Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Су транспортындағы ТЖ негізгі себебі
-
ІҚЖ жедел ұйымдастыру жәнс жүргізу мақсатында қандай ақпаратты білу қажет?
-
Апатқа ұшыраған кемеге өту
-
Арқанның көмегімен берілетін негізгі дабылдар
-
Кеменің суға батып кеткен кезіндегі іс – әрекеттер
-
Зардап шеккендерді көшіру
№10 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Аспалы арқан жолдар
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Таулы, ойлы – қырлы және өтуге қиын жерлерде адамдар мен жүктерді тасымалдау үшін аспалы арқан жолдар пайдаланылады. Олар бір және екі арқанды айналмалы және вагоншаның маятникті козғалысы сияқты болады.
Жолаушылардың арқанды жолдарында әртүрлі мөлшерге есептелген арнайы жолаушылар вагоны пайдаланылады (4 – тен 100 - дейін). Мұндай жолдың созыңқылығы – бірнеше километр, ал көтерілу биіктігі - 3 км дейін. Вагонның қозғалыс жылдамдығы 2 – ден 12м/с дейін. Тауда орналасқан туристік орталықтардағы жолдарда жүріс кезінде жолаушыларды отырғызатын және түсіретін бір және екі орынды арқанды – креслолы отырғыштар кеңінен қолданылады. Мұндай жолдың жылдамдығы 1,0 – 2,5 м/с құрайды. 1 сағат жұмыс ішінде 1000 адам тасымалданады. Арқанды жолмен жылжу кезінде жолаушылардың жер деңгейінен орналасу биіктігі – бірнеше метрден ондаған метрге дейін.
Тау шаңғышыларын шаңғымен тікелей тас жолға ауыстыру үшін бір арқанды буксирлі жолдар пайдаланылады. Ауыстыру 1,5м/с жылдамдықта жүзеге асырылады, сонымен бірге адам шаңғысымен тартылатын арқанға бекітілген ілгіштен ұстап тұрады. Кейбір жағдайда жолаушыларды және жүктерді бір уақытта тасу үшін құрамдастырылған арқан жолы қолданылады.
Арқанды жолда болатын негізі ТЖ – тартылатын арқанның кенеттен тоқтауы. Бұл вагондар мен адамдар отырған креслолардың жер бетінде сыналасып қалуына әкеледі. Мұндай жағдайда зардап шегушілер ұзақ метеорологиялық қолайсыз факторларға тап болады (суық, жауын, жел), жайсыздықты және жүйкелік – эмоциялық қобалжушылықты бастан кешеді.
Зардап шеккендерді арқанды жолмен көшіру келесі әдіс арқылы жүзеге асырылады.
Егер жергілікті жердің шарты мүмкіндік берсе, онда зардап шеккендерді құтқарушы белбеуінің немесе кеудеге орайтын кендір (синтетикалык) арқаннан жасалған қол асты лебедканың көмегімен жарты кабинадағы арнайы ойық арқылы жерге түсіреді. Құтқарушылардың міндеті сыналасып қалған вагонға арқан арқылы көтерілу және адамдардың түсуін ұйымдастыру.
Креслолы аспалы арқан жолындағы аялдамада ұзақ тұрып қалған зардап шеккендерді жерге түсіру үшін серіппелі тежеуіштен және асылмалы баспалдақтан тұратын жеңіл түрде тасылатын арба құрылғысы кеңінен қолданылады. Арбаны тіреуішімен арқанға бекітеді, құтқарушы баспалдаққа отырады және «башмақ» тежеуішті басып өзі жүргішпен немесе жерде келе жатқан басқа құткарушының көмегімен арбамен бірге жақын арадағы креслоға ауысады. Баспалдақпен зардап шегушіге жетіп, онын жамбас жағын қамтитын бауы бар құтқарушы белбеуін кигізеді, құтқарушы зардап шегуші жерге түскенге дейін ұстап тұратын тежеуіш лебедкасы арқылы өтетін арқанды іледі. Арбаны креслоның қысқышы арқылы ауыстырып, құтқарушы келесі зардап шегушіге жылжиды.
Маятникті аспалы арқан жолыңда зардап шеккендерді жерге көшіруге мүмкіндік бермейтін өтуі қиын тас жол участкесіне 10 адамға дейін сиятын қосымша құтқару вагондары қарастырылады, олар негізгі көтеретін арқанға орнатылады және қосымша автономды жетектен қосымша арқанмен қозғалысқа келтіріледі. Соңғысын станцияға немесе (барабанды лебедка түрінде) бір немесе бірнеше тірекке орналастырады. Құтқарушы вагоны қосымшадан негізгі арқанға ауысып жүргізіледі, зардап шеккендер люктің бүйірінен немесе терезе арқылы вагонға өтеді және тобымен станцияға немесе тірекке жеткізіледі. Бұл мақсат үшін өздігінен жүретін вагондар пайдаланылады.
Арқанды – кресло жолындағы авария кезіңде көшірудің келесі әдісіне рұқсат етіледі. Құтқарушы жіпті арқанға жалғап алып, өз бетімен немесе құтқарушымен бірге көшпекші болған зардап шегушіге сол арқанмен көтеріледі. Егер зардап шегушіні сыналасу аймағындағы жерге тікелей түсіруге мүмкін болмаса, онда оны тірекке тасымалдау қажет және тірек құралын пайдаланып жерге түсіру керек.
Ең соңғысы: егер жоғарыда көрсетілген әдістердің біреуі де жарамаса, онда зардап шеккендерді құтқаруға тік ұшақ шақырылады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Арқанды жолда болатын негізі ТЖ
-
Зардап шеккендерді арқанды жолмен көшіру
-
Зардап шеккендерді жерге түсіру
-
Маятникті аспалы арқан, Арқанды – кресло жолындары
№11 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Тауда іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Қатпарлы және қатпарлы – кесекті жер қыртысынан тұратын таулар кең аумақты алып жатыр (барлық жер бетінің 12%). Олар теңіз деңгейінен бірнеше мыңдаған метрге дейін биіктікте және өз шектерінде биіктіктерін кенеттен өзгертіп отыруымен сипатталады. Тау климаты аса суықтығымен ерекшеленеді. Оларға бір тәулік ішінде ондаған градусқа дейін температураның күрт түсуі, ауа райының лезде өзгеруі тән.
Адам өмірі үшін таулар ерекше қауіпті табиғи ландшафтардың бірі болып саналады. Таудағы қауіптілік екі топқа бөлінеді: объективтік, таудың өзінің табиғатымен байланысты және субъективті, негізінде адамның даралық қасиеті жатады.
Таудагы табиғи қауіптілікке таудың бет – бедері, суық, қатты жел, тұман, қарлы – мұз жабулар, көшкіндер, тас құлаулар, жартастар, қарлы күнқағарлар, мұздар, құздар, жартастар, тау көлдері, тау қуыстары, тау ернеулері жатады.
Таудағы жеке қауіп - катерлерге қауіпті білмеу, жағдайды қате бағалау, дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі, зорығу, қате қозғалыстар, қауіптілікті елемеу, жабдықтар мен саймандардың болмауы немесе дұрыс қолданбау, өзінің мүмкіндіктерін асыра көрсету, келіспей әрекет етушілік. Тауда қауіптің көбі спорт түрімен айналысатын яғни тосқауылдарды игеретін адамдарға төнеді, өйткені олардың басты мақсаты кедергіні жеңу болып табылады, ал тәуекел – әрекетке түрткі болатын басты себептің бірі. Адамдардың бұл санатына альпинистер, тау туристері, спелелогтар, тау шаңғышылары, тау көлдері бойынша жүзу құралдарымен жүретін саяхатшылар (байдаркалар, салдар, үрлемелі қайықтар) жатады. Ұйымдастырылмаған және дайындалмаған турист топтарына үлкен қауіп – қатер төнеді. Сонымен қатар тауда әртүрлі жұмыс істеп жүрген адамдар да: геологтар, карта сызушылар, құтқарушылар, туристік базалар мен альпинистер лагеріне қызмет көрсетіп жүрген қызметкерлер құрамы, сонымен қатар тауда үнемі немесе уақытша тұратын адамдар (жергілікті тұрғындар, демалушылар және т.б.) қауіпті жағдайға тап болуы мүмкін. Таудағы адамдардың қауіпсіздігін жоғарлату үшін өткізілетін барлық шараларға қарамастан, таулы жерлерде болатын ТЖ саны, жоғары деңгейде тұрақты қалып отыр.
Таудағы ТЖ негізі болып: үсіп қалу (қатып қалу), құздан, мұз шыңдардан, беткейлерден құлау, көшкінге, тас құлауларына, опырылымдарға, тау көлдеріне, жартастарға түсу, өз бетінше қозғалу мүмкіндігі болмау, бағыттан ауытқып кету, метеорологиялық факторлардың әсері, арқандарға ілініп қалу, адамдардың тау үңгірлерінде қалып қалуы, тау шаңғы жолындағы жарақаттар, арқанды – кресло жолдарындағы авариялар, техникалардың (автомобильдер, ұшақтар, тік ұшақтар) құлауы.
Таудың өзіне тән өзгеше ерекшеліктері ІҚЖ қатысып жүрген құтқарушыларға жоғары талап қояды. Олар:
-
тауды және мұндай жағдайда жұмыстың ерекшелігін білуге, жоғары біліктіліті болуға, биік тау жағдайындағы жұмысқа бейім болуға, тауға арналған және тау құтқару жабдықтарын пайдалана білуге, іздеу әдістерін жетік меңгеруге және зардап шеккендерге көмек көрсету тәсілдерін білуге;
-
жақсы физикалық дайындықта болуға, аса төзімді де сабырлы және жұмысқа қабілетті болуға, жүйке жүйесі мықты және байсалды, салмақты болуға, реакцияның жеткілікті дәрежедегі жылдамдығына;
-
жағдайдың, қауіп – қатердің дәрежесін дұрыс бағалай білуге, тау жағдайында аман қалуға;
-
парыз бен жауапкершілік сезімін сезіне білуге міндетті.
Тауда ІҚЖ ұйымдастыру мен жүргізудің басты қағидаты дара басшылық қағидаты болып табылады. Ол жұмыстың жүруіне жауап беретін команда жетекшісінің бұйрығын бұлжытпай орындауға негізделген. Құтқару жасағының құрамы және оның жетекшісі біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі ескеріліп алынады. ІҚЖ қаншалықты күрделі де қауіпті болса, жетекшілер мен құтқарушылардың біліктілігі де соншалықты жоғары болуы керек.
Таудағы жарақат алғандарды тасымалдау. Тауда түйіндерді дұрыстап байламау салдарлары адамдардың жарақаттануына, тіпті қаза табуына әкеп соғады. Егер жазатайым жағдай бәрібір орын алса, онда жарақаттанғандарды тез арада қауіпсіз жерге жеткізуге тура келеді. Көптеген қиындық жартасты аймақтарда тасымалдау кезінде кездеседі.
Егер жарақаттанған адам болмашы жарақат алса, онда оның қасына серік қоспай – ақ төмен түсіруге болады. Түсіру бағыты тас құлайтын аймақ болмауы керек және аялдайтын алаңның болуы шарт. Төмен түсіру кезінде сенімді болу үшін бірнеше қоршауға алынған қармақ немесе жартастың ұшы (мұзды бағана) болуы керек. Жарақаттанғандарды түсіруге арналған арқан блок немесе полипаст арқылы өтеді. Мұзда немесе мұздақтарда түсіру жүйесі кезінде мұз шапқышпен бекітілуі керек. Жол серігі жоқ жарақаттанған адам арқанмен ілмектенген күркеге түсіріледі, жарақаттанушы мүмкіндігінше құздан аяқ және қолымен итеріліп, шегініп отыруы керек.
Ауыр соққы алған жарақаттанушыны жол серікпен бірге түсіру керек. Жол серігі жоқ болса күркеге түсіру негізгі арқанның соңына қарай, негізгі арқанмен бірге ұзындығы 1,0-1,2 м репшнурдың көмегімен іске асады. Негізгі арқан соңына қосарланған өткізгіш түйінін байлап, ілмекті жарақаттанушының санына кигізеді. Ілмектің ұзындығы 40-45 см шамадан аспауы керек. Күркеге түсірудің қандай жағдайында болмасын, негізгі арқанға қоса ұстап тұратын түйін жарақаттанушының басының деңгейінде репшнурмен байланады және сақтандыру белдігіне қозғалмастай етіп түймелейді. Бұл адамның аударылып кетпеуі үшін жасалынады.
Жарақаттанушыны күркеге жол серікпен түсіру кезінде әрбір екі арқанның соңында екі реттен жол серіктің қос түйінін байлау керек, ол жарақаттанушы мен жол серіктің отыруы үшін қажет. Содан кейін бір түйін күркешеден 1,2 м арақашықта, ал екіншісі 90 см ара қашықтықты сақтау үшін екі арқанға да жай түйіннен байланады. Жол серік күркенің ұзын жақ аяғын кисе, ал жарақаттанушы қысқасын (90 см) киеді. Жарақаттанушы және жол серік біріктіруші түйіннен төмен, ұстап тұратын түйінен арқан арқылы кеудесін ораған ілмектен тартып біріктіріп байланады.
Ауыр жарақат алғандарды көлденең қалыпта зембілмен түсіреді. Ал жол серік зембіл оның кеудесіне деңгейлес болатындай етіп, сақтандырушы пояспен немесе репшнурмен арқанға байланады. Қабырғамен түсу және беткей бойынша ауыстыру үшін де зембілше себет пайдаланылады. Негізгі жіптің соңына жол серіктің шағын түйіні (бұл зембілдің соңғы жағы – «аяғы») байланады. Содан кейін жіпке жоғарғы жағын кеңейтетін иірмек салынады; иірмектің ұзындығы жарақаттанушының денесінің көлеміне байланысты, ал саны – оның бойының ұзындығына байланысты. Тасымалдаушың жағдайын жақсарту үшін тасымалдау кезінде өрмені мүмкіндігінше жиі салған дұрыс. Ұйықтайтын мөшектегі немесе палаткаға оралған тасымалдаушыны арқан өрмесіне жатқызып, аяғынан бастап орап байлайды. Қалай тасымалдауға байланысты (тау беткейінен бе немесе қабырғадан ба) зембілге сырық байлайды немесе түсіретін арқанға оларды карабинмен бекітеді. Соңғы жағдайда түсетін арқанға басы мен аяғының арасынан жіберетін жіптердің арасына кергіш жасайды. Түсіретін жіпті тежеу екі немесе төрт карабиннен кейін жүзеге асырылады. Карабиндердің жартысын балғаның саптарымен немесе мұз жарғыштармен ауыстыруға болады. Карабин тежегіштерімен түсу ақырын және жіпті бірқалыпты жібере отырып жүзеге асырылады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Таудағы қауіптіліктің түрлері
-
Таудағы ТЖ негізі
-
Таудағы жарақат алғандарды тасымалдау.
-
Таудың ІҚЖ қатысып жүрген құтқарушыларға қойылатын талаптар
№12 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Суда іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Қазақстанның су кеңістіктерінде күн сайын іздеу жүргізіп, адамдарды құтқаруды, апаттық - құтқару жұмыстарын; мұнайдың, мұнай өнімдерінің және ҚӘУЗ ағуын тоқтатуды; арнайы тағайындалған су асты жұмысын жүргізуді талап ететін ТЖ болып отырады. Адамдардың суға кетіп өлуі елдің күрделі қиындықтарының бірі болып жалғасып келеді. Ресми мәліметтер бойынша, су ай сайын 64 қазақстандықтың өмірін алып кетіп отырады. Соңғы он жыл ішінде (1998-2007ж.ж.) Қазақстанда 7669 адам суға кеткен.
Судағы іздестіру – құтқару жұмыстары іздестіру ауданын оқшаулаудан басталады. Егер төтенше жағдай куәгерлердің көз алдында болса немесе су айдынының мөлшері онша үлкен болмаса, онда іздестіру ауданын оқшаулау онша қиынға түспейді. Бақылау мерзімі ішінде шығу немесе адамды (адамдар тобын) жоғалту іздестіру ауданын кеңейтеді. Өзенде бұл оның жағалары арасында дәліз болады. Зардап шегушілерді іздестіру ауданын анықтау кезінде негізгі де, су асты су ағысымен де жылдамдығы мен қозғалыс бағытын іздестіру қажет.
Судағы іздестіру жұмысы нақты су жағдайында қолдануға болатын: катерлер, үрленген моторлы және ескекті қайықтар және басқа қолда бар құтқару құралдары қарастырылады және зардап шегуші су ішінде болған кезде жүргізіледі. Өзендерде іздестіру жұмысы зардап шегуші суға кеткен жерден бастап, өзеннің ағысымен төмен қарай жүргізіледі. Қарауда ерекше назарды: су иірімі, су өсімдіктері, жекелеген тастар, бөренелер және т. б. ағыс зардап шегушіні алып кететін жаққа қарай судың біркелкі емес жеріне аудара отырып, бүкіл су кеңестігінде жүргізу керек. Кейбір жерлерді құтқарушыларды сақтандыра отырып, жағадан қарауға болады.
Іздеу зардап шегушіден үміт үзілгенге дейін жүргізіледі және де:
-
зардап шегушінің болуы мүмкін ауданды тиянақты түрде толық зерттеп болғаннан кейін;
-
зардап шегушінің мүмкін болатын тұрған жері толық тексерілгеннен кейін;
-
зардап шегушінің тірі екендігіне ешқандай сенім қалмағаннан кейін ғана іздеу тоқтатылады.
Суда құтқару – ережелері, қолданыстары. Суда немесе мұзда адамның қаза болуының себебі әр түрлі: жүзе білмеу, суда өзін өзі ұстау ережесін бұзу, мас күйінде суға түсу, қорқыныш және т.б. Үрейге бой алдырған адам, жағдайды дұрыс бағдарлай алмайды, ол ойсыз әрекст жасап, тез шаршайды да батып кетеді. Батып бара жатқандарға көмек көрсету үшін жақсы жүзе және сүңги білу керек, құтқару ережелерін білу және құрсаудан шығу, зардап шегушіні жетегіне алу әдістерін дұрыс қолдана білу тиіс. Судағы адамды құтқара отырып, болған жағдайларға мән бере қарап, абайлап, ойлана әрекет ету керек, қауіп төнген жағдайда абыржуға болмайды. Батып бара жатқан адамға дейінгі қашықтықты, ағыс жылдамдығын, қолда бар құтқару құралдарын, су толқындарын және т.б. дұрыс ескеру қажет.
Қолдану құралдарын пайдалана отырып, зардап шегушіні құтқару кезінде оған мүмкіндігінше жақын бару керек. Сонымен қатар, жүзуші құралдардан пайда болған су толқындары зардап шегушінің жағдайын төмендететінін және оның суға жылдам батып кететінін ескерген жөн. Батушыға жақындаған кезде бурамалармен, ескектермен немесе жүзетін құралдардың корпустарымен қағып кетпеуді қадағалау керек. Зардап шегушіні су бетінде ұстап тұру және оны шығару үшін оған арнайы құтқару құралы (шеңберлер, шарлар, жіптер және т.б.) қолданылады, қолда бар құралдар (қадалар, сатылар, торлар және т.б.) пайдаланылады.
Құтқару шеңберін беру үшін оны бір қолмен ұстау керек, екінші қолмен ұштары бекітіліп мықтап тартылған сым арқаннан ұстап, иық деңгейінде екі – үш рет айналдыра сілтей отырып, оны судағы адамның не оң жағына, не сол жағына 0,5 - 2,0 метрдей арақашықтықта түсетіндей етіп лақтыру керек. Батып бара жатқан адамға қатерден шеңберді беру борт жақтан жүзеге асырылады. Қайықтан бергенде оны аударып алмау үшін шеңберді кеменің артқы жағынан немесе тұмсығынан беру керек. Батып бара жатқан адамға шеңберді тура лақтыруға болмайды, өйткені ол адамның басына тиюі мүмкін немесе одан асып түсуі мүмкін. Кей кезде құтқарушы шеңберге Александрова ұшын байлайды, соның көмегімен зардап шегуші жүзуші құралға тартылады. Зардап шегушіге Александрова ұшын беру үшін құтқарушы арқан ұшындағы кішкене ілгекті сол жақ қолдың білегіне кигізеді және жіптің үлкен бөлігін сонда ұстап тұрады. Оң қолымен жіптің төрттен ұшын үлкен ілгегімен ұстап, бірнеше рет кең құлаштай сермей отырып, жіпті батып бара жатқан адамға ол қалтқыдан немесе жіптен ұстайтындай етіп лақтырады. Зардап шегуші жағаға (жүзуші құралға) қарай жұлқымай, абайлап тартылуы тиіс. Александрова ұшын 25 метрге дейінгі қашықтықта тастауға болады.
Құтқару шарын беру келесі түрде жүзеге асады, бір қолымен құтқару шарын, ал екінші қолымен оларды бекітіп тұрған тросты ұстайды. Содан кейін айналдыра отырып екі – үш рет құлаштап сермейді де, одан кейін оның не оң жағына не сол жағына түсетіндей етіп шарларды зардап шегушіге қарай лақтырады. Қажет болған жағдайда шарға Александрова ұшын бекітеді, соның көмегімен зардап шегуші жағаға (жүзуші құралға) қарай тартылады.
Егер жағаға дейін онша алыс болмаса, онда зардап шегушіні қайыққа қарай тарту міндетті емес: егер оның жағдайы мүмкіндік берсе ол кеменің артқы жағынан немесе жүзуші құралдың жібінен ұстап жетектелуі тиіс. Егер зардап шегушінің өз бетімен ұстауға жағдайы келмесе, онда оны аяқтарын салбыратып кеменің артқы жағында отырған құтқарушының денесі арқылы қайыққа сүйретіп әкеледі. Мұндай әдіс қайықтың тегіс емес кемерлерінде зардап шегушінің денесінің жарақаттануынан құтқарады. Зардап шегушіні борты биік жүзуші құралдарға мінгізу басқыш, саты, арқан немесе тордың көмегімен жүзеге асырылады.
Егер жүзуші құралдарды пайдалану мүмкін болмаса, онда құтқарушы зардап шегушіге жүзіп келеді. Құлаштап жүзген дұрыс, өйткені жүзудің бұл стилі өте жылдам жүзуге мүмкіндік береді. Суда болу кезінде құтқарушы су айдынына тән қауіпті факторларға қарсы тұра білуі керек. Құтқарушы үшін де, зардап шегуші үшін де денені суық алуы немесе бұлшық еттердің шаршауы өте қауіпті. Қолдың саусақтары қарысқан кезде, жұдырықты түйіп және қайтадан ашу керек. Егер бір қол талса, онда бүйірлеп жатып, су астындағы келесі қолмен жұмыс істеу керек. Егер іштің бұлшық еттері тартылатын болса, шалқадан жатып, тізені ішке қарай ширақ тарту керек. Егер балтырдың сіңірі тартылса, онда аяқты судың үстіне шығарып, табанды өзіңе қарай ширақ тарту керек. Жамбастың сіңірі тартылғанда , аяқты тізеге кілт бүтіп, өкшені қолмен қатты мыту керек. Су асты өсімдіктері де қауіп төндіреді: Оған оралып қалсаң, тұншығып қалуың мүмкін. Одан ұстай отырып, кілт қимыл жасамай, бос қолмен одан босанып шығып және қауіпті орыннан абайлап жылжып кету қажет. Иірімге тап болғанда, құтқарушы демді тездетіп ішке тартып, келесі жаққа қарай (ағыс бойынша) жұлқына отырып су бетіне жүзіп шығу керек. Суда болған кезде, демді ішке тартқанда, толқындардың соғылуы араларында тартуды қадағалап отыру керек. Толқынға қарсы жүзе отырып, оның үстіне жайлап көтерілуі және астына жайлап түсуді ескеру қажет. Үлкен толқындарда терең дем алып алып, астына қарай сүңгіп кету керек.
Зардап шегушіге үнемі арт жағынан келген дұрыс. Егер олай істеу мүмкін болмаса, батып бара жатқан адамның астына қарай сүңгіп, сол жақ қолымен оның оң жақ аяғының тізесінен төмен ұстап, ал оң жақ қолының алақанымен сол жақ тізесін алдыңғы жағынан қатты итеріп, батып бара жатқан адамды өзіне қарай арқасымен бұру керек. Бұл тәсіл үш түрлі жағдайда қолданылады, зардап шегуші бейберекет әрекет жасаған кезде немесе құтқарушыға қарсылық көрсеткен кезде қолданылады. Зардап шегушінің арт жағында тұрып құтқарушы өзінің оң қолын оның он жақ қолтығының астынан босатады да оның қолдары мен иығынан мықтап ұстап алып, онымен бірге судың бетіне жүзіп шығады.
Зардан шегушіні жетекке алу тәсілі екі топқа бөлінеді: зардап шегуші құтқарушыға тыныш бағынған кезде қолымен қысып ұстамайды, ал зардап шегуші құтқарушыға бағынбаған кезде қолымен қысып ұстап жетекке алады.
Құтқарушы басынан ұстап жетекке алғанда, қолын созып, бас бармағы зардап шегушінің бетінде, ал шынашақ – оның жағының төменгі жағында болатындай етіп ұстайды. Оның бетін су бетіне тартып шығара отырып, арқасымен жүзе және аяғымен жұмыс істей отырып, құтқарушы суға кеткен адамды катерге, шлюпке немесе жағаға жеткізеді.
Қолтығының астынан қапсыра ұстай отырып жетекке алғанда құтқарушы оны аяғының көмегімен жетектейді.
Қолынан қапсыра ұстап жетектеу кезінде құтқарушы, ар жағынан келіп, өзінің сол жақ (оң) қолдарын зардап шегушінің тиісті қолдарына салады. Содан кейін оның сол жақ (оң) қолдарынан шынтақтан жоғары ұстап, оны арқасымен өзіне қарай қыса ұстап, бүйірлей жүзіп қауіпсіз орынға алып келеді. Бір қолы мен аяғы бос болғанда бүйірлей жүзу, құтқарушыға жан – жағын бағдарлап алуға, зардап шегушіні тасымалдау кезінде бағытты таңдауға және оны ұзақ қашықтыққа жетегіне алуға мүмкіндік береді.
Шынтақтан жоғары қапсыра құшақтай отырып жетекке алу кезінде құтқарушы зардап шегушінің шынтағынан құшақтап, оны артқа қарай тартады, содан кейін сол жақ (оң) қолдарын зардап шегушінің қолтығының астына тығып, оны зардап шегушінің арқасына апарады. Одан кейін сол жақ (оң) қолдарымен зардап шегушінің сол жақ (оң) қолдарын шынтақтан жоғары ұстап, оны арқасымен өзіне қарай қыса тартады.
Шаштан ұстап немесе жағадан ұстап жетекке алу кезінде құтқарушы, шашынан немесе жағасынан ұстап, бос қолдары мен аяқтарын жұмыс істете отырып, бүйірімен жүзеді. Адамды жетекке алу кезінде түзуленген қолымен оны басынан демей отырып, су оның тыныс алу жолдарына кетпеу үшін, судың бетіне алып шығады.
Суға кеткен адам әдетте есеңгіреу жағдайында, қорқып, зәресі ұшқан
кейіпте болады. Сондықтан, құтқарушыны көрген кезде ол оны тас қылып құшақтап алады, бұл екеуін де өлімге алып баруы мүмкін. Зардап шегушінің құшағынан босау үшін құтқарушы, үлкен күш жұмсауы керек, кей кезде күш қолдануына тура келеді. Көбінесе зардап шегуші құтқарушының қолының саусақтарынан, мойнынан (алдынан және артынан), денесінен (қолы арқылы немесе қолы астынан), аяқтарынан ұстайды. Мұндай жағдайда құтқарушы су астына сүңгіп кетуі тиіс. Егер сүңгу көмектеспесе, онда зардап шегушінің құшағынан құтылудың келесі тәсілдерін қолданады.
Қолдарының саусақтарын құрсаудан құтқару. Құтқарушы, ең алдымен, суға кетушінің бас бармақтарының қалай тұрғанын анықтайды. Содан кейін күшті жұлқыныспен оның басбармақтарын қайырып, қолдарын ажыратады. Сонымен бірге, аяғын ішіне тартып, оны адамның кеудесіне тірей отырып, ол одан сытылып шығады да, содан кейін шұғыл қимылмен зардап шегушіні арқасына қарай аударып, өзіне тартады да жетегіне алады.
Алдыңғы жағынан мойнына оралған зардап шегушіден босану. Құтқарушы алақанымен зардап шегушінің иегінің астынан тірей отырып, бас бармағымен және сұқ саусағымен оның мұрнын жабуға тырысады, осы сәтте келесі қолымен суға кетушіні белінен қапсыра ұстайды. Содан кейін, саусақтарымен мұрнын қыса отырып, адамды өзіне қарай қатты тартады және шалқайта отырып иегінің астынан кілт итермелейді. Іштен төмен қарай тізеге соққы беріп босануды күшейтуге болады, бірақ бұл тәсіл басқа шара қалмағанда ғана қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |