Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің



бет9/11
Дата26.06.2016
өлшемі1.1 Mb.
#159737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жоспар: Теміржол адамдар үшін потенциалді қауіп төндіреді. Бұл қауіпті жүктерді тасымалдаумен, олардың поезға, станцияға, қоймаларға жиналуына, локомотивтерге ЖЖМ отын түрінде пайдалануға байланысты.

Барлық жоғарыда айтып кеткен факторлар теміржол көлігінде әртүрлі авариялар мен апаттардың болуына әкеледі. Теміржолдағы ТЖ ретінде түсіндірілетіндер: жылжымалы составтың жолдан шығуы, құлау, апаттар, өрттер, жарылстар, қауіпті жүктердің жойылуы және өлімге, жарақаттануға, улануға, эгологиялық шығынға ұшыратуға алып келетін басқа да оқиғалар.


Көлік жүйесіндегі жетекші орынға теміржол көлігі тиесілі. Қазақстанның темір жолымен арнайы құрамдағы мыңдаған жүктер, жолаушылар жүріп тұрады. Теміржол көлігі құрамына:

  • теміржол төсемдері (рельстер, шпалдар, бұру тетіктері);

  • теміржол құрамы (локомотивтер, вагондар, цистерналар, платформалар);

  • теміржол депосы (жөндеу шеберханалары, қоймалық ғимараттар, запас жолдар), теміржол вокзалдары кіреді.

Теміржол көлігінің ерекше сипатына:

  • жылжымалы составтың үлкен массасы жатады. Жүк поезінің жал­пы массасы шамамен 5 мың.т, жолаушылар составының массасы шамамен 1 мың. т, цистернаның массасы - 80-100 т.;

  • составтағы вагонның санын анықтау: жолаушылар тасымалдайтын поездарда ортамен 16, жүк поезында 75. Составтағы вагонның ең көп саны – 110;

  • жоғары кернеулі электртоғы (30 кВ дейін), жылжу составының жоғары жылдамдығы, жолдың қауіпті учаскелері (көпірлер,тоннелдер, еңістер, өрлер);

  • қолда бар адамдар факторы (локомотивті басқару, құрамдарды іріктеу, диспеичерлік қызмет ету);

Теміржол көлігіндегі ТЖ туралы ақпаратты телефон байланысы арқылы немесе поезд бастығы арқылы жақын арадағы кезекшіге хабарлайды.

Апат орнына құтқарушылар келгенде:

  • барлау жүргізіледі және жағдайды бағалайды;

  • қауіпті аймақ шекарасын анықтайды және оған қоршау орнатады;

  • зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ІҚЖ жүргізіледі;

  • ТЖ зардабын жояды (ТЖ көздерін жою, өртті сөндіру және т.б.).

Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою

Адамдарды темір жол арқылы тасымалдау үшін 160 адам сиятын жолаушылар вагоны қолданылады. Вагонның ұзындығы 24 м, ені-3,5 м, массасы 50 т екі есікпен қамтылған. Олар үш қырлы немесе төрт қырлы дөңбекті кілтпен ашылатын арнайы құлыптармен жабдықталған. Кіретін есіктер вагонның ішіне қарай ашылады. Вагонның ішіндегі өтетін жердің ені 110 см құрайды. Вагон электр жабдық, желдеткіш, жылу жабдық жүйелерімен жабдықталған.

Жолаушылар үшін поездың кенеттен тоқтауы және вагондардың аударылуы қауіп төндіреді. Сонымен қатар жолаушылардың текшеден құлаулары, олардың жарақаттануы болады. Әдеттегі жарақаттарға денені соғып алу, сынықтар, бас миының шайқалуы, дене бөлігінің басылып қалуы жатады.

Вагондағы зардап шегушілерге көмек көрсету үшін құтқарушылар:



  • вагонға кіретін есіктен, терезе ойығынан және арнайы жасалған люктер арқылы кіруге;

  • зардап шегушілерді іздеуге, олардың босатылуын және көшірілуін ұйымдастыруға;

  • зардап шеккендерге бірінші медициналық көмекті ұйымдастыруға міндетті.

Құтқарушылардың вагонға енуі кіретін есік арқылы оларды вагонның сыртынан немесе ішінен ашқаннан кейін жүзеге асырады. Олар сыналасып қалған жағдайда сүймен, ауыр балға, кескіш, механикаландырылған құралдар қолданылады. Вагонға терезе ойығы арқылы кіру үшін сүйеп қоятын және ілінетін сатылар, арқандар пайдаланылады. Құтқару­шылар терезеге бір – бірінің үстіне шығып немесе біреуі келесісінің қолы­нан тартып кіре алады. Мұнда ерекше қауіпті терезе әйнегінің кесектері тудырады, оларды міндетті түрде алып тастаулары керек. Вагонға кіргеннен кейін құтқарушылар купе есіктерін ашуға, іздеуге, көшіруге, зардап шеккендерге көмек көрсетуге кіріседі.

Құтқарушылардың жолаушылар вагонына кірулері:

1 – есік арқылы, 2 – арқанның көмегімен, 3 – сатымен, 4 – бір – бірінің көмегімен, 5 – люк арқылы

Вагонның астында қалған адамдарды құтқару үшін оны, қажет бо­лған жағдайда көтереді. Бұл жұмыстар жүк көтеретін кранның немесе ар­найы жүк көтеретін үлкен домкраттың көмегімен орындалады. Кейде зардап шеккендерді вагонның астынан тиісті жерді қазып немесе құрылысқа ойық жасап шығарады.

Адамдар үшін жолаушылар вагонында болған өрт ерекше қауіп төндіреді. Ішкі бөлмеде қолданылатын тез жанатын және жанғыш материалдарды (ағаш, пластмассалар, бояғыш заттар) электр өткізгіштер вагонның отқа тез орануына ықпал етеді. Жолаушылар поездындағы өрт тез таралады. Кейде вагондарды бірінен кейін бірін алады. Әсіресе бұл поезд жүріп бара жатқан уақытта жиі кездеседі. Вагон дәлізіндегі өрттің таралу жылдамдығы 5м/мин, купеде-2,5м/мин құрайды. Сөйтіп 15-20 минут ішіңде вагон толығымен жалынға оранады: ондағы жану температурасы 950 °С жетеді, ал жолаушыларды көшіруге тек қана 1,5-2,0 минут қалады. Қатты жанғыш материалдар жанған кезде вагон едені өртенеді ол 15-20 мин. Қатты жанатын жанғыш материалдардың жану жалынының биіктігі 10 см жетеді, жалынның температурасы 1100 °С, өрттің жану жылдамдығы 1,4м/мин құрайды. Тепловоздардағы өрт үлкен мөлшердегі отынның болуымен қиындай түседі (5-6т) және жағатын материалдар (1,5-2,0 т). Өрт кезінде жолаушы­лар вагонында өрт барысында болатын зақымдану факторлары болып, жоғары температура, тіктеп жанатын от, уландырғыш заттар табылады. Осының бәрі үрейлі дүрбеленді күшейтеді. Жолаушылар поезындағы өрт кезінде құтқарушылардың негізгі міндеті барлық зардап шеккендерді жедел іздестіруді және оларды вагоннан қауіпсіз орынға көшіруді жүргізу, қозғалу уақытында жанып жатқан составты тастап кеткендсрді іздеп табу, өртті жоюға қатысу.



Жолаушылар вагонындағы жарылыстар ТЖ бір түрі болып табы­лады. Олар адамдардың жарақаттануына және қаза болуына, өрттің шығуына, жылжымалы составтың аударылуына және жолдардың бұзылуына әкеледі. Жарылудың себебі жарылу қаупі бар заттарды тасымалдауда ережені бұзу, тексеру жолында (төменде) жарылу қаупі бар қоспаның, лаңкестік актіні тергеу құрамының пайда болуы.

Кейде жолаушылар поезі қар үйінділерімен, топырақтармен, құлаған тастармен, көшкіндермен, сел тасқындарымен, сумен жабылады. Мұндай жағдайда зардап шеккендерді босату үшін және оларға көмек көрсету үшін шұғыл шара қолдану қажет.



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Апат орнына құтқарушылар келгендегі алғашқы іс әрекетері

  2. Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою

  3. Құтқарушылардың вагонға енуі

  4. Вагонның астында қалған адамдарды құтқару

8 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Автомобиль көлігінде ІҚЖ жүргізу


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Көліктің барлық түрінің ішінен қайғылы зардап пен материалдық зиянға көп ұшырайтыны саны жағынан автомобиль көлігінің еншісінде. Дүние жүзілік денсаулық сактау ұйымының мәліметі бойынша авто жолдарда аврияның және апаттың нәтижесінде жыл сайын әлемде 300 мыңнан көп адам қаза болады, шамамен 8 млн. адам жарақат алады. Соңғы жылдағы әлемдік статистика мұндай ТЖ зардабының ауырлығын және тенденцияның өсу санының тұрақтылығын дәлелдейді. Қазақстан Республикасында жыл сайын автожолда 3 мыңнан астам адам қаза болады.
Автокөліктердегі ТЖ негізгі себебі болып соғысу (37,9%), аударылу (16,1 %), басқада оқиғалар (8,9%). Қалаларда және елді мекендерде 60%, тас жолдарда 40% авариялар мен апаттар болады, тас жолдарда автомобильдер көбінесе аударылады, қалаларда және елді мекендерде соқтығысады. Тас жолдардағы ТЖ зардабы, ереже бойынша, елді мекендерге және қалаларға қарағанда ауырырақ. Көбінесе ТЖ шілде – қыркүйек айларында (қарбалас кез – тамыз).

Автокөліктердегі ТЖ негізгі сипаттамасы – тосыннан болуы, көлік құралының кілт тоқтауы, оның өзгеруі, есіктердің сыналануы. Кейбір жағдайларда автомобиль авариялары жарылыстармен, өрттермен, уландыратын заттардың төгілуімен, автомобилдердің құзға, суға түсуімен сипатта­лады. Автокөлік құралдарының көшкіннің, сел тасқынының, қар басып қалу және құлаған тастардың астында қалу жағдайлары жиі болады. Бұл ТЖ ауыр және қайғылы зардаптармен ерекшеленеді.

Автокөліктердегі авария адамдардың жарақаттануына және қаза болуына әкеледі. Автожолдағы ТЖ – кенеттен болған динамикалық соққының салдарынан, жарылыстан, өрттен болатын әдеттегі жарақат – бұған жаралап алу, сүйектердің сынуы, бас миының шайқалуы, ішкі ағзалардың зақымдануы, күйіктер жатады.

Автокөлікте ТЖ ішінен ең жиі кездесетіні (қарама – қарсы, бүйір жағымен, жанама) соқтығысу болып табылады.

Кез – келген соқтығысу автомобилдердің қарама – қарсы келген қозғалысында болады. Ол көлік құралының алдыңғы (лобовой) бөлігінің пішінінің өзгеруіне, қозғалыстың күрт тоқтауына, есіктердің сыналасуына, салондағы немесе кабинадағы адамдардың қысылысуына (сығылысуына), әйнектердің тұтас сынуына әкеп соқтырады. Көлік құралы түрінің өзгеру дәрежесі және кабинадағы немесе салондағы адамдардың жарақаттану деңгейі қозғалыстың жылдамдығына және соғысқан автомобильдің массасына байланысты. 60 км/с жылдамдықта келе жатқан екі жеңіл авто­мобиль қарама – қарсы соғысқан кезінде алдыңғы бөліктің түрі өзгереді: жүргізуші рульге, ал жолаушы салонның элементтеріне қысылып, басы­лып қалады. Автомобильдің ұзындығы 0,5 м азаяды. Ал жылдамдықтың 120 км/с ұлғаюы автомобилдердің барлық жан – жағынын түрін өзгертуге және салон ішіндегі адамдардың қысылып басылуына әкеледі.

Бүйірімен соқтығысу – бір автомобильдің келесісінің бүйір бұрышының кез – келген бөлігін соғу. Мұның нәтижесі – есіктердің және кузовтардың түрін өзгертуге, адамдардың қысылып, басылуына әкеледі. Кейде бүйірінен соққы алған автомобиль аударылады. Бүйір соқтығысуы соққы болған салон жақтағы адамдар үшін қауіпті.

Жанама соқтығысу қарама – қарсы немесе бір бағытта қозғалған кезде болады. Автомобильдер бүйір жағымен соқтығысады. Сонымен қатар адамдар жарақаттанады, көліктің үстіңгі бүйір жақтарының пішіні өзгереді.



Қағу қозғалмайтын (бағана, ағаш, қабырға, дуал, автомобиль) неме­се қозғалатын (автомобиль, поезд, трамвай, трактор, велосипед) заттарды барып соғу. Оның сипаттамасы автомобильдің кенеттен тоқтауы, күшті динамикалық соққының пайда болуы, бұл автомобилдің алдыңғы бөлігін зақымдап, салон мен кабинадағы адамдардың жарақат алуына алып келеді. Кей жағдайларда поезға, трамвайға, тролейбусқа және автомобильге соқтығысу ТЖ себебі болып табылады. Бұл авариялар ауыр зардаптарға алып келеді.

Аударылу – автокөліктерде өте жиі кездесетін ТЖ – ның бірі. Ол бүйірден соғудың, кілт бұрылудың, автомобильдің жолдың шетіндегі (бойындағы) жардың бетіне шығып кетуінің салдарынан болады. Автомо­биль бүйірімен немесе төбесімен аударылады. Әсіресе автомобиль бірнеше рет аударылғанда қауіпті. Бұл сыртының, төбесінің едәуір зақымдануы­на, салондағы адамдардың қысылып қалуына, олардың жерге құлауына және басылуына, бензиннің төгілуіне, жарылысқа, өртке алып келеді.

Авариялар мен апаттардың қауіп төндіретін мөлшерлері уларды, радиациялық – қауіпті, өрт және жарылу қаупі бар өнімдерді таситын арнайы автокөліктерді есепке алып қабылданады. Мұндай авариялар мен апаттардың ерекшелігі – жарылыстар және төгілулерден кейін адамдардың жара­қат алуымен және қаза болуымен қатар, қоршаған табиғи ортаның ластануы мүмкін.



Автокөліктердегі ТЖ зардабын жою кезіндегі ІҚЖ жүргізу үшін құтқарушыларда өрт сөндіру саймандары, жабдықтар, көтеруге арналған машиналар, ауыр заттарды көмкеру және ауыстыру, әртүрлі металл кескіндерін кесу, зардап шеккендерді және автокөліктерді іздеу құралдары, жарықтандыру, байланыс, қорғау, зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, оларды көшіру, тіршілігін қамтамасыз ету, су астындағы жұмыстар, қауіпті заттарды жинастыру және залалсыздан­дыру құралдары болу керек. Кейбір жағдайда жұмыстар альпинистік жабдықтарды пайдаланып жүргізіледі. Ереже бойынша, автомобильдік ТЖ жолда немесе оған тікелей жақын жерде болады. Бұл құтқарушылардың және арнайы техникалардың тікелей жұмыс орнына тез жетуін және олардың шұғыл жүргізіуін қамтамасыз етеді. Көлік құралдары қар көшкініне, сел тасқынына, тас құлауларға, опырылуларға, күртік қарға тап болғанда, сонымен бірге жолда автокөлік кептемесі болған жағдайда кешігулер болады.

Зардап шеккендерге көмек көрсетудегі құтқарушылардың іс – қимылдары

Авария кезінде адамдар автомобильдің салонынан немесе кабинасынан шығып кете алмайтын жағдай жиі болады. Олар салонның алдыңғы немесе бүйір жағына, креслоның арқасына, тағандарға және қалқаларға қысылып қалады. Мұндай жағдайда ең әуелі көмек қысылмаған, тек авто­мобиль салонына қамалып қалғандарға көрсетіледі. Олар салоннан терезе ойықтары, люктер, есіктер арқылы өз беттерімен немесе құтқарушылардың көмегімен шығып кете алады. Содан кейін құтқарушылар көлік құралына қысылып қалған адамдарды құтқаруға кіріседі.



Болған оқиғаларға байланысты табақ және темірлер, әртүрлі кескінді металдар жылжиды, тағандар, қалқалар, орындықтар қысылып қалады. Сыртына, төбесіне, астына саңылаулар салынады, жекелеген жағдайларда төбесі толығымен алынып тасталады.

Бұл жұмыстар механикаландырылған техниканың көмегімен орындалады, ал ол болмаған кезде сүймен, ауыр балға, балта, қысқыш, жинағыш, сонымен бірге қолға іліккен құралдар – құбыр кесегі, тас пайдаланылады.

Зардап шеккендерді автомобильдің астынан шығарып алу

Автомобильдің астында қалған зардап шеккендерге көмек көрсету үшін екі негізгі әдіс қолданылады:



  • автомобильді арнайы жүк көтеретін механизімнің және жабдықтардың (автокран, көтергіш, домкрат, иінтірек) немесе қолмен бірнеше құтқарушылардың көмегімен көтереді;

  • жер асты жолын салады.

Зардап шегушіні автомобильдің астынан шығарып алу:

1 – иінтіректің көмегімен;

2 – кранмен;

3 – қолмен; 4 – домкратпен; 5 – қазу жолымен.




Егер автомобиль көлігінде ТЖ кезінде өрт шықса, онда құтқарушылар тез арада оларда бар барлық өрт сөндіретін құралдарды пайдаланып оны жоюға кірісуге міндетті.

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Автокөліктердегі ТЖ негізгі сипаттамасы

  2. Автокөліктердегі ТЖ негізгі себебі

  3. Автокөліктердегі ТЖ зардабын жою кезіндегі ІҚЖ жүргізу

  4. Зардап шеккендерге көмек көрсетудегі құтқарушылардың іс – қимылдары

  5. Зардап шеккендерді автомобильдің астынан шығарып алу

9 Тәжірбие сабағының тақырыбы: Су көліктеріндегі ІҚЖ


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Жер шарының төрттен үшін мұхит, теңіз, көл, өзен сулары алып жатыр. Дүние жүзілік мұхит суларын жүктерді, жолаушыларды таситын, арнайы тапсырмаларды орындайтын әртүрлі мыңдаған су және су асты жүзу құралдары. Су көліктерінің ең негізгі түрі мыналар: құйылатын өнімдерді, сусымалы жүктерді, жолаушыларды және арнайы таситын кемелер. Қазіргі заман флоты жаңа электронды навигациялық және радиолокациалық аспаптармен, суда кеменің орнықтылығын жүйелермен демеу, яғни кеменің судағы жағдайының сенімділігі мен сыртқы күшке қарсы тұру қабілеттілігімен, басқа да қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырылған. Осыған қарамастан судың беті осы күнге дейін апаттық жағдайға ұшыраған адамдардың қаза болуының негізгі көзі бо­лып келеді. Есептей келгенде, барлық әлемде теңізде және мұхитта жыл сайын 200 мыңнан артық адам қаза болады екен.
Суда орын алған ТЖ – ның барлығы өзіне тән ерекшеліктерге негізделген, атап айтқанда: тағайындалу жағынан, эксплуатациялық сипатымен, жылжу жылдамдығымен бір – бірінен әр түрлілігімен ерекшелінетін судың көлік құралдары; су апатының жиі әсер етуі; тексеру жолына кемелердің ұзақ келуі; үлкен мөлшермен бір уақытта қауіпті зиянды өнімдерді тасымал­дау.

Су транспортындағы ТЖ негізгі себебі болып: аударыла теңселуімен орнықтылығын жойып, кеменің бортқа немесе толқынға қарай құлауы; кеменің қалқығыштығының жоғалуы; басқа кемемен немесе бөгетке соқтығысу (рифтерге, су астындағы жартасқа, мұнай платформаларына, айсбергке); өрттер мен жарылыстар; апатқа ұшыраған кемеден жанар – жағар май өнімдері және ҚӘУЗ судың бетіне ағуы; адамның борттан құлауы.

Апатқа ұшыраған кеме судың бетінде, қайыранда тұрып қалуы, жағаға шығып қалуы, батып кетуі мүмкін. Сонымен қатар зардап шегушілер соның бортында, құтқаратын жүзу құралдарында, суда, судың астында қалулары мүмкін. Су көлігінде апаттың негізгі дабылы ТЖ орнының координаттарын көрсете отырып Халықаралық көмекке шақыру – дабылы SOS. Бұл дабылды алғаннан кейін апат ауданына жақын жүрген кемелер көмек көрсету үшін соған қарай беттейді, ал қажет болған жағдайда құтқарушы кемесін жібереді. Кеме жағадан алыс емес, көрінетін жерде апатка ұшыраған жағдайда оптикалық құралдарды пайдаланады (дүрбі, ұзын дүрбі, пе­рископ) не болмаса дыбысты және дыбысты дабыл алу арқылы анықтала­ды. Кеменің батқан орны шамамен жергілікті бағытпен анықталады. ТЖ ауданындағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, құтқарушы кеме солай қарай жылдам беттейді.

Кейде апатқа ұшыраған кеме қауiп дабылын бере алмайды. Ол егер белгіленген уақытта байланысқа шықпаса, жоғалды деп есептеледі. Бұдан кейін соңғы байланысқа шыккан ауданға іздеуші кемелер жіберіледі олар кеменің соңғы байланысқа шыққан уақытынан қаншалықты жерге кетуі мүмкін болатын жерлердің барлық аумақтарын тексереді. ІҚЖ құтқарушы кемелері, авиация, ғарыштық спутниктер жұмылдырылады.

ІҚЖ жедел ұйымдастыру жәнс жүргізу мақсатында келесі ақпаратты білу қажет:


  • ТЖ орнын, кеменің түрін, жүктің сипатын, борттағы адамдардың санын, олардың орнын және жалпы жағдайын;

  • кеменің жағдайын;

  • зардаптың себебін және ТЖ болуы мүмкін түрлерін. Құтқарушыларды ІҚЖ орнына жеткізу катерлермен, қайықтармен,

яхталармен немесе әуемен – тікұшақтармен, гидропландармен, экранопландармен жүзеге асырылады.

Құтқарушылар апат аймағындағы еш құтқару құралдары жоқ, су­дағы зардап шеккендерді тездетіп құтқаруға кіріседі; содан кейін – судың бетінде әртүрлі заттардың көмегімен тұрғандарды, жеке құтқарушы құралдарымен киінгендерді; одан ары кімдер топталған құтқарушы құралдарында болса, соларға көмек көрсетіледі.

Адамдарды құтқару кемелерінің немесе тікұшақтың бортына арқанның (жіптің) немесе желілердің көмегімен көтереді. Бұл жұмыстарды шұғыл жүргізудің қажеттілігі адам организміндегі жоғары дәрежелі жылуға судың кері әсер етуімен байланысты.

Апатқа ұшыраған кемеге өту. Шынжыр арқан.

Құтқарушылар судағы зардап шеккендерге көмек көрсетіп болғаннан кейін, апатқа ұшыраған кемеге бірнеше тәсіл арқылы өтуді жүзеге асырады:



  • сатымен (негізгі, кіре беріс, лоцман, дауылдан қорғайтын саты) және көпірмен,арқанмен, арнайы тор мен кәрзеңкелерді пайдаланып;

  • иллюминатор арқылы, арнайы жасалған люк арқылы;

  • тікұшақты пайдаланып.

Басқышпен қозғалу кезінде:

  • аяқты алмастыра отырып, оған адамдардың жиналуына жол бермей;

  • адамдар легінің қарсы келу мүмкіндігін туғызбай.

  • Кеменің бортынан дауылдан қорғайтын сатымен, арқанмен, тормен

түсу кезінде құтқарушылар, палубадағы 2 адамды көтере алатын арқанмен сақтанады.

Зардап шеккендерді құтқару және ауыстырып тиеу жұмыстарын жүргізу кемені болат арқанмен байлап жүзеге асырылады. Оны жүзеге асырар алдында бортты сатылардан, кішкентай қайықтардан, арқандардан босатады. Арқандап байлауды болат арқан ұшының көмегімен жүргізеді. Болат арқанның ұшын мықтылап бекіту сенімді болу керек және ешқандай қиындықсыз құрал – сайман қолданбай тез шешу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Болат арқанды байлап болғаннан кейін саты түсірілуі мүмкін. Адамдардың бір кемеден келесі кемеге өтуі арнайы көпірмен жүзеге асы­рылады. Өту орындарына көрсеткіш белгілер орнатылады, ал түнгі уақыт­та жарық түсіру ұйымдастырылады.



Экипаж және құтқарушылар қатысатын көшіруді кеменің капита­ны тікелей өзі басқарады. Арқандап байлау, адамдардың орнын ауысты­ру және ауыстырып тиеу жұмыстары желдің күші 3 балдан және теңіздің толқыны 2 балдан жоғары емес болғанда орындалады (Біркелкі толқын. Толқынның биіктігі 0,25 – 0,75м).

Зардап шеккендерді көшіру

Арқандап байлауды жүргізу мүмкіндік болмаған жағдайда құтқару­шылар кемеге қайықпен келеді және оның бортына лебедканың және ар­найы тордың немесе дауылдан қорғайтын сатының көмегімен көтеріледі. Қайықтың өз бетімен еркін жүзіп кетуін болдырмау мақсатында және зардап шеккендерді қабылдау үшін онда екі құтқарушы қалады.

Кемеге өткеннен кейін құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсетуге және оларды суға түсетін немесе бортқа арқандап байланатын арнайы топтық жүзу құралдарына (қайықтарға, кішкентай қайықтарға, салға) көшіруге кіріседі. Зардап шеккендерді көшіру арнайы торларды, кәрзеңкелерді, тік ұшақтарды пайдалана отырып, саты, арқан арқылы жүзеге асырылады. Адамдардың жалпы салмағы олар отырған топтық жүзу құралының жүкті көтеру салмағынан асырылмау керек. Топтық жүк құралдарын жағаға немесе құтқарушылар кемесіне ауыстыру ескектің, желкеннің, мотордың немесе буксирдің көмегімен жүзеге асыры­лады.

Жүзу құралында болған кезде тұруға, бортқа отыруға, жүзу құралын басқарғанда кедергі жасауға, апатқа ұшыраған кеменің бортынан жүзу құралын қолмен итеруге, жүзу құралын теңселтуге және өз бетімен оны тастап кетуге тиым салынады.

Зардап шеккендердің жағаға шығуы көпірмен немесе тікелей құтқарушылардың көмегімен жүзеге асады. Зардап шеккендер құтқарушылардың кемесіне ең қауіпті тәсілдің бірімен көтеріледі. Егер құтқару жұмыстары түнде жүргізілсе, онда сатыларға, жүзу құралдарына, арқандарға жарық түсіруді қарастыру қажет.

ІҚЖ кемеде жүргізу кезінде құтқарушыларға жабық орындарда жұмыс істеулеріне тура келеді. Мұндай жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жабық ғимараттар мұқият желдетілуі керек, ол жердегі ауа ортасының құрамын аспаптармен анықтап алу керек. Жабық ғимаратқа кіретін құтқарушы жіп байланатын сақтанатын белдік тағуға міндетті; оның екінші ұшын сыртта тұрған құтқарушы ұстап тұрады. Шұғыл жағдайда, желдетуге уақыт болмаса, жабық ғимаратқа кіру (тусу) тек қана оқшаулайтын костюммен немесе ауа кіретін шлангалы газ қағармен және міндетті түрде арқанды пайдалану арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Арқанның көмегімен берілетін негізгі дабылға келесілер жатады:

Бақылаушыдан:

бір рет жұлқу – «Өзіңді қалай сезінесің?»

үш рет жұлқу – «Шық!»

Жұмыс істеушіден:



бір рет жұлқу – «Өзімді жақсы сезінемін!»

екі peт жұлқу – «Ауа жетіспейді!»

үш рет жұлқу «Шығамын, жеңімді ұста!»

төрт және көп рет тарту – «Өз бетіммен шыға алмаймын!».

Жарық жоқ ғимаратқа кіруге (түсуге) болмайды. Жарық түсіру үшін жарылуға қауіпсіз аккумуляторлы электр фонарьларын қолдану керек.



Кеменің суға батып кеткен кезіндегі іс – әрекеттер

Кеме суға батып кеткенде ІҚЖ және зардап шеккендерді босатуды құтқарушы – аквалангшы және құтқарушы сүңгуіршілер жүргізеді. Батып кеткен кемеге кіру үшін люктер, кіретін есіктер. ойықтар пайдаланылады. Сонымен қатар бөлмелерден ауаның шығып кетуіне жол бермеу керек. Егер кіретін есіктер және люктер сыпаланып қалса, онда оларды ашады. Кейбір жағдайда құткарушылар кеменің сыртқы қабын кеседі және түбіне жақын жерден гидравликалық қайшымен немесе газды кескішпен ойық жасайды.

Кеме аударылған кезінде адамдар ішкі бөлмелерде қамалып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда құтқарушылар кеменің сыртын тарсылдатып, олармен байланыс орнатады, содан кейін оған гидро қайшының, электрлі араның, электрлі ажарлайтын машинаның көмегімен қажеттілігінше жылдамдатып ойық жасайды.

Кемені судың үстінде ұстап тұрған ауа қорын сақтап қалу үшін құтқарушылар ойыққа ауа қоңырауын орнатады.

Кемені қайраңға тұрғызу кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету, кеме сыртының герметикасын анықтау үшін кемеге су асты бар­лау жүргізу, кемені қайраңнан алу, бағытын анықтау, кемені жүктен босатуға қатысу, буксирді өткізу үшін кемені тарту жұмыстары орындалады. Кемені қайраңға тұрғызу кезінде тесіліп қалса, құтқарушылар зақымданған тесіктердің дәрежесін анықтайды, тесіктерді бітеуге кіріседі, корпустан суды сорып алады. Тесіктер корпустың ішкі жағынан жұмсақ пластырмен бекітіледі. Бұл үшін пластырды тесіктен су кеменің ішіне кіріп кетпейтіндей етіп бекітеді. Корпустан суды сорып алу кезінде сорғыштың күші тесікті пластырмен нығыздап тығындайды.

Апатқа ұшыраған кеменің бортынан суды copy үшін құтқарушылар пайдалануға ыңғайлы жерге ауыстырылатын және орнатылатын батырымды сорғыны көтереді. Сорғылар құтқарушылар кемесіндегі электр қондырғылы күш беретін электр кабелімен жалғанады. Дауылды ауа райы кезінде электр кабелі қалтқының көмегімен судың бетіне қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет