Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің



бет5/11
Дата26.06.2016
өлшемі1.1 Mb.
#159737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Жарақатқа байланысты зардап шегушілерді тасымалдаудың қолайлы қалыптары

  2. Зардап шегушілерді тасымалдаудың қалпы

  3. Адамдардың жаппай зақымдануы кезінде зардап шегушілерді тасымалдау

  4. Тасымалдаудың тәсілдері мен құралдары

10 дәріс. Төтенше жағдай кезіндегі іздеу құтқару жұмыстарын жүргізу


Жалпы сұрақтар

  1. Авиациялық көліктердегі іздестіру – құтқару жұмыстары

  2. авариялық – құтқару командалары

  3. Әуе кемесінің бортынан көшіру

  4. Теміржол көлігінде ІҚЖ жүргізу

Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою

  1. Автокөліктердегі ТЖ зардабын жою кезіндегі ІҚЖ жүргізу


Авиациялық көліктердегі іздестіру – құтқару жұмыстары. Жердің әуе кеңістігінде үнемі мыңдаған ұшқыш аппараттар жүреді (ұшақтар, тік ұшақтар, әуе шарлары, дельтапландар). Олар жолаушыларды, жүктерді тасиды, ғылыми, әскери және арнайы тапсырмаларды орындайды. Авиа көлікте ТЖ пайда болуы және санының өсу ерекшілігі авиа құралдардың үлкен жылдамдықта қозғалуынан, олардың бортында жанар май мөлшерінің көптігі мен жарылғыш заттардың болуынан, апатқа ұшырайтын әуе кемесінде қауіпсіздікті сақтайтын тиімді шаралардың болмауынан.

Авиа көліктердегі ТЖ кезінде жарақаттанудың және қаза болудың негізгі факторы, соққыдан және өрттен пайда болған күштер болып табылады. Авиациядағы ТЖ себептері жарылыстар, өрттер, ұшу – қону алқабынан шығып кетуі, әуе кемесінің құлаулары.

Авиакөліктегі ТЖ – ны төмендету жөнінідегі тұрақты жұмысқа қарамастан әуе кемесінде авариялар мен апаттар жиі кездеседі.

Авиакөліктегі ТЖ – ның негізгі бөлігі (шамамен 80%) әуежай ауданында болады (тұрақ, ұшу, қонуға кіру, қону). Бұл жерде авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуді – диспетчерлік, старттық, өрттен – құтқару, медициналық, инженерлік, мамандандырылған көліктер, тасымалдаушы, полициялар, АҚҚ сияқты әрбір қызметтің есептемелері кіретін авариялық – құтқару командалары (АҚК) жүзеге асырады. Әуе кемесінен авария тура­лы ақпарат алған соң АҚҚ шұғыл жұмысқа кірісуге міндетті. Авиа апатта құрбан болғандардың саны тікелей әуе кемесінің қирау дәрежесіне, жылудан зақымдануына және өрт кезіндегі тұншығуға, жоғары орналасқан жүктесіктер арқылы борттан құлаған жүктердің адамдарды жарақаттауына, жолаушылар іс – қимылының ұйымшылдығына және үйлесілімділігіне, экипажға, құтқарушыларға байланысты. Авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуге, оларды көшіруге тіпті мүмкіндік бермейтін үрейлі дүрбелең бөгет жасайды.

Авиакөліктегі ТЖ кезінде адамдарды құтқару жөніндегі алғашқы шаралар, оларды көшірумен байланысты. Әртүрлі топтағы әуе кемесіндегі көшіру мүмкіндігінің бір – бірінен айырмашылығы бар. Олар салондардың құрастырылуына, жолаушылардың санына, қолда бар запасқа және авариялық шығуларға, оларды жұмысқа дайындау уакытына байланысты. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талабына сәйкес (ИКАО) барлық жолаушылар ТЖ жағдайында борттың бір жағында орналасқан шығу жолы арқылы 90 сек ішінде әуе кемесін тастап кетулері қажет. Апаттық жағдай кезінде барлық негізгі, қызметтік, запас есіктер адамдарды көшіру үшін пайдаланылуы қажет. Ол экипаж кабинасында арнайы жүктесіктерді, құтқарушылар жасаған жүк тесіктерді, желдеткіштерді бұзу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Апаттық шығу есіктерінде құлып тұтқалары қарапайым орнатылған олар көрініп тұрады және ашу кезінде үлкен күшті қажет етпейді.

Әуе кемесінің бортынан көшіру

ТЖ кезінде әуе кемесінің бортынан адамдарды және экипаж мүшелерін көшіру жылжымалы басқыштарды және өрт сатыларын, арқан жүйелерін қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Әуе кемесінің өзінде сонымен қатар, шығатын есік жанында көшіруге арналған арнайы құралдар бар: үрленген басқыштар, матадан жасалған науа, құтқару арқандары.


ТН – 2 үрленген басқыштары (Ил – 62) кіретін есік алдындағы люктің астында немесе (Ту – 154) лақтырмалы платформасында, ТН – 3 басқышы алдыңғы кіру есігінің лақтырмалы платформасына орналасады. ТН – 2 (ТН – 3) үрленген басқышын жұмыс жағдайына алып келу үшін (Ил – 62) люгінің астындағы авариялық есікті ашу қажет, басқышты суыру және люкке бекіту қажет. Ту – 154 ке және Ту – 134-ке авариялық шығу алдындағы еденге басқыш бекітілген төсемді тастау керек, екі тотыққан көміртекті баллонға және басқышқа бұралған, біріктіретін шланг жарылған жоқпа немесе айналып кетпеді ме соны тексерген жөн, содан кейін басқышты қабымен кеменің сыртына шығару керек. Басқышты түзулегеннен кейін тұтқамен екі тотыққан көміртек баллон винтеліне мықтап бұрау керек. Басқыш 10-12 сек ішінде газға толады және жұмыс жағдайы ұшақтан жерге дейін 45-50° бұрышты алады. ТН – 2 пен және ТН – З пен кем дегенде 2 адам басқышпен бір уақытта қатар түсуге рұқсат етіледі. Бір үрленген басқыштың жіберу қабілеті 2,5-3,0 минутта 100 адам.



Матадан жасалған науа, ереже бойынша, шамамен оң жағындағы шығатын жерінде: Ил – 2 нің люгі астындағы еденде, Ту – 154 тің шығуға жақын багаждағы сөреде, Ту – 134 тің экипаж гардеробында бо­луы тиіс. Матадан жасалған науа тартпа шұғыл көшіру кезінде қызметтік және запас шығулар арқылы адамдарды жерге түсіреді. Ол қоспалы мата­дан жасалған «қаптық жамылғы – шатыр». Есікті (люкті) ашқаннан кейін науаны қаптан шығару керек және науаның ілмектерін есіктің үстіңгі және төменгі бөлігіне іліп қою керек. Науаны жерге тастап, әуе кемесінен кенеп матаны 4-5 м созып тартады. 2 (Ту – 134) немесе 4 (Ту – 154) ілмектерінен ұстап тұрып жолаушыларды төмен түсіреді. Матадан жасалған науамен оның міндетті түрде сақтануымен, бір уақытта 1 адамнан түсіруге рұқсат етіледі.

Әрбір авариялық шығуда, сонымен қатар экипаж кабинасындағы желдеткіштің үстінде немесе люктерде фюзеляждың тіреуішіне бекітілген құтқарушы арқандар бар. Желдеткішті немесе люктерді ашып арқан сыртқа шығарылады.

Ил – 86 және Як – 42 ге жолаушыларды және экипаж мүшелерін авариялық көшіруге арналған авариялық есіктер бар, олардың ішінде үрлеген басқыштар болады. Есіктердін авариялық ашылуы барысында контейнерлерден баллоннан ауамен толтырылып үрленген науа автоматты түрде шығады. Ил 86 да екі жолды басқыш бір уақытта әуе кемесінен шығуы мүмкін және басқышпен 4 адам қатар жүре алады. Як – 42 та бір жолды басқыш, бір уақытта басқышта 2 адам қатар жүре алуы мүмкін.

Авариялық көшіру кезінде құтқарушылар экипажбен бірге жолаушыларға көмек көрсетеді және олардың сақтануын қамтамасыз етеді. Бірінші кезекте балаларды, әйелдерді, қарт адамдарды көшіреді, тек содан кейін барлық қалғандарын көшіреді. Адамдарды зақымданған үрлеген басқыштармен немесе науалармен не болмаса олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін басқа да қауіпті факторлар кезінде көшіруге бол­майды.

Ессіз жатқан немесе ауыр дене жарақатын алған жолаушыларды зембілмен, брезентпен, қалқанмен абайлап шығарады және арқанның көмегімен жерге түсіреді.

Көшіруді аяқтағаннан кейін құтқарушылар жолаушылар салонындағы жабық орындарды және экипаж кабиналарын, сонымен қатар ас үйді. гардеробтарды, санитарлық – гигиеналық және жүк бөлмелерін және эки­паж құрамын тексереді, әйтпесе оларды құтқарылғандардың мәліметтерімен салыстырады және тарату кезінде зардап шеккендерді тапқанға дейін іздеуді жалғастырады.


Авиакөліктегі өрттер

Өрт қоса шыққан авиациялық оқиға ерекше қауіп төндіреді. Өрттің шығуына келесілер мүмкіндік береді:

  • бортта авиациялық отынның және басқа да жанармай сұйықтықтарының болуы;

  • жолаушы салонындағы декоротивті өңдеуге және құрылыс материалдары ретінде айтарлықтай тез тұтанатын және түтінді көп шығаратын және толық жанып бітпеген улы зат болу қасиетіне ие материалдарды пайдалану;

  • әуе кемесінің айналасына тез өртенетін авиациялық жанармайдың төгілуі кезінде сырттың тез жануына және оттың салон ішіне кіруіне алып келетін фюзеляж қабының отқа төзімсіздігі.

Жолаушылар салоны ішіндегі өрт жабық аумақтағы өртке жатады. Өрт кезінде салон ішіндегі адамдардың зақымдануының негізгі себебінің бірі өртенген өнімдермен улану болып табылады. Екі оксидтті көміртек тарағаннан кейін 2-3 минуттан соң салонда адам өліміне әкелетін концентрацияға жетеді. Салонның ішіндегі өртті сөндіру, жолаушыларды және экипаждарды құтқару, есікті, қанат үстіндегі люктерді және фюзелюждың қаптамаларын ашудан және құтқарушылардың апаттық кеменің ішіне кіруден басталады. Фюзеляжды ашу кезінде өрттің қарқыны артады жалынмен және өрттің температурасымен алынған кеңістік көлемі лезде үдеп кеңейеді.

Құтқарушылар ыстықтан және газ түтіндерінен қорғайтын жеке құралдармен, жұмыс жеңқап сызықтарымен, көбіршік шығаратын ерітінділермен, және жабылатын оқпандармен (РС-Б, РСК-50, КР-Б саптамасымен НРГ-5 және т.б.) жабдықталулары керек. Салонды қою түтіннің қаптауы және токсинді заттардың болуы зардап шегушілердің де құтқарушылардың да жағдайын қиындатады. Сондықтан құтқарушылар көру мүмкіндігі шектеулі, токсинді заттардың жоғары концентрациясында және айтарлықтай температурада келісіммен әрекет етуі тиіс.

Айтып кеткендей, әуе кемесі ішіндегі өрт кезінде жолаушьшар салонының биіктігінде температура қаншалықты тез жайылса, онда құтқарушылар өртті сөндірудің алғашқы сатысында, орта көлемді температура төмен түскенге дейін, еңкейіп жүріп, жолаушылар салонының үстіңгі температуралық қабатын салқындата отырып жұмыс істейді. Түтінді ауада жұмыс істеу кезінде бір құтқарушы фюзеляждың сыртында болуы керек және кеменің ішінде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар сияқты онда да қорғаныс құралдары болу қажет. Оның міндетіне түтінді салондағы құтқарушылармен байланыста болу, зардап шегушіге және қажет болған жағдайда басқа да құтқарушыларға дереу көмек көрсету кіреді.

Апат аймағынан зардап шегушілерді шығарып алғаннан кейін

оларды одан ары тану үшін қаза болғандардың сүйектерін жинауға кірісу керек. Тек осыдан кейін ғана әуе кемесін және ол тасымалдауға алып бара жатқан жүктерді құтқаруға кіріседі. Егер жүктер жоғары материалдық және мәдени құндылыққа ие болса, сондай – ақ аса қауіпті жүктер ерекше жағдай (жарылыс қауіпі бар және радиоактивті заттар, ҚӘУЗ және т.б.) болып табылады. Мұндай жағдайда адамдарды және жүктерді құтқару бір уақытта жүргізіледі. Кейбір авиациялық апатарда әуе кемесінің бор­тында болғандардың бәрі қаза болады. Бұндай апат орындарында құтқарушылардың жұмысы қаза болғандардың сүйектерін іздеуге, әуе кемесінің сұлбасын және «қара жәшік», ТЖ даму суретін қайта жасаудан аспайды.


Теміржол көлігінде ІҚЖ жүргізу. Көлік жүйесіндегі жетекші орынға теміржол көлігі тиесілі. Қазақстанның темір жолымен арнайы құрамдағы мыңдаған жүктер, жолаушылар жүріп тұрады. Теміржол көлігі құрамына:

  • теміржол төсемдері (рельстер, шпалдар, бұру тетіктері);

  • теміржол құрамы (локомотивтер, вагондар, цистерналар, платформалар);

  • теміржол депосы (жөндеу шеберханалары, қоймалық ғимараттар, запас жолдар), теміржол вокзалдары кіреді.

Теміржол көлігінің ерекше сипатына:

  • жылжымалы составтың үлкен массасы жатады. Жүк поезінің жал­пы массасы шамамен 5 мың.т, жолаушылар составының массасы шамамен 1 мың. т, цистернаның массасы - 80-100 т.;

  • составтағы вагонның санын анықтау: жолаушылар тасымалдайтын поездарда ортамен 16, жүк поезында 75. Составтағы вагонның ең көп саны – 110;

  • жоғары кернеулі электртоғы (30 кВ дейін), жылжу составының жоғары жылдамдығы, жолдың қауіпті учаскелері (көпірлер,тоннелдер);

  • қолда бар адамдар факторы (локомотивті басқару, құрамдарды іріктеу, диспечерлік қызмет ету);

Теміржол адамдар үшін потенциалді қауіп төндіреді. Бұл қауіпті жүктерді тасымалдаумен, олардың поезға, станцияға, қоймаларға жиналуына, локомотивтерге ЖЖМ отын түрінде пайдалануға байланысты.

Барлық жоғарыда айтып кеткен факторлар теміржол көлігінде әртүрлі авариялар мен апаттардың болуына әкеледі. Теміржолдағы ТЖ ретінде: жылжымалы составтың жолдан шығуы, құлау, апаттар, өрттер, жарылстар, қауіпті жүктердің жойылуы және өлімге, жарақаттануға, улануға, эгологиялық шығынға ұшыратуға алып келетін басқа да оқиғалар. Теміржол көлігіндегі ТЖ туралы ақпаратты телефон байланысы арқылы немесе поезд бастығы арқылы жақын арадағы кезекшіге хабарлайды.



Апат орнына құтқарушылар келгенде:

  • барлау жүргізіледі және жағдайды бағалайды;

  • қауіпті аймақ шекарасын анықтайды және оған қоршау орнатады;

  • зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ІҚЖ жүргізіледі;

  • ТЖ зардабын жояды (ТЖ көздерін жою, өртті сөндіру және т.б.).


Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою

Адамдарды темір жол арқылы тасымалдау үшін 160 адам сиятын жолаушылар вагоны қолданылады. Вагонның ұзындығы 24 м, ені-3,5 м, массасы 50 т екі есікпен қамтылған. Олар үш қырлы немесе төрт қырлы дөңбекті кілтпен ашылатын арнайы құлыптармен жабдықталған. Кіретін есіктер вагонның ішіне қарай ашылады. Вагонның ішіндегі өтетін жердің ені 110 см құрайды. Вагон электр жабдық, желдеткіш, жылу жабдық жүйелерімен жабдықталған.

Жолаушылар үшін поездың кенеттен тоқтауы және вагондардың аударылуы қауіп төндіреді. Сонымен қатар жолаушылардың текшеден құлаулары, олардың жарақаттануы болады. Әдеттегі жарақаттарға денені соғып алу, сынықтар, бас миының шайқалуы, дене бөлігінің басылып қалуы жатады.

Вагондағы зардап шегушілерге көмек көрсету үшін құтқарушылар:



  • вагонға кіретін есіктен, терезе ойығынан және арнайы жасалған люктер арқылы кіруге;

  • зардап шегушілерді іздеуге, олардың босатылуын және көшірілуін ұйымдастыруға;

  • зардап шеккендерге бірінші медициналық көмекті ұйымдастыруға міндетті.

Құтқарушылардың вагонға енуі кіретін есік арқылы оларды вагонның сыртынан немесе ішінен ашқаннан кейін жүзеге асырады. Олар сығылысып қалған жағдайда сүймен, ауыр балға, кескіш, механикаландырылған құралдар қолданылады. Вагонға терезе ойығы арқылы кіру үшін сүйеп қоятын және ілінетін сатылар, арқандар пайдаланылады. Құтқару­шылар терезеге бір – бірінің үстіне шығып немесе біреуі келесісінің қолы­нан тартып кіре алады. Мұнда ерекше қауіпті терезе әйнегінің кесектері тудырады, оларды міндетті түрде алып тастаулары керек. Вагонға кіргеннен кейін құтқарушылар купе есіктерін ашуға, іздеуге, көшіруге, зардап шеккендерге көмек көрсетуге кіріседі.

Құтқарушылардың жолаушылар вагонына кірулері:

1 – есік арқылы, 2 – арқанның көмегімен, 3 – сатымен, 4 – бір – бірінің көмегімен, 5 – люк арқылы

Вагонның астында қалған адамдарды құтқару үшін оны, қажет бо­лған жағдайда көтереді. Бұл жұмыстар жүк көтеретін кранның немесе ар­найы жүк көтеретін үлкен домкраттың көмегімен орындалады. Кейде зардап шеккендерді вагонның астынан тиісті жерді қазып немесе құрылысқа ойық жасап шығарады.

Адамдар үшін жолаушылар вагонында болған өрт ерекше қауіп төндіреді. Ішкі бөлмеде қолданылатын тез жанатын және жанғыш материалдарды (ағаш, пластмассалар, бояғыш заттар) электр өткізгіштер вагонның отқа тез орануына ықпал етеді. Жолаушылар поездындағы өрт тез таралады. Кейде вагондарды бірінен кейін бірін алады. Әсіресе бұл поезд жүріп бара жатқан уақытта жиі кездеседі. Вагон дәлізіндегі өрттің таралу жылдамдығы 5м/мин, купеде-2,5м/мин құрайды. Сөйтіп 15-20 минут ішіңде вагон толығымен жалынға оранады: ондағы жану температурасы 950 °С жетеді, ал жолаушыларды көшіруге тек қана 1,5-2,0 минут қалады. Қатты жанғыш материалдар жанған кезде вагон едені өртенеді ол 15-20 мин. Қатты жанатын жанғыш материалдардың жану жалынының биіктігі 10 см жетеді, жалынның температурасы 1100 °С, өрттің жану жылдамдығы 1,4м/мин құрайды. Тепловоздардағы өрт үлкен мөлшердегі отынның болуымен қиындай түседі (5-6т) және жағатын материалдар (1,5-2,0 т). Өрт кезінде жолаушы­лар вагонында өрт барысында болатын зақымдану факторлары болып, жоғары температура, тіктеп жанатын от, уландырғыш заттар табылады. Осының бәрі үрейлі дүрбеленді күшейтеді. Жолаушылар поезындағы өрт кезінде құтқарушылардың негізгі міндеті барлық зардап шеккендерді жедел іздестіруді және оларды вагоннан қауіпсіз орынға көшіруді жүргізу, қозғалу уақытында жанып жатқан составты тастап кеткендсрді іздеп табу, өртті жоюға қатысу.



Жолаушылар вагонындағы жарылыстар ТЖ бір түрі болып табы­лады. Олар адамдардың жарақаттануына және қаза болуына, өрттің шығуына, жылжымалы составтың аударылуына және жолдардың бұзылуына әкеледі. Жарылудың себебі жарылу қаупі бар заттарды тасымалдауда ережені бұзу, тексеру жолында (төменде) жарылу қаупі бар қоспаның, лаңкестік актіні тергеу құрамының пайда болуы.

Кейде жолаушылар поезі қар үйінділерімен, топырақтармен, құлаған тастармен, көшкіндермен, сел тасқындарымен, сумен жабылады. Мұндай жағдайда зардап шеккендерді босату үшін және оларға көмек көрсету үшін шұғыл шара қолдану қажет.


Автомобиль көлігінде ІКЖ жүргізу. Автомобиль көлігіндегі ТЖ

Көліктің барлық түрінің ішінен қайғылы зардап пен материалдық зиянға көп ұшырайтыны саны жағынан автомобиль көлігі.



Автокөліктердегі ТЖ негізгі себебі болып соғысу (37,9%), аударылу (16,1 %), басқада оқиғалар (8,9%). Қалаларда және елді мекендерде 60%, тас жолдарда 40% авариялар мен апаттар болады.

Автокөліктердегі ТЖ негізгі сипаттамасы – тосыннан болуы, көлік құралының кілт тоқтауы, оның өзгеруі. Кейбір жағдайларда автомобиль авариялары жарылыстармен, өрттермен, уландыратын заттардың төгілуімен, автомобилдердің құзға, суға түсуімен сипатта­лады. Автокөлік құралдарының көшкіннің, сел тасқынының, қар басып қалу және құлаған тастардың астында қалу жағдайлары жиі болады.

Автокөліктердегі авария адамдардың жарақаттануына және қаза болуына әкеледі. Автожолдағы ТЖ – кенеттен болған динамикалық соққының салдарынан, жарылыстан, өрттен болатын әдеттегі жарақат – бұған жаралап алу, сүйектердің сынуы, бас миының шайқалуы, ішкі ағзалардың зақымдануы, күйіктер жатады.

Автокөлікте ТЖ ішінен ең жиі кездесетіні (қарама – қарсы, бүйір жағымен, жанама) соқтығысу болып табылады.

Кез – келген соқтығысу автомобилдердің қарама – қарсы келген қозғалысында болады. Ол көлік құралының алдыңғы (лобовой) бөлігінің пішінінің өзгеруіне, қозғалыстың күрт тоқтауына, есіктердің сыналасуына, салондағы немесе кабинадағы адамдардың қысылысуына (сығылысуына), әйнектердің тұтас сынуына әкеп соқтырады. Көлік құралы түрінің өзгеру дәрежесі және кабинадағы немесе салондағы адамдардың жарақаттану деңгейі қозғалыстың жылдамдығына және соғысқан автомобильдің массасына байланысты. 60 км/с жылдамдықта келе жатқан екі жеңіл авто­мобиль қарама – қарсы соғысқан кезінде алдыңғы бөліктің түрі өзгереді: жүргізуші рульге, ал жолаушы салонның элементтеріне қысылып, басы­лып қалады. Автомобильдің ұзындығы 0,5 м азаяды. Ал жылдамдықтың 120 км/с ұлғаюы автомобилдердің барлық жан – жағынын түрін өзгертуге және салон ішіндегі адамдардың қысылып басылуына әкеледі.

Бүйірімен соқтығысу – бір автомобильдің келесісінің бүйір бұрышының кез – келген бөлігін соғу. Мұның нәтижесі – есіктердің және кузовтардың түрін өзгертуге, адамдардың қысылып, басылуына әкеледі. Кейде бүйірінен соққы алған автомобиль аударылады. Бүйір соқтығысуы соққы болған салон жақтағы адамдар үшін қауіпті.

Жанама соқтығысу қарама – қарсы немесе бір бағытта қозғалған кезде болады. Автомобильдер бүйір жағымен соқтығысады. Сонымен қатар адамдар жарақаттанады, көліктің үстіңгі бүйір жақтарының пішіні өзгереді.



Қағу қозғалмайтын (бағана, ағаш, қабырға, дуал, автомобиль) неме­се қозғалатын (автомобиль, поезд, трамвай, трактор, велосипед) заттарды барып соғу. Оның сипаттамасы автомобильдің кенеттен тоқтауы, күшті динамикалық соққының пайда болуы, бұл автомобилдің алдыңғы бөлігін зақымдап, салон мен кабинадағы адамдардың жарақат алуына алып келеді.

Аударылу – автокөліктерде өте жиі кездесетін ТЖ – ның бірі. Ол бүйірден соғудың, кілт бұрылудың, автомобильдің жолдың шетіндегі (бойындағы) жардың бетіне шығып кетуінің салдарынан болады. Автомо­биль бүйірімен немесе төбесімен аударылады. Әсіресе автомобиль бірнеше рет аударылғанда қауіпті. Бұл сыртының, төбесінің едәуір зақымдануы­на, салондағы адамдардың қысылып қалуына, олардың жерге құлауына және басылуына, бензиннің төгілуіне, жарылысқа, өртке алып келеді.

Автокөліктердегі ТЖ зардабын жою кезіндегі ІҚЖ жүргізу үшін құтқарушыларда өрт сөндіру саймандары, жабдықтар, көтеруге арналған машиналар, ауыр заттарды көмкеру және ауыстыру, әртүрлі металл кескіндерін кесу, зардап шеккендерді және автокөліктерді іздеу құралдары, жарықтандыру, байланыс, қорғау, зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, оларды көшіру, тіршілігін қамтамасыз ету, су астындағы жұмыстар, қауіпті заттарды жинастыру және залалсыздан­дыру құралдары болу керек. Кейбір жағдайда жұмыстар альпинистік жабдықтарды пайдаланып жүргізіледі. Ереже бойынша, автомобильдік ТЖ жолда немесе оған тікелей жақын жерде болады. Бұл құтқарушылардың және арнайы техникалардың тікелей жұмыс орнына тез жетуін және олардың шұғыл жүргізіуін қамтамасыз етеді.

Зардап шеккендерге көмек көрсетудегі құтқарушылардың іс – қимылдары

Авария кезінде адамдар автомобильдің салонынан немесе кабинасынан шығып кете алмайтын жағдай жиі болады. Олар салонның алдыңғы немесе бүйір жағына, креслоның арқасына, тағандарға және қалқаларға қысылып қалады. Мұндай жағдайда ең әуелі көмек қысылмаған, тек авто­мобиль салонына қамалып қалғандарға көрсетіледі. Олар салоннан терезе ойықтары, люктер, есіктер арқылы өз беттерімен немесе құтқарушылардың көмегімен шығып кете алады. Содан кейін құтқарушылар көлік құралына қысылып қалған адамдарды құтқаруға кіріседі.



Болған оқиғаларға байланысты табақ және темірлер, әртүрлі кескінді металдар жылжиды, тағандар, қалқалар, орындықтар қысылып қалады. Сыртына, төбесіне, астына саңылаулар салынады, жекелеген жағдайларда төбесі толығымен алынып тасталады.

Бұл жұмыстар механикаландырылған техниканың көмегімен орындалады, ал ол болмаған кезде сүймен, ауыр балға, балта, қысқыш, жинағыш, сонымен бірге қолға іліккен құралдар – құбыр кесегі, тас пайдаланылады.

Зардап шеккендерді автомобильдің астынан шығарып алу

Автомобильдің астында қалған зардап шеккендерге көмек көрсету үшін екі негізгі әдіс қолданылады:



  • автомобильді арнайы жүк көтеретін механизімнің және жабдықтардың (автокран, көтергіш, домкрат, иінтірек) немесе қолмен бірнеше құтқарушылардың көмегімен көтереді;

  • жер асты жолын салады.

Зардап шегушіні автомобильдің астынан шығарып алу:

1 – иінтіректің көмегімен;

2 – кранмен;

3 – қолмен; 4 – домкратпен; 5 – қазу жолымен.





Су көліктерінде ІҚЖ жүргізу

Суда орын алған ТЖ – ның барлығы өзіне тән ерекшеліктерге негізделген, атап айтқанда:



  • тағайындалу жағынан, эксплуатациялық сипатымен, жылжу жылдамдығымен бір – бірінен әр түрлілігімен ерекшелінетін судың көлік құралдары;

  • су апатының жиі әсер етуі;

  • тексеру жолына кемелердің ұзақ келуі;

  • үлкен мөлшермен бір уақытта қауіпті зиянды өнімдерді тасымал­дау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет