ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «теориялық бейорганикалық химия»


Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар



бет13/15
Дата21.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
#152778
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар

16. Электролиз. Электролиз заңдары

1. Электролизерлер қатарында мына электролиттердің ерітінділері: a) CuSO4; б) NiSO4; в) Fe2(SO4)3; г) FeCl2 құйылған, олар арқылы тоқ өткізілген. Сонда соңғы электролизердің анодында 1,4л хлор (00 С және 101,3кПа) бөлінсе, катодтарда қанша металл массалары бөлінген? Жауабы a) 3,97г; б) 3,67г; в) 2,33г; г) 3,49г.

2.NaCl ерітіндісін 30 мин электролизге ұшыратқанда, анодта 2,8л хлор қ.ж. бөлінген. Тоқ күшін өзгертпей электролизге 45 мин 0,75н CuSO4 ерітіндісінің қандай көлемін түсіруге болады? Жауабы 0,5л.

3.AgNO3 ерітіндісін 50 мин 3А тоқ күшімен электролизге ұшыратқанда катодта 9,6г күміс бөлінсе, күмістің шығымын есептеу керек. Жауабы 95,4%.

4.200мл FeSO4 ерітіндісін электролизге түсіргенде анодта -30С және 103,4кПа жағдайында 2712мл оттегі бөлінген, сонда FeSO4 ерітіндісінің молярлығын анықтау керек. Жауабы 1,25М.

5.250мл 6% (=1,05) HgCl2 ерітіндісін 5,8А тоқ күшімен қанша уақыт электролизге ұшыратуға болады? Жауабы 32,3мин.

6.6л оттегіні (170 С және 98 кПа) 3 сағ электролизге NaOH ерітіндісін түсіріп алу үшін тоқ күші қанша болу керек? Жауабы 8,7А.

7. AgNO3 ерітіндісінен 0,27г күміс бөліп алу үшін 0,5А тоқ күшін неше минут өткізу керек? Жауабы 8мин.

8.40мл 0,25н. CuSO4 ерітіндісінен мысты толық бөліп алу үшін 1,93А тоқ күшін неше минут өткізу керек. Жауабы 8,33 мин.

9. NaOH және NiCl2 балқымаларының инертті электродтарда жүретін электролиз процестерінің теңдеулерін құру керек.

10.Көмір электродтарында жүретін BaCl2 және Pb(NO3)2 ерітінділерінің электролиз процесінің теңдеулерін жазу керек.

11.Мырыш хлоридінің a) мырыш аноды; б) көмір аноды болған жағдайлардағы электролиз кезінде электродтарда жүретін теңдеулерді жазу керек.

12.Концентрациялары бірдей никель, мыс, күміс, темір (ІІ) сульфатары ерітінділерінің электролизінде металдардың бөлінуі қандай кезекпен жүреді?

13.Мыс электродтарында жүретін KNO3 ерітіндісінің электролиз процестерінің кестесін жазу керек.

14.2А тоқ өткенде 2 моль судың толық айрылуы үшін қанша уақыт қажет болады? Жауабы 53,6сағ.

15.Платина тұзы ерітіндісі арқылы 10 минут 5А тоқ өткізілгенде 1,517г Рt бөлінсе, бұл металдың эквивалент массасы қанша болады? Жауабы 48,8г/моль.

16.1г кадмий бөлінуі үшін оның тұзы ерітіндісінен 1717Кл электр тоғы (It) өткізілген. Кадмийдің эквивалент массасы нешеге тең? Жауабы 56,2г/моль.

17.Үш валентті металл тұзы ерітіндісі арқылы 1,5А тоқ 30 мин өткізілгенде катодта 1,071г металл бөлінген болса, сол металдың атомдық массасы нешеге тең?

Жауабы 114,8г/моль.

18.Белгілі бір уақыт аралығында NaCI және Na3PO4 сулы ерітінділерін электролизге ұшыратса, тұздардың мөлшері өзгере ме? Анодта және катодта жүретін электрондық теңдеулерді құрып, жауаптарыңды дәлелдеу керек.

19. Көмір электродтарында мына тұздардың NaF, KCI, AgNO3 сулы ерітінділерінің электролиз процесінің кестесін құру керек , CuSO4 ерітіндісінің – мыс анодындағы.

20.Егер электролит арқылы 30 минут 2,5 А тоқ өткенде ерітіндіден 2,77г металл бөлінсе, металдың эквивалент массасы қанша болғаны? Жауабы 59,4г/моль.



Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар

17. Комплекс қосылыстар

1.Көрсетілген электролиттер ерітінділері арасында жүретін реакцияларды молекулалық және ионды-молекулалық түрде жазу керек :

a) К2 [HgJ4] + KBr → д) K [Ag(CN)2] + NH3

б) К2 [HgJ4] + KCN → e) K [Ag(NO2)2] + NH3

в) [Ag(NH3)2] Cl + K2S2O3 → ж) [Ag(NH3)2] Cl + NiCl2

г) K [Ag(CN)2] + K2S2O3 → з) K3 [Cu(CN)4] + Hg (NO3)2

2.Мына комплекс ионының [Cd(CN)4]2- тұрақсыздық константасы 7,810-18. 0,1М K2[Cd(CN)4] ерітіндісіндегі кадмий ионының концентрациясын есептеу керек.

1л ерітіндіде 0,1 моль KCN артық мөлшерде бар. Жауабы 7,810-15 моль/л.

3.[Ag(CN)2]- комплекс ионының Ктз = 1,410-20. 1л ерітіндіде 0,01 моль KCN бар 0,05М K[Ag(CN)2] ерітіндісіндегі күміс ионының концентрациясын есептеу керек.

Жауабы 710-18 моль/л.

4.0,1М K2[Cd(CN)4] ерітіндісінде 6,5 г/л KCN бар, осы ерітіндідегі кадмий ионының концентрациясын санау керек. Жауабы 1,4110-16 моль/л.

5.Kтз[Ag(S2O3)2]3- = 3,510-14. 1л 0,1М Na3[Ag(S2O3)2] ерітіндісінде сонымен бірге 25г Na2S2O35H2O болса, ион түріндегі күміс неше грамм екенін есептеу керек.

Жауабы 3,810-11г.

6.1л 0,1М [Ag(NH3)2]NO3 ерітіндісінде сонымен бірге 1моль аммиак бар болса, а) 110-5 моль бром-ионын б) 110-5 моль иод-ионын қосқанда күміс галогенидтері тұнбаға түсе ме? ЕКАgВг=5,310-13; EKAgJ =8,310-17. Жауабы: а) түспейді; б) түседі. Неге?

7.1л 0,1 моль KCN бар 0,05М K2[Cd(CN)4] ерітіндісіне S2- ионы бар ерітінді қосқанда CdS тұнбасы сульфид-ионының қандай концентрациясынан бастап пайда бола бастайды? ЕКCdS = 7,910-27. Kтз=7,810-18. Жауабы <2,010-12 моль/л.

8.Егер PtCl4 · 6NH3 комплекс тұзынан күміс нитраты барлық хлорды тұнбаға AgCl ретінде түсірсе, ал мына тұз PtCl4 · 3NH3 ерітіндісінен хлордың тек төрттен бірі (1/4) ғана тұнбаға түссе, сонда тұздардың координациондық формулалары қандай болады?

9.0,2335 г СоCl3 · 4NH3 тұзы бар ерітіндіге күміс нитраты ерітіндісінің артық мөлшерін қосса, 0,1435г тұнба (AgCl) түзілген, сонда тұздың координационды формуласы қандай болады?

10.Мына заттар: а) K4[Fe(CN)6] және CuSО4; б)FeSО4 және Na3[Со(CN)6]; в) K3[Fe(CN)6] және AgNO3 арасындағы алмасу реакцияларын молекулалық және ионды – молекулалық түрде жазу керек. Комплекс иондардың диссоциация теңдеулерін жазып, тұрақсыздық константаларын (Ктз) «анықтамадан» табу керек.

12.Мына комплекс тұздарды атаңдар: [Pt(NH3)3Cl] Cl; [Co(NH3)5 Br] SO4;

Ba[Cr(NH3)2 (SCN)4]2; (NH4)2[Pt(OH)2Cl4]; [Pd(H2O) (NH3)2 Cl]Cl;

[Cu(NH3)4] (NO3)2; K4[Fe(CN)6]; Na2[PdJ4]; [Cr(H2O)4PO4]; [Pt(NH3)2Cl4];
Білім алушының өздік орындайтын жұмысына тапсырмалар – БӨЖ
1-ші, 2-шы апталарда оқу-әдістемелік материалда (7.1.7) көрсетілген жазбаша тапсырмаларды әр студент өзіне тиісті номер бойынша алады, 4-шы, 6-шы апталарда берілген тапсырмаларды сағат 18.00 дейін өткізеді(1МБ) және 8-ші, 9-шы апталарда оқу-әдістемелік материалда (7.1.7) көрсетілген жазбаша тапсырмаларды әр студент өзіне тиісті номер бойынша алады, 11-шы, 13-шы апталарда берілген тапсырмаларды сағат 18.00 дейін өткізеді(2МБ).

1-апта

№ 1
1. 5,00г металл жанғанда 9,44г металл оксиді түзілген. Металдың эквивалент массасын анықтау керек. Жауабы 9,0г/моль.

2. 6,3г мыс оттегімен әрекеттескенде қанша мыс(II) оксиді түзіледі? Жауабы 7,9г.

3. 2,8дм3 газда қ.ж. қанша моль және қанша молекула бар?

Жауабы: 0,125 моль; 7,52.1022 молекула.

4. Мына қосылыстардағы PH3, H2O, HBr фосфордың, оттегінің, бромның эквиваленттерін және эквивалент массаларын анықтаңдар.

5. Реттік номері 9 және 28 болатын элементтердің электрондық формулаларын жазып, олардың электрондарын квант ұяшықтарына орналастырыңдар.

6. Иондану энергиясы деген не? Оның өлшем бірлігі қандай ? Периодтық жүйедегі s- және р- элементтерінің топ бойынша реттік номері өскен сайын тотықсыздандырғыш қасиеттері қалай өзгереді?

7. Мына орбитальдардың қайсысына электрондар бұрын орналасады: 4s-ке ме, әлде 3d-ға ма; 5s-ке ме, әлде 4р-ға ма? Неге?

8. Атом дегеніміз не ? Молекула дегеніміз не?


№ 2
1. Заттың молі дегеніміз не ? Авогадро саны нені көрсетеді?

2. Атом орбиталының формасын (пішінін) қай квант саны көрсетеді ?

s-, p-, d- орбиталдарының формаларын (пішінін) көрсетіңдер.

3. Мына реакциялардағы күкірт қышқылының эквивалентін және эквивалент массасын анықтандар:

H2SO4 + NaОН = NaHSO4 + H2O

H2SO4(сұй.) + Zn = ZnSO4 + H2

4.Бір заттың молекуласының массасы 1,210-25кг. Ол заттың салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар Жауабы: 72,24.

5. Электрон тартқыштық деген не ? Мына қатардағы элементтердің азот, оттегі, фтор тотықтырғыштық қасиеттері қалай өзгереді ?

6. Оттегінің 1 эквивалентіне сәйкес массасы қандай көлем алады (қ.ж.)?

7. Марганец тотығу дәрежелері +2, +3, +4, +5, +7 болатын қосылыстар түзеді, оның оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазып, марганец(IV) гидроксидінің амфотерлі қасиетін көрсететін реакциялар тендеулерін жазыңдар.

8. Реттік номері 25 және 34 элемент атомдарының электрондық формулаларын жазындар

№ 3
1. Металдың белгілі бір мөлшері 0,2 г оттегімен және 3,17 г галогеннің бірімен қосылыс бере алады . Галогеннің эквивалент массасын анықтаңдар. Жауабы: 127 г/моль .

2. Химиялық элементтің эквиваленті тұрақты шама ма, әлде элементтің валенттілігіне байланысты ма?

3. Күкірт диоксидінің бір молекуласының массасы қанша?

Жауабы: 1,06.1022г.

4. 200мл ацетиленнің массасы (қ.ж.) 0,232г болса, оның молекулалық массасы қанша? Жауабы 26г.

5. Мына қышқылдарға сәйкес келетін ангидридтердің формуласын жазыңдар: H2SO4,H3BO3, HOCl, HMnO4

6. Бас квант саны n = 4 болатын атомдағы максимал электрон саны қанша? Жауабы 32.

7. Электртерістік дегеніміз не? р - элементтердің реттік номері өскен сайын периодта, топтарда олардың электртерістігі қалай өзгереді? Неге?

8. Реттік номері 16 және 26 элемент атомдарының электрондық формуласын жазыңдар. Бұл атомдардың электрондарын квант ұяшықтарына орналастырыңдар.


№ 4
1.Егер 3,24г металл 3,48г оксид және 3,72г сульфид түзетін болса , металл мен күкірттің эквивалент массалары нешеге тең болады. Жауабы :108г/моль, 18 г/моль.

2.Мына формуланың қайсысы эквивалент заңына сәйкес келеді?

а. m1 / m2= э21 б.m1э2=m2э1

3.1 г аммиакта және 1г азотта қанша молекула болады? Қайсысында молекула саны көп және неше есе?

4.Егер бір газдың 600 мл-нің массасы(қ.ж.) I ,714 г болса , оның молекулалық массасы нешеге тең. Жауабы: 64 г/моль.

5.Мына гидроксидтерге сәйкес келетін оксидтердің формулаларын жазыңдар: H2SiO3, Cu(OH)2, H3ASO4, H2ClO4, Fe(OH)3

6. Мына орьбиталдардың 4d- не 5s-; 6s- не 5р- қайсысы электрондармен бұрын толтырылады. Неге ? Реттік номері 43 элементтінің электрондық формуласын жазындар .

7. Изотоп дегеніміз не ? Периодтық жүйедегі көптеген элементтердің атомдық массалары бөлшек санға тең. Неге?

8. Авогадро заңы мен оның салдарлары.
№ 5
1. Хлордың эквивалент массасы 35,5г/моль, мыс атомының молярлық массасы 63,5 г/моль. Мыс хлоридінің эквивалент массасы 99,5 г/моль. Сонда мыс хлоридінің формуласы қандай?

2. Фосфор құрамы әртүрлі екі хлорид қосылысын береді, бұл қосылыстарда хлордың ба, әлде фосфордың ба эквиваленті тұрақты болады?

3. а. 0,001 кг H2 және 0,001кг О2 – де; б.1мольH2 және 1мольО2-де; в.1моль H2 және 1моль O2-де бірдей жағдайда молекулалар сандары бірдей бола ма?

4. Мына өзгерістерді іске асыратын реакциялар тендеулерін жазыңдар:

Ba→BaO→BaCl2→Ba(NO3)2→BaSO4

Mg→MgSO4→Mg(OH)2→MgO→MgCl2

5. Реттік номерлері 25 және 34 элементтердің атомдарының электрондық формулаларын жазындар.

6. IV- периодтағы – марганец пен бром элементтерінің қайсысының металдық қасиеті көбірек, неге?

7. Реттік номері 33 элемент қай топта орналасқан? Осы элементтің электрондық формуласына, периодтық жүйедегі орнына байланысты қасиеттерін сипаттандар.

8. Масса және энергия сақтау заңына анықтама беріп , мысалдар арқылы

түсіндіріндер.

№ 6
1. Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың, оксидтердің эквивалент массаларын қалай анықтайды? Мысалдар келтіріңдер.

2. Менделеев – Клапейрон тендеуін қолданып, заттардың молекулалық массаларын қалай анықтайды? Бұл әдісті барлық заттар үшін қолдануға бола ма?

3. а.0,486г магнийде ; б.34,2г алюминий сульфатында қанша моль магний және қанша моль алюминий сульфаты бар? Жауабы: а.0,02моль, б.0,1моль.

4.Бір валентті хлормен байланысқан мына элементтердің валентілігін анықтаңдар: CaCl2, NCl3, HCl, PCl, AlCl3.Азоттың максимал валенттілігі қанша?

5. Кальций фосфатының Са3(PO4)2 салыстырмалы молекулалық массасын, молярлық массасын есептеңдер. Оның 0,5моліне сәйкес келетін массасын табыңдар.

6. Реттік номері 14 элементтің электрондық формуласын жазыңдар. Электрондарды квант ұяшықтарына орналастырыңдар. Соңғы энергетикалық деңгейде қанша жалқы электрон бар?

7. 0,001м3 газдың қ.ж. массасы 0,002г. Газдың молярлық массасын және оның ауа бойынша тығыздығын анықтандар.

8. Екінші периодтағы элементтердің литийден азотқа дейінгі бірінші ионизациялық потенциялы неге бірқалыпты өспейді ?

№ 7
1. Электртерістік деген не? Период және топ бойынша электртерістіктің мәні қалай өзгереді? Мысал келтіріңдер.

2. Қорғасын, никель, радон, вольфрам атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар. Электрондық формулаларына байланысты олардың периодтық жүйедегі орындарын көрсетіңдер.

3. Азоттың, күкірттің және хлордың эквивалентін және эквивалент массаларын анықтандар.

4. Кальций карбонатының а.2моль; б.0,25моль; в.1,5молінің массасын есептеңдер.

5. Газдың ауа бойынша тығыздығы 1,17. Газдың молекулалық массасын анықтандар. Жауабы: 33,9г

6. 2,24л газдың массасы 2,8г. Газдың молекулалық массасы нешеге тең? Жауабы: 28г.

7. Квант сандары деген не? Олар қандай мәндерге ие болады?

8. Мышьяк, күкірт және бромның жоғарғы және төменгі тотығу дәрежелеріне сәйкес келетін қосылыстардың формулаларын жазыңдар.
№ 8
1. СО2 6,02х1021 молекулалардың; б. оттегінің 1,21024 атомдарының молдік (молярлық ) массалары қаншаға тең?

2. Эквивалент массасы 12,16г/моль болатын металдың неше грамы 310мл оттегімен (қ.ж.) әрекеттеседі. Жауабы: 0,673г.

3. Мына тендеулерге қатысатын күкірт қышқылы мен алюминий гидроксидінің эквиваленттерін және эквивалент массаларын есептеңдер:

H2SO4 + KOH = KHSO4 + H2O

H2SO4 + Mg = MgSO4 +H2

Al(OH)3 + HCl =Al(OH)2Cl + H2O

Al(OH)3 + 3HNO3 = Al(NO3) 3+ 3H2O

4. Егер 0,824г газдың көлемі 0,260 л болса , оның молекулалық массасы (қ.ж.) қанша? Жауабы: 71.

5. 1м3 ауаның 170С және 83,2кПа қысымдағы массасы қанша? Ауаның молярлық массасы 29г/моль. Жауабы: 1кг.

6. Орбиталь квант саны нені сипаттайды? Егер бас квант саны 3-ке тең болса, орбиталь квант саны қандай мәндерге тең болады?

7. Реттік номері 19 элементінің электрондық формуласын жазыңдар. Химиялық реакцияға қанша электрон қатысады?

8. Атом құрылысына сүйеніп, көміртегі мен күкірт қандай валенттік көрсететінін табыңдар. Мысал келтіріңдер.


№ 9
1. Германий изотобының 4332Ge ядросында неше протон және нейтрон бар? Нeон (атомдық массасы 20,2) мына изотоптардан 20Ne және 22Ne тұрады. Бұл изотоптардың пайыздық үлесін есептеңдер.

2. Электрон бұлтының формасын (пішінін) қай квант саны сипаттайды? s – деңгейшесіндегі орбиталь квант санының мәні нешеге тең? Реттік номері 26-ға тең элементтің электрондық формуласын құрыңдар. Соңғы электрондық деңгейшеде қанша электрон бар?

3. Д.И. Менделеевтің периодтық заңына анықтама беріңдер. Неге элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттері атом ядросы зарядына байланысты?

4. Периодтарда және топтарда элементтердің реттік номері өскен сайын оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттері қалай өзгереді? Элементтің жоғарғы тотығу дәрежелері нешеге тең?

5. Газдардың молекулалық массаларын есептеңдер: а) егер 0,29л газдың 270С температурада және 1,064.105 Па қысымдағы массасы 0,32г болса; б) егер 1,56л газдың 270С температурада және 1,037105 Па қысымдағы массасы 2,86г болса. Жауабы: а) 25,6; б) 44.

6. Кез келген газдың 1мл-де (қ.ж.) қанша молекула бар?

7. Қышқылдар мен негіздердің мына реакциялардағы эквивалент массаларын анықтаңдар:

а) HNO3 + Bi(OH)3 = Bi(OH)2NO3 + H2O

б) H2S + NaOH = NaHS + H2O

в) 3H2SO4 + 2Al(OH)3= Al2(SO4)3 + 6H20

8. Атом құрылысына сүйеніп бордың, хлордың валенттіліктерін көрсетіңдер.
№ 10
1. Қай квант сандары электрон орбитальдарын толық сипаттайды. Бұл квант сандары нені көрсетеді? Реттік номері 29 болатын элементтің электрондық формуласын жазыңдар. Ең соңынан қай энергетикалық деңгейше толтырылады?

2. Атом құрылысына сәйкес фосфордың, фтордың, оттегінің валенттіліктерін көрсетіңдер. Мысал келтіріндер.

3. а. Ацетиленнің С2Н2 6,021021 молекулалары; б) фосгеннің COCl2 2,01023 молекулалары қанша моль болады және неше грамм?

Жауабы: а) 0,01моль; 0,26г; б) 0,3моль; 33г.

4. Газдардың ауа бойынша тығыздықтары а. 0,9; б.2,45 болса, олардың 1л массалары қанша болады? Жауабы: а) 1,16г; б) 3,17г.

5. Эквивалент массасы 9г металдың 3 грамы тотыққанда неше грамм оксид түзіледі? Жауабы: 5,7г.

6. Изотоптар, изобаралар деген не? Мысал келтіріңдер.

7. Клечковский ережелерінің мәні неде? d- элементтері атомдарының атомдық орбитальдарының толтырылуы, s- және р- элементтерінің АО толтыруларынан қандай айырмашылығы бар? Мысалдар келтіріңдер.

8. 3,24г үш валентті металл қышқылмен әрекеттескенде 4,03 л сутегі (қ.ж.) бөлінетін болса, оның атомдық, мольдік және эквивалент массалары қанша?


№ 11
1.Көміртегі мен судың мольдік массалары арқылы көміртегі атомы мен судың молекуласының абсолюттік массасын есептендер. Жауабы: 2,010-28 г; 3,01023г.

2. 0,943г фосфорлы Н3РО3 қышқылын нейтралдауға 1,291г калий гидроксиді жұмсалған. Қышқылдың эквивалентін, эквивалент массасын және негіздігін анықтандар. Реакция тендеуін жазыңдар. Жауабы: 0,5моль; 41г/моль; 2.

3. Паули принципінің мәні неде? Атомының кез келген деңгейшесінде р7– не d12- электрондары болуы мүмкін бе? Неге? Реттік номері 22 элементтің электрондық формуласын жазып, оның валенттілік электрондарын көрсетіңдер.

4. Оксидтер мен гидроксидтердің қышқылдық, негіздік қасиеттері оларды түзетін элементтің тотығу дәрежесіне қалай байланысты? Қандай гидроксидтерді амфотерлі деп атайды? Мысал келтіріңдер.

5. а) 1г сутегі мен 1г оттегіде; б) 1моль хлор мен 1моль оттегіндегі молекулалар саны бірдей ме?

6. Газдың гелий бойынша тығыздығы 19,5 болса, оның молекулалық массасы қаншаға тең?

7. 200 г кальций карбонатын СаСО3 қыздырғанда 112 г кальций оксиді СаО түзілген. Реакция тендеуін жазып, бөлінген көміртегі диоксидінің массасын, көлемін анықтаңдар.

8. Мына элементтердің (азоттың, фосфордың, күкірттің) оттекті және сутекті қосылыстарындағы валенттіліктерін тауып, молекулалық формулаларын жазыңдар.


№ 12
1. Массалар сақталу заңына анықтама беріңдер, бұл заңға сүйеніп оксидтің формуласын табыңдар, егер ол заттың молярлық массасы 232г/моль болса және оның 1моліне темірдің 3молі кірген болса.

2. Фосфор қышқылы реакция нәтижесінде а) гидрофосфатқа; б) дигидрофосфатқа; в) ортофосфатқа айналса, оның эквиваленті және эквивалент массасы қаншаға тең?

3. Энергетикалық деңгейлердегі s-, p-, d-, f- орбитальдарына орналасатын максимал электрондар саны қанша? Неге? Реттік номері 31-ші элементтің электрондық формуласын жазыңдар.

4. Периодтық жүйенің үшінші периодының элементтерінің жоғарғы тотығу дәрежесіне сәйкес келетін оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар. Алюминий гидроксидінің амфотерлігін дәлелдейтін реакциялар тендеулерін жазыңдар.

5.190,8г алюминий гидросульфаты қанша моль болады?

6. Бір газдың массасы (қ.ж.) 0,00125кг болса, ал азоттың 0,001м3-ның массасы 0,00125кг (қ.ж.) болса, ол газдың молекулалық массасын а) азот бойынша тығыздығы арқылы; б) молярлық көлемі бойынша есептеңдер. Жауабы: 34,0.

7. Мына екі гидроксидтердің қайсысы күштірек негіз болады: Ba(OH)2 әлде Mg(OH)2; Ca(OH)2 әлде Fe(OH)2? Жауапты периодтық жүйедегі бұл элементтердің орнына байланысты түсіндіріңдер.

8. Мына газдардың HCl, H2S, NO2, N2, Cl2, CH4,SO2, NH3 қайсысы натрий гидроксидімен реакцияға түседі? Бұл реакциялардың тендеулерін жазыңдар.

№ 13
1. 5,6 г темір күкіртпен әрекеттескенде 8,8г темір сульфиді түзілген. Егер күкірттің эквивалент массасы 16г/моль болса, темірдің эквиваленті және эквивалент массасы қанша болады? Жауабы: ½ молі, 28 г/моль.

2. Магнийдің бе, кальцийдің бе металдық қасиеті көбірек, неге? IV периодтағы көбірек металдық қасиет көрсететін элементті атаңдар.

3. Мына реакциялардағы күкірт қышқылының эквивалентін және эквивалент массасын табыңдар.

H2SO4 + NaOH = NaHSO4 + H2O

H2SO4(с) + Zn =ZnSO4 + H2

4. Мына изотоптардың ядроларында неше протон және неше нейтрон бар? Осы элемент атомының электрондық формуласын жазып, валенттілік электрондарын көрсетіңдер. Электрондарды квант ұяшықтарға орналастырындар: 3216S және 3316S; 2311Na және 2411Na;

5. Д.И. Менделеевтің периодтың заңының қазіргі анықтамасын келтіріндер. Неге литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций І топтың негізгі топшасына, германий, қалайы, қорғасын – IV топтың негізгі топшасында орналасқан? Жауаптарыңды сыртқы энергетикалық деңгейлерінің құрылыстарына байланысты айтыңдар.

6. Атомдардың сыртқы электрондық қабаттары: 4s24p2; 5s25p4; 6s25p3 болса, олар қай периодтарда, қай топшаларда орналасқан?

7. Органикалық заттың буынын азот бойынша тығыздығы 1,65. Ол заттың молярлық және салыcтырмалы молекулалық массаларын есептеңдер. Жауабы: 46,2 г/моль; 46,2.

8. 5л (қ.ж.) газдың массасы 9,80г болса, оның молярлық массасы қанша?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет