамастан техникалардың санын түгендеп және олардың су тасқыны кезеңіне дайындығын тексеріп отыру қажет;

  • тасқын су қаупі бар аймақта орналасқан елді мекендердегі тұрғындардың құрал-саймандары үнемі дайындықта болуы қажет қажет;

  • тасқын су қаупі төне қалған жағдайда тиісті ұйымдарға дер кезінде хабар берулері қажет.

Егер аудан су басудан жиі зардап шегетін болса, су басуы мүмкін аумақтың шекарасын сондай – ақ, сирек су басатын, тез жететін және тұратын жерден алыс емес жерлер мен қыраттарды есте сақтап, зерттеп алған жөн. Адамдарды көшіру, жеке және топтасып көшу, сондай ақ, кенеттен және қарқынды су басу кезіндегі тәртіп ережелерімен халықты таныстыру.

Гидротехникалық ғимараттарды жөндеу, көпірлерді, автокөлік инфрақұрылымын қалпына келтіру міндеті жүктелді. Мүмкіндігінше тұрғын үйлерді және инженерлік инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстарына еліміздің барлық өңірлерін, ұлттық компанияларын және холдингілерін тарту қажет. Эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстау маңызды. Мал өлімі қауіпті инфекциялардың таралып кетуіне әкеліп соқпауы тиіс.

Еліміздің барлық өңірінің әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары су тасқынының алдын алу мәселесін жіті қадағалап, барлық су қоймаларының, плотиналардың, бөгеттердің, өзге де гидроғимараттардың жағдайын жан-жақты тексерулері қажеттігін атап өтті. Күні-түні кезекшілік ұйымдастырып, барлық мәселені бақылауда ұстау қажет. «Қолайсыз ауа-райы мен арнайы техниканың жетіспеуі төтенше жағдайды жою мен оның алдын алу шараларын шұғыл жүргізуге мүмкіндік бермеуде. Осыған байланысты Үкімет тарапынан бірқатар шаралар атқарылса игі. Мемлекеттік органдардың басшылары су тасқынының алдын алу мәселесін, су тасқынының салдарынан келген авариялардан, апаттардан және дүлей зiлзалалардан, елдiң халқын, объектiлерi мен аумағын сенiмдi қорғауды қамтамасыз етудi; мемлекеттiк және жедел резервтердiң аумақтық бөлiнген тиiмдi басқару жүйелерiн, күштерi мен құралдарын құруды және олардың дайындығын жоғары деңгейде ұстауды қамтитын ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған апаттарға қарсы әрекет жасаудың жаңа идеологиясын жасап шығару болып табылады.

Жоғарыда аталған мақсатқа қол жеткiзу және апат салдарын азайту жөніндегі шаралар үшiн мынадай негiзгi мiндеттердi:

дағдарыстарды басқарудың тиiмдi тетiктерiн, оның iшiнде төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiру, мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы жауапкершiлiк пен өкiлеттіктердi оңтайлы бөлу арқылы жасап шығару;

Қазақстанның табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырауға бейiм аумақтарына терең талдау жүргiзу, республиканың әр өңiрi, елдi мекенi мен объектiсi үшiн ықтимал қауiптер мен қатерлердi анықтау, олардың халыққа, материалдық құндылықтарға және қоршаған табиғи ортаға қауiптілiк деңгейiн бағалау;

қатерлердiң барлығын қамтитын, автоматтандырылған мониторингi жүйесiн құру, авариялар, апаттар және дүлей зiлзалалар болжамдарын дер кезiнде хабарлау және олардың шынайылылығын қамтамасыз ету;

мемлекеттік басқарудың, аумақтардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың барлық деңгейдегi iс-қимылдарын қамтитын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жоспарларының, азаматтық қорғаныс iс-шараларының жүйесiн әзiрлеу;

табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау салдарларын барынша болдырмау не болмаса жұмсарту;

азаматтық қорғаныс жүйесiнiң әзiрлігін арттыру, оны елдiң жаңа геосаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайына сәйкес келтiру;

бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардағы iс-қимылдардың тәртiбi мен ережесiне, төтенше жағдайларда өзiн-өзi қорғау мен өзара көмек көрсетуге халықты оқытудың осы заманғы, тиiмдi жүйесiн құру, осы саладағы әлемдiк стандарттар мен даму перспективаларын ескере отырып, төтенше жағдайларды басқару органдары мен қызметтерi үшiн кадрлар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру;

табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуда және оларды жоюда, елiмiздiң азаматтық қорғаныс iс-шараларын орындауда халықтың кең түрде қатысуы үшiн жағдайлар қамтамасыз ету;     

мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейiн қамти отырып, осы заманғы және перспективалық технологиялар негiзiнде төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы байланыс, хабарлау, ақпарат және автоматтандырылған басқару жүйесiн жаңғырту, оларды бiрыңғай басқару жүйесiне кiрiктiру;

Министрлiкке ведомстволық бағынысты ұйымдардың ғылыми-практикалық әлеуетiн пайдалана отырып, төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласында мамандандырылған ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық ұйымдар құру, осы саладағы жаңа жетiстiктер мен технологияларды енгiзу проблемаларын шешудiң ғылыми негiздiлiгiн қамтамасыз ету;

төтенше жағдайлар туындаған кезде апаттық медицинаның ден қою жеделдiгiн, оның жұмыс iстеу тиiмділігiн арттыру;

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға әзiрлiктi қамтамасыз ету жөнiндегі қызметте басты басымдық инженерлiк iс-шаралар (ғимараттарды сейсмикалық жағынан нығайту, гидротехникалық және селге қарсы құрылыстарды салу, қайта жаңғырту және нығайту, жар құлау қаупi бар беткейлердi, өзен жарқабақтарын нығайту және өзен арналарын тазарту, құрылыс сапасын қатаң бақылау және т.б.) өткiзу болып табылады.

Сонымен қатар ұйымдастырушылық сипаттағы шараларды күшейту (қауiптi аумақтарға құрылыс салуға тыйым салу, ол жерлерден aдaмдарды көшiрту), табиғи қауiптердi болжау, мониторингiнi жақсарту және ғылыми зерттеулердi тереңдету жөнiнде iс-шаралар қабылдау қажет. Дүлей зiлзалалардан заңды және жеке тұлғаларды ерiктi түрде сақтандыруды дамытуға ең қолайлы сақтандыру режимiн ұсыну орынды.

Су тасқынынан, селден, сырғымадан және қар көшкiнiнен шығындарды азайту мақсатында қауiптi учаскелерде ғылыми iзденiстер және оларға паспорттау жүргiзу;

сел, сырғымалар мен қар көшкiндерiнiң бiрыңғай тиiмдi мониторингi қызметiн құру;

өзен жарқабақтарын нығайту, арналарды түзету және өзен табанын тереңдету бойынша, жағалауды қорғайтын және селден қорғайтын әрi басқа да гидротехникалық құрылыстардың берiктiлігін арттыру және олардың жаңаларын салу бойынша, қар көшкiнi мен сырғыма қаупi бар тау беткейлерiн нығайту бойынша, дер кезiнде төмен қарай қауiптi мұздық көлдердi ағыту және бақылауда ұстап отырып, қар көшкiнiн түсiру бойынша қажеттi инженерлiк-қорғау жұмыстарының көлемiн орындау;

су қорғау және басқа да қауiптi аймақтарда тұратын халықты кейiннен қауiпсiз жерлерге көшiре отырып, кезең-кезеңiмен ол жерлердi өнеркәсiптiк, азаматтық және тұрғын үй құрылыстарынан босату қажет.

Гидрологиялық және метеорологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың тиiмдiлiгiн арттыру:

 қауiптi табиғи құбылыстардың мониторингiн және оларды болжаудың сапасын арттыру;

гидрометеорологиялық болжамдардың, олардың iшiнде ең алдымен дауылдарды ескертудiң, мұздықтар мен су тасқындары жағдайының ғылыми-негiздемелiк әдiстемесiн әзiрлеу деңгейiн қамтамасыз ету қажет.



Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау мақсатында халыққа сақтық шаралары жөніндегі білімді насихаттау. Егер сіздің ауданыңыз су басудан жиі зардап шегетін болса, су басуы мүмкін аумақтың шекарасын сондай – ақ, сирек су басатын, тез жететін және тұратын жерден алыс емес жерлер мен қыраттарды есте сақтап, зерттеп алған жөн. Жеке сақтандыру шараларына мыналар жатады: толқын соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу; жақын орналасқан жерлердің топографиялық биік нүктелерімен танысу; жақындаған зілзала туралы хабардың әдістері мен нысандарын білу; тұрғын үйдің жанына топырақ салынған қаптар, тосқауыл қою, топырақ төгу. Отбасы мүшелеріңізді жеке және топтасып көшу, сондай – ақ кенеттен және қарқынды су басу кезіндегі тәртіп ережелерімен таныстырыңыз. Алдын ала көшу кезінде алып кететін қажетті құралдардың, мүліктердің, дәрі дәрмектердің тізімдерін дайындап қойыңыз. Дайындалған құнды заттарды, керекті жылы киімдерді, азық – түлік қорын, су және дәрі дәрмектерді арнайы чемоданға салып қою керек.

Су басу кезінде не істеу керек. Су басудың қаупі туралы және көшіру туралы хабарландыру берілген кезде көрсетілген тәртіп бойынша су басу қаупі төніп тұрған аймақтан қауіпсіз жерге немесе қыратқа шығыңыз, өзіңізбен бірге құжаттарды, құнды заттарды, қажетті киімдерді, екі – үш күнге жететін бұзылмайтын тамақ қорын алыңыз. Ең соңғы көшіру орнына тіркеліңіз.



Жеке аулада селдің суы кедергісіз ағуы үшін жұмыстар жүргізіңіз:

  • жақын бұлақтарды, арықтарды қоқыстан және мұздан тазартыңыз

  • аулада су ағатын орларды қазыңыз

  • үй ауласын үйіп көмуге қолда бар материалдарды дайындаңыз (қаптар, топырақ, құм, саз). 

Алғашқы қажетті заттары бар сөмке немесе арқа қоржынын, ауыз суы мен азық-түліктің аз мөлшердегі қорын дайындау қажет. Су болмайтындай жерге құжаттарды салыңыз. Бағалы заттарды, қоймадағы азық-түлік қорларын шатыр астына немесе су баспайтын аймаққа көшіріңіз.
БАҚ-ның ақпараттарын және көлік құралдары мен кәсіпорындардың   үзілмелі белгілері және сирена дабылдарын мұқият бақылаңыз.  

Су басу жайлы хабар алысымен асығыс және көшірілу пунктері ұйымдастырылған бағытқа қарай үй-жайларыңызды тастап шығыңыз.

Егер су деңгейінің жоғарылағанын байқасаңыз жедел аудандық, қалалық ТЖ қызметіне, жергілікті атқарушы органдарға хабарласыңыз.

Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндірініз, от жағатын пештерді өшірініз, үйдің сыртындағы барлық қалқитын бұйымдарды бекітіңіз немесе оларды үйдің қосымша бөлмесіне орналастырыңыз. Егер уақыт болса құнды заттарды үстіңгі қабатқа немесе тұрғын үйдің шатырына орналастырыңыз. Есік терезелерді жабыңыз. Ұйымдастырылған көшіру шаралары болмаған жағдайда көмек келіп жеткенше немесе судың деңгейінің түскенінше үйдің жоғарғы қабатында, талға немесе жоғары тұрған жерлерге орналасыңыз. Бұнымен қоса үнемі апат белгісін беріңіз: күндіз жақсы көрінетін матаны іліп қойыңыз немесе таяққа қадап алып сол матамен бұлғап белгі беріңіз, ал түнде жарықпен немесе дауыспен белгі беріңіз.

Құтқарушылар келген кезде ұстанымдылық танытып, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жүзу құралдарына қарай өтіңіз. Құтқарушылардың талаптарын қатаң орындап, жүзу құралдарының шамадан тыс толып кетуіне жол бермеңіз. Қозғалыс кезінде көрсетілген орыннан алшақ кетпеңіз, жүзу құралының бүйіріне отырмаңыз, экипаждың талаптарын қатаң сақтаңыз.

Су басқан аймақтан өздігінен шығуға тек қана зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету керек болған жағдайда ғана шығу ұсынылады. Бұған қоса сенімді жүзу құралы болу керек және қозғалыс бағытын білу керек. Өздігінен қозғалған кезде апат белгісін беруді тоқтатпаңыз. Суда жүзіп жүрген және батып бара жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз.

Егер сіз суда қалсаңыз, төмен қарай тартатын аяқ киімді, ауыр киімді шешіп жүзгіш заттарды, ағашты, басқа да су бетінде қалқып жүрген заттарды іздеп, көмек күтпей ақ оларды пайдалану керек.

Су тасқыны кезінде кіреберіс жолдар мен көпірлер жедел қалпына келтіріліпзардап шегушілерге тамақ пен киім жкткізіледі. Қосымша үйінді, су ағызатын каналдар мен бөгеттер тұрғызылады, бұрыннан бар бөгеттердің шайылған жері мен саңылауы бекітіледі. Өндіріс қондырғылардың құтқару, жөндеу, ғимараттар мен үй жайларды тез қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Су кеткеннен кейін үзілген және ілулу тұрған электрөткізгіштерін, зақымдалған газ құбырынан сақталу қажет. Үйге кіреде оның бөліктерінің су толқынының соққысынан теңселмейтіндігіне көз жеткізу қажет. Суда табылған азық – түлікті, тасқыннан кейінгі іркілген суды пайдалануға болмайды.

Су тасқыны жағдайындағы көшіру туралы, әдетте, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның арнайы шешімімен жарияланады. Көшірудің басталатындығы және тәртібі туралы халыққа жергілікті радиоторабы желілері мен жергілікті теледидар бойынша хабарланады. Жұмыс істейтіндерге сонымен қатар, кәсіпорын, мекеме мен оқу орындарының әкімшілігі, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істемейтіндер пәтер иелері коорперативтері арқылы хабарлайды. Халыққа көшіру нүктесіне жиналатын орынмен, оған келу мерзімі жаяу көшкен кездегі бағыт, сондай – ақ, жергілікті жағдайда, күтілген апатқа, оны ескерту уақытына орайлас басқа да мәліметтер хабарланады.

Уақыт жеткілікті болған жағдайда халық қауіпті аудандардан дүние мүлкімен бірге көшіріледі, сол үшін көлік бөлінеді.

Көшіру су басқан аймаққа жақын орналасқан елді мекендерге жүргізіледі. Халық қоғамдық ғимараттар мен жергілікті тұрғындардың үйіне уақытша қоныстандырылады.

Су басқан аумақтағы адамдарды ізеужедел ұйымдастырылып, сол үшін Азаматтық қорғаныс құрамаларының экипаждары таратылады және басқа да қолда бар күштер мен құралдар пайдаланылады.

Құтқару жұмыстары кезінде халық ұстанымдылық танытып, құтқарушылар талаптарын қатаң орындауға тиіс. Құтқару құралдарына басы артық адам отыруға болмайды.

Құтқарушылар келген кезде қайыққа немесе катерге айқай шусыз бір бірлеп өту керек. Қайық қозғалған кезде орын ауыстыруға, қозғалуға, бортқа отыруға рұқсат етілмейді. Балаларға, қарттар мен сырқаттарға бірінші кезекте көмек көрсетілетінін есте ұстаңыз.

Тосын су тасқыны жағдайында (тоғанның, бөгеттің бұзылуынан болған) халыққа барлық қолда бар техникалық хабарлау құралдарымен, оның ішінде жылжымалы қондырғылардағы дауыс қатайтқыштың көмегімен жүргізіледі.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Қауіпті гидрологиялық құбылыстар

  2. Қазақстанда су басуды тудыру себептері

  3. Су тасқыны қаупі пайда болған кездегі өткізілетін шаралар

  4. Aлдын алу және құтқару жұмыстарының түрлері.

Дәріс №7. Атмосферада болатын стихиялық құбылыстар.
Жалпы сұрақтар

  1. Метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстардың түрлері: дауылдар, күшті жел, торнадо, шквалдар, құйындар, дүлей құйын, қатты жаңбыр, бұршақ, қалың қар жауу, көкмуз, аяз, боран, ыстық, туман, құрғақшылық, аңызақ.

  2. Анықтамасы және сипаты, кеңістіктік таралуы, күші және қарқындылығы, жиілігі және ұзақтығы, жағымсыз әсерлері, болжам, алдын алу шаралары, атмосферадағы әр қауіпті құбылыс үшін құтқару жұмыстарының түрлері


1 Метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстардың түрлері: дауылдар, күшті жел, торнадо, шквалдар, құйындар, дүлей құйын, қатты жаңбыр, бұршақ, қалың қар жауу, көкмуз, аяз, боран, ыстық, туман, құрғақшылық, аңызақ.

Қауіпті метеорологиялық құбылыстар – адамдарға, ауьлшаруашылық малдарына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін атмосферада әртүрлі табиғи факторлардың немесе олардың қосыңдысының ықпалынан туындайтын табиғи процесстер мен құбылыстар.

Дауыл жылдамдығы 32 м/с асатын (115 км/с аса), айтарлықтай ұзақтығы мен қираткыш күші бар жел.

Теңіз дауылы — ұзақ уақытты, 20м/с аса жылдамдықпен соғатын өте күшті, теңізде қатты толқын және құрғақ жерде қирату тудыратын жел.

Дауыл (кенеттен соққан) - жел бағытының өзгерісімен қоса жүретін конвекциялық процестермен байланысты 20-30 м/с жылдамдықпен соғатын желдің кенеттен қысқа мерзімді күшеюі.

Күшті жел – ауаның жер бетімен салыстарғандағы 14м/с аса жылдамдықпен қозғалуы.

Ала құйын – ауаның айналмалы тік немесе көлбеу ось бойымен қозғалатын атмосфералық түзілісі. Құйындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы шамамен 100м/с.

Құйын - айналу жылдамдығы 100 м/с және одан жоғары, диаметрі 1000 м болатын, үлкен қиратқыш күшке ие ұсақ масштабты атмосфералық күшті ала құйын.

Ұзаққа созылған жауын – бірнеше тәулік тоқтамай немесе ұзақ дерлік мерзімде жауатын, тасқынға, су алу мен су астында қалуға алып келетін сұйық атмосфералық шөгінділер.

Қатты қар басу - көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік қозғалысын қиындататын қардың қарқынды ұзақ жаууы. Жауын-шашын мөлшері 12 сағатта және одан төмен уақытта 20мм және одан аса болады.

Қатты боран (күртік қар) – көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік магистралын қар басуға алып келетін, қардың жаууымен бірге болатын қатты желдің жер бетіне қарды тасымалдауы. Ұзақтығы 12 сағ. және одан да жоғары, басым жағдайда желдің жылдамдығы 15 м/с және одан да жоғары.

Қатты көк тайғақ – салқындаған тұман немесе жауын тамшыларының қатуы кезіндегі жердің немесе заттардың бетіндегі мұздың қалың қабаты. Желілер бойындағы қатқан мұздың диаметрі 20 мм және одан да көбірек болады.

Бұршақ – жылдың жылы мезгілінде қатты мұз түрінде, әдетте найзағай кезіндегі нөсер жауынмен бірге жауатын атмосфералық шөгінділер. Бөлшектердің диаметрі 5 мм – ден 15 см – ге дейін жетеді.

Нөсер (қатты жауын) – үлкен қарқынды қысқа мерзімді атмосфералық шөгінділер, әдетте жаңбыр түрінде (кейде қар түрінде) жауады. Жауын-шашын 12 сағат және одан аз, мөлшері 50 мм және одан да көп болады; таулы, сел және қар көшкіні қауіпі бар аймақтарда 12 сағ. 30мм және одан аса.

Найзагай – түйдек – жауын бұлттарының дамуымен байланысты бұлттар мен жер беті арасындағы дүркін – дүркін электр зарядтарымен, дыбыстық құбылыстармен, қатты жауын – шашынмен, бұршақпен қоса жүретін атмосфералық құбылыс.

Қатқақ - ауаның қолайлы орташа тәуліктік температурасы кезіңдегі жер бетіндегі ауа температурасының 0°С – ге дейін және одан да төмендеуі.

Ауа температурасының күрт төмендеуі, жоғарылауы – қысқа уақыт кезеңі ішіндегі ауа температурасының аномалды төмендеуі немесе жоғарылауы. Ауа температурасының 1-2 тәулік ішінде 10°С-ге және одан аса өзгеруі.

Қатты тұман - 12 сағ. Және одан ұзақ уақытта 100 м – ге дейін және одан да төмен болатын, жер бетіндегі ауаға тікелей асылған, көру мүмкіндігінін айтарлықтай нашарлауымен қоса жүретін, сұйық түрге айналған заттардың тамшы немесе кристалл түрінде топталуы.

Шаңды дауыл – көру мүмкіндігінің төмендеуімен, тұқым және жас өсімдіктермен қоса топырақтың жоғарғы қабатының үрленуімен, егістікті және көлік магистралдарын құм басумен сипатталатын үлкен көлемдегі шаңның немесе құмның қатты желмен тасымалдануы. Ұзақтығы – желдің басым кезінде 15 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен 12 сағ. және одан да жоғары.

Құрғақшылық – жоғарғы температура және ауа ылғалдығының төмендеуін қоса алғандағы, ұзақ мерзімді жауын – шашынның болмауы түріндегі метеорологиялық факторлардың жиынтығы, өсімдіктердің сулы

тепе – теңдігінің бұзылуына және олардың қурауына алып келеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 20 күннен астам сақталып тұруы, (күндіз) ылғалдық қоры жердің метрлік қабатында 35 мм және одан төмен болған кезінде 30% - дан аз.



Аңызақ жел – ұзақ уақыт бойы жоғарғы температураның сақталуы. Орташа тәуліктік ауа температурасы желдің жылдамдығы 5 м/с және одан да жоғары ауаның ылғалдығы 30% аз болады.
2 Анықтамасы және сипаты, кеңістіктік таралуы, күші және қарқындылығы, жиілігі және ұзақтығы, жағымсыз әсерлері, болжам, алдын алу шаралары, атмосферадағы әр қауіпті құбылыс үшін құтқару жұмыстарының түрлері.

Ала құйын – ауаның айналмалы тік немесе көлбеу ось бойымен қозғалатын атмосфералық түзілісі. Құйындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы шамамен 100м/с.

Құйын - айналу жылдамдығы 100 м/с және одан жоғары, диаметрі 1000 м болатын, үлкен қиратқыш күшке ие ұсақ масштабты атмосфералық күшті ала құйын.

Қара құйынның құрылысы өте қарапайым- бұл жер бетінен түйдекті жаңбырлы бұлтқа дейін созылатын сұйық құйғыш сияқты. Ол ішкі қуыс пен сыртқы бөліктен тұрады. Ішкі қуыстың ерекшелігі – ауаның сиреуі онда атмосфералық қысым күрт төмендейді, сыртқы бөлікпен тіпті төңірегіндегі ауаны салыстырғанда ол кеңістік сияқты болып келеді. Сондықтын да дағдылы қысымдағы ауа толған тұйық затпен түйіскенде ол зат жарылып, одан шыққан ауа қара құйынның ішкі қуысына қарай ысырылады. Су құйғыштың айналу жылдамдығы, дәлірек айтқанда оның сыртқы бөлігіндегі желінің жылдамдығы - қара құйынның маңызды ерекшелігін көрсетіді. Бұл жылдамдық әр түрлі және бір су құйғыштың өзінде тез өзгереді. Алайда ол 1200 км/с 332 м/сек тең дыбыстың жылдамдығынан асып түсе алады. Желдің жылдамдығы күшейген сайын оның қысымы да арта түседі. Сонымен қатар ол ауамен топыраққа қосылған қоспа салдарынан /ылғалды шаң/ арта түседі.

Қара құйынның келесі мысалы бұл құбылыстың айрықша екендігін көрсетеді. 1947 жылгы 9 сәуірде АҚШ-тың Оклахома штатының біріндегі ферманың бір қабатты үйінде фермердің отбасы мен мейман отырды. Кенет бөлме қараңғыланып сырт жағынан ерекше дұрсiл мен гуіл естілді. Екі ер адам не болғанын білгісі келеді.Олардың есікті ашуы мұң екен, соққан құйын есікті жұлып әкетіп екеуін де аспанға бірақ көтереді. Бірнеше ондаған мерт биіктіктен оларды жерге қалықтатып түсірді,бақытқа қарай олар зардап шеккен жоқ. Ал үйден ес жұрнақ қалған жоқ. Олар ұшқаннан кейін бірнеше секундтан кейін ол жарылып сынық бейнесін де көзден ғайып болды. Бір қызығы үйдің едені орнында қалып, оның ортасындағы диван сол қалпында қалған, ал фермердің әйелі мен оның екі баласы естері шығып орындарында қалған. Бір таң қаларлығы олардың жанындағы шағын үстелде шыны кәсесін шамы тұрған сол қалпында қалған. Бұл жағдайқұжат бойынша айғақталған.

Қазақстанда қара құйын өте сирек байқалады және негізінен орташа деңгейде болды. 1947 жылғы тамызда алапат күшті ені 160 метр қара құйын Шығыс қазақстан облысының Северный поселкісінде болып, 17 үйді, 3 мекемені және 12 шаруашылық тұрағын құлатты.



Қара құйыннанның қозғалысына қарй тік бағытта жүру керек. Қара құйынның ортасында тап болған жағдайда жинақталып, кез келген қозғалмайтын жерге бекітілген заттан қатты ұстап, мүмкіндігінше бет пен көзді кез келген матамен немесе қолмен жабу керек. Кез келген ауыр, желпілдейтін киімді алдын ала шешіп тастаған жөн.

Бұрқасындар мен қарлы борандар. Қазақ даласының долы желдері қыста аса қауіпті. Олар бұл уақытта ұзаққа созылатын бұрқасынды немесе боранды тудырады. Бұрқасындар қарды бір жерден екінші жерге көшіріп, оны нығыздайды, бұл аумақтағы қар жамылғысының су ресурстарына әр түрлі таралуына және топырақтың әр түрлі деңгейде тоңазуына алып келеді. Соынмен қатар бұрқасындар авиацияның, темір жол және басқа да көліктердің қалыпты жұмыснын тоқтататын биік күртік қардың пайда болуына ықпал етеді. Қатты боран телеграф және телефон байланынысың бұзылуына себеп болады. Кей уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай қырылуына әкеп соқтырады. Халықты таяуда болатын төменгі температурадағы қарлы боран туралы өз уақытында құлақтандырғанына қарамастан 1995 жылғы желтоқсанның аяғында қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында 100-ге жуық адам қаза болды.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік қазақстан және Ақмола облысында қыста орташа 50-60 күн бұрқасын болды. Шығыс қазақстан облысының Жалғызтөбе ауданында бұрқасынды күндер саны айына 27- ге дейін жетеді.

Ықтимал бұрқасын мен қарлы боран туралы хабар алған бойда сыртқа шығуды доғара тұру керек. Отынды сақтау мен өңдеу үшін ғимаратты қымтап, азық-түлікпен судың артық қорын жинау керек. Ауылды жерде малдың қажетті жемі мен суын әзірлеп, оларды жылы қорада ұстау керек. Қажет жағдайда үйлер арасында бағдар жасауға күшті желден өтуге көмектесетін арқан байлау қажет. Машиналарды жолға аса шұғыл жағдайда ғана шығарып оларды сырғанатпайтын шынжырмен, азық-түлікпен, күдіргіш шаммен және киіммен қамтамасыз ету қажет.

Дауылды жел, бұрқасын, қарлы боран кезіндегі барлық жұмыс ұжымдасқан түрде орындалады. Әрбір жұмысшы бір біріне көмекке келу үшін көз көретін жерде болуы тиіс. Бұрқасын кезінде нақты көрінген ныфсаналар: телефон желісі, орман, жол бойымен ғана жүру керек. Ең жақсысы үйден шықпай отыру. Егер бұрқасында автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап., тұрған жерді белгілеу керек, сол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, қозғалтқышты радиатр жағынан қымтау керек. Машина копотын жерге қарай бұрып, отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаңыз. Машинаны қар басып қалу қауіпі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз. Ол жұмыс істеп тұрған кезде бөлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізден өмірден алып кетуі мүмкін.

Егер жылынғыңыз келсе далаға шығып, түтін трубасын газдың ауаға шықпайтыны етіп көміп тастаңыз. Есіктен шыққанда міндетті түрді өзіңізді арқанмен байлаңыз. /бір үшін автомобильде қалдырыңыз/. Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптеп кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет