бір рет жұлқу – «Өзіңді қалай сезінесің?»
үш рет жұлқу – «Шық!»
Жұмыс істеушіден:
бір рет жұлқу – «Өзімді жақсы сезінемін!»
екі peт жұлқу – «Ауа жетіспейді!»
үш рет жұлқу «Шығамын, жеңімді ұста!»
төрт және көп рет тарту – «Өз бетіммен шыға алмаймын!».
Жарық жоқ ғимаратқа кіруге (түсуге) болмайды. Жарық түсіру үшін жарылуға қауіпсіз аккумуляторлы электр фонарьларын қолдану керек.
Жердегі құтқару жасағы базалық лагермен, жердегі басқа да іздеу топтарымен және әуе іздестіру мекемелерімен байланыста болулары керек. Бұл үшін байланыс құралдары мен дабыл құралдары қолданылады.
Дабыл беру құралдары:
-
құтқарушылардың тұрған жерін анықтауға;
-
көңіл бөлуге;
-
қажетті ақпаратты беруге мүмкіндік береді.
Құралдар және сигнализация дабылдары
Төменде көрсетілген дабылдар халықаралық деп есептеледі және құтқарушылар оларды өз елінде қалай қолданса, сырт елдерде де солай қолдана алады. Кез – келген дыбыстармен немесе жарық құралдарымен берілетін дабылдар:
-
«Көмек қажет ететін» - 1 мин ішінде бір қалыпты дабылды үш рет береді, содан кейін минуттық үзіліс, қайтадан үш рет дабыл беріледі және т.б.;
-
«Көмек бара жатыр» - 1 мин ішінде бір қалыпты дабыл үш рет беріледі, содан кейін минуттық үзіліс, қайтадан үш рет дабыл беріледі және т.б.
Ысқырық және электр фонарының көмегімен берілетін дабылдар:
-
«Дабыл» - 3 минутқа жалғасатын қысқа дабыл;
-
«Дабылды тоқтату» - үш қысқа дабыл, содан кейін – қысқа үзіліс, қайтадан үш дабыл және солай 3 минутқа жалғасады;
-
«Жәрдем керек» - ІҚЖ жүргізу кезінде осы дабыл «Сигнал» дабылы секілді, бірақ оны жауап алғанға дейін береді;
-
«Иә» – екі созылмалы дабыл, содан кейін қысқа үзіліс және дабыл қайтадан екі рет созылады;
-
«Жоқ» – екі қысқа дабыл, содан кейін қысқа үзіліс және қайтадан екі қысқа дабыл;
-
«Тұрған жерді көрсететін» – жалғаспалы үзік – үзік дабыл; Сиренамен берілетін дабыл:
-
«Дабыл» - 1 минут ішінде үндестігін өзгертетін уілдеп ұли шыққан дабыл;
-
«Дабылды тоқтату» - 1 минут ішінде бір үндестікте үзіліссіз шыкққан дабыл;
-
«Тұрған жерді көрсететін» – уақыты шектеусіз бір үндестікте үзіліссіз шыққан дабыл;
Қоңыраумен берілетін дабыл:
-
«Дабыл» - 1 минут ішінде қоныраудың тез үздіксіз соғылуы;
-
«Дабылды тоқтату» - қоңырау тез – тез соғылатын үш қысқа дабыл, содан кейін қысқа үзіліс және 1 минутқа жалғасатын үш қысқа дабыл;
-
«Тұрған жерді көрсететін» – қоңырауды жәйлап соғу түріндегі созылмалы дабыл.
Ракеталармен берілетін дабыл:
-
«Жәрдем керек» - зілзала дабылы қандай да бір ракетаның түсімен байланысты болмауы керек;
-
«Көмек бара жатыр» – ақ және қызыл түстегі ракетены ретімен ату;
-
«Дабылды тоқтату» – жасыл ракета;
-
«Жәрдем керек» - қызыл ракета;
-
«Тұрған жерді көрсететін» – ақ ракета.
Кез – келген ракета, оны жіберу себебі белгісіз болғанда, зілзала дабылы деп есептелу керек.
Ракетаны жіберер алдында оның түсін тексеру қажет. Ол металл пластинкаға тігілетін гильзаны тығындайтын оқ тығыны болып табылады. Түстен бөлек пластинкаға ракетаның түсін анықтау үшін нүкте – дөңестер қашалады. Бір нүкте қызыл түске, екеуі – жасыл түске, үшеуі – ақ түске сәйкес келеді. Ракеталар бейбіт уақытта тауда тек ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылуы қажет. Оларды ату ракетницадан (белгі беретін тапанша) немесе арнайы құрылғыдан жүзеге асырылады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Тікұшақты жерден басқару дабылы
-
Дабыл беру құралдары
-
Құтқарушыларға жабық орындарда жұмыс істеулері
-
Құралдар және сигнализация дабылдары
№5 дәріс. Уақытша тұрақтарды ұйымдастыру
Жалпы сұрақтар
-
Оттар – түрлері, алаңдары, жағылуы
-
Шатырларды құру тәртібі
-
Ауыз суды пайдаланудың тәртібі
Ұзаққа созылатын ІҚЖ жүргізу кезінде дамылдайтын уақытша үйлер, тұрақ пен демалыстар ұйымдастыруға ауа райы өзінше талаптар қояды. Осыны ескере отырып, құтқарушылар дамылдайтын орын – тұрақ ұйымдастырады. Ол көшкін қаупінен және тас құлауларынан қауіпсіз телімдерде, ішетін су көздеріне жақын, шырпылар мен отын қорлары бар жерлерде болуы керек.
Дамылдайтын орынды тау өзендерінің кеуіп қалған арналарына, қалың бұталардың ішіне, қылқан жапырақ қопаларына, құрғақ, қуыс және шірік ағаштардың жандарына орналастыруға болмайды. Алаңнан тастарды, бұтақтарды, қоқыстарды алып тастап, оларды тегістеп, тазартқаннан кейін құтқарушылар шатырларды орналастыруға кірісе алады.
Шатырлар келесі тәртіпте құрылады:
-
шатырды жазады;
-
созып және түптерін шегелеп қояды;
-
тіреуіштер орнатады және жіпті тартады;
-
есікті іліп және төбенің жіптерін тартады
-
төбедегі қатпарларды керіп тарту (босату) арқылы кетіреді;
-
жаңбыр жауған жағдайда су ағып кету үшін шатырды айналдырып
ені мен тереңдігі 8-10 см шұңқыр қазу керек;
Шатырдың астына құрғақ жапырақ, шөп, папоротник, қамыс, мүк салуға болады. Қарда (мұзда) шатыр құру кезінде еденге бос жол қапшықтар, арқандар, көрпе, поролон төсеу керек. Қазықтар жерге бұрышы 45° болатындай етіліп, 20-25 см тереңдікте қағылады. Шатырды бекітіп қою үшін ағаштар, тастар, кемерлер қолданылуы мүмкін. Шатырдың артқы қабырғасын желдің басым жағына қарай орналастыру керек. Шатыр болмаған жағдайда брезент, полиэтилен астында немесе қолда бар материалдардан (бұтақтардан, бөренелерден, жапырақтардан, қамыстардан) күрке жасауға болады. Ол тегіс және құрғақ жерде, ашық немесе орманның шетінде салынады. Қыста түнейтін алаң қардан және мұздан тазартылуы қажет.
Қар қалың жауған қыста құтқарушылар қардан баспана жасап алулары керек. Олардың ішінде ең қарапайымы – шұңқыр, ол ағаштардың айналасында қазылады, көлемі адам санына байланысты. Шұңқырдың үстін бұтақтармен, нығыздалған маталар мен жауып, жылылықты сақтауды жақсарту үшін үстіне қар тасталады.
Қар үңгірін, қар жертөлесін, және қардан op қазуға болады. Қардан жасалған баспанаға кірерде киімдерді қардан, батпақтан тазартып, өзіңмен бірге күрек немесе пышақ ала кіру қажет, олар желдеткіш тесіктерді жасауға және қар басқан жағдайда қолданылуы мүмкін.
Оттар – түрлері, алаңдары, жағылуы
Тамақ дайындау, жылыну, киімдерді кептіру, дабылдар үшін құтқарушылар келесі түрдегі оттарды қолданады: «күрке», «құдық», «тайга», «нодья», «камин», «полинезийялық», «жұлдызша», «пирамида».
«Күрке» шайды тез дайындауға және лагерді жарықтандыруға ыңғайлы. «Құдық» («шеген») бұл отты тамақты үлкен ыдыста дайындау, суланып қалған киімді кептіру керек болғанда жағады. «Құдықта» отын «күркеге» қарағанда ақырын жанады; жоғары температураны құрайтын шоқ шығарады. «Тайгада» тамақты бір уақытта бірнеше қазанда дайындауға болады. Бір жуан шөркеге (жуандығы шамамен 20 см) міндетті түрде жел жаққа қаратылып, астыңғы бұрыштары 30° жақындасатын бірнеше жіңішке кепкен шөрке салады. Отын ұзақ жанады. Бұндай оттың жанына түнеуге болады. «Нодья» тамақ дайындауға, түнеу кезінде жылынуға, киімдер мен аяқ киімдерді кептіруге жақсы. Бір – біріне жақын ұзындығы 3 м дейін құрғақ бөрене салады олардың арасындағы саңылауға тез жанатын отын жағады (жіңішке құрғақ бұтақшалар, қабық), содан кейін үстіне сондай ұзындықта, қалыңдығы 20-25 см үшінші құрғақ бөрене салады. Бөрене домалап кетпес үшін олардың екі шетінен жерге қазық қағып тастайды. Бұл қазықтар әрі қазан іліп қоятын таяқтарға тіреуіш болып қызмет етеді. «Нодья» ақырын жанады, бірақ тегіс жалындап бірнеше сағат жанады.
«күркe» «құдық» «тайгада» «нодья»
«камин» «полинезийялық» «жұлдызша» «пирамида»
Кез – келген отты алаңды дайындап алған соң ғана жағу керек: кепкен шөп – шалам мен шемшек теру. жерді тереңдету құрылғысы, от жанатын орынды тастармен қоршау. Отқа отын ретінде құрғақ ағаштарды, шөп – шаламдарды, қамыстарды, бұталарды пайдаланады. Жанып жатқан кезде шыршалар, қарағай, самырсын, талшын, бал қарағай ұшқынды көп шығаратыны байқалған. Емен, үйеңкі, шегіршін, шамшат ақырын жанады. Отты тез тұтату үшін тамызық (қабық, ұсақ және құрғақ бұтақтар мен шөркелер, резеңке кесінділері, қағаз, кепкен отын) керек. Ол «күркелерге» немесе «құдықтарға» тығыздалып салынады. Тамызық тез жану үшін оған балауыз шамның кесіндісін немесе құрғақ спирт салады. Отты сіріңкенің, күн сәулесінің және ұлғайтқыш әйнектің, үйкелеудің, атудың көмегімен жағуға болады. Соңғы жағдайда:
-
оқты ашып онда тек қана дәріні қалдыру;
-
дәрінің үстіне құрғақ мақта салу;
-
қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жерді ату қажет;
-
ескірген мақта оттың тұтанып – жануын қамтамасыз етеді;
-
қысқы уақытта от жағу үшін қарды топыраққа дейін тазалау немесе
қарға жуан бөренелерді төсеу керек, өйткені еріген қар отты өшіріп тастайды. Оттың жайылуын болдырмау үшін оны шұңқырлармен немесе тастармен қоршау керек. Оттан шатырға дейінгі қауіпсіз қашықтық 10 м. болу қажет.
Ауыз суды пайдаланудың тәртібі
Жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін ұстау үшін құтқарушы ауыз суды оңтайлы пайдалануы қажет.
Организм жоғалтқан судың орны толтырылуы керек, әйтпесе дененің құрғауы басталады. Адам 1-2% массаға тең суды жоғалтса, денені қатты шөл қысады; 3-5% жоғалтса, лоқсу, қысылу, селқостық, шаршау болады; 10% жоғалтса, организм де қайтымсыз өзгеріс пайда болады; 20% жоғалтса, адам өледі.Су мұқтаждығы жұмыстың орындалу қарқынына, температураға және ауа ылғалдығы мен адам денесінің массасына байланысты. Біркелкі температурадағы аудандарда шектеулі күш жұмсау кезінде суды тәулігіне тұтыну 1,5-2,0 л, шөл және шөлейт аймақтарда 4-6 л және одан да жоғары болады.
Артық күш жұмсау мен жүйке ауыртпалығы кезінде суды тұтыну 2-3 есе артады.
Табиғи және жасанды су айдындарындағы су қауіпсіз пайдаланудың талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан оны пайдаланар алдында қайнатқан дұрыс. Ластанған немесе лайланған суды қайнатар алдында марганцовкалы қышқыл калийімен немесе арнайы препараттармен тазалау керек. Сонымен қатар суды дымқыл жерді терең қазып, нығыздалған мата мен арнайы сүзгіштерді қолдана отырып, сүзуге болады. Егер су шамадан тыс ащы болса (теңіз, тұзды көл), онда оны булау мен конденсация тәсілі арқылы тұщыландыру керек. Тұз жетіспеген суларға (биік тау су айдындары, тау көлдері) тұз салуға болады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Оттар – түрлері, алаңдары, жағылуы
-
Шатырларды құру тәртібі
-
Ауыз суды пайдаланудың тәртіб
№6 дәріс. ТЖ аймағын барлау
Жалпы сұрақтар
-
Барлаудың міндеттері
-
Барлаудың түрлері
Барлау ТЖ зардабын жою жұмыстарын жүргізуде, құтқарушылардың, зардап шеккендердің, халықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды кезең болып табылады.
Барлаудың міндеттері:
-
ТЖ аймағы мен сипатын анықтау;
-
зардап шеккендердің табылу орны мен олардың жағдайларын
анықтау;
-
радиоактивті, химиялық, биологиялық зақымдану дәрежелерін белгілеу;
-
ТЖ аймағындағы нысаналардың (құрылыс, инженерлік қатынас жолдарын, байланыс желілерін, су көздерін) жағдайын бағалау;
-
өрт ошақтарын табу;
-
жұмыс орнына кіру жолдарын және зардап шеккеңдер мен халықты көшіру жолдарын анықтау;
-
ІҚЖ жүргізу жоспарын анықтау.
Барлау тәжірибелі құтқарушының қатысуымен жер бетінде, әуе, су, жер асты, су асты тәсілдерімен жүргізіледі. Барлау мәліметтері жұмыс басшысына беріледі және картаға немесе нысана жоспарына түсіріліп, бақылау журналына енгізіледі. Барлаушылар радиация деңгейіне аспаптық дозиметрикалық бақылау ұйымдастырады, химиялық және биологиялық жағдайды, ластанған аймақты анықтайды және белгілейді, қираған, су басқан, бұзылған нысаналардың дәрежелерін анықтайды.
Жер бетіндегі барлау – барлаудың негізгі түрі болып табылады. Ол жаяу құтқарушылардың З-5 адамнан құралған тобымен жүргізіледі, сонымен қатар жер беті көлік құралдары мен арнайы аспаптарды қолданады. Барлаушылар көзбен шолып және бақылау аспаптарымен нысандардың жағдайы мен қоршаған табиғи ортаны барлап, анықтайды. Жер бетіндегі барлаудың міндетіне адамдар тұра алатын және адамдар болуы мүмкін жердегі баспаналарды, жертөлелерді, жер асты ғимараттарын табу, олармен байланыс орнату, кейбір жағдайларда – ауа кіретін саңылауларды тазалау, ақпараттар, азық – түлік, дәрі – дәрмектер беру, радиация деңгейіне өлшеулер жүргізу, химиялық зақымдануды, ТЖ аймағындағы биологиялық жағдайларды, өрт жағдайын анықтау кіреді.
Радиологиялық барлау. Радиологиялық барлауды жүргізуге құтқарушылар арнайы аспаптарды қолданады (РР-5А, ДРГ-01Т, ДК-22В. МОК-1, МДӨ-11 және т.б.). Радиация деңгейі 0,5 Р/с және одан жоғары болса, жергілікті жер радиоактивті зақымданған деп есептеледі. Жұмысты жаяу жүргізген кезде барлауды 30 Р/с радиация деңгейіне дейін жеткізу және одан аспауы қажет. Машиналарда - 100 Р/с дейін одан асырылмайды, арнайы техникада (танк, бронетранспортер) 200 Р/с дейін, ұшақтарда немесе тікұшақтарда 200 Р/с жоғары. Құтқарушылардың радиоактивті зақымданған жерлерде қауіпсіз болған уақыты, радиоактивті сәулелену көлемі мен қорғану және қозғалу құралдарын қолданатын коэффицентін есепке ала отырып, арнайы кестелермен есептеледі. Өлшеулер жолдың әр 50-100 м сайын өткізіледі, сонымен қатар құралдың датчигін жер деңгейінен (10-15см) бір қашықтықта орналастыру керек. Зақымданған топырақ, су, құрылыс деңгейін дәл анықтау үшін барлаушылар оны кейін зақымданған аймақтан тыс жерлерде зерттеу үшін сынама алады. Сынама радиация деңгейі ең көп жерлерден алынуы керек. Алынған сынаманың әр өлшемі, нақты орны мен уақытының нәтижесі тіркеу журналына жазылады.
Химиялық барлау қолда бар және жергілікті жердегі ауаның, су көздерінің, шаруашылық нысандардың химиялық зақымдану дәрежесін белгілейді. Ол химиялық барлауға әскери аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ауаның сынамасы ҚӘУЗ анықтау орындарында, бұл заттың сынамасы сұйық жағдайда – топыракқа төгілген немесе сіңген жерлерде алынады. Химиялық барлауды жүргізу кезінде ҚӘУЗ жиналуы мүмкін жерлерге (құдықтарға, шахталарға, жер төле ғимараттарына, шұңқырларға және т.б.) ерекше назар аударылады. Барлаудың негізінде зақымдану картограммалары жасалады.
Инженерлік барлау қирау дәрежесі мен сипатын, коммуналдық–энергетикалық жүйенің, жолдардың, көпірлердің, өткелдердің жағдайларын, зардап шеккендердің табылу орындарын, іздестіру – құтқару және авариялық – қалпына келтіру жұмыстары өткізілетін көлемдер мен тәсілдерді анықтау үшін өткізіледі.
Инженерлік барлау:
-
әуеде – ұшатын аппараттарды қолданумен (ұшақтар, тікұшақтар);
-
жер бетінде – арнайы барлау машиналарын, бронетранспортерлерді және әдеттегі көлік құралдарын қолданумен жүргізілуі мүмкін.
Инженерлік барлаудың көлемі мен сипаты табиғи жағдайлардың, ТЖ өту ерекшелігінің, белгіленген жұмыстың түрі мен көлемінің жағдайына байланысты. Бұзылған және қираған ғимараттарды қарау кезінде олардың сыртын тексеріп шығады, сол арқылы қабырғаның жағдайы және ғимараттың саңлаулары анықталады: олардың бұдан әрі бұзылу қаупінің барлығы мен жоқтығы тексеріледі. Сонымен қатар қираған ғимараттардың үйінділер сипаты, оларды айналып өту мүмкіндіктері, өту құрылысы және оларды жинау жұмыстарының көлемі белгіленеді.
Зақымданған құрылысқа қауіп төнуі аз жақтан жақындау керек, сонымен қатар деформацияның жалғасуы мен жақында қирау мүмкіндігін көрсететін өзгеше шу, сыбдыр және сатұр – сұтыр дыбыстардың жоқ екендігіне тындап көз жеткізу қажет.
Fимараттың жеке бөліктерін тексеру кезінде:
-
тас құрылысын тексеру кезінде – қабырғаның ауытқып кетуіне, қабырғалардың жарылуына, қабырғалар мен төбелердің арасындағы байланысқа;
-
темір бетон құрылысын тексеру кезінде – бетонның және арматураның жағдайына, жарықшаққа және деформацияға, тіреуіштің толықтай ішке кіруіне, аркаға, жиналу құрылымына;
-
металдан салынған құрылысты тексеру кезінде – элементтің майысуына және жарылуына, дәнекерленген бұрыш пен тірек бөлшектерінің қосылған жеріне;
-
ағаштан салынған құрылысты тексеру кезінде – элементтердің сынуына, қабаттасатын жерінің зақымдануына, қағылған темірлердің сақталуына, құрылыс төбелерінің ісініп – иіліп төмен түсіп кетуіне және баған – тіректердің жағдайына ерекше көңіл аудару керек.
Өрт барлауы ТЖ аймағындағы өрттің жағдайдын анықтау мен табу үшін жүргізіледі. Өрттің ауданы мен көлемі анықталғаннан кейін құрылымдардың құтқару жұмыстарын жүргізу орнына жылжуын қамтамасыз ету үшін жүру жолдары мен өртті жоюға ең қолайлы жолдар анықталады.
Медициналық барлау ТЖ аймағындағы санитарлық – індеттік жағдайды анықтау үшін ұйымдастырылады. Оның жүргізілуіне медициналық құрылым, бөлімшелер, мекемелер және арнайы медициналық барлау топтары тартылады. Медициналық барлау:
-
зақымданған ошақ аумағын;
-
биологиялық құралдарға индикация жүргізеді;
-
зақымданғандардың саны мен жағдайын анықтайды;
-
зақымданғандарды емдеу мекемесіне және медициналық құрылымды барлау орындарына көшіру алдында, оларды орналастыратын орындарды анықтайды;
-
жұмыстың көлемі мен оларды жүргізуге қажетті тартылатын күш пен құралдардың санын анықтайды.
Биологиялық барлау жергілікті жердің, ауаның, судың, азық–түліктердің зақымдануын анықтау үшін, зақымданған шекараны анықтау, зақымдану әсеріне душар болған адамдарды тауып алу, жасалатын жұмыстың көлемі мен сипатын анықтау үшін жүргізіледі. Ол ауадан, топырақтан, өсімдіктерден, әртүрлі заттар мен нұсқалардың үстіңгі беттерін шайып өтулерден, зерттеу үшін іріктеп алынған жәндіктер мен кеміргіштерден сынама алу жолы арқылы жүзеге асырылады.
Іздестіру – құтқару жұмыстары барлаумен бірге бір мезгілде де, ол аяқталғаннан кейін де жүргізіле береді. Оның әрі қарай дамуын бақылап тұру үшін ТЖ жойылмайынша барлауды тоқтатпау қажет.
Әуе барлауы ұшақтардың, тік ұшақтардың және басқа да ұшатын аппараттардың көмегімен, көзбен шолып қарау және дозиметрлық бақылау, суретке түсіру және теледидарлык трансляциямен жүзеге асырылады. Алынған ақпарат картаға түсіріледі немесе радио арқылы жұмысты басқарушыға хабарланады.
Су барлауы суда немесе судың астында болған ТЖ туралы нақты мәліметтерді алу және анықтау мақсатында ұйымдастырылады. Бұл мақсаттар үшін қайықтар, кемелер, су асты аппараттары, сүңгуірлер қолданылады. Су барлауының басты міндетіне:
-
ТЖ сипатын бағалау және зерттеу
-
зардап шеккендерді іздестіру және оларға көмек көрсету;
-
жоғалып кеткен немесе суға батып кеткен нысаналарды іздеу, олардың жағдайын бағалау және көмек көрсету нұсқаларын дайындау;
-
суға радиологиялық және биологиялық бақылау жүргізу;
-
жағдайларды білу және оның даму болжамын әзірлеу;
-
дабыл белгілерін орнату;
-
гидротехникалық ғимараттың жағдайын (тосқауыл, бөгет, шлюздер, су асты іргетастар) анықтау жатады.
Жер асты барлау жер астындағы (шахталардағы, метролардағы, үңгірлердегі, жер асты ғимараттарындағы) ТЖ туралы мәліметтерді зерттеу және анықтау мақсатында жүргізіледі. Оны жүргізу кезінде:
-
жердің астына түсетін;
-
жағдайды бағалап, ол туралы басқарушыға баяндайтын;
-
зардап шеккендерді іздеп және оларға көмек көрсететін;
-
жердің бетіне оралатын құтқарушылардың қауіпсіздігіне мұқият назар аудару қажет.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Жер бетіндегі, әуе, су астындағы барлау
-
Радиологиялық, химиялық, биологиялық барлау
-
Инженрелік, өрт барлауы,
-
Медициналық барлау
№7 дәріс. Зардап шеккендерді іздеу – ережесі. әдістері. тәсілдері
Жалпы сұрақтар
-
Көзбен шолу әдісі
-
Есту әдісі (дыбысты)
-
Техниканы пайдаланып іздеу
ТЖ зардабын жою кезінде зардап шеккендерді іздеу және оларға бірінші медициналық көмек көрсету құтқарушылардың басты міндеті болып табылады. Зардап шегушілерді іздеу, барлаудың нәтижесімен танысудан, жұмыс жүргізу аймағымен (орнымен) зерттеуден, ТЖ сипатын және іздеуді жүргізу әдісін анықтаудан басталады. Зардап шеккендерді іздеу тәсілдерінің негізгі қатарына жататындар: көзбен шолу, есту (дыбысты), жергілікті жерді барлау, барлап қарау, ізбен іздеу, көргендерден сұрау, әуеден іздеу, жануарларды арнайы құралдармен іздеу.
Адам 90% жуық ақпаратты көру көмегімен алады. Сондықтан зардап шеккендерді іздеудің негізгі әдісі көзбен шолу. Ол жергілікті жерді қараудан және зардап шеккендердің тұрған жерін анықтаудан тұрады. Көзбен шолу әдісі. Көзбен іздеу барлық көрінетін аумақты немесе ТЖ аймағын қараудан басталады. Сонымен қатар, құтқарушы бір орында немесе қозғалып жүріп бақылау жүргізеді. Көз жетерлік жерлерді көру үшін жергілікті жердің, шарттарын қолдану қажет: тауға, мұнай мұнарасына, үйдің төбесіне, ағашқа шығу. Көзбен іздеуді жүргізу үшін қолайлы жағдай – ауа райының ашық болуы. Оптималды көзбен шолу мақсатында мақсатқа сәйкес дүрбілер, ұлғайтқыш әйнектер, түнде көретін құралдар қолданылады. Олар адамның көзі жетпейтін қашықтықтар мен жағдайларда бақылау жүргізеді.
Түнгі уақытта, қараңғы тыныш кеңістіктерде, үңгірлерде, тұманда немесе түтінде көзбен іздеу жұмысын жүргізу үшін прожекторлар, фонарлар, шамдар, алаулар, жарық түсіретін ракеталар қолданылуы керек.
Кейде оттың немесе фонардың жарығын көру мақсатында көзбен іздеу түнде істелінеді. Үлкен каланың жарықтары 60 км қашықтықта, тік прожектордың жарығы - 50 км қашықтықта, автомобиль фарының жарығы -10 км қашықтықта, алау оты - 8 км қашықтықта, электр фонарының жарығы - 3-4 км қашықтықта көрінеді. Күндіз бақылау кезінде үлкен мұнаралар, шіркеулер, элеваторлар 18-20 км, елді мекендер -15-16 км, ірі үйлер -9-10 км, зауыт құбырлары 6-8 км, олардан шығатын түтін - 50 км, адамдар 1,5-2,0 км қашықтықтан көрінеді. Көру сезімталдығын терең және қалыпты дем алу, бетті және желкені салқын су немесе қармен қайта – қайта сүрту көмегімен жоғарылатуға болады. Жарық – сәулелі, қарлы, мұзды, су кеңістігі жағдайында көзбен бақылауды қолдану кезінде қара көзілдірік, күнқағарларды міндетті түрде пайдалану керек.
Барлық алынған ақпаратты құтқарушылар бақылау журналына, картаға енгізеді немесе штабқа жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |